АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Түрік қағанаты

Мазмұны

 

Кіріспе……………………………………………………………………

 

I – тарау Түрік қағанатының  қоғамдық —  саяси құрылысы.

  • Түркі халықтарының жазбаша ескерткіші………………..
  • Түрік қағанатының құрылуы және территориясы….
  • Көне түрік қағандығының мемлекеттік басқару және құқықтық жүйесі………………………………………………….

 

II – тарау Түрік қағанатының    саяси   тарихы

2.1.  Түрік қағанатының эфталиттерді талқандауы……….

  • Түрік қағандығының Византиямен соғысы…………..

2.3.  Түріктердің Иранға жорығы. …………………………………

  • Түрік империясының құлдырауы және құлауы…..
  • Батыс және Шығыс Түрік қағандығы……………………

 

Қорытынды………………………………………………………

Қолданылған әдебиеттер……………………………………………..

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың көкейтестілігі. Ежелгі түріктер қысқа уақыт ішінде әлемдік дәрежедегі мемлекет құрып, сол уақыттағы әлемдік тарих сахнасындағы ең ірі мемлекеттермен байланыс орнатып, тіпті  олардың кейбіреулерін кіріптар қылып қойды. Түрік державасының геосаяси орнының өзін “Түркі мемлекетінің құрылыуы бүкіл адамзат  тарихында белгілі бір дәрежеде бетбұрыс кезең болды өйткені сол кезге дейін орта теңіз мәдениеті мен Қиыр Шығыс мәдениеті, бір – бірінің дүниеде бар екенін білсе де, басы қосылмаған еді” – деп Лев  Гумилев дәл анықтап көрсеткендей, Түркі қағанатының басқа мемлекеттермен қарым – қатынасындағы Батыс пен Шығыс арасындағы транзиттік функциясы мықты болды. Өз кезегінде Түркі қағанатының саяси дамуы көрші мемлекеттермен тайпаларға ықпал етіп, әлсіздерін өздеріне бағындырып отырды.

Түркі әлемінің тарихтың қай белесінде де сан түрлі мәдениеттер мен діндердің өзара тығыз алыс берісі, барыс – келісі белсенді жүріп жатты. Сан қилы мәдени дәстүрлер мен сыртқы қарым – қатынастардың нәтижесінде көшпелі қоғамдардың дәстүрлі құрылымдық негізі трансформацияға түсті, мұның өзі бұл ұлттар мен ұлыстардың тарихи дамуының сипатына, мазмұнына және ерекшелігіне әсер етпей қойған жоқ.  Осындай көкейкесті мәселелер теориялық, ғылымдық және практикалық маңыздылығын арттыра түсетіні анық.

Мәселенің өңделуі. Диплом жұмысының негізінен VI ғасырдың ортасы – VIII ғасырдың басындағы  Көне түрік империясының саяси тарихы, саяси — құқықтық қатынасы, сонымен қатар Түркі қағанаттырының қоғамдық – саяси құрылысы, басқару жүйесі зерттеліп, Түркі империясының эфталиттерге, Византияға, Иарнға жүргізген жорықтары мен қатар империяның сыртқы қарым – қатынасы жеткізіледі.

Түркі державасының геосаяси орнынын анықтап, басқа мемлекеттермен қарым – қатынасындағы Батыс пен Шығыс арасынадағы транзиттік функциясы атап көрсетіледі. Уақыт өткен сайын тарих зерттеліп, зерделеніп, жаңа деректермен толықтырылып тұрады. Сондықтан да дерек көздері жаңа өзгерістерге лайықты еңбектерден алынды. Көне түркілердің тарих сахнасындағы орны мен маңызы туралы мәселелер Президентіміз Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты кітабы, И.Тасмағамбетовтың Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған «Байырғы түркі мәдениеті: жазба ескерткіштер» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда оқыған «Елдік пен ерліктің ерекше ескерткіші» деген тақырыптағы баяндамасында жан-жақты талдаулар жасалып, сындарлы ойлар айтылған. Алып мемлекеттің құрылуы және территориясы туралы Л.Гумилевтің «Көне түріктері», Қ.Салғариннің «Түріктер, жужандар», С.Г.Кляшторный мен Т.И.Сұлтановтың «Казахстан: летопись трех тысячелетии» атты еңбектерінен алынып сараланды. Түрік қағанатының саяси тарихы, яғни көрші мемлекеттер мен қарым-қатынасы, Иранға жорығы, Византиямен соғысы К.Аманжоловтың «Түркі халықтарының тарихы», Х.Абдрахманның «Түркілер тарихы мен тағдыры», А.Н.Шмидтің «Орта Азия мен Иран тарихы жөніндегі материалдар» атты еңбектері дерек көзі ретінде қолданылды.  Сондай-ақ көне түркі империясына қатысты зерттеулер мен толғамдар баспасөз деректерінен алынды.   

Дипломдық жұмыстың мақсаты Көне Түркі мемлекеттерінің құрылуы бүкіл адамзат  тарихында белгілі бір кезеңде бетбұрыс дәуірі болды. Жұмыстың мақсаты көне Түркі империясы мен Екінші Түрік империясының саяси тарихын зерттеп, далалық империяның ел басқарудағы, сыртқы қарым – қатынасындағы ерекшеліктері қаралды. Түркі империясының  сыртқы қарым – қатынастарын зерттей отырып, геосаяси орнын анықтау, сонымен қатар көне түркі қағанатының саяси тарихын жан – жақты қарастыру. Жалпы диплом жұмысы оқиға соңынан түсіп, түрколог ғалымдардың көне түркі империясының саяси тарихына қатысты қос мағыналы және қарама – қарсы түсініктерін сараптай отырып, шынай баға беру  болып табылады. 

Зерттеу деректері. Ғалымдардың, тарихшылардың ғылыми еңбектері, жеке зерттеулері мен монографиялары, ғылыми көпшілік еңбектер,  қоғамдық –саяси, ғылыми-  көпшілік және арнайы басылымдар сондай – ақ  интернет пен оқу әдістемелік және басқа да құжаттар болып табылады.

Зерттеу әдістері. Зерттеудің мақсат-міндеттеріне сәйкес ғылыми-танымдық әдістер қолданылды: тарихи, салыстырмалы түсіндіру және т.б.

Тәжірибелік құндылығы. Дилом жұмысының маңызы, оның тың мәліметтері мен ой тұжырымдары жаңаша көзқарасты қалыптастыруға себебін тигізеді және студенттер үшін білімділік қажеттіліктерін ары қарай дамытады. Осы жұмыстағы ой – тұжырымдар тарихи айғақтар және пайымдаулар  ежелгі “ Қазақстан тарихы” пәндерін оқытуда қажетті дерек болып табылады.

Зертеу міндеті. Көне түркі империясының саяси тарихына қатысты мәселелерді ашып көрсету.

Зерттеу объектісі. «Өткенді білмей, қазіргінің мәнін және болашақтың мақсатын түсіну мүмкін емес» -деп М.Горький айтып кеткендей бүгінгі таңдағы түркі халықтарының түп-тамыры болып табылаты көне түркі қағанатының саяси тарихы негізгі зерттеу объектісі болып табылады.

        Жұмыстың   байқап көрілуі.  Дипломдық жұмыс “ Қазақстан тарихы” пәнінің семинар сабағынада талқыланды және негізгі нәтижелері жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік – гуманитарлық және географиялық, т.б. ғылымдар бойынша VIII — IX студенттердің ғылыми конференциясында баянадалды. 

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, мақсаты мен міндеттері, методологиялық негізі дәйектелген. Жұмыстың бірінші тарауы, “ Түркі қағанатының қоғамдық саяси құрылысы” деп аталады. Бұл жерде көне түркі қағандығының құрылуы, террториясы, мемлекеттік басқару және құқықтық жүйесі қарастырылады. Далалық империяның ел басқару жүйесіндегі, әскери қүрылымындағы ерекшеліктері толық көрсетіледі.

Жұмыстың келесі екінші тарауы “ Түркі қағанатының саяси тарихы” деп аталады. Бұл жерде түрік қағанатының сыртқы қарым –қатынасы қарастырылып, ежелгі түріктердің қысқа уақыт ішіндегі әлемдік дәрежедегі, сол уақыттағы әлемдік тарих сахнасындағы ең ірі мемлекеттермен байланыс орнатып, қағанаттың сыртқы қарым – қатынасында дүние жүзілік саяси процестерге белсенді қатысқаны көрсетіледі.

Қорытындысында империяның әлемдік империялар дәрежесінде болған ірі мемлекет екенін қарастыра отырып, қазіргі таңдағы түркітану ғылымындағы көзқарастар мен ой – тұжырымдар баяндалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I – Тарау.

 

Түркі қағанатының қоғамдық – саяси құрылысы.

 

  • Түрік халықтарының жазбаша ескерткіші.

 

Түркілердің тарихы VII – VIII  ғасырларда жазылған Орхон – Енисей жазбалары арқылы белгілі. Ол ескертікштер – бір замандарда түркілер мекендеген  Енисей өзенінің маңайынан  табылған құлпытастағы жазулар. Сондықтан олар Орхон – Енисей жазуы деп аталып кеткен  Ескерткіштер VII – VIII  ғасырлардағы  түркі тайпаларының  іргелі елі Түркі қағандығының тұсында  тасқа қашалған Білге қаған ( хан ), Күлтегін (әскер басы),  Тоныкөк (ақылшы, кеңесші)  сияқты атақты адамдарға арнап тұрғызылған  құлпытастағы жазулар.

     Орхон – Енисей құлпытастарын алғаш Г. Спасский зерттесе, 1889 жылы орыс ғалымы Н. М. Ядоинцев Монғолия жерінен  оның жаңа нұсқасын тауып ғалымдар назарына  іліктерді. Ескерткіш жазуын белгілі Дания ғалымы В. Томсен оқып, 1893 неміс тіліне аударды. Академик В.В.Радлов басқарған Ресей археологиялық экспедициясы 1894 жылы бұл жазба ескерткіштерді орыс тіліне аударды.   [1 ]

Ескерткіш тестері Түркі қағандығы дәуірінде қолданылған түркі және Қытай жазуларымен екі тілде тас бетіне ойылып жазылған.

     Бұл мұралар сол ежелгі дәуірдегі Еуразияның шетсіз – шексіз  кең даласын жайлаған түркі халықтарының  шаруашылық,  қоғамдық — әлеуметтік, саяси және мәдени  тіршілігі мен өмір салтын  жан – жақты сипаттап көрсетеді. Сол тарихи кезеңнің тынысы, түркі халықтары өміріндегі  ірілі – уақты оқиғалар, сол дәуірдің көрнекті мемлекет  қайраткерлерінің тарихи істері белгілі бір белгілі бір дәрежеде баяндалған. Осы жағынан алғанда, Орхон – Енисей  жазба ескерткіштері ішінен ерекше кезге түсетіндері ‘’ Күлтегін’’ , ‘’Білге қаған’’ ( 785 ) және ‘’ Тоныкөк ‘’ ( шамамен 726)  жырлары. Бұл жырларды  бірінші Түрік қағанатының 630 жыл күйреуімен , екінші Шығыс түркі қағанатының  құрылуымен байланысты оқиғалар,Білге қаған, Елтеріс қағанның кеңесші – ақылгөй Тоныкөк пен Күлтегін батырдың ерліктері сөз болады.

   Жырларда атап көрсетілгендей, ежелгі Түрік қағанаты негізінен  мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі мемлекет. Ол рулық – тайпалық құрылымы жағынан бодундар, (он- оқ бодун) ретінде,  әлеуметтік жағынан  қаған – бектер, әскери – тайпалық ақсүйектер,  қара  халықтан тұратын қауым, ал әскери басқарылу құрылымы жүйесі жағынан  ел деп сипатталады.

     Орхон – Енисей жазуларындағы  басқа көңіл аударатын мәселе халық – тайпаларының тағдырының әрқилы болғандығы.  [2] Әлбетте, олардың тағдыры өздерімен көршілес елдермен және  өз ағайындарының тағдырымен тығыз байланысты еді. Сол жаугершілік дәуірдегі түркі халықтарының тіршілігі әсте жайбарақат емес – ті себебі,  олар өздерінің алыс – жақын көршілерімен, кейде өздерінің туыстас тайпалармен жанжалдасып, жауласып  отырған. Ежелгі Түркілер ат құлағында ойнаған жауынгер ел болған,  жауласудан қорықпаған, олжа табу үшін, т.б себептермен алыс жақын көршілеріне, қарсы жорыққа шығып, жиі соғысып жүрген.                  ‘’ Тоныкөк’’  жырында: ‘’ Асусыз Алтай тауынан асып, өткелсіз Ертіс өзенінен өтіп, түркештерге шабуыл жасап,  қағанын тұтқынға түсірдік,  шадын өлтірдік’’ – дейді.

     Үздіксіз жүргізілген соғыстар,  сырттан болған шапқыншылық, алым -–салықтың ауыртпалығы, ішкі қайшылықтар мен тақ үшін қақтығыстар түркі елінің берекесін кетіріп, қатты әлсіреткен. Оның нәтижесі туралы жырда: ‘’ Түркі  халқы қырылды, әлсіреді, жойылды. Түркі халқы  жерінде  тіршілік қалмады’’ – делінген. Бұл түркі халықтарының  ішкі қайшылықтары ушығып, ел басына қара бұлт төнген кезі. Түркі кезінде Қытай империясының жансыздарының зымиян әрекеттері бел алды, олар түрік халықтарын бір – біріне айдап салды, ағайындарды – ағалар мен інілерді, халық пен бектерді өзара ұрыстырды, елде алауыздық пен сатқындық етек алған. Соның нәтижесінде түркі мемлекеттерінің берекесі кетіп, күйреп, ол патшалық құрушы қағанның басын жалмаған. Жырда Бірінші түрік қағанатының күйреуі (630 ж) оның басты себептері негізінен дұрыс баяндалған.

     Әрине VI ғасырдың ортасында дүниеге келген Бірінші түрік  қағанатының құрылуы,  дамуы мен күйреуі осы жыр жазылған уақыт ( шамамен  731 ж ) тұрғысынан алғанда атам заманда болып өткен оқиға болатынды. Дегенмен, Түркі қоғамы мен мемлекетінің  қоғамдық – саяси мәселелерін  баяндауда аталған жырларда шындықтан ауытқымауға, нақтылы тарихи көзқарас шеңберіне шықпауға ұмтылыс бары байқалады. Түркілер жайлаған орасан зор аймақта  жауласумен қатар достасу, алыс – беріс, сауда, т. б. Сияқты қоғамдық – әлеуметтік, саяси қарым – қатынастар тоқтамай жүріп отырған. Өмір өзінің қалыпты арнасына түсіп елдің экономикалық және саяси қуатының артуы күшейген. Осыған байланысты жырда: ‘’ Еліміз қайта ел болды, халқымыз қайта халық болды’’ делінеді. [ 3 ]

       Аталған жырлардағы тағы бір маңызды мәселе: ел көсемі – қағанның қолбасшының, ақылгөй – кеңесшінің,  бектер мен қара халықтың өзара қарым – қатынасы орынды көтеріледі.Сондықтан жазбаларда әміршінің ақылды саясаты мен билігі, ел басшысына деген халықтың көңіл – күйі, құрметі, т.б. туралы көп айтылады. Қаған: ‘’ Түркі халқы үшін түн ұйықтамадым,  күндіз отырмадым’’ – дейді. Әрине қай дәуірде болсын, елді өз билігіне бағындыру, көндіру үшін басшыға деген сенім, бедел қажет.

        Орхон – Енисей жазуларына қарағанда, түркі халықтары алыс- жақын көршілермен – елдермен, мемлекеттермен әртүрлі қатынастарда болғандығы, олар сол дәуір шеңберінде қарым – қатынастардың маңызды талаптары мен принциптерін жүзеге асыра білгендігі және оларды белгілі – бір деңгейде ұстай білгендігі байқалады. [ 4 ] Түркілердің сол замандағы әлемнің ең  қуатты, күшті мемлекеттеріне өздерін сыйлата алатындығы айдан анық. Оны біз Күлтегін марқұм болғанда Түркі қағанатына әлемнің түкпір – түкпірінен көңіл айтушы өкіл, елшілердің келгенін, яки Қытайдан, табғаш, Қырғыз қағандығанан өкіл елшілердің келуінен көреміз.

Орхон – Енисей жазбаларының мазмұны мен мағынасына қарай  көшпенді халықтың өмірі үнемі дүрбелең жағдайда өткеніне көз жеткізсекте, мәдениеті төмен болмаған. Бұл жазбалар — өздерін түркіміз деп есептеген VI Қытай шекарасынан сонау Иран мен Византияға дейін созылып жатқан кең далаға өз билігін жүргізген халықтың еншісі.

      Әйгілі ғалым Л.Н Гумилев айтқандай, ұлы даладағы көшпенділер империясы көп ғасырлар бойы төңірегіндегі отырықшы елдердің қай – қайсысының да экономикалық – мәдени дамуына елеулі ықпал етіп, тарихында өшпес іздерін қалдырып отырған. Оны біз Орхон – Енисей жазбаларынан айқын көреміз. Ежелгі дәуір мұралары бізге сонысымен де құнды.

 

1.2. Түрік қағанатының құрылуы және территориясы.

 

              VI ғасырдың ортасында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінде әлемдегі аса ірі қуатты империялардың бірі  Көне Түркі империясы құрылды. Сонымен қатар жаңа этникалық тип түркі тілдес халықтардың іргесі қаланды.

      ‘’ Түрік мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында белгілі бір кезеңде бетбұрыс дәуірі болды’’ деп жазды белгілі ғалым Л.Гумилев өзінің ‘’ Көне түріктер’’ деген  іргелі зерттеуінде [ 5 ]. Көне түрік мемлекеті Шығыс мәдениеті мен Батыс мәдениетін жалғастырушы ғана емес, сонымен қатар ол өз мәдениетін, мемлекеттік құрылысы мен идеологиясын жасады, әлемдік      тарихта үлкен із қалдырды.

       ‘’ Түрік’’ сөзі (қытайша ‘’тукюе’’) б.д. VI ғасырында бірінші рет көшпелі халықтың атауы ретінде пайда болды. Бұл ғасырда Түркілер Монғолиядан және Қытайдың Солтүстік шекарасынан Қара теңізге дейін созылып жатқан Ұлы көшпелі империяның негізін қалады. [ 6 ]

Ұлы далада Түркі мемлекетінің, түркі тілінің қалыптасу дәуірінен дерек беретін Күлтегін ескерткішінде былай деп жазылды: “ Әлемнің көгінде аспан, төменінде қоңыр жер пайда болғанда, осы екеуінің, арасында адам баласы жаратылды. Адамзат баласының үстінен менің балаларым Бумын қаған мен Истеми қаған билік жүргізді. Таққа отырған олар өз  мемлекетін қорғап, түркі заңдарын шығарып, оны бекітті”. Мұнда дүниенің төрт бұрышын түгел өзіне табындырған алғашқы Түркі қағандарының билік құрған уақытымен байланысты суреттеледі.

      ‘’ Түрік’ этнонимі алғаш рет аталуы Қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар Түріктерді сюнулердің ( ғұндардың) ұрпақтары деп санаған. Шежірелерде бұл кезде Қытайдың Вэй княздігінің солтүстік өңірлеріне Солтүстік – батыс жақтың бірінен келген түріктер жыл сайын шапқыншылық жасап,  ойрандап кететін болды деп хабарланады. [ 7 ] Олар туралы келесі бір мәліметтер бүкіл құрлықтағы тарихтың талай ғасырлар бойғы дамуының өзек болған оқиғаларға байланысты.

     Түркі қағанатына 552 – 744 жж негіз болған басты 4 тайпа: түркі( ашина), оғыз( теле),қыпшақ (сір) және қырғыз болатын.  [ 8]

      Түркі аңыздарымен Қытай тарихында Ашина  Шығыс Түркістанда  өмір сүрген кезде  өздеріне жаңа бір этникалық топты   қабылдап, жергілікті тұрғындармен араласып кетті деген деректер бар. III ғасырдың  соңынан 460 жылға дейін аумақта   ашиналармен  бірге  Иран  (соғды)     және   Тохар       

( индоеуропалық) тілдес тайпалар мекендейді. Олар белгі бір дәрежеде ашина тайпасының тілі мен мәдениетінің қалыптасуна әсер еткен. Бұл кездері соғдылар аумағы бүкіл Ұлы жібек жолы бойымен Қытайдың ішкі қалаларына дейінгі аралықты алып жатты. Олардың ішіндегі ең ірісі Қытай тарихында ‘’ теле’’ деген атпен белгілі болған ірі тайпалар бірлестігіне кірген оғыздардың тайпалық одағы еді. IV – V ғасырларда осы бірлестікке кірген көптеген тайпалар Еуразия даласының Батыс жағында да пайда болды. Олардың негізгі аумағы Жоңғария мен Хинган жоталары болған еді. Түркілердің  мәдениеті  мен мемлекетіне аса зор ықпал    еткен түркі – соғды тілдерінің  жақындасуы дәл осы кезден басталды. Демек түріктер Л.Гумилевтың атап көрсеткеніндей тайпалардың этникалық араласуы нәтижесінде V  ғасырдың аяғында  пайда  болған .   Келгіншілердің жергілікті халықпен біртуғандай ұласып кеткені сондай, арада жүз жыл өткеннен кейін,546 жылы олар көне түрік немесе түркіттер   деп аталатын тұтас бір халық боып шыға келеді. Сөйтіп, Қытайлар Тумынь деп атаған ( түркі жазбасында Бумынь)  империяның негізін қалаушы болып табылды.

       Солтүстік Қытайда жаңа соғыс бұрқ етеді. Шығыс Вэй империясының билеушісі Гао – Хуань  жужан ханы Анағуймен және Тоғон ханы Куалүймен одақтасып, Батыс Вэй империясына шабуыл жасап, бәсекеші – бақталасы Юйвынь Тайды қысады: алайда одақтастар шешуші жеңіске жете алмайды. Батыс Вэй императоры Вэнь – ди Ань Нопаньто деген біреуді достық қатынас жасау үшін түрік қағаны Бумынға жібереді [ 9 ].

       545 жылы Түріктерге келген елші қуанышпен қарсы алынды.’’ Ордадағылар: бүгін бізге ұлы мемлекеттен елші келді, ұзамай біздің мемлекетіміз де өрге өрлейді’’ – деп бірін – бірі құттықтай бастайды.

       Халқының көңіл  күйіне  бейімделген Бумынь өз алдияры – Жужан ханына адал еместігін танытып, Батыс Вэй астанасы Чаньанға жауап ретінде көп тарту таралғымен елшілерді аттандырады, сөйтіп өз мырзасының жауымен      одақ құрады.

       546 жылы теле тайпалары қазіргі Монғолияның Оңтүстігі мен Орталық бөліктерін мекендеген және бұл жерлерге үстемдік еткен аварларға ( жуань- жуань) қарсы жорық жасайды. Батыс жақтан қаптай енген  теле әскерінің сан жағынан қаншалықты көп болған белгісіз, бірақ олардың нөпірі сұсты болған деп      топшаланады, өйткені телелердің құрамына көптеген тайпалар енген, ал олардың қуатты аварларға аз  күштерімен қарсы тұра алуы екіталай еді. Түркі қағаны  Бумынь күтпеген жерден қатты шабуыл жасай отырып, бей – берекет жатқан теле әскерін қапылыста басып, кескілескен шайқастан кейін оны күйрете жеңеді де, телелерді 50 мыңнан астам әсокерін түркілер тұтқынға      алады. Даланың әдеттегі құқығының қағидаларына сәйкес тұтқынға алынған әскерлер өзін — өзі жеңушінің   әскеріне қосып алынатын еді. Осы кезден бастап, бұрын аварларға вассалдық тәуелділікте болған түріктер енді олардың бәсекелестеріне айналады. Мұның бір  көрінісі авар қағаны Анағуйға келіп, авар қағанының қызын Бумыньға әйелдікке бер деп үзілді – кесілді талап еткен түрік елшілігі болды. Мұның өзі қағанмен тең құқықтылығын көрсетуден гөрі оны басынғандық еді. Авар қағаны Анағуй: ‘’ Маған бас иетін – вассал бұлай деуге қайтіп дәтің барды?’’ – деп Бумынға жаулаушыларын   жібереді [ 10 ]. Бірақ аварлар қалыптаса бастаған Түрік қағанатының күшін бағалай алмады, ал түріктер тарапынан мұның өзі осылай болуға тиіс деп дұрыс ойластырылған  әдіс қана болатын. Хан бетін қайырғасын Бумынь жәбірленуші болып шыға келеді, оған керегі де сол.  Ымыраға келу жолын кесіп тастау үшін ол жужан елшісін жазалауға әмір етеді,  енді осы арада оған Батыс Вэй үйімен жасаған одағы бірден  кәдеге асты. Ол дереу Вэнь – димен қайтадан келіссөз жүргізіп, 551 жылдың жазында Қытай  ханының қызы Чанлені әйелдікке алады, бұл оның көшпелілер арасындағы абырой – беделін біржолата арттыра түседі. Тосыннан шабуыл жасаудың артықшылығын пайданалануға тырысқан Бумынь 552 жылдың қысында жорыққа шығады да, жужандарды толығынан жеңіп шығады. Анағуй өзін — өзі өлтіреді, ал оның ұлы Яньлочен одақтасы циліктерге қашып кетеді   [ 11 ].

      Осы кезден бастап түрік билеп – төстеушілері қағандар атағын алады. Сөйтіп, аварлардың бұрынғы күш – қуатына да, олардың барлық иеліктеріне де өзін мұрагер ретінде орнықтырады. Бумын Ильхан ( Ельхан) лауазымын алады, бірақ 552 жылдың  аяғында қайтыс болады [8]. Таққа оның баласы ( кейбір деректерде оның інісі делінеді) Қара Ыссық ( Қара – Еске) отырады, оның бастауымен Орхонның жоғары жағында бір жердегі Букрат ( Мула) тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара – Еске жұмбақ жағдайда қайтыс болады. Қара – Ескенің мұрагері деп шежіреші оның інісі Иркинді (Ицзинь) атайды, ол қағандық тағына Мұқан қаған деген атпен отырады, оның лақап  аты Йанту болады.

Мұқан қаған таққа отырысымен, әкесі мен ағасының ел басқарудағы жүргізген саясатын әрі жалғап, қағанаттың ішкі тәртібін нығайтумен бірге, мемлекеттің іргесін кеңейтіп, еліне ел, жеріне жер  қосуды мақсат етіп, төңірегіндегі елдерді жаулап алуға кіріседі. Бұл бағыттағы ісін ол, алдымен, жыужандардың қалғандарының көзін жоюдан бастайды. Әскерін тікелей өзі бастап барып, жыужандардың Дуншу сылиін талқандайды. Дыншу сыли соңына ерген елден,       мал – мүліктен түгел айырылып, аман қалған үш мың жауынгерімен қашып барып, Батыс Вэй империясының қол астына тығылады.

Бұдан кейін жыужандар тарапынан әзірге келер қауіп жоғына көзі жеткізген Мұқан қаған енді ат басын батыстағы күшті көршісі идалдарды (эфталиттерді) жаулап алуға бұрды. Тәуелсіздікке жаңа қол жеткізіп, мемлекетін қалыптастырып жатқан түріктер тарапынан өздеріне басқыншылық шабуыл болады деп күтпеген идалдар қамсыз еді. Сол қамсыздықтың зардабын шеккен олар түріктерден күйрей жеңіліп, ата мекендерін тастай қашып, батысқа қоныс аударады.

Бұл Мұқан қағанның билік тізгінін қолға алғаннан кейінгі алғашқы ірі жеңісі еді. Ол осындай ұлы жеңіспен рухтанған әскерін бастап келіп, енді Шығыстағы мықты көршілерді чидандарға (қидандарға) тиіседі. Сөйтіп, олардың да күш біріктіріп, қарсыласуына мүмкіндік бермей, ата мекендерінен қуып шығырды.

Бұдан кейін ол сол бетінде кідірмей, теріскей шетте жатқан қырғыздарды да (чигудіде) жаулап алады.

 Мұқан қағанның Ұлы Даладағы жорықтарын жергілікті халықтар жаулап алудан гөрі түрік тектес халықтарды  біріктіру мақсатындағы жорық деп қабылдағанын көрсетеді. Билігінен айырылғысы келмеген шағын топтың болымсыз қарсылығы болмаса, Мұқан қағанның қалың бұқара қарсылығын көрмей, айтулы ірі жеңістерге  соншалықты тез жетуінің сыры да осында болса керек.

Мықты деп есептелінетін көрші елдердің бірінен соң бірін бағындырып, жолындағысыынң бәрін жапырып, жайпапа өте шығатын жойқын тасқын селдей тойтарыс көрмей келе жатқан Мұқан қағанның сұрапыл қимылдарынан қарадай зәресі ұшқан шекара сыртындағы басқа шағын елдер бұдан кейін оның айбынынан  именіп, елшілерін  жіберіп, өздерінің  еріктерімен қағанат құрамына кіретіндіктерін жарыса хабарлай бастайды.

Мұқан қаған әуелі батысындағы көршісі идалдарды талқандааудан бастап, содан кейін шығыстағы көршісі чидандарды ата мекнінен қуып шығып, Сары теңізге қарай айдап салады. Сөйтіп, аз уақыттың ішінде, мемлекеттінің іргесін айтарлықтай кеңейтіп, шығыста Лиау – хайдан батысқа қарай Си- хайға дейін он мың ли, оңтүстікте шөл даладан солтүстікке қарай Бэй ханға дейін 5 – 6 мың ли жерді иеленді. Осылайша Түрік елі шын  мәніндегі Ұлы қағанатқа айналады. Бұған дейін айдап  салудың азғыруына еріп бір — бірімен қырқысып жатқан ұсақ хандықтар, тайпалар “Түрік” деп аталатын қоғамдық ірі бірліке ие болды. Осы бірлік арқылы олар өздерінің құдіретті қуатын сезінді. Жаңа өркениет – Түрік өркениеті  туды. Ұлы дала тұрғындары ортақ бір тілде- түрік тілінде сөйледі. Түрік халықтарының бәріне ортақ өз жазуы – Түрік жазуы жүйелене жетілдіріліп, халықаралық қатынаста қолданыла бастады.

Елінің күшейіп, қуатының артқанын толық сезінген Мұқан қаған енді Батыс Вэй империясына арнайы елші жіберіп, қол астына барып паналаған Дыншу сыли бастаған үш мың жыужанды өзіне шығарып беруді талап етеді. Шығыс Вэй мен аралары бұрынғыдан         да ушығып, әскери арбалар қозғалысқа түсіп тұрғанда, күні өтіп, енді жеке ел болудан қалған шешуші шайқасқа  серік болуға шамасы жоқ Дыншу сылиді қорғаймын деп, қаһарлы көршісін өзіне қарсы қойып алудан қорықан, бұл кезде бар билікті өз қолына алған Үй-він       Тай амалсыз Мұқан қағанның талабын орындауға мәжбүр      болады. Сөйтіп, олар Дыншу сыли бастаған үш мың жыужанды Батыс Вэй империясының астанасы Чанан қаласының шығыс жақ қақпасынан (көк қақпадан) шығарып, Түріктердің қолына береді. Талай жыл жыужандардың қорлығын көріп, қанына қарайып        қалған түріктер оларды сол жерде жас балаларына басқасын түгел қырып салады.

Осылайша күні кеше ғана бүкіл далаға дара қожалық жасап, әмірін жүргізіп тұрған құдіретті Жыужан қағандығының соңғы қағаны бастаған үш мың адамы, ең болмаса, қолдарына қару алып, жауларымен жағаласып    та өле алмай, қорлықпен мерт болады.

Бұдан кейін Түрік қағанатының жағдайы бұрынғыдан да жақсара түседі. Шығыстан енді оған иық теңестіріп қарсы тұрар күш жоқ еді.    

 Мұның бәрі 552 – 554 жылдардың арасында болған. Жаңа хан қатал да рақымсыз, батыр да ақылды болады  және соғыстан өзге ештеңемен де      шұғылданбайды. 553 жылдың күзі бітер кезде ол      жыужандарды тағы да жеңеді. Ци императоры өзінің бақытсыз одақтастарын қабылдап, оларды өкшелеп келе жатқан түріктерді тойтарып тастайды. Бірақ жыужандар Қытайлармен санаспайды. Өздерінің          малынан, дүние мүлкінен айырылған, еңбек – бейнетке үйренбеген олар қарақшылық жасай бастайды да, Ци       үкіметі 554 жылдың көктемінде оларға қарсы әскер жібереді. Жужандар тағы да жеңіледі. Сосын 555 жылдың жазында Ци импреаторы оларды өз жерінен түзге қуып жібереді де, жыужандарды сонда түріктер тас – талқан етеді. Жуан –жуандардың бір бөлігі Кореямен Солтүстік Қытайға қашады, ал бір бөлігі батысқа келіп “аварлар” деген атпен орнығып қалады. Жыужандар            сөйтіп құрып бітеді де, түріктер ұлы Даланың бүкіл  Шығыс бөлігінің қожасына айналады. Жужандарды талқандағаннан кейін, түріктер өздерінің көшпелі  көршілеріне қарсы әрекеттер жасауға кіріседі  .

 Бумын қаған мен Қара Еске қағанның мұрагері Мұқан қаған  (553 – 572)  Оңтүстік батыс Маньчжуриядағы монғолдың қидан тайпсы  мен Енисейдің   алу арқылы елінің Орталық Азия мен Оңтүстік Cібірдегі билігін түпкілікті  етеді.[12]

     VI ғасырдың 70 жылдары түрік әскері шалғайдағы Қара теңіз жағалауындағы Боспорға жорық жжасап, оны  басып алады. Сондай – ақ осы жылдары қағанат Солтүстік Қытай мемлекеттері – Солтүстік Чжоумен Солтүстік Циді бағындырады. Мұны айқындайтын бір себеп, одақ жөніндегі шарт бойынша, Чжоу империясы түріктерге  жыл  сайын 100 мың кез  жібек төлеуге  мәжбүр  болды.

       572 жылы Мұқан қаған қайтыс болады. Оның  інісі, әрі мұрагері Тобохан  Чжоу империясымен қатынасын үзбей, Ци империясымен бітімге келеді. Чжоу салық     жарнасын төлеуден бас тартқан кезде, бұрынғы жағдайдың қалпына келуі үшін түріктердің әскер күшімен сес көрсетуінің өзі жеткілікті болады. Түріктер жортылуынан қорыққан Ци империясы бітім салығын төлеймін деп            күллі қазынасын сарқады. Бұл мемлекеттердің тәуелділігі Мұқан мұрагері Таспар ( Тобохан) қаған кезінде тіпті күшейе түсті. Таспар қаған: Тек Оңтүстіктегі екі бала ( Чжоу мен Ци) бізге бағынышты болып тұрса болғаны, онда кедейліктен қорықпаймыз – дейді екен  [13 ] .

     Ұлы Түркі қағандығы өте қысқа мерзім ішінде Сары теңіз бен Қара теңіз арасында жатқан тайпаларды біріктіріп бір орталыққа қаратады – сол өлкені еркін жайлаған соғдылар Түркі қағандығына қарсы тұра алмайды.

     Қытайдың қазіргі солтүстік – шығысындағы өлкелерінен бастап Каспий теңізіне дейінгі ұлан — байтақ  өңірде Түркі қағандығы құрылып, басқару ордасы Орхон өзенінің бойына орналасады. Монғолияны, Орта Азияны мекендеген түркі тілдес тайпалар мен ұлыстар Түркі қағандығына бағынады.

 

 

 

  • Көне Түріктердің мемлекеттік басқару және құқықтық жүйесі.

 

    Ерте Түрік мемлекеттері дамыған қоғамдық – саяси жағдайда өмір сүрді. Түріктердің бірнеше мемлекеттері болғанымен олардың ішкі саяси құрылысы, тұрмысы мен шаруашылығы ұқсас, тілдері мен мәдениеті бірдей еді. Түріктер қоғамында дамыған мемлекеттің барлық белгілері болды.

 Көне Түркі мемлекеттерінің ең жоғарғы  билік иесі – Тәңір текті Ұлы Қаған. Өкіметтің де, үкіметтің де          жарлығын, үкімін, шешімін қабылджаушы бірінші адам –  қаған. Қаған әскер басылары мен мемлекеттік аппаратты және ұлыстарды билеген бектерді, жадтарды, елтеберлер мен жабғуларды т.б. бекітті, орнынан босатты. Сондай – ақ қаған жайылымдарды бөлуге басшылық жасап, көшіп – қону бағыттарын анықтады. Қаған мемлекеттегі жоғарғы сот  билігін жүргізуші де болды. Елдегі құқықтық тәртіптің             ережелерін бекітті.

       Түрік қағандары Ашина әулетінен тарағандардан ғана сайланатын . Қытай мәліметтеріне қарағанда елде ханды жариялаудың күрделі рәсімі болған: бекзаттар оны ақ киізге отырғызып. Күн жолының ыңғайымен қаумалаған  қалың жұрттың құттықтаған айқай қиқуы үстінде шеңберді тоғыз рет айналып, дереу жібек бұғау салып, оны қрлма – қол босаңсытып одан  неше жыл хан болғың келеді?’’ – деп сұраған. Бірақ сұрақтың ел              басқару мерзіміне анықтау ісінде қандай рөл атқарғаны жайлы түріктер тарихында онша мәлім емес. Бәрінен де дұрысы,  бұл әдет хан тйпа көсемі болып саналатын кездің салты есебінде сақталып қалған тәрізді. Тәж – нақты  мұраға   қалдыру  күрделі  жүйе  арқылы  жүргізілетін     болған [14].

Алғашында қаған тағына мұрагерлік бойынша қағанаттың сол қанатынан  ашина фратриясының өкілдері отыратын. Қаған мемлекетінің ішкі және сыртқы саяси жағдайына бәріне басшылық етті, ру басшыларын тағайындады.Ол әлеметтік фратриядан шыққан шонжарларға сүйенді. Қаған тек билеші ғана емес, сонымен қатар қағанаттың барлық жерінің иесі болды.Алайда көшпелі     қоғам жағдайында билік негізінен алғанда жереге емес, ол жерді пайдаланатын адамдар ұжымына жүргізілді  [15].

Қаған сондай – ақ жоғарғы абыздың да рөлін атқарды. Кейбір деректерде қағанның” аспан тектес” , “аспаннан жаратылғаны“ туралы да көп айтылған. Осыған қарағанда қаған әулетінің артықшылығы үнемі дәріптеліп, көне түрік жазбаларында қаған мен              бектерді халықтың құрмет қылып сайлауы қажет екендігі, тек қаған мен оның әулетінің “ халықты асырауға” қабілетті екендігі жазылған. Мәселен Мұқан қаған (553 – 572) “ халықты жақсы тойындырды” десе, Білге қаған    туралы “ жалаңаш халықты киіндірді” , “ Аш халықты тойындырды” , “ Кедей халықты ауқатты етті”, соның арқасында “ Түрік халқы көп нәрсеге қол жеткізді” , ол және оның інісі Күлтегін “ Түрік халқы үшін күндіз әрекет жасап, түнде ұйықтамады” деп жазылған.

Мемлекеттің ханнан кейінгі бірінші адамы жабғы  болған. Түптеп келгенде, жағбы ханның бас уәзірі, бұл қызметте көбінесе хандық құрып тұрған әулеттің        мүшесі сайланатын болған.

Қағанның жанында қаған әулетінің белді мүшелерінен, әскер басылар мен ұлыстар басшыларынан, т.б. беделді қоғам мүшелеріне тұратын қаған кеңесі болған. Көне дәстүр бойынша қаған өзін орнынан сырғытып жіберуге құқылы кеңестің шешімін жоққа шығара алмайтын [16]. Қағанның билігін осындай шектеу     мемлекеттің тек алғашқы кезеңінде орын алған болса керек. Қаған шынында мүшелерін өзі тағайындайтын қаған жанындағы  кеңеске ешқандай  тәуелді  болмаған.

Қаған билігі билеуші әулет ішінде мұраға беріліп отырған. Биліктің атадан балаға ғана емес, ағадан жақсы үлгілі ініге берілу дәстүрі осы Түркі қағандықтары тұсында қалыптасқан. Биліктің дәл кімге берілуі көп жағдайда нақты қалыптасқан әлеуметтік                   –саяси жағдайға қарай шешіліп отырған деп тұжырымдауға болады [17].

Мәселен Құтлық (Елтеріс) (679 – 691) қағаннан соң оның інісі Қапаған қаған (691 –716), одон соң елді Білге қаған мен оның інісі Күлтегін басқарды. Қағанның билігі ағадан ініге өтетін болғандықтан жаңа қағанды елдің беделді адамдардың жиыны сайлап қойған.  Ал         билік атадан балаға тікелей мұрагерлік жолмен өткенде сайлаудың ешқандай қажеті болмады. Көне Түркі қағанаттарының да қалыптасқан хан сайлаудың мұндай дәстүрі кейін қазақ хандарын сайлау кезінде жалғасты.

Көшпелі Түрік қағанатының ел басқару құрылымы үштік жүйеге негізделген. Олар қағанатты тардуш(оң қанат), төлес (сол қанат) және ічрекі (орталық) деп үшке бөлген.

Күлтегін мәтініне жүгінсек:

Ілгері “оңтүстіке), кейін (солтүстіккке) аттанып жинады, басын қосты (жинақтады). Барлығы жеті жүз ер ( сарбаз) болды. Жеті жүз ер бас қосқанда елін аңсаған халыққа, құлданған, күнденген халыққа Түрік төрінен (өкіметінен) айырылған халыққа, Ата – бабам         төрін  (өкіметін) құрып орнықтырды. Төлес, Тардуш қанатқа (бөліп), шабғу, шад (ат) берді.

Қағанатты Тардуш Төлес қанатқа бөліп басшыларына шабғу, шад лауазымы сыйлағанын мәлімдеген. [ 18]

Далалық көшпелі қағанаттардың ел басқару жүйесін отырықшы елдердің жүйесімен салыстыруға келмейді. Екеуі екі бөлек әлем. Әрине бірінен бірінің үйренгені,        алғаны бар.

Еуразия құрлығының қақ ортасын көктей тіліп орналасқан көшпелілер империясы шығысы Хянган жотасынан, батысы Жерорта теңізіне дейін, оңтүстігі Тибеттен, сотүстігі Сібірге дейінгі өлкені алып жатты. Бұлардың шаруашылығының негізігі кәсібі бері      айтсақ үш мың жыл бойы мал шаруашылығы болды. Бір текті этникалық процесстің экономикалық тұғыры осы мал шаруашылығы еді. Ол әлемдегі түркі тектес халықтардың этникалық жаратылысын қалыптастырған    негізгі фактор. Әрине, мал мал шаруашылығымен                 қоса оңтүстікте егін, солтүстігінде аң шаруашылықтары айтарлықтай өрістегенмен оның үлесі мал  шаруашылығының үштен бірінен аспады. Экономикалық осы тұғырға негізделген көшпелілер дүние танымы, наным – сенімі, этникалық дәстүрі (қандас – туыстық жалғастығы) сол мал шаруашылығы құрылымын үш мың жыл бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғаса отырып, дәстүрге         айналған.

Далалық көшпелелілердің атқарушы үкімет жүйесі мен әскери басшылығы араласып кеткен. Өйткені көшпелі өмір салты, шаруашылықты жүргізу, ұйымдастыру, кеңістік пен уақытты игеру ерекшілігі осыған бейімделген. Сондықтан Еуропа зерттеушілері Еуразия көшпелілерінің мемлекетін әскери аристократия деп атаған. Зерттеу барысында көне және орта ғасырлық көшпелілер мемлекетінің ел басқару құрылымын әсркери — әкімшілік жүйеге құрылғанына көзіміз жетіп отыр.

Деректерді алға тартсақ, Түркі қағанатының ічрекі деп аталған орталық Ел – етміш білге қағанның үлес еншісі (құтлығы).Бірақ оның барлық ісін Бойла Баға Тарқан лауазымды іч – Бұйрық (Орталық қанаттың қолбасшысы) жүргізіп отырған. Ол бейбіт өмірде шаруашылығын жүргшізсе, соғыс уақытында бүкіл             қолды бастаған. Тардуш, Төлес қанатының ябғу,                   шад лауазымды басшылары да дәл солай үкіметтік және әскери қызметін қатар жүргізіп  отырған.

Осы қанаттарға тайпалар мен тайпалар одағын бөліп орналастырып, олардың жоғарыдағы  Ічрекі, Тардуш, Төлес қанат басшыларының үлесіне бөліп берген. Қанаттардың қол астындағы тайпалар қаласа да, қаламаса да оған басыбайлы болған.          Оның себебі, шаруашылықы игеру ерекшелігіне байланысты,            әрі үкіметті басқару жүйесі көшпелілер ортасында осылайша қалыптасқан. Егер қандай бір адам өз тайпасынан шығып басқа тайпаға баратын болса, олрдың ішіне  өмір сүретін  болмыс та,  орын  да  жоқ. Өйткені “ кірме” деген атпен адами психология жағынан да, өмір сүру, тірі жүріп тіршілік ету көзі болған шаруашылық – экономика жағынан да қысым көріп отыратын болған. Ешкім кірменің жаттың жоғын жоқтап, құқығын қорғамайды.Түркілер дәуіріне қандай адам бомасын  өз тайпасынан шығып кетуге құқылы. Бірақ жат тайпаның ішіне кіріп өмір сүру мүмкіндігі жоқ. Далалық басқару жүйесі осылай құрылған. Сонау ерте заманнан дәстүр болып жалғасқан ата жолы бойынша берілген енші ел      иелері қол астындағы елін, жұртын бейбіт кезде де, соғыс кезінде де басқарып, әкімшілік және әскери істі қатар      жүргізіп отырған.

Осылапйша қағанат ішіндегі қанаттар ары қарай тайпаға, тайпа ішінен руға, ру мен ру арасынан біріктіріп ебке ( курень – лагерге) бөліп әкімшілік атқару жұмыстарын жүргізіп, халықтан алатын салықты алып, жер бөлісін жолғп қойып, адам күшін                         ілкімді ұйымдастырып, өкімет аппаратын іске жегіп келді.

Жоғарыдағы  жүйені  схемамен  көрсетсек:

 

Тардуш (оң қанат)

 

Рулар

 

Тайпалар одағы және тайпалар

 

 

 

 

Қағанат төрі (өкімет) халықтан арнайы тоқтам бойынша алым – салық алып отырған. Қанаттар тайпа көсемдерінің, ру басшыларының салығының сыртында қаған салығын рудан бастап қанаттарға дейін төлеп келген. Егер кімде кім салығын төлемесе төр (өкімет) тарапынан жаза жүктелетін болған.

Қағанат қалыптасып өмір сүру, ішкі ісін жүргізу үшін экономикалық фактор шешу рөль атқаратыны түсінікті. Мемлекет қазынасын құрушы бір компонент халықтан түсетін салық. Міне, сондай салықты байырғы түркілер “ берім” (берешек) деп атаған. Сондай – ақ салық төлемінің сыртында ішкі – сыртқы соғыс, қақтығыс кезінде көптеген дүниелерді олжалап, хан қазынасына қосып   отырған.

Байырғы түркілер қол астындағы тайпалармен тайпалық  одақтардан олардың айналысатын шаруашылық кәсібіне байланысты заттай салық алып отырған. Салық  жинау қаған қазынасына салу сияқты жауапты істің барлығын жергілікті жердегі өкіметтің (төр) қол – аяғы болған атқарушы әкімшіліктер іске асырып отырған. [ 19 ]

Байырғы түркілер әкімшілікке де, әскерге де ондық жүйені мықтап енгізді. Ондық жүйе қағанат ішіндегі байып дәулеттеніп бара жатқан феодалдар мен қоғамның жоғарғы сатыдағы лауазым иелерінің құқығын қорғаумен қатар қол астындағыларды өкімет тарапынан қозғалтпай ұстап отыруға өте тиімді болды.Сөйтіп,             ондық жүйе бір жағынан әкімшілік, екінші жағынан әскер функцияны қатар атқарып отырды.

Жоғарыдағы әкімшілікке берілген үш қанат ішіндегі тайпалар мен тайпалар одағын түмен (он мыңдық), бес мыңдық, мыңдық, бесжүздік, жүздікке бөліп, әкімшілік жүйеге жүгіндірді. Олар бұл жерде тайпалық құрылымды бұзбады.Бір тайпаның ішінен бірнеше             жүздік ұйымдастырған да жүздікке толмай қалған кезде екніші бір тайпаның адамдарын алып келіп қоспады. Сөйтіп, тайпа ішіндегі жүз басы болған ру басшыларына  әскер сеңүндеріне Ұлығ Өз Ынан–Чу деген әскери шен, әрі әкімшілік лауазым беріп отырды. Жүздік бес жүздікке, ол мыңдыққа, мыңдық бесмыңдыққа, бесмыңдық  түменге бағынды.

Түркі мемлекетінің ішкі әлеуметтік ерекшелігіне байланысты иерархия мықты орын алған. Ел ішіндегі тайпалардың қоғамда иеленетін орнын қатаң белгіліп      берген. Қоғамдағы  орын алған сол иерархияға байланысты әскер әкімшілік іс – жүргізетін өкімет (төр) адамдарының лауазым шені, оның дәрежесі үкімет тарапынан                  қатаң белгіленген. Мәселен, Төлес бектері, Төлес мыңдығы  Тардуш бектері мен мыңдығының дәрежесін  иеленбейді.

Әскери — әкімшіліктің осы жүйесі бойынша бейбіт уақытта шаруашылығын жүргізіп, отбасын асырап, салығын төлеумен қатар қаған қазынасын молайтуға  күш жұмсап отырған. Ал егер ел ішінде тынышсыздық        пайда болса, ел шетіне жау тисе, немесе басқа            қағанатқа соғыс жарияласа, өкіметтік бұл әскери — әкімшілік жүйесі алдан – ала жасалып қалыптасқан тәртіп бойынша тура әскерге айналып, міндетін ешқандай ауыртпалықсыз – ақ атқарып жүре беретін болған.

Жүздік, бесжүздік ,мыңдық, бесмыңдық, түмендердің орналасу құрылымын көне түркілерде  “еб” деп атаған. Ондық жүйесі осылайша байырғы түркілердің өкімет әкімшілігінің күнделікті ісін атқарушыға темірдей тәртіп ұстанған тетікке айналған.

Түрік қағандығында қағаннан бастап ру — тайпа бастығы бектерге дейін  жиырма сегіз дәрежелі лауазым иелері болған. [ 20 ]

Далалық көшпелілер қағанаты – мыңдаған жылдар бойы ел басқару сабақтастығы үзілмеген,  үкіметтік әкімшілік жүйесі қалыптасқан байырғы халықтардың бірі болды.

Түрік қағанаттарының құқықтық жүйесі жете зерттелмеген.Ол туралы деректерде де аз айтылады.Түріктердің құқығының негізгі бастауы қайнар  көзі —  әдет ғұрып болған.

Қытай жылнамасында көрсетілген көне түркілердің мемлекеттік заңының негізгі ірі – ірі жеті баптан тұрған: 1 –бап. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы кесілсін (мемлекеттің бүтіндігін сақтау талабынан туған); 2- бап. Түркі жұртының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына кесілсін; 3 – бап. Қағанат ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына кесілсін; 4 – бап. Сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы     бұйырылсын (ат – қағандықтың соғыс күші); 5 – бап. Ұрланған бағалы мүлік үшін он есе артық айып төленсін; 67  Сонымен қатар, Түрік қоғамында малға, түрлі қарулар мен өндіріс құралдарына жеке меншік болған.Жер жеке адамның жеке меншігі болмаған. Жер қауымның, ру – тайпаның меншігінде болды. Жерді бөлуді,      пайдалануды қаған, оның атынан ру тайпа басшылары                            шешті.

Түріктер көшпелі халық болғандықтан отбасы патриархиалдық сипатта болды. Әке отбасы басшысы     болды әрі оның айтқаны  орындалатын.

Түрік қағанатында қылмыстық жазаның әр түрі қолданылды. Сатқындық, әсркер тәртіпті бұзғаны үшін, қағанға қарсы шыққаны т.б. жағдайларда өлім жазасы қолданылды. Мал ұрлағаны үшін оның құны 10 есе артығымен төленді.

Сот билігі қағанның және оның атынан іс  жүргізетін бұйрықтар мен тархандардың қолында болды. Сот ашық түрде екі жақты толық тыңдау арқылы жүргізілді.

Түркі қағанаттары сол кезең үшін дамыған мемлекеттік құрылыс жағдайында өмір сүрді. Оның мемлекеттік аппаратында көптеген лауазым иелері  қызмет етті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II – Тарау.

 Түрік қағанатының саяси тарихы.

2.1. Түрік қағандағының эфталиттерді талқандауы.

 

       Л. Н. Гумилев Түрік қағанаты сыртқы қарым – қатынасында дүние жүзілік саяси процестерге белсенді қатысқанын көрсетеді.

552 – 553 жылдары түркілер Орта Азиядағы қуатты мемлекеттердің бірі – эфталиттерді бағындырды. Отырықшы аудандардың байлығын иеленуге ұмтылу түркілердің батыстағы, Орта Азиядағы онан арғы саясатының негізі болды. Олар эфталиттерінің батыс тармағына міне осы арада кездесті, ал эфталиттердің иелектері Каспий теңізіне Солтүстік Үндістанға және Шығыс Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан еді. Өзінің әскерінің орасан зор, икемді құрамына қарамастан,  мұндай күшті жалғыз жеңіп алуға түріктердің шамасы келмейтін. Олар үшін соғыс сасанилік Иранмен әскер Одақ жасасқаннан кейін ғана табысты бола бастады. Эфталиттерге вассалдық тәуелділікте болған Иран оларға ұзық уақыт бойы жыл сайын күміспен салық төлеп тұрды, мұны осы мақсат үшін арнайы соғылған пехлеви жазумен қоса эфталит жазуы бар теңгелер көрсетеді.[21] Сондықтан түріктердің  эфталиттерге қысым жасауы Ираннның сасанилік билеушілеріне қолайлы болды.

Иран шахы Хосрав Ануширван эфталиттермен қырғи қабақ болып жүрген түркілермен Одақ болуға 564 жылы ұсыныс жасаған болатын. Түркілер Ирандықтардың ұсынысын қабыл алып, қағанның Оңтүстік аймағын билейтін Бумын қағанның ағасы Естемидің қызын Хосравқа  әйелдікке береді. Сонымен Қағанның эфталиттерге қарсы қайыра соғыс ашуының сәті түсті. Иран шахы Хосрав I Ануширван эфталиттерге салық төлеуін тоқтатып, соғысқа дайындалды.

          Эфталиттер одақтасы – жужандарды жоғалтқаннан кейін  мазасызданып, 553 жылы Қытаймен қарым – қатынас орнатуға тырысады, бірақ Батыс Вэй империясының билеушісі Юйвынь Тай түріктермен одақтас болатын, сол себепті де эфталиттер ынтасына онша ықылас білдірмесе керек. Тіпті эфталиттердің өз арасында ауызбірлік болмаған. Катулф атты бекзада Гатфар патшаны соғысқа жібергісі келмейді, бірақ патша намысына тигесін, өз руластарын тастап, парсы шахына қашып кетеді.

Белсенді соғыс әрекеттері 560 ж., Гатфардың өзі арандатуға кіріскесін, басталып кетеді. Қағанның шахиншахпен жасаған қарым – қатынасынан секемдеген патша, олардың жақындасуына кедергі жасау үшін қолынан келгеннің бәрін жасамақ болады. Соғдия арқылы кетіп бара жатқан елшілер, қашып құтылып, осынау қайғылы хабарды Естеми ханға жеткізген салтаттыдан басқасы – түгелдей бауыздалды. Енді соғыс болмай қалмайтын еді. Естеми қол астындағы күллі әскерін жинайды, олардың арасында бұған дейін эфталиттердің боданы болып келгенбасқа тайпалар бартұғын. Хұсрав  Ануширван одақтасының алдын алып, 562 ж. эфталиттерді бірінші рет жеңіп шығады, бірақ соғыс бұнымен аяқталмайды.

Түріктердің алдыңғы легінің құрбандығына Шаш (Ташкент) шалынып, түріктер қалда тұрғындарын қырып салады. Сосын түріктердің басты күші Шыршық өзенінен көктей өтіп, Маймургте әскерінің алдыңғы тобымен қосылады. 

Естеми Византия императорынан батыс түріктерге көмек беруін сұрап елші жібереді. Ал оның әскері Батыста Иран әсркерінің қолдаумен эфталит жеріне Шығысына басып кірді.

Шешуші шайқас Бұхара түбінде болып, эфталит патшасы Гатифара жеңіліс тапты. Амударияның оңтүстігіндегі эфталит жерінің бәрін Хосрав  өзіне қосып алады.

Соғыс сегіз күнге созылады, ақырында эфталиттердің күл – талқан болуымен бітеді (565ж). Аман қалғандар бас қосып, эфталит мемлекетінің дербес дәурені өткенін түсініп, Гатфарды тақтан құлатады да Шағаниан бегі Фагоништі патша етіп сайлайды, оған Хосрав Ануширванға бағынуды міндеттейді, олардың пікірінше, енді түріктерге тек сол ғана қарсы тұра алады.

Хосрав бір мезгілде қағанның хатын және Фагоништің бағынатыны жайлы ұсынысын алғанымен, екеуіне де жауап қайтармайды.   

Түрік эфталит соғысы біткен бойда – ақ Шығыс пен Батыстың арасындағы керуен жолдары бойында жатқан жерлерді бөлуге келгенде одақтастар арасында араздық басталды. Бұл жерлерді иелену жол асуларын кеңінен пайдалануға, жібек, сәнді бұйымдар, т.б. саудасын бақылауға,  Шығыс пен Батыс арасындағы тауар айырбасына белсене қатысуға мүмкіндік беретін еді.

Орта Азия үшін VI ғасыры экономикалық және мәдени өрлеу дәуірі болады. Қалалар өсіп, байи беореді, егін шаруашылығы, қол өнері мен сауда – саттық өркендеп, гүлдене түседі. Сол заманда соғдылар нағыз тәжірибелі және епті көпес – делдалдар қызметін атқарады. Олар ежелгі керуен жолын пайдаланып, Қытай мен  Жерорта теңізі арасында тиянақты байланыс орнатады. Бірақ сауда- саттыққа жужандардың қанталапай қарақшылығы, эфталиттердің ұдайы көршілерімен үздіксіз жүргізген соғыстары кесірін тигізеді. Түркілер Соғдиана мен даланы біріктіріп жібереді де, сауда – саттық үшін кереметтей қолайлы жағдай тудырады, сол себепті де соғды көпестері түркі хандарының адал бодандарына айналды. Сөйтіп Орта Азия қағанаттың  тұтас бөлшегіне айналады. Осы жағдай эфталиттердің кек алуға  деген жолын кесіп тастайды да, сол аймақта тұйықталып қала беруге мәжбүр етеді.

Эфталиттер мен Солтүсік Қытай патшалықтарын күйреткеннен кейін, түркілер саяси ғана емес, экономикалық құдіретке де ие болады, өйткені Батыс пен Шығысты қосып жатқан ұлы керуен жолы солардың қолына келіп түседі.       

Орта Азияны жаулап алғаннан кейін түркілер Қытайдан Жерорта теңізінің елдеріне келетін сауда жолдарының елеулі бөлігіне, яғни “ Ұлы Жібек жолына билік етті ”. [ 22 ]

Жібек керуенін алып өтушілер мен делдалдар ( Орталық Азиямен Орта Азия бөлігіндегі жолдарда) соғдылықтар мен парсылар болатын. Олар Ташкенттен (Бұхараның маңайы) Сырдарияға дейіншгі жолға бақылау жасайтын. Жібек саудасы соғдылық түркі хандарына орасан зор пайда түсіретін.

Соғды жібегін Батыс  қана емес Шығыс Түркістанмен Қытайда да алушылар көп болды. VI ғасырда сырттан әкелінген және өздері шығаратын жібек матасының мол қорын соғды қалаларында сатып өткізу қиын мәселеге айналды. Содықтан бұрынғы одақтастармен араздасып қалған түрік қағаны Хосрау I Ануширванға Персия арқылы Византияға жібек және басқа тауарлар өткізуге рұсат сұрап, елшілік жіберуге ұйғарды. Бұл елшілікті соғды көпесі Маниах бастап барады. Алайда, елшілік сәтсіздікке ұшырап, Хұсрау I Ануширван қағанатын қатынасты біржолата үзуге батылы бармай, әкелген жібектің бәрін  сатып алуға бұйырық береді, сөйтті де, оны Маниахтың көзінше өртеді.

 

 

 

2.2.Түрік империясының Византиямен қарым – қатынасы.

 

Л.Н. Гумилев Түрік қағанатының сыртқы қарым – қатынасындағы негізгі факторы – Ұлы Жібек жолы екендігін айрықша көрсетеді. Ұлы Жібек жолының сыртқы саясаттағы маңызын негізінен екі бағытта көрсетуге болады.

  1. Жібек саудасы.
  2. Сауда жолының геостратегиялық маңызы.

Жібек саудасының маңызын Л. Н Гумилев былайша көрсетеді: “ VI –ғасырда жібек валюта болды. Византияда алтын, асыл тастармен қатар бағаланды. Жібекке Византияда одақтас тапты, жалдамалылар жалдады, құл және кез – келген тауарды сатып  алды.  [ 23 ]

     Жібек маталарын сатып алушы Византия еді. Иран, Византия империясында, әсіресе, Сирия мен Египетте жібек матасын шығару жоғары дәрежеде дамыды.   VI ғасырда Византияда, Иранда өзіндік шикізат көзі пайда болды. [ 24 ]

Сонымен өте қайшылықты геосаяси картина қалыптасты. Бір жағында жібекке зәру Византия империясы, саяси ойынға үшінші ойыншы сасанидтік Иран кіріседі. Себебі: Византияны осынау аса бағалы матамен жабдықтайтын күре тамыр Солтүстік Иран үстімен өтетін, сол себепті де сасанидтер үкіметті керуен саудасын бақылауды бір сәтте өзқолынан шығарған емес. Шикі жібектің басым бөлігіән өңдеу үшін өздеріне қалып, ирандықтар өз бұйымдарын өздері қойған бағамен батыс елдеріне әрдайым сатып тұруға зор мүмкіндік алынады.

Жібек саудасы енді пайда түсіруші тауар көзінен экономикалық саяси кіріптар қылушы құралға айналады. “ Византия имипериясын әлсірету үшін парсылар әлбетте тауар айналымын ұлғайтуға емес, Византидан ақшаны саумалап, неғұрлым көп алып, оны саяси және әскери жағынан қалжыратпақ болып, жібектің нарқын қымбатата түсуге тырысады”.

Мұндай ыңғайсыз жағдайға қалған Византия көнбейді. “Византия бұл қиянатты жағдайға төзе алмайды, өйткені жібекке артық ақша төлеу арқылы ол өзінің ата жауы Иранды күшейтеді ғой”.

Византия үшін мәселенің шешуі – Түркі қағанаты еді. Түркі қағанаты өз кезегінде эфталиттерге қарсы одақтасы Иранмен эфталиттер мемлекетін талқандағаннан кейін геостратегиялық керуен жолдарына байланысты келісе алмай қалады.

    Иранмен қатынасты үзіп алған түркілер енді өте тиімді сатып алушыны Византиядан іздейді. 567 жылы Маниах Констонтинопольге жіберілген Түркі қағанның елшілігін басқарады.Византия да Иран сияқты соғды жібегіне аса мұқтаж болмағанымен, ол парсыларға қарсы бағытталған түркілермен одақтасуға мүдделі болды. (Констонтинопольдің дәл осы сыртқы саясатының беталысын соғдылар сауда келісімін жасау үшін керек етті.)  Констонтинопольдің сыртқы саясатының дәл осы қырын пайдаланып Соғдылықтар сауда келісімін бекітуге ұмтылды. Түркі елшілері император сарайында үлкен құрметпен қабылданып, Түркілер мен Византия арасында Иранға қарсы әскери келісім шарт бекіді. Византия империясының елшісі Земархпен бірге Маниах Түркі қағанының ордасына келді.[ 25 ] Қағанат Земархты Тянь – Шаньдағы “ Алтын тауға” жақын жердегі өз қонысында қабылдады және осы келген саяхатшыға бірден Иранға жорыққа аттанатын түркі әскерлеріне жлбасшы болуын ұсынды. Шахтың дипломатиялық жолмен түркі шабуылын тоқтатпақ болған талпынысы сәтсіз болып, түркілер Гургандағы бірнееш бай қалаларды жаулап алады. Алайда, 568 жылы –ақ түркі әскерлері Соғдыға қайта оралды. Осының артынан естеми соғыс қимылдарын Еділге ауыстырып, 571 жылға қарай Солтүстік Кавказды жаулап алды және көп ұзамай аландарды бағындырып, Босфорға (Керчь) шықты. Сөйтіп, қаған Византияға баратын айналма жолды, Хорезм, Еділ бойы және Кавказ немесен Қырым арқылы өтетін ауыр жолды тазартып алды. Византия тарихшысы Минандр 568 – 576 жылдары түркілерге Византиялықтар жеті рет елші жібергенін еске салады. Византиямен түркілердің арасында жүйелі сауда байланысының болғанын Орта Азиядан көптеп табылған VI  ғасырдағы византиялық ақшаларқуаттай түседі. Дегенмен, 575 –576 жылдары түркі – византия ара – қатынасы шиеленісе бастайды. Бұл Естеми қаған өлген соң таққа отырған ұлдарының бірі Түркенафтың көзі еді. Ол Юстин  II – нің аварлармен жүргізген бейбіт келіссөзі көңіліне жақпағандықтан, Византия одақтастық келісімді бұзды деп айыптаап, Киммериялық Босфорды жаулап алды және Қырымға баса көктеп кірді (576ж). Бірақ тез арада түбектен кетуге мәжбүр болды. Түркілердің Иранға жасаған екінші жорығы 588 –589 жылдарға тура келеді. Түркілердің патшасы Шаба бастаған түркі әскерлері Хорасанға лап қойды. Гераттың жанында белгілі қолбасшы Бахрам Чобин басқарған Иран әскерлері оларға қарсы тұрды. Ол түркі әскерлерін талқандап, “ түркілер патшасын “ атып түсірді. Түркілердің қайта бас көтермек болған әректінен түк шықпай, Иранмен бейбіт келісімге келді.Сасанидтерді арабтар талқандағанға дейін Орта Азия түркілер мен Иран арасындағы шекара өзермей қалды. Содан соң әлденеше жылдар бойы Иран, Хорезм мен Еділ бойы арқылы жібек және тауарлар керуені Батысқа қарай бірде қарқынды, бірде  бәсең  дәрежеде жүріп жатты.

Византия – түрік қарым – қатынасының салқындауына жібек саудасындағы бәсекелестікпен бірге авар мәселесі де әсер етеді. 568 жылы шарт бойынша Византия аварлармен бітімге келіп, одақ жасаспау туралы міндеттенген болатын, сол себепті де авар елшілігін Юстинге бітім жасауға және Паннонияны қаратып алуға рұқсат сұрай келгенде, олардың беті бері қайтарылады. Бұған қарамастан, аварлар Паннонияны басып алып, византиялықтарды жеңеді, олар сосын 570 жылы бітім жасауға мәжбүр болады. Ал енді аварлар Византиямен бітімге келіп, қуатты мемлекет құрған шақта, түркілер бұған алаңдамай тұра алмады.

VI ғасырдың 60 – жылдарының аяғында Түркі қағандығы сол уақыттың ірі мемлекеттері Византия ,Сасанид , Иран және Қытаймен саяси және экономикалық қатынастардың жүйесіне еніп, Қиыр Шығыстағы Жерорта теңізімен байланыстыратын сауда жолдарына бақылыу жасау жолында күрес жүргізеді. Византия елшісі Монғолия емес, Батыстағы қағандар сарайына – Қытай хабарламасы бойынша барлық халықтардың басшысы тек Батыс қағанының сарайына барды.Бір сөзбен айтқанда, империядағы дуализм 582 жылы олар бөлінуге дейін пайда болды. Батыс Түркілер Шығыстың жоғары  билігін сөз жүзінде ғана мойындады. Батыс қаған Византия елшісін қабылдып, онымен одақ туралы еркін келісім жасап, Батыс Түркілермен тәуелсіз мемлекет ретінде өзінше қатынас орнатты.Түркі қағанаты құрылғанына үш – ақ жыл өткен мерзімде (555 жылы ) қағандықтың  батыс аумағында әскери-әкімшілік  басқару жүйесі болды. Тап осындай жүйе қағандықтың Шығыс аумағында да пайда болған еді. Бірақ екеуінің арасындағы байланыс нашар болды. Батыстағы түркілер өздерінің құрамында Еділдің Азов бойынан, Солтүстік Кавказдағы кейінгі Хун тайпаларының біразын біріктіріп, Византия шекараларына дейін барды, Орталық Еуропа мемлекеттеріне бірқатар жорықтар жасады.Түркі империясы өзінің 25 жылғы ірі жаулап алу жорықтары кезінде Түркі қағандығы Маньчжуриядан Босфор – Киммерияға дейін, Енисейдің жоғарғы ағысынан Амударияның жоғарығ ағысына дейін созылып жатты, яғни Түркі империясы ірі табыстарға ие болды. Осылайша Түркі қағандығы саяси және  мәдени мұрасы арқылы Орта Азиямен Оңтүстік Шығыс Еуропаға едеуір әсер еткен алғашқы Еуразиялық империяның құрушылары болды. Қағандықтың оңтүстік аймағын Бумын қағанның ағасы Естеми билеген кезде түркілер Батыста өздернің әскери қуатының биік шыңына жетті. Үздіксіз басып алу жорықтары Түркі қоғамының әлеуметтік жағынан қайта құру жолындағы қайшылықтарын бәсеңдетіп қойды, бірақ алғашқы сәтсіздіктер бұл жағдайды тез арада өзгертіп жіберді.

 

 

2.3. Түріктердің Иранға жорығы.

 

Соғыс қарсаңында. Өтірік көнгені үшін сый – сияпат ретінде берілетін Қытай жібегін соғды көпестері арқылы сатып, тек бөгетсіз байи беруі үшін ғана, Қара – Сор Түрік бәсекелестерін өлтіріп, немере інісі мен оның қолдаушыларын — өз руластарының көзін құртады. Алайда баюдың бұл жолы содан он жыл түседі. Иран мен Византия қасарысқан бетіне қайтпай, қатал соғысты жүргізіп жатты, Парсы шахы тым болмаса, басы артық бір керуенді Констонтинопльге өткізіп жібереді – деп тіпті ойлауға да болмайтын еді. Түріктер мен гректердің ресми түрде соғыс жағдайында болуы бұл ахуалды қиындатып жібереді. Рас, бұл соғыс жеті жылдан бері толас тапқан, бірақ бітім шартының болмауы елшіліктер алмасу ісіне бөгет жасады, Иранға қарсы соғыс әрекетін реттеп сәйкестендіріп отыру ісін қиындатады. Ал, одақтасу гректерге де, түріктерге де қажет еді, өйткені екеуінің жауы да ортақ, мақсат – мүдделері де ортақ еді. [ 26 ]

Егер Иран бөгетін бұза алатын болса, жібек Византия патрикилері — ақсүйектерінің шеберханаларына судай болып ағар еді, сонда герман конунгтер – қолбасы көсемедерінен әскер жалдап алуға қаражат табылар еді де, бәлкім, Византия Еуропадағы жетекшілік рөлін сақтап қалар еді. Ондай күн туса, Соғдиана алтынға кенелер еді, Түріктер арасында таптардың құрылу процесі жеделдеп, ел – феодалдық мемлекетке айналар еді. Ішкі дүрдараздық соғыс қағанат тәнін қақырата жыртып жатқан кезеңде, Түркі хандары сыртқы саясатты белсеніп жүргізе алмайтын, ал бірақ тыныштық орнаса болды, “ жібек жолының” проблемасы бірден бірінші орынға шығатын, сонымен бірге Византиямен келісімге келу қажеттігі пайда болар еді, өйткені өзара келіспей жасалған әскери әрекетердің сәтсіздікке ұшырайтыны күні бұрын белгілі ғой.

589 жылы жазында Иранның жағдайы қатты шиеленісіп кеткен еді. Батыс шекарада Византиямен бітпейтін соғыс жүріп жатқан.  Түріктердің соғысқа кірісуі парсылар жағдайын мүлде асқындырып жіберді, бірақ Иранда әлі пайдалынылмай жатқан жасырын күштер көп еді. 589 жылы 5 мамырда “хазар жолымен” кимелей кірген жауды парсы әскерлері шілдеден қалдырмай күйретеді де, аналардың зәре құты қалмай, олжамен қайтқан жан пайда – деп қаша жөнеледі.Олардың орнына Роман бастаған византия отряды келіп қосылады, бірақ парсы жерінде гректерде тұрақтап қалғысы кғелмейді. Олардың ең шұғыл міндеті парсы әскерінің бір бөлігін шығытан өздеріне қарай тартып алып, Орта Азиядан шабуылға шыққан түріктердің шешуші соққыны беруін жеңілдету болған секілді. 589 жылы бұл әскер парсы жерін тазалап тастайды.

589 жылы Қара – Сордың ұлы Янг Соух Шығыс Иранға бұзып — жарып кіреді. Шекараға қалқан болып тұрған жетпіс мыңдық әскер тырағайлап қаша жөнеледі де, түріктерге – Хорасанға, Талеканға және Герат, Балх пен Бадгис сияқты тірек бекіністері бар ежелгі бактрия жеріне апаратын жолдарды ашып тастайды. Бұл арада парсының шекаралық жаяу әскерінің жауынгерлік сапасының төмендігі байқалады. Иранды үрей қаптайды.  Табари сөзіне қарағанда, Саве – Хормиздға арнаулы кісі жіберіп: “ Еліңізге емін – еркін енуім үшін сіз өзендер мен өзектегі көпірлерді жөндеткізіп қойыңыз, көпірлері жэоқ өзендерге жаңадан салдырыңыз, өзіңіздің еліңізден румдықтарға баратын менің жолымдағы өзендерге де соны жасаңыз, өйткені мен сіздің еліңіз арқылы соларға бармақпын” – деген сөзді айтқызады. Ультиматумның мәтінің жорықтың шынг мақсатын да, батыс түріктьер мен гректер қимыл әрекетінің келісіліп қойылғанын да көрсетеді.

Ктезифонда өткен кеңесте түріктерді тойтарып тастауға парфяндағы текті Михрандар тұқымынан шыққан, Бахрам Чубинді жібермекші болады. Бахрам мұны қабыл алып, небәрі 12 мың жауынгер сұрайды, бірақ олар міндетті түрде қырық пен елудің арасындағы кісілер болуға тиіс. Шын мәнінде олар жауынгерлік сапасы жағынан парсы әскерінің әдеттегі деңгейінен тым жоғары тұрған сақа сарбаздар еді. Бахрамның жастардан гөрі жасамыс кісілерді артық санағанын түсіндіру оп – оңай. Ол заманның негізгі күші жақсы ату үшін кемінде жиырма жыл уақыт керек еді. Айқастар тағдырын қолмен сайысу емес, атысу шешетін.

Түріктер әскерінде соғыс пілдері, ал парсыларда қарсы пайдаланылатын “ арыстандар” яғни мұнаймен тұтанатын от атқыштар болатын. Алғашқы жеңістен кейін, түріктер со бетімен шегініп бара жатқан парсы әскерін өкшелей қуып, батысқа қарай жеделдетіп жылжи береді. Бахрамның әскери соғысқа кіріскенше, Балхты ұстап тұру парсы қолының зәру міндеті еді. Хормизд ақкөңіл түріктердің көһкейіне қона кететін әдісті – адастыруды қолданады. Ол Савеге сарай кісілерінің бірі Хуррат Бурзин деген залымды жібереді. Хуррат Савеге келгесін, бітім туралы келіссөзді қозғайды, сөйтіп Савенің сеніміне ие болады. Хуррат есебін тауып Савеге шабуыл бағытын өзгерттіреді де, оны азғырып Герат алқабына әкеледі. Бұл кезде Бахрам суыт жүріп, шығысқа қарай екпіндеп келе жатады. Балхқа апаратын кәдімгі жолмен жүрмей, ол айналып Кухистан арқылы жүріп отырып,түріктердің ту сыртынан барып шығады. Саве Гератқа Герируд жағасымен жүретін жалғыз жолмен солтүстік – батыс жағынан келе жатады. [ 27 ]

Түріктер Баророн шатқалынан өтеді де өзен мен теріскей таулары тізбегінің арасында жатқан Баулигох даласынан келіп шығады, арты — әлгі тар өткел, алдында – бұлар күтпеген Бахрамның қалың қолы.Бір даусыз нәрсе – Гераттың түбінде түріктердің күллі әскері түгел болмаған,өйткені тар шатқалдан 300 мың қолдың тұтас өтуі мүмкін емес және айқастың барысында белгілі болғандай, парсылар әскерінің екі жақ қанаты түріктерді қусырып алады. Саве алдынан тек Герат әскерлерін ғана кездестіремін деп есептеп, шағын қолмен тәрізді. Түріктердің жағдайы тым қиындап кетеді. Хуррат Бурзин тапсырманы орындағаннан кейін, түнделетіп түрік күзетшілерінің тізбегінен ұрланып өтіп, Бахрамға қашып кетеді.

Саве, маңдай алдында парсының жақсы шыныққан жаңа әскері тұрғанын анықтап көреді де, өзінің тұзаққа түскенін сезеді. Оның әскері, әсіресе аттары Хорасанның күн қақтаған шоқылары арқылы ұзақ жортқанда болдырап қалған еді, бұған қоса тұрған жері еркін қимылдауға келмейтін “ Тар да қолайсыз” алаң болады, ал Бахрамның артында бекініс ретінде ғана емес, жабдықтау көзі ретінде де маңызы бар Герат қаласы тұрған еді. Парсы әскерінің сол қанаты өзенге, оң қанаты – таулар тізбегіне барып тірелетін.Жау әскерін көріп тұрып, шатқал арқылы кейін шегіну есуастық болар еді, онда парсылар түріктерді таптавп кетер еді. Саве Бахраммен келісуге тырысады. Ол қолбасшыға қыруар ақша ұсынады, әйелдікке қызын бермек болады, өз қасынан бірінші орынды, ең соңынан, Иранның тәжін ұсынады, бірақ Бахрам барша ұсынысты қабылдамай тастайды.[ 28 ]

Түріктердің шешуші соғысқа дайындалуы және олардың өліспей беріспеуге  бел байлаған қатулығының парсыларға мейлінше күшті әсер еткені сондай, олардың бірінші қатарындағылар арасын үрей билей жаздайды. Тек Бахрамның дәл кезінэде келіп, қарулыас серіктерін рухтандырғаны ғана жеңілістің алдын алып, әскерін жұмасайды, ол дұшпанның сол қанатын тықсырғанымен, оң қанаты мен орта тұстан тойтарылып тасталады. Түріктердің қатуланып қарсы тиіскені сондай, тіпті Бахрам қашу         жөнінде де ойлай бастайды. Бірақ Герат алқабы тек түріктер үшін ғана емес, парсылар үшін де құрылған тұзақ тәрізді еді. Таулар қашар жолды бөгеп тастағанды, сол себепті де Бахрамның соғысты жүргізе берудан басқа амалы қалмайды.

Атты әскер шабуылынан ештеңе шықпағасын, Саве пілдерді соғысқа салады, оған Бахрам осы кезге дейін мұқият сақтап келген қосымша күштерін түгел пайдаланып, қарсы шабуылмен жауап береді. Сөйтіп, Саве қашса құтылмайды. Көсемі қаза тапқаннан                   кейін, түріктер зәре құты қалмай қашады. Түріктерді  парсылар ешбір қарсылық көрмей ойсырата жеңеді. Айқастан кейін Бахрам жаудан түскен олжаны шахиншах пен өз жауынгерлеріне бөлемін деп бір ай бойы Гераттан  шыға алмайды. Осы уақыт ішінде Савенің баласы Пармуда талқандалған әскердің қалғанын құрастырып, қарсылық көрсетпекке ұмтылады. Ол көшпелілердің тосыннан лап қойып, түнедлетіп шабуыл жасау әрекетін қолданады. Алайда түріктер тағы да күйретіледі де Пармуда қолға түседі. Бірақ Бахрам қамап алғаннан кейін лажсыздан беріледі, алайда әуелі жау өзіне           тимейтін және оны нағашы ағасы Хормуздқа жіберетін болып келісіледі. Хормузд оған сый – сйяпат көрсетіп, бітім жасалған соң оны құрметтеп шығарып салады. Түркі ханзадасы еліне қайтып келіп, содан өзінің енші  аймағын  603жылға  дейін  басқарады.

Сөйтіп, 589 жылы соғыс бітеді.

Иран құрып кете жаздайды, бірақ Герат түбіндегі жеңіс оны тағы да жарты ғасырға ұзартады. Содан жиырма жыл бойына түріктер Иран шекарасын бұзуға жүрексінеді де, көрші екі елдің тарихы өз бетімен бөлек ағып жатады. Бахрам Чубиннің көтерілісі  түгелдей Иран тарихына жатады, бірақ жеңіліп қалғаннан кейін, ол             өзінің кешегі жауы – түріктерге қашып барады, хан оны меймандос пейілмен қабылдайды. Ханға біраз көмек көрсеткесін, Бахрам оның кеңесші досына айналады.  Хан оның Иранда азамат соғысын қайта бастау жөніндегі жоспарын ықыласпен тыңдайды да, оған               біраз әскер береді. Бұдан мазасы кеткен Хосрой Парвиз Бахрамды қайтарып беруді талап етеді, бірақ қатты ашуланған хан оның меселін қайтарып тастайды.   Бұдан соңғы, әуелгісінен гөрі айлакер елші ханшасын сый – сияпатпен азғырып, шах бәсекешісіне қаскүнемдік жасауға бейімдейді, сосын жалдамалы жауыз Бахрамға уланған қанжар салып өлтіреді. Хан  қаһарына мініп, баскесерді  жазалайды.

Осынау көріністен байқалатын бір жайт, тіпті күйреп жеңілгеннен кейін де түріктер өзінің тәуелсіздігінен айырылмаған, басқалардың ықпалына түсіп, бас имеген. Шахинашахтың елшілік жолымен жасаған қысымынан түркі ханы тіпті айылын да жимаған. Амудария өзені бұрынғысынша Сасанидтер Иранының саяси ықпалын өткізбейтін шеп болып қала  берді.   

 

 

 

 

2.4. Түркі империясының құлдырауы мен құлауы.

(577 – 630)

 

 581 – 588 жылдары бұған дейін ыдыраңқы күйде болған Қытай жұрты Суй династиясының қол астына біріктірілді;  Онда жасалған экономикалық реформалар Қытайдың экономикалық және әскери         қуатының тез өсуін қамтамасыз еттті. Қытайдың күшеюі тұсында Түркілердің басшы топтарының, әсіресе Ашин  руының  ішінде  әртүрлі араздықтар  мен ашаршылық  қатар  жүріп жатты. Қытай         тарихшысы бұл орайда түркілер нанның орнына  ұнтақталған сүйекті пайдаланды деп көрсетті. Түркі аристократиясы үздіксіз соғыстар жүргізіп, басып алған жерлерніде жеке билік орнатуға ұмтылу саясаты қарапайым көшпенді халықты қалжыратты. Оған 581- 583 жылдары  жұт келіп қосылды. Осының бәрі қағандықты дағдарысқа еріксіз алып келді. [ 29]

Бірақ осыншама ұлан байтақ жер енді ғана қалыптаса бастаған мемлекеттің шеңберінде ұзақ уақыт   қала алмайтын еді. Олар іштен және сырттан болатын қысымға қарсы тұра аларлық өзара байланысты біртұтас экономикалық және этникалық саяси                  организм болмады. Тек қарудың күшімен ғана құрылған империя оған ұзақ уақыт сүйеніп тұра алмады. Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, олардың талай жылдарға созылған мал індеттерімен, жұттармен және ашаршылықпен ушыға түсуі  Суй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581 – 618 жылдары), ақырында, оның аудандарының автономиялану үрдісінің табиғи түрде басталуы жалпы Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа – Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуі мен аяқталды;  бөлінуіне қармастан Батыс Түрік қағанаты Шығыс Түрік қағанатына біршама саяси тәуелділікте болды. Осы   жылдра ішінде Шығыс ( Орта Азия) және Батыс (Орталық Азия) қағандықтарының арасында қан төгіс соғыстар толстаған жоқ.

Түркілердің Қытаймен қарым – қатынасы шиеленісіп кетті. Өйткені  VI   ғасырдан бастап Түркілерге қарсы пиғыл Қытайдың ең басты саясатқа айналған. Қытай феодалдарымен чиновниктернің негізгі мақсаты – Азияға түгелдей өз билігін орнату еді. Осы мақсатпен Қытай империясы 602 жылы Түркілерге қарсы соғыс               жариялап, күйрете соққы берді Осы кезде Түркілердің өз ішінен теле тайпалары (оғыздар) көтеріліске шықты. Көтеріліс Солтүстік Шығыстағы Селенгіден Оңтүстік   батыстағы Тянь – Шаньға дейінгі аралықты қамтиды.Тек     Шиби қаған тұсында (609 – 619) Шығыс Түркі қағандығы аз уақытқа шиеленісті бәсеңдетіп, саяси көрегендік таныта білді.Қытайдағы азамат соғысы (613 –618 жж.) және Суй ждинастиясының құлауы, оның орнына Тань үйінің келуі (618 – 907 жж) Түркі қағаны Шиби және оның кіші інісі Ел (Эль) қағанға (620 – 630) оңтүстік шекараларды соғысты жалғастыруға мүмкіндік берді. Бірақ осы кездері қағандықтағы жағдай елеулі өзгеріске ұшырады.

Түркі рулары одағының жорықтар арқылы үйреншікті пайда табуы келмеске кетті. Түркілер құрған мелекет өзінің сексен жылдық тарихында көп өзгерістерге түскен.Биліктің бәрін өз қолында ұстаған қаған жалпы халықпен байланысын үзіп, аз ғана аристократиялық         топтың мүддесін қорғады. Соғыстар соларға ғана тиімді болды. Елдің негізгі бөлігі мал шаруашылығының өнімдерімен күнелтті. Түркілердің басым көпшілігін жорықтардан гөрі асыл тастар мен мата саудасы қызықтырды. Қол астындағы елінің мұң – мұқтажымен санасқан кейбір қағандар Қытайдың империялық үкіметіне сауда қатынасына кедергі жасамау жөнінде жиі – жиі өтініш жасап тұрды. Бірақ Қытай үкіметі шекарадағы сауданы саяси бақылау құралы ретінде қарап, неше  құбылтып шектеп отырды. Бұдан шекараға жақын аймақта бейбіт сауда жүргізуге тырысқан. Қытай жер өңдеушілері мен  Түркі малшылары зардап шекті. 620 – 629 жылдары Ел (Эль) қағанмен оның әскер басшылары санмыңдаған       әскерді тынымсыз жабдықтауды, атты әскерді толықтыруды қолға алды. Соғыстан түсетін табыстар мен сыйлықтарға қанағаттанбаған қаған өз халқына           салынатын салықты өсіре берді. Салық әсіресе жұт жылдары  ( 627 – 629 жж) халыққа өте ауыр тиді.

Ел қаған өзінен бұрынғылардың рулық тайпалық ел басқару жүйесіне өзгерістер енгізді: басты посттағы басшыларды түсіріп, олардың орнына Қытайлықтар мен соғдылықтарды қойды. Жат жұрттықтардың басқаруындағы халық шектен тыс қанауға түсіп, өз билеушісіне қарсы күрес ашуға мәжбүр болды. 629 жылы Ел қаған Шаньсида көтерілісшілерден жеңіліс тапты. Оған қарсы бұған ілесе       оғыз тайпалары көтерілді. Қытай императорының әскері осы жағдайды пайдаланып, қағанат жеріне басып кіреді. Жат жұрттық басшылар теріс бұрылып кетіп, Ел қаған тұтқынға түсті.(630ж) Осылайша бірінші Түркі қағандығының тарихы аяқталды.[ 30]

80 жылдай өмір сүрген кезінде қоғамдық дамудың биік сатысына көтерілді. А.Н. Бенштам бұл жөнінде мынадай қорытынды ұсынды: “ Ертедегі Түркіледің қоғамдық құрылысы феодалдық қатынастарыдң ең ежелгі формаларының бірі болып саналады. Ашин державасы рулық – тайпалық қоғамның орнына әскери          демократиялық қоғам құрды. Ашин династиясы өзінің кейбір белгілерімен Спартаға ұқсас боды, бірақ рулардан әлдеқайда қуатты еді. Қағандықтың негізгі күші басқару  жүйесі мен әскері болды. Түркілер темір өндіруден жалпы әлемдік тарих сахнасына шықты. 

Түрік империясы тұсында ( VI – VII ғғ.) Орта Азияның экономикасы мен мәдениеті гүлденіп өсті. Сауда жер өңдеу және қол өнер өте тез дамыды. Жібек керуені  Қытайдан Византияға қарай Бұхара. Самарқан, Ташкент, Қашқар, Турфан арқылы үздіксіз ағылып жатты. Түркі империясының құрылуы мен ыдырауы түркі халықтарының батысқа қарай жылжуына алып келді.Шығыс пен Батыс мәдениеті араласып, бірін – бірі байытты.

Қорыта келгенде, Түрік қағанатының күшін біріктірмей, оны әлсін — әлсін зор шығынға душар еткен қарсылықтың бірі мемлекет ішіндегі алауыздық.  Осының кесірінен  ата жауға жұмсалатын күш екінің бірінде – ақ өзара тартысқа, бақталастыққа бағытталып, ортақ күш ыдырай берген. Бұл жағдай Күлтегін жазуларында: “ Бектерінің, халықтарының түзу еместігі үшін, табғаш халқының алдауына иланғаны үшін, өтірігіне көнгендігі үшін, інілі – ағалының дауласқандығы үшін Түркі халқы елдігінен жойылды” деп көрсетілген. Күлтегін жазуындағы: “ Елді халық едім, елім енді қайда, кімге елдік жасаймын, қағандық халық едім, қағаным қайда? Қай қағанға күш қуатымда берермін” деген зор нала сөздер      әлемді айбары асқан мемлекеттің ойраны шыққанын көріп, күйінуден туған жанайқай. Мұны білікті мақсат, ел бірлігі үшін тегеурінді, дәйекті жұмыстар жүргізілмей, намыссыз жандар биік басына шығып, айбынды елді аяқ асты еткеніне ашыну, баққұмар, таққұмар, жетесіз, тексіздердің асыл халықты қор еткендігіне қарата айтылған қарғыс деседе болады. Түркі ұлыстары мен тайпаларының күш біріктіріп, ауызын арандай ашқан жалмауыз дұшпанға қарсы шығудың орнына өзара қырқысуы қатарынан озып  туған небір есіл ерлердің жігерін құм еткен. Бір ғажабы – бұдан мың жарым жылғы Түрік бірлігі проблемасы еш заманда да өзінің маңызын жойған емес. Түрік ынтымағының арасына сына қаққысы келетіндердің заһарлы, кесеапат, жымысқы әрекеттерінің салдарына туысқан ұлыстарды бір – біріне арандату оқиғалары соңғы кездерге дейін орын  алып келгенінде ұмытуға болмайды. [ 31 ]

Бағы заманнан бері қарай қас жауларымыздың қолданып келген тәсәлінің тағы бірі – Түркілер арасына бөгде салт —  сананы, жат діндермен наымдарды тарату, сөйтіп тұтас елдерді іштей іріту, тоздыру болған Түркі қауымын ұстанып келген дәстүрінен, тілінен, дінінен айыру үшін сыртқы дұшпандар жүйелі бағдарламалар жасап, оларды жүзеге асыруғы айла –амалын пайдаланған. Орхон ескеткіштерінде де бұл жағдайда барынша анық  тұжырымдалыпты.          Дұшпан елдердің “ тәтті  сөз асыл қазынасына көп сеніп елдің, түркі халқы жойылдың” деген сөздер ешқашанда ұмыт болмауға тиіс. Тастағы  жазуларда “ Түркі халқы жойылдың” деген тіркестер әлденеше рет кездеседі. Бұлар кемеңгер ата – бабалардың кейінгі буынға қалдырған  қатаң ескертпесіндей естіледі.

Президент Н.Ә Назарбаев “ Тарих  толқынында” атты кітабында: Түркілер өзге мәдениеттердің жетістігін қабылдаудың ғажайып бірегей қабілетін танытты, оны өздернің ерекше жағдайларына қарай бейімдеп, шебер падалана білді. Ол томаға тұйықтықтан мүлде бөлек  мәдениет болды”, деп жазған  .   

Ілгері де айтылған және басқа мәселелер бізге бұрынғы ата – бабаларымыздың имандай сыры, жан даусы, кейінге қалдырған үлгі өсиеті, асыл аманаты. Бұл  өсиет сөздердің мәні қазіргі кезде де мысқылдай кеміген жоқ. Еуразияның ұлы кеңістігін жайлаған Түркі       халықтарының рухани бірлігі, тұтастығы, тіл мәртебесі, діни нанымы сақталуы үшін күрес әлі де көкейтесті  проблема болып келеді. Осы күресті жалғастырып, алдағы  ұлы мұрағаттарды жүзеге асыру үшін бүгінгі және  ертеңгі қауымның қасиетті парызы.        

 

2.5 Батыс және Шығыс түркі қағандығы.

                                                                                                                                                                                           Ұлан –ғайыр байтақ жер енді ғана қалыптаса бастаған мемлекеттің шеңберінде ұзақ  уақыт қала алмайтын еді.Олар іштен және сырттан болатын қысымға қарсы тұра  аларлық өзара байланысты            біртұтас экономикалық және этникалық – саяси  біртұтас қоғам бола алмады. Жоғарыда атап өткендей,Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтардың  шиеленісуі, Суй Қытайының  қағанатқа  шабуыл  жасауы, ақырында қағанаттың (603 ж) екі дербес – Шығыс және Батыс қағанаттарына  бөлінуіне әкелді. Батыс Түркі қағандығы он тайпаның ( он оқ будун) бірігуі нәтижесінде пайда болды. Оллар Шығыста бес тайпа дулу, батыстағы бес тайпа нушиби еді. Батыс Түркі қағандығына Жоңғария мен Орта Азияны біріктірген         жерлер және Шығыс Түркістанның едәуір бөлігі кірді. Шығыс Түркі қағандығы Монғолияны иеленді. Батыс Түркі қағандығы Шөгүй (618 – 619) мен Тон – Ябғу (619 – 630) қаған қағандықтың шығыстағы шекарасын Алтайға дейін жеткізіп, бүкіл Тарим мен Памирге дейінгі ұлан – ғайыр қағандықтың аумағын кеңейту жөнінде саясатын одан әрі жалғастырып, әкімшілік орталығын сол кездегі қолөнер мен сауданың маңызды орталығы болған Шу алқабындағы Суяб ( Тоқмаққа жақын жерде) қаласына көшірілді, жазғы қонысы Мыңбұлақта болды (Испиджабқа жақын жер). Жаңа жорықтар қағандық аумағын Гиндикуш пен Маударияның жоғарғы ағысына дейін кеңейтті. Оңтүстікке билік жүргізуді Тон – Ябғу өзінің ұлы Тарду – шадға берді. Оның әкімшілік басқару орталығы Құндызды еді. Тянь – Шаньның оңтүстігіндегі Маураннаһрдағы, Орта Азия жеріндегі отырықшы аймақтар мен қалалар Батыс Түркі қағандығына тәуелді болды. Византиямен дипломатиялық қарым – қатынас туралы келісімді жүзеге асыра отырып, Тон – Ябғу император Ираклидің Закавказьеге жасаған үшінші жорығына(627 – 628 жж. )  қатысты. Түркілер өздері жаулап алған жерлерден көп мөлшерден енші алды.                Ол жерлер Чоре мен Тбилиси. Тон – Ябғу жетістіктернің нағыз салтанатты шағы Ираклидің Тбилиси қамалының түбінде Тон – Ябғуға өз тәжін кигізіп, қызы Евдокияны оған әйелдікке беретінін мәлімдеген кезі еді. Бұрын өзіне   алым төлеумен ғана келген Орта Азия мемлекеттерінің  үстінен Тон – Ябғу қатаң саяси бақылау орнатты. Өзіне түгелдей бағынған сотүстгіндегі Спиджаб пен Шаш “ Ташкент), Оңтүстік Ауғаныстан мен солтүстік батыстағы                  Пәкістан территоияларына қаған өзі бекіткен бақылаушылар – тудундар жіберіледі. Олар қағанның қазынасына түсетін алым – салықты жиып, бақылау орнатты. Жергілікті билеушілерге түркі титулдары беріліп, оған қағанның басқару — әкімшілік аппаратының құрамына алынды.      Сонымен қатар Тон – Яғбу жергілікті ықпалды билеушілермен жақын қарым – қатынаста болды. Қаған Орта Азияға ықпал етуді көздеп Самарқан билеушісіне өз қызын ұзатты. Тон – Яғбудың билік жүргізу стратегиясын қорытындылай келе:           “Батыстағы көшпенділр бұған дейін ешқашан мұндай  қуатты болған емес” дейді Қытай жылнамашысы. Осы ұлан – ғайыр аумақты мекендеген түркі тілдес  үйсін, қаңлы, қарлұқ, оғыз (теле),қыпшақ, т. б. тайпалар    Батыс Түркі қағандығының құрамына енді. Батыс Түркі қағандығы  құрылған кезде Шығыстан келген көшпелі түрік ітілдес тайпалар бұрынан осы өңірді мекен еткен үйсін,  қаңлы ұлыстары араласып, сіңісіп кетті. Енді бұл “ Он оқ бұдун” деген жаңа атпен әйгілі болды. Іле, Шу, Талас өзендерінің аңғарларында, Алатау баурайларында егіншілік алқаптары болды.  Егін , мал шаруашылығымен айналысқандарға патриархалдық қатынас үстем еді. Ал отырықшы егінші аудандарда фодалдық қарым – қатынас орнады. Қытай мен Византия арасындағы Ұлы Жібек жолы  бұл елдерді басып өтетін.  Жетісчудағы отырықшы аудандар – мен қалаларды мекндеген соғдылар егіншілікпен,  қолөнермен, сауда –саттықпен айналысты. Сауданың өркендеуіне байланысты ақша айналымы жарыққа шықты. Сауда мен қолөнердің орталық қалалары Құлан, Тараз, Меркеі болды. Қалада өндіріс құрал жабдықтарын жасайтын  теміршілік кәсібі, қыш құмыра өндірісі, тоқымашылық, тері өңдеу, қолөнер кәсіптері өркендеді.   Батыс, Шығыс қағандарының басқару жүйесі ұқсас еді. Қағандықтың ең жоғарғы билеушісі – қаған. Батыс Түркі қағандығын түркілердің Ашина тайпасынан шыққан   ақсүйектер биледі.  Онда 28 түрлі дәрежеден тұратын лауазым иелері болды. Олардың барлығы феодалға   айналып келе жатқан шонжарлар еді. Халықтың негізгі      бөлігі – қара бұқара,  ал төменгі жігі – тат деп аталды. Қатаң          тәртіп орнатып, шексіз билік жүрегізген Тон – Ябғу өз байлығын молайта беру үшін бағынушыларын қанаушылықта    ұстады.  Мүның ақыры үлкен шиеленіске айналып, ықпалды әкербасы Кюльбагатур Удельдер арасындағы соғысты тоқтату керек деген желеумен жиені қаған Тон – Ябғуды өлтіріп, өзін өзі қаған деп           жариялайды. Бірақ басқалар да қағандыққа таласып, тайпалар арасында соғыс басталды. 630 – 634 жылдары қағандық өзінің Орта Азиядағы,  Сырдария аймағындағы аумақтарынан айырылды.

Мемлекет қиын саяси жағдайға тап болады: Батыс
Түркі қағандығының құрамына кірген екі тайпалық одақ – дулу мен нушиби билік үшін тартысқа түседі. 634 жылы қағандық нушибилердің қолдауына сүйенген Ышбыра Эльтериш  Ширдің қолына тиеді. «Он оқ будун»  кезіндегі әскери  әкімшілікті  жаңғыртып, ілгері дамытуға күш салады. [32 ] Алайда қағандықтың әскери – саяси диктатурасы тайпаларды толық бағыныштылыққа  ұстауға жеткіліксіз  болып шығады. 638 жылы екі тайпа арасындағы               қантөгіс соғыстың тууына себеп болды. Осыдан кейін қағандық екіге бөлінді. Олардың арасындағы шекара Іле өзені арқылы өтті. Ышбара қаған орнынан алынғанымен қоймай, ол Ферғанаға қашады. Тайпалар арасындағы соғыс және династиялық күрес 17 жылға ( 640 – 657 ) созылып, бұл Қытай әскерлерінің баса көктеп кіруіне қолайлы жағдай туғызды. Он оқ будун елі жеңіліске ұшырады. Олардың тәуелсіз соңғы қағаны Нивар Ышбара – яғбу тұтқынға алынып, сонда екі жылдан соң (659ж) қайтыс  болады. Тань империясы өзінің қағандық ішіндегі қанаушыларына сүйене отырып, Батыс Түркі қағандығын билеуге тырысады. Олар біраз уақыт өз үстемдігін        жүргізеді, бірақ батыс түркілері түпкілікті тәуелсіздіктерін сақтап қалуға әрекеттене  береді. Батыс Түркі    қағандығының шаңырағын құлатпай сақтап қалуға, байырғы қуатын       қалпына келтіруге жанын сала кіріскен қағандықтың соңғы дербес қағаны Ашина Хэлудің қолы 658 жылы өз бауырлары  — теленің атты әскрі мен Тань мемлекеті әскерінің біріккен күшінен жеңіліс тапты. Себебі батыста түркілер Шығысқа қарағанда аз болды.                                                                  Батыс Түркі қағандығы құлағанмен, оның құрамындағы түркі тайпаларының бәрі бірдей Тань мемлекетіне бағынып, оның билігін мойындаған жоқ. Мәселен, осы Батыс Түркі қағандығына кіретін « он оқ » халқының ішінен  түргештер бас көтеріп, өз алдына қағандық құрып, Тань мемлекетінің жаулап алу саясатына қарсы тұрады. Сөйтіп 704 жылы Батыс Түркі қағандығынан соң Түргеш қағандығы тарих сахнасына шықты. [33]

Ескере кететін бір жайт: соғдылардың қағанедық өміріндегі рөлі жоғары дәрезжеде болды, бүкіл экономикалық және ақша қатынастары соғдылардың тікелей қатынасуымен жүрді.[ 34 ]

 Қытаймен арадағы соғыста жеңіліс тапқан Шығыс Түркі қағандығы 630 жылы біржол құлады. Түркілер жарты ғасыр бойы Қытайға тәуелділіктің қамытын киюге мәжбүр болды. 682 жылы мемлекет қалпына келеді.

Осы елу жыл ішінде талай қаған еркіндікке ұмтылып, ешқайсысы халыққа бостандық алып бере алмады.  Солардың бірі – Құтлық қаған ғана қағандықтың басынбіріктіріп, үлкен күшке айналдырады. Құтлықтың тасқа қашалған сөзі былай дейді: « Қытай қолында қандай  ерлеріміз құл болып қалды, қандай таза, сұлу әйелдеріміз күң болып қалды. Біз бұларға елу жылдық күшімізді бердік. Мемлекеттің заң жосағын жасап бердік.»

Тоныкөк жазбалары, профессор Хирттың зерттеулері және қытай тарихшылары Елтеріс ( Құтлық) қаған туралы мына деректерді ұсынады: Қытай үстемдігіне қарсы қозғалыс 682 жылы болған.

Көтеріліс басшысы – Ашина руынан шыққан Елтерістің әкесі қытай үстемдігі кезінде  бағынышты Ашина тайпаларының бірін басқарған. Қозғалыс Юнь – чжун провинциясының солтүстігінде – қазіргі Датунфу қаласына жақын жерде өтеді. Бұл аймақты байырғы түркілер қоныстанған еді. 682 – 687 жылдары шығыс түркілер       Қытайға қарсы азаттық күрестің нәтижесінде өз мемлекетін қайта құрады. Елтеріс қаған болып сайланып, Құтлығ қаған деген атқа ие болады. Оның ең жақын көмекшісі әрі ақылшысы болып Тоныкөк сайланды. Бұл тасқа қашалып жазылған көне түркі жазба мәліметтерінен белгілі.

691 жылы таққа Елтеріс марқұмның інісі Қапаған  (Мочжо) қаған ( 691 – 716) отырып,Шығыс Түркі қағандығы әскери, саяси дамуы жағынан шарықтап өсті: солтүстік қытай армиясына қарсы бірнеше шабуылдар жасады, қидандарды талқандады ( 696 -697жж), Туваны жеңді. Енисейлік қырғыздарды бағындырды ( 709 –710ж). Қапаған бүкіәл Орта Азияны билеуге қол жеткізді. Бұл кезде Батыс қағандықтың халі мүшкіл болғнадығын пайдаланып оны басып алады да, мол олжаға кенеледі. 689 жылы Құтлық қағанның інісі Қапаған өз әскерін Қытайға бастап келеді. Ал қырғыздарға қарсы жорық 688 – 689 жылдардың аралығындағы қыста болған сияқты. Қытай әскерінің басында ұлы мәртебелінің сүйіктісі Сэ Хуай – и болған.Оған мызғымайтын шекараны бұзушыларды жазалау тапсырылған болатын. Шекара Шаньютай құзына дейін созылатын еді. [35]

Қапаған өз әскерінің аздығынан қытай әскерімен соғысуға тәуекел жасай алмайды. Ал Хуай – и ешқандай әскери дарыны болмағандықтан, жауына қарсы шығуға батылсызданып, тосыла берді. Түркілер ұрыс салмай кете салысымен, Хуай – и шекараға келіп, істің сәтті аяқталғанына қуанды.

Могилянның Тангутқа жорығы – 700 жылы, түркілердің қытай әскерін жеңуі шамамен 702 жылы , түркілердің батысқа жорытары 709 – 713 жылдары болған. 706 жылы қырғыздардың басқарушысы Барысбек Мочжодан қаған титулын алып, Могилянның қарындасына үйленген. 709 жылы Могилян Кем өзені мен Оргенді басып өтіп, чик халқын қарған. Қытай хабарламалары бойынша Тоыкөк, Могилян, Күлтегін 710 жылдың аяғы мен 711 жылдың басында Кегмен (Саян жоталары) тауы мен Сунганда (Алтай тауының бір бөлігі болса керек) қыс ішінде жорық жасаған. Барысбек хан қайтыс болған соң, оның халқы түркілерге бағынған.

715 – 716 жылдары Қытай хабары бойынша түркі елінің іші дағдарыс жағдайында болды. 716 жылы Оғыздардан қайтар жолда, Қытай хабарлары бойынша, Мачжо өлтіріледі де, басы Қытайға жіберіледі. [ 36 ]

Қаған өлімі жаңа абыржулар туғызды, осы кезде хан тұқымынан шыққан Күлтегін Мачжоның баласын өлтіріп, таққа өз  ағасы Могилянды отырғызады. Жазбаларда ол өзін Білге қаған деп атайды.

721 немесе 722 жылы түркілер Қытайға, ал 723 жылы татабицеге жорықтар жасаған. Қытай мен бітім жасасқанннан кейін (721 жылдын кейін) түркілердің көршілермен қарым – қатынасы едәуір жақсарды. 722-733 жылдар аралығында бірде – бір соғыс болмаған. Хирттың мәліметтеріне қарағанда түркі елшілігі Қытайда жиі болып тұрған. 731 жылдың күзінде Күлтегін асына татабице, түркеш, қырғыз елдерінің қағандары, арнаулы өкілдері қатысты.

Шығыс Түркі қағандығы кезінде түркі әскерлерінің даңқы Ұлы даланы шарлап кетті. Қағандық өзінің шырқау биігіне көтерілді. Қағандық пен Тань империясы арасында талай жылғы соғыстан кейін шын мәнінде бейбіт қатынас орнады.  Грумм – Гржимайло айтқандай: Тоныкөк, Білге қаған, Күлтегін даңқты түркі елінің ақыры болды.

Шығыс Түркі қағандығының соңғы қағаны Озмыш тегін қаған 744 жылы ұйғырлар қолынан қазатабады. Бос қалған түркі қағанының орнына Құтлық Білге Құл қаған отырып, Ұйғыр мемлекетін құрды.

Осымен Шығыс Түркі қағандығы ел есебінде өмір сүруін тоқтатты. [37]

Шығыс Түркі қағандығы негізінен феодалдық мемлекет болып, түркілердің қоғамдық құрлысына рулық – тайпалық қалдықтар сақталды. Шығыс Түркі мемлекеті қираған соң батыс жағындағы жерлерге найман, керей, меркіт, қимақ, қыпшақ тайпалары ие болды.   Түркі қағандарының әлденеше буыны айналысындағы дұшпандармен ғасырлар бойында сұрапыл күрес жүргізіп ірі жетістіктерге қол жеткізгенін Орхон ескерткіштерінен айқын аңғарамыз. Сонымен қатар заманында ешбір жаудан беті қайтпаған қайсар халықтың әлсіз тұстары болғандығын да тас жазулар баянынан білеміз. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

“Түрік мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында белгілі бір кезеңде бетбұрыс дәуірі болды” деп жазды белгііл ғалым Лев Гумилев өзінің “ Көне түріктер” деген іргелі зертеуінде. Көне түркі мемлекеті шығыс мәдениеті мен батыс мәдениетін жалғастырушы ғана емес, сонымен қатар ол өз мәдениетін, мемлекеттік құрылысы мен идеологиясын жасады, әлемдік тарихта үлкен із қалдырды.

Түркі империясы ғұндардан кейінгі екінші ірі еуразиялық империя болды. Түріктердің бірнеше мемлекеті болды.  Көне Түркі мемлекеті ( 552 – 603); Батыс Түрік қағанаты (603 –704); Шығыс Түрік қағанаты ( 603 – 679); Екінші Түрік қағандығы (607 – 744); Түргеш қағандығы ( 704 – 756); Қарлұқ мемлекеті (756 – 970);

Үйсін мемлекеті ыдыраған соң Жетісу мен Орталық Қазақстанда аварлардың билігі орнады. Осы аварларды VI ғасырдың ортасында Ашина тайпалары талқандайды. Осы тайпалар ұзамай түріктер деп аталды.

Түріктердің қағаны Бумын,Қара қаған, Мұқан қаған аварларды талқандауды ақырына дейін жеткізді. Осылай Түркі қағанаты нығайған болатын.

759 жылы Батыс Түркі қағанаты нашарлап әлсірей бастады да мұның өзі Жетісуға Қытайдың тан әулеті империясы  әскерінің басып кіруіне себеп болды. Түріктер қытай басқыншыларына қарсы азаттық күреске шықты. 704 жылы түргеш тайпаларының көсемі Үшеліктің басшылығымен түріктер жеңіске жетіп, жаңа Түргеш қағандығы құрылды.

679 – 687 жылдарда жүргізілген табанды азаттық күрес, нәтижесінде шығыс түріктері қытай басқыншыларын қуып шығып, өз мемлекетін  қалпына келтірді немесе екінші Түркі қағандығын құрды. Бірінші қаған Құтлық болды, оны Елтеріс қаған деп атады. Оның жақын көмекшісі әрі кеңесшісі түріктердің тамаша ерлік істері мен өсиеттерін құлпытастарға жаздырып қалдырған Тоныкөк болды. Қапаған қағанның тұсында (691 – 716) екінші Түркі қағанаты өзінің әскери – саяси қуатының гүлдену дәрежесіне            жетті. Түріктер солтүстік Қытайға бірнеше сәтті жорықтар жасады, қидандарды, Енисей қырғыздарын талқандап, Туваны бағындырды. Осылай Қапаған қаған Орталық Азияның билеушісіне айналды. Оның әскерлері Соғды жеріне дейін барды. Білге және Күлтегін қағандардың  тұсында да түріктердің қуаты артып тұрды. Ішкі соғыстардан 744 жылы Екінші Түркі қағандығы құлап, Ашина әулиетінің билігі тоқтады.

Дипломдық жұмысымды қорытындылай келе мен мынадай тұжырымға келдім, Көне түркілер біздің заманымыздың VI – VIII ғасырларында жалпы адамзаттық өркениетке жаңа өріс қосылғанын паш етті. Дәурені жүріп тұрған Қытайдан Қырымға дейінгі жерге иелік еткен көне түркілер іргелі мемлекет құрумен қатар, өрелі  мәдениетті қалыптастырды. Монғолия, Сібір, Қазақстан, Қырғызстан жерлерінен табылып жатқан жәдігерлер соның жанды куәсі. Бұл жазбалардың ең басты қасиеті – оларды жасаушылардың асқақ рухы мен өр намысында, өлмес  еркі мен мұқалмас жігерінде. Мұндай бекем рухсыз  шығысы Хинган, Сарыөзен, батысы Көктеңіз, оңтүстігі – Ұлы Қытай қорғаны, солтүстігі – Сібір аралығында осыншалықты өркениеттік өрлеу орын алмас еді, осыншалықты терің тарих тарқатылмас еді, ұлт ұлы, халық жасампаз болмас       еді. Еліміздің тәкелсіздік алғаннан кейінгі кезеңі сол ұлылық пен жасампаздық рухының, бірлік пен ерлік идеяларының сонау есте жоқ ескі заманннан – ақ халық үшін киелі ұғымға айналғандығын айғақтайды. Бұл жөнінде Елбасымыз да үнемі тоқталып, байсалды, жүйелі бағыт ұстанып әрі оны тереңдетіп келеді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев “ Тарих толқынында” атты кітабында: “ Түркілер өзге мәдениеттердің жетістігін қабылдаудың ғажайып бірегей қабілетін танытты, оны өздерінің ерекше жағдайларына қарай бейімдеп, шебер пайдалана білді. Ол томаға — тұйықтықтан  мүлде бөлек мәдениет болды” , деп жазған [ 38 ]

        Тарих атаулының өткен өмірді сөз ететіні белгілі.  Алайда, тарихтың тағлымы бүгін мен болашаққа қызмет етеді. Осыдан мың жарым жылдай бұрын тас ұстынға өшпестей болып қашалған Күлтегін жазбаларындағы тұжырымды ойлардың қазіргі Қазақстан жұртшылығының да арман-мұраттарымен үндес естілетіні қайран қалдырады. Күлтегін ел мүддесінің тұтастығын, мемлекеттің қауіпсіздігін, туған жердің бөлшекітенбеуін , ұрпақтардың жарастықты өмір сүруін өсиет етеді.

     «Бектерінің, халқының ымырасыздығынан, Табғаш халқының тепкісіне көнгендігінен, Арбауына көнгендінен іні-ағаларының дауласқандығынан, бекті халқының жауласқандығынан    Түркі халқы елдігін жойды. Қағандығынан айырыдды; табғаш халқына бек ұлдары құл болды, пәк қыздары күң болды. Түркі бектер түркі атын жоғалтып, Табғаш атын тұтынып, Табғаш қағанына бағынды. Елу жыл ісін-күшін берді… Әкем қаған осынша… Қырық жеті рет атанды… Жиырма айқас жасады. Тәңірі жарылқағандықтан, Елдігін елсіретті, Қағандығын қағансыратты, жауын бейбіт етті, Тізеліні бүктірді, Бастыны еңкейтті» — дейді Күлтегін.

   Елдің елдігі, халықтың бақыты жарастықпен өмір кеше білуде екенін ұрпаққа өсиет етеді. Әлеуметтік үйлесімділікті халықаралық ахуал мен шендестіре зерделейді. Ел ішінде тәртіп пен заңдылық сақталса, яғни ата-баба салтына адалдық болса – ұрпақтың бақытты өмір сүруіне кепіл бола өнеге сол дейді. Осы өсиет қазақстандықтар үшін бүгін де үлгі-өнеге. Тәуелсіздігімізді баянды етіп, әлемдік қауымдастықта өз орнымызды орнықтырудың, сөйтіп баянды бақыт пен қауышудың кепілі ауыз бірлікте екенін бүгінгі өміріміз көрсетіп беріп отыр. Тарихтың тағылымы, тәуелсіздігіміздің тағылымы дегеніміз осы болса керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Қолданылған әдебиеттер:

  1. Амажолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 1- кітап. (Көне дәуірден біздің заманымыздың XIV ғасырына дейінгі кезең). – Алматы: “Білім”, 2002.
  2. Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические памятники как источник по историй Средней Азий. М., 1964
  3. Бернштам А. Н. Социольно – экономический строй Орхоно – Енисейских (VI – VIIвв). Москва, 1946.
  4. Малов С.Е. Памятники древнетюркской писменности. Тексты и исследовнаия. Москва – Ленинград.1951. 408-бет
  5. Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Алматы. “Білім”, 1994. 4-бет.
  6. Аманжолов К.Р. Түркі халқының түп тамыры (тарихи – этнографиялық шолу). // Қазақ тарихы. 1993. №1. 47 –бет.
  7. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. 1-том. Алматы. 2001. 296 –бет.
  8. Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в древние времена. Том 1., М-Л., 1950. С 228
  9. Цэнь Чжун – Мянь. Туцзюе цзиши ( Түріктердің жиынтық тарихы), 500- бет
  10. Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Алматы. “Білім”, 1994.

       27- бет.

  1. Салғарин Қ. Түріктер, жужандар. – Алматы, 1999. 42 бет
  2. Ақышев К. Қазақ мемлекеті: қайнар көзі, дамуы кезеңдері, тұрақтануы. // Қазақ тарихы. 1995. № 2. 31 бет
  3. Кляшторный С.Г.., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетии. — Алматы: “Рауан”,1992. С 85-86
  4. Гумилев Л. Н. Көне түріктер. Алматы. “Білім”, 1994. 44 бет Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. – Алматы: “Жалын”, 1994.
  5. Құлахметова Л. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі байырғы түркілердің ел басқару жүйесі. // Қазақстан тарихы. 2003 № 5. 37бет
  6. История государства и права Казахской ССР. Часть I — Алматы: 1982. 18- бет.
  7. Кляшторный С.Г.., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетии. — Алматы: “Рауан”,1992.
  8. Сартқожаұлы Қ. Орхон мұралары: тарихнамалық – деректанулық талдау. – Астана, 2003. 51 бет
  9. Маймақов Ғ. Қазақстан Республикасының саяси – құқықтық тарихы. – Алматы: “Ғылым”. 2000. 19 бет.
  10. Салғараұлы Қ. Түркі қағанаты жөнінде бірер сөз // Ақиқат. 2006. №1 13- 17бет
  11. Зуев Ю.А. Ранние тюрки: очерки историй и идеологий – Алматы, 2002. 118 бет.
  12. Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Алматы. “Білім”, 1994. 39 бет.
  13. Ақышев К. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Алматы.1994. 102 бет
  14. Хазанов А.М. Кочевники и внешний мир ( издание третье, допалненное). – алматы, 2000. С 268  
  15. Пигулевская Н. В. Византия дипломатиясы және жібекпен сауда жасау. М- Л., 1947. 317 бет.
  16. Шмидт А.Н. Орта Азия мен Иран тарихы жөніндегі материалдар, “шығыстану институтының ғылыми жазбалары”, XVI том, 1961.
  17. Бартольд  В.В. Иранды тарихи- географиялық шолу,

      СПб., 1918.

  1. Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Алматы. “Білім”, 1994.

       118- бет.

  1. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 1- кітап. (Көне дәуірден біздің заманымыздың XIV ғасырына дейінгі кезең). – Алматы: “Білім”, 2002.
  2. Бизақов С. Түркі әлемі. – Алматы, 1998. 69 –бет
  3. Бердібай Р Байқалдан Балқанға дейін. – Алматы, 1996. 114 бет.
  4. Абдрахман Х. Түркілер тарихы мен тағдыры. – Алматы, 2002. 5 — бет.
  5. Кляшторный С.Г.., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетии. — Алматы: “Рауан”, 1992. С 94-96
  6. Бернштам А. Н. Социольно – экономический строй Орхоно – Енисейских (VI – VIIвв). Москва, 1946.
  7. Кляшторный С.Г.., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетии. — Алматы: “Рауан”, 1992.  С 97-98
  8. Кляшторный С.Г.., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетии. — Алматы: “Рауан”, 1992. С 32-33
  9. Малов С.Е. Памятники древнетюркской писменности. Тексты и исследовония. Москва – Ленинград.1951. 408-бет.
  10. Байбатша Ә Қазақ даласының ежелгі тарихы. – Алматы, 1998. 59 бет.
  11. Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы. 1996. 44 –бет
  12. Тасмағамбетов И. Елдік пен ерліктің ерекше ескерткіші. // Егемен Қазақстан. 2001. 19 мамыр. 3-бет.
  13. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқында. Алматы. 1999. 101-бет.