АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Ұлттық экономика дамуының әлеуметтік-экономикалық және құқықтық негіздері

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

Экономика және бизнес факультеті

 

 

Экономикалық теория кафедрасы

 

 

 

 

 

                                          Диплом жұмысы

 

Ұлттық экономика дамуының  әлеуметтік-экономикалық және құқықтық негіздері

 

 

Орындаған

4 курс студені                                                                                Райымкулова А.

 

Ғылыми жетекшісі                                                                        Табеев Т.П.

                                                  (қолы, күні)

Нормабақылаушы                                                                         Абдилова А.Ч.

                                                  (қолы, күні)

Кафедра меңгерушісімен

Қорғауға жіберілді                                                                        Төлегенова М.С.                     

                                                   (қолы, күні)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             Алматы, 2009

                                  МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………..3

 

1 ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ……………………………………………………………………………………………….5

1.1  Ұлттық экономика: негізгі нәтижелері және оның өлшемі………………….5

1.2 Ұлттық экономика құрылымы және оның өлшемі……………………………….12

1.3 Мемлекеттің қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу………………………………………………………………………………………………………18

 

2 ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ…………………………………………………………………….23

2.1 Ұлттық экономика дамуының стратегиялық басымдылықтары…………….23

2.2 Ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін арттыру………………………..32

2.3 Қазақстан Республикасының Конституциясы – ұлттық экономика дамуының іргетасы…………………………………………………………………………………..40

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………………50

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………….52

 

ҚОСЫМШАЛАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            КІРІСПЕ

 

Соңғы отыз жылда  ғылыми-техникалық революцияның қарқынды және терең дамуына байланысты материалдық өндіріс түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Жаңа технологияның пайда болуына, ал ескі салалардың рөлі өзгеріп, жаңаша сипатқа ие болуда. Мысалы, ғылым бірте-бірте қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуда. Күрделі де көп, салалы және көп дәрежелі қоғамдық өндіріс организмі осы мамандығы терең де жоғары басқарушылар, маркетинг т.б. бойынша маман кадрларды талап етуде. Бұл қызметкерлердің еңбегіне деген сұраныс, еңбекті өнімді және өнімсіз деп бөлудің қандай да болмасын жолдарының теорияның негізін жоюда.

  Материалдық емес ізіліктерді (рухани байлықтарды) өндіретін сонымен қатар материалдық емес қызмет көрсететін сала (денсаулық сақтау, білім беру, ғылыми болжам жасау) үлкен маңызға ие болуда. Аталған салалардың барлығы да ұдайы өндірісте және өндірістің басты факторы жұмыс күшіне баға белгілеуде тікелей қатысады. Көрсетілген салалардың даму деңгейі еңбек өнімділігінің дәрежесімен қоғамдық  өндірістің тиімділігіне ықпал етеді.

Тақырыптың өзектілігі. Ұлттық экономиканың құрылымын қарастыруды қоғамдық өндіріс құрылымы түсінігін анықтаудан бастаған жөн. Қоғамдық өндіріс құрылымы деп отырғанымыз, сол мерзімде экономикада әрқилы факторлар ықпалымен, қоғамдық еңбек бөлінісі мен қоғамдық ұдайы өндіріс пропорцияларын сипаттайтын салалардың арақатынасына байланысты.

Зерттеу пәні ретінде ұлттық экономиканың құрылымы жалпы өнімнің ұлттық салалық құрылымы арқылы көрінісі. Экономикадағы құрылымдық өзгерістер, өлшем мәселесі. Қоғамдық өндірісті интенсивтендіру негізінде экономиканы құрылымдық қайта құрудың міндеттері жаңа инвестициялық саясатты ұсынады. Мұнда оптималды құрылымды қамтамасыз ету мақсатымен негізгі күш күрделі қаржының сандық өнімдерін емес, оның сапалық өзгерістеріне ауысады, яғни инвестицияның ұдайы өндірістік салалық және технологиялық құрылымдары болып бөлінеді.

Зерттеу жұмысының басты мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты стратегиясына сүйене отырып, ҚР ұлттық экономика дамуының әлеуметтік-экономикалық проблемаларын қарастыру.

Қойылған мақсатқа жетуде зерттеу жұмысының алдында мынадай міндеттер белгіленді:

— ұлттық экономиканың негізгі нәтижелері мен оның өлшемін анықтау;

— ұлттық экономика дамуының  стратегиялық басымдылықтарын қарастыру;

— мемлекеттің қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу;

Зерттеу пәні ретінде жалпы ұлттық экономика дамуының стратегиялық басымдылықтары мен бәсекелестік қабілеті алынды. Ал зерттеу жұмысының объектісі ретінде  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  2003-2015 стратегиясы қарастырылды. Зерттеу жұмысының теориялық негізінде ұлттық экономика құрылымы мен оның өлшемі, және құқықтық мәселелері алынды.

Мемлекеттің әлеуметтік экономикалық саясаты тізбегіндегі басты буын халық табысын құру саясаты. «Табыс» деген түсінік экономикалық жұмыс нәтижесінің көрсеткіші. Экономикалық әдебиетте «Табыс» дегенді жаңадан жасалған құнның мөлшерін анықтауға қолданып, өндірілген құнның мөлшерін анықтауғңа қолданып, өндірілген құнның оның өндіруге жмсалған шығындардан артық болуы, әр таптың, әлеметтік топтың немесе жекелеген адмның өндірген өнімдегі үлесі, оны иемдену мағынасында түсінеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

                                      

 1.1 Ұлттық экономика: негізгі нәтижелері және оның өлшемі

 

 

Ұлттық экономика аясындағы практикада қоғамдық өнімнің әр қилы өлшемдерін пайдаланады. Бұл әр  қилылық мына жайлармен байланысты: біріншіден, қоғамдық өндірісті сипаттауға теориялық тұрғыдан жан-жақты қарау; екіншіден, (бұл бірінші жағдайдан туындайды) статистикалық есептеудің сан алуан методологиясы, үшіншіден, қоғамдық өнім қозғалысының әр түрлі сатысы тиісінше макроэкономикалық көрсеткіштерді талап етеді.

а) Жалпы қоғамдық өнім (ЖҚО) мен ұлттық табыс (ҰТ). Кеңес елінің саяси экономикасында материалдық өндіріс саласына жұмсалған еңбек қоғамдық өнімді өндіреді деп түсіндіріледі. Материалдық өндірістен тысқары қалғандар құрайды. Демек, бұрынғы КСРО-да жиынтық өнім материалдық өндірістен саласы өнімдерінің қосындысы ретінде анықталды( өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының, жүк транспортының, байланыстың (материалдық өндіріске қызмет ететін бөлігі), материалдық-техникалық  жабдықтау ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаудың сауда мен қоғамдық тамақтандырудың, металл қалдықтарын жинау мен дайындау, кинофильм өндірісінің, кітап және газеттерді баспадан шығару, отын дайындау т.б. салалары). Айналыс саласында өндіріс процесінің қорытындысын саудадан анықтау практикалық тұрғыдан мүмкін болмағандықтан КСТО статистикасында сауда толығымен өндірістік салаға жатқызылды, сөйтіп жалпы өнім мен ұлттық табысты есептеудің құрамдас бөлігіне айналды. Материалдық өндіріс саласы материалдық игіліктерді өндіруші салаларды қамтитыны белгілі ( өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс), сонымен қатар материалдық қызмет көрсету саласы (өнімдерді) тұтынушыларға жеткзуші тарнспорт пен сауда, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, атап айтқанда, киім тігу мен жөндеу, киімді жуу, тазалау, радио және электрлік тұрмыс тауарларын жөндеу т.б.

 Соңғы отыз жылда  ғылыми-техникалық революцияның қарқынды және терең дамуына байланысты материалдық өндіріс түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Жаңа технологияның пайда болуына, ал ескі салалардың рөлі өзгеріп, жаңаша сипатқа ие болуда. Мысалы, ғылым бірте-бірте қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуда. Күрделі де көп, салалы және көп дәрежелі қоғамдық өндіріс организмі осы мамандығы терең де жоғары басқарушылар, маркетинг т.б. бойынша маман кадрларды талап етуде. Бұл қызметкерлердің еңбегіне деген сұраныс, еңбекті өнімді және өнімсіз деп бөлудің қандай да болмасын жолдарының теорияның негізін жоюда.

  Материалдық емес ізіліктерді (рухани байлықтарды) өндіретін сонымен қатар материалдық емес қызмет көрсететін сала (денсаулық сақтау, білім беру, ғылыми болжам жасау) үлкен маңызға ие болуда. Аталған салалардың барлығы да ұдайы өндірісте және өндірістің басты факторы жұмыс күшіне баға белгілеуде тікелей қатысады. Көрсетілген салалардың даму деңгейі еңбек өнімділігінің дәрежесімен қоғамдық  өндірістің тиімділігіне ықпал етеді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жалпы (жиынтық) қоғамдық өнім, қоғамның бір жыл ішінде өндірілген материалдық игіліктер қосындысы десек, онда тек материалдық өндірісте еңбек ететіндердің қоғамдық еңбегі – қазіргі экономиканың жағдайын  сипаттайтын өлшемі деп айтуға болмайды.

 Жалпы қоғамдық өнім көрсеткішінде еңбек заттары қайталама (екінші рет) есептеліп отыр, яғни шикізат материалдар, аспаптар, отын, энергия. Мұндай қайталама есеп  біртекті еңбек заттарын өндіріс циклының әр қилы сатысында есептеуіне байланысты орын алды.

 Бір айта кететін жағдай, батыс статистикасында қайталама есепте үстеме құн көрсеткішін пайдаланады, соңғысы болса бір фирманың екінші бір фирмадан материалдар мен қызмет көрсетуді сату және сатып алумен байланысты көрсеткіш.

 Кеңестік экономикалық статистикада қайталама есепті болдырмау үшін түпкі өнім көрсеткішін пайдаланып келді. Бұл көрсеткіш жеке және қоғамдық өндірістік емес заттарын, инвестициялық қаражатты қамтиды. Түпкі өнім элементтері  осы жалпы қайтадан өңдеуге түспейді. Түпкі өнімді жалпы жалпы өнім көлемінен еңбек заттарынын айналымын игеру арқылы да анықтауға болады. Сонымен қатар, оның құрамында затталған  еңбек құралдары шығынының бір бөлігі бар, ол өзінің экономикалық  қызметі бойынша еңбек құралдардың жаңартудың көзі болып табылады, яғни аммортизация көзі.

Таза өнім (ТӨ). Қоғамның таза өнімі – жалпы өнім, одан жыл бойы жұмсалған өндіріс құрал – жабдықтарының орнын толтыруға пайдаланылатын амортизаци жарнасын машиалар, жабдқтар, транспорт құралдары, әр қилы өндірістік обьектілер құнынан, тұтынылған шикізат, отын, қосымша материалдар құнынан шегеріп тастағанда қалған бөлігі. Осыдан байқауға болады, таза өнім өзінің заттық мазмұны бойынша өндірісті ұлғатуға арналған, жеке тұтыну заттары мен өндіріс құрал-жабдықтары, т.ө. – аммортизация жарнамасы (АЖ) =ТӨ Сонымен қатар, таза өнім осы жылда жұмсалған еңбектің нәтижесі. Осымен байланысты экономикалық теория мен экономикалық статистика оны қоғамның бір жыл ішінде өндірілген құны немесе ұлттық табыс деп атайды. Заттық мазмұны бойынша бұл тұтыну заттары мен құрал-жабдықтардың бір белгінің жиынтығы, түпкі пайдалану фазасында тұтыну қоры мен жинақ қорын құрайды. Ұлттық табыс (ҰТ) елдің экономикалық дамуының қорытынды көрсеткіші, қоғамның өндіргіш күштерін, оның экономикалық құрылымын  ұлғаймалы ұдайы өндірістің бір жылдық нәтижесін сипаттайды. Ол (ҰТ) ақшалай формада есептеледі.

 Ұлттық табыстың абсолюттік мөлшері аса маңызды. Бұл қоғамдық өндіргіштің нақты нәтижесі, осы мерзімдегі халықтың әл-ауқаты дәрежесі мен қоғамның болашақта экономикалық даму мүмкіндігін сипаттайды. Ұлттық табыс қоғамдық өлшемін, 50% құрайды. Ол қоғамның түпкі өнімінен амартизация саласына, шаммен 8-10 %  кем. [7.27] Ұлттық табыстың физикалық мағынада өсуі, біріншіден, қоғмдағы жұмсалған еңбек шығынның мөлшеріне тәуелді, яғни қызметшілердің  саны мен еңбек қарқындылығына байланысты. Екіншіден, қоғамдық еңбек  өнімділігінің  өсуіне  тәуелді. Ұлттық табыстың қозғалысы қоғамдық ұдайы өндірістің мынадай сатылары арқылы жүзеге асады: өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну, пайдалану. Өндіріс сатысында ұлттық табыс  қоғамдық өнім өндіретінбарлық салалардың таза өнімі (таза табыс), бөлу (қайта бөлу) сатысында = әр қилы алғашқы және қайталама табыстар, айырбас сатысында — өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну (пайдалану) сатысында – түпкі табыстар тұтыну және қор жинау мақсатында жұмсалады. Ұлттық табысты зерттеуден әр қилы бағыттағы экономистер айналысты. XVII ғ. өмір сүрген ағылшын экономисті У.Петти 1664 жылы капиталистік  қғамның табыстарын және оны бөлуге, талдау жсауға әрекет жасады. Ол осы кезеңдегі Англия халқының табыс және  шығыс балансын жасады. Ол ұлттық табысты есептеп шығара отырып, оның бүкіл халықтық, жерден, үйлерден, капиталдан және еңбек шығындарынан түсетін табыстар саласы деп анықтады.Ұдайы өндіріс пен ұлттық табыс мәселелерін А.Смит пен Д.Рикардо да зерттеді. Олар бүкіл қоғамдық  өнім құнын қоғамның табыстарының сомасы (қосындысы) дей отырып, одан өнім құнына ауысқан өндіріс құрал – жабдықарының құнын щегеріп тастаған.

Швейцария экономисті Симон де Симонди осындай көзқараста. Ол қоғамның жылдық өнімі мен ұлттық табыс айырмашалығынан көрсетіледі. Француздың Ж.Б.Сей болса, құн мен падалылық өндірістің үш факторларының еңбек, капитал және жер қызметінің нәтижесі деді. Табыс келтіруші кез келген адам ұлттық табыста өндіреді де, қорытындылайды. Қазіргі батыс экономистердің ең алдымен Ж.Б.Сейдің ұлттық табыстың өндірістің әр қилы және бірдей құқылы факторлары өндіреді деген пікірін басшылыққа алуда. Американдық экономист Дж.Б. Кларк өзінің шектеулі өнімділік теориясында «қоғамдық табысты бөлу табиғи заңмен басқарылады және бұл заң әрбір өндіріс факторына осы фактордың өзі өндірген байлықтар сомасын (қосындысын) береді» деп көрсетеді. Мұндай тұрғыдан қараудың мәні кез келген іс-әрекеттің түрі табыс әкеледі, әрбір табыс алушы кәсіби мен қызмет  түріне байланыссыз оның жасаушысы. Сонымен қатар, таза өнім осы жылда жұмсалған еңбектің нәтижесі. Осымен байланысты экономикалық теория мен экономикалық статистика оны қоғамның бір жыл ішінде өндірілген құны немесе ұлттық табыс деп атайды. Заттық мазмұны бойынша бұл тұтыну заттары мен құрал-жабдықтардың бір белгінің жиынтығы, түпкі пайдалану фазасында тұтыну қоры мен жинақ қорын құрайды. Ұлттық табыс (ҰТ) Бұған мемлекеттік шенеуліктер, әскери қызметшілер, діни қызметшілдер т.б. қосылады. Американдық статистика ұлттық табысты өндіруге қатысушы факторларының барлық иегерлерінің табыстарының сомасы деп анықтайды, яғни жалақы қорының капитал иесінің пайдасының және жер иесінің ренталарының сомасы (қосындысы). Ұлттық табыс жалпы ұлттық өніммен (ЖҰӨ) жанама салықтар мен негізігі капитал құнына амортзациялық жарна мөлшеріне кем. Біздің елдің бірқатар оқымыстылары әлі де ұлттық табыста полицияның, әскерлердің, заң қызметкерлерінің, бұқаралық қызметкерлердің  табыстарын қосып есептеу экономикалық тұрғыдан ешбір негіз деп көрсетуде. Дәстүрлі маркстік саяси экономика тұрғысынан бұл мамандықтар қоғамдық өндіріс процесіне тікелей қатынасы жоқ, тек ерекше қызмет көрсетумен шектеледі. Осы ғалымдардың пікірі бойынша мұндай есептеу әдістері табысты қайталама есептеу негізінде ұлттық табысты жасанды көбейтіп, шамамен 20-30 процентке артық көрсетеді.

б) Жалпы ұлттық өнім мәні. Батыстық экономикалық теория мен статистика бойынша жалпы ұлттық өнім көрсеткіш материалдық және халықтық табыстарынан тұрады. Жалпы ұлттық өнімге амортизация жарнасы да енеді, соңғысы болса пайдаланған еңбек құрамдарының өұнының дайын өнімге ауысу жолымен құралады. Жалпы ұлттық өнімнің белгілі модификасиясы – жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көрсеткіші болып табылады. Ал (ЖІӨ) белгілі бір ел шеңберінде кәсіпорындар мен қызметкерлердің ұлттық азаматтық сипатына байланыссыз өндірістік қызметінің нәтижесін қамтиды. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) жалпы ішкі өніммен (ЖІӨ) сол елдердің ресурстарының шетелге пайдаланудың сомасында проценттер, дивиденттер, жалақы т.б. көп болады. Мысалы, маусымда жұмысшылардың жұмыс істеп жүрген елдің жалпы ішкі өнімде есептеледі.

Біріккен Ұлттар Ұйымының статистикалық қызмет ету орны жалпы ішкі өнімді ұлттық есептер жүйесін жасаудва негізгі көрсеткіш ретінде  пайдаланады. 1988 жылдан бері жалпы ұлттық өнім көрсеткіші біздің елімзде де осы Біріккен Ұлттар Ұйымының методологиясы бойынша есептеліп, халықаралық салыстыруға пайдаланып келеді. ЖҰӨ ағымда рынок бағаларымен есептеледі; бұл оның номиналдық сипатын сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты мөлшерін анықтау үшін бағаны инфляция ықпалынан арылту керек, таразылау керек, яғни баға индексін қолдану керек., сөйтіп ЖҰӨ нақты құнын біуге болады. Эуономист С.Шаталиннің есептеуі бойынша бұрыңғы КСРО-ның сол жылғы ұлттық өнімнің ағымдағы бағалармен 940-960 млрд. Сом болды. Номиналды ЖҰӨ нақты ұлттық өнімге қатынасы бағаның көтерілу есепін ЖҰӨ өсуін көрсетеді. ЖҰӨ дефеторы деп айтады. ЖҰӨ көлемін өлшеуге Батыстық экономистер мен статистика қоғамның өндірістің ұлғаймалы концепциясының сүйенеді. ЖҰӨ материалдық өндірісте өндірілетін игіліктері мен қызметі ғана емес, сонымен қатар материалдық емес қызмет түрлерін де ғылым, денсаулық сақтау, білім беру т.б. қамтиды. ЖҰӨ сол елдің өндіре алатын тауарлары мен қызметінің жиынтық санын дәлірек сипаттайтын өлшем ретінде батыс экономистері оны өлшеудің екі әдісін ұсынды. [3. 115]

  1. өнім ағымның әдісі. ЖҰӨ беогілі уақыт кезеңнде қоғамның қарамағындағы игіліктері мен қызмет түрлеріне анықталады. ЖҰӨ көлемі бір жылда өндірілген өнімнің ақшалай есептегі сомасы. Бұл көрсеткішке мемоекеттік тауарлармен қызмет көрсетуге және жеке инвестицияға шығындары да енеді. Сонымен, ЖҰӨ осы әдіспен анықталғанда, тауарлар сатып алу, қызмет көрсету және инвестицияларға жұсмалған мемлекет, шығындарының қосындысы.
  2. табыстар мен шығындар ағымы, әдісі. ЖҰӨ жеке адамдар мен кәсіпорындардың табыстарының сомасын құрайды. (жалақы, процент, рента және пайда) және өндірісв факторларының орнының толықтыру ретінде анықталады. Оған жанама салықтар амортизация жарнасы да кіреді. ЖҰӨ жалпы халық шаруашылығы табыстарының сомасы ретінде анықталады.

Екі әдістің екеуі де бірдей бағалы деғгеймен АҚШ-тық сауда министрлігінің экономикалық бюросы жүргізетін ЖҰӨ есептеу статистикасы ең жетілген деп айтсақ қателеспейміз. Мұнда ЖҰӨ оқшауланған, қайта ұлттық есептеу жүйесінің шеңберінде есептеледі. ЖҰӨ мен ұлттық табыстан басқа тамақ пен күрделі қаржының балансын, финанс ағыстарының балансын ұлттық байлықпен еңбек ресурстарының банастаруын қамтиды. АҚШтың
ЖҰӨ түпкі тауарлармен қызмет көрсетуді есепке алады, яғн,и ЖҰӨ — ге жеке және қоғамдық  тұтынуға түсе отырып, өндіріс процесіне мүлдем оралмайтын немесе еңбдек құралдары ретінде өндіріс саласына қайтырп, оралатын өкім түрлері жатады. ЖҰӨ АҚШ-тың басқа елдермен, сауда жұмыфстарының қалдығын қамтиды. Баланс беру үшін жалпы ұлттық өнімне АҚШ азамттарының  өз елінен тыс жерлерде өндірген өнімнің бір бөлігі кіреді, ал АҚШ-та американдық емес азаматтардың өнімдері есепке алынбайды. Осыдан басқа жалпы ұлттық өнімге шетелдегі капиталдың пайда, дивиденттер, пооценттер, ренталық бөлімдер таза табыс ретінде енеді. АҚШ-та алғашқыда жалпы ұлттық өнім нақты орындағы бағалармен есептеледі, алайда ол бағана ықпал ететін инфляциялық құбылыстармен байланысты өндіріс көлемін өлшеуде дұрыс болмады. Мәселені осы тұрғыдан қарау американдық үкіметтің ішкі экномикалық саясатының тиімділігін ең алдымен жұмыспен қамты саясатының тиімділігін, ең алдымен жұмыспен қамту саясатын бағалау мүмкндігін береді. Біздіңше, елімізхдегі атқарушы үкіметтің экономикалық саясатының нәтижесін осылайша бағалау теріс болмас еді. Жұмыссыздықтың «табирғи дәрежесі» бүкіл халықтың 6-7 процентінен асып кетсе, потенциалды эалпы ұлттық өнімі бірдей болды, 70 жылы олардың өзара айырмасы 60 млрд доллар, ал 80 жылы – 250 млрд долларға жетті.

Өндіріс динамикасын таза күйде базистік жылдық тұрақты бағасына есептеу жалпы ұлттық өнімді көрсетеді. Ағымдағы бағамен салыстырғанда баяу өседі. Мысалы, АҚШ-тың ағымдық бағадағы жалпы ұлттықұ өнімнің орташа жылдық үлесім қарқыны 1973 – 1985 жылдары – 9,8 процент  болса,  ал осы мерзімде нақты жалпы ұлттық өнімнің өсу қарқыны – 2,8 процент болды. [23.78] Сонымен қатар АҚШта президенттің жанындағы экномикалық Кеңес америка экономикасының өндірістік мүмкндігін көрсететін потенцичаплды жалпы ұлтитық өнімдегі есептейді, яғни елдіғ толық пайдаланатын еңбек ресурстарын есепке алады. Мәселені осы тұрғыдан қарау американдық үкіметтің ішкі экномикалық саясатының тиімділігін ең алдымен жұмыспен қамты саясатының тиімділігін, ең алдымен жұмыспен қамту саясатын бағалау мүмкндігін береді. Біздіңше, елімізхдегі атқарушы үкіметтің экономикалық саясатының нәтижесін осылайша бағалау теріс болмас еді. Жұмыссыздықтың «табирғи дәрежесі» бүкіл халықтың 6-7 процентінен асып кетсе, потенциалды эалпы ұлттық өнімі бірдей болды, 70 жылы олардың өзара айырмасы 60 млрд доллар, ал 80 жылы – 250 млрд долларға жетті. [22.86]

Жалпы ұлттық өнім мен жалпы ішкі өнім жиынтық өлшем қозғалысын сипаттайтын ұлттық есептеу жүйесінің бір ғана көрсеткіші емес. Бәірқатар макроэкномикалық көрсеткіштердің өзара байланысын көрсетуге болады. Жалпы ұлттық өнім (СNP)- амортизация. Таза ұлттық өнім (NNP)-кәсіпорындарға жанама салық. Ұлттық табыс (N)-әлеуметтік сақтандыру жарнасы копорациялар табысаны салық – корпорациялар пайдасын қайта бөлу —  транспорт төлемдері. Жеке табыс, жеке табыс салығы. Күтіліп отырған табыс. Осы өзара табыстың едәуір бөлігі салық арқылы қайта бөлінетін «аралас экономика» жағдайындағы мемлекеттің финанс жүйесі мен әлеуңметтік саясатының мәнін дұрыс түсінуге көмектеседі.

в) Жалпы ұлттық өнім және таза экономикалық хал-ахуалы. Жалпы ұлттық өнім көрсеткішің елдің жылдық өндіріс көлемін өлшеу мүмкіндігін береді.Сонымен қатар жалпы ұлттық өнім кейбір жағдайлармен байланысты ұлттық нақты экномикалық тұрмыс тіршілігін толық сипаттай алмайды. Барлық елдерде дердік қоғам мүшелеріәнің әл-ауқатын жақсаруына ықпал ететін қызмет түрлерін, атап айтқанда, науқас адамдар мен балаларға қамқорлық жасау, жеке құрылыс, репетиторлық жұмыс және т.б. есепке алынатын, жүйелі статистикалық мәліметтер жоқ қоғамның «таза экономикалық әл-ауқатына» теріс ықпал ететін «көлеңкелі экономика» секторының салдары самоггон қайнаты, есірткілерді сату т.б. жағымсыз факторлар есепке алынбаған. Жалпы ұлттық өнім халық тұрмысын көтеруге қатысты, үй жұмыстарын да қамтимайды да (пәтерді, электр, радио жабдықтар, аяқ киімді, автомашинаны жөндеу). Бұл көрсеткішке қоғам мүшелерінің тұрмысын жақсартуға кедергі келтіретін, қоғамдық өндірісті ұлғатуға кері әсер ететін жағдайлар енбейді. (ресурстардың азаюы, климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы). Соымен бірге елдің экономикасы дамыған зжағдайда табыс деңгейі өсіңп ойдағыдай демалуға, халықтың басым көпшілігінің демалыс уақытын ұзартуға мүмкіндік туады. Ал соңғысы, қоғамның әл-ауқатын арттырумен пара-пар. Осы факеторлардың қоғамның. Оның мүшелерінің әл-ауқатына ықпалын ескеру, тұтас алғанда, қоғамның таза экономикалық хал-ахуалын жақсартуға негіз қалайды.

г) ұлттық есеп жүйесі. Экономиканың дамуын есептер жүйесі мен халық шаруашылығының балансы жалпылама сипаттайды. Ұлттық есеп жүйесі (ҰЕЖ) – түпкі өнім мен ұлттық табысты өндіруді, бөлуді, қайта бөлу мен пайдалануды сипаттайтын өзара байланыстыкөрсеткіштер. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) статистикалық комиссиясы жасаған ұлттықесептердің стандартты жүйесі 1953 жылдан бері қолданып келеді, 70жылдың аяғында ұлттық есептер әлемінің 100-ден астам елінде жасалынды. Ұлттық есчептердің негізін ішкі өнімнің, ұлттық табыстың, күрделі қаржының меншіктің әр түрлі нысанындағы кәсіпорындардың т.б. кірістері мен шығыстарының жиынтық есчептері құрайды. Бұдан басқа ұлттық есептер жүйесіне жиынтық көрсеткіштерді айқындап,  ашып көтсеткен немесе өзіндік, жеке дара маңызы бар  баоансч кестелері кіреді. Ұлттық есеп жүйесі шаруашылық қызметі туралы хабарларды белгілітәртіпке келтіреді. Шаруашылық етуші субъектілердің экономикалық операциялары мақсат бағыты, объектілері, бағалау түрлері бойынша топтарға бөлінеді. Экономикалық қызметтің әр қилы жақтары мен шаруашылық бөліктерінің топтары секторларға бөлінеді, атап айтқанда, «кәсіпорын», «мемлекеттік ұйымдар». Ұлттық есептерд өндірістің көлемі мен құрылымын, елдің шығынын, инвестициялық тұтынуды, салық салуды т.б. экономикалық тұрғыдан болжам жасау үшін пайдаланады.

Халық шаруашылығы балансы (ХШБ) – халық шаруашылығының дамуын сипаттайтын өзара келісілген макроэкономикалықкөрсеткіштер жүйесі. Алғаш рет бұл баланс бұрынғы КСРО-да 1923-1924 жылы жасалынды. Ұзақ жылдар бойы бұрын,ғы КСРО-да және басқа да социалистік елдерде ХШБ қоғамдық өндіріситі жоспарлаудың, олардың маңызды балансын жасаудың, қарқынын, пропорцияларын, өндіріс қорытындысын талдаудың тетігі болды, экномикалық дамуды сипаттауда маңызды қызмет атқарды, атап айтқанда, тұтыну мен қор жинау нақты табыстың өзгеруін крсетіп отырды. Халық шаруашылығының балансы негізінен 3 немесе 4 кестеден және осыған сәйкес көрсеткіштерден (баланстың жиынтық кестесі, еңбек ресурстары балансы, ұлттық балансы) тұрады. Бұған сонымен қатар нақтыланған баланстар да кіреді. Қоғамдық өндірістің нәтижесін сипаттайтын негізгі жүйелер және оның құрамды элементтері міне осындай.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Ұлттық экономиканың құрылымы

 

 

Ұлттық экономиканың құрылымын қарастыруды қоғамдық өндіріс құрылымы түсінігін анықтаудан бастаған жөн. Қоғамдық өндіріс құрылымы деп отырғанымыз, сол мерзімже экономикада әрқилы факторлар ықпалымен, қоғамдық еңбек бөлінісі мен қоғамдық ұдайы өндіріс пропорцияларын сипаттайтын салалардың арақатынасы.

А) қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен негізгі пропорциялары.Қоғамдық ұдайы өндірістің пропорциялары өндірістің әр қилы эхлементтері мен бөліктерінің қалыптасқан ара қатынасы және ұдайы өндірістік процестің жеке фазаларының, факторларының, салаларының т.б. арасындағы өзара байланыс пен өзара тәуелділікті сипаттайды.

Қоғамдық ұдайы өндіріс пропорцияларының құрылуы объективті экономикалық заңдар ықпалымен қалыптасатын күрделі әрі қайшылықты экономикалық процесс. Оны орнаты, ұстау, өзгерту шаруашылық тетігінің тиімді қызмет етуіне елеулі ықпал етеді және өз кезегінде сол елдің әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалына, өндіргіш күштерінің даму дәрежесіне, ғылыми техникалық прогресс қарқыны мен ахуалына тәуелді.

Экономикалық процестердің арасындағы байланыс белгілі бір сандық пропорциялар арқылы көрсетуге қарай былайша бөлінеді:

  1. жалпы экономикалық қоғамдық ұдайы өндірістің макроқұрылымының элементтерінің арасындағы сандық арақатынас (мысалы, тұтыну мен қор жинау, жалпы ұлттық өнім мен ұлттық табыс, өндіріс құрал-жабдықтары, өндіріс пен тұтыну заттары, өндіріс, т.б. арасындағы);
  2. салааралыққа – қоғамдық өндірістің әр қилы салаларының сандық арақатынасы (мысалы, өнеркәсіп пен ауыл шарашылығы материалдық пен материалдық емес, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп т.б. арасындағы);
  3. ішкі салааралыққа – сала мен өндіріс ішіндегі сандық арақатынас (мысалы, шойын мен болат, мақта-мата өндірісі т.б.)
  4. мемлекетаралыққа – ұлттық шаруашылықтар мен әр қилы елджердің жекелеген өндіріс салаларының сандық арақатынас. [2.135]

Ұлттық экономиканың құрылымы жалпы өнімнің ұлттық салалық құрылымы арқылы көрініс алады. АҚШ экономикасының салалық құрылымын миысалға келтірейік.

Біріншісоғыстан кейінгі жылдардағы маңызды өзгеріс, өнеркәсіп пен ауылшарушылығының арақатынастарының өзгеруі нәтижесінде соңғысының жалпы ұлттық өнімдегі үлес салмағы 3 еседей азайды. Бұл ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігінің өнеркәсіппен салыстырғанда қарқынды дамуымен байланысты мүмкін болды.

Болжамдарға қарағанда, таяудағы 10-12 жыл ауыл шаруашылығында еңбекөнімділігінің қарқынды өсу тенденциясы сақталады.

Ғылым мен техниканы ауыл шаруашылығына кеінен енгізу, осының негізінде еңбектің қоғамдасуының өсуі вуыл шаруашылығы мен өнеркәсіп арасындағы өндірістік байланысты ұлғайтты, сайып келгенде, аграрлық — өнеркәсіп кешенінің (А.Ө.К) құрылуы тездетті. Соңғысы экономиканың үш саласының өндірістік-техникалық және ұйымдық шаруашылы бірлігін көрсетеді: ауылшарашылығы үшін өндіріс құрал-жабдықтарын өндіру саласы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен оны түпкі тұтынушыларға сату саласы. Аграрлы өнеркәсіп кешенін құру ауыл шаруашылығы өндірісін өнгеркәсіптің индустриалды өндірісінің бір саласына айландыру деген сөз.

Екінші.Салалық өзгерістерді сипаттайтын бір ерекше жағдай өндіруші өнеркәсіп үлесінің азаюы. Оны былайша түсіндіруге болады.

Біріншіден, өндіру жағдайының нашарлауы, екіншіден, шикізатты өңдеу дәрежесінің өсуі, үшіншіден, композициялық жаңа материалдарды игеру, төртіншіден, табиғат шикізаттарының баламасын өндіретін салалардың дамуы. Бесіншіден, өндіріс процесінде энергиянығ шикізатты, материалдарды тұтынудың төмендеуі.

Үшінші. 60 жылдардан бері өнеркәсіптің үлес салмағының біртіндеп азаюы. Бұл, бір жағынан, өнеркәсіп салаларының экономикалық өсуімен, әсіресе, ғылыми сыйымды, ал екінші жағынан, өнеркәсіп өндірісінің базалық дәстүрлі салаларының эколномикалық маңыздылығының төмендеуімен байланысты.

Төртінші. Материалдық өндірістің тиімділігінің өсуі негізінде өндірістік емес саланың рөлі артты. Масыла,ы соғыстан кейінгі жылдарда АҚШ-тың ұлттық өнімінде оның үлесі 1,3 есе артты. Өндірістік емес салада негізгі капиталды жинақта процесі активті сипат алуда. Өндіріс емес сала қоғамдық өндірістің жеке дара саласына айналды.

Ұлттық экономиканың салалық құрылымы негізгі салалар арасында еңбекті бөлудің сандық пропорцияларымен сипатталады. Жалпы ұлттық өнімнің салалық құрылымындағы сияқты, жұмыспен қамту саласынд да осы заңдылықтар байқалады, ауыл шаруашылығында қызмет ететіндер үлесі күрт қысқарады да, өнеркәсіп өндірісндегі еңбек ететіндер үлесі артады (бұл үстіміздегі 100 жылдықтың 60 жылдарына дейін орын алды, кейіннен төмендеді. Еңбекті бөлудегі сандық пропорциялардың елеулісі, қызмет көрсету саласындағы жұмыс істеушілердің үлесінің артуымен байланысты 80 жылдардың орта шенінде дамыған елдердің бөпшілініеде бұл көрсеткіш дәрежесі 60 процентке жетті және одан да асып түсті. Сонымен, макроэкономикалық дәрежеде құрылымдық өзгерістерді қарастырудан мынадай заңдылықтар туындайды: екінші дүниежүзілік соғысқа дейін еңбек өнімділігі өңдеуші өнеркәсіп саласында жоғарғы қарқынмен өсті. Бұл болса, ауыл шаруашылығыда еңбек өнімділігінің басқа материалдық салалармен салыстырғанда жооғарғы қарқынмен дамуына негіз қалады. Қазіргі жағдайда, материалдық өндіріс салаларының интенсивті даму жолына көшуімен байланысты, өндірістік емес салада еңбек өнімділігінің қарқындырақ өсуіне жол ашылды, яғни өндіріс емес саланың ұлғаюы, тек матераилдық саладағы еңбек өнімділігінің өсуі есебінен де мүмкіндік болады. Осының бәрі ұлттық экономиканың тиімділігін көрсетудің қажетті шарты.

б)Ғылыми техникалық революция (ҒТР) және ұлттық экономика құрылымы. Қазіргі кезеңде ұлттық экономиканың құрылымына ғылыми – техникалық революция  шешуші ықпал етеді. Ғылыми – техникалық революция (ҒТР) қоғамның өндіргіш күштерін дамытуда және тарихит дәуірдің бетін ашып отыр. Еңбек заттар мен еңбек құрал-жабдықтары, технология мен өндірісті ұйымдастыру революциялық өзгерістірге ұшырады. Ғылым қоғамның өндіргіш күштерінің маңызды элементтерінің біріне айналып отыр. Қоғамның басты өндіргіш күші —  адамның өндіріс процесіндегі рөлі мен орын түбегейлі өзгереді. Техника дамуының әрқилы таризхи кезеңдерінің критерийі атқарушы қызметтің адамнан техникаға көшуі, осыған сәйкес адамның машинамен байланысының технологиялық әдісі түбірлі өзгеріске ұшырады. Осы критерийге сай қоғамдық өндіріс дамуының былайша айтқанда, технологиялық өндіріс әдісінің дамуының негізгі кезеңдерін төмендегіше бөлуге болады:

  1. Қол еңбегіне негізделген өндіріс. Бұл кезеңнің ерекше сипаты технологиялық процесте адамның техникамен байланысының күшеюінде, адам еңбек процесінің материалдық негізіне, ал еңбек құралдары оның жұмыс органдарына қуат беріп отырады.
  2. Еңбек процесін механикаландыруға негізделген 5 машина өндірісі. Еңбек процесінің материалдық негізін машина қалайды, адам оны толықтырады.

Автоматтандырылған өндіріс. Өндіріс процесінің материалдық негізін машина автоматтар құрайды. Адам “өндіріс қатарында (творчествалық, жасампаздық қызмет атқарады. Мұндай жағдайда өндіріс технологиясы адамның физикалық және психикалық мүмкіндіктермен де шектелмейді.

Бір айта кететін жай, автоматтандыру процесі өз дамуында бірнеше сатыдан өтеді, ең жайдан күрдеоіге, бөлшекті комплекстіге және соңғы сатысы толық автоматтандыру процесіне үстіміздегі жүзжылдықтың 70-жылдарының орта шенінде ғылыми- техникалық революция өз дамуында жаңа бір сатығ көшті, оның ерекшелігі сикроэлектрикалық кеңінген даму алуы. Экономиканың болашақ дамуында микропроцессорларды қолданудың өндіріс нәтижесінде қаншалықты ықпал болатындығын есептеу қиын, дегенмен бүгіннің өзінде электронды есептеу техникаларының дамуында микропроцессорлық техника жаңа дәуірде алып отыр. Микроэлектрониканы қолдану экономиканың барлық салшасында орын алуды: энергетика, ауыл шаруашылығында, транспорттап, машина өндіріснде, автомобиль өндірісінде, қызмет көрсету саласында, т.б. қазіргі өнеркәсіп роботтарын, принципиалды жаңа автомат жүйелері мен бағдарламалық басқару станоктарын жасау, осы микроэлектрониканы игеру негізінде ғана мүмкін болып отыр. Микропроцессорларды игеру өнімді жобалау саласында автоматтандыруға станок шығару өндіріснде, авиация, медицина, өнеркәсібінде т.б. кеңінен даму алды. Микропроцесорлар энергия тұтынуды үнемдеу мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету салаларында да қолданылды. АҚШ шығарған әрбір автомобюиль жанар майды жұмсау мен бөлінетін газхдық зияндық дәресіжне бақылау жасау мақсматында микропроцессорлармен жабдықтайды.

Микроэлектрионика өндірісінде пайдаланатын заттардың аз мөлшерлілігі шикізат пен материалдарды едәуір үнемдеуге мүмкіндік берді, ол өз кезегінде микроэлектроникалық техника саласының қщ ішінде және оны қолдау негізінде өндірілетін өнімдер бойынша өндіріс шығындарын азайтады. Белгілі деректерге сүйенетін болсақ, аз уақттың ішінде бір микропроцессордың құны 70-90 долларға дейін кеміген. Осының барлығы микроэлектроника өнеркәсібі өндірісі мен өнімдерінің тұтыну дәрежесінің тез әрі тұрақты өсуін қатмасыз етті. Микроэлектрониканың ерекше жоғары қарқынмен дамуы АҚШ-та орын алып отыр. Әлемдік рынокта микроэлектроника өнімдерінің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатымен мемлекет фирмаларға үлккен көмек көрсетуде. Ресми деректерге қарағанда микроэлектроника саласы бойынша ғылыми зерттеулерде қаржыландыру көлему 500 млн. доллардан асқан.

Микроэлектрониканы кеңінен пайдалану автоматтандыру процестеріне үлкен ықпал етеді, материалдық өндіріс пен материалдық емес салада өндірістік және басқару процестерін комплексті автоматтандыруға көшіру мүмкіндігін береді. Кең көлемде жай қол еңбегін ғана айырбастау мүмкіндігін берген бұрынғы автоматтандыру сатысынан мұның айырмашылығы күрделі интеллектуалды еңбекті имкроэлектроника арқылы жоғары дәрежелі автоматтандыру жүйесімен алмастыруға негіз қалады. Шын мәнінде технологиялық өндіріс әдісінің қалыптасуы жүріп жатыр, оның ерекше сипаты мыналар:

 — өндіріс принципиалды жаға технологияны енгізу, өндіріс процеісне, үлкен икемділік, тез өзгеріп тұратын өндірістік және жеке қажеттіліктерге бейімделу мүмкіндігін береді. Микроэлектрониканы кеңінен қолдану мен тарату көптеген материалдық және көптеген еңбек шығындарын үнемдеп, комплекті автоматтандыруға көшуге жағдай туғызады;

— өндірістің ғылыми сыйымдылық дәрежесін күрт көтереді, тұтас алғанда экономика жағдайына үлкен ықпал ететін циклды факторландан тәуелсіздігі аз, жоғары тұрақтылықты сипаттайтын жоғары техзнология салалар кешенін пәрменділікпен дамыту үлкен маңызға ие болады;

— ақпараттық саланың рөлі мен маңызының өсуі әр қилы электронды – есептеу техникалары өндірісі мен оны бағдарлама мен қамтамасыз ету, сол сияқты ақпаратты жинақтап, өңдеуді де қамтиды;

—  қоғамдық өндірісте адамның рөлі мен маңызының өзгеруі, еңбектің күрделігінің көп көлемде өсуі, жиынтық жұмыс күшінің сипаттамасында салалық өзгерістердің орын алуымен байланысты адам факторының маңыздлығы артады. [3.81]

Енді дамыған елдердің қоғамдық өндірісндегі құрылымдық өзгерістердің қазіргі тенденциясын қарастыруға көшелік, ал барынша жоғары дәржеде ғылыми – техникалық революцияның дамуымен сипатталады. Бұл мыналармен байланысты, біріншіден, ғылыми-техникалық прогресс жетістігі, принципиалды жаңа технологиялар, осымен байланысты ұлттық экономиканы қамта құруды талап етеді. Екіншіден, салалық құрылымдылығы интенсивті қозғалыс пен өзгерстер ғылыми-техникалық жетістіктердің қолдану дәрежесін, қоғамның өндіргіш күштерінің дамуының объективті қажеттілігі дәрежесінің көрсеткіші.

Қазірпгі кезде ғылым мен техниканың дамуының негізгі бағыты экономиканы “қайта индустриаландыру” ол болса, бүкіл қоғамнық өндірісті одан әрі интенсивтендіру мына нешзіде қамтамасыз етеду: өндірісті принципиалды жаңа ресурстар менр энергияны үнемдейтін, әрі экологиялық тұғыдан таза технология негізінде қайта құру, өндірілетін өнімдер мен өндірістің техникалық – экономикалық параметрлерінің сапасын жақсарту, өнеркәсіптің көп қажет ететін салаларын одан әрі дамуты және олардың жалпы ұлттық өнімдегі үлесін көтеру, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін енгізу жолымен өндірістік емес саланы индустриаландыру.

Алға қойылған міндеттерді практикалық тұрғыдан шешу жолы мемлекеттің экономикалық саясатын, ең алдымен инвестициялық саясаттың икемділігіне тәуелді. Кейнсиондық мождель жалпы ұлттық өнімнің өсу қарқынын тездетуге бағытталған мемлекеттің экономикалық процестерді реттеуге белсенді араласуын қолдайды. Мұндай жағдайда мемлекеттің инвестициялық саясаты күрделі қаржы көмегін ұлғайтуға бағытталады.

Жаңа классикалық теорияның кейнсион концепциясынан айырмашылығы, мемлекеттің экономикаға араласуы рынок туғызумен шектелу керек деп есептейді. Жаңа классикалық көзқарастардың негізін ұсчыныс теориясы құрайды, даудың басты мақсаты өндірістің сандық өсімінде емес, оның тиімділігін арттыруда, ең алдымен максималды пайда табы жолында жаңа классиктердің теориялық тұжырымдары АҚШ-та “рейганомика”, Ұлыбританияда “тэтчеризм” деген атпен мемлекеттік саясатында практикалық шешім тартты. Бұл саясат рыноктың тетікке арқа сүйесе отырып, капитал мен жұмыс күшінің салааралық ауысуы белсендірек болды, экономиканы құрылымдық қайта құру мүмкінділігі,ғ қоғамдық өндірісті интенсивтендіру қамтамасыз етілуі. Бір айта кететін жай, қазіргі экономиканы қайта құрудың мәні сандық өлешмдерді өзгертуде емес, сапалық көрсеткіштерді жаңа сатыға көтеруде.

          в) Экономикадағы құрылымдық өзгерістер, өлшем мәселесі. Қоғамдық өндірісті интенсивтендіру негізінде экономиканы құрылымдлық қайта құрудың міндеттері жаңа инвестициялық саясатты ұсынады. Мұнда оптималды құрылымды қамтамасыз ету мақсатымен негізгі күш күрделі қаржының сандық өнімдерін емес, оның сапалық өзгерістеріне ауысады, яғни инвестицияның ұдайы өндірістік салалық және технологиялық құрылымдары болып бөлінеді. Инвестицияның ұдайы өндірістік құрылымы өндірісті қайта құру және жаңартумен өндіріске қосымша материал және еңбек ресурстарын қамту, бұрынғы техникалық негізде ұлғайту инвестицияларының арасындағы қатынаспен анықтайды. Мұнда оптималдылыққа біріншісінің үлесін арттырып, екіншісін кемиту арқылы жетуге болады. Инвестициялық салалық құрылым деп отырғанымыз, оның халық шарушылық салалары бойынша бөлінуі. Мұнда оптималдық өндірістің ғылымда көп қажет ететін саласын дамыту арқылы мүмкін болады. Инвестицияның технологиялық құрылымы негізі капиталдың активті бөлігіне машиналар, жабдықтар, т.б. жұмсалатын күрделі қаржымен негізгі капиталдың бөлігіне – үйлер, ғимараттар, т.б. күрделі қаржф арасындағы арқатынасты көрсетеді. Сапалық өщгеріске негізгі капиталдың активті бөлігіне жұмсалатын инвестиция үлесін арттыру арқылы жетуге болады. Дамыған елдер үшін 70-80 жыл ішкі салалық-құрылымдық өзгерістер ең алдымен өңдеушісі өнеркәсіпте, өңдеуші өнеркәсіпте құрылымдық өзгерістерді талдауда құрылымдық өзгерістердің индексі кеңінен даму алды. Атап айтқанда, БҰҰ экономикалық комиссиясы осы индексті Еуропа елдерінің өңдеуші өнеркәсібіндегі құрылымдық өзгерістерді зерттеу үшін, сол сияқты басқа да елдердің экономикасындағы құрылымдық өзгерістерді талдау үшін пайдаланады.

Әрбір кезеңдегі құрылымдық өзгерістер дәрежесін жағымды жағдай деп қарауға болады, ол мыған тәуелді:

а) өнім өндірудің жлпы өсу қарқынана және

б) салалық эстетикалық өсімге соңғысы өнім өндіру қарқынының бұ\үкіл өңдеуші өнеркәсіптің өсу қарқынын көрсетеді. Осыған орай өнеркәсіптің салалық көрсеткіштерін үш топқа бөлуге болады:

  1. Өсудің жоғары эластикалық саласы, яғни орташа жылдық өсу қарқынының тұтас алғанда өңдеуші өнеркәсіптің орташа жылдық өсу қарқынынан асып түсуі. Қазіргі кезеңде мұендай салаға ең алдымен ғылымда қажет ететін салалар жатады.
  2. Эластикалық өсу салалары бірге жуық, яғни орташа жылдық өсу қарқыны шамамен өңдеуші өнеркәсіптің орташа жылдық өсімімен бірдей. [9.81]

Эластикалық өсу төмен, яғнип орташа өнеркәсіптің орташа жылдық өсімімнен төмен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          1.3 Мемлекеттің қоғам өміріндегі әлеуметтің – экономикалық жағдайды реттеу

 

 

ХХ ғасырда Батыстың дамыған елдерінде мемлекеттен адамдар үшін әл-ауқат стандартын талап ететін тұжырымдамалар мен доктриналар кеңінен тарай бастады. Әсірісе теория мен тәжірибеде “берекелі мемлекет” (welfare state) деген ұғым, яғни ауқымды әлеуметтік шараларды, ең алдымен, әлеуметтік қамсыздандыру шараларын жүзеге асыратын мемлекет деген ұғым қалыптасты. Рыноктық экономикасы қалыптасқан елдерде табысты бөлу тек рыноктық күштердің еркін ойынының нәтижесінде ғана емес, түрлы табыстар ағындарын мемлекеттік реттеу, қайта бөлу негізінде де бөлінетінін байқадық.

Мемлекеттің әлеуметтік – экономикасы – оның қоғам өмірінің әлеуметтік – экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің бір бағыты. Мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық мәні қоғамдағы әлеуметтік таптардың арасындағы қатцынастарды реттеу, қоғам мүшелерінің тұрмыс дәрежесін, әл-ауқатьын көтерудің жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандырудың әлеуметтік кепілдіктерін жасау. Мемлекеттің қоғамдық өндірісті реттеу мақсатиында жүргізетін шаралардың құрамды бөлігі ретінде мемлекеттің әлеуметтік саясаты елдегі бүкіл экономикалық ахуалмен тығыз байланысты болады.

           Мемлекеттің әлеуметтік экономикалық саясаты тізбегіндегі басты буын халық табысын құру саясаты. «Табыс» деген түсінік экономикалық жұмыс нәтижесінің көрсеткіші. Экономикалық әдебиетте «Табыс» дегенді жаңадан жасалған құнның мөлшерін анықтауға қолданып, өндірілген құнның мөлшерін анықтауғңа қолданып, өндірілген құнның оның өндіруге жмсалған шығындардан артық болуы, әр таптың, әлеметтік топтың немесе жекелеген адмның өндірген өнімдегі үлесі, оны иемдену мағынасында түсінеді.

Қоғам мүшелерінің табыс дәрежесі, деңгейі олардың әл-ауқатының басты көрсеткіші, өйткені ол жеке адамның материалдық және рухани өмірін анықтап, және демалуына, білім алуға, денсаулығын сақтауға, күнделікті тұтыну қажеттлігін өтеуге мүмкіндік береді. Халық табысының мөлшеріне тікелей әсер ететін факторлардың ішінде, жалақының көлемін басқа бөлшек сауда бағасының динамикасы, тұтыну рыногын тауарлармен толтыру жне т.б. бар.

Халық табысы мен деңгейі мен динамикасын сараптау үшін номиналды қолдағы және нақты кірістердің көрсеткіштері қолданады. Номиналды табыс (NI) – жекелеген адамдардың белгілі уақытта алған ақшасының саны. Қолдағы табыс (ДІ) – жеке тұтынуға және жеке жинақтауға болатын табыс. Қолдағы бар табыс номиналды табыстан салық пен міндетті төлемдер сомасын кем болады. Нақтылы табыс (ВІ) – белгілі бір уақытта қолдағы бар табысқа сатып алған қызмет пен тауарлардың саны, ол баға деңгейінің өзгеруімен түзетіліп отырады. [18.103]

Халықтың нақты ақшалай табыстарының құрылуының бірнеше қанар көздері бар, олардың негізгілері: факторлық табыстар, қоғамдық тұтыну қорларының берілетін төлемдер мен жеңілдіктер; финанс жүйесі арқылы келетін (банктерден, жинақ кассаларынан, сақтандыру мекемелеріне және т.б.)  және басқа түсімдер. Жалақы кәсіпорындардағы, кооперативтердегі жалақы тектес табыстар; өз шаруашылығының табыстары және басқалар. Еңбек факторына ақы төлеудің тенденциясын талдау, бұл табыс түрінің болашақта да жалпы ақша табыстарының көлемін құруда жетекші рөл атқаратынын көрсетеді.

Халық табысының құрылуына айтарлықтай әсер ететін жай қоғамдық тұтыну қорынан (ҚТК) берілетін төлемдер мен жеңіліктер немесе мемлекеттік көмектің бағдарламасы. Осылардан зейнеткерлерді қамсыздандыруға, уақытша жұмысқа жарамсыздарды әр түрлі жәрдем ақыға (балаларды күтуге, дәрігерлік күту, табысы аз отбасыларынынң балаларын, жұмыссыздарға жәрдем беру) қаржы бөлінеді. Халық табысына трансферттік төлемдер мен жалақы үлестерінің арақатынасы жеке адамның экономикалық мүдделлілігі мен еңбекке ықыласын қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Жалпы табыстар сомасындағы жалақының басым болуы кәсіпкерлік, жаңашылдық, іскерлік сияқты жақсы қасиеттерді қалыптастырады. Қоғамдық тұтыну қорынан берілетін толемдерді күшейту (немесе мемлекеттің көмек бағдарламасын) өндірістік қызмтке қатысу  деңгейі төмендетіп, біреуге арқа сүйеушілік, масылдық психологияны тәрбиелейді. Қаржы – несие жүйесі арқылы алатын халықтың ақшалай табыстары мынадай түрде көрінеді:

— мемлекеттік сақтандыру төлемдері;

— жеке тұрғын үй құрылысы үшін, жас отбасыларына шаруашылық заттарын алуға, бау — бақша  серіктестіктеріне және т.б. техника, инветнарь сатып алуға берілетін қарыз;

— жинақ кассаларындағы салымдарға жыл аяғында қосылатын проценттер;

— акция құндарының өсуіне, облигация мен заемдардан түсетін табыстар;

— лотерея ұтыстары;

— тауарлард несиеге сатып алудан құралатын уақытша бос қаржылар;

— әр түрлі қайтарымдар (компенсациялар);

          Басқаша ақша түсімдеріне комиссиондық және сату дүкендерінен, ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудан түскен кірістер жатады. Халықтың номиналды табысына атап өткеніміздей олардың  таза табыстарымен қатар міндетті төлемдері де жатады. Төлемдер мен алымдарды жинақтай отырып, мемлекет өзінің ресурстарын құрайды, әлеуметтік саясатты жүзеге асырады, ақша қаржыларын қайта бөледі, табысы аз азаматтарға көмек көрсетеді. Табысы аз азаматтардың мүддесін қорғау мақсатында және әл-ауқат дәрежесін белгілі деңгейден төмендетпеу үшін мемлекет табыстың ең төменгі табалдырығын анықтап, одан салық алмайды. Сонымен қатар жоғары табысқа үдемелі салық ставкасын тағайындайды. Экономикалық теория салықтың екі тобын көрсетеді: тікелей және жанама. Тікелей салықтар негізінен табыс салықтары, жанама салықтар көбіне тұтыну салықтары ретінде көрінеді. Тікелей салықтар тек жалақыдан және басқа факторлық табыстардан алынып, мемлекет қазынасына түседі. Жанама салықтар (акциздер) тауар бағасында “жасырылады”, бірақ жекелеген елдерде оны дүкенде  тауар сатып алғанда ашық мәлімдеу тәжірибесі қолданылып жүр.

         Сонымен халыққа салық салу – табысты бөлудің дербес тұтқасы, әлеуметтік саясаттың бір бағыты. Халақтан салатынатн салық мен төлемдердің көлемі табыстың өсуімен көбейіп отырады. Салық түсімдерінің ішінде шешіші рөлді табыс салығы алады. Сонымен қатар жеке табыстан, мұрагерліктен, ауыл шаруашылығынан, отбасы шағын азаматтардан, сатудан және т.б. салық алынады.

          Елдің экономикалық даму деңгейі тұтынудың көлемі мен дәрежесін анықтайды. Әлеуметтік қорғау жүйесі тек халықтың табыссыз топтары мен өндіріске қатыспағандарды (оқушылар, зейнеткерлер, мүгедектер) ғана қамтымайды, ол сонымен қатар қоғамдық өндіріске қатысушыларды ғана қамтымайды, ол сонымен қатар қоғамдық өндіріске қатысушыларды да, ең алдымен жалданп істейтіндерді де қорғайды. Мұны еңбекті заңдастырудан (жұмыс аптасының ұзақтығы, демалыстың мерзімі, еңбекті қорғау және т.б.) және оған ақы толеуден (жалақының төменгі ставкасын тағайындау) жұмысшыларды жұмысқа алу мен босату жөніндегі ережелерден көреміз.

Кедейшлік сияқты өткір әлеуметтік проблмаларды шешу – мемлекет жұмысының  басты бір бағыты. Бұл әл – ауқатты өмірді қамттамасыз ете алмағанмен экономикалық тұтқалар арқылы ең төменгі тіршілік деңгейін жасап, тұрмысы нашар адамдардың санын азайтуға көмектеседі. Кедейленген топты азайту – рыноктық экономикаға көшкен мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі міндеті. Тұтынудың әр түрлі деңгейінің  еңбек пен жұмысшы күші факторларымен байланыстылығын атп өту керек. Ондай факторлар: отбасының көлмі, ондағы жұмыс істейтіндер мен масылдардың арақатынасы, денсаулық жайы, географиялық, табиғат жағдайлары және т.б. Мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу қызметінің негізгі мақсаты – осы айырмашылықтарды азайтып, қоғамның барлық мүшелерінің өмір сүруіне қолайлы материалдық негіз жасау. Мұндай мақсатты жүзеге асырудың түрлеріне қызмет пен өнімдерді трансферттік төлемдер арқлы бөлу немесе табысты тұрақтандырудың мемлекеттік бағдарламасы жатады.

Біздің елімізде қоғамдық тұтыну қорлары экономикалық категория ретінде бүкіл қоғам мен еңбек ұжымдарының, оның мүшелерінің арасындағы өмір сүру қорының бөлінуі  жөніндегі қатынасты білдіреді. Олар белгілі дәрежеде бұрыңғы немесе қазіргі еңбекті есепке ала отырып бөлінеді. Қоғамдық тұтыну қорларының бір бөлігі мемлекеттік бюджет арқылы құралып, орталықтан бөлінеді. Оның басқа бөлігі кәсіпорындардың, кооперативтердің пайдасынан және қоғамдық ұйымдардың есебінен жиналады. Мемлекеттік көмек бағдарламасы бойынша қоғамның жаңа мүшелерін тәрбиелеу, қарттарды және еңбекке жарамсыздарды қолдау, білім алу, денсаулық сақтау қажеттіліктері өтеледі.

Қоғамдық тұтыну қорларын бөлу үш бағытта жүреді. Бірінші бағыт халыққа берілетін төлемдер. Олардың көлемі еңбекшілердің  бұрыңғы және қазіргі жалақысына байланысты. Бұлар алдымен әлеуметтік қамсыздандыруға, ауырған кездегі төлемдерге, ақалылы демалысқа, мүгедектігі мен қартайғандығына байланысты зейнетақы, жұмыссыздыққа байланысты көмек және т.б. қатысты. Стипендияға да осы тұрғыдан қараған жөн. Өйткені стипендия ынталандыру сипатында болғандқтан жұмсалған еңбекпен өлшенеді.

Қоғамдық тұтыну қорды бөлудегі екінші бағыт – адамның еңбегіне байланысты түрлі төлемдер. Мұндай төлемдерге көп балалы ата – аналарға, жалғыз бсты аналарға, арнайы емдеуге берілетін көмектер, мемлекеттің мектепке дейінгі балалар мекемелерін, мектеп – интернатты қаржыландыруға жұмсайтын дотациялар жтады. Жетім балалар, белгілі жағдайда көп балалы, табысы аз отбасылардың балалары да толық мемлекеттік қамқорлықта болады.

Қоғамдық тұтыну қорлардан берілетін төлемдердің үшінші бағытының ерекшелігі – жеңілдіктер халыққа өндірістік емес сала мекемелері арқылы натуралды – заттай түрінде беріледі. ҚТҚ-ның бұл бөлігі «қосымша» табыстар, олар отбасы бюджетіне түспейді, оны оз қалауынша пайдалануға болмайды. Мұндай табыстар жеке дара еңбектің мөлшерімен бөлінбей, қоғамның нақтылы тарихи жағдайымен және мүддесімен анықталады. Қоғамдық қорлардың бұл бөлігін тұтынушылар барлық еңбекшілір емес, тек осыны тұтынуға тиіс қоғам мүшелері және сол қажеттіліктің шеңберінде ғана болады. Сонымен қатар, таза өнім осы жылда жұмсалған еңбектің нәтижесі. Осымен байланысты экономикалық теория мен экономикалық статистика оны қоғамның бір жыл ішінде өндірілген құны немесе ұлттық табыс деп атайды. Заттық мазмұны бойынша бұл тұтыну заттары мен құрал-жабдықтардың бір белгінің жиынтығы, түпкі пайдалану фазасында тұтыну қоры мен жинақ қорын құрайды. Ұлттық табыс (Ұ.Т.)  Табысты бөлудегі теңсіздіктер мен мемлекеттің әлеуметтік саясаты 70-жылдардың соңы мен 80-жылдардың басында мемлекеттің реттеудегі жаңа кенсиандық қозғалыс («Рейгономика», «тетчеризм») тұсында тағы да қызу теориялық таластар туғызды. [12.281] Проблеманың маңызы мынада: қайта бөлу процесстеріне  мемлекеттің араласуының шегі бар ма? Трансферттік төлемдер көлемі өскенде жалпыэкономикалық қызметтің тиімділігі төмендемей ме? Үдемелі салық ставкасының өсуі кәсіпкерлікке деген ынтаны жоймай ма? Әлеуметтік бағдарламалардың көбеюі әлеуметтік мысалдар тобын өсірмей ме?

Жоғарыда аты аталған американ экономисті П.Хейне мынаны көрсетед: желкенді қайығы барлар шынында да бай адамдар, қоқыс салынған жәшікті ақтарғандар жарлы адамдар. Бірақ егер жаңа ереже бойынша желкенді қайықтың иесіне қоқыстағы мүсәпірлер қоры үшін деп жылына 10 мың доллар арнайы салық салынса және әлгі қордан әрбір жарлы адам жылына 2000 доллар көмек алатын болса, онда мынадай жағдай туады: тіркелген желкенді қайықтар иелерінің саны азаяды, өзін “қоқыстанмын”, жарлымын дегендердің саны жедел өседі.

Табыстағы теңсіздік едәуір дәрежеде күн заңының (бағалық зиянының) объективті әрекетінен туындағанын ұмытпау керек. Табыс дифференциясын (әрекелкілігін) түгел жоюға тырысу рыноктық мехнизмді қиратумен тең.

Қайта бөлу процестерінің көлемі әр түрлі еодерде түрліше, бірақ Швецияда оның шеңбері ке. Мысалы, егер бұл елдегі өндіріс афкиорлары бойынша табысты бөлуші алып, үй шаруашылығының 10 тобына топтастырғанда (53-суретте халықтың 20% емес, 10%) онда мынадай қорытынды шығады: үй шаруашылығының жалпы табысы жоғары 10%-тік топта халықтың төменгші 10%-не қарағанда шамамен 100 есе көп болды. Бірақ қолджағы табысты алсақ (салықты төлегеннен кейін) онда үй шаруашылығының жоғары және төменгі топтарының айырмасы едәуір аз көлемде, артығы 100 есес емес, 4 есе болды. Мұндай қайта бөлудің көлемі швед экономистерінің белігілі күмәнін туғызды, жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жалақыдағы айырмашылықтардың азаюы (салықты төлегеннен кейін) еңбек рыногының  динамикасын төмендетті. [4.35]

Соымен рынок шаруашылығындағы мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық негізі өте нәзік құрал болуға тиіс, бір жағынан, ол әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және әлеуметтік шиеленісті жұмсартуға көмектессе, екінші ждағынан кәсіпкерлік пен жоғары тиімді еңбекті ынталандыруға салқынын тигізбеуі қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

2.1 Ұлттық экономика дамуының стратегиялық басымдылықтары

 

 

Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы (бұдан әрі Стратегия) 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттің мемлекеттік экономикалық саясатын қалыптастырады және экономиканы жеделдетілген жаңғырту әрі әртараптандыру және оны дамытудың шикізаттық бағытынан қол үзу және Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жоғары технологиялар индустриясын қалыптастыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізуге бағытталған.

Мемлекет дамуының ұзақ мерзімді басылымдылықтарын жария еткен негіз қалаушы құжат елдің 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын айқындап берген Қазақстан Республикасының Президентінің 1997 жылғы 11 қазандағы «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының жақсаруы» атты Жолдауы болып табылыды.

Стратегия Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан кәсіпкерлерінің оныншы форумындағы «Елдегі жағдай туралы және 2002 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы» Қазақстан халқына Жолдауына, Мемлекет Басшысының «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс алдында. Қазақстанньң әлемнің бәсекеге барынша кабілетті елу елдін қатарына кіру стратегиясы» атты 2006 жылғы 1 наурыздағы және «Қазакстан-2030» стратегиясы» Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде. Біздің ішкі және сыртқы саясатымыздың 30 маңызды бағыттары» атты 2007 жылғы 28 ақпандағы Жолдауларына, «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан әрі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005-2007 жылдардағы жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (Іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарының 61-тармағына және «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005-2007 жылдардағы жыл сайынғы жолдауларын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 — 2009 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 каулысьның 231-тармағына сәйкес әзірленді.

Мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясаттың негізгі мәні әлемдік нарықтағы белгілі бір тауарлалардағы экспортқа бағытталған экономиканың шикізаттық емес салаларында және инновациялық секторда бәсекеге қабілетті ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетулер өндірісін кұру және дамыту болып табылады.

Индустриялық саясат деп мемлекет олар арқылы бәсекеге қабілетті және тиімді ұлттық өнеркәсіпті және жоғары технологиялар индустриясын қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасайтын және қолдау көрсететін шаралар кешені түсініледі.

Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған дамуының стратегиялық жоспарында белгіленген мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс.

Стратегияны табысты іске асыру 2015 жылға қарай ел экономикасы сервистік-технологиялық дамуға көшуге дайындалуға тиіс.

Стратегияда қойылған мақсаттарға тиімді қол жеткізу үшін олардың шеңберінде Стратегияны одан әрі жүзеге асыру күтілетін жаңа экономикалық шарттарды ескере отыра, оны іске асыру тетіктерін сапалық жағынан жаңадан толықтыру және экономиканы одан әрі жаңғырту, экономиканың барлық салаларын және адами капиталды қарқынды дамыту жөніндегі мемлекеттің кешенді күш-жігерін айқындау талап етіледі, Стратегия индустриялық-инновациялық дамудың және экономикалық саясаттың индустрияландырудан кейінгі және үдемелі инновациялық жағына қарай экономика кұрылымындағы сапалы өзгерістерді жүргізуді қамтамасыз етуге жұмылдырылған мемлекеттің барлық қолда бар ресурстық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға негізделген саяси, экономикалық және ұйымдық-құқықтық шараларының, қағидаттардың, басымдықтардың жиынтығын білдіреді.

Осы құжат ұлттық маңызы бар өндірістік, энергетикалық, инженерлік, көліктік-коммуникациялық және әлеуметтік инфрақүрылымды үлесімді дамытуға бағытталған мемлекеттік инвестициялардың (мемлекеттік даму институттары мен ұлттық компаниялардың қаражаттарын қоса алғанда) негізгі басымдықтарын айқындауға мүмкіндік береді.

Қазақстан экономикасының дамуындағы жалпы оң элеуметтік-экономикалық әсерге қол жеткізу үшін Стратегияда жазылған негізгі макроэкономикалық болжамдар қайта қаралған және түзетілген. Осыған байланысты мынадай бөліктерде Стратегияны жүйелі түрде күшейту болжанады:

— сандық және  сапалық түпкі деректерді  айқындай  отырып, нақты мақсатты индикаторлар — Стратегияның әрбір бағыты бойынша бағдарларды айқындау;

— мониторинг   тетіктерін   регламенттеу   және   оларға   қол   жеткізуді бақылау;

— белсенді мемлекеттік қолдауды жүргізу және ел экономикасындағы инновацияның пайда болу, оны тарау және пайдалану тетіктерін реттеу;

— шикізаттык емес экспортты қолдау шаралары;

— «Қазына»   орнықты   даму   қоры»   АҚ,   «Самұрық»   мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ, «ҚазАгро» АҚ, «Самғау» АҚ, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құруды және оларды дамытуды,   сондай-ақ   бизнестік   ортаны   жақсартуды   және   кәсіпкерлікті дамытуды   ескере   отырып,   индустриялық-инновациялық   даму   саясатын жүргізудің   әрбір   «құралының»   рөлін   айқындау   әрі   нақтылау   жолымен мемлекеттік-жеке меншік серіктестік;

— өңдеуші .өнеркәсіпке және қызметтер көрсету саласына инвестициялар тартуды ынталандыру және Қазақстан экономикасын әртараптандыруды әрі 2015 жылға қарай жоғары бәсекеге кабілеттілікті және Қазақстанның әлемнің бәсекеге кабілетті елу елідің қатарына кіруін қамтамасыз етуге қабілетті «серпінді» макрожобаларды іске асыру. Бұл шикізаттық емес сектордың «серпінді» жобалар іске асырылатын салалық басымдықтарын және экономиканың басым салаларын айқындауды болжайды;

— қызметі  ел  экономикасы  үшін  айтарлықтай  қосылған  кұны  мен мультипликативтік әсері бар, сатулардың үлкен мөлшерлерін генерациялауға қабілетті ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетулердің бәсекеге қабілетті және ресурс үнемдейтін өндірістерін құруға бағытталатын экономиканың басым салаларындағы    корпоративтік    көшбасшыларды    дамыту.    Корпоративтік көшбасшылар ұзақ мерзімді жоспарда өңірлік және жаһандық экономиканың бәсекелі «ойыншылары» болуға тиіс деп болжануда.

Стратегия Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін және ел азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі мемлекет пен жеке меншік сектор күш жігерінің кешенділігі мен біртұтастығын қамтамасыз етуге және елдің  экономикалық дамуында сапалы серпіліс негізін жасауға танылған.

Стратегияда белгіленген іс-қимылдар ұзақ мерзіміді даму стратегияларын және экономика мен кәсіпкерлік сектордың шикізаттық емес секторы, сондай-ақ сыртқы инвесторлар, ұлттық холдингтер мен даму институттары салаларының мемлекеттік бағдарламаларының (жоспарларын) әзірлеу және жүзеге асыру кезінде бағдар болуға тиіс.

Сонымен қатар, таяудағы 10 жылда Қазақстанның әлемдік шаруашылықтың жаһандық жүйесіне, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіруі жөніндегі стратегиялық міндеттер қол жеткізудің жолдарын іздеу үшін елдің қазіргі дамуының логикасы сияқты, әлемдік дамудың анағұрлым кең, жаһандық контексі қоятын қағидаттық жағынан жоғары міндеттер қояды. Қазақстан әлемдік нарықтардағы өткір бәсекеге дайын бола алады және болуға тиіс, ал оның одан әрі дамуы жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.

Қазіргі замаңғы әлемдік экономика мен жаһандану құрылымы оған қатысулар үшін жаңа қатаң әрі бәсекелі талаптар қояды. Қазақстан үшін жаһандық өндірістің шындықтары мен қыр көрсетулерді сезіну қажет, онда бірінші кезекте дамыған елдер мен трансұлттық корпорациялар өз мақсаттарын қудалай отырып, өндірістің әлемдік тізбегінде үстемдік жағдайын сақтап қалуда ресурстар үшін күрес жүргізеді. Бұл технологиялар дамыған елдердің қолында болатын, ал шикізатқа бай елдер қудалаушылар рөлінде қалатын қалыптасқан жағдайға әкеледі. Әлемдік тұтыну мен өндіру орталығының  Бразилия, Ресей, Индия және Қытай сияқты елдерге ауысу жағдайында дамушы елдер үшін өзінің маңыздылығы мен әлеуеті жағынан көптеген елдер үшін Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін экономиканы индустрияландыру, көтеру және әлемдік табыстарды бөлуге тең құқылы қатысушы болу үшін қалыптасқандарға тең жағдайлар қалыптасқан.

Қазіргі заманғы өнеркәсіптік саясаттағы маңызды рөл корпоративтік басқаруға тиесілі. Бүл ұғым кәсіпкерлік ортасы корпорациялар туралы заңдармен, бағалы кағаздар инвестмциялар шығару және оларды пайдалану саласындағы ережелерлмен, қор нарығының жұмыс істеу рәсімдерімен, бухгалтерлік есеп стандарттарымен және салық заңдарымен реттелетін фирмалар мен баска да экономикалық субъектілер арасындағы күрделі өзара қарым-қатынас жүйесін танытады. Корпоративтік басқару инвесторлардың шешімдеріне және өз кезегінде капиталдың тиісті ағындарына әрі ресурстарды орналастыруға таралатын тәуекелдер, жаңа технологиялар мен «адами капиталға» инвестициялар саласындағы фирмалардың стратегиясына әсер етеді.

Осылайша, мемлекет пен трансұлттық компаниялар тандемі — салалар мен экономиканың тиісті сегменттерінде ірі компанияларды дамыту стратегиясымен байланыстырылған салааралық кешендерді дамыту стратегиясын әзірлеу.

Стратегияның мұндай келісілуі индустриялық саясатты іске асыру тиімділігі мен сапасын арттыруға, перспективалық ңарықтық тауашаларды, экономикалық дамудың ұзақ мерзімді болжамдарын айқындауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, бұл тәуекелдерді айтарлықтаи кыскартуға және компанияларды инвестициялық жоспарлау көкжиегін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік болжау жүйесі серпіліс нүктелерін іздестіреді, болашақ неғұрлым тиімді нарықтарды, сұраныс пен технологияларды дамыту перспективаларын айқындайды, тәуекелдерді талдауды жүргізеді. Мұндай жүйе бизнеске инвестициялық және зияткерлік ресурстарды қайда шоғырландыру қажеттігін айтады.

Қазіргі уақытта жер шары халқының шашамен үштен бірін қамтитын индустрияландырудың кезекті кезеңі байқальп отыр. Болашақ әлемдік державалар күшті протекционизм, колониялар үшін күрестегі тірі бәсеке, әскери әлеуетті үстемелеу мен соғыс жағдайында дамыған 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басындағы индустрияландырудың бастапқы кезеңдеріне қарағанда    қазіргі    заманғы    кезең    серпінмен    ерекшеленеді.        Әлемдік жаһанданудың, әлемдәк сауда нарығының, капитал мен еңбек ресурстары ұлтқырлығының мүлдем басқа жағдайы кезінде бір кездері он жылдықтарға созылған процесс қазір бір үкімет шеңберінде жүргізілуде. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, индустриалдық дамудың қазіргі замаңғы процесінде мемлекет шешуші рөлге ие. Мысалы, ірі металлургиялық зауыттар салу туралы шешімдер макроэкономикалық немесе геосаяси міндеттерді негізге ала отырып қабылданады. Шикізат базасын игеру және дамыту мемлекеттің бақылауымен және қатысуымен жүргізіледі. Жобалардың бастамашылары ретінде трасұлттық корпорациялар да танылса да, кәсіпорындарды салу тәуекелдерді төмендетудің тиімді тәсілі болып табылатын ел мұқтаждарын ескере отырып, мемлекеттік деңгейде келісімдер жасасумен қатар жүргізіледі. Ұлттық экономика мүддесіне индустриаландыру туралы шешімдер экспортқа бағдарланған тиісті өңдеуші өнеркәсіп енді қалыптасып жатқан кезеңде қабылдануға тиіс. Осының салдарынан нарықтық тетіктер негізіндегі даму мүмкіндіктері анғұолым шектелген, сондықтан мемлекеттің белсенді қатысуымен жүргізіледі.

Қазіргі экономиканың нарықтық жағдайда дамуы елджің экономикалық әлеуетінің бәсекеі басымдықтарымен қатар нарыққа беймделуідің әр түрлі мүмкіндіктермен байланысты олардың кемшіліктерін де анықтайды. Бұл шикізаттық емес сектордың жекелеген салаларында, оның ішінде өнеркәсіпте өндірістің айтарлық құлдырауына және ұюына әкеледі, экономиканың нақты секторы салаларының шикізат экспорты жағына қарай тепе-теңдігі шиеленісе түседі.

Қазақстанның әлемдік шаруашылық жүйесіне белсенді кіруін әлемдік және өңірлік ебек бөлінісндегі Қазақстанның тар мамандануы, негізгі әлемдік тауар нарықтарынан алшақтығы тежейді, бұл бірінші кезекте, сыртқы нарықтарда шығуды қамтамасыз ететін көлік-коммуникациялық инфрақұрылымның дамымағанымен шиеленісе түседі.

Осыған байланысты, Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі экономикалық саясаттың басты басымдығы ретінде мемлекет мақсаты дамудың шикізат бағытынан қол үзу жағына қарай экономиканы әртараптандыру және сервистік-технологиялық экономикаға көшуге дайындалу жолымен елдің орнықты дамуына қол жеткізу болып табылатын Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының негізінде экономиканы және жоғары технологиялар инновацияларын индустрияландыру жолын таңдап алды.

Соңғы жылдардағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері орнықты экономикалық өсудің болуын және халықтың әл-ауқатының артуын растайды. Сонымен қатар, қабылданған шараларға қарамастан, ел экономикасында бірқатар міндеттер мен проблемалар шешусіз қалғандығын куәландыратын кейбір үрдістер байқалады.

2007 жылы елдің ЖІӨ  көлемі 12,1 трлн. теңгеге жетті. 2007 жылдың қорытындылары бойынша халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 6,2 мың АҚШ долларын құрады.

         Сонымен қатар, ЖІӨ-нің жалпы көлеміндегі өңдеуші өнеркәсіптің үлесін төмендетудің теріс үрдісі сақталуда. Егер 2003 жылы бүл мән 14,2 %-ды кұраса, 2007-жылы өңдеуші өнеркәсіптін 12 %-ға дейін, ал 2008-жылдың қорытындылары бойынша — 11,6 %-ға дейін төмендеді.

Өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі өндеуші саланың үлесі 2003 43,3 %-дан  2008 жылы 36,6 %-ға төмендеді.

Жоғарыда аталған серпін тау-кен өндіру секторының жалғасып келе жатқан қарқынды өсуінің және өндеуші өнеркәсіптің өсу каркынын сонымен бір уақытта тежеу салдары болып табылады:

2002 жылы өңдеуші өнеркәсіптегі тұрпатты көлем индексі 8,1 %-ды,   2003 жылы — 7,9 %-ды, 200^жылы — 9,2 %-ды, 2007 жылы — 7,6 %-ды және 2008 жылы — 6,9 %-ды құрады. [22.83]

                                                                                                                   1-кесте

 

Республикалық бюджет шығыстарының көлемі мен құрылымы      

Атаулары

Млн. тг

%

Шығыстар

773893

100

Шығындар

734809

94,9

 1.Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсетулер

44066

5,7

2. Қорғаныс

40435

5,2

3.Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік

73822

9,6

4.Білім беру

23241

3

5.Денсаулық сақтау

19105

2,5

6. Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек

202043

26,1

7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

10321

1,3

8.Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

12879

1,7

9. Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану

8486

1,1

10. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау

43040

5,6

11. Өнеркәсіп және құрылыс

1395

0,2

12. Көлік және байланыс

59663

7,7

13. Басқалар

68345

8,8

14. Борышқа қызмет көрсету

34338

4,4

15. Ресми трансферттер

93630

12,1

Несиелер

39085

5

Дthtr  көзі: Статистикалық көрсеткіштер 2008

 

 

Стратегияның I кезеңін іске асыру нәтижесінде қызметі шикізаттық емес секторда жаңа жоғары технологиялық және экспортқа бағдарланған өндірістер құруға, ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамыту үшін инвестициялар тартуға, сондай-ақ бірлескен жобаларды қаржылық және техникалық сүйемелдеуді камтамасыз етуге бағытталатын бірқатар даму институттары қүрылған. Даму институттары экономиканың шикізаттық емес секторын ірі маркетингтік зерттеулерді жүргізді, оньщ ішінде экономиканың жекелеген секторларында өнімділік деңгейін арттырудың иегізгі факторларын айқындады. Стратегияны табысты іске асыру 2015 жылға қарай ел экономикасы сервистік-технологиялық дамуға көшуге дайындалуға тиіс.

Стратегияда қойылған мақсаттарға тиімді қол жеткізу үшін олардың шеңберінде Стратегияны одан әрі жүзеге асыру күтілетін жаңа экономикалық шарттарды ескере отыра, оны іске асыру тетіктерін сапалық жағынан жаңадан толықтыру және экономиканы одан әрі жаңғырту, экономиканың барлық салаларын және адами капиталды қарқынды дамыту жөніндегі мемлекеттің кешенді күш-жігерін айқындау талап етіледі, Стратегия индустриялық-инновациялық дамудың және экономикалық саясаттың индустрияландырудан кейінгі және үдемелі инновациялық жағына қарай экономика кұрылымындағы сапалы өзгерістерді жүргізуді қамтамасыз етуге жұмылдырылған мемлекеттің барлық қолда бар ресурстық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға негізделген саяси, экономикалық және ұйымдық-құқықтық шараларының, қағидаттардың, басымдықтардың жиынтығын білдіреді.

Қазіргі экономиканың нарықтық жағдайда дамуы елджің экономикалық леуетінің бәсекеі басымдықтарымен қатар нарыққа беймделуідің әр түрлі мүмкіндіктермен байланысты олардың кемшіліктерін де анықтайды. Бұл шикізаттық емес сектордың жекелеген салаларында, оның ішінде өнеркәсіпте өндірістің айтарлық құлдырауына және ұюына әкеледі, экономиканың нақты секторы салаларының шикізат экспорты жағына қарай тьепе-теңдігі шиеленісе түседі.

Ақпараттық технологиялар паркі, Ядролық технологиялар паркі, Биотехнологиялар паркі құрылуда, Алматы, Қарағанды, Орал қалаларында өңірлік технопарктер жүмыс істеуде. Индустриялық-инновациялық саясаттьң бұл бағытының Қазақстан экономикасын саналы жаңа деңгейге көтеру жөнінде үлкен әлеуеті бар.

Технопарктерді дамытудың табысты мысалы Индия болып табылады. Елде 35 мемлекеттік және 25 жеке меншік технопарктер жүмыс істейді. Олардың барлығы жергілікті салықтардан және импорт салығынан босатылған, сондай-ақ шетелдік капиталды жүз пайызға қатыстыруға рұқсат алған. Технопарктердің бірқатары ақпараттық технологияларды дамыту орталығы (ІТ-орталықтар) болған. Өндірілетін өнім экспортьның жартысы жергілікті тарифтер бойынша жүзеге асырылады, ал кедендік тазарту мен экспорттық сертификаттау орталықтан жүргізіледі. Сенімді байланыс желілері және бірінші сыныпты халықаралық стандарттау, сапаны сынау әрі бақылау инфрақұрылымы құрылған. Мемлекет саланы түтастай қолдай отырып, жеке меншікке араласпайды, өзіне халықаралық нарықтағы қатаң бәсекеге төтеп беруге қабілетті өнімнің экспортына көмек көрсету құқығын ғана калдырған.   Нәтижесінде сала кірістері 2004 жылдың өзінде 22,1 млрд. АҚШ долларын құрады (1998 жылы олар 6,5 млрд. АҚИІ долларын құрады -6 жыл ішіндегі өсім 3,4 есені құрады). [23.81

Қазақстанның ДСҰ-ғы кіруі жөнінде келіссөз процесі жүргізілуде, отандық     компаниялардың          150     сериясының     халықаралық     сапа

стандарттарына көшуі жүзеге асырылуда, елдің инвестициялық салық заңдары жетілдірілуде, кластерлік бастамалар іске асырылуда. Сонымен қатар, жүргізілген жұмыстарға қарамастан, Стратегияның негізгі мақсаты шикізаттық емес бағыттан қол үзумен сүйемелденетін экономика салаларын әртараптандыруға әлі қол жеткізілген жоқ.

Бастапқыда инвестициялық және инновациялық ұсыныстар шикізаттық емес салаларда өндірілетін тауарлар мен қызмет көрсетулердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталады деп болжанған. Практика көрсеткендей, қазіргі уақытта инвестициялардың, оның ішінде шетелдік инвестициялардың ең үлкен үлес салмағы әлі күнге мұнай-газ секторына бағытталған.

Даму институттары жұмысының тәжірибесі жүйелік сипаттағы бірқатар проблемаларды анықтады. Корпоративтік баскару жүйесін жетілдіру шеңберінде экономиканың, әр түрлі салаларында инвестициялық және инновациялық белсенділікті дамыту және ынталандыру институттары «Қазына» ОДҚ» АҚ құрыльмын кұрған болатын. Дегенмен, мыналармен:

— кредиттерді қайтару және карыз алушылардың кредиттік қабілеттілігін қамтамасыз ету проблемасын тудыратын шаруашылық жүргізуші                    — субъектілерді төмен капиталдандырумен;

— ұзақ мерзімді инвестициялық кредит беру нарығының дамымағандығымен;

— отандық кәсіпкерлердегі инвестициялық менеджменттің төмен деңгейімен;

Өнеркәсіпті табысты дамыту үшін қажетті тиісті инфрақұрылымның дамымағандығымен байланысты экономика секторларын қаржыландырудағы бар проблемаларды шешу үшін жалғыз бір шара жеткіліксіз. Даму институттары қаржыландыратын жобалар көбінесе сыртқыға қарағанда, ішкі нарыкқа бағдарланған. Қазіргі сәтке шетелде казақстандық өнімді жылжыту мен ұстанымдандырудың жүйелі тетіктері көзделмеген.

Консалтингтік қызмет көрсетулердің отандық нарығы дамымай қалып отыр.

Қазіргі бар ескі және тиімсіз өндірістердің орнына ғылымды қажетсінетін әрі жоғары технологиялық өндірістер кұруды ынталандыру Стратегияның негізгі бағыттарының бірі болып табылады, бірақ бұл жерде әзірге нақты нәтижелерге кол жеткен жоқ. Қолда бар жекелеген ғыльми әзірлемелерге қарамастан, Қазақстанның казіргі заманғы ғылымы кеңестік үлгідегі моральдық жағынан ескірген ғылыми-өнеркәсіптік базасымен, сапалы мамандар санының аздығымен, көптеген процестердің (лицензиялау, сертификаттау, патенттеу) артық төрешілдікпен сипатталады.

Эксперименттік өндіріске арналған желілер жоқтың қасы, осылайша отандық   өнеркәсіптік   өндіріске   жаңа   әзірлемелер   енгізу   мүмкін   емес. Мысалы, 2001 жылдан бастап жыл сайын нәтижелер алынған биотехнологиялар бойынша ғылыми зерттеулер жүзеге асырылады. Дегенмен технологиялык желілердің болмауына байланысты оларды өндіріске енгізу мүмкін емес. Осылайша, Стратегияны іске асырудың өткен кезеңі ішінде ғылымнан бастап өнім өндіруге дейінгі бүкіл процесті коммерцияландыру үшін жағдайлар әлі жасалған жоқ.

Бұл проблемалар ғылымды қаржыландыру көлемінің жеткіліксіздігіне және оларға орай болатын шығыстарға байланысты екендігі белгілі. «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылымға жұмсалатын шығындар шамамен ЖІӨ-нің 0,14 %-ын құрайды, бұл тым жеткіліксіз. [24.7] Ғылымды жеке меншік секторы тарапынан қаржыландыруды жандандыру болған жоқ. Индустриялық-инновациялық стратегияны табысты іске асырудың ажырамас шарты сапалы адами капиталдың болуы болып табылады. Дегенмен, жұмысшы кәсіптерінің «шеберханасы» — кәсіптік-техникалық мектептердің материалдық-техникалық және әдістемелік базасы өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап іс жүзінде жаңартылмаған.

Стратегияны іске асыруда жоғарыда аталған кемшіліктер белгілі бір дәрежеде индустриялық және инновациялық даму процесін қадағалауға мүмкіндік беретін барабар статистика жүйесінің болмауына байланысты.

Жоғарыда жазылғандардың негізінде, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі мақсаттарға тиімді қол жеткізу үшін Стратегияға:

— стратегияны іске асыру тетігін сапалық жағынан жаңадан толықтыруға;

— ғылымның өндіріс процесімен және одан әрі нарықпен байланысының пәрменді тетіктерін енгізуге;

— стратегияны іске асыру барысын қажетті статистикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді айкындауға;

— стратегияның әрбір бағыты бойынша бағдарлар — нақты мақсатты индикаторлар қатарын, сондай-ақ оларға қол жеткізу мониторингі мен оларды бақылау тетіктерін қосуға;

шеңберінде Стратегияны одан әрі іске асыру күтілетін жаңа экономикалық жағдайларды есепке алуға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Қазақстанньң өңірлік және жаһандық экономикаға ықпалдасу және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру процестерін жандандыру жаһандықта жекеше контекстердегі басым мақсаттарды айқындауды талап етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Ұлттық экономика бәсекелестік қабілетін арттыру

 

 

Жаһандану жағддайындағы соңғы он жылдықта ұлттық экономиканың әлемдік  деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігі мәселесі одан әрі күшейе түсуде. Шектелген ресурстарды тиімді пайдалануға деген қажеттіліктің артуы, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, жаһанды бәсеке қысымының үдеюі жағдайда мемлекеттің экономика қауіпсіздігі ең алдымен оның технологиялық бәсекеге, басқаша айтқанда жаңа білімді жедел өндіру, ендіру және бейімдеуге қабілеттілігімен анықталады. Қазіргі әлемдік экономикада технологиялық инновациялар шын мәнінде «жетекші өндіргіш күшке», экономикалық  өсу қарқындарын және мемлекеттің салыстырмалы экономикалық қуаттылығын анықтаушы негізгі бәсекелестік құралға айналды. 

БҰҰ – ның өнеркәсіптік даму Ұйымының 2002 жылы баяндамасында дымыған және дамушы елдер арасындағы өнеркәсіптік және бәсекеге қабілеттілік деңгейлерінің тұрақты ұлғаймалы алшақтылығы, оның туындайтын қауіптері қарастырылып, экономикалық либерализм және жаһандану өздігімен бұл мәселені шеше алмайтындылығы айтылады. Аталған мәселенің өткірлігін жеңілдету үшін БҰҰ сарапшылары дамушы елдерге «бәсекеге қабілеттіліктің жоғарғы жолымен» дамуды, яғни әлемдегі жаңашыл білім мен технологияларды жедел меңгеру, өзіндік ҒЗТКЖ және инновациялық өндірісті дамыту арқылы бәсекелестік артықшылыққа және экономикалық өсуге жетуді ұсынады. Мұндай перспективалы стратегия кең тараған «бәсекеге қабілеттіліктің төменгі жолына», яғни дамушы елдердің әлемдік рынокка  арзан еңбектік және табиғи ресурстарды беру арқылы шетелдік инвестицияларды тарту арқылы шығуына қарама қарсы қойылады.

Белгілі американдық экономист М.Портердің пікірінше, дамушы елдер өз дамуында бәсеке тәсілдеріме ерекшеленетін үш сатыдан өтеді. «Өндіріс факторымен жүргізілетін экономикада» бәсекелестік артықшылық негізінен өндіріс шығындары элементтерінің құнына тәуелді. «Инвестициялармен жүргізілетін экономикада» бәсеке ең алдымен өндірістің техникалық тиімділігін арттыруға негізделеді. «Инновациялармен жүргізілітін экономикада» тұтынушылар үшін неғұрлым жаңа, жоғары құндылықтарды, яғни тұтынушылар анағұрлым жоғары ақыны төлеуге дайын жаңа өнімдер мен қызметтерді жасау аса маңызды. Инновациялық өнімінің бағасын төмендету міндетті емес, оны бәсекелес кәсіпорынның шығындарымен пара пар ұстауға болады.

Дамушы елдердің көпшілігі алғашқы екі сатыда қала отырып, бәсекеде тек «төменгі жолмен» ғана ұтымға жете алады. Қазақстанның да экспортты өнімдерді қазірге дейін әлемдік рынокта негізінен төмен шығындарымен ғана ұтады.

Әлемдік экономикалық форумның сарапшылары алғаш рет елдердің бәсекеге қабілеттіліктеріне  талдау жүргізеді. Зерттелген 117 мемлекеттердің қатарында алғаш рет Қазақстан қамтылып, аталған көрсеткіш бойынша ҚР ТМД- ның барлық мемлекеттерінен озық 61-ші орында болды (Ресей – 74 орында). Елдің әсекеге қабілеттілік потенциялын анықтауға негізгі үш фактор құрастырылды: технологиялық бәсекеге қабілеттілік, макроэкономикалық орта, қоғамдық институттар. Басқалармен аслыстырғанда, технологиялық бәсекеге қабілеттілік деңгейі қазіргі уақытта ұлттық экономиканың неғұрлым әлсіздеу тұсы болғандықтан оның өзектілігі артуда.

Осы ретте, ҚР Үкіметінің ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыруға бағытталған жаңа экономикалық саясаты белгіленіп, 2003-2015 ж.ж. индустриалды – инновациялық даму Стратегиясының басты мақсаты шикіаттық бағыттан сервистік – технологиялық экономикаға көшу ретінде айқындалды. Қазақстан дәстүрлі шикізат өндірісін есептемегенде, кемінде тоғыз салалық  сегментте бәсекеге қабілетті екендігі әлемдік деңгейдегі сарапшылар жүргізген жұмыстар нәтижесінде анықталып, құрылыс материалдарын өндіруші, туристік, жеңіл өнеркәсіп, жиһаз өндірісі, тамақ өнеркәсібі, инвестициялық банк қызметтері, жүк тасымалдау, тау-кен өндірісі үшін құралдар өндіруші сала, металлургия саласының кластерлік үлгіде дмыту бағыттары белгіленеді.

Ұлттық инновациялық қор және капиталдың бірігуімен жиынтық жарғылық қоры 85 млн.  Долларды құрайтын 5 венчурлық қор құрылды. Индустриалды – инновациялық даму стратегиясы шеңберінде Қазақстанда технопарктер  жасақталуда. Мысалы, «Ақпараттық технологиялар паркі» («Аlatau IT Sity») телевизорлар мен мониторлар өндірісі жолға қойылмақ, атап өтерлік ерекшелігі  — бұл жаңа өндіріс «тетіктерді жинауға»  ғана бағытталмайды, керісінше арнайы зертханасы  және өндірістік адандарында қажетті бөлшектері өндіріледі, шетелден тек матрица ғана әкелінбек. «Alatau IT Sity» технопаркік құруда Microsoft, Hewleet Packard, Samsung , Cisco systems сияқты басқа да әлемде әйгілі компаниялармен келіссөз жүргізуде.

Тағы да төрт технопарк Өскемен, Шымкент, Петропавл және Астанада құрылды. ШҚО- дағы технопарк тау-кен металлургиясы, жаңа металл өндірісіне, СҚО-дағы машина жасау және ауыл шаруашылығы өндірісін қайта өндеуге маманданса, ОҚО-дағы технопарк мұнай өндеуші және металлургиялық өндіріспен, ал Астанадағы парк аграрлқ сектор, құрылыс және тамақ өнеркәсібімен айналысады.

Қазір Қазақстанда үш пилотты аумақтық технопарк қызмет етеді: Олардағы ЖШС «Алгоритм» паркі (мұнай өндіруші салалар үшін машина жасау, металл өңдеу) , Қарағанды облысындағы ЖШС «UniScien Tech»  паркі (тау-кен металлургиясы , химия, экология)  және «Алматы аумақтық технопаркі» ЖШС (құрылыс, жаңа металдар, энергетика). [25]

Алайда осындай технопарктерді құруда ұлттық экономика үшін технологиялар тәуелділікпен гөрі экономикалық тұрғыда тиімдірек технологиялық өзара тәуелділікті қалыптастыруға ұмтылу қажет. Себебі, ТҮК кен қолданатын экономикалық бәсекелестіктің қазіргі стратегиясы – халықаралық өндірісті тізбектеп жасау. Бұл тізбектің шеңберінде өнеркәсіптік өндіріс операцияларының басым бөлігі өндіріс шығындары салыстырмалы түрде төмен, әсіресе еңбек ақы деңгейі төмен дамушы елдерде жүргізіледі. Ал неғұрлым білім сыйымдылығы және еңбек жоғары қызметтер (ҒЗТКЖ), тауар маркаларын жасау және пайдалану, рынокты зертгеу сияқты қызметтер жоғары білікті мамандарға ие дамыған елдерде шоғырланған. Аталған халықаралық мамандану технологиялық түрғыда жетекші елдерге неғұрльм жоғары табыс деңгейін сақтауға, сондай-ақ халықаралық өндірістік тізбекке жаллы стратегиялық бақылау жасауға мүмкіндік береді.

            Нәтижесінде, кейбір деректер бойьнша, дамушы еллер зкспорттайтын өнеркәсіптік өнімдердің бағасы 1985- 1995 жылдар аралығында дамыған елдердегі өнім бағасымен салыстырғанда 25%-ға төмендеген. Персоналды компьютерлер, телевизорлар, басқа да тұрмыстық техниканың бағалары үнемі төмендеуде. Мысалы, компьютердің қатты дискісіндегі бір мегабайттың бағасы 1988 жылы 11,54$ болса, 2005 жылы — 0,45$ ғана болды. Аталган тенденция батыс экономика ғылымында «кедейленуші экономикалық өсу» ретінде қарастырылады, яғии өнеркәсіптік өндіріс, жұмысбастылық, экспорт колемінің, тіпті технологиялық деңгейдің артуына карамастан экономикалық қайтарымның төмендігі байқалады. [24]

             Демек, қазіргі әлемдік рыноктағы қалыптасқан бәсекелестік жағдай аса бай елдер жөне барлық басқа елдер арасындағы ғылым мен технология деңгейіндегі үлкен алшақтықтың үдемелі сипатымен кауіпті. Себебі, бұл алшактьқ интеллектуалды және қаржылық ресурстардың дамушы елдерден «кашуындағы» себептердің бірі.

             Осы ретте У. Баумольдың «сақталынатын» және «сақталынбайтын» бәсекелестік артықшылықтар концепциясы қызығушылық тудырады. Бүл концепцияға  сәйкес, жнынтық әлемдік табыстағы үлесін арттыру мақсатында ұлттық экономиканың құрыльмын жетілдіруші елдер үшін қосымша ресурстық салымдарды басқа кедей елдермен салыстырғанда бәсекелестік артықшылықтарды сақтау ықтималдылығы жоғары салаларға шоғырландыру тиімдірек. Бұлар әрине, білім сыйымдылығы жоғары, технологиялық үдерістерді үнемі жаңарту үшін персоналды оқытуға ірі қаржы салымдарын қажет ететін салалар болыл табылады. Себебі, білім сыйымдылығы жоғары салаларда алғаш рет игерілген бәсекелестік артықшылықтың ұзақ мерзімде «сақталыну» мүмкіндігі жоғары.

            Біздін ойымызша, мұндан артықшылықты қамтамасыз ететін мүмкіндіктер Қазақстанда жоқ емес. Мысалы, мүнаймен ластанған топырақ пен суды тазартатын «Перойл» биопрепараты, қуаңшылыкқа қарсы қарды тығыздау конструкциясы, ССК-76 «Қазақстан» бүрлеу техникасы, экологиялык мөселені шешуге және жанармайды үнемдеуге мумкіндік беретін жанармайдың толық жануы сияқты көптеген ғылыми жаңалықтар, жетістіктер патенттелген. [24] Олар ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылықтарының потенциалды мүмкікдіктерін қүрайды деуге болады.

            Алайда, технологиялық бөсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында тек ңақты ғылыми жобаларды, зерттеулерді қаржыландырумен ғана шектелуге болмайды. Ең алдымен ғылымның, ғылыми ізденістердің негізін нығайту бағытындағы жүйелі сипаттағы шаралар қажет.

           Ойымызды нақтьлай түссек, сөздік, математикалық, арнайы-ғьлыми формадағы ақпарат қоры ретіндегі ғылымның өнімі дербес күйінде техникалық – экономикалық  және экономикалық тұрғыда пассивті, индеферентті. Аталған өнім өндірістің кез келген саласында ңақты экономикалык ресурсқа оны менгеріп, шаруашылық, техникалық ғылыми және мәдени айналымға косатын білікті мамандардың іс-әрекеті арқылы ғана айналады. Демек ғылымның өнімі мамандардың білім, біліктілік, тажірибелік, дағды корьның жедел құрамдас бөлігіне айналу дәрежесіне байланысты ғана экономикалық ресурс маңыздылығына  ие болады. Бүл ғылымның жетістігі мен оның іс жүзіндегі игерілуі арасындағы уақыт легінің қысқаруьна әкеледі.

           Ғылымн жаңалықтардың таралу жылдамдығымен қатар, олардың ашылу жылдамдығы да маңызды. Бұл ғьлымның дамуында адам және әлеуметтік капиталдарға ие ғылыми қызметкерлерге деген қажеттілікті калыптастырады. Ғылыми ізденіске деген қызығушылықтың, дайьндықтың іргесі білім беру саласындағы еңбектің ынталаңдыру әсерлері және оқыту үдерісіндегі проблемалық, зерттеушілік әдістерді қолдану аркылы қаланады.

            Аталған жағдайлар ғылымның дамуы көп жағдайда қоғамдағы білім деңгейіне, демек, білім беру саласының қызметіне, оның даму дәрежесіне тікелей тәуелділігін байқатады. Осы ретте, ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру мақсатында ғылым мен білім беру салаларын пара пар, катар дамытудың өзектілігі арта түседі.

           Отандык білім беру саласының дамуында бірқатар оң шаралар жүзеге асырылуда. Олардың катарында білім беру ұйымдарын информатизациялау бағдарламасын, шағьн комплектілі мектептердің калпына келтірілуін, мектепке дейінгі міндетті дайындықты, білімнің элитарландырылуын, бірыңғай ұлттық тестілеудің енгізілуін, халықаралық білім беру стандарттарына сай ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуын, т.б. айтуга болады. Десек те, қазіргі дейін толық шешімін таппай жүрген мәселелер де баршылық.

            Солардың бірі — оқу орындарының материалды-техникалық жабдықталу деңгейі. Тіпті жетекші жоғары оқу орындарында да аудиториялық қордың таптшылығы, аудиториялардың оқытудың қазіргі заманғы теххіщкалық құралдарымен жарақтандырылмауы, қажетті  оқу одебиеіттерінің. әсіресе қазақ тіліндегі әдебиеттердің аздығы, түрмыстық — коммуналды жағдайлардың, жөндеу — безендірілу қызметтерінің жеткіліксіздігі байқалады, Мұның әлеуметтік-экономикалық салдарлары білім беру жүйесінің мазмұнына, қызметкерлердің сапалық параметрлерінің дамуына, демек, білім беру қызметінің сапасына теріс әсерінен көрінеді.

Психологтардың зертгеулеріне сәйкес, тындаған ақпараттың 10%-ы, көзімен керген нәрсенің 50%-ы, ал тікелей өздері жасаған іс-әрекеттің 90%-ы оқушылардың есінде калады. [25] Осыдан-ақ, аталған элементтердің оқыту үдерісіндегі, білім сапасын арттырудағы маңыздылығын байқауға болады. Оқыту үдерісінің техникалық кұралдармен жеткілікті деңгейде жаракталмауы оқытушы жауапкершілігінің, онын еңбек ауыртпалығыньң, психологиялық қолайсыздықтың артуына әкеледі. Осы саладағы жалақы деңгейін, оның оқутушылар табысының бірден бір көзі екендігін ескерсек, жоғарыдағы мәселслер олардың еңбек жағдайына канағаттанбауын, еңбек өнімділігінің төмендеуін, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жүмыстарьның токырауын тудыруы мүмкін. Бұл өз кезегінде мотивациялауға негізделетін сапа менеджментін жолға қоюды қажет етеді.

Аталған мәселелердің шешімін қаржы тапшылығына емес, қолда бар қаржыны тиімді бөлуден іздестірген жөн. Себебі, ақылы білім беру көлемі 2000-2005 ж.ж. 82,2-83,7 % аралығында ауытқыса, соң ғы үш жылда оқыту шығындары 55%-ға көтерілгені белгілі, оның үстіне оқу орындары қосымша ақылы қызметтерді ұсынуға құқылы. Осы ретте, оқу орындарының әрі қоғамдық институт, әрі коммерциялық емес ұйым ретіндегі әлеуметтік жауапкершілігін көтеру маңызды.

Қорыта келгенде, білім беру салдасындағы іс-әрекет технологиялық өркендеуді қамтамасыз етеді, өйткені білімге жұмсалған шығындар адам капиталын қалыптастыру, жетілдіру және жинақтау арқылы әкономиканың жаңа идеяларды өндіру қабілетін, оның ғылым сиымдылығы жоғары өндірістердегі салыстырмалы артықшыларын арттырады. Демек, ҚР-дың индустриалды-инновациялық даму стратегиясы мақсатының орындалуы, ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылықтарының мүмкіндіктері мен бағыттары түптеп келгенде осы саланың даму деңгейіне тәуелді деуге болады.

Президенттің Қазақстан халқын жыл сайын Жолдау арнау дәстүрі «Қазақстан стратегиясы — 2030» — дан басталады. Әрбір мұндай жолдау – біздің жалпы Стратегиямыздың құрамдас  бөлігі және біздің жолымыздың құрамдас бөлігі. Ал кейінгі жылдардағы Жолду «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің» белгісі болды. [25]

Менің пікірімше, елдің бәсекеге қабілеттілігі елдің әрбір азаматының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік туғызатын қолайлы жағдайлардың жиынтғымен анықталады. Адамдар туралы айтқанда, австралиялық экономист Йозеф Шумпетердің кәсіпкерге берген анықтамасы – кәсіпкер тек басқарып қана қоймайды, ол басқару жөнінде тың, ерекше шешімдер қабылдайды. Кәсіпкер жаңарту енгізеді және экономиклық тәуекелге беру үшін өзіне жауапкершілік алады.

«Дүниені өзгерткің келсе — өзіңнен баста» деген қанатты сөзді басшылыққа ала отырып, біздің әрқайсымыз бәсекеге түсуге және жеңіп шығуға көмектеседі. Біздің жалпы бәсекеге қабілеттілігіміз, түпкі нәтижеде, халықтың жақсы тұрмысына жеткізуі тиіс. Қазақстанның бәсекеге  қабілеттілігі ұлттың тек материалдық қана емес, рухани баюына да әкелуі тиіс. Экономиканың өркендеуімен бірге, соның ішінде мәдениет пен өнердің, қазақ тілінің, халқымыздың дәстүрлері мен өмірлік философиясының гүлденуі жүруге тиіс.

Ұтллың бәсекеге қабілеттілігі – бұл оның әрбір өкілінің бәсекеге қабілеттілігі, оның әзірлік деңгейі, білімі мен жеке басының дамуы. Елдің бәсекеге қабілеттлігі – бұл халықтың жақсы тұрмысы және оның әлеуметтік-экономикалық даму жеңгейі. Бұл арада динамикалық бағдарлама жасау принципі жұмыс істеуі керек: мақсатқа жету үшін қаржыны айқындау қажет.

Жаңа экономиканы құру – қиын да тәуекелді міндет. Оны шешу кезінде біз «2003-2015 жылдарға арналған Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму стратегиясына» арқа сүйейміз. Оның бірінші кезеңін жүзеге асыру отандық экономиканың құрылымы мен оның өсу динамикасын түбегейлі өзгертуге мүмкіндік берді. Стратегия мақсатына жету біздің экономиканың табиғи ресурстардың әлемдік бағасының коньюктурасына  тәуелді болу проблемасын шешеді, диверсификациялау арқылы экономиканың шикізат бағытынан бас тартуына жағдай туғызатын болады, сервистік – технологиялық экономикаға көшу үшін негіздер қаланатын болады. Біздің сарапшылардың есептеулері бойынша, индустриалды – инновациялық саясаттың жүргізілуі экономикалық өсу қарқынын кемінде жылына 8,8-9,2 пайыз көлемінде қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады. [23]

Сонымен қатар индустриалды -инновациялық даму Стратегиясы – бұл бар болғаны дайындық кезеңі ғана. Әлемде постиндустриалық қоғамның орналуы әлі аяқталып біткен жоқ. Қазақстанда әлі де секіріс жасап, индустриалды-дамыған елдердің қатарына кіру мүмкіншілігі бар.  Аталмыш стратегияны жүзеге асыру оқиға барысын күрт өзгертуі және елімізді осы секіріске дайындалуы керек болды. Осы арада біз бұл секірісті қайда бағыттауымыз керек деген негізгі мәселе бой көрсетеді.

Бір жағынан, қолда бар әлеуетті пайдалану қажет, себебі тірі қалу түйсігінің талап етуі бойынша Қазақстан «секіріс» жасау үшін тау-кен металлургиясы, ауыр өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы сияқты біршама дәстүрлі салдаларға, сондай-ақ – ядролық энергия мен жоғары технологиялар есебінен экономиканың өнімділігін арттыруға қарай жылжуымыз қажет. Мұның өзі экономика қабілеттілігі мен тұрақты экономикалық өсуге жетудің шешуші факторы болып табылады.

Онан әрі, 2008 жылдан бастап екінші онжылдық – Қазақстан 2020 стратегиясы бойынша жұмысты қолға аламыз. 2010 жылға дейінгі бірінші стратегиялық жоспарда  екі мақсат қойылды: бірінші – 2005 жылмен салыстырғанда ішкі жалпы өнімді екі есе арттыруға , екінші – бәсекеге қабілетті экономиканың негізін құру.  Егер де бірінші кезең – Қазақстан 2010 – дағдарыстан кейінгі жылдары басталып, «жылжымалы» үшжылдық мемлекеттік бағдарламадан тұрса, ал екінші кезеңде, экономикалық ахуалды анығырақ болжау кезінде, бізде Жапония мен Оңтүстік – Шығыс Азия елдеріндегі секілді дамудың бесжылдық жоспарларын қабылдау мүмкіндігі туады. Оның үстіне біздің экономикада көрсеткіштер деңгейінің көтеру және жаңа нысаналарды таңдау керек болды. Мысалы, еліміздің жалпы ішкі өнімін  2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 3,5 есе ұлғайту жоспарланды. Немесе 2015 жылы жан басына шаққанда ішкі жалпы өнімді 8-10 мың АҚШ долларына жеткізу керек, бұл Сауд Аравиясы мен Португалия және Испания секілді бірқатар Еуропалық елдердің деңгейімен біршама қатарлас келеді.

Қазір Қазақстан, «Қазақстан – 2030» Стратегиясын негізге ала отырып, өзінің алдына 10 жыл ішінде әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру жөнінде өршіл мақсат қойып отыр. Өткен жылдардағы стратегиялық  жоспарлаудың онды тәжірибесін пайдаланып, біз «әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті лу елдің қатарына кіру Стратегиясын» жасадық. Онда дамудың жеті басым бағыты айқындалды, олардың жүзеге асуы алға қойған міндеттерді шешуге жағдай туғызатын болады.

«Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көптарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те, өйткені олар біздің жаһандық экономикаға кірігуімізге көмектеседі, әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық – географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға сүйенеді. Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамасшылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілікі және бюрократиялық кедергілерді ысырап тастауға, жеке меншік капиталдың келешегіүлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге міндетті.»

Алдағы онжылдықта жаңа технологиялық сипатты  дамудың шешуші бағыттары био-және нанотехнологиялар, жасанды интеллект жүйелері, қуат үнемдеуші технологиялар болып табылады. Өндірісті автоматтандыру, космостық технологиялар, күні бұрын белгіленген қасиеттерімен ерекшелінетін құрастырмалы материалдар өндірісі, ядролық энегетика әрі қарай дамытылады. Өндірісті одан әрі интеллектендіру,  үзіліссіз инновациялық үрдіске көшу жүзеге асырылады.  Білімге негізделген жаңа үлгідегі қоғамға біртіндеп көшу аяқталды.

Бұл бағыттарды біз бәсекеге қабілеттілікті арттырудың қазақстандық Стратегиясын жүзеге асыру кезінде назарда ұстауымыз керек.

Биотехнология, нанотехнология, космостық қызмет және ақпараттық – байланыс технологиялары секілді ғылыми – техникалық бағыттарда  нақты нәтижелерге жетуге біздің мүмкіншілігіміз бар.  Нақ осы бғыттар бойынша таяу болашақта бізге мыңдаған жоғары білікті мамандар мен дипломды ғалымдар қажет болды. Жоспарларымызды жүзеге асыру  жөніндегі алғашқы табысты қадамдарымыз қазірдің өзінде жасалды.

2006 жылдың маусымнда тұңғыш қазақстандық «KazSat» спутнигі ұшырылды. Космостық қызметті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жобалармен мыңнан  астам қазщақстандық ғалымдар жұмыс істеуде. Сол жылдың 15 қыркүйегінде тұңғыш қазақстандық «Алатау-Сити» ақпараттық технологиялар паркі (АТП) ашылды. Оны құру туралы ой 2002 жылы Индияға барған сапарымда, ондағы ірі машина жасау, тамақ және тігін өнеркәсібі, халық қолөнері, сондай – ақ космостық зерттеулер орталығы – Бангалор қаласында болған уақытымда туындаған еді. 2003 жылыдың  тамызында «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақтарын құру туралы» Жарлық шықты, ал 2004 жылы бұл кешенді салу құрылысы басталды. «Алатау-Сити» ақпараттық технологиялар паркі жұмыс істеу үшін берген 25 компанияның 11-і іріктеліп алынды. [24] Мен IT-индустриясы саласындағы әлемдік алдыңғы қатарлы барлық компаниларды осынд келіп жұмыс істеуге шақырамын, сіздердің бизнестеріңіз өздеріңізге де, Қазақстанға да  тиімді болуы үшінбарлық қолйлы жағдайды жасаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Қазақстан Республикасының Конституциясы – ұлттық экономика дамуының қайнар көзі.

 

 

Қазақстан Республикасының тәуелаздік алып, дербес саяси және экономикалық даму жолына түскенінен бері де он сегіз жыл өтті. Әрине, тәрих өлшемімен алып қарағанда, он сегіз жыл айтарлықтай көп уақыт емес. Сонымен бірге, осы кезеңде Қазақстан үлесіне, барлық басқа посткеңестік республикалардағы секілді, қатан экономикалық жане әлеуметтік сынақтар тап болды.

Оң нәтижелер туралы айту әрдайым жақсы. Бірақ сол кезеңде, біздің жолымыздың әу басында-ақ, ешкімде де дайын теория және әсіресе жоспарлы экономикадан нарыққа көшудің толығырақ стратегиясы болған жоқ. Посттоталитарлық қоғамды, әсіресе кеңестік адамдардың бірнеше буыны бастан өткерген империялық коммунизмді өзгертудің тиімді тәжірибесінің мысалдары болмады. Бізде Қажетті білім мен дайындықтан өткен кадрлар жоқ болды. Біз шет елдерден шақырылған кеңесшілер мен өз басқарушыларымыздың жинақталған орасан зор тәжірибесіне арқа сүйедік. Дегенмен кадр саясатында ескі тәжірибемен, ең бастысы, ескіше ойлау дағдысымен бойкүйез болмаған жас кәсіби экономистер мен қаржыгерлерді тірек ету керек болды. Барлық осы жылдары мен жаңа басқарушылардың, олардың арасында әрқилысы болса да, бірнеше буынын өсіріп шығарумен, соларды тәрбиелеумен, іздестірумен тікелей айналыстым.

Қазақстан бірінші больп посткеңестік кеңістікте нарықтық экономиканың институттарын құрумен қатар, мемлекеттік басқару және реттеу секілді әлемдік тәжірибеде мойындалған стратегиялық жоспарлауды таңдал алды. Аталмыш құжаттар тек дамудың негізгі кезеңдері мен басымдықтарын айқындап қана қоймайды, олар дағдарыстар мен бейберекеттіктің аумалы-төкпелі уақытьнда біздің жолымызды сызып берді және зәру де болса жеңіл-желпі мәселелерге бой алдырып, адасып кетуге мүмкіндік бермеді.

Сол уақытта «стратегия» деген сөз жұрттың көбінің құлағына түрпідей тиді. Мен 1997 жылы «Қазақстан-2030»-ды жария еткенімде, еліміз өзінің дағдарыс жүйесінен өнді-енді шыға бастаған, ал Оңтүстік-Шығыс Азия мен Ресейде қаржы дағдарысы әлдеқашан белең алған кез еді. Осымен бір мезгілде біз әлемдік экономиканын бүкіл тарихында мұнай бағасынын болып кермеген рекордтық төмендеуі салдарынан кейін ысырап тасталдық. Алайда бұл біз үшін торығудың себебі бола алмады.

Стратегияның осы тарауында айтылғандардың әрқайсысы тәуелсіз Қазақстан құрылысында ерекше рөл атқарды және дамудың үздіксіз жаңа сапалық кезеңдерін белгіледі. Біз бірінші  кезеңде барлығын нөлден бастадьқ — жоспарлы экономикадан толықгай оған қарама-қарсы нарық жүйесіне көшуді жүзеге асырдық. Қазір, стратегиялық жоспарлаудың екінші кезеңінде біздің алдымызда  макроэкономикалық түрақтандыруды қамтамасыз ету, едіміздің заңдық базасын, қаржы жүйесін, әлеуметтік сала мен өндірістік секторды жетілдіру секілді мүлде басқаша міндеттер тұр. Үшінші кезеңнің міндеттері агроиндустриялықтан индустриялық және постиндустриялық мемлекетке көшу, дамушы елден дамыған елге айналу болып табылады.

«Кеңес Одағы ыдырап, коммунизм күлаған соң, Қазақапші небәрі он бес жылда тәуелсіз мемлекет болып күрылды. Бүған дейінгі қазргі замап тарихьшда ол еиіқашан тәуелаз больш көрмеген еді, Демокраіхшяхы, саяси саналылық пен еркін нарықтьң экономиканы құруды нөлден бастауға тура келді. Осыны есепке ала келганде, Қазақстанға бұл салаларда өсуге кол жет-кізуі, аса үздік және оң табыс болды». Мартин Стифф, «United Press International», 6 желтоқсан 2005 ж.

          Әрине, ең қиын алғашқы жылдары нарықтық реформалар қайшылықтармен жүргізілді, кей-кейде «тайғанақтап та» қалды. Экономиканы тұрақтандыруға жасалған көптеген бағдарламалар уақытша және жалқылық сипат алды. Бір міндетті шешу, көбінесе, орын-далуы оңайға соқпайтын басқа проблемалардың пайда болуына әкеліп соқты. Бірақ нақ сол жылдар біздің кейінгі табыстарға жетуімізге ғана емес, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуымызға да көмектесті.

Қол жеткен табыстарға Қазақстан кезең-кезеңімен келді, өзінің мемлекеттік экономикалық саясатын «таңдаудан таңдауға» дейтін принциппен емес, экономикалық дамудьң инвестициялық цикл деп аталатын объективтік қисынына сәйкестеп жүргізді, ол сараптау бағасы бойынша ондай циклдардың ұзақтығы кемінде 10-35 жылға созылатын еді.

Біз өте маңызды, сонымен бірге тамаша уақытта өмір сүрудеміз. Бүгінгі күні біздің әрқайсымыз не істейміз және не тындырамыз, міне, қазақстандықтардьң келесі буыны қандай едде тұратыны соған байланысты деген ойға жиі берілемін. Өйткені мемлекеттін міндеті өз азаматтарының жынысына, жасына, ұлтына және қандай этникалық топқа жататынына, олардың қандай аймақтарда тұратынына және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, емірден өз орнын тауып, қалыптасуы үшін, соларға баламалы тең мумкіндіктер туғызатьн болуы керек.

Сонымен қатар даму мен жоғары әлеуметтік шығындардан туындайтын масылдық пиғылдар бір-бірімен қабыспайтынын айқын түсінуіміз қажет. Күні бугінге дейін барлық әлеуметтік бағдарламаларды каржыландыруды қолда бар мұнай кірістері есебінен он еселеп арттыру қажет деген пікірлер орын алуда. Қазақстан бірінші больп посткеңестік кеңістікте нарықтық экономиканың институттарын құрумен қатар, мемлекеттік басқару және реттеу секілді әлемдік тәжірибеде мойындалған стратегиялық жоспарлауды таңдал алды. Аталмыш құжаттар тек дамудың негізгі кезеңдері мен басымдықтарын айқындап қана қоймайды, олар дағдарыстар мен бейберекеттіктің аумалы-төкпелі уақытьнда біздің жолымызды сызып берді және зәру де болса жеңіл-желпі мәселелерге бой алдырып, адасып кетуге мүмкіндік бермеді. [21.131]

Естеріңізде болсын, мұнай сатудан түсетін қомақты кірістер әрдайьм мемлекет үшін молшылық көзі болып табылмайды. Бұл арада Венесуэла, Нигерия және Сауд Арабиясы секілді елдердің өкінішті тәжірибесін еске алсақ та жеткілікті.

Біз бұл қателіктерді қайталамауымыз керек. Біз өз экономикамыз бен азаматтарымыздың бәсекеге қабілеттілігін мұнай долларларына «тұншықтырмуымыз қажет «Қазақстаи — 2030» стратегиясында бізде бейне бір мұнай жоқ секілді жағдайда өмір сүріп, жұмыс істеуіміз керек екені айтылады. Бүл ойда терең мағына жатыр.

Біздің стратегия қолдағы бар қаржыны ақылмен тұтынып, адылмен жұмсау принциптеріне негізделуі, яғни кәдімгі отбасы секілді мемлекетте «қиын күнге» деп сақтап қоятын арнайы қоры болуы  керек. Мұнай сатудан түскен қаржының бір бөлігі ғана еліміздің ішкі денсаулық сақтау, білім беру, ауызсу мен жол құрылысы сияқты осы заманғы әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымын жасауға бағытталатын болады. Бұл — негізінен «нарықтың кұлдырауы» дейтін, шын мәнінде мемлекеттің араласуы қажет болып табылатын салалар. Мысалы, ұлттың денсаулығы мен оның деңгейі – қандай жағдайда да құлдырауға жол берілмейтін дүниелер.

Әлемнің бірде-бір елі өзінің алдына дәл осындай қысқа мерзімде мұндай өршіл міндет қойған емес. Алайда, күндердің күнінде, дәл осының бізде жол жоқ деп атайтынына мен сенемін.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан қарсыдан соққан жел мен жауған жаңбырға, өзінің шаршап-шалдыққаны мен қорқынышына, айналасындағы әр түрлі қиын жағдайларға қарамастан, тау асуларымен тайсалмай жүріп келе жатқан жолаушының жағдайын көзге елестететін.

Алғашқы қадам — өте күрделі. Жаңа мемлекетімізді құруға кіріскенде, ең алдымен біздің үйіміздің мықты іргетасы , негіздердің негізі – жаңа Конституция керек екенін түсіндік.

Біз сонау 1995 жылы қабылданып, қазіргі қолданыста жүрген Конституцияға бірден келген жоқпыз. Иә, оның алдында 1993 жылы тұңғыш Конституциямыз қабылданды, Президенттің 140-тан астам заң күші бар Жарлықтарына қолы қойылды, сондай-ақ өмірдегі болып жатқан сол өзгерістердің қажеттігін түсінбеген және оны қабылдағысы келмеген адамдармен арада ұзақ жылғы табанды күрестер өтті. Осыдан екі жүз жылдан астам бұрын, қазіргі демократияның негіздері қаланып жатқан кезде, заңдар мен конституциялардағы жиі өзгертулердің жақтасы болмаған американ президенті Томас Джефферсон «заңдар меи адами институттар адамзат ақыл-ойының прогресімен қол ұстасып бірге жүруі тиіс» деп жазды. Бұл көзқарас содан бері екі ғасыр өтсе де өзінің маңызын бүгіндері жойған жоқ.

1995 жылғы Конституция Қазақстанда реформаны жүргізудің аса қуатты серпіні іске асты. Көп жағдайда, оңың ережелеріңің арқасында , аздаған мерзімдердің ішінде ғана жас мемлекеттің экономикасы мен саясатында, ұлтаралық тұрақтылықта аса үлкен жағымды нәтижелерге жеттік.

Қолданымдағы Конституцияны қабылдаығаннан кейін Қазақстандағы зкономикалық реформаны жүргізу үшін «даңғыл жол» ашылды. Бейнелеп айтқанда, барлығын да басқарған, бірақ ештенені басқара алмаған Жоғарғы Кеңестің орнына, осы жылдардың ішінде елдің бет-бейнесін өзгерткен зандарды қабылдаған екі палаталы кәсіби Парламент келді.

1995 жылғы Конституция экономикалық реформаларға жаңа серпін бере отырып, қазіргі нарықтық қатынастардың талаптарына жауап берген және жауап беретін Парламент пен Үкіметтің заңнамалық шеңберде қызмет жасаулары үшін тиімді нормативті қүқық базасын қамтамасыз етті. Конституция мемлекеттік меншікті, сонымен бірге жеке меншікті де қорғауға тең жағдайда кепілдік береді.

Қолданымдағы Конституцияда мемлекет адам қүқықтарына шынайы кепілдіктер берген; олар: әркімнің енбек ету жөне кәсіпкерлік қызметпен айналысу бостандығы; заңмен мелшері көрсетілген медициналық тегін көмек алу; тегін орта білім алу; діни жоралғыларды атқару бостандығы құқықтары. Сондай-ақ конкурстық негізде ақысыз жоғарғы білім алуға, жасына қарай әдеуметтік қамсыздандыруға, сонымен бірге ауырған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік қамсыздандыруға кепілдік берілген. Бүгіндері осы конституциялық құқықтар заңдардың нақты ңормаларында баянды етіліп, адамдардың күделікті өміріне берік енді. Конституция адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын бекітіп, еліміздің азаматтарының құқық алдындағы теңдігін қамтамасыз етті, бұлар сөзсіз қоғамның саяси өміріне демократияның іргелі принциптерін енгізуге қолайлы жагдай жасайды.

Басқаша айтқанда, Конституция азаматтардың конституциялық Құқықтарының, бостандықтары мен міндеттерінің мәні мен мазмұны қазіргі нарьқтық экономиканың принциптеріне сәйкестеп тұжырымдалған; ал бұл принциптер жеке түлғаның сан алуан мудделерін канағаттандыру мүмкіндіктерін қамтамасыз етуді оның өңбек  процесіндегі үлесіне тәуелді етіп қояды. Сонымен бірге мемлекет тарапынан қажетті әлеуметтік тегін қызмет минимумьның кепілдіктері де беріледі. Экономикалық бостандық, идеологиялық және саяси сан алуандық, жұрттың барлығының заң алдындағы теңдігі Қазақстан дамуынын негізгі басымдықтарьна жатады.

Саяси режимнің демократиялануы мемлекеттің жеке тұлғаға беретін әлеуметтік мүмкіңдіктерінің шеңберін кеңейтті. Осының нәтижесінде ұлттық құқықтық жүйедегі адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарыңың рөлі елеулі турде күшейтілді, олардың дәстүрлі заңдық кепілдіктеріне жаңа толықтырулар енгізілді. Біріккен Ұлттар Ұйымының азаматтық және саяси, сонымен бірге экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы Халықаралық пакеттерінің талаптарын толық орындау үшін жағдайды қалыптастырғаннан кейін, Қазақстан осы бір маңызды құжаттарды ратификациялады.

Конституцияның негізінде жаңа заңнама қалыптасты. Жаңартылған конституциялық қүқьқ жасалды. Азаматтық қоғамдағы жекеменшік қатынастарды, еркін кәсіпкерлікті реттейтін азаматтық құқық одан әрі дамытылды. Әлем қауымдастығында қалыптасқан принциптерге сәйкес, азаматтық-процессуалдық, қылмыстық-процессуалдық және қылмыстық-орындаушылық заңдарға елеулі өзгерістер жасалды.

Жеткен жетістіктеріміздің ішінде бастылары: ішкі саяси және ұларалық түрақтылық, макроэкономикалық түрақтанушылық, инфляцияны толықтай тежеу, тиімді қаржы-несие жүйесін құру, меншік қатьнастарьн қалыпқа келтіру, бірте-бірте жекешелендіруді іске асыру больп табылады. Өнеркәсіп өндірісінің табанды түрде өрлеуі басталды, ауыл шаруашылығы жанданды. Бүгіндері біздің жаңа Конституция және заңдарымыз адам үшін жүмыс істеп қана қоймайды, сонымен бірге оның шығармашыльқ, жасампаздық қуатының белсенділігін күшейтіп, іскерлік бастамаларын ынталандырады деп айтуға барлық негізіміз бар.

Экономикалық табыстарға қолы жеткен Қазақстанның тәжірибесі өтпөлі кезеңде, экономиканы ырықтандыру үшін жеткілікті түрде қатаң саяси құрылымның, кәсіби қызметшілер мен қоғамдағы тәртіптің қажеттігін көрсетеді. Бұл көп жағдайда қолдау таба бермейтін, бірақ аса керекті күрделі экономикалық реформаларды іске асыруға, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

1995 жылы шынайы президенттік республиканы құруға бара отырьп, мен дамудың осындай нұсқасында елді басқару мүмкіндігі күшейетіндігін және жанға бататын экономикалық реформалар нәтижесінің көп күттірмейтіндігін түсіңдім. Реформаның жүзеге асырылу барысына Президенттің тікелей жауапкершілігінің артуы сол сияқты оның бірқатар өкілеттілігін арттыруды да талап етті. Осы кезеңмен бастап министрліктер мен ведомстволардың басшыларын Президент тағайындайтын болғандықтан, бүған Парламент араласпайтын болды. Алқалы басқару органы ретінде Министрлер кабииеті де біршама ықшамдалды. Президенттің ұсьнуымен Парламенттен қолдау алған Премьер-Министр, «елдің басты дағдарыс-менеджері» өкілеттілігін алды. Кейіннен келе Экономикалық саясат жөніңдегі кеңес, Ұлттық Банк басқармасы, Ұлттық қор басқармасы, Ұлттық кеңес сияқты алқалы кеңестер заңдық турге ие болды. Нақты бағытқа ие болған оларды Мемлекет басшысы басқарады және өз құрамында атқару билігінің өкілдері арқылы шектелмейді.

Ортальқта сатылы биліктің күшеюі өңірлерде де осындай үлгіні туғызатын еді. Бұл кезде облыстардағы Президенттің өкілдері жойылып, әкімдерді бұрынғыша Президент тағайындайтьн болды. Реформалау барысында облыстық кеңестердің орнына келген облыстық мәслихаттардьң рөлі де төмендетілді. Экономикалық дағдарысты еңсергеннен кейін бұл проблемаларды шешуде қайта оралып, демократиялық реформалардың келесі жаңа кезегін қолға алатынымызды біле отырып, біз бірқатар бірегей шараларға салалы түрде бардық.

Атқару билігін әсіресе жергілікті жерлерде күшейтудің бірқатар жүйелік кемшіліктері болатынын мен түсінген едім. Бүл кемшіліктердің ең бастысы сыбайлас жемқорлық еді, ол бүгін де сол күйінде қалып отыр. Биліктің өкілетті органдары тарапынан бақылаудың төмендеуіне байланысты, орталықтан тағайындалғандар көп жағдайларда өздерінің лауазымдық өкілеттіліктерін асыра пайдалана бастайды. Баршаньң іс-әрекеттерін бақылап отырудың қиындығын білгеңдіктен олар өздерінің тікелей міндеті — халыққа кызмет ету екендігін жиі ұмытады. Осының нәтижесінде реформаны жүргізудің ең басынан бастап-ақ Президент Әкімшілігіне жергілікті жерлердегі шенеуніктердің жүгенсіздігі жаиындағы шағымдар қаптап келе бастады.

Сыбайлас жемқорлық экономикалық саясатпен еліміздің даму стратегиясының маңызы бұрмалап, мемлекет өңірінін басқа да салаларына ене бастады. Осыған байланысты мен, сыбайлас жемқорлықпеп ымырасыз күресте қолдауларьн сұрап Республика азаматтарына ундеу тастадым. Сол кезеңде сыбайлас жемқорлықты туғызатын себептерге бағытталған заңның қабылдау қажеттігі жөңінде заңгерлер арасында әртүрлі пікірлер болды. Алайда қалыптаса бастаған жағдай щұғыл да ымырасыз қимыл жасауды тадап етті. Соңдықтан мен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңның жобасын жасауды тапсырдым. Ол 1998 жылы шілдеде қабылданды. Сол сияқты сыбайлас жемқорлықпен күрестің бағдарламасы жасалды, қүқьқ бұзудын сыбайлас жемқорлық түріне жауапкершілік күшейтілді.

Конституциялық ереженің пәрменді болуы қоғамдық қатынастардың барлық субъектілерінің, әсіресе мемлекеттік органдардың және жеке лауазым иелерінің соған сәйкес қабылданған заңдарды қалтқысыз орындауы мен сақтауына тікелей байланысты.

Құкықтық мемлекетте азаматты қорғайтьн Президент те емес, аймақтың басшысы да емес, министр де емес, сот екеніне мен сенімдімін. Әділетті және адал сотсыз, жетілген құқықтық базасыз түрақты және өркенниетті қоғам болмайды. Нарықтық құқықтық тәртіпті орнатқаннан кейін ғана, мемлекеттік аппараттың, барлық азаматтардың және заңды тұлғалардың Конституция мен зандарды қатаң орындауын орнықтырғаннан кейін ғана барып, осындай қоғамның негізі болып табылатын мықты экономиканы қалыптастыруға болады. Бұл жұмыста бәрі де маңызды; деңгейлес құқыңтық базаны құру да; Конституцияның, жеке және заңды тұлғалардьң құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау күзетінде түрған заңдық пирамиданың ең жоғары биігіндегі сотты бекіту де; сол сияқты оларда тек қана заңға бағынатын, сот шешімдерін бұлжытпай және жылдам орындайтьн құзіретті, адал қызметкерлер қызмет істейтін сапалы сот жүйесін қүру да бірдей қажет.

Саяси реформалардың әрбір кезеңі экономиканың, азаматтық қоғамның, тұрғындардың саяси жөне құқықтық мәдениетінің даму деңгейімен тығыз байланысты болуы қажет. Соттарды күшейту мәселені шешудің алғашқы бастамасы ғана болатын. Бүгіндері, экономика саласындағы негізгі реформалар аяқталған кезде, экономикалық табыстарға сәйкес саяси жүйені де ырықтандыру бізге өңірдің өзі қойған талаптары болып табылады.

Мен осы жерде тағы да мынаған тоқтағым келеді: кез келген саяси реформа ең негізгі шартты — орташа тапты қалыптастырмай нәтижелі болмайды. Түрақты және гүлденген қоғам ғана тұрақты саяси жүйені құруға қабілетті.

«…қоғам осындай (батыстық) демократиялық саясат жүйені табыспен пайдалана алатын жағдайға жеткенге дейін, халық білім мен экономикальқ дамудың жоғары деңгейіне жетуі, едәуір көлемде орташа тап құруы, ал адамдар өмірде тірі қалу үшін күресуді ойламайтын болуы тиіс…

Орташа тап өміршең экономикасы жоқ елде пайда бола алмайды, ал мүның өзі елді бір орыңда шыр айналудан шығаруы қабілетті күшті, дана басшылықты керек етеді».

Азаматтардың күңделікті өміріндегі мемлекеттің рөлі туралы мәселеге қайтып оралғанда, біз мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыруды аяқтауьмыз керек. Қазақстанда саяси әралуандылық және көппартиялылық қамтамасыз етілген. Елде саяси процестерге ықпал жасайтын жалпыұлттық ірі партиялар қызмет жасайды, олардың ішінде оппозициядағылар да бар. Сол сияқты, бізде азаматтық қоғамның аса маңызды сегменттерінің бірі – үкіметтік  емес ұйымдардың біршама нығайғаны да даусыз. Егерде осыдан 10 жыл бұрын олардың саны 400 болса, қазір 5 мыңнан астам. Олар бір кезде өзім уйымдастыруға бастамашы болған Азаматтық форумның шенбрінде, әріптестік негізінде өкіметпен белсенді өзара іс-қимылдар жасайды. Қазір осы бір қатынастарда «бірінші скрипка» рөлін орыадаушы дәл осы мемлекеттік емес ұйымдар болғаны – аса  жағымды құбылыс. [5.147]

Түбегейлі өзгерістер ақпараттық салада да болды. Қазақстанның медиа-нарығында өзін-өзі көрсету бостандығы, өз пікірін еркін айту және өкіметті сынау бостандығы қалыптасты, азаматтардың баламалы дерек көздерінен ақпарат алу құқығы іске асты. Бүгіндері елімізде 2 мьңнан астам әртүрлі саяси бағдардағы бұқаралық акпарат құралдары шығады, олардың ішінде радикалды оппозициянікі де бар. Сіздер білетіндей, бұқаралық ақпарат қүралдарының 80 %-ы мемлекеттік емес.

 Бұл, ең алдымен, мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасындағы өкілеттілікті айқындауға, мәслихаттардың рөлін көтеруге, сол сияқты бюджетаралық қатынастар жүйесін жақсартуға байланысты. Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыруды аяқтай сала, бізге жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың урдісін бастау қажет. 2005-2007 жылдар арасындағы кезеңде біз қала, аудан, т.б. төменгі деңгейдегі әкімдер үшін сайлау жүйесін енгізуді және сол сияқты олардың қызметін саралап бағалаудың қажеттілігін қарастырамыз.

Бұл міндеттерді шешкен соң, саяси жүйені ырықтандырудың кейінге қалдырылған, одан да маңыздырақ кезеңіне – Парламенттің  рөлін көтеруге қайтып орала аламыз. Ел Парламентінің саяси мәртебесін нығайту біршама мәселелерді конституциялық деңгейде шешуді талап етеді. Біз Парламенттің екі Палатасының да депутаттар санын көбейтуіміз керек. Парламенттің қызметіне тек мемлекеттік бюджетті бекіту ғана емес, сонымен бірге оның орындалу барысын бақылауға да шынайы араласуы тиіс.

Конституциялық өзгерістердің барысында Үкіметті құрудың жаңа жүйесін жасау да қажет болуы мүмкін. Осыған байланысты бізге Үкіметті парламент көпшілігінің тетігі арқылы құру мәселесін қарастырудың қажет болатыны анық.

             Қазақстанньщ өз дамуның жаңа кезеңіне кіру логикасы, осыған сәйкес мемлекеттік басқаруды, саяси жүйені және, бәлкім, Конституцияны да реформалауды мұқият қарастырып, жүзеге асыруды талап етеді. Біз, түппен келгенде, еліміздің мемлекеттік және саяси құрылымының оңтайлы моделін енгізуіміз керек. Мемлекеттік басқаруды жаңғырту және саяси реформаларды іске асыру біздің қоғамымызды топтастыруға, Қазақстанның дүние жүзіндегі беделі мен абыройының өсуіне қызмет ететіні айқын. Бұл Қазақстанға халықаралық саясаттың, өркениеттер үңдесуінің, Орта Азия аймағындағы тұрақтылық пен интеграцияның орталығына айналуына мүмкіндік береді.

            Осы және басқа көптеген өзгерістердің барлығы біздің көздеген мақсатымызға жетуге жол ашады. Біз өз дамуымыздың жаңа кезеңіне енді ғана шыққан жас елміз ғой. Тіпті көптеген жылдар өткеннен кейін де, мен өзімнің жұмыс үстелімде жатқан Конституцияға қарап, сол бір кездегі оқиғаларды ойға түсіремін. Оның жобасымен қалай ынталана жұмыс істегеніміз, түрлі баптарды талқылағанда қандай қызу таласқа дейін барғанымыз, халықтың талқылауына ұсынғанда қалай толқығанымыз — бәрі де есте.

Жұмыстан қол сәл босаса, мен Конституцияны ашып, оның баптарын қайта-қайта оқимын, оқимын да сол кездерде біздің шешімдеріміздің дұрыс болғанына тағы да көз жеткіземін. Оның тамаша дәлелі — Қазақстанның мемлекеттік құрылыстағы және экономиканы реформалаудағы бүгінгі табыстары. Коиституцияның маңызды ережелеріне сүйене отырып, біз еліміздің тағдыры үшін аса өмірлік маңызды қайта құруларды іске асырдық: нарықтық экономиканы қалыптастырдық және демократиялық қоғамның негізін қаладық.

Осы бір жылдары демократияландырудың аса маңызды институты — парламентаризмнің дамуына толық жағдай жасалды. Қос палаталы кәсіби Парламент уақыт сынынан сүрінбей өтті, онда сан сапалы мүдделердің өкілеттілігі қамтамасыз етілген. Біз — осы жолмен Орталық Азияда батыл қадам жасаған бірінші елміз. Басқалар біздің ізімізбеп жүріп, тәжірибемізді пайдаланды.

Атқарудың тік сатылы жүйесі оңтайландырылған әкімшілік-территориялық құрылыммен және мемлекеттіліктің басқа да нығайтылған тетіктер жиынтығымен үйлесім табуы Қазақстанның жүйелі дағдарыстан шығуына, серпінді дамуды бастауына қолайлы жағдайлар жасады, ал мұның өзі қазір жеделдетілген әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңғыртулар туралы айтуға мүмкіндік беріп отыр.

Конституция қолданылған жылдардың ішінде бірде-бір саяси қайшылық дағдарысқа ұласқан жоқ. Барлық дау-дамай конституцияның рәсімдер шеңберінде шешілуде. Момлекеттік институттар арасындағы өзара қатынастардың жүйесі қалыптасты. Бұл жүйе дәстүрге айналды.

Ұлтаралық қатынастардың көкейкестігі және олардың әртіүрлі елдердің басекелік артықшыльқтарына тигізетін әсері біздің отандық тарихтың оқиғалары мен атаулы мерзімдеріне ғана тірелмейді. Дүниежүзілік тарихтың соңғы онжылдығына жасалған талдауға қарасақ, жиырмасыншы ғасырдың соңғы ширегінің басты оқиғасы планетаның ұлттық және нәсілдік құрамының түбегейлі өзгеруі болғанын көреміз.

Кәне, әлемде не болып жатқанына қарайықшы. Қазіргі дүние жүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігі өзінің құрамы жағынан көпұлтты, әлемнің 12 елінде ғана бір этнос түрғындардың 90 пайызын құрайды. Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық моделінің Біріккен Ұлттар Ұйымының, Еуропадағы қауіпсіздік пен және ынтымақ ұйымының және т.б. беделді халықаралық ұйымдардың тарапынан ең жоғарғы баға алуы кездейсоқ емес. Ұлттық топтар дамуының барлық түйінді мәселелері реттеудің үш деңгейлі жүйесіңде өрістетілді.

Бірінші деңгей — бұл сол топтардың өздерінің белсенділігі. Біз ұлттық қауьмдастықтардың өз мәдениетін дамытуға байланысты заңды ұмтылыстарын бүтіндей қолдадық. Казақстанда бірнеше ондаған ұлттық мәдени орталықтар қызмет жасауда.

Екінші деңгей — бұл біздің Қазақстан халықтары Ассамблеясы мысалында ұлттық қатынастардың бірегей құралын жасауымыз. Бүгінде дәл осындай беделді де өкілетті ұлттық саясаттың құралы әлемнің бірде-бір елінде жоқ.

Үшінші деңгей — бүл тіл жайлы мемлекеттік саясат. Біз қазақ тіліне мемлекеттік тіллің жай ғана үстірт мәртебесін бере салған жоқпыз, оның қоғамдық өмірдің барлық салаларында толыққанды қызмет етуінің міндеттерін де шештік, Бүгіндері еліміздегі оқу орьндарыньң жартысынан астамы сабақты қазақ тіліңде жүргізеді. Кеңестік ұлттық саясаттың мемлекеттік тілге тигізген ауыр зардаптарынаң Қазақстан шеккенін ұмытпауымыз керек. Бірақ та біз, көптеген елдерге қарағанда, осы бір жолды әлде бір тілдік кемсітушіліксіз лайықты жүріп өттік. [8. 83]

Қазақстанда саяси әралуандылық және көппартиялылық қамтамасыз етілген. Елде саяси процестерге ықпал жасайтын жалпыұлттық ірі партиялар қызмет жасайды, олардың ішінде оппозициядағылар да бар. Сол сияқты, бізде азаматтық қоғамның аса маңызды сегменттерінің бірі – үкіметтік  емес ұйымдардың біршама нығайғаны да даусыз. Егерде осыдан 10 жыл бұрын олардың саны 400 болса, қазір 5 мыңнан астам. Олар бір кезде өзім уйымдастыруға бастамашы болған Азаматтық форумның шенбрінде, әріптестік негізінде өкіметпен белсенді өзара іс-қимылдар жасайды. Қазір осы бір қатынастарда «бірінші скрипка» рөлін орыадаушы дәл осы мемлекеттік емес ұйымдар болғаны – аса  жағымды құбылыс.

Түбегейлі өзгерістер ақпараттық салада да болды. Қазақстанның медиа-нарығында өзін-өзі көрсету бостандығы, өз пікірін еркін айту және өкіметті сынау бостандығы қалыптасты, азаматтардың баламалы дерек көздерінен ақпарат алу құқығы іске асты. Бүгіндері елімізде 2 мьңнан астам әртүрлі саяси бағдардағы бұқаралық акпарат құралдары шығады, олардың ішінде радикалды оппозициянікі де бар. Сіздер білетіндей, бұқаралық ақпарат қүралдарының 80 %-ы мемлекеттік емес.

Дүние жүзінің көптеген елдеріидегідей, біздің Конституция да қатып қалған догма емес. Конституцияны қолданған 10 жыл ішіндегі жинақталған тәжірибе бізге ішкі міндеттерді шешу үшін де және уақыттың өзі тудырған жаңа талаптарға тиімді жауап беру үшін де керек. Конституцияны қатаң ұстану – бұл  мемлекеттің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімінің негізі. Од бойынша өмір сүру – бұл  демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұл мектептен барлығымыз да өтуге тиіспіз.

Біздің міндет – Конституцияға  аса ұқыптылықпен қарау. Өзіміздің елімізді, өзіміздің тарихымызды, өзіміздің жетістіктерімізді қалай құрметтесек, оны да солай аялауымыз керек. Конституцияны сыйлай білмесек, оның талаптарын мүлтіксіз орындай алмасақ, онда қоғамдық келісімге, тәртіпке, бейбітшілікке және тыныштыққа жету мүмкін болмайды, яғни мұндай жағдайда Отанның ырыс-берекелі болашағы туралы айтудың да қажеті жоң.

Конституция біздің бостандықтарымыздың негізіне айналды. Ол бізге тәуелсіздік алып келген жеңістеріміздің, біздің тапқан табыстарымыздың бүкіл кешенін баянды етті. Біздің Конституцияның бізге берген ең басты құндылығы – таңдау  қуқығы, басқаша айтқанда, өз өміріңнің кожасы өзін болуы кез келген қазынадан бағалы.

Біздің Конституция – бұл  шынайы өмірдің айнадағы көрінісі емес, қоғам мен мемлекеттің қандай жағдайда болу керектігінің көрінісі. Сондықтан оның әлеуетінің сарқылуы таяу араларда бола қоятын жағдай емес. Негізгі Заңда бекітілген базалық стратегиялық сипаты бар заңдық ережелер мен принциптер мемлекет пен қоғамның даму мүмкіңдіктеріне, саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайлардың қалыптасуына қарай ашыла түспек.

Небәрі 15-20 жылдың ішінде біздің қоғам бүтіндей дамыған демократияның деңгейіне сәйкес келетініне мен сенемін. Парламентте тұракты қызмет істейтін екі-үш партиялық жүйе қалыптасады және орташа тап бүкіл тұрғындардын жартысын құрайтын болады.

Менің атап көрсеткенімдей, бұл Конституция біздін экономиканың дамуына жаңа серпін берді. Қазір, дәлірек айтқанда, Қазақстанның экономикасы барлық болып жатқан өзгерістердің – жаңа  Конституциясы жасаудан бастап және әрбір қазақстандықтың өмір салтындағы, ең бастысы ой-саласындағы өзгерістерге дейін — солардьң козғаушы күші болды. Осы кезеңдегі біздің экономиканың «қаны» — қазаң  жерінің «қара алтыны» мұнай. Мунай мен газ біздің басты ресурсымызға және тәуелсіздіктің алғашқы күнінен өзгеше бір бастапқы капиталға айналды. Болашақтағы 15-20 жылдарда да Қазақстан көмір-сутегін дүниежүзінің рыконтарына шығаратын ірі ел болады. Біздің байлықтарымыз сонымен бірге бізді көре алмаушылықтың және бізге кінә тағушылықтың нысанына айналды; бізге тек соның кесірінен ғана өз тәуелсіздігімізден шынында айырылып қалу қаупі болды.

 

 

 

 

                                                 ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Соңғы отыз жылда  ғылыми-техникалық революцияның қарқынды және терең дамуына байланысты материалдық өндіріс түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Жаңа технологияның пайда болуына, ал ескі салалардың рөлі өзгеріп, жаңаша сипатқа ие болуда. Ұлттық табыстың абсолюттік мөлшері аса маңызды. Бұл қоғамдық өндіргіштің нақты нәтижесі, осы мерзімдегі халықтың әл-ауқаты дәрежесі мен қоғамның болашақта экономикалық даму мүмкіндігін сипаттайды.

 ХХ ғасырда Батыстың дамыған елдерінде мемлекеттен адамдар үшін әл-ауқат стандартын талап ететін тұжырымдамалар мен доктриналар кеңінен тарай бастады. Әсірісе теория мен тәжірибеде “берекелі мемлекет” (welfare state) деген ұғым, яғни ауқымды әлеуметтік шараларды, ең алдымен, әлеуметтік қамсыздандыру шараларын жүзеге асыратын мемлекет деген ұғым қалыптасты. Рыноктық экономикасы қалыптасқан елдерде табысты бөлу тек рыноктық күштердің еркін ойынының нәтижесінде ғана емес, түрлы табыстар ағындарын мемлекеттік реттеу, қайта бөлу негізінде де бөлінетінін байқадық. Мемлекеттің қоғамдық өндірісті реттеу мақсатында жүргізетін шаралардың құрамды бөлігі ретінде мемлекеттің әлеуметтік саясаты елдегі бүкіл экономикалық ахуалмен тығыз байланысты болады.

Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы  2015 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттің мемлекеттік экономикалық саясатын қалыптастырады және экономиканы жеделдетілген жаңғырту әрі әртараптандыру және оны дамытудың шикізаттық бағытынан қол үзу және Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жоғары технологиялар индустриясын қалыптастыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізуге бағытталған.

Мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясаттың негізгі мәні әлемдік нарықтағы белгілі бір тауарлалардағы экспортқа бағытталған экономиканың шикізаттық емес салаларында және инновациялық секторда бәсекеге қабілетті ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетулер өндірісін кұру және дамыту болып табылады.

Стратегияны табысты іске асыру 2015 жылға қарай ел экономикасы сервистік-технологиялық дамуға көшуге дайындалуға тиіс.

Стратегияда белгіленген іс-қимылдар ұзақ мерзіміді даму стратегияларын және экономика мен кәсіпкерлік сектордың шикізаттық емес секторы, сондай-ақ сыртқы инвесторлар, ұлттық холдингтер мен даму институттары салаларының мемлекеттік бағдарламаларының (жоспарларын) әзірлеу және жүзеге асыру кезінде бағдар болуға тиіс.

Соңғы жылдардағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері орнықты экономикалық өсудің болуын және халықтың әл-ауқатының артуын растайды. Сонымен қатар, қабылданған шараларға қарамастан, ел экономикасында бірқатар міндеттер мен проблемалар шешусіз қалғандығын куәландыратын кейбір үрдістер байқалады.

Қол жеткен табыстарға Қазақстан кезең-кезеңімен келді, өзінің мемлекеттік экономикалық саясатын «таңдаудан таңдауға» дейтін принциппен емес, экономикалық дамудьң инвестициялық цикл деп аталатын объективтік қисынына сәйкестеп жүргізді, ол сараптау бағасы бойынша ондай циклдардың ұзақтығы кемінде 10-35 жылға созылатын еді.

Біз өте маңызды, сонымен бірге тамаша уақытта өмір сүрудеміз. Бүгінгі күні біздің әрқайсымыз не істейміз және не тындырамыз, міне, қазақстандықтардьң келесі буыны қандай едде тұратыны соған байланысты деген ойға жиі берілемін. Өйткені мемлекеттін міндеті өз азаматтарының жынысына, жасына, ұлтына және қандай этникалық топқа жататынына, олардың қандай аймақтарда тұратынына және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, емірден өз орнын тауып, қалыптасуы үшін, соларға баламалы тең мумкіндіктер туғызатьн болуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

Кітаптар және монографиялар:

  1. Сүндетұлы Ж., Көмекбаева Ж. әлеуметтік-экономикалық дамуды болжау және жоспарлау: оқу құралы. Алматы 2002- 104 б.
  2. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу. Бибатырова І.А., Кекілов Б.Ж. оқу құралы/Әл-фараби атындағы ҚазҰУ. Алматы 2007 – 102 б.
  3. Экономикалық өсім: үрдістері мен ұлттық экономика құрылымы. Дуламбаева Р.Т., Төреханова З.Ғ. Алматы 2004 1-бөлім, 6 атау. 249-253 б.
  4. Сүндетұлы Ж., Көмекбаева Ж. Әлеуметтік-экономикалық дамуды болжау жәнежоспарлау: оқу құралы. Алматы 2002 – 104 б.
  5. Кошанов А.К. Проблемы рыночных преобразований экономики Казахстана. -Алматы: Казинститут менеджмента, экономики, прогнозирования. 1993. –43 б.
    6. Сүлейменов М.К. Право и предпринмательство в Республике Казахстан. Алматы: Жеті Жарғы. 1997. -323 б.
  6. Анализ экономической деятильности / под ред. О.И. Лаврушина. – М.: ИНфРА-М, 1996, б. 267.
  7. Оразәлі Сәбден. XXΙ ғасырға қандай экономикамен кіреміз. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 192 б.
  8. Аубәкіров Я.А. Экономикалық теория. (авторлармен бірлесе) А: КазҰУ. 1999. – 178стр.
  9. Гэлбрейт Дж. Экономические теории и цели общества. – М.: Прогресс, 1976- 298с.
  10. Рикардо Д. Соч. Т.» М, Госполитиздат, 1955, с. 89
  11. Мамыров Н.К. Ихданов Ж. Государственное экономики в условиях Казахстана. – Алматы: Экономика, 1998. – С. 221
  12. Елемесов Р.Е. Переходная экономика: проблемы методологии и теории. – Алматы: Қазақ университеті, 1998. — с166
  13. Курс предпринимательства В. Я. Горфинкель, В.А. Швандер – М. «Экономика». 1997 г.
  14. Баймұратов О. Национальная экономическая система. – Алматы: Атамұра, 2001. –С.192
  15. Ахметгалиев Б. 10 лет: Казахстан и интеграция. – Алматы: Атамұра, 2001. – С.192
  16. Человеческое развитие в Казахстане. – учебник / под общ. Ред. Н.К. Мамырова и Ф.Акчуры. – Алматы: Экономика, 2003. – 210с.
  17. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. Пер. С англ. М., Дело ЛТД. М: 1992г. с356.
  18. Друкер П. Рынок: как выйти в лидеры. Практика и принципы. М: СПб. – ГМП «Форматика», 1992. -164с.

20.Гэлбрейт Дж. Экономические теории и цели общества. – М.: Прогресс, 1976- 298с.

21.Марцинкевич В.И. США:человеческий фактор и эффективность в экономике. М, Наука, 1991. стр 117.

22.Л. Эрхард. Благосостояние для всех. – М.: Дело, 2001. С332

23.Елемесов Р.Е. Переходная экономика: проблемы методологии и теории. – Алматы: Қазақ университеті, 1998. — с166

24.Мамыров Н.К. Ихданов Ж. Государственное экономики в условиях Казахстана. – Алматы: Экономика, 1998. – С. 221

  1. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. –А: Норма-К, 2002-215с.
  2. Ашимбаева А.Т. Структура экономики: закономерности формирования, тенденции и проритеты развития.-А: Дайк-Пресс, 2000-239с.
  3. Стиглец Дж. Экономика государственного сектора.-М: Инфра,1997-270с.

 

Кезеңдік басылымдар:

28.Есентугелов А. Путь Казахстана к рынку был долгим и тернистым, но не напрасным (к десятилетию экономических реформ) / Экономика и статистика. – 2001. №2. – С.11-15

  1. Сатубалдин С.С. Азиатский кризис и экономика Казахстана / Материалы Международной конференции, посвященной 10 – летию независимости РК. – Алматы, 2001. Часть1. – С.49

30.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына жолдауы. Еліміздің жасампаздық жолын жалғастырудың басым бағыттарын белгілеп берді.

31.Кулкеев  Ж.А. Dесять лет рыночных реформ во имя будущего процветания Казахстан. Банки Казахстана. 2001. с 18-20.

 

Нормативті құқықтық актілер:

32.Конституция РК-Алматы-1995г.

33.Закон РК «О Республиканском бюджете на 2007г от 1512.2001г.» (Казахстанская правда, 30 декабрь, 2006г )

34.Закон РК «О гасударственных прямых инвестициях».- Казахстанская правда. 1997г., 1 марта