АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Жаһандық экономикалық дағдарыс және оны басқару жолдары

Мазмұны

 

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………

 

 3

1.  Экономикалық дағдарыс ұғымының теориялық аспектілері

 

1.1 Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні……………………………………………………………………………………………………..

 

    6

1.2 Экономикалық дағдарыстың пайда болуы және әлеуметтік салдары………………………………………………………………………………………………..

 

  16

1.3 Әлемдік қаржы дағдарысының басталу себептері және оның экономикаға әсері…………………………………………………………………………………

 

  25

 

2. Қазіргі кездегі жаһандық экономикалық дағдарыс және оған қарсы шаралар

 

2.1 Қазақстандағы экономикалық дағдарыстар: себептері және одан шығу жолдары …………………………………………………………………………………….

 

32

2.2 Дағдарыстан шығу жолдары және оны жетілдірудегі шетелдік тәжірибе ………………………………………………………………………………………………

 

40

2.3  Әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайында ұлттық экономиканы тұрақтандыру шараларының нәтижелері……………………………………………….

 

44

 

 

Қорытынды ……………………………………………………………………………………….

   58

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ……………………………………………………..

   60

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі. «Қазақстан-2030» Стратегиясында дамудың ұзақ мерзімді басым мақсаттарына ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын дағдарысқа қарсы басқаруының, шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу жатады. Стратегия түйінді міндеттердің бірі ретінде республикада индустриалдық әлуетке негізделген, әлемдік ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі кездегі жетістіктері есебімен, көп салалық, бәсеке қабілетті өнеркәсіптік кешенді қалыптастыруды қарастырады.

Мемлекеттің ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының ұлттық мүдделері нақты өз құрамына экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық, т.б. құрамдас бөліктерді біріктіреді. Ұлттық экономикалық қауіпсіздік салалардың, жеке кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқару бағыттары ретінде қарастырылады.

Мемлекеттің экономикалық кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы басқару импортты алмастыру арқылы ішкі өндірісті дамыту есебінен жүргізілетіні белгілі.

Елбасы Қазақстан халқына арнаған “Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға” атты Жолдауында коммуналдық желілерді – сумен,  жылумен қамту, энергетика желілерін қайта жаңғыртуға және жаңарту, автокөлік жолдарын реконструкциялау мен жөндеу, әлеуметтік инфрақұрылымды, ең алдымен мектептер мен ауруханаларды жаңалау, қалалар мен елді-мекендерді абаттандыру және көгалдандыру міндеті, сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту мен жастар тәжірибесін ұйымдастыру, қазақстандықтарды жұмыспен қамту стратегиясы үкімет назарында болатынын қадап айтты. Елбасының халыққа арнаған Жолдауында әлемдік қаржылық дағдарыстан қиналмай шығудың айқын міндеттері белгіленген.

Әлемдік дағдарыс бүкіл ғаламшар халқын оның салдарын еңсеруге жұмылдырып отыр. Барлық елдерде дағдарысқа қарсы бағдарламалар жасалып, оның салдарларын барынша азайту үшін ауқымды шаралар қабылдануда.

Әлем елдері өздерінің саяси, экономикалық және зияткерлік күштерін жаһандық дағдарысты еңсеруге жұмылдырып отыр. Дағдарыс өлшемдері әзірге қаржы және экономикалық салаларда көрінуде, дегенмен оның саяси көрсеткіштер мен әлеуметтік мәселелерге де әсерін назарға алмауға болмайды. АҚШ, Ресей, Германия, Франция сияқты жетекші елдер мен Еуропалық Одақ сияқты халықаралық ұйымдар және G-20 елдері ұлттық проблемалардың шешімі жаһандық кедергілерді еңсеру арқылы реттелетін дағдарыстан шығудың түрлі жолдарын талқылап отыр.

Тарихта қазіргідей осыншалықты қомақты ақшаның мемлекеттен жеке банктерге, корпорациялар мен өнеркәсіптік салаларға ағылған кезеңі бұрын-соңды болған емес.

ХХ ғасырдың 90-шы жылдары оның еуразияшылдық доктринасы Қазақстанды гүлденген, орталықазиялық өңірдегі экономикалық және саяси көшбасшыға айналдыру туралы талпынысқа қазақстандық қоғамды жұмылдырған болатын. Биылғы Жолдауы —  осыдан екі жыл бұрын, әлемдік қаржы нарығындағы дағдарыстың басында әзірленген дағдарысқа қарсы шаралардың кешенді жүйесінің жүзеге асырылуы туралы өзіндік аралық есеп болып табылады.

Диплом жұмыстың мақсаты жаһандық экономикалық дағдарысты жан-жақты зерттей отырып, ұлттық экономиканы дағдарыс кезінде тиімді әрі дұрыс басқару жолдарын ұсыну.

Белгіленген мақсатқа жету үшін зертеу жұмысының келесі міндеттері анықталды:

— дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні;

— экономикалық дағдарыстың пайда болуының әлеуметтік салдары;

— Қазақстандағы  экономикалық дағдарыстар себептері  және одан шығу жолдары;

— қазіргі кездегі жаһандық экономикалық дағдарыс және оған қарсы шаралардың нәтижелерін бағалау;

— дағдарыспен күресудің мемлекеттік шараларын зерттеу;

— дағдарыс кезіндегі ұлттық экономиканы талдау;

— дағдарыспен күресу бойынша ұсыныстар беру.

       Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Қазақстанның қазіргі қаржылық дағдарыс жағдайында экономиканы басқарудың теориялық және тәжірибелік аспектілері отандық экономист-ғалымдардың: К.Маркс, И.А.Шумпетер,  Е.Б.Жатқанбаев, М.С.Тулегенова, Ғ.С. Сейітқасымов, О.Б. Баймұратов,  Ш.Р. Әбділманова, К.Ш. Дүйсенбаев,  А.Б. Зейнелғабдин,  Ұ.М.Искаков, Р.Е. Елемесов, С.Ж. Интыкбаева, Н.Н. Хамитов, Ә.Д. Шелекбай, С.Б. Мақыш және т.б. еңбектерінде кездеседі.

       Диплом жұмысының нысаны. Жаһандық экономикалық  дағдарыс.

       Диплом жұмысының пәні. Жаһандық және отандық экономиканың дағдарысқа қарсы арналған шараларды жүзеге асыру барысында пайда болатын қарым-қатынас жиынтығын айтамыз.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізіне экономикалық және қаржылық дағдарыс тақырыбын зерттеген зерттеуші отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері жатады. Зерттеу әдістерінің негізі ретінде қолданылған әдістер: құрылымдық-жүйелік, факторлы және салыстырмалы талдаулар.

Зерттеудің ақпараттық базасы. Зерттеудің ақпараттар базасы ретінде банк қызметіне реттеуге арналған ҚР-ның заңдары мен нормативтік актілері, ҚҰБ-нің Баскармасының қаулысымен бекітілген ережелері, нұскаулықтар және өзге нормативтік құжаттары, акпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, ҚР ҚҚА-нің нормативтік құжаттары мен есептік деректері, ҚР-ғы ЕДБ-дің есептік материалдары, ҚР статистикалық агенттіктің сандық мәліметтері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ әлемдік қаржы дағдарысы жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т.с.с. пайдаланылды.

Диплом жұмыстың ғылыми жаңалығы нақты ұсыныстардан тұрады, яғни, әлемдік қаржылық дағдарыс зардаптарын жою шеңберінде маңызды негіздемелер жасалады және әдістемелік өңдеулер жүргізіледі.

Диплом жұмыстың  құрылымы және көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу жұмысының кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеттері, нысанына және пәніне анықтама берілген. Бірінші тарауда дағдарыстың орын алу себептері, әлеуметтік салдары  және оның экономикалық мәселелері теориялық тұрғыдан жүйелі түрде зерделенді. Екінші тарауда қаржы дағдарысының пайда болуы қарастырылған. Дағдарыстан шығу жолдары және оны жетілдірудегі шетелдік тәжірибе туралы баяндалған. Қорытындыда совет үкіметі кезіндегі дағдарыс пен қазіргі кездегі дағдарысты салыстыру туралы мәліметтер айтылды. Және де зерттеу барысында айкындалған тұжырымдар, түйіндер мен ұсыныстар баяндалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Экономикалық дағдарыс ұғымының теориялық аспектілері

 

         1.1 Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні

 

         Қазіргі күнгі әдебиеттерде, әлеуметтік-экономикалық жүйенің дамуындағы ортақ дағдарыс түсінігі қалыптаспаған. Тұрмыстағы көзкарас бойынша, дағдарыс тек капиталистік өндіріс тәсілінде ғана тән құбылыс және социалистік өндірісте болмауы тиіс. Тіпті бұрьндары социализмде дағдарыс жоқ, тек «өсім қиындықтары» деген теория қалыптасқан болатын. Көп жылдары біздің елімізде бұл түсінік, өндіріс дамуындағы экономикалық саясатты қалыптастырудың нақты факторы емес, тек идеологиялық тұрғыда болды [1].

  Кейбіреулердің айтуынша, бұл тек макроэкономикалық даму процесіне қатысты, ал кәсіпорын немесе фирма масштабында, мысалға, басқарудағы қателіктермен немесе басшылардың кәсіби деңгейінің төмендігінен туындайтын үлкен немесе кішігірім өткір мәселелердің болуы. Бұндай мәселелер дағдарыс дамуын көрсетпейді, олар объективті тенденциялардан туындамаған, бірақта кейбір сыртқы әсерлерге байланысты.

  Мұндай ұсынымдар бір жақты және ұйымды басқаруда жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін. Егер осы позициямен фирмаішілік басқаруды қарастыратын болсақ, даму стратегиясын құрастырғанда дағдарысты көре білу және оның мүмкіндіктерін ескеру мүмкін емес. Сонда, дағдарыстың болуы заңды қүбылыс екенін ескерсек, стратегияның қаншалыкты нақты болатынын көріңізші?

  «Дағдарыс» түсінігі «тәуекел» түсінігімен тығыз байланысты, ол өз кезегінде барлық басқару шешімдерін жасау методологиясына әсер етеді. Бұдан дағдарыс күтімін алыптастасаңыз, тәуекелдік өткірлігі жоғалады да дағдарыс жағдайы күрделене түседі. Дағдарыс мәселесіне басқа көзқараспен қарауға болады [2].

Дағдарыс себептері сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Біріншісі макроэкономикалық дамудағы стратегиямен және тенденциялармен немесе

тіпті әлемдік экономиканың дамуымен, бәсекелестікпен, елдегі саяси жағдайларменде байланысты, екіншісі — маркетинг стратегиясының тәуекелдігімен, ішкі қақтығыстар өндірісті ұйымдастырудың жетіспеушілігі инновациялық және инвестициялық саясатты басқарудың жетілдірілмеуі [5].

  Егер дағдарысты осындай жағдайда түсінетін болсақ, онда дағдарыс қаупі әрқашан болатындығы және оны алдын ала көре білу және болжау керектігі айқын.

  Дағдарыс түсінігінде, тек себептері ғана үлкен мәнде емес, сонымен қатар оның әр-түрлі салдары: ұйымның жаңаруы немесе қирауы, жандануы немесе жаңа дағдарыстың пайда болуы. Дағдарыстан шығу, әрқашан позитивті жағдайларға байланысты емес. Жаңа дағдарыс кезеңіне өту, одан сайын терең және ұзаққа созылуын жоққа шығармауымыз керек. Дағдарыс жағдайларын ұзақ мерзімге тоқтатып қою мүмкіндігі бар. Ол белгілі   бір   саяси себептермен түсіндіріледі. Негізгі дағдарыс салдары тығыз екі    факторға   байланысты:   

Дағдарыс салдары тез өзгерістерге немесе жұмсақ ұзақ және жүйелі шығу. Және ұйым дамуындағы дағдарыстан кейінгі өзгеріс, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді, сапалы және сандық, қайта қалпына келу немесе келмеу [6].

  Дағдарыстың ортақ және локальды түрлері бар. Ортақ барлық әлеуметтік-экономикалық жүйені қамтиды, локальды — тек оның бір бөлігін қамтиды. Бұл дағдарыстарды бөлудің масштабты корінісі. Нақты дағдарыс жағдайларын талдау кезінде әлеуметтік-экономикалық жүйенің шекарасын, оның құрылымын және қызмет ету ортасын ескеру керек.

  Дағдарыс мәселелеріне қарай макро және микро деп бөлуге болады. Макродағдарыс едәуір үлкен көлемдегі және масштабты мәселелерге тән. Микродағдарыс тек жекелей мәселені немесе топтық мәселені қамтиды [8].

 

Сыртқы себептер

Дағдарыс себептері

Субъективті

Объективті

Ішкі себептер

Даму қажеттіліктері

Ғылыми білім деңгейі

Табиғи өзгерістер

Басқарудың жетілдірілмеуі

Қызметтегі қателіктер

Қызметтің күрделенуі

Уақыт тығыздылығы

Мүдделердің қарама-қайшылықтары

Сурет 1. Дағдарыстың  себептері [34, 156 ]

 

  Экономикалық дағдарыс тобынан қаржы дағдарысын бөлек алып қарауға болады. Ол фирмадағы қаржы жүйесі жағдайын немесе қаржылық мүмкіндігінің қайшылықтарын сипаттайды. Бұл экономикалық процестердегі дағдарыстың ақшалай көрінісі.

  Әлеуметтік дағдарыс әр түрлі әлеуметтік топтардың қақтығысы немесе қайшылықтардың өршуінен туындайды: жұмыскерлер мен жұмысберушілер, кәсіподақтар мен кәсіпкерлер, әр түрлі мамандықтағы жұмысшылар, персонал және менеджерлер және т.б. Көбінесе әлеуметтік дағдарыс, экономикалық дағдарысты толықтырушы немесе жалғастырушы болып табылады, кей жағдайда өздері де туындайды, мысалы басқару стилінде, еңбек талаптарымен келіспеген жағдайда, экологиялық мәселелер қатынасында, патриоттық сезімде.

  Дағдарыс құбылыстарының пайда болу мәні мен себептеріне, әр түрлі теориялық мектеп өкілдерінің көзқарастарын талдай отырып, әр түрлі түсініктерді шығаруға болады – таза субъективтіден, яғни сұраныс пен ұсыныстың психологиялық концепциясының өзгеруімен, өндірушілер мен тұтынушылардың пессимистік немесе оптимистік көңіл-күйде болуынан, қатаң, барлық экономикалық дағдарыстардың ішінен ең бірішні себеп-капиталистік өндіріс жүйесіндегі таптық келіспес қайшылықтар мүддесіне дейін. Жеке тәуелсіз зерттеушілердің теориялық жағынан айырмашылығы, өздерін ешқандай экономикалық мектепке қатысы жоқтығын айта отырып, кең ауқымды ғылыми позицияның барын айтуда.

  Енді, экономикалык дағдарыстардың заңдылықтарын, мәнін және пайда болу себептерін теориялық тұрғыдан қарастырсақ:

  Бірінші себеп, яғни экономикалық дағдарыстардың пайда болуы, өндіріс пен түтыну арасындағы үзілу немесе ажырау болып табылады. Натуралды шаруашылық шеңберінде өндіріс пен тұтыну арасында тікелей байланыс болды да, экономикалық дағдарыстардың пайда болуына мүмкіндік болмады. Олардың пайда болуы мен кең етек жаюына, тауар өндірісі мен айналысының дамуы себеп болды. Еңбек бөлінісі, маманданудың және кооперацияның дамуы, өндіріс пен тұтыну арасындағы үзілісті едәуір алшақтатты. Бірақ та жай тауар өндірісінде дағдарыс ықтималдығының қажеттілігі болмады. Онда тауарлар негізінен жергілікті нарықтарда сатылып, оларды өткізу қиындығы локальды мінезде болып, қоғамдағы өткізу процестерінің бұзылуы байқалмады.

  Капиталистікке дейінгі өндіріс әдісінде, материалдық игіліктер жеткіліксіз өндірілді. Капитализм кезінде ғана бірінші рет артық өндіріс туындады. Неліктен бұлай болды? Экономиканың дамуы, өндірістің қоғамдық мінезде екендігін, ал иемдену формасы еңбек нәтижесі негізінде жекеменшіктің сақталуына әкелді. Бұл қоғамдық мінездегі өндіріс пен иемденудің меншік формасы арасындағы шиеленістің өршуіне әкелді. Мұндай шиеленістердің әр елде әр түрлі тарихи кезеңдерде болуы, өзіндік спецификаны көрсетеді, ол   дағдарыстар мінезіне де едәуір әсер етеді. Экономикалық дағдарыстың мәні, тауарды артық өндірудің төлемқабілетті сұраныс жиынтығы қатынасындағы, үдайы өндіріс жағдайындағы қоғамдық капитал процесінің бұзылуынан, фирмалардың жаппай тоқырауынан, жұмыссыздықтың өсуі және басқада әлеуметтік-экономикалық күйзелісте көрініс табады [9]. Экономикалық циклдарды оқу кезінде, артық өндіріс дамуындағы, өндірістің құлдырауы және көтерілуін сипаттайтын заңдылықтар көрініс табады. Бұл мәселені К.Маркс терең және тыңғылықты зерттеген. Ол дағдарыс себептерінің стихия және анархиялық өндіріс кезінде болмай қоймайтындығын дәлелдеп ашқан [5]. Белгілі экономист В. Леонтьевтің айтуынша: «Іскерлік цикл теориясы Маркстік саясиэкономия алдында айқын қарыздар» [10].

  Дағдарыс және жұмыссыздық проблемаларын шешудің бірден-бір құралы ретінде Кейнс тиімді сұраныс жиынтығын ынталандыру мақсатында экономикаға мемлекеттің араласу идеясын ұсыныды [15].  Циклдық факторын зерттеудегі еңбегінің бірі мултипликатор теориясының жасалуы және кейіннен бұл теорияны циклдық себептерін талдау кезінде кеңінен қолданыс тапты.

  Классикалық қоғамдық ұдайы өндіріс циклы төрт фазадан тұрады [16].

 

Өрлеу

 

Жандану

Дағдарыс

Құлдырау

Экономикалық цикл

Y

уақыт

а

в

с

Сурет 2. Экономикалық цикл [34, 341]

 

  2-ші суретте экономикалық цикл көрсетілген. а, в және с нүктелері орналасқан толқын тектес қисық өндіріс көлемінің өрлеу және құлдырау кезіндегі динамикасын сипаттайды.

  Бірінші фаза – дағдарыс (құлдырау). Бұл кезде өндіріс көлемі және іскерлік белсенділік қысқарады, бағаның түсуі байқалады, тауардың қалуы, жұмыссыздар саны және тоқырау саны күрт өседі. Бұл жағдайда экономи-каның дағдарыстардың жекелей салаларға жағымсыз әсер дәрежесінің айыр-машылығын айта кеткен жөн. Күнделікті қолданыстағы заттарды жеткізуші са-лаларда өндіріс көлемі салыстырмалы масштабта аз қысқарады. Бұл уақытта тұтынушыларда бұндай жағымсыз экономикалық жағдайда құрал- жабдықпен тұрмыстық техниканы сатып алуды мүлдем тоқтатып жақсы күндерді күтеді. Сәйкесінше металлургия, ауыр машина жасау салаларында, тоңазытқыш, ав-томобиль және тағы басқа өндірістің төмендеуі, жеңіл және тамақ өндірісіне қарағанда көбірек болады. Экономиканың монополияланған және монополи-яланбаған секторындағы іс -әрекеттің де айырмашылықтары бар. Егер де жоғары монополияланған салаларда дағдарыс кезеңінде өндіріс көлемінің күрт қысқаруы кезінде баға төмендейді, ал капиталдың аз шоғырланған са-лаларында өнім көлемі аздап төмендегенде баға да түседі. Қарапайым түсіндіргенде, монополия өзінің экономикалық билігіне сүйеніп, дағдарысты аз шығынмен өткізеді.

  Екінші — депрессия (стагнация). Бұл фаза (үзақтылығы — жарты жылдан үш айға дейін) шаруашылық өмірдегі жаңа жағдайлар мен сұранымдарға бейімделу, жаңа тепе-теңдік алу фазасы. Бұл фазадағы тән қасиеттер сенімсіздік, ретсіз іс-әрекеттер. Кәсіпкерлердің конъюнктураға деген сенімділігі еңбекпен қалпына келеді, шаруашылық жағдайдағы баға тұрақтылығына қарамастан, олар бизнеске едәуір көлемде қаржы салуды байыппен қарап, тәуекелділікке бармайды. Бұл фаза көп жағдайда пайыз нормасының түсуімен сипатталады [17].

  Үшінші — жандану. Бұл қалыпқа келу фазасы. Капитал салымдары баста-лып, баға өсіп, өндіріс және пайыздық мөлшер өседі. Жандану ең алдымен өндіріс құралдарын жеткізуші салаларды қамтиды. Басқалардың жетістіктерінен жаңа өндірістер құралады. Былайша айтқанда, жандану дағдарыс алдындағы макроэкономикалық көрсеткіштер деңгейіне жетумен аяқталады. Бұдан кейін жаңа, жоғары көтерулер басталады [18].

  Төртінші – көтерілу (бум). Бұл жаңа тауарлар және жаңа өндірістердің пайда болуы, капитал салымдарының едәуір өсуі, акциялар курсы және басқада бағалы қағаздар пайыздық мөлшерінің өсуі, баға және еңбек ақының өсуі сияқты бірқатар жаңа енгізулердің арқасынада экономикалық дамуды жылдамдататын фаза. Және дәл осы уақытта банктің баланс қуаты дамып, тауар қоры молаяды. Экономиканың ілгері дамуын жаңа деңгейге шығарған көтерілу кезекті жаңа дағдарысқа база дайындайды.

Жаңа кезекті дағдарыстың алғашқы «серпілісі» (себебі) жиынтық сұраныстың қысқаруы болып табылады. Қайтадан өндіріс төмендейді, табыс- тың   азаюы,   шығындар   мен   сұраныс   қысқарады.    Алғашқы   жиынтық сұраныстың қысқаруын тудыратын факторлар әрқилы болуы мүмкін: тозған құралдарды ауыстыру, жекелей өнімдерге сұраныс түседі, салық және не-сие пайыздары өседі, ақша айналым заңдарының бұзылуы, әртүрлі саяси жағдайлардың туындауы, көрінбеген жағдайлар және тағы басқалар. Бұның бәрі қалыптасқан нарық теңдігін бұзып, кезекті экономикалық дағдарысқа серпін беруі мүмкін. Ұдайы өндіріс циклдылыгы мен дәстүрлі фазалардың жиі бұзылу себептерінің көптігін ескере отырып, әртүрлі бағыттағы ғалымдар циклдылықтың төмендегідей әртүрлігін ұсынады:

  Әлемдік экономиканың даму тәжірибесі көрсеткендей Кондратьевтің «ұзын толқындары» қоғамдық ұдайы өндірістің дамуын дәл болжаған. Сон-дықтан да оның теориясы әлемнің көптеген елдерінде көрініс тапты, және шет елдік әлеуметтік-экономикалық әдебиеттерде, үлкен циклдар құрметтеліп орын берілді. Бұл теорияға 80-90 жылдары бірқатар халықаралық конференциялар арналған, нәтижесінде мынадай қорытындыға келген, әлемде табиғи және қоғамдық процестер дамуының бірегейі ретінде циклдылық заңы бар, сонымен қатар әлеуметтік және экономикалық мінездегі заңдылықтарды, табиғи-экологиялық циклдар олардың сәйкестілігі және өзара әрекеті, әсерін есептемей түсіну мүмкін емес.

 

Дағдарыс сатысына тән ерекшеліктер:

ü  өндіріс құлдырауының қысқаруы

ü  тауар қорының көбейюуі

ü  жаппай жұмыссыздық

ü  төмен жалақы

ü  ссудалық пайыз мөлшерлемесінің төмен деңгейі

 

Құлдырау сатысына тән ерекшеліктер:

ü  тауар артықшылығы

ü  бағалардың төмендеуі

ü  жұмыссыздықтың артуы

ü  өндіріс көлемінің кысқаруы

ü  пайыз мөлшерлемесінің өсуі

Жандану сатысына тән ерекшеліктер:

ü  құлдырауға дейінгі өндірістің өсуі

ü  өндіріске инвестицияның келуі

ü  тауарлар бағасының өсуі

ü  жұмыссыздық мөлшерінің аздап болсын қысқаруы

ü  халықтың табысының біртіндеп өсуі

Өрлеу сатысына тән ерекшеліктер:

ü  өндірістің құлдырауға дейінгі мөлешрінен артуы

ü  тауарлар бағасының жоғарлауы

ü  жұмыссыздықтың қысқаруы

ü  жалақының көбейюі

ü  несиеге деген сұраныстың артуы

 

Э

К

О

Н

О

М

И

К

А

Л

Ы

Қ

 

Ц

И

К

Л

 

С

А

Т

Ы

Л

А

Р

Ы

 

 

Сурет 3. Экономикалық цикл сатылары [28, 349]

 

  Кондратьев идеясын, ғылымның дамуымен сәйкес көптеген ғалымдармен зерттелген. Бұл бағытта табысты еңбек еткен Австрия экономисі Й. Шумпетер болды [20]. Ол өзінің «Іскерлік циклдар» (1939 ж.) еңбегінде капиталистік экономиканың ұзақ мерзімді тербелісінің басты қозғаушы күші болып, техникалық және технологиялық жаңа еңгізулердің толқын тәріздес динамикасы екенін дәлелдеді. Қазіргі күнгі жағдайда «ұзақ толқындар» дәстүрлі циклына да біршама әсері бар. Егер дағдарыс үлкен циклдың төмендеуші толқынында кенет пайда болса, онда оның біршама терең және ұзақтау мінезде екенін анықтауға болады, ал үлкен циклдың жоғарлаушы толқынында, дағдарысты жеңуде жағымды (позитивті) әсерде болуы мүмкін.

  Кейнстен кейін батыстың экономикалық ойлары, қоғамдық ұдайы өндірістің циклдылығын мойындап қана қоймай, циклдылық себептерін және кұрылымын зерттеу формаларын терендетті, сонымен қатар қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына циклдылықтың жағымсыз әсері салда-рынан нейтрализациялау әдістері мен жолдарын іздестірді. Әртүрлі жақтастардың циклдылыққа деген көзқарас позициялары жақындасты.

  Бірақта, басқа да көзқарас бар: циклдар және дағдарыстар — әр елдің ішкі дамуының ерекшелігінің  нәтижесі [21].

  Дағдарыстар жүйелі түрде (циклды), немесе кезеңді, яғни белгілі бір заңдылықтарымен қайталанатын және жүйесіз. Ұдайы өндірістің жүйелі дағдарысы және циклдың басталуын көрсетеді, сол кезде экономика бірінен кейін бірі болып төрт фаза өсіп және келесі дағдарысқа база дайындалады. Олар, экономиканың барлық саласын қамтуымен сипатталып, үлкен терең және ұзақтылығын көрсетеді. Экономикалық дағдарыстың жүйесіз түріне, аралық, жартылай, салалық және құрылымдық. Аралық дағдарыс жаңа циклдық басталуына жол бермей көтерілу немесе жандану фазасын уақытша тоқтатады. Ол кезектілікпен салыстырғанда терең емес және өте ұзақ емес, және локальды мінезде. Бұл дағдарыстар 1924 және 1927 жылдары капиталистік елдерде белең алған болатын. Ал 1953 -1954 ж.ж. және 1960-1961 ж.ж. бұндай дағдарыстар АҚШ пен Канаданы қамтыды.

  Жартылай дағдарыстың аралылықтан айырмашылығы, ол барлық экономиканы қамтымай, тек қоғамдық ұдайы өндірістің бірін ғана қамтиды. Бұған мысал ретінде 1932 жылы Германиядағы банк дағдарысын келтіруге болады.

  Салалық дағдарыс халық шаруашылығының бір саласын ғана қамтиды. Бұған әртүрлі себептер түрткі болуы мүмкін. Олардың ішінде: сала дамуының үйлеспеуі, кұрылымдық қайта құрылулар артық өндіріс. Бұндай дағдарыстар ұлттық және халықаралық болады. Соңғысына 1958-1962 ж.ж. әлемдік кеме қатынасы дағдарысы және 1977 тоқыма өнеркәсібіндегі дағдарыс [22].

  Құрылымдық дағдарыс қоғамдық өндірістің пропорционалды заңының бұзылуы болып табылады. Бұл сала аралық диспропорцияда көрініс табады, біржағынан және айрықша түрдегі натуралды түрде дамуды реттеуге бағытталған өнімді шығару. 1977 жылдары батыс экономикасын энергетика-лық, шикізат және азық-түлік дағдарыстары жансыздандырды.

  Кезекті кезеңді дағдарыс басталар алдында, өндіріс жоғары деңгейге жетіп оның соңы артық өндіріске әкелетіні белгілі. Бұл кезде өнімді өткізу мүмкін сияқты болып, банктер өнеркәсіпті және сауданы несиелендіріп, өндірісті кеңейтіп және ұсынысты көбейтуде. Өзіңіз елестетіп көріңізші, көпір жарылып алдыңғы машиналар тоқтап қалады, бірақ арттағы көліктер алға жылжи береді, жылжи береді, қозғалыс қауіпсіздік қызметі жолды бөгемегенше «тығын» ұзарған сайын, оны тарату қиынға соғады.

Дағдарысқа қарсы басқарудың проактивті әдісінің шектелуінің бірі, нарықтық шаруашылық жүйесіндегі әлеуметтік экономикалық процестердің жоғарғы динамикасы болып табылады, ол екі немесе одан да көп жағымсыз процестерге әкеледі, және үлкен дағдарыс потенциалына ие кумулятивті эффекті қалыптастырады. Бұған нақты мысал ретінде ТМД елдеріндегі қоғамдық дағдарысты келтіруге болады, ол бір уақытта бір-бірін күшейткен бірнеше дағдарыс құбылыстары, жиынтығында терең және ұзақ дағдарысты туғызды. Бұл мысалда дағдарыс жағдайының өрши дамуына байланысты проактивті дағдарысқа қарсы басқаруды қолдану мүлде мүмкін   болмады.

  Дағдарыс құбылыстарымен күресте реактивті және проактивті әдістерінің басым бағыттары мен кемшіліктерін жүйелі түрде қарастыру экономикалық басқару жүйесіндегі барлық негізгі бөліктерде салыстыруға мүмкіндік береді. Біздің саналы түрдегі реактивті және проактивті әдістердің қарсы қойылып салыстырылуы, дағдарысқа қарсы басқаруда әржақтың артықшылығы мен кемшілігін айқынырақ ажырату болып табылады. Тәжірибе кезінде, реактивті және проактивті де әдістері дағдарыс қүбылыстарымен күресте, түйықталып қолданылмайды [25]. Сонымен бірге, реактивті дағдарысқа қарсы басқаруды, дағдарыс жағдайында қарама-қайшы іс-әрекет ұйым ретінде, бұнда болып жатқан дағдарыс құбылыстарына әсер ететін стратегияға ие. Бұл ойды тарқата айтқанда, реактивті әдісі, макроэкономикалық деңгейде де, және иерархияның жоғары деңгейінде де кең тараған. Макроэкономикалық процестерді мемлекеттік реттеудің бүкіл тарихы реактивті түрғыдан келудің жоғары тұрғанын көрсетті.

  Қазіргі күнгі баяу құбылыс болып, әлемдік энергетикалық дағдарысты айтуға болады. Халықаралық деңгейдегі бірыңғай тиімді және экологиялық таза энергетика технологиясын құру орнына, кейбір дамыған елдер энерго үнемдеу бағдарламасын жасауымен шектеледі, тек қарапайым шешімдер қабылдап, мысалы салық төлемін тез көтеру, энерго тасымалдаушылардың барлық түріне акциздік төлемдерді қосқанда. Ең біріншіден мұнай сілкінісінен кейінгі 30 жылда дамыған елдер энерго тұтыну құрылымы аздап өзгерді. Бірақ батыс европа елдеріндегі отын түрлерінің бірқатарына бекітілген жоғары 60-70 % бөлшек саудада алынатын жоғары салық мөлшері де тиімділік бермейді.

  Микроэкономиалық деңгейдегі компаниялар мен коорпациялар арасын-дағы қатынастағы дағдарысқа қарсы басқару әдістерінде айырмашылық көп емес. Шағын және орта биснез өкілдері дағдарысқа қарсы мененджменттің реактивті әдісін ұсынады. Жоғары бәсекелестік саладағы кіші кәсіпорындар дағдарысқа қарсы  шараларды  жүргізуде  максималды  экономдауға тырысады, сондықтан да кішігірім компаниялардың тоқырауға ұшырауы, дағдарыс құбылыстарынан сақтанудың қарапайым шараларын жоққа шығаруы, заңды құбылыс. Ірі масштабтағы бизнес шеңберіндегілер дағдарысқа қарсы ме-неджментті ұйымдастыруға аса жауапкершілікпен қарайды. Сонымен қатар ірі компаниялардың басым бөлігі (кіші бизнестегілер секілді) дағдарысқа қарсы басқарудың реактивті әдісін қолданады [26]. Бұл бизестің ортақ идеологиясына сәйкес, қысқа және орта мерзімді мақсаттарға бағытталған, ең алдымен ағымдық пайданы жоғары деңгейде ұстап тұру. Бұл позициядан қарағанда, дағдарысқа қарсы шаралар шығындары, өнділірген өнімнің өзіндік құнын көтеру элементі ретінде қарастырады, немесе табыстылықты төмендету, немесе сату көлемін қысқарту. Бұл контексте ірі коорпарациялардың негізгі бөлігі, құрылымдық бөлімшелерді аз құрып, олар тікелей дағдарысқа қарсы шараларды жүргізумен айналысады. Ірі компанияларда мененджмент функциясы ішінен, дағдарысқа қарсы басқару басым бағыттар қатарына жатпайды. Бұндай қатынас қалдық соммамен дағдарысқа қарсы құрылымдық бөлімшелерін қаржыландыруда дағдарысқа қарсы менеджменттің жеңілдетілген әдістерінің формалары мен процедураларын қолданғанда, дағдарысқа қарсы бөлімшелерге персонал таңдауда талаптардың төмен болуы көрініс табады.

  Ірі компаниялардағы басқару функцияларының жоғары бөлшектенуі ме-неджмент функциясының әрқайсысын сапалы ұйымдастыруға объективті жағдай туғызады, және дағдарысқа қарсы басқару да тізімде бар [27]. Сондықтан да ірі компанияларда, әсіресе нарықта өзіндік орны барлар, дағдарысқа қарсы менеджменттің жеңілдетілген әдісінен бас тартады. Бұндай корпорацияларда дағдарысқа қарсы басқарудың таза реактивті әдісінен бас тартып, одан гөрі дағдарыс жағдайларын ескертуге көп көңіл бөледі.

  Дағдарысқа қарсы басқарудың проактивті концепциясын жасағанда тікелей дағдарыс құбылыстарын аз болжануын ескеріліп, онымен күресте реактивті әдісті қолданған жөн. Жекелеген жағдайда стратегиялық сұрақтарды шешу кезінде мақсатты түрде дағдарыс жағдайының толысу тактикасын таңдау қажет. Мысалға, макродеңгейде басқаруда үкімет белгілі бір ұзілісте, халыққа білгісіз шараларды жүргізер алдында ұстап тұра алады (салықтың көтерілуі, тұтыну тауарларының импортына шектеу қойлғанда және т.б.).

  Біздің ойымызша, дағдарысқа қарсы проактивті басқаруды кешенді түрде, әртүрлі кең әдіс жиынтығын колданатын, бастысы, басқару моделі мәнінің қалуы, ал оның ішінде: дағдарыс құбылыстарының қарама-қайшы күшті іс-әрекетінің максималды мүмкін болатын ескертулер мен алдын-алуларды пайдалану және болып жаткан дағдарыс құбылыстарымен белсене күресу.

  Көп жағдайда, әсіресе микроэкономикалық деңгейде, дағдарыс жағдайларын алдын-алудың қосымша шығындырын рационалды деп мойын-дауға  болады.   Әрине,  дағдарыс  құбылыстарын  жоюда  проактивті  жүйені енгізуде шығындарды толық салыстыру қажет, мүмкін болатын табиғи апаттардан, әртүрлі технологиялық ақаулардан және авариялардан, бәсекелестік басымдылықтан айырылу және басқа да көптеген дағдарыстар. Жекелей компаниялар мен ұлттық экономиканың өдірістік-экономикалық қызметінің орнықтылығын жоғарлатуды дағдарысқа қарсы басқарудың құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға болады.

  Осыған ұқсас мысалды ұлттық экономикалық қатынастардан келтіруге болады, өндірісті диверсификациялауды жүргізудің өзі прогрессивті процесс болып табылады, қосымша еңбек ресурстарын жұмылдыруға, өндіріс қуатын арттыру, шикізат ресурстары және тағы басқа мүмкіндіктерді береді.

МЕТОДОЛОГИЯ

1. Әлеуметтік-экономикалық жұйенің орнықты даму теориясының ғылыми-әдістемелік базасын сапалы пайдалану

2.  2. Проактивті дағдарысқа қарсы басқару әдістемесін                кешенді колдану

 

 

СТРАТЕГИЯ

1.  1. Ұзақ мерзімді стратегиялық мақсат приоритеті қиын-қыстау жағдайында тұрақты дағдарыссыз даму

2.             2. Дағдарыс құбылыстарьшан сақтануда институционалды формаларды кеңінен пайдалану

 

ТАКТИКА

ТЕХНОЛОГИЯ

ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЦИКЛДАРЫ

1.                              1. Дағдарыс пайда болу жағдайында тәуекелділікті ал-дын-ала бағалау

2.                            2. Қоршаған        әлеуметтік-экономикапық        ортаны күтпеген жағдайға бейімдеу

 

1.                 1. Дағдарыс жағдайларын ескерту әдістерін, формаларын тиімді пайдалану

2.               2. Дағдарыс   жағдайлары   кездеріне   проактивті   әсер етудің баламалы нұсқаларын таңтау

 

1.      Дағдарыс құбылыстарын кешенді болжау

2.  Дағдарыс жағдайларының дамуының мониторингі

3.  3.  Дағдарысқа   қарсы   басқарудың   оперативті   тәртібін уақытында енгізу

4.  4.Дағдарысқа қарсы басқару нәтижесін мұқият талдау және бағалау

 

Сурет 4. Проактивті дағдарысқа қарсы басқаруды ұйымдастырудың концептуалды сызбасы [27, 431]

 

Ұлттық экономиканың дағдарысқа карсы потенциалын дағдарыс құбылыстарьша тәуелділігін азайту арқылы көтеруге болады, яғни әлемдік нарықтар конъюктурасьшдағы шикізат пен алғашқы знерготасмалдауыш-тарға өзгерістердің жағымсыздығымен байланысты. Біз ұсынған конңептуалды 6-шы суретте проактивті дағдарысқа қарсы басқаруды ұйымдастырудағы әлеуметтік-экономикалық дамудың орнықты концепциясы мен дағдарысқа қарсы басқарудың проактивті әдісін, сыртқы экономикалық ортаның жағымсыз әсері қайшылықтарынан қорғаудың кешенді идеологиялық бүтіндігінің органикалық бөлігі ретінде өзара байланысы суреттелген [28].

Дағдарысқа қарсы басқарудың бүтіндігі барлық басқару бөлімшелерінің өзара іс-әрекетінің дәлдігімен, (немесе макродеңгейде мемлекеттік реттеу ор-гандары) дағдарысқа қарсы басқару бағдарламасын жасаудан және іске асы-руда көрініс табады. Соңғы пункт болып дағдарысқа қарсы басқарудың ғылыми-әдістемелік базасын жасау болып табылады.          Біздің қөзқарас бойынша, дағдарысқа қарсы басқару проактивті әдісінің стратегиялық мақсаты, орнықты даму теориясы болып табылады, оның мәні дағдарыс құбылыстарын көре білу мен мүмкіндіктерінде көрініс табады, дағдарыс жағдайларына белсенді қайшы тұру, бірінші кезекте, профилактикалық және ескертпелі формаларын және әдістерін қолдану, ал мүмкіндігінше -кейбір дағдарыстардың пайда болу себептерін түп орнымен жою.

Дағдарысқа қарсы проактивті әдісті қолдану жағдайды толықтай шеш-пейді, бірақ жоғары табысты өндірістік — коммерциялық қызметте ішкі себеп-терден туындайтын мүмкіндіктерді пайдалануға қатаң шектеулер орнатады, егер жоғары табыс табу коммерциялық және өзге тәуелділіктермен тура бай-ланыста болса. Әрине, басқа да әдістер болуы мұмкін (венчурлық опера-цияларды жүргізу), бірақ бұл мұқият дәлелденген бірыңғай шаралар болуы керек, әрине олар, ұзақ мерзімді орнықты даму стратегиясының жалпы мәнін жоғалтпауы керек.

 

 

1.2 Экономикалық дағдарыстың пайда болуының әлеуметтік салдары

 

Техникалық прогресс пен адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық экономикалық жүйеге көптеген оқыс сілкіністер әкеледі. Ол адамзат қоғамының ерекшелігіне қарай белгілі ырғақ пен тербеліске түсіп, толқуларға ауысады. Экономикалық теорияда экономиканың мұндай құбылыстары, «экономикалық толқулар» немесе «экономикалық цикл» деп аталады.

Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.

Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей:

  1. Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.
  2. Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.
  3. Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.
  4. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де.

Тоқырау фазасының сипаттамасы:

  1. Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.
  2. Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.
  3. Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.

Жандану фазасының сипаттамасы:

  1. Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді.
  2. Инвестициялар өседі.
  3. Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.
  4. Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.
  5. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

Өрлеу фазасының сипаттамасы:

  1. Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.
  2. Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.
  3. Тауарлардың бағасы өседі.
  4. Қарыз капиталының ұсынысы өседі.
  5. Несиеге сұраныс өседі.

    Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады.

         Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайды стагфляция деп атайды. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді.

Циклдарға әсерін тигізетін факторларды сыртқы және ішкі деп бөлуге болады.

Сыртқы факторлар – экономикалық жүйеге тәуелсіз факторлар: халық санының өзгеруі, соғыстар, төңкеріс, басқа да саяси шиеленістер, жаңа жерлерді игеру, бағалы ресурстардың жаңа кен орнын ашу ғылыми-техникалық прогресс, күннің көзіндегі құрғақшылыққа әкелетін таңбалардың пайда болуы, т.б.

Ішкі факторлар – экономикалық жүйемен байланысты факторлар: капиталдың физикалық қызмет атқару мерзімі, тұтынудағы, жұмысбастылықтағы, инвестициялық, мемлекеттің экономикалық саясатындағы өзгерістер, тауар және ақша қайшылықтары, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қайшылықтар, капиталдың артық қорлануы.

Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын нарықтың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған сонымен қатар ХІХ және ХХ ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы, экономикалық процестерге әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі пайымдауларды, түсіндірулер мен болжамдарды кездестіруге болады. Нарық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себептеріне экономикалық теорияда қалыптасқан бірнеше теориялық бағыттар бар.

 

Кесте 1

Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары*

 

Құралдар

Тоқырау фазасында

Өрлеу фазасында

1. Ақша несие саясаты

Пайыз мөлшерлі жалақысын төмендету, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатып алуы.

 

Пайыз мөлшерлі жалақысын өсіру, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатуы.

2. Фискальдық саясат

Бюджеттен қосымша шығындар жұмсау, салық ставкаларын төмендету.

Бюджет шығындарын қысқарту, салық ставкаларын өсіру.

3. Жалақы мен тарифтер саясаты

Жалақыны өсіру.

Жалақыны төмендету.

4. Мемлекеттік инвестициялар саясаты.

Инвестициялық бағдарламалардың жылдамдықпен орындалуы, мемлекеттік қолдау жасау.

Мемлекеттік құрылысты және инвестицияларды тоқтату.

Мақсат:

Шаруашылық белсенділігін ынталандыру

Шаруашылық белсенділігін тоқтату.

*Дерек көзі: Кітап. «Экономикалық теория», 2002 ж.

 

Алғашқы дағдарыс 1825 жылы Англияда басталған. Содан кейін ол 1836 ж., 1841 ж., 1847 жылы АҚШ, Англия мен Франция, Германияны қамтыды. 1857 жылғы дағдарыс бірінші дүниежүзілік циклдық дағдарыс болып саналады. Одан кейін ол 1873, 1882, 1990, 1907 жылдарда қайталанды. Экономикаға үлкен шығындар әкелген 1920-1921, 1929-1933, 1937-1938 жж. экономикалық дағдарыстар. «Ұлы тоқырау» атын алған өте терең және ұзақ дағдарыстың сипаты 1929-1933 жылдарда болған еді.

Циклдардың ұзақтылығына (толқындар) байланысты олар бірнеше типке бөлінеді.

 

 

 

Кесте 2

Экономикалық циклдардың типтері*

 

Экономикалық

циклдің типтері

Ұзақтылығы

Себептері, ерекшеліктері

1. Дж. Китчиннің қысқа толқындары»

2-4 жыл

Алтынның әлемдік қорының тербелісі ЖҰӨ-нің, инфляцияның, жұмысбастылықтың тербелісіне әкеледі.

2. К.Жуглярдың «орташа толқындары»

10 жыл

Ақша айналысындағы өзгерістер, кердиттік жүйенің мәселелері ЖҰӨ-нің тербелісіне инфляцияға, жұмыссыздыққа әкеледі.

3. Кузнецтің циклдары

18-25 жыл

Экономикалық циклардың себептері күрделі құрылыспен байланысты

4.     Н.Д.Кондратьевтің «ұзын толқындары»

40-60 жыл

Басты қозғаушы күш – технологиялық өндірістегі технологиялық базаның радикалды өзгеруі мен оның құрылымдық қайта құрылуы.

 

5.     Форрестердің циклдары

200 жыл

Энергия куаты мен материалдарға байланысты.

6. Тоффлердің циклдары

1000-2000 ж.

Цивилизацияның дамуымен, олардың жоғалуымен немесе жаңа сатымен байланысты.

*Дерек көзі: Кітап. «Экономикалық теория», 2002 ж.

 

           Жұмыссыздық — еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Осы көзқарастарға қысқаша тоқталып назар аударайық.

Мальтузиандық мектептін ірі өкілі Т. Р. Мальтус жұмыссыздықтың пайда болуын халық санының артып кетуімен байланыстырды. Халықтың саны геометриялық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,4,8,16…), ал өмір сүру жабдықтар тек арифметикалық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,3,4…). Сондықтан тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі жұмыссыздықтың себебі болып табылады.

Батыс мектептің өкілдері жұмыссыздықты жұмысшының еркін таңдауы деп есептеді. А. Пигу жұмысшылар шектен тыс жоғары жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраныс төмендейді.  Бірақ  XX ғасырдың 30 жылдарындағы жаппай жұмыссыздық бұл теорияның дұрыс еместігін дәлелдеді.

Кейнстік мектеп жұмыссыздықты тауарға сұраныстың төлем қабілеттілігінің жеткілісіздігімен және жалақының жоғары деңгейімен түсіндіреді. Жұмыспен қамтудың негізгі параметрлері тауарлар мен қызметтердің тұтынулық және инвестициялық нарығындағы сұраныстың көлемімен белгіленеді. Еңбек нарығындағы сұранысты жиынтық сұраныс, инвестициялар және өндірістің көлемдері реттеп отырады. Жұмыссыздықтың болуы жиынтық сұраныстың жеткіліксіз болуымен байланысты, яғни жұмыссыздықтың төмендеуіне жиынтық сұраныстың өсуі және жиынтық сұраныстың құрылымы әсер етеді. Жұмыссыздықтың деңгейі мемлекеттің инвестициялық іс-әрекеттерінің молаюы және экономикалық дамуы арқылы реттеледі.

Филлипс қисық сызығы экономикадағы жұмыссыздық пен инфляция деңгейінің өзара өзгеруін көрсетеді. Халықтың жұмысбастылығы қаншалықты жоғары болса, соншалықты олардың табысы жоғары болатындықтан жұмыссыздықтың азаюы құнсызданудың өсуіне әкеліп соғады. Себебі табыс жиынтық сұраныстың артуына себеп болады.

 

Инфляция деңгейі %

 

 4

 

 3

 

 2

 

 

 

                1      2         3

 Жұмыссыздық деңгейі %

 

Мұның мағынасы: Жоғары жұмыссыздық жағдайында инфляция төмен болатынын білдіреді және керісінше, жұмыссыздықтың азаюы жиынтық сұранысты арттырады, бағаның өсуіне итермелейді. Басқаша айтқанда, төмен жалақы жағдайында жұмыссыздық өсуі, керісінше жалақы өскен сайын жұмыссыздық азаяды.

 

Сурет 5. Филлипс қисығы [34, 400]

 

К. Маркстың қорлану теориясына сәйкес қосымша құнның капиталға айналуында капиталдың құрылымында өзгерістер болады. Қосымша құнның жұмыс күшін сатып алуға бағытталған үлесінің азаюына алып келеді, сондықтан жұмыс күшінің бір бөлігі өндіріс саласынан ығыстырылып шығарылады да жұмыссыздық пайда болады.

Қоғамдағы жұмыс жасындағы халық саны – жасына, денсаулығына қарай еңбекке қабілеті бар жұмыс күші болып табылады. Жұмыссыздық — бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші.

Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже. Экономикада жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздардан) құралады. Жұмыссыздықтың деңгейі жұмыссыздар санының қоғамдағы барлық жұмыс күшіне қатынасымен анықталады. (% пен есептеледі).

Жұмыссыздықтың негізгі формалары:

  • Жасырын жұмыссыздық — өндірісте артық жұмысшылардың қолданылуы, немесе ақпараттың болмауына байланысты.
  • Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтады.
  • Құрылымдық жұмыссыздық — өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қарауға болады, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының, басқа да жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.
  • Циклдық жұмыссыздық — өндірістің құлдырауынан туындайды.

Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықты екі топқа бөледі:

  • жиынтық сұраныстың жетіспеуіне байланысты; мысалы циклдық жұмыссыздық;
  • жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты; мысалы фрикциондық, құрылымдық жұмыссыздық.

Қазақстанда экономикалық реформалардың бастауынан ашық жұмыссыздық өсе бастады, бірақ онымен қатар жасырын жұмыссыздық та орын ала бастады.

Қазақстандағы еңбек нарығында ағымдағы, құрылымдық, циклдық жұмыссыздықтың түрлерін көруге болады. Ағымдағы жұмыссыздық фрикционалдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді, яғни халықтың көпшлігі жыл бойы кәсіпорындардағы жұмыстан шығып, және уақытша жұмысқа орналаса алмады.

Құрылымдық және циклдық жұмыссыздық ұзақ мерзімдегі сипатта болады да, олар жұмыссыздықтың тұрақты формасына әкеледі, яғни жұмыссыз адам ұзақ уақыт жұмыс таба алмағандықтан өзінің біліктілігін жоғалтады, еңбек нарығында бәсекелестік қабілетін жоғалтады.

Толық жұмысбастылық деген мағынаның экономикада жоқтық қасы, себебі барлық жұмыс күші жұмыспен толық қамтылған жағдайда да жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі болуы қалай да болса қажетті және заңды процесс. Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздықтың деңгейі фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық қосындысына тең. Ол жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады.

Жұмыспен толық қамту жағдайындағы қарқынды инфляцияға әкеліп соқпайтын жұмыссыздықтың ең төменгі дәрежедегі нормасын жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады. Егерде жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден артып кетсе, онда бұл жағдай жалпы ұлттық өнімнің азаюына әкеледі.

Жұмыссыздықтың зардаптары:

  1. Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында — өндіріс мүмкіншілігін толық пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың азаюына келеді. Бұл жағдайда:
  • халықтың сатып алу қабілеті төмендейді,
  • қазына – қор қысқарады,
  • инвестицияға сұраныс қысқарады,
  • өндіріс құлдырайды.
  1. Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында жұмыссыз адамдардың біліктілігі жоғалады.
  2. Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі.

Кез келген жұмыссыздықтың деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау үшін Оукен заңы қолданылады. Осы заң жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді.

Оукен заңы бойынша жұмыссыздықтың нақты деңгейі, табиғи деңгейіне қарағанда, 1 %-ке өсуі нақты ЖҰӨ-нің потенциальдық мүмкіндігімен салыстырғанда орташа 2,5%-ке төмендеуіне әкеледі. Потенциальды ЖҰӨ толық жұмыспен қамту жағдайында өндірілетін өнім.

Кез келген елдің экономикасында жұмыспен айналыспайтын белгілі бір адамдар саны бар, сондықтан мемлекет тарапынан оларға жұмыссыздық бойынша қаржы төлейді. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси зардаптарын азайту үшін дамыған елдердің үкіметтері соңғы жылдары жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда.

Макроэкономикалық тұрақсыздықтың тағы бір көрінісі – ол инфляция. Инфляция жағдайында ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуіне және тауарлар мен қызметтер бағаларының өсуіне әкеледі. Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. 1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқтырды, Франция 1789-1794 жж. революция кезінде ақша 7 жылда 883 есе құнсызданды. Алғашқы рет «инфляция» деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ-та Азамат соғысы кезінде қолданыла бастады. Инфляция – қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналымдағы ақша массасының нақты ұсынылған тауар санынан артып кетуі. Соның нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Инфляцияның бірнеше түрі бар.

Шетелде нарықта болатын инфляциялық тепе-теңдік формаларына байланысты инфляцияны ашық және басылыңқы түрге бөледі.

— ашық инфляция еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-теңдік сұраныс жағына қарай бұзылса және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда бұны ашық инфляция дейміз.

— басылыңқы (жасырын) инфляция – бағаны реттейтін экономикаға тән, яғни жалпы мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ ол тауар тапшылығына, өнім сапасының төмендуінде, ақшаның қорлану мәжбүрлігінде, көлеңкелі экономика дамуында, бартерлік іс-әрекетте байқалады. Басылыңқы инфляция ақшаның төлем қабілеті бар құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін атқара алмаған жағдайда мемлекеттің тауар бағасын сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік бағасынан төмен болуын қолдану арқылы пайда болады.

Ашық инфляция өз кезегінде бірнеше формаға бөлінеді:

— сұраныс инфляциясы – ол жұмыспен толық қамту жағдайында пайда болады, ақшамен қамтамасыз етілген сұраныс тауар бағасының өсуін тудырады. Қолда ақша көп мөлшерде, ал тауардың көлемі өте аз деп сипаттауға болады. Сұраныс инфляциясы нарықтық байланыстарды монополизм мен әкімшілік-әміршілік басқару жүйесінің ұзақ үстемдігі болған жағдайда да орын алады.

— шығын (ұсыныс) инфляциясы – ол өндіріс факторлары қымбаттаған жағдайда пайда болады. Бұл жағдайда өндіріс шығындарының өсуі өнім бағасының өсуіне әкеледі.

— құрылымдық инфляция – ол саларалық баланстың бұзылу жағдайында туады. Бір сала нарықты толық қанағаттандыра алмағандықтан бұл саладағы тапшылық тауарлардың қымбаттауына әкеледі.

Болжау арқылы инфляция бөлінеді:

— күткен инфляция – ол болжамдалынған инфляция.

— күтпеген инфляция – ол кенеттен тосын пайда болады, бағалардың кенеттен күрт өсіп кетуі.

Бағаның өсу қарқыны тұрғысынан инфляцияны төмендегідей түрге бөлуге болады:

— баяу инфляция. Бұл инфляция кезінде бағалар баяу (жылына 10% -тен аз) өседі. Шетел ғалымдарының ойынша, баяу инфляция экономикаға оң әсерін тигізеді, күрделі қаржының өсуіне ықпал етіп, жұмыссыздықтың деңгейін төмендетеді.

— қарқынды инфляция. Бұл инфляция кезінде баға жылдам (жылына 20-дан 200% -ге дейін) өседі.

— ұшқыр инфляция. Бұл инфляция кезінде айналымдағы ақшаның саны мен баға өте күрт жылдамдықпен (500-1000%-дейін) өседі. Баға мен жалқының арасы алшақтап бай адамдардың да тұрмыс жағдайы қиындай бастайды.

Инфляция деңгейі баға индексі көмегімен өлшенеді. Ағым кезіндегі тұтыну баға индексінен өткен кезеңдегі тұтыну баға индексі алынып, өткен кезеңдегі тұтыну баға индексіне бөлінеді.

 

Баға

=

ағым кезіндегі тұтыну баға индексі — өткен кезеңдегі баға

индексі

өткен кезеңдегі тұтыну баға индексі

 

Инфляция кешенді себептерден туындайды, олардың ең маңыздысы мыналар болып табылады:

— мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, яғни шығындардың түсімдерден асып жатуы. Егер мемлекет мұндай тапшылықты ақша эмиссиясы арқылы жоятын болса, айналымдағы ақша көлемі молаяды.

— тауарлар мен қызмет өндіру көлемінің қысқаруы, тауар тапшылығы.

— кейбір өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы, яғни олардың өзінің өніміне жоғары баға қою.

— өндіріс шығындарының өсуі, яғни шикізат, материалдар, жалақы шығындарының өсуі.

— елдің экономикасының ашықтығы, оның әлемдік байланыстарының өсуі инфляцияны шеттен әкелу қаупін молайтады.

Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен арттырмауына тырысады. Ақшаның құнсыздануы халықтың тұрмыс деңгейін төмендетуге әкеп соқтырады. Инфляциядан өндірісте зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көретілуіне байланысты еңбекке деген ынтада бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі. Инфляция кезінде өндіріс қарқыны төмендейді, экономикалық өсудің пропорциясы бұзылады, ақша-несие, қаржы және валюта мехинизмі бүлінеді, елде әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Инфляция халықаралық қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру шарттарын бұзады, экономикалық қылмыстар мен астыртын экономиканын дамуын жеделдетеді. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары:

  1. Елдің ұлттық табысы мен байлығы қоғамның әр түрлі топтарының арасында қайта бөліске түседі.
  2. Инфляцияның жоғары қарқынмен өсуі ұзақ мерзімге жоспар жасауды қиын жолға қояды, кәсіпкерлердің тәуекелін өсіреді.
  3. Қоғамның саяси тұрақтылығы бұзылады, әлеуметтік шиеленісті күшейте түседі.
  4. Ұлттық тауарлардың бәсеке қабілеттілігі төмендейді, экспорт азаяды, жұмыссыздық өседі.
  5. Шетелдің тұрақты валютасына сұраныс өседі, ол капиталдың шет елге ауысуына әкеледі.

Инфляцияға шалдыққан мемлекеттер инфляцияға қарсы саясатты жүргізуге мәжбүр болады. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатын экономиканы тұрақтандыру, бағамен жалақыны реттеу, қаржыны сауықтандыру, ақшаны эмиссиялауды қатал бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық шараларды іске асыру арқылы жүргізеді. Ал аса төтенше жағдайда ақша реформасы жасалады.

Инфляцияға қарсы саясат деген бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. XX ғ. 60 жылдарынан бастап бағаны тікелей және жанама түрде реттеу мақсатымен барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады.

Тікелей реттеу табыстар саясаты шеңберінде жүргізілді. Табыстар саясатын екі бағытқа бөлуге болады: жалақы мен бағалардың өсу нысандарын белгілеу және осыларға тікелей бақылау жүргізу. Бақылауға заң актілерінің күші тән болады. Жалақы ставкаларының өзгерістері әдетте барлық экономикадағы еңбек өнімділігінің өсу қарқынымен байланысты болады; бағалардың өзгерістері еңбекақыға жұмсалған шығындардың өзгерістерін өтеу үшін жүргізіледі. Осы бағыттың мәні мынада: жалдамалы жұмыскерлердің табыстары тікелей реттеледі, ал пайда – жанама түрде баға арқылы реттеледі. Заң жүзінде бағаның өсуіне шектеудің қойылуы, бағаларын жоғарылату пайдалы болатын тауарлардың көлеңкелі нарығын дамытуы мүмкін.

Бағаға ықпал жасаудың жанама  әдістеріне монетарлық және фискалдық саясаттың шаралары жатады. Мемлекет фискалдық саясат әдістер арқылы жиынтық сұранысты азайтуға тырысады (мемлекеттік сатып алуға және инвестицияларға шек қойып, ақша несие саясатын жүргізу (ашық нарықта операция жүргізу, банк пайызын және резервтік норманы өзгерту арқылы).

 

 

1.3 Әлемдік қаржылық дағдарыстың басталу себептері және оның экономикаға әсері

 

Әлемдік қаржы дағдарысының белең алу мүмкіндігі туралы анда-санда бір айтылып келген әңгіменің көрігі 2007 жылдың тамыз айының басында АҚШ-тың ірі ипотекалық несиелеуші компаниясының операцияларын тоқтатқаннан кейін күрт қызды. 2006 жылы 59 миллиард  доллар көлемінде ипотекалық несие берген American Home Mortgage компаниясындағы осы дағдарыс бұқаралық ақпарат құралдарының айтысына қарағанда, әлемдік қаржы дағдарысының басы ғана. Өйткені, ипотекалық рынокта басталған дағдарыс басқа салаларға да дереу «жұғып», несие ставкілері көтерілген. Қарапайым тілмен айтсақ, шамадан тыс көп мөлшерде таратылған несиенің мардымсыз қайтымы қаржы тапшылығына әкелген. Осыған байланысты ипотека секторындағы американдық өзге компаниялар мен банктер несиелеу ставкісін көтерген және қаржы тапшылығын еңсеру үшін көптеген қаржы құрылымдары өз активтерін нақты ақшаға айналдыруға кіріскен. Осының салдарынан ірі қор биржаларында индекстер түсе бастады. Мұның салқыны дереу Еуропа нарығына, одан асып күншығыстағы  Жапонияға да тиіп үлгерді. Мысалы, «Литер» газеті тамыздың 17-сі күнгі нөмірінде Токио, Гонгконг, Сингапур биржаларының индексі өткен аптада 3 пайызға түскенін, дағдарыс Ресей рыногына да жетіп, ең алдымен Москоммерцбанк ипотекалық несиелеу ставкісін 0,5-1 пайызға көтергенін жазды.

Мұхиттың арғы жағынан басталған дүрбелеңнің Еуропа мен Ресейге де жеткенін Интерфакс-Қазақстан агенттігі мен Капитал.kz басылымдары да жарыса жазуда. Олардың деректеріне сенсек, Еуропаның орталық банктері қаржы тапшылығының алдын алу үшін қажетті іс-шараларды қолға алып жатыр.

Дүние өстіп дүрлігіп жатқанда, қазақстандық қаржы құлағын ұстаған банкирлер қаржы дағдарысы қазақ экономикасына салқынын тигізе алмайтындай жайбарақат болжамдар жасап, мейілінше сабыр танытуға тырысуда. Бірақ, Ұлттық банк тамыздың 29-ынан бастап, елдегі коммерциялық банктерге қатысты ең төменгі резервтік талап көлемін өзгертіп, олардың ішкі міндеттемелеріне қатысты көлемін 5 пайыз көлемінде белгілеп, сыртқы, яғни шетелдік қарыз берушілер алдындағы міндеттемелеріне қатысты минималдық резерв көлемін 10 пайызға бекітетіндігін мәлімдеді. Мұндай шара белгілі бір дәрежеде екінші деңгейлі банктердің сырттан мол қарыз алуын тежейтіндіктен, оны бір сөзбен сақтық шарасы деуге келеді. Өйткені, банктердің сырттан алатын қарыздарының көлемі бұдан былай олардың өздерінде бар резервтің шамасына тәуелді болады.

Біздегі жағдай қандай? Бізде халыққа несие ретінде таратылып жатқан қаражаттың барлығы дерлік сол банктердің өздері сырттан түрлі шарттармен алған заемдар. Олардың да өтеуі бар. Оның үстіне клиент үшін бәсекеде бұл банктер халықтың төлем қабілетін тексеру талабын да жеңілдетіп жіберді. Құдай сақтасын, ертең алған несиені қайтара алмау ықтималдығы жаппай белең алатын болса, АҚШ-тың кебі бізге де келуі әбден мүмкін. Бұл айқын қауіп. Алайда, қазақстандық банкирлердің есебі басқаша сияқты. Таяуда өткен баспасөз мәслихатында банкирлер Америка мен Қазақстандағы несие алушылардың айырмасы көп, ол жақта қарызын өтей алмайтынын біле тұрып, бірін екіншісімен жабуға үміттенетін қарыз алушылар 60 пайызды, бізде 3 пайызды ғана құрайтынын алға тартты.

Ал ең төменгі резервтік талапты өзгерту шарасына келсек, мұны отандық банктер қуана қабылдамаған сыңайлы. Мысалы, ТұранӘлемБанкінің сыртқы талдау және болжау басқармасының сарапшысы Сергей Скороходов Интерфакс-Қазақстан агенттігіне берген сұхбатында Ұлттық банктің бұл қадамын қуаттай қойматынын білдіреді. Мұндай жағдайда ең соңғы тұтынушы үшін баға қымбатқа түсетіндіктен, банктердің несиелеу өсімі тежеледі дегенді айтады. Оның айтуынша, Ұлттық банктің ақша-несие саясатын қатайтуы АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыс тудырған халықаралық қаржы рыногындағы тұрақсыздықпен, халықаралық ставкілердің көтерілуімен тұспа -тұс келіп отыр. Осы екі факторды ескерсек, екінші деңгейлі банктердің сырттан алатын қарыздарының бағасы өседі, соның нәтижесінде ішкі рыноктағы несие ставкілері де көтеріледі. Осыған ұқсас пікірді ҚазКоммерцБанктің департамент директоры Сергей Мокроусов та айтқан. Оның сөзіне сенсек, мұндай ахуал инвестициялардың кемуіне әкеліп, экономика өсімін тежеуі мүмкін. Өйткені, біздегі шикізаттық емес секторға келетін инвестиция негізінен банктердің сырттан алатын қарыздары деуге болады.

«Қазақстан банктерiнде 1,5 трлн. теңге босқа жатыр», – дейдi сарапшылар. Соңғы алпыс жылда алғаш рет соққан экономикалық дағдарыстың күштiлiгi мен қуаттылығы соншалықты, әлем соққыдан есiн әлi жинап үлгерген жоқ. 2010 жылы әлемдiк экономикадағы қордаланған қиындықтар қалай шешiмiн таппақ? Халықаралық қаржылық жүйенiң осал тұсы қайсы? Үкiметтiк бағдарламалар мен шаралардың қауқары қаншалықты? Жұмыссыздықпен күрес қалай өрбiмек? Осындай ауыр сауалдар адамдарды күн сайын мазалауда.

Bank of America Merrill Lynch сарапшылары 2010 жылғы экономикалық көрсеткiштердiң өсуi әлемдiк экономиканың дағдарыстан сауығуының кепiлi бола алмайтынын, әлемдi күткен қауiптiң әлi де көптiгiн көлденең тартты. Яғни, көрсеткiштер жақсарғанымен, қордаланған қиындықтар түбегейлi шешiмiн таппайды. Bank of America Merrill Lynch банкiнiң Еуропа, Таяу Шығыс пен Африка нарықтары жөнiндегi маманы Билл О’Нилл: «2009 жылы дүниежүзiлiк қаржылық жүйе күйреген жоқ, алпауыт корпорациялар жаппай дефолтқа ұшырамады, жұмыссыздық деңгейi күрт артпады, жаһандық сауда, азық-түлiк соғысы туындамады. Алайда, 2010 жылы Жер шарының жағдайы жақсарады деуге әлi ерте. Келесi жылы бiздi рецессияның екiншi кезеңi, облигациялар нарығындағы аласапыран мен гиперинфляция күтiп тұр» дедi. Америкалық банкирдiң бұл пiкiрiн «2010 жылы әлемдiк экономиканың халi одан сайын мүшкiл тартады» деп мәлiмдеген РФ вице-премьерi Кудрин де құптады. 2009 жылдың қыркүйегiнде Еуропалық орталық банктiң басшысы Жан-Клод Трише дағдарыстың әлi бiтпегенiн, сондықтан экономика мен қаржылық жүйенi тұрақтандыруға бағытталған шараларды аяқтау әлi ерте екенiн ескерткен. Сарапшылар: “тығырықтан шығудың ең төте жолы – мемлекеттiк қаржылық қолдаулар мен тұтынушылық сұраныс арасындағы алшақтықты азайтып, үкiметтер бұрын-соңды болмаған деңгейге дейiн күрт төмендетiп тастаған пайыздық ставкаларды жедел түрде көтерудi қолға алуы тиiс” дейдi. Алдағы 6-9 ай iшiнде дағдарысқа қарсы бағдарламаларды аяқтауға кеңес берген О’Нилл: “2010 жылдың басында Ұлыбритания, Үндiстан, Индонезия, Оңтүстiк Корея, ал жыл соңында еуроаймақ пен Қытай пайыздық ставкаларды жоғарылатуы керек” деген пiкiрде. Ресейдегi Сбербанк сарапшысы Николай Кащеев: «2008-2009 жылдары экономикаға құйылған аса iрi көлемдегi қаржылық қолдаудың арқасында 2010 жыл онша қиын болмауы мүмкiн, бiрақ 2012 жыл бүкiл әлем үшiн аса ауыр болмақ. Аса iрi көлемдегi дербес қарыздардың қордалануы, сауда тапшылығының артуы, қаржылық қолдаулардың қысқа мерзiмге құрылуы себептi, мемлекеттiк қолдаусыз өмiр сүруге қабiлеттi ұзақмерзiмдiк өсiм көрсеткiшiн қамтамасыз ете алмауы жағдайды шиеленiстiре түседi» дейдi. Халықаралық сарапшылардың көпшiлiгi «жекеменшiк сала мемлекет қамқорлығынсыз өз бетiнше күн көре ала ма, жоқ па?» деген мәселе 2010 жылдың екiншi жартысына қарай анықталатынын көлденең тартады. Егер жекеменшiк сала аяғынан тiк тұра алмаса, әлемдiк экономикаға төнген күшейе түсерi белгiлi. Алайда, сүреңсiз болжамдарға қарамастан, Merrill Lynch 2010 жылы әлемдiк экономиканың өсу қарқыны 4,3 пайызға тең болатынын айтады. Үстiмiздегi жылы — 1%-бен шектелген бұл көрсеткiштi жақсартуға Қытай (10%) мен Үндiстан (7%) атсалысатын көрiнедi. Аспанасты елiне қаржылық дағдарыстың айтарлықтай керi әсер ете алмауы және Қытай билiгiнiң мемлекеттiк қолдауды аса iрi көлемде, жедел түрде қабылдауы  нәтижесiнде Қытай дағдарыстан әлем бойынша ең бiрiншi есін жиған ел болмақ.

Халықаралық еңбек ұйымы тәсiлi бойынша есептегенде, ТМД аумағындағы жұмыссыздар саны 10 миллион адамға жеткен. Бұл еңбекке жарамды да қабiлеттi халықтың 7,7 пайызына тең. Ал ресми деректерде бұл көрсеткiштiң төмендетiлiп берiлетiнi белгiлi. Кәсiподақтар ұйымдарының жалпы конфедерациясы 2009 жылы жұмыссыз қалғандардың саны 11-15 миллионнан (8-10%) асып жығылғанын көлденең тартады. Бұл еңбек нарығындағы ахуалды шиеленiстiрiп, кедейшiлiкке ұшырағандарды көбейтедi. Қазiргi кезде халқы ең кедей — Қырғызстан (66%), одан кейiнгi кезекте — Молдова (31%), Ресей (17%), Украина (15%). Қазақстан кедейлерi аз елдер қатарында — 3%. Дағдарыстан ең көп зиян шеккен Балтық жағалауы елдерiндегi компаниялардың басым бөлiгi 2010 жылы қызметкерлерiнiң 35-40 пайызын қысқартуды көздеп отыр. Түркия, Венгрия, Болгария, Латвия, Литва, Румыниядағы 1700-ге жуық компанияға сауалнама жүргiзген Дүниежүзiлiк банк бүгiнде Шығыс Еуропа бойынша экономикалық қиындықтардың басым бөлiгi Балтық жағалауы елдерiнiң еншiсiне тигенiн мәлiмдедi. Тұтынушылық сұраныстың күрт төмендеуi салдарынан, Латвия мен Литваның компаниялары сату көрсеткiштерiн 40 пайызға қысқартуға мәжбүр болса, өндiру қарқынын 24 пайызға азайтқан. Мамандар қауымы КСРО ыдырағаннан кейiн-ақ халi мүшкiл тартқан балтықтық елдердi қолдаусыз қалдыруға болмайды деген пiкiрде. ТМД елдерiне келсек, Молдовада — 6,9 пайыз, Грузияда — 16 пайыз. Ал халқының саны 80 миллионға жуықтаған Түркиядағы жұмыссыздық деңгейi — 13-14 пайыз. Халықаралық еңбек ұйымының болжамдарына иек артқан ресейлiк кәсiпкерлер Ресейдегi жұмыссыздық деңгейi 2010 жылдың сәуiрiнде 5,8 млн. адамнан 8-16 млн.-ға дейiн өсiп кетедi деп дабыл қағуда. Оның себебiн кәсiпкерлер қауымы жыл басы — қаңтар, ақпандағы тұтынушылық сұраныстың төмендеуiмен бiрге кәсiпорындардағы қысқартулардың жаппай өсуiмен байланыстырады.

 Жұмыссыздық деңгейi жағынан алғанда, Қазақстан Ресей, Беларусьпен бiр деңгейде — 6,2 пайыз. Бiрақ кейбiр бейресми деректерде бiздегi жұмыссыздық 12, тiптi, 25 пайыз аралығында делiнедi. Алдағы жылы Қазақстанға келетiн шетелдiк жұмыс күшiне берiлетiн квота 2010 жылы 60 мың адаммен бекiтiлген. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Гүлшара Әбдiхалықованың айтуынша, бүгiнде шетелдiк компаниялар сырттан тартатын жұмысшы санын 30 мыңмен шектептi. Жұмыссыздықпен күрес мәселесiнде «Жол картасын» келесi жылы да жалғастырып, республикалық бюджеттен 140 миллиард теңге, жергiлiктi бюджеттен 15 миллиард теңге ($1 млрд.) бөлiнбек. Сонымен қатар зейнетақы — 25 пайызға, күнкөрiс деңгейi инфляция деңгейiне қарай артады. Еңбекке жарамсыз азаматтар мен асыраушысынан айрылғандарға арналған жәрдемақы көлемi 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 9 пайызға көтерiлдi. Халықаралық қаржы қоры ТМД елдерi экономикасының рецессиядан шығуы қиын екенiн айтты. ХҚҚ сарапшыларының пiкiрiнше, несие нарығын тек iрi компаниялар мен корпорацияларға ғана айқара ашқан ТМД мемлекеттерiнде келесi жылы жұмыссыздық деңгейi артады. Олар «Тәуелсiз мемлекеттер достастығына мүше елдердiң көпшiлiгi Ресейге тәуелдi болғандықтан, РФ экономикасының күрт төмендеуi (7,5%) Арменияда (-15%), Украинада (-14%) байқалса, өсiм Әзiрбайжанда (7,5%), Түркiменстанда (4%) орын алған. ХҚҚ мамандары көмiрсутегi қорларын дербес жолдар арқылы тасымалдайтын елдер, яғни, Ресейден тәуелсiз мемлекеттер қаржылық қиындықтарды өз бетiнше шешуге қауқарлы» деген пiкiрде. Есесiне, экономикалары дотациялық үлгiге құрылғандар — Қырғызстан, Тәжiкстан, Армения мен Грузия тығырыққа тiрелiп отыр. Алайда, ХҚҚ мамандары 2010 жылы ТМД аумағындағы экономикалық өсiм 2,1 пайыздың көлемiнде болатынын көлденең тартады. «Екi қолға бiр күрек» табуға келгенде, дамыған елдердiң де жағдайлары мәз емес. Жуырда Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы сарапшылары экономиканы тұрақтандыруға ұмтылған үкiметтердiң талпынысы жұмыссыздықты төмендетуге сеп бола алмайтынын айтты. Ұйымның мәлiмдеуiнше, АҚШ-тағы жұмыссыз қалғандар саны 2010 жылдың алғашқы жартысында күрт көбейедi. Ал кәрi құрлықтағы жұмыссыздық тек 2011 жылға қарай ғана бәсеңдемек.

Халықаралық сарапшылар дерегiне жүгiнсек, бүгiнде Еуроодақтағы қаржылық жүйенiң халi мүшкiл. ЕО-ға мүше мемлекеттердiң көпшiлiгiнде банктер қаржы тапшылығы мәселесiн шешiп үлгерген жоқ әрi мемлекеттiң қолдауына әлi зәру. Егер Батыс Еуропаның банктерi Шығыс Еуропадан үдере көшсе, бүкiл аймақтағы күйреуге әкеп соқпақ. Жуырда EBRD мен Халықаралық қаржы қоры бiрiгiп, 25 млрд. еуроға жуық қаржысы бар қорды құрды. Негiзi әлемдiк қаржы жүйесiндегi келеңсiздiктердiң барлығы тәуекелдiк менеджменттiң дұрыс түзiлмеуiнен, бақылау мен қадағалау тiзгiнiнiң уыстан шығып кету салдарынан болғаны белгiлi. Қазiр Жер шары осындай олқылықтардың орнын толтыруға тырысуда. Былтыр желтоқсанның басында еуропалық елдердiң қаржы министрлерi бiртұтас Еуропаның қаржы саласын реттеу және қадағалау мақсатында 3 жаңа бақылау ұйымы мен жүйелiк қатерлер жөнiндегi бiртұтас еуропалық кеңестi құруға шешiм қабылдады. Еуропалық орталық банкке тiкелей бағынатын бұл Кеңес кәрi құрлықтағы қаржылық дағдарыстардың қайталанбауына жауапты. 2009 жылы Еуропалық орталық банк ұзаққа созылған рецессия қаржылық дағдарыстың үшiншi толқынын тудырып, 2010 жылы кәрi құрлықтағы ең iрi деген 25 банктiң күйреуiне әкеп соғуы мүмкiндiгiне алаңдаған. Әлгi 25 банкке қосымша қаржылық қолдау көрсетуi сол себептi. ЕОБ қаржылық тұрақтандыру жөнiндегi сарапшысы Дежан Крусеч қиындыққа ұшыраған барлық банкке ЕОБ тарапынан көрсетiлетiн қаржылық қолдаудың жеткiлiктi мөлшерде екендiгiн, шығынды жабуға мүмкiндiгi барлығын айтқан. Қазақстандық қаржы саласының қиындығы да бiр басына жетiп-артылады. Осыдан екi жыл бұрын дағдарысқа қарсы шараларды қолға алған Үкiмет алдымен қаржы саласын тұрақтандыруға ден қойды. Бұл қадамды құптағандар бар, қарсы болғандар да. Мысалы, макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры Олжас Құдайбергенов Үкiметтен бөлiнген қаржылық қолдаудың басым бөлiгi қаржы саласын тұрақтандыруға емес, экономиканың нақты саласына бағытталуы тиiс едi деген пiкiрде: «Экономиканың нақты саласына 5 млрд. емес, одан көп ақша бөлiнуi тиiс болатын. Екiншiден, банктерге бөлiнген 5 млрд. доллар айналымға шығарылған жоқ, сол банктердiң өздерiнде қалды. Бүгiнде 1-1,5 трлн. теңге банктердiң есепшоттарында босқа жатыр. Қайтарылған несиелердiң мөлшерi мемлекет тарапынан құйылған қаржы мөлшерiнен көп. Яғни, экономикаға түсуi тиiс қаржыдан қағылдық. Ал осы орасан көп қаржы экономиканың нақты саласына құйылуы керек едi». Есесiне, «дағдарыс адамдардың қолдағы қорын ысырап етпей, жинақтай бiлуге үйреттi. Дағдарыстың алғашқы жылдары сескенiп қалған ел ендi жайлап ақшаларын жұмсауға көшедi. Кейiнге қалдырылған сұраныс бiртiндеп қанағаттандырыла бастайды. Соңғы екi-үш айындағы көрсеткiштерге көз салсақ, адамдардың мейрамхана, кинотеатрларға барғыштауды жиiлеткенiн, тұтынушылық сұраныстарын қанағаттандыруға көшкенiн байқаймыз».

Әлемдiк экономиканың дағдарыстан құлан-таза айығып кетуi шикiзат нарығындағы ахуалға тiкелей әсер етедi. Былтыр жыл соңында 2010 жылға болжам жасаған ОРЕС сарапшылары экономикалары тұрақтана бастаған елдердiң арқасында көмiрсутегiнi тұтыну көлемi де артатынын айтты. Мысалы, келесi жылы тәулiгiне тұтынуға кететiн мұнай көлемi 85,13 млн. баррель болмақ және ОРЕС шикiзат өндiруге бөлiнетiн квотаны тәулiгiне — 24, 845 млн. баррель күйiнде өзгерiссiз қалдырды. Картельдегi мұнай бағасы қаңтарда 41,51 доллардан қарашада 74,97 долларға дейiн өстi. Ағылшындардың Barclays Capital банкi сарапшылары жасаған болжамда келесi жылы мұнайдың бiр баррелi орташа есеппен алғанда, 85 долларға, ал 2011 жылы 97 долларға дейiн жетедi делiнген. Алайда, Олжас Құдайбергенов: «Егер үкiметтер дағдарысқа қарсы шаралар толық тоқтатса, дағдарыстың екiншi толқыны алдыңғысына қарағанда, әлдеқайда күштi соқпақ. Ал мұнай бағасы 30 долларға дейiн құнсызданады. Мұндайда девальвацияның екiншi толқынын күту керек» дейдi.

Экономистiң пiкiрiнше, «2009 жылдың қаңтары мен ақпанында әлемдiк нарықтағы мұнай бағасы күрт арзандап кеткенде Ұлттық банк ұлттық валютаны құнсыздандыруға шешiм қабылдады. Бiрақ импорт көлемi одан сайын өсе түскендiктен, теңгенi девальвациялау қордаланған қиындықтарды шешуге ықпал ете алмады. Көп ұзамай, жаздың соңы және күздiң басында мұнайдың бiр баррелi 70-80 долларға дейiн өсiп, күнi бүгiнге дейiн сол деңгейде сақталып тұр. Соңғы үш айда мұнай құны былтырғыға қарағанда, едәуiр өскен. Демек, ұлттық экономикалық көрсеткiштердi жақсартуға мұнай оң ықпал еттi. Сарапшылардың көпшiлiгi жыл соңына қарай экономикалық ахуал нашарлай бастайды деп болжаған болатын. Экономист Олжас Құдайбергеновтiң пiкiрiнше, ҚР Үкiметi «дағдарыс аяқталды, бiрақ дағдарысқа қарсы шараларды жалғастыра беремiз» деп өзiн өзi алдап отыр. Бiрақ дағдарыстың екiншi толқыны басталса, Үкiметтiң қолында құятын қосымша қаржысы жоқ. Өйткенi, ақшаның басым бөлiгi жұмсалып кеттi, бюджет тапшылығы мен мемлекеттiк қарыз көлемi орасан үлкен.

Жаңа қаражат көзiн табуға қауқарсыз: «Қазiргi кезде Қазақстан үшiн ең маңыздысы, әлемдiк экономикаға, әсiресе, АҚШ экономикасына баса назар аударуы тиiс. АҚШ Федералдық қор жүйесi қазанда дағдарысқа қарсы шараларды тоқтатуға шешiм қабылдағанда, нарыққа керi әсер етiп, ФҚЖ бағдарламаны тоқтатуға қатысты ойынан айнып қалғаны белгiлi.

700 млрд. долларлық бағдарламаны тоқтатқан Америка күнi кеше ғана дағдарыс бiттi деп қуануға әлi ерте екендiгiн, дағдарыстың әлi бiтпегенiн ескерттi. Американың Орталық банкi дағдарысқа қарсы бағдарламасын желтоқсан, қаңтар және ақпан айларында толық тоқтатуды көздеп отыр. Бiздiң қазан айына дейiн күткен көрсеткiштердiң төмендеуi желтоқсан, қаңтар, ақпанға ысырылды.

Мемлекет нарықтан ақшаны қайтарып ала бастағанда 2007 жылдың тамызында, 2008 жылдың тамызында болған жайттар қайталанады. Доллардың бағамы өсiп, мұнайдың 70 долларға дейiн арзандауы соның кесiрiнен. Менiңше, егер ФҚЖ қор нарығындағы әбiгерден тағы да қорқып кетiп, қосымша қаржы құюға тырыспаса, 2010 жылдың алғашқы екi айында жағдай күрт нашарлап, мұнай өте тез құнсызданады.

2009 жыл көңiлдерге үмiт ұялатқан жыл болса, 2010 жыл көңiлдердi қалдырған жыл болмақ». Келеңсiздiктердi көлденең тартқандар қатарында Нобель сыйлығының иегерi, Дүниежүзiлiк банктiң бұрынғы бас экономисi Джозеф Стиглиц те бар. 2010 жылдың екiншi жартысында АҚШ жаңа экономикалық дағдарысқа тап болуы мүмкiндiгiн ескерткен оның пiкiрiнше, америкалық билiктiң өскелең ұрпақты жеткiлiктi деңгейде жұмыспен қамтамасыз ете алмауы, еңбек өнiмдiлiгi мен өндiрiс қарқынының бәсеңдеуi, жұмыссыздықтың артуы, экономикалық өсiмнiң бәсеңдiгi келесi жылғы қиындықтарға себеп болады.

 

 

 

 

  1. Қазіргі кездегі жаһандық экономикалық дағдарыс және оған қарсы шаралар

 

      2.1 Қазақстандағы экономикалық дағдарыстар: себептері  және одан шығу жолдары

        Тарихтан берi келе жатқан қазақ елiмiз көптеген әр қилы замандарды басынан өткiзiп, Кеңес Одағы құрамында 70 жыл социалистiк құрылыста болып келiп, 1991 жылы өз тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн мүлдем басқа, адамдар психологиясына жат көрiнетiн нарықтық экономикаға өттiк. Яғни бұл жүйеде тиiмдi қызметтер атқару үшiн ұлттық экономикаға пайдалы, жан жақты бағдарланған экономикалық саясат, реформалар, заңдар және қысқа немесе ұзақ мерзiмдi стратегиалар шығару, сондай-ақ оны iске асыру керек болды.

Елiмiздегi экономикалық циклмен дамуы егемендiгiн алған жылдардан бастап құлдырау және соңында 1994-1995 жылдары дағдарыстың жоғары дәрежесi көрiндi. Ал 1996 жылдан бастап елiмiз экономиканың жандануы, инфляцияның төмендеуi, ЖIӨ-нiң өсуi сияқты көрсеткiштер оң бағытта өсiп экономикалық циклдiң жандану және өсу сатысындамыз.

Республикадағы экономикалық дағдарыстар ең алдымен оның терең тамыр жайып, қоғамдық өмiрдiң барлық саласына әсер етiуiмен сипатталады. Мұның өзi өндiрiс құлдырауының қаусап-күйреу кейпiнен, оның тиiмдiлiгiнiң күрт төмендеуiмен көрiнедi [8].

Жалпы елiмiздегi экономикалық дағдарыс 1991 жылдан басталған жоқ, ол сонау Кеңес басшылығының 1985-1991 жалдардағы экономикалық саясаты экономиканы дағдарысқа сол кезден бастап бұрған едi. Әуелi кәсiпорындар, сонан кейiн аймақтар қалыптасқан шаруашылық байланыстарын үзе бастады, бартерлік қарым-қатынастарға көштi, мемлекеттiк тапсырыс бойынша өнiм өткiзудi тоқтатты, барлық таза пайданы тұтыну қорларына айналдырды. Мемлекеттiң бюджетiнiң тапшылығы мен инфляция өсе бастады, ақша жүйесi құнсызданып, экономиканы тиiмдi басқару құлдырап кеттi. 1990 жылдары елiмiзге келетiн өндiрiтiк инвестициятоқталды. 1990 жылы өндiрiс көлемi абсалюттi түрде құлдырап, елiмiз экономикалық дағдарысқа кiрдi. 1991 жылы өнеркәсiп өндiрiсiнiң құлдырауы 8 пайызға жеттi. Экономикада аласапыран басталды.

Осылайша 70 жыл бойы экономикада ортақ меншiктiк негiзде, экономиканы бiр орталықтан басқарып келген шаруашылық механизмiмiз Кеңес Одағының ыдырауымен оның құрамындағы елдердiң барлығы саналарына тым жат болып келетiн нарықтық экономикаға өттiк. Осы уақыттарда барлық буындағы басшылар нарыққа көшудiң жолдары жайында ұзаққа созылған пайдасы жоқ бос шарушылыққа көштi. Сыңаржақты жасалған бағдарламалар мен қызметтер пайда болды.

Қазақстан Республикасы өз егемендiгiн алып, нарықтық қатынастарға өтуде ең алғашқы мiндет – ол экономиканы ырықтандыруға, шаруашылық жүргiзудi демократияландыруға негiзделген, инфляцияны тежеуге бағытталған қатаң қаржы – ақша саясатымен ұштастырылған түбегейлi реформа жүргiзу болатын.

Сондай-ақ бұрыннан берi қызмет етiп келе жатқан экономикалық жүйе, елдердiң экономикалық қарым – қатынасы бұзылуы салдарынан экономиканың құлдырауы одан сайын өрши түстi. Нарықтық жағдай бiрден халыққа ұғынықсыз түнек болып көрiндi, яғни нарықтық экономикаға сенiмсiздiкпен қараушылық пайда болды, ал бұл мәселе ендi ғана халықтың сенiмiне ие болып отырғаны баршамызға белгiлi.

Осылайша елiмiздiң тәуелсiздiк алған оншақты жыл жалпы дағдарыстарға толы болды. Ол дағдарыстарды былай жiктеуге болады:

— экономикалық өсудегi дағдарыс;

— инфляциялық дағдарыс;

— төлем қабiлетi дағдарысы;

— инвестициялық дағдарыс;

— әлеуметтiк саладағы дағдарыс [9].

Елiмiздiң нарықтық қатынастарға өтуi барысында жалпы экономика өтпелi кезеңде болып отыр. Экономикалық өсудегi дағдарыс елдегi 1991-1998 жылдар аралығындағы ЖIӨ-нiң құлдырауымен байланысты. Әлемдiк тәжiрибеде экономикалық өсудiң дағдарысы , яғни ЖIӨ көлемi үш жылда 9%-дан асып кетсе экономикалық өсудегi дағдарыс деп аталады. Ал Қазақстанда болса ЖIӨ-нiң көлемi 1998 жылы 1991 жылға қарағанда 31,2%-ға төмендедi.

Осы аралықта. экономикалық өсуде ЖIӨ-нiң  1996 жылы – 0,5%, 1997 жылы – 1,7%-ға шамалы өсу қарқыны көрiндi. Бiрақта 1998 жылы қайтадан ЖIӨ-нiң 1,9%-ға төмендеуi байқалды, яғни ол жылы әлемнiң бiрнеше елдерiнде қаржы дағдарыстары болып едi. Бұдан көретiнiмiз елiмiздiң экономикасының өсуi тұрақты емес, өйткенi ол басқа экономикалық өзгерiстерге тәуелдi. Оның басты себебi бiздiң экономикамыздың шикiзаттық бағытта болуы, яғни әлемдегi шикiзат бағасының өзгеруi бiздiң экономикаға зор ықпал жасайды. Осыған байланысты елiмiздiң басты саясаты ұлттық экономиканы тұрақтандыру саясаты болып табылады, ол үшiн өндiрiстi шикiзаттық бағыттан жайлап өңдеушi индустриялы-инновациялы дамуға өту болып отыр.

1991-1995 жылдардағы экономикалық өсудегi дағдарыстың басты себебi инфляциялық жағдай болып табылады. Өйткенi 1992-1994 жылдарда елiмiзде инфляция қарқыны тым үлкен болды. Инфляция деңгейi 2000%-дан асып кетiп, гиперинфляцияны құрады [11].

Осыған байланысты 1993 жылы ұлттық валютамыз теңгенi енгiзуiмiзге тура келдi. Алайда соның өзiнде инфляция белең алып отырды. Осы мәселе туралы ұлттық валюта енгiзiлгеннен бастап елдегi банк жүйемiз нақты ақша-несиелiк және валюталық реттеуге кiрiстi. Осының нәтижесiнде экономикада 1995 жылдан бастап инфляция деңгейi төмендей басатады, ал ол өз кезегiнде экономикалық өсуге жол ашты.

  Инвестициялық дағдарыс Қазақстанда Республикасында инвестициялық қызметтiң дереу тоқталуымен белең алды. 1991-1996 жылдар аралығында негiзгi капиталға инвестиция тарту тұрақты түрде кемiп отырды. Осы аралықта негiзгi капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемi 10 есе кемiдi. Осылайша елiмiзге инвестиция ағымы азаюымен қатар жоғарыда көргенiмiздей экономикалық өсуде дағдарысқа ұшырады. Жалпы экономикада өндiрiстер құлдырап, көбiсi банкротқа ұшырады. Сондай-ақ бұрынғы құралдардың жаппай тозуы басталды. Осының салдарынан әлеуметтiк салада жұмыссыздық күннен-күнге өсе бастады.

  Мемлекетiмiз осы мәселеге тiкелей араласа бастады. Ол экономикаға инвестиция тартуды ынталандыру саясатын жүргiздi, шетелдiң тура инвестициялар келуiне ынғайлы жағдайлар жасады. Сондай-ақ iшкi экономикалық инвестиция тартуды дамытты.

  Бiрақ қазiргi уақытта шетелдiк инвестицияның басым көпшiлiгi елiмiздiң шикiзаттық қорын игеруге салынып отыр. Осыған байланысты экономикалық өсудiң өзi осы сонғы жылдарда әлемдiк рыноктарда мұнайға деген бағаның өсуiмен байланысты болып отыр. Ал экономиканың тұрақты өсуiн қамтамасыз ету үшiн өндiрiстiң өңдеушi саласын дамыту мәселесi туындап отыр. Ол үшiн осы салаларға инвестиция салуды ынталандыруды мемлекеттiк тұрғыдан ынталандыруды қолға алу керек. Жалпы оның себебiн 2008 жылы негiзгi капиталға тартылған инвестиция мөлшерiмен анық көруге болады.

Осы мәселеге байланысты 2003 жылы елiмiзде экономиканың өңдеушi саласын дамытуға байланысты дамудың индустриялы-инновациялы стратегиясы қабылданды. Онда осы өңдеушi саланы дамытуға байланысты оны қаржыландырудың көздерi болып арнайы Инновациялық қор, Инвестициялық қор және Даму банкiнiң қатысуымен жүзеге асты.

 

 

                                        Өңдеушi сала – 15%

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 Өндiрушi сала – 85 %

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 6. Қазақстан экономикасының негiзгi капиталға тартылған инвестицияның үлесi [11, 25]

 

Елiмiзде инфляциялық дағдарыстың орны ерекше деп те атасақ болады. Өйткенi 1990 жылдан бастап өндiрiстiң құлдырауы, бұрынғы орталықтанған экономиканың ақшаны құнсыздануға жiбермей ұстап тұрған саясаты жойылып, экономика нарықтық қатынастарға бет алғанда  қаржы саласы дереу дағдарысқа ұшырады. Осының салдарынан Қазақстанда 1992-1994 жылдары тұтынушылар тауарына инфляция деңгейi 2000%-дан асып кеттi. Өндiрiс пен инфлияцияның дағдарысқа ұшырауы әлеуметтiк саланың күрт құлдырауына алып келдi. Халықтың ақшалай кiрiстерi кеми бастады, еңбек ақы төмендедi, жалпы елде кедейлiктiң деңгейi өсе бастады.

  Әлемдiк тәжiрибеде инфляциялық дағдарыс деп екi жыл аралығында инфляция деңгейi 40%-дан төмендесе айтады. Ал Қазақстанда 1992-1994 жылдары гиперинфляция болды [8].

  Осы мәселеге мемлекетiмiз әр түрлi саясаттарды iске асыра бастады. Бiрақ 1991-1993 жылдар өзiмiздiң ұлттық валютамыз болмауы себебiнен қаржы жүйемiз ақша-несие және валюталық саясатты толық түрде жүргiзе алмады. Осылайша 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз теңгенi енгiзуiмiзге тура келдi. Осыдан бастап елiмiз экономиканы ақша-несиелiк және валюталық түрде реттей бастады, ұлттық валютамызды тұрақтандыру саясатын жүргiзудi қолға алды және жаппай мемлекеттiк меншiкке жекешелендiру сяасаты, яғни кәсiпкерлiктi дамыту реформалары жүргiзiлдi. Бұл саясаттардың барлығын жүргiзiп, iске асырып отырған мемлекетiмiздiң Ұлттық Банкi болды.

  Сөйтiп 1995 жылдан бастап экономикада жүргiзiлген реформалардың нәтижесiнде және қаржылық реттеудiң арқасында инфляция қарқынының  төмендеуi байқалды, ал оның төмендеуi өзiмен бiрге экономикалық өсудiң белең алуына әкелдi.

  Осылайша 1995 жылы жылдық инфляция деңгейi 60,3%, 1996 жылы – 28,7%, 1997 жылы – 11,2%, 1998 жылы – 1,9%,ал өткен 2003 жыл  инфляция деңгейi жоспарланған 4-6%-дан ауытқымай жалпы 5,8%-ды құрады. Елiмiз келесi жылға инфляция деңгейiн 3-5% деңгейiнде жоспарлап отыр. Бұлайша экономикада инфляция қарқынын жоспарлап отырғаны жалпы жүргiзiлген реформалардың және саясаттардың оң нәтиже бере бастағаны деп түсiнемiз. Өйткенi ел экономикасында инфляция қарқыны төмен және тұрақты деңгейiнде болып отыруы жалпы өндiрiстердi дамытуға басты себеп болып табылады [11].

  Әлеуметтiк дағдарыс Қазақстан Республикамызда күнi бүгiнге дейiн орнын таппаған, басты шешiлмеген мәселе болып келдi. Елiмiзде 1990 жылдан бастап жаппай өндiрiстiң құлдырауымен байланысты  өнеркәсiп орындары жаппай банкротқа ұшырауы және өндiрiстiң қысқаруы салдарынан жұмыссыздық жаппай орын алды. Халықтың табысы, еңбекақысы төмендеп, қоғамда кедейлiктiң өсуi орын алды. Сондай-ақ бұрынғы Кеңестік кезендегi жүйеге үйренiп қалған халық нарықтық құрылымға бiрден ене алмады. Тiптi кейбiреулерi бұрынғыдай мемлекет жұмыс тауып бередi деп санаса, көбiсi бұрынғысынша жұмыс iстемесем де ақша табуға болады деп ойлады. Ал нарықтық экономика мүлдем мұндай емес едi, онда қаншалықты еңбек iстесең соншалықты табыс табасын.

  Әлеуметтiк-экономикалық сала болғандықтан, елiмiздiң экономикалық дағдарысты басынан кешiрген жылдары бұл еңбек рыногы да күрт нашарлап кеттi. Оның келесiдей себептерiн атап өтуге болады:

1.Елдегi экономиканың дағдарысқа ұшырауы, өндiрiс орындарының қысқарып, халықтың жұмыссыз қалуына әкелiп соқтырды;

  1. Елiмiз егемендiгiн алғаннан кейiн Қазақстаннның еңбек рыногына жұмыс күшi ұсынысының имиграциясы мен эмиграциясы ең күштi әсер бердi. Яғни, елге келушiлерге қарағанда, елден кетушiлер саны көп болды. Сондай-ақ елден кетiп жатқандардың көпшiлiгi бiлiктi, бiлiмдi және бәсекелестiк қабiлетi жоғары, еңбекке қабiлеттi жастағы азаматтар екенiн ескерсек, бiздiң қоғамымыздың еңбек потенциялына орны толмайтын шығын әкелгенiн айтуымыз керек.
  2. Ұлттық экономикамыздың құлдырауымен байланысты әлеуметтiк сала да нашарлап, халқымыздың өсiмi кемуде, оған бiр жағынан өтпелi кезеңде басты әсер етiп отыр [9].

  Сондықтан елiмiз әлеуметтiк мәселелердi шешу үшiн әр түрлi реформалар жүргiзуде. Оның iшiнде ең маңыздылары шағын және орта бизнестi қолдау, осы арқылы халықтың басым бөлiгiн жұмыспен қамту болып табылады.

  Дүниені дүрліктірген қаржы дағдарысының екінші толқыны әлемдік қаржы жүйесінің шеңберінен шығып, нақты секторларға да теріс ықпалын тигізе бастады. Оның басты әсері әлемдік экономиканың өсу қарқынының, тауарлар мен қызмет көрсету түрлеріне деген жаһандық сұраныстың төмендеуінен айқын байқалуда. Әлемдік экономикада қалыптасқан осы жағдай біздің елімізде де экономиканы тұрақтандыру және оңалту жөнінде тиімді де нақты шаралар қабылдауды қажет етеді. Осыған байланысты Елбасының тікелей тапсырмасымен Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары айқындалды.

Қаржы дағдарысына қарсы ба­ғыт­талған осы бірлескен іс-қимыл жос­парын талдамастан бұрын жа­һан­дық қаржы дағдарысы дегеніміз не, оның пайда болуының себеп-сал­дары қандай деген сұрақтар төңірегінде ой қорытып көрелік. Иә, қазір “жаһандық қаржы дағдарысы” деген сөз озық ойлы адамзаттың азан­нан бастап ақшамға дейін бір күмән, бір күдікпен қайталайтын “жа­рапазанына” айналды. Әлемдік дәрежедегі саясаткерлер мен оқы­мыс­ты мамандар жылға тарта уа­қыт­тан бері “жарғақ құлақтары жас­тыққа тимей” бұл күрделі дағда­рыс­тың шығу себебі мен одан құтылу­дың жолын іздеп, шарқ ұруда. Бірақ әлі күнге дейін дүние жүзінің аты­шулы ғалымдары да, аузы дуалы  қай­раткерлері де ашық күнде жай түсірген “жаһандық қаржы дағдары­сы­ның” басты себебін де, қарсы тұрар тиімді амалды да тап басып айта алмай отыр. Ал аурудың диаг­но­зын дұрыс қоймасақ, оны емдеу шаралары да нақты нәтиже бер­мей­тіні белгілі.

Қаржы дағдарысы болса, жаһан­ды жалпағынан жайлап, мұхиттан асып, қатері шарпымаған құрлық қал­дырмады. Бұл дағдарыс мұхит­тың арғы жағындағы өзінің шыққан “отанының” қаржы жүйесін шы­ны­мен қақыратып кетті. АҚШ-тың аты­ шулы банктері қаржы тап­шы­лы­ғына тұншығып, бірінен кейін бірі тұралап қалды. Американың “Gen­tral Motors”,  “ChrysLer”, “Ford” сияқты автомобиль алыптарының ая­ғына жем түсті. Алып елдің эко­но­микасы соңғы 20 жыл көлемінде болып көрмеген рецессияға тап болды. Ірі компаниялардың акция­ла­ры қараша айының басында 38 пайызға дейін төмендеді. Жыл ба­сынан бері 1 миллион 200 мың адам жұмыссыз қалды. Қазан айында жұ­мыс­сыздық деңгейі 6,5 пайызға жет­ті. Сөйтіп, 100 жыл бойы әлем­дік экономика үлгісі болып келген америкалық экономи­калық жүйе тығырыққа тірелді. Дү­ниежүзілік валюта болып табы­латын АҚШ дол­ларына көлеңке түсе бастады. АҚШ-тың жаңа президенті Барак Обама алғашқы баспасөз мәслиха­тын­да “өзіміз қазған ордан шығу оңай болмайды” деп мойындады.

Мұхиттың арғы жағынан бастау алған қаржы дағдарысынан кәрі құрлық – Еуропа да сырт қалмады. “Түйе­ні шайқалтатын дауыл тұрса, ешкіні аспаннан көресіңнің” кері келіп, Еуропаның бірқатар елдерінің экономикасы күйзеліп кетті. Тіпті, Исландия, Венгрия сияқты мемле­кет­тер тұтас банкрот болу қаупінің алдында тұр. Исландия мемлекеті­нің  ақшасы – крона соңғы екі-үш айда 40 пайызға құнсызданды.  Күні кеше Брюссельде өткен ЕО-ға мүше елдер басшыларының саммитінде Франция президенті Николя Сар­ко­зи “Біз Еуропада экономикалық то­ңырау басталғанын мойындауымыз керек” деп атап көрсетті. Тура Еу­ро­па елдеріндей болмағанымен Ре­сей мен Қазақстан да қаржы дағдарысының салқынын сезінуде.

Қаржы мамандарының айтуы бойынша, оның себебі – қаржы са­ла­сы активтерінің шектен тыс көте­ріліп, ішкі  жалпы өнімдердің нақты өсімінен әлдеқайда асып түсуінде бо­лып отыр. Экономикалық ғылым­да дамудың неоклассикалық және кейн­сиандық модельдері деген ұғым­дар бар. Оның біріншісі – ер­кін рынок деген ұғымды білдірсе, екіншісі – нарықтық экономиканы мемлекеттің араласуы арқылы  да­мы­ту деген сөз. Яғни, бүгінгі таңда дамыған елдердің мемлекеттік сая­са­тында неоклассикалық экономи­ка­ның даму үрдісі белең алып, іргелі экономика мен қаржы саласының дамуы сәйкессіздікке ұшыраған.

Қарапайым тілмен айтқанда, біздің түсінгімізше, қаржы саласы қан­дай да бір бақылаудан сырт қалған. “Ақша есепті сүйеді” деген ұғым ұмыт қалып, банктерге шектен тыс  еркіндік берілген. Қаржы жүйе­сін бақылайтын халықаралық және мемлекеттік органдардың жауап­кер­ші­лігі жойылған. Тіпті батыра айт­сақ, бетімен кеткен банктерді ба­қы­лай­тын органдар сыбайластыққа ұшыраған. Банктерге құйылатын қар­жы мен мемлекеттік органдардағы лауа­зымды шенеуніктердің қалтасына  құйылатын қаржы қабысып кеткен.

Бүгінде қаржы дағдарысына ұшы­ра­ған мемлекеттердің қай-қайсысын алып қарасаңыз да, мемлекеттік жауап­ты органдардың тізгінін ұстап отырған лауазымды шенеуніктері  белгілі бір банк акционері (өзі немесе қосалқы туыстары арқылы) бо­лып табылады. Сол лауазымды шенеу­нікке мемлекет тарапынан экономи­ка­ны дамыту міндеті де жүктелген. Сон­да ол өз банкінің активін арттыруды ойлай ма, әлде экономиканы дамы­ту­ды бұрын ойлай ма? Әрине, банк активін арттыруды бұрын ойлайды. Ендеше негізгі гәп те осында.

Дағдарысқа қарсы тұрудың бүгінгі таңдағы ең тиімді жолы ретінде бірқатар мемлекеттер банк­­тер, қор  рыногы, мемхолдингтер арқылы экономикаға  орасан зор қар­жы құюда. Мәселен, АҚШ, Еуропа ел­дері, Жапония және Ресей банктердің, сақтандыру компанияларының, ин­вест­­қорлардың активтерін көптеп сатып алып, кейбір банктерді мемлекет мен­шігіне де алып жатыр. Бұл қазіргі таң­дағы ең дұрыс шешім. Себебі, әлемдік экономика қаржыға, ақша-несие үдерісіне өте зәру болып отыр.

Қар­жы дағдарысының ең бастапқы сатысы ипотекалық қиындықтар елімізде енді сезіле бастаған кезде мемлекет бас­шы­сының тікелей тапсырмасымен Үкі­мет экономиканың ең осал сала­ларына орасан зор мемлекеттік қолдау көрсетті.

Біріншіден, банктерге мем­ле­кеттік ресурстарға кіруге рұқсат бе­рі­ліп, олардың шетелдік  қарыздарды өсір­меуіне жағдай жасады. Сөйтіп, қа­зақстандық банктердің беделі мен өтім­ділігі сақталып қалды.

Екіншіден, мемлекет көп қаржы құю арқылы тәл­тіректеп қалған жылжымайтын мүлік рыногына қан жүгіртті, үлескерлер проблемасын шешуге батыл қадам жа­сады.

Үшіншіден, еліміздің барлық ай­мақтарында азық-түлік қауіпсіздігін қам­тамасыз етіп, бірінші кезектегі азық-түлік түрлері – астықтың, өсім­дік майының, ұнтақталған сүт т.б. қоры жасалды.

Тұтастай алғанда 2007-2008 жылдары экономиканы тұрақтан­дыруға 540 миллиард теңге қаржы құйылды. Міне, дер кезінде жасалған осындай игі қадамдар Қазақстан экономикасын қатерден сақтап қана қойған жоқ, сонымен бірге оның дамуына мүмкіндік берді.

Қазақстан Үкіметі айқындаған бір­лес­кен іс-қимыл жоспарының негізгі мақсаты таяудағы екі жылда жаһандық қаржы дағдарысының еліміздегі әлеу­меттік-экономикалық ахуалға тигізетін кері әсерлерін барынша жұмсарту және болашақта сапалы экономикалық өсу жағдайы үшін қажетті негіздерді қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін Үкімет, Ұлттық банк, Қаржы қадағалау агенттігі басты 5 бағытты айқындады. Атап айтқанда, қаржы секторын тұрақтандыру, жыл­жы­майтын мүлік рыногындағы проб­ле­маларды шешу, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіп кеше­нін дамыту, инновациялық, индус­трия­лық және инфрақұрылымдық жо­баларды іске асыру. Жоспар бойынша осы жобаларды қаржылық қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан 10 млрд. АҚШ доллары (1 трлн. 200 млрд. тең­ге) көлемінде қаржы пайдаланылатын болады. Үкімет, Ұлттық банк пен Қар­жы қадағалау агенттігі Ұлттық қордан бөлінген осы қаржының ел экономи­ка­сының қай салаларына жұмсалатын­ды­ғына дейін нақтылап, қолға қой­ғандай белгілеп берді. Бұл қаржының жұмсалуына және экономикалық сала­ларда нақты жұмыс істеуіне Үкімет тарапынан негізгі оператор болып “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры белгіленді. Ол үшін Үкімет “Самұрық-Қазына” қорына тағы да 607,5 млрд. теңге қосымша капитал­дандыру қаржысын құйды.

Бұдан басқа еліміздің қаржы рыно­гын тұрақтандыруға 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бас­тай­тын жаңа Салық кодексінің де тиім­ді ықпалы болмақ. Онда салықтық жүк­темелерді, оның ішінде эконо­ми­ка­ның шикізаттық емес секторы үшін салықтық жүктемелерді едәуір төмен­дету көзделген. Салықтық жүктеме­лер­дің төмендеуі тек 2009 жылы кәсіп­орындарға 500 млрд. теңге шамасында қаржы үнемдеуге және оны эконо­ми­каны дамытуға жұмсауына мүмкіндік береді. Сонымен бірге екінші деңгейлі банктердің өтімділігін арттыру мақ­сатында Ұлттық банк тарапынан жаса­лып отырған шаралар нәтижесінде 350 млрд. теңге көлемінде қосымша қаржы қарастырылады.

Қазақстандық банктердің кре­дит­тік қоржын­дары­ның сапа­сын жақсарту мақ­сатында Стрес­ті активтер қо­ры құрыл­ғаны белгілі. Бұл қор банктердің се­нім­сіз ак­тив­те­рін сатып алу және оны ке­йін­нен бас­қа­рудың тиімді тетігі болып табылады. Стресті активтер қорын құру ар­қы­лы еліміздің қар­жы жүйесін сауықтыруға тағы да 122 млрд. теңге  қосылады. Жалпы алғанда, Президент Нұр­сұл­тан Назар­баевтың нақты тап­сыр­малары негізінде іс-жүзіне асы­рыл­ғалы отырған бірлескен іс-қимыл жос­пары бойынша тұрақтандыру ша­ра­ларын іске асыруға Қазақстан эко­но­микасына қосымша 2 трлн. 172 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік қол­­дау көрсетілгелі отыр. Бұрын-сон­ды эко­но­микаға мұндай үлкен көлемде қар­жы құйылып қолдау көрсетілген жоқ.

Қаржы дағдарысының негізгі ауырт­палығы  қарапайым халыққа түсетіндігі даусыз. Халықаралық еңбек бю­ро­сының  (МБТ) мәлімдеуінше, 2009 жылы дүние жүзіндегі жұмыссыздар саны 210 миллион адамға жетуі мүм­кін. Осы бюроның бас директоры Хуан Самовия: “Жаһандық қаржы дағ­дарысы терең де ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Сондықтан барлық мемлекет­тер біріге отырып, жұмыс  істейтін от­басыларын және нақты экономиканы құтқарудың шұғыл шараларын жасауы қажет” деді. Бұл орайда біздің елімізде алдын ала қабылданған іс-шаралар нәтижесінде кәсіпорындарда өндіріс көлемі қысқарған жағдайда Үкімет ірі компаниялар мен қызмет­керлерді толық жұмыспен қамту мә­селелері бойынша жұмыс жүргізетін бо­лады. Қажет болған кезде Үкімет бар­лық өңірлердің әкімдіктерімен бір­лесе отырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, оның ішінде инфрақұры­лым­дық және әлеуметтік нысандардың ауқымды құрылысы арқылы, “100 мек­теп, 100 аурухана” жобасы шеңберінде халықты жұмыспен кеңінен қамтудың іс-шараларын жасайтын болады.

Тағы бір айта кететін мәселе, бүгін­де әлемдік беделді ұйымдар көп мемлекеттерде байлар мен кедейлердің  арасындағы айырмашылық ең қауіпті шекке жеткендігін мойындады. Бұл мәселе Қазақстанда да өткір екендігі даусыз. Қаржы дағдарысы кезінде әлеу­меттік тұрақсыздық туғызатын басты себептердің де бірі осы екендігін естен шығармауымыз керек.

Сонымен әлемдегі барлық да­мы­ған мемлекеттер жаһандық қаржы дағдарысынан шығудың қазіргі таң­дағы  бір тиімді жолы – банктердің активтерін сатып алып, экономикаға орасан зор мемлекеттік қаржы құю екендігін алға тартуда. Қазір әлем бо­йынша мил­лиард­таған қаржы банк­терге  берілуде. Бұрын да дүние жүзі  бойынша ақша массасы аз емес еді. Енді ол одан сайын көбейді. Сонда бар­лық артық ақша қайда жоғалып кетті? Әлемде ақша массасының сон­­ша­лықты көп болуына қара­мас­тан, неге ақша ең тапшы құралға ай­налды? Бұл сұраққа әлі ешкім де нақты жауап таба алмай отыр. Түбінде әлемнің озық ойлы қарапайым адамдары бұл сұраққа біріге жауап іздеуі әбден мүмкін.

Бірлескен іс-қимыл жоспары ау­қы­­мында еліміздің экономикасына бұрын-соңды болып көрмеген дәре­жеде орасан зор қаржы құйылғалы отыр. Бүгінгі таңда көпшілікті тол­ған­дырып отырған басты жәйт, осы қаржы  нақ­ты экономикалық салаға жете ме? Банктерге берілген бұл қар­жыны нақ­ты іске жаратудың қандай тиімді тетіктері белгіленді, оған кім ба­қылау жасайды? Экономикаға құ­йыл­ған көп қаржы ырықсыз ин­фля­цияны одан әрі жүгенсіз жіберіп, қара­пайым халықтың тұрмысын ауыр­латып жіберуі мүмкін. Ендеше, эко­номикаға құйылған орасан мол қаржы қалай жылдам жұмыс  істеп кетеді, оған қаншалықты дәре­же­де ба­қылау жасалады, бұл қар­жы­ның жұм­салу үдерісіне ашық жария­лы­лық бола ма, міне, көпті толғандырған бар­лық толғақты проблемалар осыған байланысты болмақ.

 

 

2.2 Дағдарыстан шығу жолдары және оны жетілдірудегі шетелдік тәжірибе

 

Капитал рыногындағы ғаламдық дағдарыстың көріністері 2007 жылдың тамыз айынан бастап қазақстандық банкілерге сыртқы ресурстарды тарту жағдайының нашарлауына алып келді. І-ші жартыжылдықпен салыстырғандағы займдық ресурстарға қол жетімділіктің біршама қысқаруы ертерек тартылған банкілік займдарды қайтарудың мерзімі ең жоғары төлем кезеңіне сәйкес келді. Қаржылық ресурстарға жоғарғы ішкі сұраныстың сақталуы жағдайында қолдағы сыртқы қарызды реқаржыландыру қажеттілігінен тыс жаңа займдар тарту мүмкіндігінің болмауы шетелдік валютадағы ликвидтілік тапшылығына алып келді.

АҚШ-тың экономикасының тұрақсыздығы әлемдік экономикаға ғана әсерін тигізіп қоймай, біздің еліміздің экономикасына да қолайсыз жағдайлардың тууына алып келді. Оған себеп, елдегі екінші деңгейлі банктер еліміздің халықаралық деңгейдегі беделін пайдаланып, сыртта  «арзан» ақша алып, бұл ақшаларды көбінесе тек жылжымайтын мүлік нысандарына ғана салумен шектелді, сыртқы қарызы  46 млрд АҚШ долларын құрады. Тұрғын үй бағасы шарықтап, отандық екінші деңгейлі банктеріміздің  2007 жылдың тамыз,қараша  айларындағы несие көлемі күрт қысқарды.

АҚШ рыногындағы ішкі қаржылық жағдайдың жақсаруы – қарыз алушыларға қойылатын талаптарды төмендетті. Мұның нәтижесінде пайыздық ставкалардың біртіндеп көтерілуі жағдайында бұл алынған кредиттерге қызмет көрсетудің қымбаттауына және де бұған сәйкес төлем төлей алмаудың үлкен көлеміне алып келді.

Банктеріміздің сыртқы қарызының 80 % ұзақ мерзімді займдар мен несиелер міндеттемесі бойынша. 2008 жылы сыртқы  қарыздық міндеттемелерді жабу  үшін банктерімізге 13 млрд. АҚШ долларынан астам қаражат қажет. Дәл қазір Ұлттық банк қарыздың деңгейі бұдан да жоғары деп айтып жатыр.  Осы аталған жағдай экономикамыздың шағын және орта бизнесіне, құрылыс салаларына кері әсер етті.

Құрылыс саласына жұмсалатын несие  мүлдем тоқталды, мыңдаған адам жұмыссыз қалды. Осы аталған факторлардың әрқайсысы, біздің экономикада жүйелі дағдарыс болмаса да, дағдарыстың жекелей көріністерінің бізде де орын алып отырғанын көрсетеді. Мысалы, 2007 жылда ІЖӨ-нің өсу қарқыны 8,5 пайызды құрады. Әрине, бұл да жоғарғы көрсеткіш, бірақ экономикадағы пайда болған жайсыз сыртқы факторлар ішкі жайсыз факторлармен қосыла отырып, биылғы жылдың 1 кварталындағы ІЖӨ-нің өсуінің күрт төмендеуіне алып келді. Үкіметтің болжауы бойынша биылғы жылы өсу көрсеткіші 5-6 пайыз мөлшерінде ғана болады. Осы жағдайда бұрыннан қабылданған Үкіметтің бағдармаларына түзетулер мен өзгерістер енгізу қажеттігі  туды.

Ол туралы ҚР-ның Президенті Н.А. Назарбаев  2008 жылғы Халыққа жолдауында атап өтті. Елбасымыз әлемдік экономикадағы тұрақсыздығы жағдайында «Әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орын алумен, 30 корпоративтік көшбасшыларын қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек», — деп атап көрсеткен болатын.

Тұрақсыздық жағдайында біз экономиканы және оның мұнай-газ сек­торы, металлургия, химия, мұнай химия­сы, инфрақұрылым сияқты салаларын одан әрі дамыту үшін өзіміздің мемлекет­тік активтерімізді біріктіруге тиіспіз, осы орайда Елбасы аса ірі екі мемлекеттік холдингті – “Қазына” мен “Самұрықты” біріктіру және олардың негізінде жаңа холдинг – “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорын” құру туралы Жарлыққа қол қойды.  Аса ірі мемлекеттік активтерді бірік­тіру туралы мәселені біржолата шешу үшін бірқатар корпорациялардың мемле­кеттік акциялар пакетін және жергілікті жерлерде белсенді жұмыс істеу үшін жеті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны жаңа холдингке беру ұйғарылған.

Жаңа холдингтің әлемдегі табысты холдингтер санатында болатынына және өңірлердегі жұмысын белсенді ететініне, ол өңірлік те, сол секілді жалпы елдік индустриялық серпінділіктің локомотиві болуға тиіс деген сенім білдірілді. Іс жүзінде “Самұрық-Қазына” холдингі қолда бар ұлттық активтерді басқарып қана қоймай, сонымен бірге оларды құратын да тиімді компания болуы тиіс. Дағдарыс жағдайында холдинг Үкіметтің экономикалық қызметінің өзегіне айналуы тиіс.

Шетелдік сарапшылардың пікірі бойынша, Қытай экономикасы дағдарыс салдарынан біріншілердің қатарында қайта қалпына келе бастауда. Оған қоса, дүниежүзілік  ұйымдар – Халықаралық Валюталық Қор,  Дүниежүзілік және Азиялық Банктер  — дағдарыстың бас кезінде-ақ , Аспанасты мемлекеті әлемдік экономикалық дағдарысты аса ауыр қиыншылықтарсыз бастан өткеретініне сенімді болған. Бұндай сенімділік Қытай экономикасының келесі ерекшеліктеріне негізделген, яғни, қаржы жүйесінің оң ахуалы, салыстырмалы жабық қаржылық нарық, экономиканың жылдам көтерілуі және өзін-өзі реттеудегі жоғары қабілеттілік.

Қытай мемлекеті де өз күшіне сенді. Қытай Халық банкінің басшысы И.Ганн ғаламдық дағдарыстық құбылыстарға қарсы тұрған қаржылық жүйенің тұрақтылығын келесі жайттармен түсіндіреді, яғни, қытайлық банктер, шетелдік активтерге айтарлықтай инвестиция жасаған жоқ, олардың өтімділігі жоғары деңгейде болды және банктердің жеке тұлғалар мен ұйымдарды несиелендіру көлемі салыстырмалы түрде үлкен болған жоқ.

Қытай үкіметінің 2008 жылдың қарашасында  дағдарысқа қарсы қабылдаған шаралары, бюджеттік тұрғын-үй салу құрылысын  дамытуға, транспорттық  жүйеге, ауыл инфрақұрылымын дамытуға және де инновациялық технологияларға бағытталды. Бөлінген қаражат 586 млрд. АҚШ долларын құрады.

Әлемдік қаржылық дағдарыс Аспанасты елі экономикасына Қытай өнімдерін импорттау көлемін төмендету арқылы әсер етті. Қытай экономикасы экспортқа бағдарланған, яғни америкалық және еуропалық экономиканың 1 пайыздық пунктіне төмендеуі Қытай экспортының 6-8 %-ға төмендеуіне әкеліп соғатыны белгілі. Осының салдарынан ЖІӨ 2008 жылы 4,396 трлн. АҚШ долларын құрап 9 %-ға өсті, бұл өз кезегінде 2001 жылдан бастағанда соңғы жеті жылдағы ең төменгі көрсеткіш.

Қытайда 750 миллион шаруа тұрады. Олар іс-жүзінде ешнәрсе сатып алмайды, себебі, олардың жалақысы өте төмен. Сондықтан Қытай менеджерлері дағдарыс жағдайынан шығудың жолын тапты, олар экномиканы ішкі пайдалану жолына бағдарлады, осыған байланысты «Дағдарыс — бұл арзан» деген саудалық ұран пайда болды.

Олар мұнайдың стратегиялық қорын жасауда, газ құбырларын салуда, Еуропаның күйреген банктерін сатып алуда. Болжау бойынша, 10 жылдан кейін әлемдік банк жүйесінің бесінші бөлігі Қытайға қарасты болады. Осы жетістіктің толқынында саясаттанушылар мен қаржыгерлердің дағдарыстан кейін АҚШ емес, Қытай ірі әлемдік экономикаға айналып, өте мықты держава  болады, деген болжамы пайда болды.

Алайда қазіргі қытайлық «жанданудың»  күмән тудыратын ерекшелігі бар, яғни бұл «жандану» «шынайы ма», әлде түбінде сәтсіздікке ұшырайды ма? Көптеген экономистер Қытай экономикасының айтарлықтай тұрақты және нық қалпына келу бағытында екеніне күмәнданады.

Қазіргі кезде Қытай экономикасының қарқынды өрлеуі үлкен әсер қалдыруын жалғастыра беруі мүмкін, алайда оның сапасы  жөнінде сұрақтар туындауда. Қытайдың Орталық Банкі мемлекеттік банктарға қомақты қаржы беруде, ал олар өз кезегінде инфрақұрылым объектілерін салуға қатысушы мемлекеттік компанияларға қарыз береді. Скептиктер сыртқа тасталған осынша көп қаржының көлемінен қорқып отыр.

Қытай экономикасының қалпына келудегі кейбір аспектілерінің өткінші екендігінің күмәнсіз белгілері бар. Қытай қор биржасының шарықтауының себебі, Қытай компниялары өте арзан қаржыландырудың үлкен көлеміне ие болды. Осыған байланысты альтернативаның болмауынан акция нарығына пайдаларын сала бастады.

Инвестициялық және зерттеу «New Haven» фирмасының Азия бойынша стратегі Эндрю Барбердің есебі бойынша осы жылда жаңа банктік қарыз алудың 30%-ға дейінгісі қор акцияларына сальдоланған. Неге ақша жаңа бизнеске жұмсалмайды? Деректер бойынша экономиканың негізгі сегменттерінде өсу әлі де баяу, нақты айтсақ, маңызды экспортты-өнеркәсіптік сектор, әлемдік сұраныс қысқарғандықтан зардап шегіп келе жатыр. «Fitch Ratings-тің» есебі бойынша, қытайлық қарыз алу корпоративті пайданың барлық жерде төмендеуіне қарамастан жылдамдауда, ал болжам бойынша, ынталандыратын адреналинді тасқын таусылғанда, Қытайдың өзі жеке қаржылық дағдарысқа ұшырауы мүмкін.

Қытай көмек бере алатын жағдайда. Бірақ ол салыстырмалы түрде кедей мемлекет болып табылады. Қытайда жан басына шаққандағы жылдық табыс 6000 АҚШ  долларын құрайды, ал Америкада 39000 мың доллар, Еуропалық Одақта 33400 АҚШ доллары көрсеткіштеріне ие. Тіпті Қытайдың тұтынушылары өздерін ауқатты сезінсе де, Бейжін әлеуметтік саясатты қайта қарастырмайынша, олардың экономикадағы үлесі айтарлықтай өзгермейді. Бұл адамдарда үнемдеуден гөрі еркін жұмсау сенімділігін арттырар еді.

Дегенмен, Қытай экономикасының серпімділігі – сағым емес. Егер Қытай әлемдік дағдарыстан өз экономикасын құлдыратпай алып шықса, оның басшыларының абыройы мен өзіне деген сенімі әлбетте артады. Ұлы күйзеліс заманынан кейінгі ең ауыр дағдарыстан өткен экономикалық үлгі дамып келе жатқан әлемде сөзсіз үлкен қызығушылыққа ие болады. Қытай әзірше әлемдік экономиканың лидері емес. Алайда ол осы мақсатқа жету жолында.

2009-2010 жылдардағы республикалық бюджеттің тапшылығы ЖІӨ 3,4-3,5% көлемінде жоспарланды, ал 2011 жылы ЖІӨ 2,4% дейін төмендейтін болады.

Ағымдағы жағдайларда үш жылдық республикалық бюджет экономикалық белсенділікті қолдаудың негізгі құралына айналуда. Жиынтық сұраныс және іскерлік белсенділік бірінші кезекте басымдықты инфрақұрылымдарға және индустриалдық жобаларға, отандық кәсіпорындардың өнімдеріне сұранысты қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығын дамытуға және экономикадағы жұмыспен қамтылуды қаржыландыруға бағытталатын бюджеттік шығындардың жоғары деңгейін сақтай отырып қамтамасыз етілетін болады.

Ағымдағы экономикалық жағдайды ескере отырып, экономикаға мултипликативті әсер ететін жобаларды бірінші кезекте қаржыландыруға және халықтың қажетті жұмыспен қамтылу деңгейін қолдауға бағытталған ыңғайлы бюджеттік инвестициялық саясат жүргізілетін болады. Бұл орайда экономикалық жағдай нашарлаған жағдайда және бюджетке түсімдер қысқарған жағдайда кейінге қалдырмай шешуді талап етпейтін шығындар оңтайландырылатын немесе неғұрлым кеш мерзімге шегерілетін болады.

Бюджет тапшылығының,  мемлекеттік кепілдіктің және мемлекеттік кепілгерлік көлемі макроэкономикалық теңгерімділікке қол жеткізу қажеттігін ескере отырып, жол берімді деңгейде қолдау табатын болады.

Қазақстандағы жағдайда банк дағдарысы банк жүйесіндегі тұрақсыздықты болдырмау үшін үкіметтің мәжбүрлі араласуын туындатқан жағдаймен сипатталады.

Егер билік банк жүйесінің тұрақтылығын қолдаудан қалтарыс қалса, банк депозиттерінің рыноктық құны банктің өзінің міндеттемелерін дербес орындай алу мүмкіндіктерін көрсетуі тиіс, яғни банк пассивтерінің құны банк активтерінің сапасын бағалауды және жеке капитал деңгейін ескере отырып есептеледі. Төлем қабілетсіздігіне күдікті салымдарды банктерден жалпы алған жағдайда, жағдайды дамытудың тек екі әдісі мүмкін: не банк өтімділіктің нашарлауына қарамастан өзінің міндеттемелерін өтеуді жалғастыра береді, не ол міндеттемелердің орындалуын тоқтата тұрып салымшылардың қашуын тоқтатады. Екінші жағдайда егер банк толығымен жабылмаса, оның міндеттемелері рынокта дисконтпен номиналға жүгіне бастайды.

Дағдарыстың алдын алу үшін билік жалпы қаржы жүйесін және экономикадағы тепе-теңдікті бақылауы тиіс. Бұл негізгі үш құрамдаспен сипатталады:

— активтерге бағаның тездетіп өсуімен;

— экономикалық активтіліктің жоғарлауымен;

— ақша ұсынысы мен кредиттің үнемі артуымен.

 

 

2.3 Әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайында ұлттық экономиканы тұрақтандыру шараларының нәтижелері

 

Әлемдік қаржылық дағдарысты қалпына келтіру үшін ендігі жерде ұлттық экономиканы әлемдік экономикаға бағыныштылығын азайту, отандық инвестициялардың тартылуын ынталандыру, экономиканың шикізаттық бағытынан арылу, өңдеу өнеркәсібін дамыту, банк жүйесін одан әрі жетілдіру және Ұлттық Банк пен еліміздің екінші деңгейлі банктердің өзара ықпалдастықпен қызмет етуін ұйымдастыру болып табылады. 

Әлемдік қаржы нарықтарындағы және тұтастай алғанда әлемдік экономикадағы 2008 жылдың екінші жартысындағы қолайсыз жағдайлар еліміздің басшылығынан экономиканы тұрақтандыру және сауықтыру жөнінде ең шешуші шаралар қабылдауды талап етті. Әлемдік экономикадағы қазіргі ахуалдың маңыздылығы елдің өсіп отырған дағдарысқа жалғыз қарсы тұруға анық қабілетсіздігін, олардың дағдарыс үрдістерін игеру және экономикада рецессияға жол бермеу үшін бірігуге ұмтылуын дәлелдейді. Жақында Вашингтонда болған G-20 елдері көшбасшыларының саммиті бұған жарқын мысал болады, онда әлемдік жетекші экономикалық державалар (олардың жиынтық ЖІӨ жалпы әлемдік байлықтың 85 %-ын құрайды) жаһандық экономикалық дағдарыстан шығу жөніндегі жоспарды бірлесіп әзірлеуге ұмтылды.

Қалыптасқан жағдайда Мемлекет басшысы Үкіметтің 2008 жылғы 13 қазандағы кеңейтілген отырысында Үкіметке стандартты емес шешімдер қабылдау үшін ауқымды өкілеттік берді және экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.

Президент Н.Ә. Назарбаев: «Үкіметте экономиканы осы жағдайдан неғұрлым жетілген және күшті шығаруға зор мүмкіндік бар. Біз дағдарысты кезеңнің өзінде де экономика үшін пайда алуға үйренуіміз тиіс. Бұл  экономикалық дамудың сапасын арттыруды болжайды… Әлемдік дағдарыстың зардабын игеру  Қазақстан үшін – бұл Үкіметтің 2009 – 2010 жылдарға арналған жұмысының негізгі күн тәртібі».

Премьер-Министр К.Қ. Мәсімов: «бастан кешіп жатқан қиындықтар уақытша сипатқа ие… Біз осы сәтті нақты түсінеміз және әлемдік қаржы дағдарысының теріс әсерін болдырмау үшін барлық қажетті құралдар бар. Ұсынылып отырған қолда бар активтер мен резервтерді шоғырландыру және жұмылдыру бағыты – бұл өзінше қорғаныш қамал, біздің экономикамызды әлемдік дағдарыстың жаңа толқынынан қорғайтын қорған».

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ  несиелерді қайта қаржыландыру жөніндегі бағдарламасына банктік несиелік тәуекелділікке әсері. Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламаларының шеңберінде тұрақтандыру шараларына 19 млрд. АҚШ доллары жұмсалды, бұл еліміздің ІЖӨ 14 % құрайды.

Халықаралық сарапшылардың берген бағасы бойынша Қазақстанның қолға алып отырған дағдарысқа қарсы шаралары посткеңестік кеңістіктегі ең тиімді шаралардың бірі болып танылды.

Ғаламдық дағдарыстың еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалына тигізетін келеңсіз салдарларын жеңілдету және экономика және қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Үкімет экономиканы және қаржы жүйелерін тұрақтандырудың 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдарының жоспарын (бұдан әрі — Жоспар) бекітті.

Жоспарда қарастырылған іс-шараларды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан дағдарысқа қарсы бағдарламаның 5 бағыты бойынша қаражат бөлінді, олар:

  1. Қаржы секторын тұрақтандыруға 486 бөлініп, оның 476 млрд. теңгесі игерілді. Екінші деңгейдегі банктерді капиталдандыру мақсатында 212,1 млрд. теңге «БТА Банк» АҚ-ның қарапайым акцияларын төлеуге бөлінді, 60 млрд. теңге «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның қарапайым және айрықша ерекшелігі бар акцияларды төлеуге, 36 млрд. теңге «Казкоммерцбанк» АҚ-ның қарапайым акцияларын төлеуге бөлінді. 24 млрд. теңге «Альянс Банк» АҚ капиталдандыруға бағытталатын болады. Экономиканың нақты секторын несиелендіру бойынша 2 банкке бөлінген («Казкоммерцбанк» АҚ және «Қазақстан халық банкі» АҚ) 144 млрд. теңге қаражаттың 100% игерілді.
  2. Жылжымайтын мүлік рыногындағы проблемаларды шешуге 360 млрд. теңге бөлініп, оның 190 млрд. теңгесі игерілді.

2007 жылдың 4 тоқсанында республикада 62 мың үлескерлердің қатысуымен 450 тұрғын үй кешендерінің құрылысы салынды. Өткен уақытта 38,5 мың үлескерлердің қатысуымен 262 құрылыс нысаны аяқталды.

Осылайша, 2010 жылдың 25 ақпанындағы жағдай бойынша республикада 26,9 мың үлескерлердің 132 нысанын салып біту қалды (оның ішінде Астанада 12646 үлескерлердің қатысуымен 61 нысан және Алматыда 8351 үлескерлердің қатысуымен 33 нысан).

Жоспармен одан әрі жалғасын табатын іс-шаралар қарастырылған, оларды іске асыру 2007 жылғы қарашадағы Бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарымен қарастырылған.

2007 жылы «КИК» АҚ республикалық бюджеттен 20,5 млрд. теңге бөлді.

Бүгінгі таңда «КИК» АҚ банк-әріптестерден ипотекалық займдар бойынша жалпы сомасы 13,9 млрд. теңге талап ету құқықтарын сатып алды.

Бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарының шеңберінде республикалық бюджеттен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ 95 млрд. теңге бөлді, оның ішінде 48,8 млрд. теңге Астана қаласындағы нысандарға және 46,2 млрд. теңгесі Алматы қаласындағы нысандарға бөлінді.

Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ бөлінген қаражаттың 66,4 млрд. теңгесі БВУ-ға берілді, оның ішінде Астана қаласы бойынша — 40,7 млрд. теңге және Алматы қаласы бойынша – 25,7 млрд. теңге. 28,6 млрд. теңге көлеміндегі қалдық «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның ағымдағы есепшотында.

Құрылыс тоқсан сайын қаржыландырылуда, сондықтан мұқтаждықтың 100 % шамасы мына мөлшерде жүзеге асырылуда: 15% — БВУ және Құрылыс салушылардың қаражаттары, 85% — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның қаражаты.

БВУ қор беру тоқсан сайын қаражатты игеру кестесіне сәйкес жүзеге асырылуда.

Әрбір тоқсанның мұқтаждығы құрылыс салушының ұсынған өндіріс жұмыстарының кестесіне сәйкес анықталады.

Банктің берілген қаражаттарды иегермеген жағдайда ол салымдағы иегірлмеген соманы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-на қайтарады.

Атап өту қажет, аталған бағдарламаның әрекет ету мерзімі әлі аяқталған жоқ (бағдарламаның мерзімі 3 жыл, 2007-2008 жж. 2010-2011 жылдар аралығы). Аталған бағдарлама бойынша игерілмеген қаражат .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 3

Бірлескен іс-қимыл жоспарының шеңберінде құрылыс нысандарын қаржыландыру*

 

Іс-шара

Бөлінген қаражаттың көлемі, млрд.тг.

Игерілгені, млрд.тг., оның ішінде:

Қалдық, млрд.тг.

Нәтиже

Аяқталған нысандардың саны

Үлескерлердің саны

Астана қаласындағы құрылыстарды аяқтау үшін БВУ-ға қор беру

48,8

40,7

8,1

19

3284

Алматы қаласындағы құрылыстарды аяқтау үшін БВУ-ға қор беру

46,2

25,7

20,5

8

1071

БАРЛЫҒЫ:

95,0

66,4

28,6*

27,0

4 355,0

 

 

 

 

 

 

*Дерек көзі: Ақпаратттық материалдар. «Инвестицииялық банктердің РБК Консалтинг материалдары бойынша консенсус-болжамы». 2009 ж.

 

Бұдан басқа, үлескерлік құрылыс нысандарындағы пәтерлерді игеруге Астана қаласының әкімдігіне 52,8 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 2008 жылы – 21,5 млрд. теңге (100% игерілді), 2009 жылы 31,3 млрд. теңге (19,99 млрд. теңге бөлінді, 15,7 млрд. теңге игерілді).

2009 жылғы желтоқсанда пәтерлерді сатып алу есебінен 1547 үлескерлердің 12 нысанын аяқтау қарастырылған болатын, іс жүзінде 539 үлескерлердің 4 нысаны аяқталды.

10 проблемалы нысандардың құрылыстарын аяқтау үшін (3 707 үлескерлер) әкімдікке 17,2 млрд. теңге бөлінді, оның 14,8 млрд. теңгесі (86%) игерілді. Көрсетілген нысандардың 8 нысандардың және 2 кезектің құрылысы аяқталды (2624 үлескерлер).

2009 жылы уәкілетті ұйымның жарғылық капиталын арттыруға Астана қаласының әкімдігіне 2236 үлескері бар 13 тұрғын үй нысандарының құрылысын аяқтауға 18,2 млрд. теңге бөлінді, оның 2,3 млрда теңгесі (12,6%) игерілді.

Жылжымайтын мүлік саласындағы проблемаларды шешу шеңберінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мына механизмдерді пайдалануда:

— екінші деңгейдегі банктер арқылы тұрғын үй нысандарын аяқтау;

— «Самұрық-Қазына» АҚ арқылы тұрғын үйлерді сатып алу.

Осы шараларды іске асыруға 240 млрд. теңге қарастырылған.

Осы тұрғыда, екінші деңгейдегі банктер арқылы тұрғын үй нысандарын аяқтау белгіленген баға мен еркін баға арқылы жүзеге асырылуда.

2009 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия жалпы сомасы 240 млрд. теңгені құрайтын аяқталмаған 128 құрылыс нысандарының тізімін қаржыландыруды мақұлдады, оның ішінде:

— 9 131 үлескерлері бар 42 нысан екінші деңгейдегі банктер арқылы 46,2 млрд. теңге сомасымен;

— 12 500 үлескері бар 86 нысан жылжымайтын мүлік қоры арқылы 201,6 млрд. теңге сомасымен қаржыландырылды.

«Белгіленген баға» механизмі бойынша:

Аталған механизмге қазіргі уақытта тек «Альянс банк» АҚ ғана қатысып отыр. Бұл банкте бір траншпен толық көлемде 16,5 млрд. теңге сомасында мақсатты салым орналастырылған. Бұл Алматы қаласындағы «Ахселькент» тұрғын үй құрылысын аяқтауға және белгіленген бағамен және ипотекалық несиелендіру арқылы тұрғын үйлерді игеру мақсатында «Ayt Housing Complex» ЖШС әрі қарай несиелендіруді көздейді.

Атап өту қажет, қазіргі уақытта қаражат тек құрылыс салушыны несиелендіру үшін ғана пайдаланылады, ипотекалық займдардың мәлімдемелері әзірше түскен жоқ. Сонымен қатар, «Альянсбанк» АҚ-нан халықты белгіленген баға бойынша ипотекалық несиелендіруге арналған мәлімдеме түскен кезде мақсатты салымдардың бір бөлігі мәлімдемеге сәйкес ипотекалық несиелендіру үшін мақсатты салымға аударылатын болады.

«Еркін баға» механизмі бойынша «АТФ банк» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Цеснабанк» АҚ және «Темірбанк» АҚ-нан мәлімдемелер алынды. Іс жүзінде банктерге жалпы сомасы 724,4 млн. теңге қаражат бөлінді («Еуразиялық банк» АҚ — 249,8 млн. теңге, «Цеснабанк» АҚ — 190 млн. теңге, «Темірбанк» АҚ — 222,4 млн. теңге және «АТФ банк» АҚ — 62,2 млн. теңге).

Жылжымайтын мүлік қоры арқылы нысандарды аяқтау механизмі бойынша «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ жарғылық капиталын қалыптастыруға 15 млрд. теңге бөлінді. 2009 жылғы 19 тамызда «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ № 10/ФН несиелік келісім-шарт шеңберінде 12,35 млрд. теңге аударды, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры АҚ арасында жалпы сомасы 225 млрд. теңгеге келісім шарт орнатылды.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры АҚ жалпы сомасы 105 млрд. теңгені құрайтын құрылысы аяқталмаған 23 нысанды қаржыландыруды қарастырып, оны мақұлдады. Оның ішінде Астана қаласы бойынша 20 нысан, Алматы облысы бойынша 3 нысан бар. Оның Астана қаласындағы 13 нысан бойынша ағымдағы уақытта жалпы сомасы 61 млрд. теңгеге келісім-шартқа қол қойылды және қаржыландыру басталып кетті.

31 нысан, оның ішінде Астана қаласы бойынша 21 нысан, Алматы қаласы бойынша 5 нысан және Алматы облысы бойынша 2 нысан қаралу үстінде және мемлекеттік сараптама қорытындысын алу үшін қажетті құжаттары жинақталуда.

Құрылысы аяқталмаған нысандарды қаржыландыру үлескерлік қатысу арқылы  жылжымайтын мүлік қоры арқылы, сондай-ақ қаражаттары құрылыс салушыларды несиелендіруге бағытталатын мақсатты банктік салымдар салу арқылы жүзеге асырылады.

Жылжымайтын мүлік қорының мүмкіндіктерін едәуір белсенді түрде пайдалану мақсатында бұдан әрі қаржыландырудың баламалы механизмдерін қолдану көзделіп отыр. Атап айтсақ, құрылыс салушыларға тікелей несиелер беру механизмін атауға болады, несие төлемдерін төлеу пәтерлер мен өзге де нысандардағы орынжайларды жылжымайтын мүлік қорына беру арқылы жүзеге асырылатын болады.

Сондай-ақ, нысандардың құрылысына барынша бақылау жасау үшін жылжымайтын мүлік қорының жарғылық капиталына құрылыс салушы компаниялардың тікелей кіруі мүмкін, немесе құрылыс салушылармен бірлесіп, жобалық компаниялар құрылуы ықтимал. Осындай механизмді пайдалану туралы шешім Астана қаласындағы «Изумрудный квартал» (Блок Б) нысанының әкімшілік ғимаратының құрылысын қаржыландыру үшін қабылданған болатын. Онда Жылжымайтын мүлік қоры «Номарх ЛТД» ЖШС және «СК «Базис» ЖШС бірлесе отырып, «Зәулiм» ЖШС құрады.

Қазіргі таңда жылжымайтын мүлік қоры халыққа жалдамалы пәтер бөлу саясатын әзірлеуде. Оның негізгі принциптері барынша ашықтық, әділдік пен жеделдік болып табылады. Арнайы бағдарлама құру жоспарланып отыр, осының аясында тұрақты табысқа ие және табыс көлемі жеткілікті дәрежедегі бюджеттік сала қызметкерлеріне тұрғын үй берілетін болады. Мұнда жылжымайтын мүлік қоры тұрғын үй алушылардың жұмыс берушілері болып табылатын  бюджеттік мекемелермен орталықтандырылған іс-қимыл жүргізетін болады.

Бағдарламаны іске асырудың мерзімі 2009 жылғы 15 қазанға дейін ұзартылды. Бұл бағдарламаға ипотекалық заемшылардың көп мөлшерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жасалынды.

2009 жылғы 16 қазандағы жағдай бойынша банктерде бағдарламаның қолданысқа енгізілгенінен бастап 165,3 млрд. теңге сомасында өтініштер келіп түсті, олардың ішінде 32,9 заемшылардың 129,5 млрд. теңгені құрайтын өтініштері мақұлданды. Іс жүзінде 31,3 заемшылармен жалпы сомасы 120,4 млрд. теңгеге қайта келісім-шарттар жасалды немесе олар қайта қаржыландырылды. Осылайша, бастапқыдағы алға қойылған – бағдарлама бойынша кемінде 30 мың заемшыларды камтитын болады деген мақсат бүгінгі күні толық орындалды.

Тұтас алғанда, қайта қаржыландыру бағдарламасы тек Алматы мен Астанада ғана емес, барлық облыс орталықтарында жұмыс істеп отырғанын атап өту қажет.

  1. шағын және орта бизнесті қолдау үшін банктер арқылы 117 млрд. теңге игерілді (банктер бөлген қаражаттың 100%). «Даму» Қоры» АҚ арқылы іске асырылатын «Даму-Қолдау» бағдарламасы бойынша 3 млрд. теңге шеңберінде 3,3 млрд. теңге сомасында келісім-шарттар жасалды.
  2. агроөнеркәсіп кешенін дамытуға «ҚазАгро» АҚ арқылы облигациялар босатылып, Ұлттық қордың қаржысынан жалпы сомасы 120 млрд. теңгемен қаржыландырылды.

 

Кесте 4 

 30 000 ипотекалық заемшылар орта есеппен бұрынғыға қарағанда 30% аз төлеу  мүмкіндігіне ие болды*

 №

Облыс/қала

Түскен өтініштер

Заемшылардың саны

Олардың ішінде өтініш-тері мақұлданғандары

Заемшылардың саны

Іс жүзінде қайта-келісім-шарт жасалғандар

Заемшылардың саны

1

Алматы

40 586

5 277

35 009

4 538

31 320

2

Астана

34178

6 165

26 742

4 928

24 400

4 524

3

Алматы обл

2 338

803

1 653

605

1 628

603

4

ШҚО

11 796

4 896

8 294

3 443

7 920

3 301

5

Қарағанды

11 378

4 944

8 689

3 704

8 344

3 577

6

Ақтөбе

11 101

3 379

8 029

2 326

7 667

2 233

7

БҚО

5 215

1 660

3 813

1 264

3 714

1 247

8

Жамбыл

5 730

2 202

3 316

1 352

3 133

1 303

9

Маңғыстау

7 888

1 703

6 091

1 250

5 850

1 215

10

Қостанай

4 844

1 938

3 671

1 450

3 514

1 381

11

Атырау

6 181

1 268

5 354

1 091

4 885

1 016

12

СҚО

4 284

1 678

3 750

1 484

3 623

1 460

13

Ақмола

4 644

1 753

3 464

1 344

3 339

1 293

14

Павлодар

6 373

2 490

4 898

2 029

4 736

1 950

15

Қызылорда

2 916

926

1 667

555

1 667

561

16

ОҚО

5 906

1 849

5 116

1 599

4 730

1 532

 

БАРЛЫҒЫ

165 358,5

42 931

129 557,3

32 962

120 468,4

31 304

                 

*Дерек көзі: БАҚ.«ҚРҰБ жарияланымдар базасында, орталық банктердің баспасөз-релиздері».   

 

            Облыстар бөлінісінде алатын болсақ, ең көп игерген өңірлер Алматы және Астана қалалары болып отыр, онда іс жүзінде тиісінше 31,3 және 24,4 млрд.теңге игерілген. Өңірлер арасында игерудің жоғары көрсеткіштері Қарағанды, Шығыс-Қазақстан және Ақтөбе облыстарында байқалады.

2009 жылдың 28 желтоқсандағы жағдай бойынша АПК субъектілерін несиелендіру бағдарламасының басталғанынан бері, оның ішінде көктемгі егістік және орып-жию жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу және астық сатып алу жолымен СХТП әрі қарай қаржыландыру үшін Холдинг жалпы сомасы 82 626,6 млн. теңге қаржы қаражаттарын бөлді.

Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2009 жылғы 20 тамызда өткен отырысында мақұлданғандай, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражатының есебінен азық-түлік астықтарын тікелей сатып алу жолымен СХТП-н қаржыландыру шеңберінде «НК «Продкорпорация» АҚ-ы (астық сатып алу операторы) 2009 жылғы өнімнен 3 млн. тонна көлемінде астық сатып алатыны туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта Холдинг 2 092 662 тонна астық сатып алуға жалпы сомасы 38 200,8 млн. теңге қаражат аударылды.

  1. Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға 120 млрд. теңге бөлінді. Осы бағдарлама бойынша «Қазақстан даму банкі» АҚ 167 млрд. теңге көлемінде қосымша капиталдандырылды. Оның ішіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты 115 млрд. теңгесі құрайды. Көрсетілген қаражаттардың 4% игерілді: 2,96 млрд. теңге «Шыңбұлақ» тау шаңғысы демалыс аймағын қайта жөндеуге және 1,3 млрд. теңге Тараз қаласында ферросплав зауытына жұмсалды.

Жоспарды іске асыруға бөлінетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаттарының пайдаланылуына бақылау жасау мақсатында мемлекет басшысының өкімімен Жұмыс тобы құрылған. Оның міндетіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының бөліп отырған қаражаттарының бөлінген кезінен бастап алғанға дейін, тұтынушылардың оны пайдаланылуы барысында мақсатты, тиімді және заңды қолдануына тұрақты түрде мониторинг жасауды және бақылау жасауды жүзеге асыру кіреді.

Әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайындағы ұлттық экономиканы тұрақтандыру шараларының бірқатар нәтижелерді атап өтуге болады. Біріншіден, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың реформаторлық бастамаларының нәтижесінде жаһандық қаржы дағдарысынан қиналыссыз шыққан  Қазақстан экономикасы қарқынды даму баспалдақтарына қадам басты. Халықаралық беделді рейтингтік агенттіктердің және дуалы ауыз сарапшылардың айтуынша, Қазақстан экономикасы ұтымды да шебер жасалынған бағдарламалардың нәтижесінде дағдарыстан табыспен шығып, экономикалық дамудың жаңа үлгілерін өмірге әкеле бастады. Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында нақ осы мәселе ерекше атап көрсетілді. Үкімет отырысында еліміздің 2010 жылғы экономикалық-әлеуметтік даму қорытындысы және 2010 жылғы мемлекеттік бюджеттің атқарылу мәселелері талқыланды. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов атап көрсеткендей, ел экономикасының барлық саласында 2010 жылға белгіленген барлық кешенді бағдарламалар жүзеге асырылып, Үкімет алдына Елбасы қойған міндеттер толығымен орындалды. Сол міндеттемелердің қорытындылары әрбір сала бойынша төменде көрсетілген.

2010 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 10 пайызға өсті. Өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны 18,4 пайызды құрап, алғаш рет кен өндіру саласының өсу қарқынынан (5,3 пайыз) 3 есе асып түсті. Осының нәтижесінде, өткен жылдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімдегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 11,5 пайызды құрап, 2009 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,9 пайызға артты. Өткен жылы машина жасау саласы қарқынды дамып, оның өндіріс өнімінің көлемі 1,6 есеге, сусындар өндірісі 1,3 есеге, азық-түлік өнімдерінің өндірісі 1,1 пайызға өсті. Химия өнеркәсібі саласында өндіріс өсімі 37,1 пайызды құрады. Кен өндіру саласында темір рудасын шығару 10,9 пайызға, шикі мұнай өндіру 5,6 пайызға, табиғи газ өндіру 3,5 пайызға артты.

Еліміздің өңірлері бойынша өнеркәсіп өндірісі көлемін саралайтын болсақ, өндіріс көлемінің қарқынды өсуі Ақмола облысында (31,6 пайыз), Қостанай облысында (15,6 пайыз), Павлодар (12,1 пайыз), Оңтүстік Қазақстан (13,3 пайыз), Жамбыл (14 пайыз), Атырау облыстарында (13,8 пайыз) және Алматы қаласында (27 пайыз) байқалды. Өңірлердегі ең қарқынды дамыған өндіріс салаларына нақты тоқталар болсақ, Атырау облысында шикі мұнай өндіру 13,1 пайызға ұлғайды. Ақтөбе облысында темір рудасын өндіру 3,7 есеге артты. Ет өнімдерін қайта өңдеу Ақмола облысында 25,4 пайызға, Қостанай облысында 24,2 пайызға және Алматы қаласында 3,3 есеге ұлғайды. Павлодар облысында тас көмір және кокс өндірісі 2,3 есеге, ал ферроқорытпалар шығару 21,8 пайызға артты.

Өнеркәсіп өндірісі саласының тұрақты дамуына негізінен өткен жылы басталған 2015 жылға дейінгі үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы ерекше игі ықпалын тигізді. Жалпы, бұл бағдарлама шеңберінде құны 801,8 миллиард теңгеден астам болатын 152 индустриялық жоба іске асырылды. Нақты есептеулер көрсетіп отырғанындай, осы ғасырлық жобалардың іске қосылуы ішкі жалпы өнімнің өсуіне 2,2 пайыз көлемінде үлес қосқан.

Елбасы алға қойған экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатындағы бастама негізінде жүзеге асырыла бастаған 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы тарих толқынындағы ерекше құбылыс болғандығы даусыз. Осы бағдарлама шеңберіндегі жобаларды іс жүзіне асыруға өткен жылы ғана республикалық бюджеттен 921,5 миллиард теңге қаржы бөлінді.

Өткен жылы осы бағдарлама шеңберінде еліміз үшін инфрақұрылымдық және стратегиялық зор маңызы бар Балқаш ЖЭС, «Шар-Өскемен», «Қорғас-Жетіген» және «Өзен-Түркіменстан мемлекеттік шекарасы» темір жол тораптары, «Бейнеу-Шымкент» газ тарату құбыры және басқа ірі жобалар жүзеге асырыла бастады. Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде еліміздің шикізат қорын толықтыру мақсатында бірқатар геологиялық зерттеу жұмыстары жүзеге асырылды. Осының нәтижесінде, еліміздің алтын, қорғасын, цинк, көмір, уран, мұнай және газ кеніштерінің жаңа орындары анықталды.

Индустрияландыру картасы шеңберінде 2010 жылы елімізде 23 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Осы бағдарламалар шеңберінде озық технологияларды өндіріске енгізу мақсатында кешенді шаралар жүзеге асырылды. Тәжірибелік-конструкторлық шешімдерді, шет елдерде отандық ғылыми жобаларды патенттеу бойынша 1,697 миллиард теңге сомасындағы   

38 жоба қолдау тапты. Машина жасау, тау-кен металлургия, мұнай-газ жабдықтарының жобаларын жасау жөніндегі конструкторлық бюролар құрылды. Жүк вагондарының хопперлерін, перфораторларын шығаратын алғашқы өндірістер іске қосылды. Салааралық ғылыми-техникалық жобалар қабылданып, онда жаңа өндірістерді, технологияларды игеру, отандық ғылымға нақты бағыт-бағдар беретін зерттеу орталықтарын құру жөніндегі технологиялық бағдарламалар айқындалды.

Ерекше атап көрсететін жай, 2010 жыл еліміздің құрылыс саласын қайтадан қалпына келтірген жыл болып табылады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 1 пайызға өсіп, 1,9 триллион теңгені құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы көлемі 6,4 миллион шаршы метрді құрап, 2009 жылғы деңгеймен теңесті.

Негізінен өткен жылы еліміздің 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама толығымен аяқталды. Осы мерзім ішінде елімізде 19,6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, оның ішінде пайдалануға берілген 6,4 миллион шаршы метр тұрғын үй 2010 жылдың үлесіне тиеді.

Құрылыс индустриясында және құрылыс материалдары өндірісінде 2010 жылдың қорытындысы бойынша резеңке және пластмасса бұйымдарын шығару өндірісінің көлемі өсіп, жыл ішінде 70,8 миллиард теңгенің жаңа өнімдері өндірілді.

Өңірлер бойынша тұрғын үй құрылысы саласының дағдарыстан кейін тағы да қарқын алған сипатын байқауға болады. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 27,1 пайызға, Алматы облысында 10,7 пайызға, ал Астана қаласында 9,7 пайызға ұлғайды. Құрылыс-жөндеу жұмыстары көлемінің өсу қарқыны, ең алдымен, тұрғын үй рыногындағы жаңа объектілердің пайдалануға берілуі және тұрғын үй құрылысы саласын дағдарысқа қарсы іс-қимыл шаралары шеңберінде мемлекет тарапынан қаржыландырудың есебінен болғандығын дәлелдеудің қажеті жоқ. Өткен жылы еліміздің құрылыс саласын, оның ішінде, үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан тұрғын үй кешендерін пайдалануға беру жөнінде мемлекет тарапынан теңдессіз қолдау көрсетілді. Ақиқатын айтар болсақ, өз еркімен құрылыс салушыға ақшасын берген үлескерді мемлекет тарапынан қолдау тәжірибесі ешқашан болып көрген емес. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен Үкімет алданып қалған үлескерлерінің мүддесін қорғау мақсатында мол қаржылық қолдау көрсетіп, шынайы жанашырлық жасады. Құрылыс-жөндеу жұмыстарының көлемінің артуына, сонымен қатар, елімізде қолға алынған ірі инвестициялық жобаларды іске асыру, оның ішінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік көлік дәлізін салу шараларының айтарлықтай ықпал еткендігі даусыз.

Әлемнің ірі компаниялары мен білікті сарапшыларының мәлімдеуінше, жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың қиындықтарына қарамастан Қазақстан экономикасы өзінің инвестициялық тартымдылығын сақтап қалды. 2009 жылғы деңгеймен салыстырғанда аздаған төмендеуге қарамастан

(0,5 пайызға),  2010 жылдың соңында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінде өсу үрдісі байқалды. Жыл қорытындысы бойынша негізгі капиталға 4,7 триллион теңге инвестиция салынды. Бұл жерде атап өтетін бір жәйт, инвестициялар құрылымындағы кәсіпорындар мен халықтың қаражаты 2009 жылы 32,6 пайыз болса, есепті кезеңде 45,9 пайызға өсті.

2010 жылдың қорытындысында шикізаттық емес секторға тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1,7 миллиард доллар болса, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыс­тырғанда 25 пайызға артық. Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында өткен жылы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі 28 маңызды іс-шара өткізді. Осының нәтижесінде, әртүрлі шет ел компанияларымен 150-ге жуық ынтымақтастық туралы екіжақты келісімдер аясында 9,6 миллиард АҚШ доллары шамасындағы инвестицияларға негіз қаланды. Өңірлер бойынша деректерге жүгінсек, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің ең жоғары өсімі Қызылорда облысында (40,6 пайыз), Ақтөбе облысында (12,1 пайыз) және Маңғыстау облысында (11,4 пайыз) байқалып отыр.

Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен әлемдік дағдарыс жағдайында еліміздің ауыл шаруашылығы саласын қаржылық қолдау мақсатында Үкімет тарапынан кешенді шаралар жүзеге асырылды. Өткен жылы ғана ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында мемлекет тарапынан

3,9 миллиард теңге қаржы бөлінді. Міне, осындай игі шаралардың нәтижесінде өткен жылғы ауа райының қолайсыздығына қарамастан елімізде бітік егін өсіріліп, мемлекеттің ішкі қажетіне және сыртқы экспортына жететін мол көлемдегі астық мемлекеттік қамбаға құйылды. Мал шаруашылығын дамыту мақсатында да тұрақтылық сақталды. Жалпы алғанда, барлық мал басы орта есеппен 2-3 пайызға өсті. Сонымен бірге мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу өндірісі де біршама дамыды. Мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында 13 пайыз өсімге қол жеткізілді.

Өткен жылы 2004-2010 жылдар аралығында еліміздің ауылдық аймақтарын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама негізінен аяқталды. Жоғары әлеуетті даму мүмкіндігі бар ауылдық елді мекендер саны 1548 бірлікке дейін өсті. Осы елді мекендерде тұратын халық саны 22 пайыз­дан

52 пайызға дейін артты. 2002 жылы қабылданған «Ауыз су» бағдарламасы аяқталды. Осы бағдарлама аясында 3417 ауылдық елді мекен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Ауыз суды тасып ішетін ауыл тұрғындары осы мерзім ішінде 445 мың адамнан 83 мың адамға дейін азай­тылды. 2010 жылы 22 гидротехникалық қондырғылар қайта жабдықталып, қалыпты жағдайда жұмыс істей бастады. Осының нәтижесінде, апатты жағдайлардың алдын алу шаралары қамтамасыз етілді.

2011 жылдың бірінші жартыжылдығында етті ірі қара малдың әлеуетін дамыту шаралары шеңберінде шағын және орта фермерлік шаруашылықтарды несиелеу, асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтарды көбейту жобалары жүзеге асырылуда. Сонымен бірге холдинг тарапынан 2011 жылғы көктемгі егіс науқанын өткізу үшін 78 миллиард теңге көлемінде бюджеттік қаржы бөлінген.

Өткен жылы көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 15,5 пайызға ұлғайды. Ал байланыс қызметінің көлемі 5 пайызға артты. 2009 жылы 3,9 пайызға төмендеген сауда көлемі 2010 жылы 12,3 пайызға дейін өсті. Сауда көлемінің өсімі барлық өңірлерде байқалып отыр. Атап айтқанда, Ақтөбе облысында сауда өсімі 19,6 пайызды, Қарағанды облысында 18,1 пайызды және Қызылорда облысында 17,9 пайызды құрады.

Экономиканың нақты секторындағы өсімнің жоғары қарқыны және рыноктағы баға конъюнктурасының жоғары болуы еліміздің сыртқы сауда айналымының  24,3 пайызға артуына жағдай жасады. 2010 жылы жалпы тауар экспорты 2009 жылмен салыстырғанда 37,1 пайызға өсіп, 59,2 миллиард АҚШ долларын құрады.  Экспорт құрылымындағы ең жоғары үлеске, яғни 71,7 пайызға артқан отын-энергетика саласының тауарлары, 12,6 пайызға артқан металл және металл өнімдері ие болып отыр. Осы мерзімде мұнай және газ конденсатының экспорты 67,5 миллион тоннаны құрап, жалпы экспорттық түсімдердің 64 пайыздан астамын қамтамасыз етті.

Импорт көлемі 29,7 миллиард долларды құрап, 4,8 пайызға артты. Импорт құрылымында азық-түлік тауарларының үлес салмағының артқандығы байқалады. Мәселен, ет және ет өнімдерінің импорты 16 пайызға, қант импортының көлемі 13,6 пайызға артты. Керісінше, машина мен құрал-жабдықтардың импорты 14 пайызға азайып, жалпы импорт көлеміндегі үлесі 43,2 пайызды құрады. Сауда балансының сальдосы 29,5 миллиард долларға тең болды.

Сыртқы сауда саласындағы көрсеткіштердің айтарлықтай өсуіне Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттері арасында 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастаған Кеден одағы ерекше игі ықпал еткендігін атап көрсету керек. Кеден одағының алғашқы қорытындылары көрсетіп отырғанындай, 2010 жылы Ресейге шығарылған қазақстандық тауар­лардың экспорты 35,9 пайызға, Беларуське шығарылған өнімдер 1,6 есеге артқан. Ресейден әкелінген импорт көлемі 23,7 пайыз, ал Беларусь импортының көлемі 24,5 пайызға артты. Кеден одағына мүше мемлекеттермен тауар айналымының көлемі 2010 жылы 16,5 миллиард АҚШ долларын құрап, 28,1 пайызға өсті. Кеден одағы мемлекеттерімен сыртқы сауда айналымы Қазақстанның жалпы сыртқы сауда айналымының 18,5 пайызына тең болды.

2010 жылы кәсіпорындар құру рәсімін жеңілдету, мемлекеттік органдар тарапынан рұқсат беру құжаттарын алу мен әкімшілік қысымды азайту сияқты заңнамаға өзгертулер енгізу нәтижесінде еліміздегі бизнесті жүргізуге айтарлықтай жеңілдіктер жасалды. Дүниежүзілік банк өкілі Аккая ханымның атап көрсеткеніндей, 2010 жылы Қазақстанның «Doing Business» рейтингіндегі дәрежесі 15 тармаққа жақсарды. Қазақстан қазір бұл рейтинг бойынша дүние жүзінде 59-шы орынды иеленіп отыр. Сонымен бірге бүгінде Қазақстан бизнес ахуалды жақсарту мақсатын­дағы сәтті реформаларды жүзеге асырған ең озық 10 мемлекеттің тізіміне еніп отырғанын ерекше қанағаттанғандық сезіммен атап өткен жөн.

Кәсіпкерлікті, оның ішінде, шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы басталды. Бағдарлама кәсіпкерлік саласын сауықтыруға, атап айтқанда, алынған кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялауға бағытталған. Бұл бағдарлама шеңберінде кредиттерінің жалпы көлемі 101,2 миллиард теңгені құрайтын 225 жоба қабылданды. Кәсіпкерлікті қолдау шаралары шағын және орта бизнес шығаратын өнімдердің 1,9 пайызға өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Кәсіпкерліктің даму көрсеткішінің елеулі жақсаруы өнім өндірісі 4,8 пайызға өскен Алматы қаласында және өнім өндірісі 4,7 пайызға өскен Ақтөбе облысында байқалуда.

Қазақстанның дағдарыстан кейінгі экономикалық даму үрдісі еліміздің әлеуметтік саласын барынша қолдаудан да көрініс тауып келеді. Жаһандық дағдарыстан кейін рецессияға ұшыраған дамушы елдердің өзі әлеуметтік бағдарламаларын кейінге қалдырып жатқанда, мемлекетіміз Елбасының тапсырмасымен белгіленген әлеуметтік бағдарламалардың бір де біріне нұқсан келтірген жоқ. Өткен жылы халықтың табыс деңгейін арттыру, жұмыссыздықты азайту және мемлекеттің әлеуметтік саладағы міндеттемелерін толықтай қамтамасыз ету мақсатындағы шаралар толық жүзеге асырылды. Жұмыссыздық деңгейі өткен жылы 5,5 пайызды құрап, 2009 жылдың желтоқсан айындағы көрсеткіштен 1,1 пайызға төмендеді. 2010 жылы халқымыздың нақты ақшалай табыстары 6,3 пайызға артты. Атап айтқанда, қарастырылып отырған кезеңде тұрғындардың алатын нақты еңбекақысының көлемі 7 пайызға өсіп отыр.

Ерекше атап көрсететін бір мәселе, 2010 жылы мемлекет басшысы Үкіметтің алдына қойған әлеуметтік мәселелер жөніндегі міндеттемелерінің бәрі орындалды. Бюджет тұрғысынан келетін болсақ, өткен жылғы бюджетті әлеуметтік сипаттағы бюджет деп айтуға толық негіз бар. Білім, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету мақсатына бөлінген қаржы соңғы 5 жыл ішінде екі есе өсіп отыр. 2010 жылы оның көлемі еліміздің ішкі жалпы өнімі көлемінің 10,4 пайызын құрады.

Бәрімізге белгілі, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап негізгі зейнетақы төлемдері 30 пайызға артты. Мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік жәрдемақы және арнайы мемлекеттік көмектер 9 пайызға арттырылды. Сонымен бірге бала күтіміне арналған ай сайынғы жәрдемақы, төртінші және одан да көп бала туғандарға берілетін бір жолғы жәрдемақы көлемі 30 айлық есептік көрсеткіштен 50 айлық есептік көрсеткішке дейін өсті. Мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға төленетін жәрдемақы мөлшері айлық төменгі жалақы (14952 теңге) көлеміне дейін теңестірілді. Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 65 жыл толуына байланысты барлық майдангерлерге бір мезгілдік материалдық көмек көрсетіліп, барлық ардагерлер мен соғыс мүгедектері жеңілдетілген жолақы мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілді. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 4,2 миллиард теңге қаржы жұмсалды.

Шалғай елді мекендерде тұратын халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында телемедицина әдісі өмірге енгізіліп, алыс қашықтықтан жоғары деңгейдегі медициналық көмек көрсетілді. Заманауи медициналық техникалармен жабдықталған жылжымалы емхана кешендері сатып алынып, жұмыс істей бастады. Елбасының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы шеңберінде

50 денсаулық мекемесі іске қосылды. Оның ішінде, жалпы құны 79 миллиард теңге тұратын 33 медициналық мекеме 2010 жылы іске қосылды.

Мемлекет басшысының «Балапан» бағдарламасының шеңберінде есепті кезеңде республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылған мемлекеттік тапсырыс барысында 90 мың бүлдіршінге арналған балабақшалар пайдалануға берілді. «100 мектеп, 100 аурухана»  бағдарламасы  шеңберінде еліміз бойынша жалпы құны 104,3 миллиард теңге болатын 103 мектеп пайдалануға берілсе, оның ішінде, жалпы құны 6,4 миллиард теңге тұратын 24 мектеп 2010 жылы пайдалануға берілді. 2010 жылы еліміздің жоғары оқу орындарының көшбасшысы болатын «Назарбаев Университеті» жұмыс істей бастады. Еліміздің жоғары оқу орындарының көшбасшысы болатын бұл университет бүгінгі білім жүйесіндегі халықаралық стандарттарға сай жұмыс істейді. Осы университетті дамытуға 2010 жылы республикалық бюджеттен 16,1 миллиард теңге қаржы жұмсалды.

Аталған мерзімде мемлекеттік бюджетке 4 388,8 миллиард теңге, яғни 2009 жылмен салыстырғанда 878,5 миллиард теңгеге артық қаржы түсті. Мемлекеттік бюджеттің табысы осы мерзімде 4 299,1 миллиард теңге болды. Оның ішінде, салық түсімі 2 934,1 миллиард теңгені құрады.

2010 жылы мемлекеттік бюджеттің шығындары 2009 жылмен салыстырғанда 913,1 миллиард теңгеге көбейіп, 4 916,1 миллиард теңгені құрады. Республикалық бюджет 2010 жылы 4 284 миллиард теңгеге немесе жоспардың 99,1 пайызына атқарылды. Өткен жылдың бюджеті шын мағынасында әлеуметтік салаға бағытталған бюджет болды.

Ұлттық банк  төрағасы Григорий Марченконың мәлімдеуінше, еліміздің жиынтық халықаралық алтын-валюта қоры бүгінгі күні 64 миллиард АҚШ долларынан асып отыр. Ал бұл көрсеткіш 2010 жылдың соңында 59 миллиард теңгені құраған болатын. Еліміздің халықаралық алтын-валюта қоры 64 миллиард болса, оның ішінде Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 32 миллиард АҚШ долларын, Ұлттық қордағы валюта 32 миллиард АҚШ долларын құрап отыр.

Еліміздің экономикасы үшін 2010 жыл дағдарыстан кейінгі даму кезеңінің тұғырлы жылына айналды. Еліміз алда тұрған асқаралы даму асуларын алу үшін 2010 жылы тірек болатын барлық тетіктерді жасады. Қазақстандық даму үрдісі тағы да жоғары қарқын алды.

 

 

 

 

Қорытынды

 

Елбасы Қазақстан халқына арнаған  “Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға” атты  жолдауында коммуналдық желілерді – сумен, жылумен қамту, энергетика желілерін қайта жаңғыртуға және жаңарту, автокөлік жолдарын реконструкциялау мен жөндеу, әлеуметтік инфрақұрылымды, ең алдымен мектептер мен ауруханаларды жаңалау, қалалар мен елді-мекендерді абаттандыру және көгалдандыру міндеті, сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту мен жастар тәжірибесін ұйымдастыру, қазақстандықтарды жұмыспен қамту стратегиясы үкімет назарында болатынын қадап айтты.

Елбасының халыққа арнаған  жолдауында әлемдік қаржылық дағдарыстан қиналмай шығудың айқын міндеттері белгіленген. Солардың бірі өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын мүлтіксіз жүзеге асыру болып табылады. Сонымен қатар, мемлекет әлемдік дағдарысқа, біз басымыздан өткеріп жатқан кезеңнің қиындықтарына қарамастан, өмірлік маңызы зор әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру мен қолданыстағы перспективалық инвестициялық жобаларды іске асыруды одан әрі жалғастыра береді.

Ең алдымен “Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ” магистральдік газ құбырын салу, “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” автожолының транзиттік дәлізін қайта жарақтандыру, Атыраудағы мұнай-химия кешенін салуды жалғастыру және т.б. жұмыстар әрі қарай шешімін таба береді. Cондай-ақ, “Еуропаға жол” бағдарламасы негізінде саяси және экономикалық ынтымақтастықты кеңейту арқылы еліміздің Еуропа мемлекеттерімен қатынастарын стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру күн тәртібіндегі іс. Ал алдағы 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудегі басымдықтары мен міндеттері – гуманитарлық, экономика-экологиялық және әскери-саяси қызметін дамыту жөніндегі белсенді жұмыстарын жалғастыруға мемлекетіміз ниетті.

 Өткен жылы әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстан экономикасының даму көрсеткіштеріне тигізген әсеріне қарамастан, жалпылай алғанда, экономикалық өсуді тұрақтандыру бойынша жоспарланған жұмыстардың барлығы  тиісті деңгейде атқарылды. Сондай-ақ, ол биылғы жылы да Үкіметтің жүктеген міндеттеріне сәйкес, алға қойылған жұмыстардың бәрі жоспарланған кесте бойынша өз деңгейінде жүзеге асатынын кәміл сенеміз. Былтырғы жылы әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында Қазақстан экономикасын тұрақтандыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Яғни, еліміз экономикалық өсу деңгейін сақтап қалу мақсатында макроэкономикалық болжамдар жасау, инфляциямен күрес, серпінді жобаларды іске асыру мен басқа да шараларды жүзеге асырумен айналысты. Жыл басында инфляцияға қарсы саясат, еліміздің даму деңгейін тұрақтандыруды қамтамасыз ету жөнінде салааралық үйлестіру шаралары жасалынып, 2009-2013 жылдарға арналған макроэкономикалық болжам жасау жөнінде құжат қабылданды.

Сонымен бірге, 2008-2009 жылдарға арналған инфляциялық үдерістерді реттеу жөнінде іс-шаралар жоспары бекітіліп, жыл соңына қарай 2009-2010 жылдарға арналған экономиканы тұрақтандыру жөнінде бірлескен шаралар жоспары қабылданды. Елімізде тұңғыш рет бүкіл дүние жүзіндегі саяси-экономикалық үдерістерді бақылауға арналған жедел мониторинг жүйесі енгізілді. Бұдан басқа жасалған тағы бір жұмыс, “Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы” бағдарламасы мен 45 серпінді жобаларды іске асыру бойынша мониторинг жүргізіліп, ол тиісті нәтижесін берді. Осының нәтижесінде қазір еліміздің әр шалғайында аталмыш бағдарламаның іске асырылу барысы жөнінде мәліметтермен онлайн режімінде танысу мүмкіндігіне ие болдық.

 Былтыр елімізде концессия институтын дамыту ісі қолға алынып, осыған қатысты қабылданған заңдық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде жұмыс атқарылды. Сонымен бірге, 2008 жылы басталған басты жұмыс деп жаңа Салық кодексі мен Бюджеттік кодекстің қабылданғанын атап өтуге болады.

Қазіргі күні аталмыш құжаттардың маңыздылығын ескере отырып, көрші елдер де оларды өздерінде іске асыруға мүдделілік танытуда. Жаңа Салық кодексі алдағы кезде мемлекет қазынасына түсетін салық көлемін ұлғайту мақсатында жасалды. Бұл құжатқа сәйкес, ендігі жерде шетел инвесторларына салық төлеуге қатаң талап қойылып, ал жергілікті кәсіпкерлерге шағын және орта бизнеспен айналысуына бірнеше жеңілдіктер беріледі.

 Жаңа Салық кодексін жүзеге асыру сала кәсіпорындарына салық салуда неғұрлым айқын жағдай жасауға мүмкіндік береді. Ал ол Қазақстанның салық жүйесінде неғұрлым жоғары белгілілік пен мөлдірлікті қамтамасыз ете алады. Өткен жылы “2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заңның да маңыздылығы орасан екенін атап өту қажет. Бұдан басқа “Мемлекеттік мүлік туралы”, “Ұлттық әл-ауқат қоры туралы” заң жобаларының, бұл құжаттардың экономика саласын жандандыруға соны серпін беретіні айдан анық.

 Қазіргі жаһандық қаржы дағдарысының дауылы ең ауқатты мемлекеттердің экономикасының өзін шайқалта бастаған кезде “Қазақстан-2030″ барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” атты стратегияда айқындалған мемлекеттік бағыт тұрақты түрде біздің мемлекетіміздің үш тұғырлы міндеті болып қала береді. Біздің өз күштеріміз бен қорларымызды қайтадан топтастыру жолындағы жүзеге асырып жатқан әрекеттеріміз еліміздің бағытының өзгергендігін білдірмейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Н.Ә. Назарбаев Дағдарыстан шығу кілті. Егемен Қазақстан. 2009, 3 ақпан.
  2. Н.Ә.Назарбаев «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға»атты Жолдауы 2010 ж.
  3. Назарбаев Н.А. Новый Казахстан в новом мире. Астана, 2007. — С. 85-86.
  4. Қазақстан Республикасының Президенті Нурсултан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Егеменді Қазақстан, 2011 ж., 2 ақпан — 3-46.
  5. К.Маркс .//Капитал // Том 2. Москва, 1992 г.
  6. Вайн С. Глобальный финансовый кризис: Механизмы развития и стратегии выживания. – М.: Альпина Бизнес Букс, 2009. – 302 с.
  7. Бараулина А. ЦБ против ликвидности // Ведомости, 2008. 4 авг.
  8. Гринспен А. Глобальные рынки: Истоки ипотечного кризиса // Ведомости. 17 дек.
  9. Кашин В., Оверченко М. Облигации за казенный счет // Ведомости. 22 сент.
  10. Мау В., Сундстром Н. Социализм или популизм: Национализация рисков // Ведомости. 24 окт.
  11. Стиглиц Д. Закат неолиберализма // Ведомости. 2008. 4 авг.
  12. Шиллер Р. Экономика впечатлений // Ведомости. 1 авг.
  13. Бараулина А., Кудинов В. Помогли «родителям» // Ведомости. 17 ноября
  14. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңы.
  15. Бочкарева Т. Все за одного // Ведомости. 2008. 3 окт.
  16. Бочкарева Т. Медведь не устоял // Ведомости. 23 июля
  17. Избасаров Б. Развитие банковской системы Казахстана: первая пятилетка после реформ// htpp://www.priuralie.kz
  18. Марченко Г. Развитие финансового сектора, как предпосылка экономического роста. Доклад на международной конференции «Экономический рост: после коммунизма», Москва, март 2002 г.// http://www.iet.ru
  19. http://kdb.kz
  20. http:// mit.kz
  21. htpp://www.mgf.kz
  22. afn.kz
  23. Храмков А. Фонд стрессовых активов обрел второе дыхание// http://news.nur.kz
  24. http://prodengi.kz
  25. Сайт «Экономической газеты» www.neg.by.
  26. www.belstat.gov.by (Официальный сайт Министерства статистики и анализа).
  27. Ивашковский С.Н. Макроэкономика: Учебник. 2-е изд., испр., доп. М.: Дело, 2002. – 472 с.
  28. Ивашутин А.Л. Макроэкономика: Учеб. пособие / А.Л. Ивашутин. – Мн.: Технопринт, 2005. – 324 с.
  29. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2008 жылғы есебі, желтоксан, 2008 ж.;
  30. Анализ развития мировой экономики и влияние мирового финансового кризиса на мировую экономику- М.: Финансы и статистика 2008 г.- 160 с;
  31. Курс экономической теории. / Под ред. М.Н. Чепурина, Е.А. Киселевой. – Киров, 1994.
  32. Попов Г.Х. «Об экономическом кризисе 2008 года». –М:., Издательский дом
  33. OECD Factbook 2008: Economic, Environmental and Social Statistics
  34. Курс экономической теории: учебник — 5-е дополненное и переработанное издание / Под ред. М.Н. Чепурина, Е. А. Киселевой. — Киров: «АСА», 2002. – 832 с.
  35. Назарбаев Н.А. Новый Казахстан в новом мире. Астана, 2007. – С. 85-86.
  36. «Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының қаулысы. Алматы, 2005 жыл 30 қыркүйек, № 358.
  37. Теоретические аспекты антикризисного регулирования экономики А.Есентугелов Деньги и кредит, 2008 г., №2, 28-29 бб;