АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Жас футболшылардың төзімділікке тәрбиелеу дайындығының әдістемесі

 

 «Жас футболшылардың төзімділікке тәрбиелеу дайындығының әдістемесі»

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

5В010800- мамандығы – Дене шынықтыру және спорт

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ …………………………………………………………………………………………… 7

 

1 ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ТӨЗІМДІЛІГІН ТӘРБИЕЛЕУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ………………………………….. 9

1.1 Футбол ойынының сипаттамасы…………………………………………. 9

1.2 Жалпы төзімділікті тәрбиелеудің жас ерекшеліктері………………………….. 15

1.3 Зерттеудің мақсаты,міндеттері,әдістері мен ұйымдастырылуы…………… 26

1.4  Зерттеу нәтижелері  …………………………………………………………………………. 31

1.5 Зерттеу нәтижелерін талқылау………………………………………………………….. 35

 

2  ЖАЛПЫ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ………………………………………………………….. 41

2.1 Ептілікті дамыту жаттығулары…………………………………………………………… 42

2.2 Икемділікті дамыту жаттығулары………………………………………………………. 43

2.3 Жылдамдықты дамыту жаттығулары…………………………………………………. 47

2.4 Күшті дамыту жаттығулары……………………………………………………………….. 49

2.5 Төзімділікті дамыту жаттығулары………………………………………………………………………………… 52

 

ҚОРЫТЫНДЫ.  ………………………………………………………………………………………… 54 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ  ……………………………………………………… 56

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеудің өзектілігі.Футболда спорттық жетістіктер айтарлықтай шамада футболшылардың қозғалыс қабілеттерінің даму деңгейімен анықталады. Бұл ретте жалпы алғанда спорттық шеберліктің көрініс табуына, сондай-ақ оларды жетілдіру мүмкіндіктеріне әсер ететін негізгі қимыл қасиеттерінің бірі болып футболшылардің төзімділігі табылады. Жетілдіріле түскен төзімділік бүкіл ойынның ұйымдастырылуына ықпал ететіндігін, ойындағы белсенділікті арттыруға мүмкіндік беретіндігін, техникалық-тактикалық әрекеттердің диапазонын кеңейтуді зерттеп,талдау жасау .

Қазіргі отандық және шетелдік әдебиетте футболшылардың жұмысқа қабілеттілігін, оның ішінде төзімділігін зерттеуге арналған жұмыстардың айтарлықтай елеулі саны жинақталып қалды. Алайда бұл жұмыстар негізінен алғанда әлде ересек футболшылардың, әлде жасөспірім жастағы спортшылардың төзімділігін зерттеуге арналған.

Бізге қол жетерлік әдебиетте төзімділік, оның ішінде жалпы төзімділік туралы, сондай-ақ оны жас футболшыларда тәрбиелеу әдістемесі туралы мәселе толықтай дәрежеде ашып көрсетіле қоймаған. Қазіргі таңда футболда жалпы төзімділікті тәрбиелеудің ең тиімді тәсілдерін анықтау мәселесі бойынша бірыңғай пікір болмай отыр. Бір мамандар спорттың циклдық түрлерінен алынған, жүгірумен даярлау тәсілдерін кеңінен пайдалануды ұсынады , өзгелері жекпе-жекке және ойынға жақынырақ тұрған жаттығуларға басымдық береді. Жас футболшыларда жалпы төзімділікті тәрбиелеудің қазіргі қолданылып жүрген әдістерін ұтымды таңдап алу және үйлестіру мәселесі ашық күйінде қалып отыр.

Спорттық жетістіктердің деңгейі жаттығу жұмысының көлемімен тығыз байланысты болғандықтан, аталған мәселені зерттеу шеберлікті арттыру әдістемесін жетілдіру үшін маңызды болып отыр . Футболдағы жаттығудағы күш салу көлемі өз кезегінде жалпы төзімділікке тікелей тәуелділікте тұр. Оқыту, үйретудің бастапқы кезеңінде жас футболшылардың аэробтық мүмкіндіктерін дамыта отырып, бір мезгілде денсаулықты нығайту (жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйелерін дамыту есебінен) және арнайы төзімділікті тәрбиелеу үшін негіз жасау міндеттері шешіледі. Сондықтан жас футболшыларда жалпы төзімділікті арттыру мен оны тәрбиелеу әдістемесін жетілдіру мәселесін шешу спорттық шеберлікті арттырудың маңызды педагогикалық резерві болып көрінеді.

Зерттеудің мақсаты.Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы жалпы төзімділікті тәрбиелеу мақсатында 12-13 жасар жас футболшыларда алғаш рет ұзаққа созылған                        (6 ай) кешенді педагогикалық эксперимент жүзеге асырылғандығында болып отыр. Жалпы төзімділікті арттыру мүмкіндіктерін және оның артуының жас футболшылардың техникалық даярлығына және дене қабілеттерінің дамуына әсерін зерттеу жұмыстары жүргізілген.

Қорғауға шығарылып отырған ережелер:

1) Аэробты-анаэробты сипаттағы қарқынды жүгіру жаттығуларын 12-13 жасар жас футболшыларда төзімділікті тиімді тәрбиелеу үшін пайдаланудың мақсатқа лайықтылығын, көкейге қонымдылығын эксперимент түрінде негіздеу;

2) 12-13 жасар жас футболшылардың организмінің төзімділігі мен жұмысқа қабілеттілігінің әртүрлі көрсеткіштері арасындағы байланыстарды экспериментті зерттеуге педагогикалық талдау жасау.

 

 

1 ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ТӨЗІМДІЛІГІН ТӘРБИЕЛЕУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

 

1.1 Футбол ойынының сипаттамасы

 

Футбол адамның жан-жақты дамуына ең көп дәрежеде ықпал ететін және сонымен қатар оның организміне ерекше жоғары талаптар қоятын спорт түрлеріне жатады. Физиологиялық сипаты бойынша футбол ойыны қуаттылығы үнемі (максималдыдан қалыптыға дейін) өзгеріп отыратын ациклді, көбінесе динамикалы жұмыс болып табылады. Ойын кезінде қарқындылығы мен ұзақтығы бойынша әртүрлі жаттығулар әртүрлі реттілікпен және қатынаспен, әртүрлі уақыт аралықтарымен кезектесіп отырады /58,62/.

Футболшының қозғалыс белсенділігі өте алуан түрлі және күрделі болып келеді. Ойыншылар ойын барысында доппен 45-тен 110 ретке дейін кездесіп, оған 40 с-тан 200 с дейін иелік етеді. Бұл кезде ойынның 90 минутында футболшы мыналарды орындайды: оқыс алға ұмтылыстар — 48-ден 78-ге дейін (2,03-2,30 мин); жылдамдатулар — 40-тан 62 дейін (2,25-2,50 мин); жүгіріп өтулер — 224-тен 310 дейін (30,05-32 мин); секірулер — 1-ден 15 дейін (0,03 с); доп үшін тартыс — 210-нан 262 дейін (50,1-53,5 с); тұру — 7-ден 20 дейін (0,53-1 мин). Ойыншылар максималды жылдамдықпен өтетін ең жиі қашықтық 7-ден 15 м дейінгі үзіктер болып табылады /65/.

Соңғы жылдардағы футболдың даму тенденциясы ең мықты футболшылардағы жұмысқа қабілеттіліктің жоғары деңгейімен сипатталады, ол жүгіру жұмысының үлкен көлемін орындаудан көрінісін табады: 90 мин ішінде (жүгірудің әртүрлі жылдамдығымен) 5200 м-ден 7800 м дейінгі қашықтықты өтеді екен, оның 1330-2715 м субмаксималды және максималды жылдамдықпен /64/.

Қазіргі спортқа тән ерекшелік үлкен спорт аренасына балғын спортшылардың шығуы болып табылады. Қазіргі кезде спорттың көпшілік түрінде, оның ішінде футболда да, жаттығу сабақтары біліктілігі жоғары да, балғын спортшылармен де жыл бойы, күніне екі, үш реттен жүргізіледі. Жаттығудың ұзақтығы 3 және одан да көп сағат құрауы мүмкін. Осындай жаттығу сабақтарының, әдетте, мектептегі қарқынды ой жұмысының аясында жүргізілетіндігін атай кеткен жөн. Осының бәрі организмге айтарлықтай шамадан тыс күш түсіріп, денсаулыққа әсерін тигізіп, балғын спортшыларға үлкен спортқа барар жолды жауып тастауы ықтимал.

Ойын барысындағы жас футболшылардың орын ауыстырулары мыналардан құралады: әрқайсысының ұзақтығы 2-4 с болатын, максималды қарқындылықпен 16-20 қысқа, оқыс алға ұмтылыс, бұл жалпы алғанда ойын ішінде 0,50-1,1 мин құрайды; әрқайсысының ұзақтығы 3-6 с болатын, орташа қарқындылықпен 25-30 қысқа, оқыс алға ұмтылыс, бұл жалпы алғанда 2,0-2,30 мин құрайды; жалпы ұзақтығы 30-36 мин болатын баяу жүгіріс; жалпы ұзақтығы 32-35 мин болатын жүру және бір орында тұру. Ойын ішінде жұмыс картасы мыналарды орындайды: соққылар (аяқпен және баспен) — 28-36 рет, допты тоқтатулар — 8-12 рет, допты лақтыру (жартылай қорғаушылар) -4-6 рет, допты алып жүру — 4-5 рет, алдап өту — 5-6 рет, доп үшін тартыс — 8-10 рет, ойын ішінде доппен жалпы алғанда 1,20-1,40 мин өзара әрекеттеседі /119/. Футболшылардағы максималды немесе максималдының маңындағы қарқындылықпен жылдамдатулардың қосынды көлемі спринтер-жеңіл атлеттердің жаттығудағы күш салуларымен пара-пар болып келеді /6,59,74,104,108,109/.

Ойын әрекетінің қарқындылығын зерттеулер ойынның 75-80% уақытында жарыста күш салудың аэробты өнімділік аймағында болатындығын көрсетті. Дәл осы жағдай жас футболшылардағы жалпы (аэробты) төзімділікті зерттеу нәтижелерінің өзектілігін анықтап отыр /55/.

 Жас футболшыларда жалпы төзімділікті тәрбиелеу

Футболшылардың ойын әрекеттерін талдау футболшылардың қимылдарының жекелеген қозғалыстардың бағыты, жылдамдығы, амплитудасы жағынан да, олардың басқа қимылдармен өзара үйлесімінің ұзақтығы мен алмасуы тұрғысынан да алғанда алуан түрлі сипатқа ие болатындығын көрсетіп отыр. Күш салудың қарқындылығы максималдыдан бастап орташаға дейін өте кең шеңберде ауытқиды және ұзақтығы әртүрлі демалыс аралығымен кезектесіп отырады. Мұндай жұмыс футболшылардың организмінен жоғары төзімділікті талап етеді .

Футболшылардың төзімділігі ойыншының максималды жұмысқа қабілеттілікті көрсетіп, техникалық-тактикалық әрекеттердің тиімділігін сақтай отырып, оны белгілі бір ойын режимдерінде ұстап тұруға қабілеттілік ретінде анықталады /4,12/. Көбірек жетілген төзімділік бүкіл ойынның ұйымдастырылуына ықпал етеді, командаға қарқынды арттыруға, ал жекелеген ойыншыларға дұрыс орынды таңдауды жеңілдетіп, осылайша қарсыласқа ойынның қарқынын және оның жалпы барысын мәжбүр етуге мүмкіндік береді. Онымен қоймай, шаршап-шалдығудың кешірек туындауы нашар координациядан және мүмкін болатын жарақаттанудан сақтайды /4,40/. Сондықтан жас футболшылардың жаттығу процесінде төзімділікті дамытуға көп көңіл бөлінеді.

Спорттық практикада жалпы төзімділікті және арнайы төзімділікті бөліп ажыратады. Жалпы төзімділік төзімділіктің көрініс табуының қалған барлық түр тармақтарын тәрбиелеу үшін негіз болып табылады.

Жалпы төзімділік, «бұлшық ет аппаратының көпшілік бөлігінің қызмет етуін қосатын, орташа қуаттылықтағы ұзақ жұмыстарға қатысты төзімділік» /43, 12 бет/.

Жалпы төзімділік жаттығуда күш салудың көп көлемін орындау, жас футболшылардың жұмысқа қабілеттілігін жылдам қалпына келтіру мүмкіндігіне себепші болады, сондай-ақ денсаулықты (жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйелерін қарқынды ету есебінен) нығайту міндетін шешеді, арнайы төзімділікті тәрбиелеу үшін негіз құрады /22,38, /.

Бастапқы спорттық мамандану кезеңіндегі жалпы төзімділікті тәрбиелеу тәсілдері мен әдістері

Жас футболшыларды даярлау жүйесі кезең-кезеңмен құрылатын, күрделі көпжылдық процесс болып табылады:

  • бастапқы даярлық кезеңі (8-10 жас);
  • бастапқы спорттық мамандану кезеңі (11-15 жас), бұл кезең екі кезеңге бөлінеді — 11-12 жас және 13-16 жас;
  • спорттық жетілдіру кезеңі (16-18 жас) /91/.

Жас футболшыларды даярлаудың көрсетілген кезеңділігі В.П.Филин, Н.А.Фомин ұсынған мәліметтерге негізделеді /15,10/.

Бастапқы спорттық мамандану кезеңінің негізгі міндеттері болып: дене жаттығуларының алуан түрлі кешендерінің көмегімен балалардың дене қасиеттерін жан-жақты дамыту, оларды техниканың негіздеріне үйрету, сонымен қатар спорттық сабақтарға деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыру табылады. Педагогикалық және дәрігерлік-физиологиялық зерттеулердің мәліметтері күш салуларды мұқият мөлшерлеу тәсілдері мен әдістерін ұтымды қолдану арқылы, аталған кезеңде төзімділікке бағытталған дене жаттығуларын қолданудың мақсатқа лайықтылығын растап берді /22,6/.

Арнайы әдебиетті талдау футбол практикасында төзімділікті тәрбиелеудің келесі тәсілдері қолданылатындығын көрсетті:

  • негізгі жаттығулар – футбол;
  • қосымша жаттығулар – жалпы дамытатын және арнайы (жүгіру) .

Жекелеген авторлар ұзақ уақыт қозғалумен байланысты жаттығулар- ды  — жылдам жүруді, жүгіруді (800-2000 м), кросстарды (3-5 км), шаңғы тебуді, суда жүзуді, велосипед тебуді  қолдануды ұсынады /10, 11, 15/.

Сонымен бірге, өзге зерттеушілер баскетбол, шайбалы хоккей және т.б. секілді спорттың ойындық түрлерін кең қолдануды ұсынады /92/.

Жасөспірімдерде жалпы төзімділікті тәрбиелеудің негізгі әдістері болып жаттығудың бірқалыпты, айнымалы, ойындық және шеңберлік тәсілдері табылады /10,22, /. Жаттығудың қандай да бір әдістерін қолдану туралы пікірлер әртүрлі.

Бастапқы спорттық мамандану кезеңінде жасөспірімдердің төзімділігін дамыту тәсілдері мен әдістерінің тиімділігін зерттеулердің бірқатары балалардың қарқындылығы 60%-дан 90%-ға дейінгі ұзақ уақытқа созылған бұлшық ет жұмысын орындауға деген қабілеттілігінің мұнда жалпы дамытатын жаттығулармен және ұзақ уақытқа созылатын жүгірумен қатар қайталама және ауыспалы жүгіру қолданылатын кешенді жатығудың көмегімен көбірек дәрежеде арта түсетіндігін көрсетіп отыр /110/. Басқа бір мамандар жалпы төзімділікті тәрбиелеудің бірқалыпты және айнымалы әдістеріне басымдық береді .

Жаттығудың бірқалыпты әдісінің бірқатар басымдылықтары бар: біріншіден, организмнің барлық жүйелерінің жұмысқа үйлесімді және біртіндеп енуі үшін қолайлы жағдайлар жасалады; екіншіден, шамадан тыс жаттығу мүмкіндігі төмендейді. Спортшының организмі аэробты режимде жұмыс істейді . Дәл сол уақытта жалпы төзімділікті тәрбиелеу үшін ойын әдісінің мүмкіндіктері, стандартты жаттығулар әдістерін қолданғанға қарағанда анағұрлым төменірек /2/. Зерттеушілердің бір бөлігі барлық әдістерді кешенді қолдану қажет деп есептейді /22, /.

Бастапқы спорттық шеберлік кезеңінің мақсаты – жалпы төзімділікке біршама басымдық бере отырып, жас футболшылардың барлық дене қасиеттерін кешенді дамыту. Бұл кезеңде болашақта табысты спорттық өсу үшін негіз құрылады. Арнайы дене қасиеттерін даярлау көлемінің үлес салмағы жыл өткен сайын арта түседі.

М.Я.Набатникова /8/ көпжылдық даярлықтың әртүрлі кезеңдерінде жалпы және арнайы дене қасиеттерін даярлаудың келесідей арақатынастарын ұсынады (1 кесте).

 

1 кесте

Жылдық циклдегі жалпы және арнайы дене қасиеттерін даярлаудың арақатынастары (М.Я.Набатникова /8/)

Спорт түрлерінің топтары

Даярлық кезңдері

Даярлық тәсілдері,                    %-бен

ЖДҚД

АДҚД

Спорттың циклдік түрлері

Бастапқы спорттық мамандану

Тереңдетілген жаттығу

80-70

40-30

20-30

60-70

Спорттың жылдамдық-күш түрлері

Бастапқы спорттық мамандану

Тереңдетілген жаттығу

75-70

60-45

25-30

40-55

Спорттың ойын түрлері

Бастапқы спорттық мамандану

Тереңдетілген жаттығу

75-65

40-30

25-35

60-70

Спорттық жекпе-жектер

Бастапқы спорттық мамандану

Тереңдетілген жаттығу

75-60

45-40

25-40

55-60

Қимылдардың күрделі координациясы бар спорт түрлері

Бастапқы спорттық мамандану

Тереңдетілген жаттығу

40-30

30-20

60-70

70-80

 

Кестеден көрініп отырғанындай, спорттың барлық түрлерінде жалпы дене қасиеттерін даярлауға жылдық күш салудың жалпы көлемінің 30-60%-ын бөлу (тіптен тереңдетілген мамандану кезеңінде де) ұсынылады.

М.Я.Набатникова, Н.А.Фомин және т.б. жас спортшылардың даярлығының спорттық деңгейін арттыру үшін негіз ретінде жалпы төзімділіктің жоғары деңгейінің болуы қажет деп есептейді .

Жалпы төзімділікті тәрбиелеу жас футболшылардың дене қасиеттерін даярлаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен бірге, дене қасиеттерін даярлау тактикалық және техникалық даярлықпен ажырамастай байланысқан. Даярлықтың осы жақтарының жаттығу процесіндегі оптималды ара қатынасы туралы мәселе өзекті болып қалуда.

Жас футболшылардың жаттығуындағы уақытты жалпы бөлу мәселесі жөніндегі ғылыми-әдістемелік әдебиетті талдау әртүрлі авторлардың пікірлерінің алшақтап жатқанын көрсетіп отыр. Бір авторлар дене қасиеттерін даярлауға басымдық беруде /3/.

Дәл сол кезде өзге зерттеушілер жас футболшыларды жаттықтыруда техникалық даярлыққа басымдылық беруді мақсатқа лайықты деп есептейді /23,89/.

Көптеген зерттеушілер жас футболшыларды жаттықтыру барысында олардың дене қасиеттерінің және техникалық даярлығының оптималды үйлесімі қажет дегенге келісіп отыр. Алайда осы ара қатынасты сандық тұрғыдан көрсетуге қатысты бірыңғай пікір болмай отыр /3,9/.

Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептеріне арналған 2002 жылғы бағдарламада 10-12 жасар спортшылар үшін жалпы және арнайы даярлыққа 155 сағат – 40% және техникалық-тактикалық даярлыққа -234 сағат – 60%; 12-13 жастағыларға — 132 сағат – 35% және 250 сағ. – 65%; 13-14 жастағыларға – 132 сағ. – 35% және 250 сағ – 65%.

Ал 2005 жылғы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі мен Олимпиада резервтерінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебіне арналған бағдарламада мынанша уақыт бөлінеді /13/:

 

ЖДҚД

АДҚД

Техника

Тактика

10-12 жас

12-13 жас

13-14 жас

51-15

56-13

78-15

39-11

53-12

72-14

226-65

283-65

305-60

30-9

40-10

53-11

 

Бастапқы спорттық мамандану кезеңінде жалпы төзімділікті тәрбиелеу тәсілдері мен әдістері жөніндегі әдеби мәліметтерді талдау авторлардың көпшілігінде аталған мәселе бойынша бірыңғай пікір жоқ екендігін, 12-13 жасар жас футболшыларда жалпы төзімділікті тәрбиелеу бойынша нақтылы ұсыныстар жоқ екендігін көрсетті.

 

Жас футболшылардың жалпы төзімділігінің дамуына бақылау жасау

Жас спортшыларды көпжылдық даярлауда жалпы төзімділіктің даму деңгейіне бақылау жасау мәселелері зор маңызға ие бола бастады. Спорттық жаттығуды табысты жүзеге асыру көбіне көп шұғылданушылардың даярлығына дұрыс бақылау жасауға байланысты болып келеді. Төзімділікті бағалау үшін тесттердің екі тобы қолданылады: спецификалы емес (тредбанда немесе стадионда жүгіру, велоэргометрде жүгіру және т.б.) және спецификалы (ойындық техникалық-тактикалық жаттығулар).

Футболшылардың төзімділігіне жүйелі бақылау жасауды 12-13 жастан, яғни бастапқы спорттық мамандану кезеңінде бастау қажет. Осы кезеңде осыларды жүзеге асыру дәрежесі ойын тапсырмаларын орындаған кезде көрініс табатын, жас футболшылардың потенциалды мүмкіндіктерін көрсететін спецификалы емес тесттерді қолдану мақсатқа лайықты болып көрінеді /9,107,125/.

Мектеп оқушыларының төзімділігінің даму деңгейін бағалау үшін Дене шынықтыру ғылыми-зерттеу институтының жасөспірімдер спортының теориясы мен әдістемесі секторы жасап шығарған тесттерді қолдану ұсынылған – 13 жаста 300 м жүгіріп өту, 14-16 жаста – 600 м, 17-18 жаста – 800 м жүгіріп өту .

Американ мектептерінде ұл балалардағы төзімділіктің өлшемі 600 ярдқа жүгіру болып табылады /4/. Жоғарыда аталған тесттерге сүйене отырып, бірқатар авторлар 5-7 сыныптарда 300 м, вл 8-ші сыныпта – 800 м жүгіруді қолдануды ұсынады. Сонымен қатар төзімділіктің жастық динамикасын анықтау үшін 6 м/с болатын тұрақты жылдамдықпен көшбасшының артынан бірқалыпты жүгіру әдісін қолдану ұсынылады. Біздің ойымызша, кіші жастағы ұл балалар азырақ максималды жылдамдық кезінде ересек мектеп оқушыларына қарағанда оның фонында салыстырмалы түрде көбірек қарқынды жұмысты орындайтын болғандықтан, аталмыш әдісті қолдана отырып, төзімділіктің динамикасын қадағалап отыру мүмкін емес секілді. Осылайша, сыналушылар да бірдей емес жағдайларға қойылатын болады /27 /.

Шұғылданушылардың төзімділік деңгейін анықтау үшін 5 минуттық бақылау жүгірісі қолданылады. 5 мин ішінде 1300 м жүгіріп өткен 10-11 жасар балалар өз құрбыларынан жақсырақ төзімділікпен ерекшеленеді деп есептеледі. 5 минуттық жүгіру жас желаяқтарды іріктеген кезде тест ретінде ғана ұсынылады .

Әртүрлі жастағы төзімділіктер деңгейлерін салыстыру үшін қысқа қашықтықта көрсетілген көп мәрте нәтижені ұзынырақ қашықтықта көрсетілген нәтижемен салыстыру ұсынылды. Бұл ретте, уақыттағы айырма неғұрлым азырақ болса, төзімділік көрсеткіші соғұрлым жоғарырақ /7/.

Дене шынықтыру ғылыми-зерттеу институты 2009 жылы шығарған «Жас спортшыларда төзімділіктің даму деңгейін бағалау әдістері» атты әдістемелік хат сыналушылардың жалпы төзімділігінің деңгейін максималдыдан 60% құрайтын, белгіленген тұрақты жылдамдықпен жүгірген кезде олар өте алатын метрлер санына байланысты бағалауды ұсынады. Сыналушының жалпы төзімділігінің деңгейін бағалау келтіріледі:

«Жоғарғы деңгей» — 2000 м және одан көп;

«Орташа деңгей» — 800 м 2000 м дейін;

«Төмен деңгей» — 800 м аз.

Жас футболшыларды  даярлау топтарына арналған бағдарламада 13-16 жастағы төзімділікті бағалау үшін 500 м кроссты қолдану ұсынылады. Одан төменірек жастағы жас футболшылар үшін нормативтердің жоқ екендігін атап өтуіміз керек /11/.

Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебіне арналған футбол бойынша бағдарламаның авторлары 12-13 жасар ұл балалар үшін 6 минуттық жүгруді және одан ересектеу жастағы жас футболшылар үшін 12 минуттық жүгіруді қосатын, дене қасиеттерін даярлау бойынша нормативтерді келтіреді /14/.

Бірқатар жұмыстарда футболшылардың төзімділігін анықтауға кешенді бағалаумен қарайды, бұл бағалау организмнің аэробты-анаэробты мүмкіндіктерін, жылдамдық-күш қасиеттері мен арнайы ептілік көрсеткіштерін қосады /3/.

Әдеби мәліметтерді шолу спорттық практикада жас тұрғысынан алғанда футболдағы төзімділіктің адекватты көрсеткіші болатын тесттің жоқ екендігін көрсетті. Осыған байланысты жасөспірімдер футболының практикасына жалпы төзімділікті бағалайтын және тестілеу теориясының талаптарына жауап беретін тесттерді іріктеп алу және енгізу қажеттігі туындады.

 

1.2 Жалпы төзімділікті тәрбиелеудің жас ерекшеліктері

 

12-13 жасар ұл балалардың жас ерекшеліктері және спортпен шұғылданудың олардың дене қасиеттерінің дамуына әсері

Оқу-жаттығу процесін дұрыс жоспарлау және жүзеге асыру үшін балалар организмінің қалыптасуының жас ерекшеліктерін, жоғарғы жүйке қызметінің, вегетативті және бұлшық ет жүйелерінің заңдылықтары мен даму кезеңдерін, сонымен қатар олардың әрекеттестігін ескеру қажет. Организмнің аса негізгі жүйелерінің жастық дамуының заңдылықтарын ескере отырып, жас футболшыларды үйретудің және жаттықтырудың ұтымды, ең тиімді әдістемесін саналы түрде қолданудың нәтижесінде ғана жоғары дәрежелі футболшыларды даярлау міндетін толықтай шешуге болады /1,2,4/.

Әрбір жас кезеңінің организмнің жекелеген жүйелерінің құрылысы мен функцияларында өзіндік ерекшеліктері болады, олар дене шынықтырумен және спортпен айналысуға байланысты өзгеріп отырады. Дене қасиеттерін тәрбиелеудің көпжылдық процесі адам дамуының жас ерекшеліктерін мұқият есепке алған жағдайда табысты жүзеге асырылуы мүмкін. Сондықтан қазіргі таңда, бұрынғыдай болып көрмегеніндей, сабақтарды дұрыс, ғылыми негізде жоспарлау және негіздеу, ұйымдастыру үшін жас спортшылардың организмдерінің ерекшеліктерін ескеру қажет /8,13, /.

11-14 жас жас кезеңінің бірқатар физиологиялық, морфологиялық, психикалық алғышарттары бар /22, /.

Аталған алғышарттар осы жас кезеңінде потенциалдық мүмкіндіктерді ең көп жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатындығынан тұрады. Онымен қоймай, көптеген зерттеушілердің есептеуінше, осы мүмкіндіктерді пайдаланбау барлық потенциялардың жүзеге асырылмай қалуына алып келеді /22, /.

12-15 жаста жүрек-қан тамыры жүйесі айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды. Дамудың осы бір кезеңінде жүрекке ең айқын білінетін және жылдам артатын өзгерістер тән болып келеді. Әсіресе жүрек бөліктерінің, көбірек дәрежеде сол бөлігінің салмағы әсіресе айтарлықтай өсе түседі. Жүрек қабырғаларының қалыңдығына қарағанда, оның көлемі одан да жылдамырақ арта түседі. Егер 12 жастағылардың жүрек көлемі орташа алғанда 458 мл тең болса, онда 15 жастағыларда бұл көрсеткіш енді 620 мл жетеді. Тыныштықта жасөспірімдердегі жүрек қысқаруларының жиілігі орташа алғанда 76 соққы/мин жетеді, ал қанның систолалық көлемі 25 мл-ден (8 жастағыларда) 41,5 мл дейін жетеді (15 жастағыларда), жүректің соққы көлемі арта түседі. Мәселен, 13 жасар ұл балаларда тыныштық қалпындағы пульс жиілігі 70 соққы/мин, ал жұмыс істеген кезде айтарлықтай        ұлғая түседі (180-200 соққы/мин). Балалардың қан қысымы әдетте ересектерге қарағанда төменірек, 11-12 жасқа қарай ол 107/70 мм сынап бағанасына, 13-15 жасқа қарай — 117/73 мм сынап бағанасына жетеді /22, /.

Жүректің өсу мен даму қарқындары жыныстық жетілу кезеңінде әсіресе айтарлықтай болады, бұл кезде жүректің мөлшері, оның салмағы 3-5 жыл ішінде екі есе дерлік ұлғаяды. 12 жастан бастап 15-16 жасқа дейінгі жас кезеңі спортпен шұғылдануға байланысты эндокриндік қозғалыстардың және үнемі әсер етулердің әсерімен миокардтың гипертрофиясына және жүрек қуыстарының дилятациясына, кей кездері оның өлшемдерінің жаппай артуына алып келеді /22, /.

Карпман В.Л. спортшыларда жүректің үнемдірек жұмыс істейтіндігін атап көрсетеді /5/. Ересек спортшыларда жүректің күш түсуге бейімделуі жүрек қысқару жиілігі азырақ өскен кезде жүректің соққы көлемінің артуы есебінен жүреді, жасөспірімдерде күш түсуге айқынырақ білінетін пульстік реакция байқалады /10/. Жас өсе келе тыныс алу мен қан айналымы функцияларының өзара байланысын көрсететін көрсеткіштер, оттектік пульс (ОП) пен оттегін пайдалану коэффициенті (ОПК) жақсара түседі /13/. ЖЕЛ 2900-3100 мл құрайды, ал максималды өкпе вентиляциясы (МӨВ) — 100-110 л құрайды, ересектерде ЖЕЛ — 4000-5000 мл және МӨВ — 120-150 л.

Бір тыныс алу циклының ішінде жасөспірім 14 мл оттегін тұтынады, дәл сол кезде ересек адам 21 мл-ден көбірек тұтынады /13/.

12-13 жаста тыныс алу барысында қанға 3,6% O2, 14-15 жаста – 4,6% O2, 16-17 жаста – 4,5% O2 көшеді /109/. Демек, оттегінің дәл бірдей мөлшерін тұтынуды жасөспірім тыныс алу функциясының қарқындырақ режимінің есебінен жүзеге асырады. Жас өсе келе тыныс алу жиілігінің абсолютті шамасы біршама төмендейді, ал тыныс алу тереңдігі арта түседі.

12-ден 17 жасқа дейін тыныс алу аппаратының мүмкіндігі айтарлықтай арта түседі: тыныс алу көлемдері 1,5 еседен көп артады, дем алу мен дем шығарудағы ауа ағынының жылдамдығы арта түседі. Кеуде клеткасының шеңбері және оның тыныс алу қиылдарының мөлшері ілгерілеп арта түседі. Ұл балаларда 7 жастан 12 жасқа дейін кеуде клеткасының шеңбері 60-тан 68 см дейін артады, өкпенің өмірлік сыйымдылығы 1400-ден 2200 мл дейін артады. Ұл балалардың тыныс алу бұлшық еттерінің күшінің дамуы тыныс алудың көбірек тереңдігін қамтамасыз етеді, қарқынды бұлшық ет жұмысы кезінде қажет болатын өкпе вентиляциясының айтарлықтай ұлғаюы үшін мүмкіндік жасайды. Ұл балаларда жас өсе келе тыныс алу бұлшық еттерінің күші өзгереді, алайда оның ең көп артуы 11 жасқа дейін байқалады /22,24/. Бұл кезде өкпе вентиляциясының айтарлықтай артуы байқалады. Жас өсе келе ұл балаларда тыныс алу қоры да ұлғаяды. Мысалы, 11-12 жасқа қарай  тыныс алу қоры 50 литрге жетеді. 15-16 жаста тыныс алу көлемі ересек адамның шамасына жетеді. Дәл сол бір адамдағы тыныс алу көлемінің ауытқуы айтарлықтай үлкен екендігін атай кеткен жөн .

Бірдей жағдайларда балалар мен жасөспірімдер денеге күш түсуіне анағұрлым айтарлықтай реакциялармен жауап береді, ұзағырақ дем алуға мұқтаж болады және ересектерге қарағанда азырақ жұмысқа қабілетті болып шығады .

Дұрыс әдістеме болған кезде жасөспірім жастағы спорттық шұғылданулар шұғылданушылардың организміне оңды әсерін береді. Бұл құбылыс екіжақты түрде: антропометриялық белгілердің арта түскен өсімі түріндегі морфологиялық өзгерістер ретінде де, жұмысқа қабілеттіліктің артуы түріндегі функционалдық қозғалыстар ретінде де көрінеді /24,25, /.

Осы жастағы ұл балалардың ең айқын ерекшелігі жыныстық жетілудің басталуын сипаттайтын физиологиялық процестердің кешені болып табылады. Организмнің дамуы мен өсуінің жоғары белсенділігі, оның дамуындағы уақытша анатомиялық-физиологиялық диспропорциялардың пайда болу мүмкіндігі, балалардың өте жоғары әсерленгіштігі, салыстырмалы түрдегі шамалы мүмкіндіктері бола отырып, үлкен іс тындыруға ұмтылыс белгілі бір шамада жаттықтырушының епті жұмысын талап етеді /26/.

Балалық жаста сүйек ұлпасының қуатты өсуі жүреді. 14 жасқа қарай, сүйек ұлпасының сүйектену және анатомиялық қайта құрылу процестері жалғасып жататындықтан, тірек аппаратының негізгі элементтерінің микроқұрылымы әлі де тұрақтанбайды /61/. Сүйектену процесі өте ұзаққа созылады, ол организм дамуының бүкіл кезеңінде өрбиді де, 20-25 жасқа қарай аяқталады /81/. 14 жасқа қарай жамбас сүйектері түзіліп бітеді, бел бөлігіндегі омыртқаның тұрақты қисықтығы орнығады, омыртқааралық буындардың шеміршек сақиналарының азаюы жүреді. Бұл сабақтарда күшті және жылдамдық-күш қасиеттерін тәрбиелеуге бағытталған, ауыр заттармен жасалатын жаттығуларды қолдануға мүмкіндік береді.

Жасөспірімдердегі дене салмағының орташа жылдық өсімі 4-5 кг, бойының өсім — 4-6 см; кеуде клеткасының шеңберінің өсімі — 2-5 см /101/.

Жүйке жүйесінің, әсіресе қимыл талдағышының дамуында аса маңызды роль организмнің оған сыртқы ортаның әсер етуіне сәйкес әрекетіне себепші болатын қаңқа бұлшық еттерінің функциясына тиесілі. 14-15 жасқа қарай бұлшық еттер өздерінің функционалдық қасиеттері бойынша ересек адамның бұлшық еттерінен шамалы ғана ерекшеленеді. Аяқтар мен қолдардың бұлшық еттерінің бірқалыпсыз дамуы жүреді. 12 жасар ұл балалардың бұлшық еттерінің салмағы дене салмағының 29,4%-ын құрайды, 15 жаста – 33,6% құрайды, бұлшық еттердің абсолютті және салыстырмалы күші арта түседі /22,24, /. 12-15 жасар ұл балалардың күшінің айтарлықтай өсуі байқалады, бұл кезде бәрінен бұрын ірі бұлшық еттер дамиды, бүккіш бұлшық еттердің тонусы жазғыш бұлшық еттердің тонусынан басым келеді /59,101/. Сондықтан жасөспірімдерде денені ұқыпсыз, салдыр-салақ ұстауды және нашар мүсінді байқауымызға болады, бұл басты төмен салбыратудан, еңкіштіктен, құрсақ қабырғасын шартитудан және «қанат тәріздес» жауырыннан көрінісін табады. Осы жаста мүсінді тәрбиелеумен жасалатын жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп отыруға тиіс. Бұлшық еттердің, әсіресе дене мен аяқтардың үлкен бұлшық ет топтарының күші анағұрлым арта түседі. 14 жасқа қарай, әсіресе ұл балаларда айтарлықтай шамаларға жететін бұлшық ет күші ауырлықтарды көтеру және т.б. секілді жаттығуларды орындауға мүмкіндік береді /11,12, /. Күш салу біртіндеп арта түскенде және мұқият түрде дербес жаттыққанда бұл жаттығулар қаңқаның дамуындағы қандай да ауытқуларды тудырмайды және жақсы жаттығу әсерін береді /25,26, /.

Күшті тәрбиелеген кезде негізгі көңіл бүкіл қимыл аппараты бұлшық еттерінің топтарын нығайтуға, әсіресе әлсіз дамыған бұлшық еттерді: қарынның бұлшық еттерін, дененің қиғаш бұлшық еттерін, қолдардың бұратын бұлшық еттерін, жамбастың артқы бетінің бұлшық еттерін және аяқтардың әкелетін бұлшық еттерін күшейтуге шоғырлануға тиіс /74,10/.

12-13 жасар ұл балалардың жас ерекшеліктерін талдау осы кезеңнің дене қасиеттерінің қауырт дамуымен сипатталатындығы, потенциалдық мүмкіндіктерді мейлінше көбірек жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлардың жасалатындығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Спортпен шұғылдану жасөспірімдердің организмінің барлық жүйелерінің дамуына және оның функцияларының қалпына келуіне айқын білінетін оңды әсерін тигізеді /22,34, /. Жаттығу сабақтарының жасөспірімдердің аэробтық мүмкіндіктеріне оңды әсері туралы 12-13 жасар жас футболшыларда дене қасиеттерінің жұмысқа қабілеттілігінің спортшы еместермен салыстырғанда 8-10%-ға жоғары келетіндігі фактісі айтады /5/. Футболмен жүйелі түрде шұғылдану жаттығудың бірінші кезеңдерінде – 14 жасқа дейін жасөспірімдердің кардио-респираторлық жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерін ең айтарлықтай кеңіейте түседі /1,,5,24/.

Жас футболшыларда жалпы төзімділікті тәрбиелеу ерекшеліктері

Бірқатар мамандардың пікірінше, балалық және жасөспірім шақтың өзінде-ақ төзімділікті дамыту үшін қолайлы алғышарттар бар болады /35,12/.

В.П.Филин қазіргі кезде ең талас – тартыс тудыратын мәселелердің бірі балалармен, жасөспірімдермен және бозбалалармен спорттық сабақтарда көлемі бойынша айтарлықтай, төзімділікке бағытталған жаттығу күш салуларын қолданудың мақсатқа лайықтылығы туралы мәселе /74,104/. Бір мамандар балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеген кезде, бала организмінің әлсіз функционалдық даярлығын ескере отырып, төзімділікті дамытуға абайлап келу керек деп санайды. Олардың пікірінше, осы жас кезеңінде негізінен алғанда жылдамдықты дамыту керек /47/. Басқа мамандар төзімділікті дамытудағы шамадан тыс сақтық мектеп жасындағы балаларда жалпы дене қасиеттері даярлығының айтарлықтай деңгейін алуды қамтамасыз етпейді деп санайды /59,78/.

Р.Е.Мотылянская баскетболмен, футболмен, жеңіл атлетикамен және коньки спортымен шұғылданатын 204 мектеп оқушысын тексеріп зерттеудің негізінде 11-12, 13-14, 15-16, 17-18 жасар спортшыларда функционалдық мүмкіндіктер бойынша топаралық айырмашылықтар бар екендігін көрсетеді /22/.

С.И.Гальперин өзінің «Балалардың физиологиялық ерекшеліктері» атты кітабында субмаксималды қуаттылықтағы динамикалық жұмысқа төзімділіктегі 8 және 10 жасар балалардағы айырмашылықтар шамалы ғана екендігін жазады. Төзімділіктің күрт артуы 12 жасқа қарай жүреді. 14 жасқа қарай төзімділік шамалы ғана артады. Ең көп мәніне төзімділік 25-30 жасқа қарай жетеді /24/. Өзге зерттеушілер 10-12 жас топтарындағы балалардағы төзімділік деңгейіндегі айырмашылықтың шамалы екендігін атап көрсетеді. Дене қасиеттері жаттығуларының әсер етуімен төзімділіктің ең қарқынды дамуын авторлар 10-13 жасар балалардан байқаған /31, /.

Жас футболшыларда төзімділікті тәрбиелеуге 12-15 жаста кіріскен жөн. Бұл жаста жасөспірімнің анатомиялық-физиологиялық қалыптасуы аяқталады және оның үлкен қимыл белсенділігі осы дене қасиетінің дамуына үлкен өсім береді .

Дене қасиеттерін даярлау мен спорттық жаттығудың, жекелей алғанда төзімділікті дамытудың бүкіл көпжылдық процесі бала организмінің дамуының жас ерекшеліктерін, оның даярлық деңгейін, спорт түрінің ерекшелігін, дене қасиеттерінің даму ерекшеліктерін және қимыл дағдыларының қалыптасуын мұқият есепке алған, ескерген жағдайларда табысты жүзеге асырылуы мүмкін /2,19/. Әртүрлі жастағы спортшылар арасында жүргізілген, төзімділікті зерттеу /34 / дене қасиеті ретіндегі төзімділіктің жас факторына белгілі бір тәуелділікте болатындығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді: спортшылардың жасының артуымен организмнің төзімділігі де артады. Осы қасиеттің даму процесі бірқалыпсыз өрбиді. Спортпен шұғылданудың бастапқы кезеңінде төзімділіктің дамуының жоғарғы қарқыны мен даму деңгейі байқалады, ол жыныстық жетілу кезеңіне дейін сақталады, осыдан кейін төзімділіктің біршама төмендеуі байқалады

Сонымен бірге, футболдағы көптеген зерттеулер осыларды анықтау футболдағы спорттық жаттығу процесін ұйымдастыру үшін аса маңзды болып келетін, жас тұрғысынан алғандағы төзімділікті қалыптастыру кезеңдері туралы ауыз ашпайды.

Футболшылардың төзімділігінің физиологиялық сипаттамасы

Физиологиялық факторлар тұрғысынан алғанда төзімділік жүйке орталықтарының функционалдық тұрақтылығымен, қозу мен тежелу процестері арасындағы қажетті қатынасты ұзақ уақыт ұстап тұру мүмкіндігімен анықталады; сонымен бірге, төзімділік түрлерінің көпшілігі организмнің жүрек-қан тамыры, тыныс алу және өзге де вегетативті жүйелерінің әрекетке қабілеттілігімен, алмасу процестерінің үйлесімділігімен, қимыл аппараты мен ішкі ағзалардың функцияларының қажетті координациясымен , сонымен қатар организмде энергетикалық ресурстардың бар болуымен және оларды аэробты алмасу жағдайларында пайдалану мүмкіндіктерімен қамтамасыз етіледі /14,12/.

Шаршап – шалдығу жұмыстың нақтылы түрлерінде әртүрлі көрініс табатындықтан, төзімділік спецификалы болып келеді /20/. Жалпы және арнайы төзімділікті ажыратады.

Жалпы төзімділік – бұл бұлшық еттер топтарының көпшілігін жұмысқа тартатын, орташа қуаттылықтағы динамикалық жұмысты ұзақ уақыт орындай білу қабілеттілігі. Жалпы төзімділік кардио-респираторлық және эндокринді жүйелердің өнімділігімен, орталық жүйке жүйесінің ұзақ уақыт импульстеудің салдарынан шектен тыс тежелуге тұрақтылығымен анықталады. Жалпы төзімділіктің энергетикалық негізі аэробтық процестер болып табылады.

Футболда, қарқындылығы шамалы жұмыстың ұзаққа созылмайтын аралықтарымен кезектесіп отыратын, қысқа мерзімді, қарқындылығы жоғары, сан мәрте қайталанатын жұмыс кезінде тыныс алу процестері жалпы энергоөнімде көбірек үлес салмақ ала бастайды. Жұмыс кезіндегі тыныс алу процестерінің қуаттылығына жинақталатын О2-қарызының шамасы және салыстырмалы немесе толықтай дем алу кезеңдеріндегі О2-қарыздарын жою жылдамдығы байланысты болып келеді /17,18, /.

Организмнің өнімділігін оттегін максималды тұтыну (ОМТ) шамасы ең көп дәрежеде сипаттайды. Аэробты өнімділік тыныс алу мен қан айналымының, сонымен қатар қан жүйесінің функционалдық қабілеттілігіне байланысты болып келеді. Сондықтан ОМТ-ны анықтау – организмнің осы бір аса маңызды функцияларының даму диапазондарын анықтаудың сенімді әдісі /44,130,158/. Жас өсе келе жұмыстың ұзақтығы мен шекті қуаттылығы ОМТ шамасына қатаң параллель арта түседі. Жаттығу барысында аэробтық өнімділіктің артуы «оттектік каскадтың» барлық шектеуші жүйелерінің жетілдірілуімен байланысты болып келеді. Оттегінің үлкен көлемін тұтыну мүмкіндігінің, 18-25 жаста максимумға жете отырып, жас өсе келе өзгеретіндігі және дененің салмағына, жынысқа, орындалатын жұмыстың түріне байланысты болып келетіндігі анықталған /42/. Жоғары ОМТ көрсеткіші, әдетте, ең жоғары жұмысқа қабілеттілікпен үйлеседі. Мысалы, 12-13 жасар ұл балаларда ең көп жұмысқа қабілеттілік ОМТ-ның жоғарырақ деңгейімен үйлесімін табады. Еркек жынысты адамдар үшін ОМТ нормасы 51 мл/мин/кг тең болады. Бұл ретте 6 жастан 11 жасқа дейін юұл көрсеткіш тұрақсыз, ал 11-14 жасар адамдарда нормаға жуық ұсталынып, осыдан кейін құлдырау жүреді. ОМТ-ның жоғарғы деңгейін ұл балалар 13 жасында         табады – 53,13 мл/мин/кг. Аэробтық энергетиканың рекордты қуаттылықтары жасөспірімдерде 67-69 мл/мин/кг жетеді /93/.

13-15 жасар жасөспірім спортшыларда ОМТ шамасы, спортшы емес жасөспірімдерге қарағанда, ересектерге көбірек шамада жақындайды /13,18,19/. Мысалы, 14-15 жасар суда жүзушілерде үлкен жаттығу күш салуларын қолдану жағдайларында ОМТ 4-5 л/мин дейін артады (дене салмағының 1 килограмына 60-70 мл), ал жаяу жүрушілерде – 3,5-4 л/мин дейін артады (дене салмағының 1 килограмына 50-60 мл) /22/. 12-13 жасар жас футболшыларда 3,5-3,8 л/мин тең (53-58 мл/кг . мин) ОМТ шамалары тіркелген. Дәл сол уақытта футболдан КСРО құрама командасының ойыншыларында салыстырмалы ОМТ шамалары бар-жоғы 56,2 53-58 мл/кг . мин құраған /115/. Максималды аэробты қуаттылықтың айтарлықтай көп мәндері әлем мен Еуропаның жетекші командаларының футболшыларында байқалған. Мысалы, ОМТ шамасының орташа мәндері 1974 жылғы әлем чемпиондары, ГФР құрама командасының ойыншыларында 4,067 л/мин құраған /68/, осы команданың бірқатар жетекші ойыншыларында (Брайтнер, Д.Мюллер, Шварценбек, Бонхоф, Оверат) ОМТ-ның 60 мл/кг . мин мәнінен асып түсетін көрсеткіштер байқалған. Мюнхенде өткен 1974 жылңы әлем чемпионатына қатысушы Польша құрама командасының ойыншыларында ОМТ шамасының орташа мәндері 59,5 мл/кг . мин құраған, ал жетекші ойыншылардың қатарында 62 мл/кг . мин асып түсетін мәндер байқалған /88/.

Әдебиет мәліметтерін талдау ОМТ-ның салыстырмалы көрсеткіштерінің жас айырмашылықтары әлсіз анықталатынын көрсетті: балғын спортшыларда бұл шама ересек спортшылардың мәліметтерінен шамалы ғана ерекшеленеді /22/.

Біліктілігі жоғары футболшыларды тексеру нәтижелері ОМТ-ның шамамен 65-70 мл/кг . мин мәндеріне қол жеткізу – ойындағы жоғары жұмысқа қабілеттіліктің қажетті шарты деп есептеуге негіз береді /4/.

Дене қасиеттерінің жұмысқа қабілеттілігін бағалау үшін бірқатар функционалдық сынамалар қолданылады, осылардың ішінде соңғы жылдары кең таралымды PWC170 тесті – велоэргометриялық және жүгіру варианттары алды /5/.

Сынама жүрек қысқаруларының жиілігі мен денеге күш түсудің қуаттылығы арасында анық, параболалық өзара байланыс байқалатындығынан тұратын заңдылыққа негізделеді /51/. Осылайша, PWC170 шамасы неғұрлым көбірек болса, спортшының жұмысқа қабілеттілігі соғұрлым жоғарырақ болады.

11-18 жасар футболшылардың даярлығын дербес бағалау үшін жасын және дене салмағын ескере отырып, физикалық жұмысқа қабілеттіліктің стандарттары (велоэргометриялық сынама) жасап шығарылған /55/.

PWC170 тестінің жүгіру вариантын жас футболшыларда физикалық жұмысқа қабілеттілік деңгейін анықтаған кезде қолдану туралы мәліметтер ғылыми-әдістемелік әдебиетте жоқ болып отыр.

Футболдағы жарыстағы және жаттығудағы күш салудың әсерін бағалау

Жаттығу процесінің барысын тиімді басқару спортшылардың физикалық жұмысқа қабілеттілігінің жағдайы және қолданылатын жаттығудағы және жарыстағы күш салулардың қол жеткізілетін әсері туралы дәл ақпарат болған кезде ғана мүмкін болады /18/.

Жарыстағы және жаттығудағы күш салулардың әсерлері уақыт бойынша гетерогенді /18,42,95,96/. Организмде жүріп жататын биохимиялық өзгерістердің сипатын ескере отырып, мыналарды ажырату қабылданған /18,19,42/:

— шұғыл жаттығу әсері, оның мәнін тікелей жаттығуды орындау кезінде және оттектік қарызды өтеу жүретін демалыстың ең жақын кезеңінде байқалатын биохимиялық өзгерістер құрайды.

— қалпына келудің кейініректегі сатыларында байқалатын, кейінге қалдырылған, яғни мерзімі ұзартылған жаттығу әсері. Оның мәнісін жұмыс істеу кезінде шығындалған энергетика ресурстарын орындауға және бұзылған мен қайтадан синтезделетін ақуыз құрылымдарын жедел қалпына келтіруге бағытталған процестер құрайды.

— кумулятивті, яғни жинақтаушы жаттығу әсері, мұнда жаттығудың ұзақ кезеңі бойында жүретін биохимиялық өзгерістер жүзеге асырылады. Ол жекелеген жаттығу сабақтарының көп сандарының жедел және кейінге қалдырылған әсерлерін қосу нәтижесі ретінде пайда болады.

Организмдегі биохимиялық жылжулардың шамасы мен бағытталғандығы орындалатын жаттығулардың сипатына, олардың қарқындылығы мен ұзақтығына, демалыс аралықтары мен жаттығуларды қайталану санының шамасына байланысты. Денеге күш түсудің тізіп көрсетілген, қолданылатын жаттығу тәсілдері мен әдістерінің спортшының организміне әсерін анықтайтын көрсеткіштерімен қатар, сонымен қатар жаттығуларды орындау жағдайлары /82,95,96/ және аэробтық және анаэробтық потенциялардың дамуының бастапқы деңгейі /186,42,128,135,143/ де маңызды мәнге ие болуы мүмкін.

Аэробтық мүмкіндіктерді дамытқан кезде негізгі міндет жұмыс пен демалыстың оптималды үйлесімін іріктеп алудан тұрады. Шамамен келесі сипаттамалар қабылданған:

а) жұмыстың қарқындылығы шамамен алғанда максималды қарқындылықтан 75-85% деңгейінде болуға тиіс. Одан жоғары қарқындылық тыныс алуға – тотықтандырғыш фосфорилирленуге қысым көрсетеді /16,18,19/, сондықтан қарқындылық жұмыстың аяғында пульс жиілігі минутына 180 соққыға жететіндей болуға тиіс.  Пульс жиілігі 180 соққыдан төмен болатын төмен қарқындылықтағы күш салулар аэробтық мүмкіндіктердің айтарлықтай артуына алып келмейді;

б) тек қана осы жағдайларда оттегі қарызы шамасы және оттегін максималды тұтыну демалыс кезінде байқалатындықтан, жұмыстың ұзақтығы 1,5 минуттан аспауға тиіс /45,501/;

в) демалыс аралықтарын қарқындылығы шамалы жұмыспен толтырып отыру ұсынлады, бұл тыныштықтан жұмысқа және кері бағытқа көшуді жеңілдетеді, сонымен қатар қалпына келу процесін біршама жеделдетеді. Осының бәрі жұмыстың үлкен көлемін орындауға мүмкіндік береді /43/;

г) демалыс аралығы 3-4 минуттан аспауға тиіс /15,16/;

д) қайталаулар саны шұғылданушылардың функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес іріктеп алынады, бұл жоғары деңгейде оттегін тұтынудың тұрақтануы жағдайларында жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Күш түсіруді мөлшерлеген кезде кідірістің аяғына қарай минутына 120-140 соққы болатын пульс көрсеткіштерін басшылыққа алады /42/.

Организмдегі биохимиялық өзгерістердің шамасы мен бағытталуы бойынша көбінесе аэробты әсердегі, аралас аэробты-анаэробты әсердегі, анаэробты гликолиздік әсердегі және анаэробты алактаттық әсердегі күш салулар бөлініп көрінеді /18,19, /.

Жаттығулар қарқындылығының 5 аймағын бөліп көрсету ұсынылады:

1 аймақ – «төзімділік шекарасынан» төмен жатқан, төмен қарқындылықтағы күш салулар (ОМТ-дан 50%);

2 аймақ – «төзімділік шекарасынан» ПАНО-ға дейінгі шектерде жатқан, орташа қарқындылықтағы күш салулар;

3 аймақ – ПАНО – «сындарлы жылдамдық» аймағында жатқан, үлкен қарқындылықтағы күш салулар;

4 аймақ – «сындарлы қуаттылық» аймағынан біршама төмен жатқан, максималды қарқындылықтағы күш салулар (сындарлының үстіндегі қуаттылық).

Ю.П.Ильичев (2 кесте) қызықты материалдар алған. Ол футболшылардың ойындағы қозғалыс әрекеттерінің әртүрлі қарқындылықтарының абсолютті және салыстырмалы шамаларын анықтады, осылайша жаттығуда қандай да бір қарқындылықты қандай көлемде пайдаланған жөн екендігін алғаш рет көрсетіп берді /8/.

 

 

2 кесте

Футболшылардың қимыл әрекетінің қарқындылығының, уақытының және сипатының ара қатынасы (орташа шамалар) /Ильичев Ю.П. — 48/

Қимыл әрекетінің қарқындылығы

Уақыт, мин

Ойынның жалпы уақытына %-бен

Қашықтық, м

Жалпы қашықтыққа %-бен

Шамалы

Орташа

40,4-64,2

52,0

45-75,3

4150

45,0

Қалыпты

Орташа

8,2-35,4

22,0

9-40,0

4626

52

Орташа

Орташа

0,45-3,00

2

0,9-3,4

577

1,5

Үлкен

Орташа

0,15-2,10

1,5

0,25-2,3

203

0,6

Максималды

орташа

0,13-3,4

2,3

0,2-3,8

354

0,9

 

Осы педагогикалық бақылаулар футболшылардың жаттығудағы және жарыстағы күш салуларының қауырттылығын физиологиялық зерттеулермен расталған.

 

Футболшылардың жұмысқа қабілеттілігін шектейтін факторлар

Спортшының дене жұмысына қабілеттілігінің күйі көптеген факторлармен анықталады. Жұмысқа қабілеттіліктің аса маңызды факторларының қатарына әдетте: 1) спортшының жылдамдық-күш мүмкіндіктері; 2) оның функционалдық (яғни энергетикалық – аэробты және анаэробты) мүмкіндіктері; 3) техникалық даярлывқ деңгейі; 4) спортшының тактикалық шеберлігі және 5) қажетті психикалық қасиеттерінің болуы. Футболшылардың спорттық шеберлігі осылардан құралатын ең маңызды факторларды анықтау көбіне көп даярлаудың жалпы стратегиясын қабылдауды және жаттығудың ең тиімді тәсілдері мен әдістерін белгілеуді анықтайды. Біліктілігі жоғары футболшылардың даярлығын басқару жекелеген факторлардың ойын әрекетінің жалпы нәтижесіне үлесі туралы, даярлықтың жекелеген кезеңдерінде қалыптасатын, осы факторлардың өзара байланыстарының сипаты туралы және қолданылатын жаттығудағы және жарыстағы күш салулардың әсерімен олардың өзгеруі туралы дәл білімдердің негізінде ғана мүмкін болады .

Аэробты жұмысқа қабілеттілік түсінігіне организмнің бұлшық ет жұмысын атмосферадағы оттегін тұтынумен байланысты тотығу процестерін белсенді ету есебінен орындау мүмкіндігіне себепші болатын бірқатар функционалдық қасиеттері бірігеді /16,17,18,19, /. Өзінің мазмұны бойынша жұмысқа қабілеттілік түсінігі спортшылардың жалпы төзімділігінің сапасына бәрінен де жақынырақ сәйкес келеді. Футболшылардың аэробты мүмкіндіктері жұмыс барысының өзінде оттектік сұранысты толығымен қанағаттандыру мүмкіндігі бар жаттығуларда және ойын эпизодтарында ең көп шамада көрінісін табады.

Аэробтық жұмысқа қабілеттілік түсінігіне интеграцияланатын аса маңызды функционалдық мүмкіндіктердің қатарына мыналар жатады:

а) ұлпалық аэробтық тотығу жүйелерінің қуатталығы б) ұлпалардағы аэробтық ауысулар кезінде қолданылатын энергетикалық заттардың жалпы қорының шамасы ;

в) оттегінің бұлшық еттер миоглобинінде депонациялану өлшемдері ;

г) гемоглобиннің мөлшеріне және оның оттегін байланыстырғыш қасиеттеріне байланысты болып келетін, қанның оттегі сыйымдылығы ;

д) жүректің циркуляциялық жұмысқа қабілеттілігі ;

е)  сыртқы тыныс алу аппаратының тиімді жұмысы  және т.с.

Адамның аэробты жұмысқа қабілеттілігінің ең ақпаратты көп беретін көрсеткіші ретінде көптеген жағдайларда оттегін максималды тұтыну шамасы қолданылады /18,19, /. Жұмыс істеу кезінде оттегін максималды тұтыну шамасына айтарлықтай әсерін тигізетін факторлар ішінде негізгі роль жүрек өнімділігіне тиесілі . Алайда белгілі бір жағдайларда, өкпедегі газ алмасудың ерекшеліктері /13,16/, жұмыс істеп тұрған бұлшық еттердің жергілікті қан айналымының нашарлауы /135/ және оттегінің ұлпадан шығарылуының шектелуі /13,16,14/ секілді себептер де адамның максималды аэробты мүмкіндіктерін шектей алады.

Спортшылардағы оттегін максималды тұтыну шамасы спортшының жасына жынысына , денесінің өлшеміне ,жаттыққандық деңгейіне /18,19, /, жұмыстың орындалу жағдайына /17, /, орындалатын жаттығулардың түріне /21, 22/ және жұмыстың алдында жүргізілген дене өыздырудың сипатына   байланысты айтарлықтай айырмашылықтарды байқатады.

Зерттеулердің көптеген санында оттегін максималды тұтыну деңгейінің спортшының біліктілігіне және жаттыққандық жағдайына тығыз байланыста өзгеріп отыратындығы көрсетілген. Оттегін тұтыну максимумының ең жоғары мәндері төзімділіктің айтарлықтай көрініс табуын талап ететін, спорттың циклдық түрлерінің өкілдерінде байқалған, Анаэробы жұмысқа қабілеттілік түсінігіне футболшылардың оттегімен адекватты емес жабдықталуы жағдайларында бұлшық ет жұмыстарын жасауға қабілеттілігіне себепші болатын бірнеше аса маңызды функционалдық қасиеттер біріктіріледі /15,16,21, /. Анаэробты қабілеттілік жұмыс істеп тұрған ұлпаларды оттегінің тиісті мөлшерімен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмайтын және жұмыс барысында организмнің ішкі ортасында айтарлықтай бұзылулар орын алатын жоғары қарқындылықтағы қысқа мерзімді жаттығуларда негізгі роль ойнайды.

Энергетикалық ауысулардың сипатына байланысты анаэробты жұмысқа қабілеттілікте екі жалпылама функционалдық қасиетті – алактатты анаэробы қабілеттілікті және гликолиздік анаэробты қабілеттілікті бөліп көрсету қабылданған /18, /.

Алактатты анаэробтық қабілеттілік жұмысты бұлшық еттерде бар фосфорорганикалық қосылыстардың – АФТ пен креатинфосфаттың есебінен орындауға мүмкіндік береді. Спортшының алактатты анаэробты қабілеттілігі бұлшық еттердегі макроэргиялық фосфор қосылыстарының жалпы қорларымен, қысқартатын бұлшық ет ақуыздарының қасиеттерімен, сонымен қатар бұлшық ет белсенділігінің жүйке реттеу ерекшеліктерімен анықталады /. Бұл қабілеттілік өзіне күш, жылдамдық және спринтерлік төзімділік (уақыт бойынша максималды қуаттылықтағы жұмысты ұстап тұру қабілеттілігі) деп аталатын қасиетті біріктіреді. Спорттық жұмысқа қабілеттіліктің осы бір құрамдас бөлігі қуаттылығы жоғары қысқа мерзімді, 10-15 секундтан көп созылмайтын жаттығуларда ең көп шамада көрініс табады .

Гликолиздік анаэробты қабілеттілік энергияның көміртектердің сүт қышқылына дейін ферменттік ыдырауының есебінен түзілу мүмкіндігін аныөтайтын ағзалар мен ұлпалардың бірқатар ішкі қасиеттеріне байланысты келеді. Гликолиздік анаэробты қабілеттілік гликолиздің қуаттылығымен, анаэробты ферментті жүйелердің белсенділігімен және оттегінің жетіспеушлілігі жағдайларындағы энергетикалық ауысулардыклеткаішілік реттеудің ерекшеліктерімен анықталады. Көбіне көп осы энергетикалық мүмкіндіктер сонымен қатар организмнің анаэробты алмасу өнімдерін, жекелей алғанда сүт қышқылын жинақтауға тұрақтылығымен де анықталады /15/. Осындай тұрақтылыққа организмнің буферлік резервтерінің өлшемдері және түзілген сүт қышқылының тотығуына және оның гликогенге ресинтезделуіне алып келетін компенсаторлық механизмдердің әрекеті себепші болады /15/. Гликолиздік анаэробты қабілеттілікке сонымен қатар бұлшық ет жұмыстарын организмнің ішкі ортасындағы күрт өзгерістер кезінде орындауға мүмкіндік беретін ұлпа бейімделуінің дамуы да әсерін тигізеді. Қасиеттердің осы тобында футболшының психикалық тұрақтылық факторын ерекше бөліп көрсету керек, бұл қарқынды бұлшық ет әрекеті жағдайларында шаршап-шалдыққан кезде туындайтын аурушаңдық сезімдерін жеңіп шығуға және күшейіп келе жатқан, оны тоқтату стимулдарына қарамастан, жұмысты жалғастыра беруге мүмкіндік береді.

Осылайша, футболшылардың спорттық жұмысқа қабілеттілігін анықтайтын негізгі факторларды талдау футболшылардың жоғары анаэробты мүмкіндіктермен қатар салыстырмалы түрде жоғары аэробтық мүмкіндіктерге, немесе басқаша айтар болсақ, жалпы төзімділікке ие болуы қажет екендігін көрсетті. Бірқатар жағдайларда /68,81/ команданы әлем чемпионатына жинақтаған кезде іріктеп алудың негізгі критерийі футболшылардың дене салмағының 1 килограмына келетін ОМТ таңдап алынды. Бұл ретте, чемпионат көрсеткеніндей, іріктеп алудың осындай жүйесі өзін өзі ақтады да /68,88/. Бұл факт жалпы төзімділікті тәрбиелеудің жоғары білікті футболшыларда да, жаңадан бастап келе жатқан спортшыларда да барлық қалған дене қасиеттерін және техникалық қасиеттерді жетілдіру үшін іргетас болып табылатындығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

 

1.3  Зерттеудің мақсаты, міндеттері, әдістері мен ұйымдастырылуы

 

КСРО-да жас футболшыларды даярлау  бағдарламаға сәйкес жүргізіліп келеді. Алайда, әдеби мәліметтерді талдау көрсеткеніндей, осы бағдарламаның барлық ережелері анық ғылыми негіздеуге ие бола бермейді. Жекелей алар болсақ, жалпы төзімділікті дамыту бойынша ұсыныстар жеткіліксіз анық негізделген болып табылады. Іс жүзінде, практикада жаттықтырушылар жаттығу процесіне өздерінің түзетулерін енгізіп отырады. Біліктілігі жоғары жаттықтырушылардың жас футболшыларда жалпы төзімділікті арттыруға қандай тәсілдермен және әдістермен қол жеткізетіндігін айқындау қызғылықты болып келеді.

Өз қызметінің нәтижелеріне бақылау жасамайынша, жаттықтырушының практикалық жұмысы толыққапды бола алмайды. Бұл жас спортшылармен жұмыс істегенде ерекше маңызды, өйткені 12-14 жаста организмнің әртүрлі жүйелерінің дамуының гетерохрондылығы байқалады. Жалпы төзімділіктің даму деңгейін анықтау үшін жаттықтырушыға қарапайым, қол жетерлік тесттер қажет. Футболда бұл мәселе толығымен шешіле қоймаған.

Жас футболшылардың жалпы төзімділігін тәрбиелеудің әдістемесін дұрыс, ғылыми негіздей отырып таңдауға тек қана футболшының алаңдағы әрекеттерін қуатпен қамтамасыз ету механизмін түсінген кезде ғана қол жеткізілуі мүмкін болады. Жүгіру футболшылардың орын ауыстыруының негізгі тәсілі болып табылады және сондықтан аэробтық мүмкіндіктер мен жүрек-қан тамыры жүйелерінің өнімділігі тестіленуге тиісті екендігі айдан анық болып отыр. Алайда жалпы төзімділікті тиімді тәрбиелеуге мүмкіндік беретін, жас футболшының организміне әсер етудің нақтылы түрлері (жаттығулар жинағы, сабақтар әдістемесі) айқын болмай қалуда. Осыған байланысты біздің зерттеуіміздің мақсаты 12-13 жасар жас футболшыларда жалпы төзімділікті  тәрбиелеу әдістемесін жасап шығару болды.

Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешу керек болды:

1) 12-13 жасар жас футболшылардың даму деңгейін анықтау және жалпы төзімділікті арттыру мүмкіндіктерін айқындау;

2) жас футболшыларда жалпы төзімділікті тәрбиелеуге арналған тәсілдер мен әдістердің ең тиімді кешенін анықтау;

3) 12-13 жасар жас футболшыларда төзімділікті тәрбиелеуге бағытталған тәсілдер мен әдістемелік амалдардың кешенін жасап шығару және эксперимент түрінде негіздеу;

4) жас футболшылардың төзімділігін арттырудың спецификалы емес жаттығу тәсілдерін пайдаланудың олардың техникалық даярлығына және дене қасиеттерінің дамуына әсерін анықтау.

 

 Зерттеу әдістері

Алға қойылған міндеттерді шешу үшін келесі әдістер қолданылды:

  • әдебиет көздерін талдау және сұхбаттасулар;
  • педагогикалық бақылаулар және қимыл-қозғалыс қабілеттерін бағалау;
  • педагогикалық эксперимент;
  • газ талдау өлшеулері;
  • PWC170 анықтау;
  • Пульсометрлік өлшеулер;
  • Дәрігерлік бақылау;
  • математикалық-статистикалық әдістер.

Алдыңғы қатарлы практикалық тәжірибені жалпылау үшін футбол саласындағы жетекші мамандармен бірқатар сұхбаттасулар жүргізілді. Бұларда негізінен алғанда практикада қолданылып жүрген жалпы төзімділікті тәрбиелеу әдістері мен тәсілдері анықталған сұхбаттасулар:

— жалпы төзімділіктің жас футболшыларды даярлаудағы мәнін;

— жалпы төзімділікті дамытуды осыдан бастау мақматқа лайықты болатын жасты;

— жалпы төзімділікті тәрбиелеудегі жалпы және арнайы дене қасиеттері даярлығының ара қатынасын;

— жас футболшылардың жалпы төзімділігін дамыту тәсілдері мен әдістерін қорлдануды анықтауға, айқындауға бағытталды.

Педагогикалық бақылаулар және қимыл-қозғалыс қабілеттерін бағалау

Жаттығу сабақтарының бағытталуын анықтау үшін, педагогикалық эксперименттің барлық кезеңдерінде орындалып жатқан жұмыстарға бақылаулар жасалды, сабақтардың көлемі мен қарқындылығы, жас футболшылардың дене қасиеттерін дамытуға және техникалық даярлығын дамытуға бөлінетін сабақтар саны тіркеліп отырды.

Сыналушылардың жарыстағы әрекеттеріне бақылау жасау ресми және жолдастық кездесулер кезінде жүргізіліп отырды.

Жаттықтырушының конспектіне сәйкес жүргізілген сабақтарды талдау, сондай-ақ педагогикалық бақылаулар жаттықтыру сабақтарының бағытталуын, олардың жас футболшылардың төзімділігін тәрбиелеуге әсерін анықтауға мүмкіндік беріп отырды.

Зерттеу нәтижелеріне бақылау жасау және төзімділіктің ең ақпараттық көрсеткіштерін, сыналушылардың қимыл қасиеттерінің даму дәрежесін іріктеп алу үшін зертханалық жағдайда және табиғи жағдайларда жүргізілген тесттер қолданылды:

1) «Алты минуттық жүгіру» тесті (Купер тестінің аналогы).

Жас футболшылардың төзімділік деңгейін анықтау және арттыру үшін әртүрлі жастағы және дене қасиеттері алуан түрлі жасөспірімдер үшін қол жетерлік болып келетін, өткізілуі қарапайым, жарыс әрекетінің элементтерін қосатын және жаттығуда көп уақыт алып жатпайтын «алты минуттық жүгіруді» қолданған мақсатқа лаықты болып келеді.

«Алты минуттық жүгіру» тестін өткізу үшін осы бойынша сыналушылар жүгіретін, футбол алаңының маңындағы жолға әрбір 10 метр сайын белгі салу қажет. Сыналушылар жүгіру жолы бойынша 6 минут ішінде үздіксіз жүгірген кездерінде өткен, метрмен көрсетілген қашықтықтың ұзындығы тіркеледі.

Жүгірудегі нәтижелілік көбіне-көп күшті дұрыс бөле білуге, оптималды қарқынды таңдай білуге байланысты болып келетіндіктен, сыналушыларға экспериментке дейін 2 күн ішінде күніне 2-3 реттен қашықтықты «сынап көру» қажет. Бұл кезде жүгіруді максималдыдан төмен жылдамдықтан бастап, оны жүгіру соңында арттырған мақсатқа лайықты болады. Бұл сыналушылардың барлығын бірдей жағдайға қою үшін қажет.

Біздер алған мәліметтер жас футболшылардың «алты минуттық жүгіру» тестін орындауы әрбір сыналушының ОМТ-сының 90-95%-ы деңгейінде жүзеге асырғандығын көрсетіп отыр. Бұл деңгейге жүгірудің 4-ші минутында қол жеткізіледі және ол қалған уақытта ұсталып отырады.

  • Бір орыннан 1000 м жүгіру.

Спортшы қашықтықты жоғарғы старттан, максималды жылдамдықпен жүгіріп өтті. Жүгіру уақыты қол секундомерімен секундтың жүзден бір бөлігіне дейінгі дәлдікпен тіркеліп отырды.

  • 30 метрге жүгіру.

Тест жоғарғы старттан жүргізілді. Алғашқы 15 с-тың және 30 метрлік бөлікті жүгіріп отыру уақыты тіркелді. Екі нәтиже де Ф-209 миллисекундомерінде бекітіліп отырды. Старт сызығына (екінші мәрте жүгіріп өтерде) спортшылар асықпай баяу жүгіре отырып оралды.

Тесттеудің кейбір ерекшеліктері, жекелей алғанда техникалық даярлықтың ерекшеліктері және экспериментті ұйымдастырудың жекелеген ерекшеліктері сонымен қатар зерттеу нәтижелерін баяндаған кезде ұсынылған.

 

Педагогикалық эксперимент

Педагогикалық эксперименттің барысында футболшылардың төзімділігін тәрбиелеуге бағытталған тәсілдер мен әдістердің ең тиімді кешені анықталды. Зерттеулер үш жыл бойы жүргізіліп отырды.

 

Газдық талдау өлшеулері

Экспираторлық ауадағы көмірқышқыл газы мен оттегінің концентрациясын талдау, сонымен қатар өкпе вентиляциясын анықтау ММС автоматты жүйесінің көмегімен шығарылатын газды талдау әлде үздіксіз (әр 30 секунд сайын), әлде жұмыстың әр сатысында соңғы 30 секундта жүргізіліп отырды (оттегін максималды тұтынуды анықтаған кезде үздіксіз өлшеу шаршап-шалдығуға жақындаған кезде жүргізілді).

Требанда тестілеген кезде лентаны созудың бастапқы жылдамдығы 2,5 м/с құрады. Әр 3 минут сайын жылдамдық 0,5 м/с арттырылып отырды. Лентаны еңкейту бұрышы тұрақты болды және 50 тең болды.

Аталған зерттеулер профессор М.Я.Набатникованың басшылығымен Дене шынықтыру институтының қызметкерлерімен бірлесе отырып жүзеге асырылды.

PWC170 анықтау

а) Велоэргометр варианты /51/

Жұмыс «Монарх» типті велоэргометрде жүзеге асырылды. Бірінші күш салу 5 минут жалғасты және салыстырмалы түрде шағын қуаттылыққа ие болды (жүрек қысқаруларының жиілігі 140 соққы/мин шамасында болды). Бірінші күш салудан кейін 3 минут демалыс беріліп, кейін екінші күш салу жасалды, ол да 5 минут жалғасты. Жүрек қысқаруларының жиілігі әр сатының соңғы 20 секундында электрокардиографтың көмегімен тіркеліп отырды (электродтар Неб бойынша орналастырылды). PWC170 өлшеу мына формула бойынша жүргізілді:

Мұндағы: PWC170 – денеге күш түсірудің қуаттылығы, кгм/мин;

N1 және N2 – 1-ші және 2-ші күш салулардың қуаттылығы, кгм/мин;

f1 және f2 – бірінші және екінші күш салулардың соңындағы жүрек қысқаруларының жиілігі.

б) Жүгіру варианты

футболшылар екі қашықтықты жүгіріп өтті: осылардың арасындағы демалыс 5 минут бола отырып, 600 және 1000 м. Сыналушыларға келесі нұсқау берілді: 600 метрді орташа жылдамдықпен – «күштің» жартысынан және 1000 метрді – «күштің» ¾ бөлігімен, субмаксималды жылдамдықпен. Жүгіру жылдамдығын сезіну дағдысын алу үшін бірнеше арнайы сабақтар өткізілді.

Қашықтықты жүгіріп өту уақыты секундтың жүзден бір бөлігі дәлдігімен “Seiko” секіндомерімен өлшеніп отырды. PWC170  көрсеткіштерін есептеу үшін 600 және 1000 м қашықтықтардағы жүгірудің орташа жылдамдығы көрсеткіштері қолданылды.

Қашықтықты жүгіріп өткеннен кейін бірден, алғашқы 5 с ішінде жүрек қысқаруларының жиілігін тіркеп отырдық. Жқжн өлшеуді сейсмокардиографтың көмегімен жүзеге асырдық. Бірқатар жағдайларда жқжн өлшеу фонендоскоптың көмегімен кеуде тұсындағы жүрек тондарын тыңдау арқылы жүргізілді (аускультаторлық әдіспен).

PWC170  есептеу мына формула бойынша жүргізілді:

Мұндағы: PWC170 – ЖҚЖ 170 соққы/мин болғандағы жүгіру жылдамдығы (м/с) шамаларында көрсетілген дененің жұмысқа қабілеттілігі;

V1 және V2 – тиісінше 600 және 1000 м жүгірудің орташа уақыты (м/с);

f1 және f2 – бірінші және екінші қашықтықты жүгіріп өткеннен кейін бірден өлшенген жүрек қысқаруларының жиілігі.

Пульсометрлік өлшеулер

Жқжн (немесе пульс жиілігін) өлшеуді зертханалық жағдайларда электрокардиографтың көмегімен (Неб бойынша кеуде тұсында) жүзеге асырдық.  PWC170 анықтаған кезде (жүгіру варианты) жқжн қалпына келу кезеңінде сейсмокардиографтың көмегімен, әлде жүрек соғысын кеуде тұсында қадағалау арқылы фонендоскоптың көмегімен тіркеліп отырды (бұдан әрі осы әдіс аускультаторлық тәсіл деп аталатын болады). Бірқатар жағдайларда футбол жаттығуларының физиологиялық күш түсірулерін бағалау үшін пульс жиілігін «Спорт-4» телеметриялық жүйесінің көмегімен тіркеп отырдық.

Дәрігерлік бақылау

Сыналушы спортшыларды дәрігерлік бақылау спорт дәрігерімен бірлесе отырып жүргізілді. Әрбір сыналушы футболшыға медициналық карточка толтырылып, онда дене қасиеттерінің даму көрсеткіштері (салмағы, бойы, кеуде клеткасының шеңбері және т.б.), футболмен айналысу стажы, ЭКГ және өзге де көрсеткіштер тіркеліп отырды.

Медициналық қорытындының негізінде жаттығу тәсілдері мен әдістері, күн тәртібі бойынша ұсыныстар жасап шығарылды.

Математикалық – статистикалық әдістер

Зерттеудің алынған мәліметтерін өңдеу, сондай-ақ мүмкін болатын заңдылықтарды анықтау үшін төмендегілерді есептеп шығара отырып, ақпаратты статистикалық өңдеудің жалпы қабылданған тәсілдері қолданылды:

Х – орташа арифтметикалық шама;

σ – орташа квадраттық ауытқу шамасы;

t – Стьюдент бойынша растық критерийінің шамалары;

τ – корреляция коэффициентінің шамалары.

Статистикалық талдау нәтижелерін бағалаған кезде маңыздылықтың сындарлы деңгейі ретінде P < 0,05 және P<0,01 мүмкіндігі қолданылды, бұл зерттеу нәтижелерінің қажетті дәлдігін қамтамасыз етеді. Сандық материал «Минск-22» ЭЕМ өңделді /83/.

 

Зерттеулерге 12-13 жасар 120 футболшы қатысты.

Педагогикалық эксперимент үш кезеңге бөлінді. Зерттеулердің бірінші кезеңінде келесі міндеттер шешілді:

— әртүрлі жастағы жас футболшыларда төзімділіктің даму динамикасы мен деңгейін анықтау;

— 12-13 жасар футболшылардың жалпы төзімділігін бағалауға арналған тесттерді жасап шығару және анықтау;

— жаттықтырушы қолданып жүрген, жас футболшылардың төзімділігін тәрбиелеу тәсілдері мен әдістерінің тиімділігін анықтау;

— төзімділікті тәрбиелеудегі жалпы және арнайы дене қасиеттері даярлығының тәсілдерінің ара қатынасы.

2010 жылдың қарашасынан 2011 жылдың мамырына дейін негізгі педагогикалық эксперимент (бұл екінші кезең болатын) жүргізіліп, оған Шымкент қаласының Жоғарғы спорт шеберлігі эксперименттік мектебінің 12-13 жасар жас футболшылары қатысты.

Педагогикалық эксперименттің барысында жас футболшылардың төзімділігін тәрбиелеуге бағытталған тәсілдер мен әдістердің ең тиімдікешені анықталды. Әрқайсысында 15 адамнан болған екі біртекті топ құрылды. Сыналушылардың морфофункционалдық сипаттамалары тіркелді.

Зерттеудің үшінші кезеңінде екінші кезеңде алынған нәтижелердің тиімділігі тексерілді.

 

1.4 Зерттеу нәтижелері

 

 12 және 13 жасар жас футболшылардағы төзімділік деңгейін алыстыру

Төзімділікке күш түсірулер кезіндегі организмнің жұмысқа қабілеттілігі адамның жасымен тығыз байланысты. 3 кестеде 12 және 13 жасар балалардағы төзімділіктің педагогикалық (1000 метрге және 6 минутқа жүгіру) және физиологиялық (PWC170, ОМТ) көрсеткіштерінің орташа мәліметтері келтіріліп отыр.

3 кесте

Жас футболшылардың педагогикалық және бірқатар физиологиялық төзімділік көрсеткіштері және бой-салмақ мәліметтері

 

Көрсеткіштер

I топ – 1970 жылы туылған                   n = 15

II топ – 1971 жылы туылған                   n = 15

%-бен көрсетілген айырма-шылық

1

Жасы (жас)

13,0+0,4

11,7+0,3

11

2

Салмағы (кг)

42,8+8,4

38,9+3,0

10

3

Бойы (см)

154+9

147+4

5

4

1000 м нәтижесі (c)

227+15

237+26

4

5

6 мин жүгіру (м)

1475+350

1392+132

6

6

PWC170 кг/мин (велоэргометр)

717+84

583+56

23

7

PWC170 кг/мин кг (велоэргометр)

17+2

15+1

14

8

PWC170 м/с  жүгіру х

3,87+0,22

3,70+0,3

5

9

ОМТ мл/мин

2,69+0,51

2,31+0,25

16

10

ОМТ мл/кг мин

63,5+3,5

60,5+4,4

5

11

ЖҚЖмакс, соққы/мин

204+5

199+9

3

12

О2 пульс мл/соққы

13,2+2,5

11,6+1,2

14

Х) ЖҚЖ өлшеудің аускультаторлық әдісі

Осы топтарда төзімділікте айтарлықтай айырмашылықтар бар екенін көруімізге болады, бұл ретте ересектер тобының ұл балалары іс жүзінде барлық параметрлер бойынша кіші топтағы ұлдардан басым болып отыр. Алайда бұл айырмашылық сан жағынан бірдей емес. Соңғы жағдай әртүрлі факторлармен түсіндіріледі. Мысалы, 1000 м жүгіру нәтижесі орташа алғанда 4%-ға ерекшеленеді, ал 6 минутта жүгіріп өтілетін қашықтық – 6%-ға ерекшеленеді. Салыстырмалы (дене салмағының 1 килограмына) оттегін максималды тұтынуүшін де дәл осындай сандық айырмашылық тән (5%). Дәл сол кезде оттегін абсолютті максималды тұтыну көрсеткіштері айтарлықтай (16%) ерекшеленеді, бұл бой-салмақ ерекшеліктерімен анықталады – 13 жасар ұл балалар көбірек бой мен салмаққа, демек, үлкен бұлшық ет салмағына ие болып келеді. Шамамен алғанда осындай айырмашылық бұлшық еттер оттегін максималды тұтыну деңгейінде жұмыс істеген кезде 1 жүрек циклына келетін оттегінің мөлшерін сипаттайтын, максималды оттегі пульсі көрсеткіштерінде де байқалады (14%).

Жүрек қысқарулары жиілігі 170 соққы/мин тең деңгейде болған кездегі дененің жұмысқа қабілеттілік көрсеткіштері (егер жұмыс велоэргометрде орындалған болса, қуаттылық; егер жүгіру жаттығулары берілген болса, жүгіру жылдамдығы) 12 жасар балаларға қарағанда 13 жасар ұлдарда көбірек болды. Велоэргометрде анықталған абсолютті PWC170 23%-ға, ал салыстырмалы (дене салмағының 1 килограмына) PWC170 14%-ға көбірек болды. Осы бір салыстырмалы айырмашылықтар 1000 м және 6 м жүгірудегі айырмашылыққа, сонымен қатар оттегін салыстырмалы максималды тұтынуға қарағанда анағұрлым көп болып шықты. Дәл сол уақытта жүгіру кезінде анықталған PWC170 көрсеткіштеріндегі айырмашылық жоғарыда атап тізілген көрсеткіштердің (1000 м жүгірудегі, 6 мин ішінде өткен жолдағы және салыстырмалы оттегін максималды тұтынудағы) салыстырмалы айырмашылықтарының шамасына сәйкес келеді. Бұл факт дене қасиеттерінің даярлығын (төзімділікті) жүгіру жаттығуларын орындаған кезде PWC170 шамасын анықтау арқылы бағалауға болатындығын ішінара растап отыр.

12 жасар ұл балаларда оттегін салыстырмалы максималды пайдалану, дербес ауытқулар 55-тен 65 мл/кг мин бола отырып, орташа алғанда                    60,5+4,4 мл/кг-ға тең болды. Абсолютті ОМТ 2,05-2,72 л/мин шегінде дербес ауытқи отырып, 2,31+0,25 л/мин құрады. 13 жасар жас футболшыларда салыстырмалы ОМТ орташа алғанда 63,5+3,5(56-71) мл/кг мин, ал абсолютті ОМТ – 2,69+                     0,5 л/мин болды. Алынған нәтижелер біз зерттеген жас футболшылар I.Astrand-тың /97/ жіктемесі бойынша аэробтық мүмкіндіктер дамуының жоғары деңгейіне ие болады деп болжауымызға мүмкіндік береді (салыстырмалы ОМТ 57 мл/                  кг мин көбірек).

Жүрек қысқаруларының максималды жиілігі (ЖҚЖмакс) деп жүрек қысқаруы жиілігінің оттегін максималды тұтынуды анықтауға ұқсас рәсімде шегіне жеткенше бұлшық еттердің жұмыс істеуі кезінде алынған ең көп сандық мәні түсініледі. ЖҚЖмакс шамасын жаттығулардың пульс жиілігі бойынша физиологиялық күш түсіруін анықтаған кезде білген маңызды болады.

12 жасар футболшыларда дербес шамалары 185-210 соққы/мин бола отырып, максималды ЖҚЖ 199+9 соққы/мин тең болды. 13 жасар ұл балаларда ЖҚЖмакс біршама жоғары болып, орташа алғанда 204+5 соққы/мин құрады. Осы жастағы футболшыларда дербес көрсеткіштер 195-тен 212 соққы/мин дейін болды. Эксперименттік түрде алынған ЖҚЖмакс орташа мәні 13 жасар балаларда осыны (220 — жас) формуласы бойынша анықтау 207 соққы/мин шамасын (220-13=207) беретін ЖҚЖмакс – тің есепті шамасына шамалы ғана сәйкес келмейді. 12 жасар балаларда ЖҚЖмакс – тің есепті шамасы (220-12=208 соққы/мин) мен эксперименттік ЖҚЖмакс (/199 соққы/мин) шамасы арасындағы айырмашылық одан да көп. Алынған нәтижелер ЖҚЖмакс – ті формула (220-жас) бойынша есепті анықтаудың шектеулі мүмкіндіктерін көрсетіп отыр. Сондықтан ЖҚЖмакс – ті ескере отырып, ЖҚЖ бойынша физиологиялық күш түсіруді бағалаған кезде ЖҚЖмакс – ті, біздің ойымызша, тек эксперименттік, тікелей өлшеуден кейін пайдаланған мақсатқа лайықты болып табылады.

12 және 13 жасар жас футболшылардың төзімділігін салыстыру осы топтар арасындағы айтарлықтай айырмашылықты көрсетіп берді. Алынған нәтижелер тіпті өте шамалы жас айырмашылықтары (мысалға, 1 жыл) шегінде де жас футболшылардың төзімділігін бағалаған кезде дифференциалданған амалды қолданудың маңыздылығын көрсетіп отыр.

 

 Жүрек қысқарулары жиілігін өлшеудің әртүрлі тәсілдері кезіндегі (жүгіру және велоэргометрлік варианттар) PWC170 көрсеткіштерін салыстыру

Практикалық мақсаттар үшін PWC170 көрсеткіштерін анықтаудың әртүрлі тәсілдерінің, оның ішінде велоэргометрде педаль басуға қарағанда, орындалатын жұмыс түрі бойынша футболға жақынырақ келетін жүгіруді орындағаннан кейін бірден анықтаудың нәтижелерінің өзара қалай байланысқанын анықтаған маңызды болып келеді. Онымен қоймай, сонымен бірге PWC170 көрсеткішін есепті анықтау үшін ЖҚЖ өлшеудің әртүрлі тәсілдерінің (мысалы, аускультаторлық және сейсмографиялық) қаншама ақпаратты екендігін білу де маңызды болып келеді.

4 кестеде келтіріліп отырған мәліметтерден көрініп тұрғанындай, ЖҚЖ аускультаторлық және сейсмографиялық өлшеудің көмегімен анықталған PWC170 көрсеткіштерінің арасында белгілі бір айырмашылықтар бар. Мысалы, ЖҚЖ-ін аускультаторлық тәсілмен өлшеген кезде PWC170 көрсеткіштері орташа алғанда ЖҚЖ сейсмографиялық әдіспен анықтаған кездегіге қарағанда орташа алғанда жоғарырақ болып шықты (оның үстіне жас футболшылардың зерттеліп отырған екі тобында да). Аускультаторлық және сейсмографиялық тәсілдермен өлшенген ЖҚЖ бойынша анықталған PWC170 көрсеткіштерінің арасындағы корреляция коэффициенті (4 кесте) 0,54-ке тең болып шықты (орташа статистикалық өзара байланыс).

5 кесте

Велоэргометрде жұмыс істеген кезде және жүгіргеннен кейін (ЖҚЖ-ін аускультаторлық және сейсмографиялық анықтау) тіркелген PWC170 көрсеткіштерінің (абсолютті және салыстырмалы) арасындағы корреляция коэффициенттері

№ р/с

Корреляцияланатын көрсеткіштер

ЖСШЭМ мен «Спартак» футболшылары

1

ЖҚЖ-ін аускультаторлық және сейсмографиялық анықтаған кездегі PWC170 көрсеткіштері

0,54x

2

Велоэргометрде жұмыстан кейінгі және жүгіргеннен кейінгі PWC170 көрсеткіштері (ЖҚЖ аускультаторлық анықтау)

0,474x

3

Велоэргометрде жұмыстан кейінгі және жүгіргеннен кейінгі PWC170 көрсеткіштері (ЖҚЖ сейсмографиялық анықтау)

0,450

 

  1. x) P<0,01маңыздылық деңгейі кезінде рас

Велоэргометрде жұмыс істеген кезде және аускультаторлық тәсілмен анықталған PWC170 көрсеткіштері арасындағы корреляция коэффициенті 0,47 құрады. Бұл велоэргометрде жұмыс істеген кездегі PWC170 көрсеткіші мен жүгіргеннен кейінгі PWC170 көрсеткіші арасындағы (ЖҚЖ-ін сейсмографиялық тәсілмен өлшеген кезде) өзара байланыс коэффициентіне қарағанда тек шамалы ғана жоғарырақ. Осы көрсеткіштер арасында анықталған әлсіз статистикалық байланыс жүгіргеннен кейінгі ЖҚЖ бойынша әртүрлі тәсілдермен анықталатын PWC170 көрсеткіштерінің,  шектеулі диагностикалық мүмкіндіктерін көрсетеді, бұл ретте осы шектеулі мүмкіншілік аускультаторлық әдіспен де, сейсмографиялық әдіспен де анықтағанда да болады.

Алынған нәтижелер, сірә, бұлшық ет жұмысынан кейін бірден жүргізілген ЖҚЖ пальпаторлық өлшеу әдіс ретінде елеусіз қалмайды-ау деп болжауға мүмкіндік береді, өйткені күш түскеннен кейін пульстің жиілігін аускультаторлық және сейсмографиялық анықтау секілді құралдық әдістемелер сандық тұрғыдан қарағанда кемшіліктерсіз бола қоймайды.

 

1.5  Зерттеу нәтижелерін талқылау

 

Осы диплом жұмысы футболмен айналысатын 12-13 жасар балалардың жалпы төзімділігін тәрбиелеу әдістемесін зерттеуге және жетілдіруге арналған. Әдебиетті шолу куәландырып отырғанындай, бұл мәселе жас футболшыларда толығымен шешіле қоймаған. Сондықтан диплом жұмысын осы мәселені зерттеуге арнауды мақсатқа лайықты деп ұйғардым.

Жас футболшылардың жұмысқа қабілеттілігін зерттеу көрсеткеніндей, 13 жасар футболшылардың төзімділігі 12 жасар балалардың төзімділігінен артып түсті. Мысалы, 1000 метрге және 6 минутқа жүгірудің нәтижелері орташа алғанда 5-6%-ға ерекшеленеді. Осы сандық айырмашылықтар осы топтар арасындағы оттегін максималды тұтынудағы айырмашылықпен (5%) сәйкес келеді. Осындай сәйкестікке 1000 м қашықтық та, 6 минуттық жүгіру де (осы уақыт ішінде 1400-1500 м жүгіріліп өтті) негізінен алғанда жұмыс істеп тұрған бұлшық еттердегі АФТ ресинтезінің аэробты көзімен қамтамасыз етілетіндігі себепші болады (4-6 минут шекті ұзақтықпен болатын бұлшық ет жұмысы шамамен алғанда 70-85%-ға энергия өндірудің аэробтық көздерінің есебінен қамтамасыз етіледі) /116,135/.  PWC170 көрсеткіші мәліметтері бойынша (жүгіру варианты) дененің жұмысқа қабілеттілік көрсеткіштері де орташа алғанда 5%-ға ерекшеленді.

Дәл сол уақытта абсолютті оттегін максималды тұтыну және абсолютті PWC170 көрсеткіші (велоэргометрлік вариант) айтарлықтай көбірек – шамамен 15-20%-ға ерекшеленді. Істің мәнісі 13 жасар ұл балалардың дененің үлкен салмағымен және, сірә, көбірек бұлшық ет салмағымен сипатталатындығында болып отыр. Бұлшық еттердің салмағы спортшылардағы абсолютті ОМТ көрсеткішіне тікелей тәуелділікте болады /42,135/. Сондықтан балалардағы төзімділікті физиологиялық критерийлер бойынша (мысалға, ОМТ бойынша) салыстырғанда бағалау үшін салыстырмалы көрсеткіштерді, яғни дене салмағын ескере отырып іріктеп алған маңызды болып келеді. Сонымен қатар жасты да ескерген өте маңызды, өйткені бір қарағанда балалар арасындағы өте шамалы ғана жас айырмашылығында (1 жыл) төзімділік көрсеткіштеріндегі елеулі айырмашылықтар табылады.

Жүргізілген зерттеуде жас футболшылардағы оттегін салыстырмалы максималды тұтынудың айтарлықтай жоғары шамалары байқалды. 12 және 13 жасар балаларда орташа топтық ОМТ көрсеткіші, дербес ауытқулар 55-70 мл/кг мин бола отырып, тиісінше 61 және 64 мл/кг болды. I.Astrand-тың жіктемесі бойынша /133/, споршылар еместер үшін зерттелген адамдар аэробтық қабілеттердің дамуының жоғары деңгейіне ие болатындар қатарына жатқызыла алады, өйткені 57 мл/кг-нан көбірек ОМТ-ға ие болып отыр. Егер ОМТ-ның анықталған шамаларын 1970 жылғы КСРО құрамасындағы футболшылардағы көрсеткіштермен салыстырып көрсек те, дәл осындай қорытындыға келуімізге болады. А.А.Гуминскийдің мәліметтері бойынша, КСРО құрамасындағы әртүрлі амплуадағы алаңда ойнаушылардағы оттегін максималды тұтыну орташа алғанда 58,1 мл/кг құраған. Дербес ерекшеліктер, яғни әртүрлі ойыншылардағы ОМТ 50-ден 66 мл/кг мин шегінде болған  /115/. Осылайша, біздер зерттеген жас футболшылар аэробтық қабілеттіліктің дамуының айтарлықтай деңгейіне ие болып отыр. Жаттықтырушының жалпы төзімділікті тәрбиелеуге қатысты педагогикалық міндеті, өзгелерден                     басқа, салыстырмалы ОМТ-ны қазірде бар жоғары деңгейде ұстап тұрудан тұрады.

Бірқатар жұмыстарда физиологиялық күш салуды жүрек қысқаруының жиілігі бойынша бағалаған кезде оның дербес максималды мәнін, яғни ЖҚЖмакс ескерген маңызды болып келеді. Сондықтан әртүрлі балаларда дербес максималды жүрек қысқару жиілігіндегі сандық ерекшеліктердің қандай екенін анықтау маңызды болды. Тікелей өлшеулер көрсеткеніндей, 12 жасар балалардағы ЖҚЖмакс, 185-тен 210 соққы/мин шегіндегі дербес айырмашылықтар кезінде орташа алғанда 199 соққы/мин құрады. 13 жасар жас футболшыларда ЖҚЖмакс орташа алғанда 204 соққы/мин, ал дербес ауытқулар 195-тен 212 соққы/мин дейін болды. Осылайша, 12-13 жасар футблшыларда максималды ЖҚЖ-дегі дербес айырмашылықтар шамамен алғанда 20-30 соққы/мин құрай алады. Бұл ересек спортшыларды зерттеген басқа да авторлардың /53,135/ мәліметтерімен сәйкес келеді, үйлеседі. Сондықтан, төзімділікке жаттығуларды орындаған кезде балалардағы физиологиялық күш түсірулерді бағалаған кезде (сонымен қатар басқа жаттығулардағы күш түсулерді пульстік бағалаған кезде де) жүрек қысқаруының салыстырмалы жиілігі көрсеткіштерін пайдаланған мақсатқа лайықты болады. Бұл үшін келесі формуланы қолданады: % ЖҚЖмакс = ЖҚЖжұмыс/ ЖҚЖмакс x 100%,

Мұндағы ЖҚЖжұмыс – денеге күш салған кезде өлшенген пульс жиілігі, ЖҚЖмакс – шегіне жеткенше, сатылы-үдей түсетін күш салумен                               жұмыс істеген кезде (тредбанда немесе велоэргометрде) анықталған пульс жиілігі.

Балалардың төзімділігін PWC170 көрсеткіштері бойынша бағалаған кезде практикада ЖҚЖ-ін құралдық өлшеудің алуан түрлері, сонымен қатар тікелей PWC170 көрсеткішінің өзін анықтаудың әртүрлі варианттары қолданылуы мүмкін. Осы жұмыста ЖҚЖ-ін аускультаторлық және сейсмографиялық өлшеген кездегі PWC170 көрсеткіштері арасындағы өзара байланысты зерттеу әрекеттері жасалды. ЖҚЖ-ін аускультаторлық және сейсмографиялық өлшеген кезде алынған PWC170 көрсеткіштері арасындағы сызықтық корреляция коэффициенттерін есептеулер көрсеткеніндей, рас, оң байланыс бар: τ = 0б54 (орташа статистикалық өзара байланыс). Бұл ретте сонымен қатар аускультаторлық тәсілмен, жүгіргеннен кейін бірден анықталған PWC170 көрсеткіштері сейсмографиялық тәсілмен анықталған PWC170 көрсеткіштеріне қарағанда, PWC170 көрсеткіштерінің велоэргометрлік вариантымен анық емес ерекшеленетін, сәл ғана көбірек тығыз байланыспен байланысқан. Бұл PWC170 көрсеткіштерін есептеу үшін ЖҚЖ анықтаудың аускултаторлық және сейсмографиялық әдістерінің іс жүзінде бірдей диагностикалық мүмкіндіктерімен сипатталады деп есептеуге мүмкіндік береді. Алайда осы құралдық әдістемелерді ЖҚЖ өлшеу үшін қолдану даусыз емес. Сандық талдау велоэргометрде жұмыс істеген кезде анықталған және жүгіргеннен кейін аускультаторлық және сейсмографиялық тәсілдермен өлшенген PWC170 көрсеткіштері арасындағы корреляция коэффициентінің тиісінше 0,47 мен 0,45-ке тең екендігін көрсетті. Бұл әлсіз статистикалық өзара байланыс. Сондықтан осы әдістемелерді қолдану соншама даусыз емес және соншама идеалды емес. PWC170 көрсеткіштерін өлшеудің велоэргометрлік тәсілі сенімдірек болып табылады, оның үстіне, осылайша өлшенген PWC170 көрсеткіштері төзімділікті тікелей өлшеген кездегі қимылдайтын жүгіру тапсырмаларының (6 мин жүгіру және қалғандары – төменгі жақты қараңыз) нәтижелерімен жоғары сенімділікпен корреляцияланады. PWC170 көрсеткіштерін анықтаудың велоэргометрлік вариантының әдеттегі спорт практикасында кеңінен қолданыла алмайтындығын арнайы тоқтап, айта кету керек (көптеген балалар мен жасөспірімдердің спорт мекте-інде, спорт интернаттарында және басқа да спорт бөлімшелерінде велоэргометрлер, электрокардиографтар жоқ). Сондықтан практикалық тұрғыдан алғанда PWC170 көрсеткіштерін анықтаудың жүгіру вариантының өлшеу әдістемелерін жетілдіру ең қолайлы болып келеді. Бұл ретте балалардың өздері жаттықтырушының командасы бойынша 10-15 секунд ішінде орындайтын, жүгіргеннен кейін бірден ЖҚЖ-н пальпаторлық өлшеуден бас тартыла қоймас деп күтуімізге болады. Онымен қоймай, мұндай       вариант фронтальдық әдіс кезінде қолданыла алады. Бұл оқушылар мен жаттықтырушылар үшін уақыт пен күш-жігерді айтарлықтай шығындауларын талап етпейді.

Жас футболшылардың төзімділігін тәрбиелеу қазіргі футболдың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Барлық басқа жағдайлар бірдей болған кезде төзімдірек жас футболшы аталған сәттегі жоғары жұмысқа қабілеттілікке ғана ие болып қоймайды, ол жаттығу барысында жаттығу тапсырмаларының көбірек көлемін орындай алады деп ойлауымыз                қисынға келетіндіктен, шеберліктегі өсімнің үлкен қарқындылығына да ие болады. Сондықтан да төзімділікті жетілдіру өте өзекті мәселе болып табылады.

Эксперимент көрсеткеніндей, ФШМ жас футболшылары 6 минутқа жүгірудегі нәтиже бойынша бағаланатын өз төзімділіктерін айтарлықтай және сенімді арттырған: өсім 11,4% құрады. Бұл бақылау тобындағы спортшылардағыға қарағанда (3,5%) айтарлықтай көбірек.

6 минутқа жүгірудегі сандық салыстырмалы өсімдердің PWC170 көрсеткіштеріндегі салыстырмалы өсімдермен тығыз үйлесетіндігін атай кеткен маңызды: эксперименттік топта жаттығудың 6 айлық кезеңінен кейін PWC170 көрсеткіштерінің өсімі 13% құрады және бақылау тобында 4,5%-ға тең болды. Бұл факт 6 минуттық жүгіру нәтижелері бойынша бағаланатын төзімділіктің артуы негізінен алғанда жас футболшылардың аэробтық көрсеткіштерінің артуы есебінен жүруі мүмкін болғандығын көрсетіп отыр. Тиісті жаттығу бағдарламаларын орындау нәтижесінде аэробтық қабілеттіліктің, яғни ОМТ-ның артуы әдетте жүрек көлемінің артуы және, тиісінше, максималды систолалық көлемнің артуы есебінен жүреді, өйткені жүрек қысқаруларының максималды жиілігі мен О2 бойынша максималды артериялық-веналық айырмашылық жаттығудың әсеріне кемірек ұшырап отырады /135/.

Субмаксималды қуаттылықтағы стандартты бұлшық етке күш түсірулер кезінде ұлғая түскен систолалық көлем, жаттықпаған адамдармен салыстырғанда, жаттыққан адамдарда жүрек қысқаруларының жиілігінің төмендеуімен ілесе жүреді. Ал енді субмаксималды күш түсірулер кезінде жүрек қысқаруы жиілігінің төмендеуі болса PWC170 көрсеткішінің артқанын білдіреді. Осылайша, 6 минутқа жүгіру мәліметтері бойынша бағаланатын төзімділіктің артуы ең алдымен жас футболшылардың аэробтық қабілетінің артуымен байланысты болды. Екінші жағынан алсақ, 6 минуттық жүгірудегі төзімділіктің біршама артуы анаэробтық (ең алдымен гликолиздік) қабілеттердің артуы есебінен де жүруі мүмкін болды. Мысалға, оның жаттығу алдындағы мәні 60 мл/кг мин болған кезде (біздің зерттеген жас футболшыларда дәл осындай мән болды) ОМТ-ның айтарлықтай (тіптен 10%-ға да) артуына қол жеткізу өте-мөте қиынға соғады /135/.                     Шындығын айтқанда, бұл балалар үшін емес, тек ересек спортшылар үшін көрсетілген.

Басқа тесттің (1000 м-ге жүгіру) нәтижелері жас футболшылардағы төзімділіктің артуының, сірә, негізінен алғанда аэробтық қабілеттің өсуі есебінен жүргендігін айтып тұр. Істің мәнісі 1000 м жүгірудегі нәтиженің (бұл 6 минутқа жүгіруге қарағанда көбірек анаэробты қашықтық) эксперименттік топтың спортшыларында 5,1%-ға, ал бақылау тобында — 2,3%-ға артқандығында болып отыр. Егер төзімділікті 1500 м үнемі жүгіру арқылы жаттықтыру айтарлықтай шамада анаэробтық гликолиздік қабілеттіліктің өсуімен қамтамасыз етілген болса, онда бұл 1000 м секілді қашықтықтағы нәтижелердің өсіміне айтарлықтай әсер етуге тиіс болатын еді.

Солай бола тұрса да, 6 минут уақыт жүгіру мен 1000 м жүгіру нәтижелері арасында айтарлықтай тығыз корреляциялық байланыс бар. Эксперименттік топтың спортшыларында 6 минут ішінде жүгіріп өтетін қашықтық пен 1000 м жүгіру уақыты (1000 м жүгірудің орташа жылдамдығына кері шама) арасындағы корреляция коэффициенті -0,59-дан -0,82-ге дейін тең болды (жаттығудың 6 айлық кезеңіне дейін және одан кейін). Бақылау тобының жас спортшыларында дәл осы көрсеткіш -0,36 және -0,40 құрады. Ал жалпы алар болсақ, әртүрлі топтарда және зерттеудің әртүрлі жағдайлары үшін осыған ұқсас көрсеткіштер арасындағы корреляциялық байланыс -0,36-дан -0,82-ге дейін болды. Мұндай нәтижелер жас футболшылардың төзімділігін бағалау үшін осы тесттердің белгілі бір эквиваленттіоігін көрсетеді. Басқаша айтар болсақ, 12-13 жасар балалардағы төзімділікті 6 минутқа жүгірудің көмегімен де, 1000 м жүгірудің көмегімен де бағалауға болады. 6 минутқа және 1000 метрге жүгіру нәтижелерінің белгілі бір эквиваленттілігінің негізінде, бәлкім, көбінесе жұмыс істеп тұрған бұлшық еттердегі АТФ ресинтезделуінің дәл бір энергетикалық көзі – тотықтандырғыш фосфорлау жатқан секілді, өйткені жүгірудің шекті уақыты 3,5-6 минут болатын жүгіру қашықтықтары негізінен алғанда энергия өнімінің аэробты көздерінің есебінен қамтамасыз етіледі.

Осы жас футболшыларды зерттеуде 1500 метрге үнемі жүгіріп тұру арқылы төзімділікті жаттықтырудың 1000 м жүгіруге қарағанда, 6 минутқа жүгіру нәтижелерінің өсіміне көбірек шамада әсер ететіндігі анықталған. Бұл қарастырылып отырған жаттығулардың белгілі бір спецификалылығының көрінісі болып табылады. 6 минутқа және 1000 метрге жүгірудің спецификалылығының негізінде осы екі жаттығудың орындалуын қамтамасыз ететін анаэробтық энергетикалық процестердің әртүрлі үлесі жатыр деп ойлауымызға болады (12-13 жасар балаларда 1000 м-ге жүгіру шамамен алғанда 3,5-4 минутқа созылады).

Осы зерттеуде PWC170 көрсеткіштері мен 6 минутқа жүгіру нәтижелері арасында жас футболшыларда тікелей байланыс бар екендігі анықталған: әртүрлі топтардағы және әртүрлі жағдайлар үшін корреляция коэффициенттері 0,56-дан 0,95-ке дейін құрады. Бұл 12-13 жасар футболшылардағы төзімділік көрсеткіші ретіндегі PWC170                        көрсеткішінің жоғары сенімділігі туралы қорытынды жасауымызға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге PWC170 көрсеткіші мен 6 минутқа жүгіру нәтижесі арасындағы байланыс төзімділікті жаттықтырудың әсерімен біршама өзгерді. Осы көрсеткіштердің байланысының өзгеруі дәл бір PWC170 көрсеткіші кезінде 6 минутқа жүгірудегі нәтиженің біршама өскенінен тұрды. Бұл күтпеген жағдай емес, өйткені 6 минут ішінде жүгіріп өтетін қашықтықтың артуы, сірә, тек қана аэробтық қана емес, ішінара анаэробтық та (гликолиздік) энергия өндірудің есебінен жүретін болар. 6 минуттық жүгіруде нәтиженің анаэробтық (гликолиздік) энергия өндіру есебінен өсімі болса PWC170 көрсеткішіне әсер етпейді. Осылайша, егер жаттықтырушыға жас спортшының төзімділігін өте дәл бағалау қажет емес болса, ол PWC170 көрсеткішін өлшеуді қолдана алады. Егер де мәселе іріктеп алу, ойын амплуасын таңдап алу және т.с. жөнінде болса, онда 6 минутқа                        жүгіруде тестілеу арқылы, төзімділікті тікелей өлшеуге басымдылық берген жөн.

Оттегін тасымалдау мүмкіндіктері, егер шешуші немесе тіптен толық шамада болмаса да, айтарлықтай шамада ересек адамдардың төзімділігін анықтайды /53,73/. Осы жұмыста мұның 12-13 жасар балаларға да қатысы бар екендігі көрсетілген. Оттегін максималды тұтыну мен 6 минутқа жүгіру нәтижесі арасындағы корреляция коэффициенті әртүрлі топтардағы сыналушыларда 0,6-0,7-ге тең болды. Алайда, ОМТ мен төзімділік арасындағы тығыз байланысқа қарамастан, тіптен максималды аэробты қуаттылықты тікелей өлшеудің өзі жас футболшыларда 6 минутқа жүгіруге немесе 1500 м және одан да көбірек қашықтыққа жүгіруге ұқсас педагогикалық тесттерді алмастыра алмас. Істің мәнісі осындай тесттер арқылы ішінара анаэробтық (гликолиздік) қабілеттер мен психологиялық қабілеттер (мәселен, шаршап-шалдығуды немесе тіптен жұмыс істеп тұрған бұлшық еттердегі ауыру сезімін жеңіп шығу, оларға шыдау секілді) анықталатындығында болып отыр, мұның өзі спорттық практика үшін жалпы

алғанда маңызды болып келеді.

 

 

2 ЖАЛПЫ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ

 

Футбол ойынының мазмұнының әртүрлілігі жаттығушының барлық ағза жүйесінің және дене сапасының негізгі кешенді дамуын талап етеді. Ал, бұл дене дайындығын түрлі бағытта дамыту процесінде жүзеге асады, сонымен қатар футбол үшін арнайы сапаны дамытуға назар аударылады. Бастауыш футболшылардың дамуы дене сапасының және түрлі ептіліктері олардың жан-жақты дайындығына әсер етеді. Сонымен қатар техникалық және тактикалық дайындығының дәрежесін жоғарылатады.

Табиғи дайындықты болашақ спортсмендер тәртіп бойынша тұрақты психикамен және кернеулі қабілетке ие. Оларда өз күшіне деген үлкен сенімділік ісіне беріктілік пайда болады. Жоғары функциональды мүмкіндік, оларға қажығандықты болдырмауға, эффекті жүйеде тиімділікті сақтауға және осы негізде тактикалық қимылдардың оңшылдығын иеленуге мүмкіндік береді. Дене дайындығы жалпы және арнайы болып бөлінеді.

Жалпы дене дайындығы — бастауыш футболшының дене дайындық физикалық дамуымен жан-жақты дайындығының толыққанды дамуын қамтамасыз етеді. Ол негізгі физикалық сапалардың дамуына бағытталған және өмірде қажетті ептілік әрекеттерін ұсынады.

Жалпы дене дайындығының мақсаты — жаттығушының әрекет дайындығын жақсарту, арнайы дайындықтың фундаментін қалау. Дене дайындығы дамуының сапасы ретінде жалпы дене жаттығуларын жасау және спорттың басқа түрлерінің жаттығуларын жасау ұсынылады. Жа

ттығудың мүндай әртүрлілігі бастауыш футболшының қимыл-әрекетінің кеңеюіне бағытталған. Бұл жағдайды түрлі сапалар мен дағдылардың, әсерлердің заңдылықтарын ұғыну керек. Олар қалыпты, қалыпсыз немесе нейтралды болуы мүмкін. Мысалы: жаттығушының күшінің  ұлғаюымен шыдамдығы ұлғаяды, қозғалыс кардиниясы, соққының дәлдігі жақсарады. Қалыпты тасымал негізгі ойындық дағдыларды қабылдау құрылымын бұлшықет жұмыстарының режимін қамтамасыз етеді.

Жалпы дене дайындығы өзінің мақсатына, жаттығушы тұрақты және үздіксіз жаттыққанда ғана жетеді. Ол футболшыларды дайындау кезеңінің барлық оқу-жаттығу сабақтарының міндетті құрылымды бөлігі ретінде қарастырылады. Әрине жалпы  дене дайындығы бастапқы этаптарда көпжылдық дайындықты орын алады. Спорт шеберлігінің дәрежесі (ұлғаю) және жас ұлғаюмен оның үлесі азайып және керісінше арнайы дайындық үлесі ұлғаяды.

Арнайы дене дайындығы — бұл айналысушының дене сапаларын және функционалды мүмкіндіктерін дамыту мақсатында бағытталған футбол спецификацияларымен сәйкес келтіретін және жоғары спорт көрсеткішіне жетуді қамтамасыз ететін процес.

Арнайы дене дайындығы ойынның техникалық тәсілдерін игеруге, айналысушының тактикалық шеберлігін жоғарылатуға, оның спорттық форманы игеруіне, сонымен қатар психикалық дайындығын жетілдіруге мүмкіндік туғызады. Оның негізгі мақсаты — күшті, жылдамдықты, ептілікті, шыдандылықты, икемділікті өзара байланыстырып және біріктіріп барынша дамыту.     

Бұл есептерді шешу үшін футбол ойындарына мінезделген күштену, үйлестік қозғалыс ырғағы мен шапшаңдығының арнайы дайындық жаттығуларын пайдалану ұсынылады.  Бұл үшін бәрінен бұрын техника тактикалық жаттығулар, спорттық және қимылдың ойындар, футбол ойындары, спорттық басқа түрлерінің жаттығулар сай, дәл келеді. Арнайы дене дайындығы жалпы қозғалыс дайындығына жинақталады. Оның міндетін шешу үшін айналысушы жалпы дамытудың анықталған деңгейіне жеткенде ғана өту ұсынылады.

 

2.1 Ептілікті дамыту жаттығулары

 

Футболшы ептілігі, өзгермелі ойын талаптарының қозғалыс әрекеттерін жылдам әрі әдемі орындау қабілеттілігімен байқалады. Шын мәнінде епті ойыншы құлықтың толық сарқылмасын немесе қандай-да бір өзге және бөлек айлакерлікті орындай алады және қиындау жағдайда гол соға алады. Дәл осы ептілік жоғары спорт шеберлігінің айырмашылық шеберлігі болып табылады. Ептілікті дамыту үшін жастайынан бастап жұмыс істеу керек. Себебі бұл сапа өте жай дамиды. Балаларда ептілік көрсеткіштері мектеп кезеңі бойында көбею тенденциясын иеленеді, ал оның құрылу процесі шамамен 14 жаста аяқталады.

Мұнымен қоса ептілікті дамытудағы айтарлықтай өсу жаттығу жүктемесінің көбеюіне қарай 8-ден — 9-ға, 11-ден — 12-ге дейінгі жас аралықтарында байқалады.  Ептілікті дамыту жаттығуларын тыңдаудағы негізгі принцип мүмкіндігінше әртүрлілікті таңдау жаттығуда жақсы жатталған гимнастикалық және акробатикалық жаттығуларды, жүріс пен жүгірісті әртүрлі үйлесімде алмастыру, күтпеген жерден жағдайы ауысатын қозғалыс ойындарын, ойынның техникасы мен тактикасына жаттығулар қолданған пайдалы. Бұларды сабақтың басында орындаған тиімді.

 

Допсыз

  1. Тіреуіштен отырып, алға және артқа құлау.
  2. Құлаудың сериялары 1 алға, 1 артқа.
  3. Шың арқылы алға және артқа құлау.
  4. Тіректі секіріс: «ешкі» арқыды аяқты сезт және иіп секіру.
  5. Тағандар аралық секіру. (Тастар, жалаушалар).
  6. Салынған доп арқылы секірулер.
  7. Ағаштар арасында жүргізу (тағандар, доптар, жалаушалар, тастар).
  8. Жүгіруден кейін және көпірлерден (трамплин) өткеннен кейін жоғары-алға секіру және лақтырылған допты ұстату.

Футбол добымен

  1. Қолға доп ұстап, алға және артка құлау.
  2. Допты қолмен жоғары лақтыру алға аунап түсу, түсіп келе жатқан допты ұстап алу.
  3. Дәл сол бірақ аунап түскеннен кейін тез түрып жоғары секеріп, допты ұстап алу.
  4. Допты аяқ, бел, бас арқылы жерге түсірмей ойнау.
  5. Доппен ағаштар арасында (жалаушалар, кірпіштер) түрлі жылдамдықта жүгіру.
  6. Допты қолмен алға жоғары лақтыру, алға аунап түсу, тұру және доп жерге түсе салысымен допты алып, қозғалыстың бағытын өзгертіп жүргіру.
  7. 7-3 қадам қашықтықта бастан жоғары допты қолмен қабырғаға лақтыру, алға аунап түсу және қабырғадан ұшқан допты ұстау.
  8. Әріптеспен 3 метр қашықтықта тұрып, допты аяқпен жерге түсірмей ойнау. 3-ші ойыншының қатысуымен жеңіл соққы мен допты бір-біріне бағыттау. Допты қабылдағаннан кейін жерге түсірмей ойнау.
  9. Теннис добымен жерге түсірмей ойнау.
  10. Домалап келе жатқан автомобиль камерасы арқылы аунап түсу.
  11. Лақтырылған допты бас соққысымен қайтару. 30-40 см. жоғарыға биіктікке секіру.

Жаттығушының ептілігін арттыру үшін жоғарыдағыларды күрделілендіре түсіп, сапалырақ жаңа жаттығуларды қолдану керек. Ептілікті дамыту ойынның техникалық қабылдауларын жаттығуларды меңгеруге бағытталған.

 

2.2 Икемділікті дамыту жаттығулары

 

Икемділікбұл үлкен амплитудалық қозғалысты орындау және бұлшықеттердің қимыл қабілеттілігі, тіректердің қимылдағыштығы. Футбол матчарының бірнеше сәттерін есіңізге түсіріңіз. Мысалы; қорғаушы мен күреске түсуші жоғары секіріп және жақсы қозғалыспен бас арқылы допты қарсыласының торына дәл бағыттайды. Шынында да керемет емес пе. Ол бұл қимылды жақсы орындаған себебі жақсы икемділікке, иілгіштік қасиетіне ие. Осы дене сапасы жөнінде бірнеше мәліметтер. Иілгіштіктің даму активизациясы әдетте 9-дан 11, 14 тен 16 жасқа дейін байқалады. Өсу барысында тиімді жас периодтары ретінде 9-10, 10-11 және 14-15 жас болады. Икемділік ептіліктің, жылдамдықтың және күштілікке елеулі әсер етеді. Икемділік дәрежесі тірек формасына бұлшық еттер байланысының соғылмалылығына және бұлшық еттер тонусына тәуелді.

Икемділікке арналған жаттығуларды әр жаттығу сабақтарында орындау керек. Бұл жағдайда шектен тыс күш түсіру бұлшықеттердің зақымдануына әкеп соқтырмаған жөн. Сондықтан икемділікке арналған жаттығуларды орындалмас бұрын жалпы дамытушы жаттығулар жасау арқылы бұлшық еттерді қыздырып алған дұрыс. Икемділік жаттығуларын жасау барысында демалу үзілістерін ұмытпау керек. Бұл үзілістерде босаңсу жаттығуларын да орындау қажет.

Допсыз

  1. Табан арқылы айнымалы қозғалыс жасау, аяқты жоғары сонымен қатар арқамен жату арқылы аяқты жоғары көтеру.
  2. Бір аяқты алға көтеріп, 2-ші аяқпен тұрып табан арқылы айнымалы қозғалыс жасау.
  3. Арқамен жатып, аяқты жоғары көтеріп табан арқылы барабанды айналдыру (1-сурет).
  4. Әткеншекке тұрып тербеліс жасау (2-сурет.).
  5. Аяқпен барабанды, қозғау арқылы алға жылжу (3-сурет).
  6. Әртүрлі жағдайларда тұрып (қалды жоғары-төмен, жанына, кеудесіне арқасына және т.б.) қалды алға және артқа қою арқылы қозғалсы жасау, сонымен қатар жеңіл гантель арқылы жасау.
  7. «Көпір» жағдайында аяқты созу және бүгу арқылы алға, артқа теңселу.
  8. Отырып (аяқ бірге) алға иілу.
  9. Әртүрлі жағдайларды (аяқ бірге, тізерлей тұрып) артқа максималды иілу.
  10. Жай жүгіру барысында жоғары секіріп баспен допты ұру.
  11. Жай жүгіру барысында 90-1800 градусқа жоғары секіру арқылы бұрылу.

 

(Аяқ) Футбол добымен

  1. Аяқты 450-қа жоғары көтеру арқылы табанмен допты ұстау (4-сурет).
  2. Дәл сол табанды иілдіріп, допты ұстап тұрып.
  3. Тіреке ілінген допқа секіру арқылы жету.
  4. Арқамен жату жағдайында әріптесі допты біртіндеп жоғары көтеру барысында аяқты созып допқа жеткізу (5-сурет).
  5. Табанды жан-жаққа ішке бұру (6-сурет).
  6. Арқамен допты қысу (екі адам арқылы).
  7. Дәл солай, бірақ екі доп арқылы.
  8. Тізені кеудеге жеткізуге тырысып, табанмен допты қысып, жоғары секіру (7-сурет).
  9. Аяқтың тізе тіректері арқылы табанмен допты қысу (ішпен жату) (8-сурет).
  10. Өзі арқылы табанмен допты қысып, тізенің көмегімен допты алға лақтыру (9-сурет).
  11. Арқамен жатып, табанмен допты қысып, аяқты баспен ғана жатып алға қарай ию (10-сурет).
  12. Әріптестің иығына сүйеніп аяқты үшінші әріптес арқылы біртіндеп жоғары көтеріліп жатқан допты аяқпен тебу (11-сурет).
  13. Дәл 12-ші пункт, бірақ теріс қарап жасайды (12-сурет).
  14. Екі пар түсіп келе жатқан допқа таласады. Доп үшінші адам арқылы лақтырылады (13-сурет).
  15. Әріптесі лақтырған допты тоқтату (14-сурет).
  16. Тізерлеп отырып, кеуде арқылы лақтырылған допты тосып алуы (15-сурет).
  17. Екбетінен іш арқылы жатып, табанмен және қолмен допты қысып ұстап керілуі (16-сурет).
  18. Екі аяқпен допты қысып алып, бір жағымен жатып, аяқты бірден жоғары көтеру (17-сурет).
  19. Арқа арқылы жатып, табанмен допты қысып, аяқты оңға-солға бұру. Қолын әріптесі ұстап отырады (18-сурет).

 

2.3 Жылдамдықты дамыту жаттығулары

 

Жылдамдық (тездік) — бұл іс-әрекетті өте жылдам, тез орындау қабілеті. Аталған қабілет тактикалық ойлаудың тездігімен, техникалық қабылдауларды орындау тездігімен, ойыншы қимылының тездігімен сипатталады. Әрекет тездігі әрбір ойыншының, сонымен қатар бүкіл команданың табыстылығына ықпал етеді. Бұл түсінікті нәрсе, себебі, футбол біртіндеп жылдамдықты арттырады, ал әрбір ойыншы осы қабілетті өзінде дамыту қажет.

Бастауыш футболшылар бұл қабілеттің тек жастық шақта болатындығын және тек жастық шақта ғана дамыта алатындығын айта кеткіміз келеді. Мамандардың айтуы бойынша бұл консервативтілік сапасы болып табылады. сонымен қатар жылдамдықтың дамуы жас ерекшелігімен байланысты екен. 7-12 жастағыларда қозғалыс тездігі өте жоғары дәрежеде дамиды. 14-15 жастарда қозғалыс түрлі болады, ал 15 жастан кейін тұрақтылық тенденциясы байқалады.

Жылдамды, күштілік, икемділік, төзімділік сияқты физикалық қабілеттермен тығыз байланысты. Жылдамдың комплексінің көрсеткішіне мыналар кіреді: стартты жылдамдық, жүгіру тездігі ситуация кезінде бағалау жылдамдығы, тактикалық ойлау жылдамдығы.

Жылдамдықты дамыту жаттығулары кезіндегі демалыс (үзіліс) 1-2 минут болуы керек. Жылдамдықты дамыту жаттығуларының негізгі әдісі ретінде 10-15 с ішінде орындалатын жаттығулар болып табылады. Бұл жаттығуларды дене қыздыру жаттығуынан соң дене қызып тұрғанда бірден бастаған жөн. Егер бұлай жасамаса, жылдам қимылдың арқасында денеде ауырсыну пайда болуы мүмкін.

Жылдамдықты дамыту үшін өте таныс жаттығулар алынады.

 

Допсыз

  1. 10-нан 6 м қысқа қашықтықта қайталап жүгіру.
  2. 2 х 10м, 4 х 5м, 4 х 10 м, 2 х 15 м, 5 х 30 м жүгіру.
  3. 10 сек. ішінде жоғары жылдамдыкпен жоғары көтеріліп жүгіру. 3-4 рет қайталау. .
  4. Дәл солай, бірақ тірек арқылы (19-сурет). Аяқтың түзу түруына назар аудару керек.
  5. Әріптес сигналына бірден тоқтау арқылы жүгіру.
  6. Арқамен жатып аяқты жүгіріс қозғалысына келтіру (20-сурет). Аяқ қимылының жылдамдығы 10 сек 3-4 рет қайталау.
  7. Секіру тәріздес жүгіру (21-сурет), жүгіру барысында бөксе мен табанның күшті иілуіне назар аудару керек. Бұл жағдайда қолдар қимылға келеді. Жаттығу тез, әрі қысқа жоғары-төмен орындалады.
  8. Ірі қадаммен 10,15 және 20 м-ге жылдамдықпен жүгіру.
  9. Бірнеше рет аунау арқылы 10-15 м-ге жылдам жүгіру.
  10. Жоғары секіріп, баспен допты ұру арқылы 8-10 м-ге жылдам жүгіру.
  11. Еркін әрі кең қимылмен үдемелі жылдамдықпен жүгіру.
  12. Баспалдақпен жүгіру өте тез темпте орындалады.

 

Футбол добымен

  1. 10, 20 және 30 м қашықтықта допты тез енгізу. 3-4 рет қайталау.
  2. Қолмен допты ұру, соңынан доппен ұмтылу, бірден жайлап бастапқы жағдайға келу. 3-4 рет қайталау.
  3. Допты жаймен енгізу. Сигнал арқылы допты aлға бағыттап, ұмтылыс жасау. Допты тоқтатып алып, оны жаймен қақпаға енгізуді қайталау. 3-4 қайталау.
  4. Аяқпен допты жерге түсірмей ойнау. Әріптестің сигналы бойынша айналу және допты, 20-30 м қашықтыққа апару. Үзілістен соң жаттығуды қайта қайталау.
  5. Ойыншының біреуі допты тура апарып, допты бағыттайды да өзі шетке тұрады. Оның әріптесі допқа ұмтылып, оны тоқтатып, кері қарай жай темппен ендіреді т.б.
  6. Екі ойыншы бір-бірінен 5 м қашықтықта тұрады. Біреуі допты әріптесіне бағыттайды. Ол допқа ұмтылып, ұстап алған соң айналады да допқа тағы да ұмтылыс жасайды. Мұнан соң екеуі орын алмасады, 3-4 рет қайталайды.
  7. 10-12 қадам қашықтықтағы жатқан допқа ұмтылыс жасау және көзделген орынға түсіру үшін соққы беру. 4-5 рет қайталау.
  8. Допты әкеле жатып, бірден тоқтау және жан жаққа 5-6 қадамға ұмтылыс жасау. 5-6 рет қайталау.

 

2.4 Күшті дамыту жаттығулары

 

Футбол алаңында ойыншы допты дұрыс қағу үшін, көзделген мақсатты дәлдеу үшін, әріптесіне допты дәл беру үшін және т.б. әрекеттерді жасау үшін күш жұмсау керек.

Күшбұл ойыншының бұлшық ет көнегімен сыртқы кедергілерге төтеп бере алу қабілеті. Футболшы үшін негізінен аяқ күштерін дамыту қажет. Бірақ жаттығу барысында, аяқпен қатар, мойын иық, арқа, іш бұлшық еттерінің күштері дамуына назар аудару керек. Футболшы допты ұруда қағуда ұмтылыс жасауда кілт бұрылуда қажетті күштерді игеруі керек.

Күштің даму темпі негізінен кішкентай, және жасөспірім кездерде байқалады. 8 ден 9 жас, 10-11 жас және 14-15 жас. 8-11 жаста акробатикалық, гимнастикалық және секіру жаттығуларын орындау керек.

12-14 жастағылар үшін динамикалық жаттығуларды жасаған тиімді. 15-16 жастағылар үшін жаттығулар мөлшерін біртіндеп арттыра бастайды.

Әрбір жаттығудан кейін, қысқаша демалу керек (20-З0с). Үзілісте дем алу жаттығуларын жасау керек.

Мойын бұлшык, еттерін дамытуға арналған жаттығулар

  1. Бастапқы қалыптан (тұрып, немесе жатып және т.б.) басты иіп, айналдыра қозғалыс жасау. Дәл осылай, бірақ қолмен кедергі жасай отырып жасау. Мысалы ішпен жатып, қолды бастың артына қойып басты артқа, содан соң, алға мойын бұлшық еттеріне кернеу түсіре отырып жаттығу жасау.
  2. Әріптеспен бір біріне қарама-қарсы тұрып, оның мойнынан ұстап, өзіне ию. Әріптесі бір аяғы алда, қарсылық жасауға ұмтылады. Содан соң рольдері алмасады.

Иық және қол бұлшық еттерін дамытуға арналған жаттығулар

  1. Тірекке тұрып және жатып еңкею және шалқаю.
  2. Аяқтың көмегімен және аяқтың көмегінсіз жіп бойымен өрмелеу.
  3. Әріптесімен бір-біріне қарама-қарсы тұрып таяқшаны екі қолымен ұстау. Әріптесімен бірге таяқшаны ұстап бір-біріне қарсылық жасау.
  4. Әріптесімен қарама-қарсы тұру. Алақандарын беттестіріп, қолдарын еңкейтіп, шалқайып кедергіге қарсы тұру.
  5. Екі қолмен толтырылған допта лақтыру: төменге кеудеден, бастан

асырып, арқадан, бас арқылы, алға еңкейіп аяқ арасынан.

  1. Толтырылған допты қолға лақтыру.
  2. Бір қолмен толтырылған допты лақтыру.

 

Іш бұлшықеттерін дамытуға арналған жаттығулар

  1. Тірек жағдайында отырып, аяқпен түзу қайшы жағдайына келтіру.
  2. Арқамен жату. Әріптесін аяғына еденге қимылдамау үшін отырғызу, денені жаймен көтеру.
  3. Гимнастика қабырғасына тартылып, аяқты барынша жоғары көтеріп, жаймен төмен түсіру.

 

Кеуденің бұлшық еттерін дамытуға арналған жаттығулар

  1. Аяқты алшақ ұстап, қолды жоғары көтеріп, үш рет солға иілу, дәл осылай оңға. Әрбір бағыт үшін 6-8 жаттығу жасау керек.
  2. Тізерлеп тұрып, қолды жоғары көтеру, кеудені айналмалы козғалысқа келтіру: оңға, солға. әрбір бағыт үшін 6-8 рет жасау. Жаттығуды кішігірім гантель арқылы да жасауға болады.

Мойынның артына толтырылған доп, қойып, қолмен қысып, кеудені оңға солға ию.

  1. Әріптесімен арқа арқылы тиіп тұрып, қолды жоғары көтеру. Қолдарымен ұстасып солға иілу, бастапқы қалыпқа келу. Дәл осылай оңға. Әрбір бағыт үшін 5-7 рет жасау.

Арқа бұлшық еттерін дамыту жаттығулары

  1. Ішпен жатып, қолды жоғары көтеру. Қол мен аяқ бір мезгілде кездесетіндей етіп, артқа созу. Жаттығуды 6-8 рет жасау.
  2. Ішпен жату, қол жоғары, аяқты тіреу, 5-7 рет ұмтылыс жасау.
  3. Тірек түрінде жатып, қолды түзу ұстау, иілу. 5-8 рет жасау.

Аяқ бұлшық еттерін дамыту жаттығулары

  1. Орташа және жоғары жылдамдықпен тауға жүгіру. Тірек аяқтарының түзу болуына ерекше назар аудару керек.
  2. Құмды шұңқырда немесе терең қар, суда жүгіру.
  3. Жұмсақ грунт үстінде секіру, жүгіру.
  4. Аяқты түзу ұстап жүгіру. Тізе табан тіректерінің созылып, жиырылуы есебінен оң және сол аяқтарды кезекпен итеріп, жүгіру.
  5. Бір аяқтап секіру. Аяқпен қуатты итерілу арқылы алға ұмтылу. Бұл кезде жүгіргендегі сияқты қолдың да жұмыс жасауын қадағалау керек. Қашықтық 15-30 м.
  6. Белдің артқы бөлігіндегі бұлшық еттерді қатайту, жаттығулары. Ішпен

жатып, әріптес аяғын табан тірегі арқылы ұстайды. Денені жаймен артқа иеді, жаймен басталуы қалыпқа келеді.

  1. Белдің алдыңғы б.ет-н қатайту жаттығулары. Тізерлеп тұрып, артқа қарай майысу, бас еденге тиюі керек, жаймен бастапқы жағдайға келу. (22 сурет).
  2. 8. Бастапқы қалыптан үш тактілі серіппе отырып тұру қимылын жасау, ал 4-ші тактіде бастапқы жағдайға

келу. Жаттығуды 12-15 рет қайталау.

  1. Бастапқы қалыпта тұру, қолды арқаға ұстау, отыру, тұру. 10-12 рет қайталау.
  2. Бір қалыпта тұру кезекпен екі аяққа отыру 6-8 рет қайталау.
  3. Отырып алға, артқа, жан-жаққа секіріс жасау.
  4. Әріптесіңмен арқа арқылы қатар тұрып, барынша отыру, қолдары ұстасады. 6-8 рет қайталау.
  5. Табанмен допты қысу және алға немесе жан-жақты секіру.
  6. Арқамен жатып тізені кеудегі қою. Жоғарыдан лақтырылған допты аяқпен тебу. 6-8 жаттығудан кейін әріптесіңмен орын ауыстыру.
  7. Негізгі тұрыстан қашықтықпен ішіне құм салынған қап, доппен жүру.
  8. Аяқпен допты тебу.
  9. Аяқпен допты алысқа тебу (соққы беру).

 

2.5 Төзімділікті дамыту жаттығулары

 

Төзімділік бұл ағзаның ойын шарттарында ұзақ уақыт физикалық жұмыс жасау қабілеттілігі. Төзімділік көбінесе тек қана ағзаның функциональді мүмкіндігімен ғана емес, сонымен қатар ойыншының рациональді техникасымен, оның еркіндік саласымен анықталады.

Бұл физикалық сананың дамуы мектеп жасында басталады., 12-13 жаста және 15-16 жас аралығында төзімділіктің өсуі байқалады. Ал 16-17 жаста интенсивті түрде байқалады.

Төзімділікті жаттығу жасаушы жаттығу кезінде ағзасы шаршағанға дейінгі уақыт аралығында қалыптастыруға болады. Төзімділікті қалыптастырудың негізі болып бірқалыпты темпте жүгіру болып табылады, сонымен қатар велосипед тебу, жүзу. Футбол сапаны өте жақсы дамытады.

Төзімділікті арттыру. Жаттығуларды жасау барысында пульсті есепке алып демалып отыру керек. Жүректің соғысы минутына 190-нан асып кетпеуі керек. Демалыс уақыты 30-80 метр қашықтыққа жүгіруде 1 минуттан 1,5 минутқа дейін, ал 150-200 метр қашықтықта 3-4 минут болуы керек.

Аталған жаттығуларды жасау барысында қан айналымы жақсарып, ағза тынысы кеңейіп бұлшық еттер күші артатындығын және қозғалыс кординациясы жақсаратындығы есте ұстау керек. Доппен ойнау арқылы жасалатын жаттығуларды жасау ойын барысында ойын проблемаларын шешуге көмек береді.

Допсыз

  1. Есептелген аумақта 20-40 минут жүгіру.
  2. Жүру, соңынан жүгіру: 100 м — жай жүру, 300 м — жай жүгіру, 100 м — қатты жүру, 300 м — орташа темппен жүгіру, 50 м- жедел жылдамдық.
  3. Баскетбол ойнау.
  4. Суда жүзу
  5. Түрлі қимылды ойынға қатысу.

Футбол добымен

  1. Допты 50-60 қадам қашықтыққа бірқалыпты алып жүру.
  2. Допты бір қақпадан еікнші қақпаға дейін алып келіп ендіру. Қашықтық 15 қадам. Алаң ауданы кішірейтіліп алынады. 3-4 рет қайталау.
  3. Әріптеске допты лақтыру. Ол допқа басымен соққы беру арқылы кері қайтарады. Ара қашықтық 4-5 қадым. 20-25 реттен соң орын алмасады.
  4. Әріптестен 6-7 қадам қашықтықта тұрып бір-біріне допты беру арқылы алға 50-60 қадам қашықтыққа жеткізу.
  5. «Допты алып қою ойыны. Алаңда 10-20 қадамды төртбұрыш белгіленеді. Допты төртбұрышқа апарып, барынша әріптесі допты ала алмаудың жағдайын жасап ойнайды.
  6. 6. Допты дәл беру ойыны. Әр командада ойыншылар саны тең (4-6 адам). Жеребе бойынша команданың біреуі ойынды бастайды. Команданың ойыншылары допты қарсы топ алып қоймас үшін бір-бірін дәл беріп отырады. Әр доп бергенде командаға 1 ұпай беріледі. Белгілі уақыттан соң командалар орын алмасады. Егер қарсы топ допты алып қойған болса, оларға 1 ұпай беріліп, доп қайтарылады. Осылайша қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.
  7. «Жарты алаңда» ойыны. Команда құрамы 6 адам. Қақпа 3 метр ендікте құрылады. Ойыншылар 2 минут паузалы 3 периодтан ойнайды. Әр периодтың ұзақтығы 8 минут.
  8. «Толық алаңда» ойыны. Команда құрамы 9 адам. Олар стандартты алаңда 25 минуттан екі тайм ойнайды.

Сонымен сіздер жаттығушының дене сапасын арттыратын жаттығулармен таныстыңыздар. Оларды тренировкаларда қолдануға болады. Мұндай жаттығулардан кейін денені босату жаттығуларын жасау ұсынылады.

  1. Қолды жоғары көтеріп, төменге тастау арқылы босаңсу.
  2. Аяқты арқамен жатып босаң ұстау.
  3. Қолды жан-жаққа сілку.
  4. Бос ұстаған аяқпен алға, артқа кезекпен қимылдату.
  5. Бір аяқпен тіреуде тұрып, әртүрлі көлбеу қимылдар арқылы аяқты сілку.
  6. Босаң қолдарды алға, артқа қозғалту.
  7. Босаң қолдарды созып алға қайшылау, артқа созу.
  8. Босаң қолдарды дененің иілген кезінде қайшылап жан-жаққа созу.
  9. Босаң аяқтармен алға-артқа қозғалыс жасау.
  10. Арқамен жатып, аяқты жоғары көтеріп, сілку.
  11. Қолмен денені тіреп, аяқты жоғары көтеріп сілку.
  12. Екі аяққа кезекпен отыру, қол төменге түсіріледі.
  13. Екі қол артта, кеудені оңға, солға қозғалту.
  14. Әріптестің көмегімен горизонталь бағытта қолды сілку.
  15. Арқамен жатып, әріптестің көмегімен аяқты сілку.

ҚОРЫТЫНДЫ

 

  1. Зерттеулердің нәтижесінде Дене шынықтыру емес жоғарғы оқу орындары үшін оперативтік ойлау жылдамдығының орташа деңгейі тән екендігі анықталды, бірақ бұл ретте оны бағалайтын тесттер көрсеткіштері мен ойындағы іс-әрекеттің тиімділігін көрсететін ақау коэффициентінің нық өзара байланысы анықталмады; бұл ойындағы іс-әрекеттерде жас спортшылардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін жүзеге асырудың шағын дәрежесін куәландырады, бұл оперативтік ойлау жылдамдығын бағалайтын тесттердің көрсеткіштері ең аз салмақтық мәндерге ие болған олардың ойындағы іс-әрекеттерінің тиімділігінің факторлық құрылымында көрінісін тапты.
  2. 12-13 жасар балғын футболшылар дене қасиеттерінің даярлығы мен техникалық даярлықтың қанағаттанарлық деңгейіне ие, бірақ бұл ретте даярлықтың осы түрлерінің көрсеткіштері ақау коэффициентімен корреляцияланбайды, алайда ойындағы іс-әрекет тиімділігінің факторлық құрылымында 30 м жүгіру, 3х10 м айқыш-ұйқыш жүгіру мен дәлдікке соққы жасаудың көрсеткіштері үлкен салмақты маңызға ие, бұл, біріншіден даярлықтың аталған түрінің ойындағы іс-әрекеттің тиімділігімен сызықтықсыз байланысқандығының растауы болуы мүмкін және екінші жағынан, сірә, табысты ойындағы іс-әрекет үшін жас футболшыларға физикалық және техникалық даярлықтың жеткілікті деңгейі қажет болар.
  3. Корреляциялық талдаудың нәтижелері жас футболшылардың ойын жағдайларының тест-үлгілерінде теориялық шешімдерді қабылдау дұрыстығының көрсеткіштерінің орташа деңгейі мен тактикалық ойлаудың және ойындағы іс-әрекеттің тиімділігінің көрсеткіштері ретіндегі ақау коэффициентінің өзара байланысы бар екендігін растап отыр, онымен қоймай, «Үштік» тестіндегі теориялық тактикалық және оперативтік ойлау көрсеткіштері өзара байланысқан, бұл 12-13 жасар балғын футболшылардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін жүзеге асырудың белгісі болып табылды және тактикалық даярлықтың теориялық бөлімін кеңейту арқылы тактикалық ойлауды дамытудың болашағын көрсетіп берді.
  4. Ойындағы іс-әрекеттің тиімділігін қамтамасыз ететін шарттардың бірі спортшылардың ойында туындайтын жағдайларды классификациялау қабілеті болып табылады, бұл үшін 12-13 жасар балғын футболшыларды теориялық тактикалық даярлаудың мазмұнын тактикалық міндеттерді шешуге бағыттаған жөн болады; тактикалық даярлықтың практикалық сабақтарында бұл ретте осыларда теориялық циклде қарастырылған жаттығулар орындалуға тиіс.
  5. Эксперименттік топтың жас футболшыларының ойындағы ойлауын дамытудың жасап шығарылған әдістемесін пайдалану олардың теориялық тактикалық міндеттерді – оның ішінде қалыптасқан ойын жағдайларының белгілерін бөліп көрсете және осылар бойынша оларды жіктей білуінің есебінен шешім қабылдаудың жылдамдығы мен дұрыстығын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді. Дәл осы уақытта бақылау тобының сыналушыларында шешім қабылдау жылдамдығының көрсеткіші негізгі педагогикалық эксперименттің барысында айтарлықтай өзгермеді, теориялық тактикалық шешім қабылдау дұрыстығының көрсеткіштері бастапқымен салыстырғанда анық жақсарады, бірақ эксперименталды топтың мәліметтерінен кем түседі (p < 0,05).
  6. Теориялық тактикалық шешім қабылдау жылдамдығы мен дұрыстығының көрсеткіштері «Үштік» және «Коосс кубиктері» тесттеріндегі ақау коэффициенттері мен оперативтік ойлау жылдамдығы шамалары корреляциялық құрылымға біріктіргендіктен, сонымен қатар факторлық салмақтардың жоғары мәндері жас спортшыларды дәстүрлі даярлау жағдайларында байқалмаған, оперативтік ойлаудың жылдамдығын және техникалық даярлықты көрсететін көрсеткіштерде анықталғандықтан, негізгі педагогикалық эксперимент аяқталған соң 12-13 жасар балғын футболшылардың ойындағы іс-әрекеттерінің тиімділік көрсеткіштерін зерттейтін корреляциялық және факторлық құрылым өзгерді.
  7. Негізгі педагогикалық эксперименттің нәтижелері 12-13 жасар балғын футболшылардың ойындағы ойлауын дамытудың жасап шығарылған әдістемесінің тиімділігін растап шықты, осыны мұнда эксперименттік топтың футболшыларының ойынында ақау коэффициенті бақылау тобының ойыншыларына қарағанда төменірек болған даярлық кезеңі де, жарыс кезеңі де аяқталған соң ЭТ пен БТ шұғылданушыларындағы ойындағы іс-әрекеттердің тиімділігінің айырмашылықтарының сенімділігі де көрсетіп отыр.

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Адамбеков К.И. Организация учебно-тренировочного процесса по футболу в специализированных классах: Метод. рекомендации. — Алма-Ата, 1981. — 40 с.
  2. Адамбеков К.И. Методика воспитания выносливости у юных футболистов. –Метод. рекомендации. -Алма-Ата, 1981. — 42 с.
  3. Асович И.М. Исследование скоростно-силовых качеств у под­ростков и юношей в связи с особенностями их игровой деятельности: Автореф. дис. … канд. пед. наук. — М., 1968. — 20 с.
  4. Базилевич О.П., Гаджиев Х.М., Волков Н.К. Повышение физической подготовленности и улучшение функциональных обязанностей у футболистов высокой квалификации. — В кн.: Футбол. М., I984, с. 23-27.
  5. Белоцерковский 3.Б. Определение физической работоспособ­ности у спортсменов по тесту PWG с помощью специфических на­грузок. Метод. рекомендации для ин-тов физ. культуры -М. 1980. — 39 с.
  6. Бойко А.Ф. Экспериментальное исследование методики тренировки бегунов на средние дистанции в соревновательном периоде: Автореф. дис. …  канд.  пед. наук. –М.,  — 20 с.
  7. Бубе X., Фэк Х., Штюблер X. Тест в спортивной практике. — М.: Физкультура и спорт, с, 72-79.
  8. Вайцеховский С.М. Книга тренера. — М.: Физкультура и спорт, 1971. — 312 с.
  9. Варюшин В.В., Лопачев Ю.Н. Комплексная оценка выносливости — Спортивные игры, 1981, № 5,  с, 
  10. Варюшин В.В., Адамбеков К.И., Байбулов К.Д. Методика
    воспитания выносливости у юных футболистов: Метод. рекомендации / Каз. ин-т физ. культуры. — Алма-Ата, 1982. — 44 с.
  11. Верхошанский Ю.В. Об оптимальном управлении процессом
    становления спортивного мастерства» — Теория и практика физ. культуры, I969, № 10, с. 2-6.
  12. Верхошанский Ю.В. Основы специальной силовой подготовки в спорте. — М.; Физкультура и спорт, 1970. — 264 с.
  13. Волков В.М. К физиологическому обоснованию построения

микроцикла. — Теория и практика физической культуры, 1973, № 5, с 57-60.

  1. Волков Н.И. Потребление кислорода и содержание молочной кислоты -при напряженной мышечной работе, — Физиологический журнал СССР им. Сеченова. Т. 48. 1962, с. 319.
  2. Волков Н.И. Влияние величины интервалов отдыха на тренировочный эффект. — Теория и практика физической культуры, 1962, т. 25, с. 12-32.
  3. Волков Н.И. Физиологические основы современных методов развития выносливости. — М., 1962. —
  4. Волков Н.И. Биохимические основы выносливости спортсме­на. — Теория и практика физической культуры, 1967, № 4, с. 19.
  5. Волков Н.И. Энергетический обмен и работоспособность человека в условиях напряженной мышечной деятельности: Автореф. дис. .. канд. биол. наук. — М., 1969, — 24 с.
  6. Волков Н.И. Основные вопросы теории и практики конько­бежного спорта, — В кн: Проблемы конькобежного спорта, М., 1970, с. 5-37.
  7. Волков Н.И. Проблемы утомления и восстановления в тео­рии и практике спорта, — Теория и практика физической культуры, 1974, № I, с. 60-63.
  8. Волков Н.И., Зациорский Б.М. Некоторые вопросы теории трениро-вочных нагрузок. — Теория и практика физической культуры, 1964, № 6, с. 20.
  9. Выносливость юных спортсменов / Под ред. Р.Е.Мотылянской — M.: Физкультура и спорт, 1969 , — 223 с.
  10. Выжгин В.А. Исследование эффективности методики обучения де-тей 11-I2 лет технике футбола: Автореф. дис..канд. пед. наук. — М., 1972, — 20 с.
  11. Гальперин С.И. Физиологические особенности детей: Посо­бие для студентов фак. естествознания: пед. ин-тов. – М.: Просве­щение, 1975 — 243 с.
  12. Гавдельсман А.Б., Смирнов К.М. Физическое воспитание детей школьного возраста, — М.; Физкультура и спорт,1960. — 286 с.
  13. Гавдельсман А.Б., Смирнов К.М. Физическое воспитание детей школьного, возраста. — 2-е изд., перер. и доп. — М.: Физ­культура и спорт, 1966, с. 46.
  14. Гавдельсман А.Б. Характеристика возрастных особенностей функции организма детей школьного возраста в связи с физическим воспитанием. — В кн.: Физиология человека. М., 1975, с. 477-491.
  15. Годик М.А. Контроль тренировочных и соревновательных нагрузок. — М.: Физкультура и спорт. 1980. — 136 с.
  16. Годик M.A., Скоморохов Е.Б. Критерии и величина анаэробных возможностей у футболистов. — Теория и практика физической культуры, 1978, №8, с. 24-26.
  17. Годик Ф.Д., Германсен Л. Биохимическая адаптация к упражне-ниям: анаэробный метаболизм, — В кн.: Наука и спорт. М., 1982. с. 14-59.
  18. Головина Л.Л. Физиологические особенности некоторых функции и мышечной деятельности школьников. — М-, 1984. — 29 с.