АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Жастарының саяси құндылықтық бағдарлары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жастарының саяси құндылықтық бағдарлары

 

 

520230- саясаттану мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін

алу үшін дайындалған

 

 

 

Дипломдық жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………….

 

I ТАРАУ. САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ БАҒДАРЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ……………………………….

  • Саяси құндылықтарды зерттеудің теориялық негіздері………..
  • Саяси құндылықтық бағдарлардың саяси құбылыстар мен байланысы…………………………………………………………………………

 

II ТАРАУ.  ҚАЗАҚСТАН  ЖАСТАРЫНЫҢ САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ БАҒДАРЛАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ПРОЦЕСІ……………………..

  • Жастардың саяси құндылықтық бағдарларындағы басымдылықтар

 (салыстырмалы талдау)………………………….

  • Жастардың саяси құндылықтық бағдары қалыптасуының негізгі жолдары мен әдістері (социологиялық зерттеу нәтижесі бойынша)………………………………………………………………………….

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………………

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                               

Кіріспе

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан — әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономикасы бар егеменді мемлекет. Қазіргі мемлекетіміздің қалыптасуының экономикалық қиындықтары аз болған жоқ,  алайда егемен ел болу үшін басты мақсаттар қатарынан саяси-рухани мәселелерді де көре аламыз. Олардың ішінде даралап айтып кетер бір — саласы жастардың саяси ой санасы мен құндылықтар жүйесінің, саяси бағдарларының қалыптасуы.

Жас ұрпақтың дүниетанымындағы өзгерістердің мәнін ой елегінен өткеріп, зерделеу теориялық мінддеттер тұрғысынан қалай зәру болса, өмірлік мақсат-мүддеден де солай маңызды. Қоғам дамуының жаңа арнаға түсуі, яки еліміздің егемендік алуы – тәуелсіздігіміз қаншама құндылықтарға жол ашты. Қоғамның күллі бағыт-бағдары, ізгі мұраттары, қажеттіліктері мен себеп-салдарлары түбегейлі өзгерді, мұның өзінің жастардың ой-санасына, өмірлік ұстанымдарына әсер-ықпалы болмай қалған жоқ.

Жастар – еліміздің жарқын болашағы, әрі әлемде өзіне баса назар аударатын халықаралық жастар қауымдастығының бір бөлшегі болып табылады.

Жастар Қазақстан халқының жартысынан артығын құрайды және қоғамның бұл өзгермелі, белсенді және ″тәжірибесіз″ бөлігі ел болашағында шешуші рөл атқарады. Н.Ә.Назарбаев осы мәселеге ерекше назар аудара отырып: ″Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр буынның өзіндік тағдыры бар. Сіздерде де ол өздеріңіздікі. Сіздерге осындай уақытта өмір сүру үлесі тиді. Және сіздер елді көтере аласыздар… Қуатты күш болғандықтан Қазақстан Республикасы кері бағытта жүргісі келмейтіндігін нық жариялай отырып, жастар жүргізіліп жатқан реформалар бағдарын қолдай алады″ /1/. Тиімді әрі пәрменді әрекет ету үшін жастарда әрі озық, әрі еліміздің түбегейлі мүдделеріне сәйкес саяси құндылықтар жүйесін қалыптастыру міндеті айқындалып тұр. Бұл істі әлеуметтік стихияға беріп қою дұрыс емес. Өйткені бос қалған орын міндетті түрде толтырылады.

          «Қандай қиын қыстау жағдайда да адамдар үшін өзекті болып қала беретін даусыз құндылықтар әрдайым болған және бола береді. Қоғамның адамгершілік деңгейін анықтайтын рухани байлық пен мәдениет осылардың қатарына жатады. Мүмкін осы қиындыққа толы қым-қуыт жылдарда өзіміздің құндылықтарымызды сақтап қала білгендігіміз біздің басты жетістігіміз болар» деп елбасымыз /2/ айтқандай саяси құндылықтар объективті жүріп жатқан саяси процестің даму үрдісінің мән-мағынасы мен бағыт-бағдарын айқындап отырады. Ол адамның қоғамда қалыптасқан адамгершілік, салт-дәстүр, мінез-құлық қағидаларын адамзат жасаған өмірлік құндылықтар мен талғамдарды, рухани байлықтарды бойына сіңіріп, меңгеруді талап етеді. Соның нәтижесінде адам бойында өзінің мінез-құлқын, жасаған іс-әрекетін басқа адамдардың сондай жасаған қылықтарымен салыстыру, соған байланысты баға беру, сөйте келе өзінің кім, қандай екенін түсіну, яғни адамның өзін-өзі танып білу қабілеті жетіледі. Адам қоғамнан өз орнын табуға, оған пайда келтіруге тырысады.   

Қоғамның саяси өміріне қажетті әрі озық игіліктерге жол аша келе, олардың дәстүрлі мәдениет пен отандық тарихтан алынған өмір үлгілерімен қосылу тетіктерін зерттеу күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселеге жатады. Көп ұлтты қазақстан қоғамында әр түрлі этникалық қауымдастықтардың арасында бірлік пен татулық болса, елдің экономикалық және әлеуметтік салаларын жөндеуге, дағдарыстан шығуға мүмкіндігі болады. Бұл бағыттағы ұтымды саяси процеске жастармен жүргізілетін саяси-тәрбие жұмысындағы ұлтаралық құндылықтар жүйесін үйлесімді ету үлкен маңызға ие болады.

Көпэтникалық Қазақстан үшін саяси құндылықтардың қалыптасуы, дамуы, таралуы процестерінің үлкен маңыздылығы бар. Өйткені құндылықтар өзінің ішкі қабілеті бойынша не оң, не теріс бағытта өрбуі, қоғамды біріктіруге, не болмаса ыдыратуға септігін тигізуі мүмкін. Бұл жастардың саяси қатысуына, мінез-құлқына тікелей әсер ететін құбылыс. Сондықтан бұл құбылысты саясаттану ғылымы тұрғысынан жан-жақты зерттеудің өзектілігі мол.

Қазақстан жастарының саяси құндылықтарын зерттеу мәселесі тек теориялық жағынан ғана емес, мемлекеттік тұрғыдан, практикалық жағынан маңыздылығы бар мәселе.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі Қазақстандағы саяси тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді, этникалық өзара түсіністікті нығайту мәселелерімен астасып жатады. Қазақстан жастарының демократиялық құқықтарын кеңейту, олардың саяси процеске нағыз саяси субъект ретінде қатысуы бүгінгі еліміздің саяси ахуалы үшін нақты мүмкіндіктер.       

Зерттеудің мақсаты. Зерттеудің негізгі мақсаты – жастардың саяси құндылықтық бағдарларын анықтау, нақты-тарихи зерттеулер арқылы дәстүрлі саяси құндылықтардың саяси өмірге тигізетін әсерін және олардың саяси құбылыстармен байланысын зерттеу.

          Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін мынандай ғылыми-зерттеу міндеттері ғылыми жұмыста алға қойылады:

  • қоғамдағы саяси құндылықтарды зерттеудің саясаттанулық аспектілерін, теориялық негіздерін анықтау;
  • саяси құндылықтардың ғылыми құбылыс ретіндегі мәнін ашып, оның басқа саясаттанулық ұғымдық аппараттармен, әсіресе саяси құбылыстармен байланысын анықтау.
  • саяси құндылықтардың қалыптасу процестерін айшықтау, қазіргі қоғамымыздағы саяси құндылықтардың тарихи-этникалық бастауларын анықтау;

  Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Ғылыми зерттеу жұмысында Қазақстанның тәуелсіздігін алған жағдайындағы жастардың саяси құндылықтарының ерекшеліктері этникалық талдау арқылы сарапталады. Сонымен қатар жұмыста мынандай ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді:

  • құндылықтар теориясының ауқымында саяси аксиологияға негіз болатын методологиялық және теориялық ұстанымдар айқындалады;
  • жүйелілік, нақты-тарихи принциптерін қолдану арқылы құндылықтар сабақтастығы көрсетіледі;
  • саяси құндылық феноменінің саясаттанудағы категориялық келбетіне жан-жақты сипаттамалар беріледі;
  • саяси құбылыстардың үйлесімді жүруі қоғамдағы саяси құндылықтардың жүйелі қалыптасуымен тікелей байланыстылығы дәлелденді;
  • саяси құндылықтардың қалыптасу механизіміндегі демократияландырудың, гуманизмденудің рөлі мен қызметі ашылған, бұл жастардың саяси қатысу белсенділігімен тікелей байланысты екені дәлелденді.

Зерттеу обьектісі ретінде жастардың саяси құндылықтық бағдарларын айқындау, саяси құндылықтардың қалыптасу түптамырларын көрсету болып табылады.

Зерттеу әдістері. Ғылыми зерттеу жұмысы саясаттанудың жүйелілік, салыстырмалы, нақты-тарихи, құрылымдық функционалдық зерттеу әдістеріне сүйенеді. Сондай-ақ социологиялық зерттеудің сауалнама әдісі қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I ТАРАУ.  САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ БАҒДАРЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ — МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1. Саяси құндылықтарды зертеудің теориялық негіздері

 

Құндылықтар әлемі кеңінен алғанда адам әлемі, мәдениет әлемі, бұл ғаламды тұлғаның игеруіндегі, танып-білуіндегі маңызды алғышарты. Өйткені, адам баласы өз санасының, дүниетанымының арқасында қошаған ортадағы әрбір құбылысқа баға беруге тырысады. Міне, содан келіп құндылықтардың жеке адамдық деңгейдегі құрылымы пайда болады. Әрбір әлеуметтік субьектіге сәйкес келетін қасиет – ол әлемді қарастырғанда, оған міндетті түрде құндылықтық қатынасын айқындайды /3/.

Объективті идеализмді ұстанған Платон мен Гегель сияқты философтар аксиологиялық (құндылықтық) мәселелер мен болмыстық мәселелерді сәйкестендіріп келді. Натуралистік-психологиялық бағытты ұстанған зерттеушілер кезінде адамның табиғи қажеттіктері мен импульстерінен құндылықтардың себептерін іздеді. Экзистенциялизмдегі М.Хайдеггер, Сартр сияқты зерттеушілер құндылықтардың қоғамдық маңызына мән беру қажеттігіне шақырды. Сөйтіп, ХІХ ғасырдан бастап, этика, эстетика, социология, философия және саясаттану салаларымен айналысқан зерттеушілер өздерінің ілімдерін, гуманитарлық облыстардағы концепцияларын міндетті түрде құндылықтар әлемімен байланыстырып келді.

Б.Констанды (1767-1830) зерттеушілер оны либерализімнің рухани әкесі деп есептейді. Б.Констан саяси ілімнің негізгі көзі-жеке бостандық проблемасы. Мұнда бостандық дегеніміз антикалық дәуірдегі бостандықтан ерекше болды. Б.Констан үшін адамның материалдық және рухани автономиясы, оны заңның сенімді қорғауы бірінші кезекте тұрады. Оның ілімі бойынша бұл құндылықтарға мемлекет құрылысы мен мақсаты тәуелді болуы керек.

А.Токвил (1805-1859) ″Америкадағы демократия туралы″, ″Ескі тәртіп және революция″ атты еңбектерінде демократияның практикалық аспектілерін зерттеді. Оның пікірі бойынша демократия ″теңдік″ және ″бостандық″ құндылықтарымен тығыз байланысты. Демократия үшін шексіз орталықтанған биліктің қажеті жоқ, сондықтан да ол билікті тармақтарға және жергілікті басқару ұйымдарына бөлуді ұсынды. Сонымен бірге, А.Токвил ″баспасөз бостандығы″ ″діни бостандық″ ″сот тәуелсіздігі″ сияқты құндылықтарды да ұсынды.

Марксизм классиктері саяси құндылықтар мәселесіне арнайы тоқталмаған, дегенмен әлеуметтік-экономикалық және таптық мәселелерді құндылықтармен тығыз байланыста қарастырды. Марксизм үшін ең маңызды болған құндылықтар ″теңдік″, ″еркіндік″, ″әділеттік″, ″еңбек″ жалпы  адамзаттың негізгі құндылықтарының қатарына жатады. Бұл құндылықтарды қоғам өміріне ендіру формасы ретінде революцияны таңдаулары үлкен қатерлі болғанын тарих дәлелдеді. К.Маркс пен Ф.Энгельс капитализм орнына социализм келеді, онда бұл аталған құндылықтардың басымдылығы артады деген пікірлері іске аспады.

ХХ ғасырдың 60-шы жылдары шыққан еңбектердің кейбірінде саясатты құндылықтардан босату керек, ол тек идеологиямен ғана тығыз байланыста болу керек деген қағида көрініс бере бастады. Ал, кейбір зерттеушілер (Дж.Роулс, Н.Нозик) қоғамдық өмірдің жылдам техникалануымен қатар реидеологизациялануы да бірге жүреді деген пікірді білдірді.

Еліміздің саясаттану ілімінде соңғы үш-төрт жылдарға дейін де әзірге саяси құндылықтар құбылысы ғылыми зерттеу обьектісі ретінде толық мағынада қарастырылмай келді. Оған, бір жағынан, кешегі кеңес үкіметінің мұраға қалдырған қоғамдық өмірді идеологияландыруы, саяси санадағы инерттіліктер мен стереотиптер кедергілерін жасап келсе, екінші жағынан, саяси ғылымдар гуманитарлық пәндер ішінде өзінің еншісін соңғы жылдары ғана толық ала бастады. Міне, осындай объективті процестер жағдайында құндылықтар негізіне философиялық, психологиялық зерттеулердің ауқымында қарастырылып келді /4/.

Әрине, құндылықтар теориясын дамытуда барлық концепциялардың қосқан үлестері назар аударарлық.

Саяси зерттеулердің тәсілдері сан-алуан болып келеді. Солардың қатарына тарихи-салыстыру, эмперикалық және жүйелілік әдістері жатады. Бұл тәсілдер бір-бірін толықтырып, саяси құбылыстар жөнінде біршама толық мағлұматтар бере алады және олардың мәнін, мағынасын ашуға себепкер болады.

Саясаттану ғылымында саяси құндылықтарға берілген анықтамалар көптүрлі. Мәселен, құндылықтар саяси мәдениеттің ішкі өзегі, әлеуметтік қауымдастықтар мүдделері мен сұраныстарының қорланған рухани көрінісі (Смелзер); адамзат мінез-құлқының мотивациялық орталығы (Здравомыслов); құндылықтар айырмашылығы мәдениетті түсіну негізі (Гидденс); құндылықтар әлеуметтік іс-әрекеттің жоғарғы қағидалары (Парсонс);

Сонымен саяси құндылықтарға саясаттану саласының ерекше ғылыми категориясы, ұғымы ретіндегі сипатына анықтама беруге тырысып көрелік. Саяси құндылықтар дегеніміз қоғамның саяси өмірінде саяси-әлеуметтік субьектілердің әр түрлі саяси құбылыстардың маңыздылығын айқындап, оларды өздерінің көзқарастары мен іс-әрекеттерінің негізгі іргетасына айналдыруы. Саяси құндылықтардың азаматтардың бағалауларынан айырмашылығы- олардың дүнитанымдық астарды қамтуында, объективті сипатты иемденуінде.

Саяси құндылықтар табиғатына келетін болсақ, онда бұл жерде негізінен саясаттың адами өлшемі туралы сөз қозғаймыз. Өйткені, бұл өлшемдер тек қана саясат саласында ғана көрініс бермейді, ол барлық мәдени кеңістікті қамтиды.

Қоғамдағы саяси құндылықтар жүйесінің қалыптасуының, өзгеруінің бірнеше себептері атап көрсетілген, мәселен:

  • сұраныстар мүдде ретінде қайта құрылған өз кезегінде құндылыққа ″айналады″;
  • құндылықтарды жоғарыдан нұсқау ретінде тарату, көбінесе тоталитарлы қоғам кезінде кездеседі;
  • құндылық қоғамның саяси мәдениеті жетістігінің жемісі.
  • саяси мәдениеттің бірден-бір қызметі қоғамдық санада қажетті саяси құндылықтарды қалыптастыру және бекіту;
  • құндылықтар саясаттан тыс пайда болады, болмыстың түбегейлі салалары: мораль, дін, экономика өнімі;
  • құндылықтар жүйесіндегі түбегейлі өзгеріс тапшылық гипотезасы мен әлеуметтендіру гипотезасына негізделген;
  • құндылықтар адамдардың шығармашылық таңдауы, бағалауы негізінде пайда болады, әрі ұлттық дәстүрмен, дүниетаныммен тікелей байланысты.

Саяси құндылықтарға қоғамдық өмірдегі белгілі бір әлеуметтік саяси қызметтер тән. Олардың ішіндегі маңыздыларына мыналар жатады:

  • біріктіруші (консолидация) қызметі, саяси жүйенің құлауына жол бермеу және азаматтардың сол саяси жүйені қолдауына қол жеткізу;
  • бағалау қызметі саяси өмірдегі іс-әрекетті, адамның саяси іс-қимылының туындысын, саяси идеяларды, пікірлерді ақтау немесе қаралау;
  • легитимдеу қызметі, билік құрылымын қоғамдағы көпшілік азаматтардың құндылықтық бағдарларымен сәйкестендіру, заңдастыру;
  • жұмылдыру, іске тарту. Қоғамдағы саяси іс-әрекеттерге, қимылдарға түрткі болып, адамдарды саяси билікпен байланысқа тарту, ″саяси адамды″ қалыптастыру, азаматтардың саяси қатысуын, яғни саяси әлеуметтенуін белсендіру болып табылады;
  • мерзімдік, қоғамда өткізілетін әр түрлі саяси оқиғалар мен процестерге байланысты (сайлау, референдум) қызметі;
  • локальді, әрбір әлеуметтік қабатқа маңыздылығы бар әрекеттер, аймақтық деңгейдегі жұмыстар.

Жекелеген адамдарды қоғамдағы саяси билікпен не байланыстырады? Ең алдымен, социомдағы саяси құндылықтар жүйесі, ол қажетті қалыптар мен адамдар арасындағы қатынас ережесін анықтап, белгілі бір мағынада олардың әрқайсынан саяси белсенді азаматты жасайды. Демек құндылықтар саяси қызметтің маңызды бағыт беруші құрылымдарының ядросы болып табылады:

  • идеология – құндылықтар жүйесі және топтық таңдаулар, сенімдер;
  • саяси мәдениет – саясаттағы бағдар мен іс-әрекет модельдері, өзіне таным, көңіл-күй, бағалауды қамтушы және саяси мәліметтерді таңдау өлшемі қызметін атқарушы;
  • саяси жүйе – саяси билікті пайдалануды ұйымдастырушы құндылықтар мен институттар;
  • саясат, құндылықтарды авторитарлы тәсілмен белгілеу және тарату.

    Мемлекет  көп құндылықтарды азаматтарының орындауын талап етеді. Бірақ қоғамдық саяси жүйенің даму үрдістері демократиялана түскен сайын авторитарлы тәсіл өз күшін әлсірете бастайды. Міне, мұнда қоғам мен мемлекет арасындағы қатынас өзара келісімге негізделеді.

Құндылықтарды жіктеудің өзінде көптеген тұрғылар байқалады. Мәселен, формальді түрде субъект құндылықтарды оң және теріс, салыстырмалы және абсолютті, объективті және субъективті десе, мазмұны бойынша мәңгілік (рухани), логикалық, эстетикалық, этикалық құндылықтарға бөледі.

Әрине, бұл жерде қоғамдағы құндылықтар типологиясының әр түрлі тарихи кезеңіңде ғана емес, әр түрлі тұлғаның деңгейінде өзгерістерге ұшырап отыратыны, басымдылықтардың орнын ауыстыратынын айта аламыз. Тіптен, қысқа тарихи кезеңнің өзінде саяси сананың, саяси құндылықтардың түбегейлі өзгеруі мүмкін. Оған қарағанда адамның түпкі мәнімен байланыста болатын жоғарғы құндылықтары- адамгершілік қалыптары өзінің тұрақты қасиетін сақтай алады. Өйткені қоғамда ондай тұрақты өзек болмаса жалпы әлеуметтік дүние күйреп кетуі мүмкін.      

          Н.Ресчер өзі ұсынған құндылықтарды анықтау типологиясын адамның әр түрлі қажеттіктері, мүдделері мен қалауларына байланыстыра қалыптастырады. Бұл типологияны төменгі таблициядан көруге болады.

 

№1 таблиция

Н.Ресчер жіктемесіндег                            Кейбір мысалдар.

құндылықтар категориясы

  1. Материалдық және Денсаулық, жайлылық,

денелік.                                         денелік қауіпсіздік.

  1. 2. Экономикалық Экономикалық сенімділік,

                                                       өндіргіштік, тиімділік.

  1. Моральдық Адалдық, әділеттілік.
  2. Әлеуметтік Қайырымдылық, сыпайыгершілік.
  3. Саяси Еркіндік, теңқұқықтық, заңдылық.
  4. Эстетикалық Әсемдік, үйлесімдік, симметрия.
  5. Діни Мойынсұнушылық, төзімділік.
  6. Интеллектуальды Білім, анықтық, логикалық.
  7. Кәсіби Табыс, мойындату.
  8. Сезімдік Махаббат, тартымдылық, достық.

Сонымен бірге саясаттануда мақсат құндылықтар және құрал құндылықтар деп жіктеу кездеседі. Мақсат құндылықтар қоғамның негізгі мән-мағынасын ашатын адами құндылықтар, маңыздылықтар болса, құрал құндылықтарға көбінесе күнделікті өмірде уақытша қолданылатын объектілер, нәрселер жатады. Ал енді саяси құндылықтар қандай құндылықтардың рөлін атқарады? Бұл жерде нақты-тарихилық принципіне сүйене отырып, бұл негізгі құндылықтардың сипаттамасын бере аламыз. Мәселен, тәуелсіздікке жете алмай жүрген халық үшін бұл құбылыс мақсат-құндылықтардың рөлін атқарса, ал өзіндік егемендігі бар ел үшін ол басқа мақсаттарды жүзеге асырудағы құрал болып саналады.

          Әлемдегі теңдікті іздеген саяси қайраткерлер, тарихи тұлғалар стихиялы эгалитаризмді нақты әлеуметтік орталарда саяси құндылықтар жүйесі ретінде бұқара халыққа ұсынып келді. Олардың кейбірі қабылданды, кейбір уақытша ғана өзінің үстемдігін білдіріп, тарих сахнасындағы сыныққа шыдамай, орнын басқа құндылықтық қатынастарға босатқан болатын. Сөйтіп, енді бұл процестердің түптамырларын, себеп-салдарлық негіздерін анықтау үшін саяси құндылықтардың негізгі белгілеріне сүйенеміз. Ал саяси құндылықтар 3 белгісімен сипатталынады: оларды адамдардың біріккен ұжымдық әрекеті нәтижесінде ғана тарату мүмкіндігі;   мемлекеттік билік механизімінің барлық аспектілеріне белсенді ықпал етуі; әлеуметтік қауымдастықтың бірыңғай мүдделерінің байланыс формасы. Сонымен бірге саяси аксиологияның негізгі заңдылықтары да қоғамдағы құндылықтар жүйесін зерттей отырып, ондағы стратегиялық бағыттар мен басымдылықтарды анықтайды, негізгі мақсаттарға жетудің жолдарын көрсетеді. Бұл жердегі негізгі методологиялық негіз болатын саяси философия принциптерін ғана емес, сонымен қатар социология, психология, мәдениеттанудың әдістемелерін синтездеу қажеттігі бар.

Құндылықтарды анықтау үшін ең алдымен субъект оны бағалау кезеңінен өткізуі керек. Сондықтан бұл құндылықтық қатынастардың қалыптасуы үшін элементтерді құрылымына енгізеді. Құндылықтар субъектісі— адам, әлеуметтік топтар; құндылықтар объектісі- нәрсе, процесс, құбылыс, дерек; құндылықтар мағынасы- рухани- категориялық атауға ие болуы, тұжырымдардың жасалуы.  

 

1.2. Саяси құндылықтық бағдарлардың саяси құбылыстар мен байланысы

 

          Саяси құндылықтар саяси саланың саяси мәдениет, саяси қалыптар, стереотиптер, саяси мүдде, идеология, саяси діл сияқты құбылыстары негізінде талданады.

          Саяси мәдениеттің әлеуметтік-психологиялық жақтарын білдіретін ұғымдар қатарында саяси түсініктер мен көзқарастар, құндылықтар мен құндылық бағдарлары, ұстанымдар мен сенім-нанымдар ерекше рөл атқаратындығы белгілі. Аталған құрылымдарда саясаттың тұлғалық және субьектілік өлшемдері нақтылы көрініс табады. Сонымен қоса олар саяси сананың рәміздік табиғатын ерекше айқындап көрсетеді /5/.

Саясаттың субъектілік және ішкі рухани болмысын, әдетте, психологиялық және әлеуметтанулық ілімдер көбірек қарастырады. Саясаттануда жоғарыда аталған құрылымдар негізінен саяси қатынастар мен процестер арқылы айқындалады. Яғни құндылықтар бағдарларын қарастыру саяси мәдениет үшін ауқымда болып шығады. Оған байланысты бірнеше ұғымдардың мазмұның анықтап алайық. Құндылықтардың табиғатын қарастыратын ілімді аксиология (грек тілінен- ″аксе″ — құндылық , ″логос″ — ілім деп аударылады). Жалпы алғанда, құндылық нәрселер мен құбылыстарды адам мүддесі тұрғысынан бағалаудан туындайды; яғни, өзімен өзі бейтарап нәрселер адамдық әрекетпен қамтылып, пайдалы, әдемі, қажет, ұнамды т.т. бола бастайды. Құндылық дегеніміз нәрселер мен заттардың әлеуметтік функциялары болып табылады. Құндылықтар әлемі сан алуан.

          Саяси құндылықтардың табиғаты мен түрлері, олардың өзара қатынасы, қоғамдағы атқаратын қызметі Қазақстанда жеткіліксіз зерттелген. Оның бірнеше себептері де бар. Біріншіден, бұрынғы тоталитарлық қоғамда саяси аксиологияға мән берілмеген. Өйткені саяси құндылықтар жоғарыдан танылып отырған және олар нұсқау сипатында халық арасында таратылып, олар туралы пайымдаудың қажеті болмаған. Екіншіден, Қазақстанда саясаттану ілімі енді қалыптасып келе жатқан жас ғылым және аксиологиялық мәселелер енді ғана теориялық талдаудың обьектісіне айналып отыр. Ә.Нысанбаевтың жетекшілігімен жарияланған ″Саясаттану″ оқулығында адамдардың үш түрлі саяси құндылық бағдарлары аталып өтеді: 1) билеуші құрылымдарға қатысты 2) қоғамның басқа мүшелеріне байланысты 3) өзінің саяси белсенділігіне қатысты /6/.

Аталған үш түрлі саяси бағдарларды негізге ала отырып, оқулық авторлары құндылық бағдарлары мен саяси мәдениеттің типтік ерекшеліктерін айқындауға ұмтылды. Осыдан саяси мәдениеттің үш типі айқындалады: патриархалдық (саяси енжар), мақұлдаушы және азаматтық. Біріншісі көбінесе дәстүрлі қоғамға, екіншісі – тоталитарлық жүйеге, үшіншісі – демократиялық елдерге тән. Ең маныздысы: оқулық авторларының құндылықтар мен саяси мәдениеттің коррелециялық байланысын кесте – модель арқылы көрсетуі.

 

 

Саяси мәдениет модельдері /7/.

 

                                                                                                      Кесте № 2

Белсендiлер

Белсендiлер

Белсендiлер

Белсендiлер

 

 

 

 

 

Мақұлдаушылар

 

Мақұлдаушылар

Мақұлдаушылар

 

Мақұлдаушылар

 

 

 

Патриархалдар

Патриалхалдар

Патриалхалдар

Патриархалдар

 

Демократиялық     тоталитарлық          авторитарлы              демократия

индустриалды        авторитарлық           өтпелі                       индустриалы

                                индустриалды                                               емес

 

Авторлардың пікірі бойынша, Қазақстан үшінші және төртінші топқа жақын келеді. Әрине осындай үлгінің танымдық жақтары жеткілікті болуы мүмкін. Бірақ, саяси құндылықтар мәселесі басқада ілімдерді ескеруді қажет етеді. Мысалы, бірінші бағанға дамыған Батыс елдерді, екіншісіне – бұрынғы социалистік жүйе, үшіншісіне – кейбір дамушы елдер, төртіншісіне – экономикасы төмен елдер жатсын дейік. Бірақ, барлық демократиялық елдерде жоғарғы саяси белсенділік бар деу шындықтан алшақ. Мысалы, көптеген Батыс елдерінде сайлауға халықтың бірталай мөлшері қатыспайды. Сосын дамыған елдерде белсенділіктің бұқаралық мәдениетпен тығыз байланысты екендігін ескерген жөн. Қаншама айтқанмен, бұқаралық сананы манипулациялау әрекеттерін бекерге шығара алмаймыз. Жарнама арқылы әсереленген, имиджмейкерлер ″ойлап″ әдеміленген саяси тұлғаны қолдауда бұқара ерекше бір жасампаздық жасай қоймайды.

Жоғарыда аталып өткендей саяси құндылықтарды біз аксиома ретінде тұжырымдай алмаймыз, оларды саяси қатынастарды эмперикалық талдау арқылы алынған көрсеткіштері арқылы айқындаймыз. Нақтылы әлеуметтік зерттеулерде төмендегідей саяси қатынастарға басты назар аударылады:

  • жалпы саясат пен саяси билікке қатынас;
  • нақтылы бір саяси режим мен жүйеге қатынас;
  • жеке саяси құрылымдар (мемлекет және оның институттары, саяси партиялар мен қозғалыстар) мен олардың күнделікті әрекеттеріне қатынас;
  • саяси тұлғаларға (елбасы, саяси қайраткерлер, оппазициялық тұлғалар т.т.) көзқарас;
  • саяси құндылықтарға қатынас.

    Осы қатынастардың саяси өмірдегі жиі әрі орнықты кездесетін типтері саяси әрекеттің мәдени түпнұсқасын құрастырып, саяси санада құндылық бағдарлары ретінде көрініс табады. Құндылықтардың өзі бұқаралық санада саяси ұстанымдармен тұтасып әрекет етеді. Егер саяси ұстанымдар мен  құндылықтардың көріністеріне келсек, онда олардың әлеуметтік өмірде саяси мұраттар және мақсаттар, басым мүдделер және өмірлік тілек-армандармен қосылып әрекет ететіндігін де ескеру қажет. Осыған дейін айтылғандарды және нақтылық әлеуметтік зерттеулерді пайдалана отырып, негігі саяси-әлеуметтік құндылықтарды атап өтейік. Мысалы, оларға мыналар жатады: ″азаттық″, ″еркіндік″, ″еріктілік″, ″әділеттілік″, ″тәртіп″, ″жауапкершілік″, ″теңдік″, ″адамгершілік″, ″ынтымақтастық″, ″отан″, ″қауіпсіздік″, ″орнықтылық″, ″ұлтжандылық″, ″комплиментарлық , ″азаматтық қоғам″, ″демократия″, ″лидер″, ″шығармашылық азшылық″, ″билік″, ″мемлекет″, ″отбасы″, ″адам құқықтары″ т.т.

  Саяси-әлеуметтік құндылықтар жеке дара әрекет етпейді. Олар басқа да тұлғалық құрылымдармен бірігіп, күнделікті өмірде тіршілік стилі (келбеті) арқылы көрініс табады.   Ғылыми әдебиетте өмір стиліне әртүрлі анықтамалар беріледі. В.Я.Ядов оны әлеуметтік іс-әрекеттің өзегі ретінде қарастырады. (әлеуметтік диспозиция) /8/.

   Қазақстан сияқты өтпелі мемлекеттерде жоғары саяси мәдениетті қалыптастыру үшін тұлғаның құндылық әлемін жан-жақты зерттеу табысты әрі тиімді саяси ықпалдың алғышартына жатады. Осы мағынада құндылық бағдарлар мен саяси ұстанымдардың сана деңгейіндегі көрінуі де маңызды болып табылады.

    Саяси бағдарлар мен ұстанымдардың төмендегідей құрылымдық элементтерін атап өтуге болады:

  • танымдық-ақпараттық бөлік. Бұл элемент қоғамдағы саяси саланың рационалдық даму деңгейін білдіреді. Қоғамдағы әртүрлі идеологиялық ағымдар мен жүйеленр өз құндылығын парасаттылық өлшемдерімен байланысты дәлелдеуге, насихаттауға және қорғауға ұмтылады;
  • сезімдік-тылсымдық бөлік. Саяси құндылықтар адам мүдделерімен тікелей байланысты болғандықтан, олар тұлғалар үшін бейтарап емес. Кейбір саяси құндылықтар адамда сезімдік қуат тудырса, басқалары халықтың ашу-ызасын келтіруі мүмкін;
  • баға беру бөлігі. Кез келген құндылық қолдауды не қарсы шығуды талап етеді. Мақұлданған саяси құндылықтар нағыз жасампаз күшке айнала алады. Әртүрлі саяси субъектілер бағаланып, олардың қоғамдағы орны мен беделі айқындалады;
  • іс-әрекеттік компонент. Шынайы саясат осыдан басталады. Мотивтік талдау құндылық потенциалын ғана көрсетеді, саяси қайраткерлер алуан түрлі саяси жағдайларда өз әрекеттерімен көзге түседі.

Саяси бағдарлардың құндылық негіздерін қарастырғанда туындайтын маңызды мәселе олардың басты типтік түрлерін жіктеумен байланысты. Қазіргі саясаттанулық әдебиетте төмендегідей саяси құндылықтарға бағытталған жалпылама типтер аталып өтеді:

  • консерваторлық бағдар. Бұл типте басым құндылықтар болып ″тәртіп″, ″бедел″, ″дәстүр″, ″әдеп″, ″дін″, ″отбасы″, ″патриоттық″, пен ″күшті мемлекет″ т.т. жарияланды. Консерваторлық саяси бағдардың мәдени өлшемдеріне архаистік сана, фундаменталистік бағыт, партикуляризм, жаңа мифология мен конондық құқық жатады. Осындай бағыттағы адам ″ата-бабалар жолы″ дегенді тым әсерелендіріп жібереді және болашақтан гөрі өткенді көбірек мадақтайды.;
  • либералдық бағдар. Оның басты құндылықтарына ″саяси еріктілік″, ″көппартиялық″, ″азаматтық қоғам″, ″азшылық құқықтарын қорғау″, ″демократиялық мемлекет″ сияқты батыстық үлгілер жатады;
  • эгалитарлық бағдар. Бұл тип өзін бұқараның ірі бөлігі деп есептейді. Ол үшін басты құндылықтарға ″теңдік″, ″біркелкілік″, ″әлеуметтік әділеттік″, ″халық мүддесі″, ″интернационализм″, т.т. жатады;
  • анархистік бағдар. Әдетте девианттық мінез-құлыққа тән және жалпы тәртіпті бекерге шығарады.;
  • ұлтшылдық бағдар. Бұл типте этникалық құндылықтар адам құқықтарынан жоғары қойылады. Оның басты принциптеріне ұлттық мәдениеті, тілді, ділді, мемлекетті т.т. әсірелеу жатады. Дамыған қоғамда бұл бағдар трайбализммен ұштасып келеді /9/.

     Әрине, бұл саяси құндылықтар әр елде өз ерекшелігімен байқалады. Тіпті, АҚШ халқының барлығын либералдық бағдарда деп есептеу асығыстық болар. Тіпті, консерваторлық бағдардың да ұнамды жақтары болуы мүмкін. Өйткені толассыз модернизм адамда мигранттық болмыс қасиеттерін қалыптастыруы мүмкін. Керісінше, тұрақтылық пен орнықтылық жалпы адамдық дамудың (соның ішінде – саяси дамудың) алғышарты.

Жоғарыда келтірілген саяси аксиологиалық құндылықтар бағдарларында негізгі саяси қатынас-билік қатынасы жеткілікті ескерілмеген. Сол себепті кейбір әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар мемлекеттік билікке көзқарасты басты таксономиялық өлшем ретінде алады. М.Вебер саяси бағдарларды анықтауда үш нәрсеге назар аударуды маңызды деп есептейді /10/. Оларға билеуші топ пен саяси лидерлердің легитимдігі, биліктің шектері мен функциялары және биліктің бөлінуі жатады. Осыған баиланысты ғалым үш түрлі саяси билік бағдарын атап өтеді: 1) дәстүрлі; 2) харизматикалық; 3) жария-рационалды.       

   Биліктің легитимділігінен басқа оның шектері мен функцияларына қатысты этатистік, либералдық және анархистік құндылық диспозицияларын айтуға болады. Этатистік бағдарлама мемлекеттік биліктің қоғамның барлық салаларын қамтуын қолдайды. Бұл бағыттағы азамат мемлекеттегі бірден-бір реттеуші тетік және әділеттіліктің кепілі деп түсінеді, мемлекет билігі әке билігімен теңестіріледі. Социалистік қоғамнан ″еш нәрсе істемесе де болады, әйтеуір мемлекет өлтірмейді″ деген түсінік қалған.

    Этатистиік бағдардан өзгеше диспозиция либерализм мемлекеттің билік аймағын функцияларын шектеуді қолдайды. Мемлекет азаматтардың құқығын, тәртіпті және қауіпсіздікті қорғайтын ″күзетшіге″ айналып кетеді.

Бұл негізінен Батыс елдеріне тән. Келесі бағдар анархизм мемлекеттік билік пен тәртіпті  мүлдем бекерге шығарады.

          Саяси аксиологиялық келесі бір маңызды мәселе, саяси субъектінің ұйымдасу типі мен бөлінуіне байланысты қойылады. Ежелгі заманнан бері монархия, аристократия мен демократия (Платон, Аристотель), билеу формалары ретінде сарапталып келеді. Осы мемлекеттік ұйымдасу түрлеріне байланысты үш түрлі саяси бағдар мен ұстанымдарды атап өтуге болады:  1) авторитарлық; 2) элитарлық; 3) демократиялық.

Саяси субъектілердің құндылық бағдарларын қарастыру тек саяси ұстанымдар типологиясымен аяқталмайды. Нақтылы саяси іс-әрекетте оның мотивациялық негіздері мен әдептік ахуалы үлкен рөл атқарады. Бұл саяси этос мәселесін алдыңғы қатарға шығарады.

          Саяси этос деп саяси субъектілердің мінез-құлқы мен іс-әрекеттеріне, қылықтарына тікелей әсер ететін, саяси мәдениеттің ішкі бөлігі болып табылатын — әдеп нормаларының тұтастығын айтамыз. Егер саяси идеология жалпы стратегиямен байланысты болса, онда саяси этос осы стратегияны жүзеге асырудағы нақтылы моральдық факторларды қолданумен қатысты.

          Саяси этос мәселесін айқындап алмай саяси құндылықтардың табиғатын түсіну қиынға соғады. Қазіргі кезде бұрынғы қолданылып жүрген ″капитализм″ мен  ″социализм″ сияқты терминдер өз мағынасын түбегейлі өзгерткен. Мысалы, белгілі ғалым Ф.Хайектің тұжырымдамасы бойынша қазіргі өркениетті елдерді капиталистік деп сипаттаудың еш негізі жоқ. Оларды ″адамдық ынтымақтастық пен келісімнің кеңейтілген тәртібі″ анықтайтын елдер деп атаған жөн /11/. Құндылық бағдарлары мен саяси этостың ішкі байланысы қазіргі құқықтық мемлекетті қалыптастыру мақсаттарынан да байқалады. Өйткен құқықтың нормалары моральмен тығыз байланысты.

          Тек әдеп құптаған баптар құқық нормаларына айналады. Құқық дегеніміз зұлымдық пен жамандықтың белгілі бір мөлшеріне тиім салудан туындайды /12/.

          Бұқаралық санада саясаткер мораль талаптарынан тыс тұратын, есеппен ғана әрекет ететін тұлға деген түсінік кездеседі. Әрине саяси бағдарлар мен әдеп құндылықтарының арасында қайшылықтың болуы мүмкін. Айталық, таза мораль тұрғысынан кез келген күш жақсылықтан тыс тұрады. Себебі әдеп күнделікті өмірден гөрі мұрат – идеяға жақын. Алайда нақты әлеуметтік саяси қатынастарда заң шеңберінен шығатын тұлғалардың құқығын шектеуге тура келеді. Сонымен қоса саясаткерлер көптеген жағдайларда (негізінен саяси күресте) тиімділік және мақсатқа сәйкестілік принциптерін жиі басшылыққа алып отырады. Саяси мүдделер өз әрекеттерінде мүдделері қарама-қарсы топтарды өз жағына шығару үшін жиі ымыраға барады.

          Саяси этос мәселелері Т.Парсонстың ″әлеуметтік әрекет″, Р.Мертонның ″ғылымның нормативтік этосы″, М.Вебердің ″идеалды типтер″ ілімдерінде жан-жақты қарастырылған. Мысалы, М.Вебер қаншама саясатты айыптағанымен, саясаткер үшін жауаптылық, әділеттілік сезімі дипломатия қажет деген. Оның пікірі бойынша саяси этостың басты құндылықтарына әмбебаптылық, сын көзбен қарау, келісімділік, үйлесімділік, тағы-тағылар жатады /13/.

          Саяси құндылықтар әдеп әлемімен қоса саяси мәдениетпен де тығыз байланысты. Саяси құндылықтар мен саяси мәдениеттің өзара байланысы саяси саланың саяси қалыптар, стереотиптер, саяси мүдде, идеология, саяси діл, сияқты құбылыстары негізінде талданады.

          Саяси мәдениеттің категориялық келбетін ғалымдар әр қилы тұжырымдармен айқындау үстінде. Біздің ойымызша саяси мәдениеттің ұғымдық мәнін барынша дәл бере білген көзқарастың қатарына Д.С.Клементьевтің редакциялауымен дайындалған ″Политология″ оқу құралындағы анықтама жатады. Ол еңбекте: Саяси мәдениет – азаматтардың қоғамдағы саяси іс-қимылдарын анықтайтын саяси нормалар мен ережелер, принциптер мен дәстүрлердің жиынтығы және ол жалпы мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады  /14/.

          Саяси мәдениет ұлттың (халықтың) және әр түрлі топтардың тарихи қалыптасқан саяси санасындағы көптүрлі аспектілердің жиынтығы. Оған тарих пен саясатты субъект түрде қабылдау, саяси білім мен мінез-құлық жатады. Бұл жерде тұрғындардың саяси мәдениетінің деңгейіне ықпал етуші факторлар, жағдайлар және саяси мәдениет деңгейінің азаматтардың құндылықтық бағалауларын бір арнаға жинақтаудағы маңыздылығы анықталынады /15/.

          Тұрғындардың саяси мәдениетінің деңгейіне ықпал етуші факторлардың бірі – азаматтардың жеке белсенділігі, қызығушылығы және біліктілігі. Бұл қызығушылықтың жойыла бастаған кезеңінде саяси аномия құбылысы пайда болады, яғни өмірлік мәнді құндылықтардың маңыздылығын жоя бастауы, дәстүрлі саяси құндылықтарға теріс көзқарастардың қалыптасуы жатады. Ол жағдай біздің елімізде посттоталитарлы кезеңде көрініс береді. Өйткені, ондаған жылдар бойы саяси сананың негізін құрап тұрған құндылықтар жүйесі, өзіндік тұрақтылығы бар экономикалық және әлеуметтік қатынастар қысқа мерзімде күйреп, талай адамдарға психологиялық тұрғыдан соққы болды. Тәуелсіздікпен қоса адамдарға жаңа дем беретін, рухтандыратын жаңа құндылықтар келді. Бірақ осымен орай азаматтардың саяси салаға сыни көзбен қарау дәстүрі де қалыптаса бастады. Бұқара халықтың бір бөлігі саяси енжарлық позициясына ауысып, нарық жағдайындағы қайшылыққа толы тіршіліктің ортасына қосылып кетті. Бұрынғы қоғамның мүдделері адамдардың дүниетанымында терең болғандықтан жаңа құндылықтар жүйесіне ауыса қою өте қиын әлеуметтік психологиялық феноменге айналады.

           Өтпелі қоғамда нағыз конструктивті типтегі саяси құндылықтар әлеуметтік тұтастықты сақтауға, саяси, экономикалық, мәдени процестердің үйлесімді дамуына, азаматтардың бағалау жүйесінде жоғары үлгілердің қалыптасуына әсер етеді. Адамдар қоғамда өздерінің мақсаттарын саяси жүйенің талаптарына сай қоя білуді осы құндылықтар жүйесі арқылы үйренеді. өйткені, құндылықтар арқылы әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі құбылыстардың маңыздылықтарын анықтауға болады. Әлеуметтік мақсаттар саясат субъектілерінің іс-қимылының мотиві (ниеті) /16/.

          Әлеуметтік және саяси құндылықтар саяси қалыптардың негізін құрайды. Ол екеуі де белгілі бір дүниетанымның ауқымында пайда болып, өмір сүреді. Саяси қалыптар – азаматтардың саяси мінез-құлқын білдіретін, саясат субъектілерінің іс-қимылын реттейтін, белгілі бір саяси мәдениет ауқымындағы саяси құндылықтарға сәйкес келетін саяси өмірдегі құбылыстар жиынтығы.

          Қалыптармен салыстырғанда құндылықтар адамдардың шығармашылық бағалауы арқасында пайда болады, ол дәстүрмен, дүниетаныммен тікелей байланысты. Ал, қалыптар болса қоғамдағы стандарттанған ереже, мінез-құлықтың орташа үлгісі ретінде дерективті түрде енгізіледі. Ол қоғамдағы белгілі бір өлшемде тұрақтандыратын құбылыс. Құндылықтар қалыптарға, мәдени-тарихи үлгілерге қарағанда өзгергіштеу келеді. Сондықтан саяси құндылықтарды абсолютті, салыстырмалы, қажетті, кездейсоқ деп жіктей аламыз. Бұл жіктеудің негізгі өлшемі адамдық басымдылықтар болып табылады. Құндылық ақиқатқа жақындаған сайын жоғары деңгейге көтеріле түседі.

          Сөйтіп саяси құндылықтар саяси құбылыстарды қабылдау тәсілі ретінде саяси мәдениеттің рәміздік маңызды факторы болып саналады. Ал саяси мәдениет болса әлеуметтік қауымдастықтардың тарихи тәжірибесін, саясаттағы қайраткерлер іс-әрекеттерінің қоғамдағы азаматтарының саяси мінез-құлқына әсерін қамтиды /17/.

Саяси  кеңістікте негізгі құбылыстардың бірі – саяси діл, ол- тұрақты геосаяси, тарихи-мәдени, әлеуметтік, саяси факторлардың әсерінен қалыптасады және ол саяси ойлаудың, саяси бағалаудың, басымдылықтар мен құндылықтардың, саяси мінез-құлық стереотиптерінің жүйесі. Саяси ділдің негізгі сипаттамасы – бұл құндылықтарды қабылдауға, ұстануға бейімділіктерін білдіру. Ал, саяси өмір болса кейде әртүрлі кедергілерден өтуге мәжбүр етеді. Міне, осыған орай саяси кеңістіктегі тұрақтылық пен өзгерістер бірін-бірі ауыстырып тұратын жағдайда саяси құндылықтардың бағыт-бағдары әрбір адамның жеке тағдырына өз ісін қалдырады /18/.

Елімізде саяси мәдениеттің демократиялық типін таңдап алуға – халықтың сауаттылығының жоғарылығы, көптеген қалалардың индустриялануы, кең байлығының молдығы, халықтар достығы дәстүрі, көп мемлекеттердің қарым-қатынас жасауға ашықтық сияқты негіздері бар. Бірақ, Қазақстан үшін саяси мәдениет дамуы күрделі құрылымға ие, ол – патриархалданудың басымдық танытуы. Бұл кездейсоқ қалыптасқан жоқ, себебі социалистік даму принциптері этникалық-мәдени дамуда маңыздылығы бар құндылықтарға мән бермей келді. Міне, сол жүзеге аспаған мүдделер өз уақыты келгенде әлеуметтік кеңістікте қайшылықтарды тудырады, енді бұл заңды процестердің тиімді шешімін тауып қана жылжудың реті келеді. Азаматтардың бұлай саяси құндылықтардан алыстай түсуі саяси жүйенің халықтан оқшау тұруына, демократиялық құндылықтарды қабылдау мен дамыту тарихи діліне сәйкес жүргізілмеуіне байланысты /19/.

Саяси құндылықтар, ұстанымдар және мәдениет туралы жалпы саясаттанулық қағидалармен танысып өткеннен кейін, олардың Қазақстан республикасы жағдайындағы ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып өтейік.

Адамзат тарихында авторитарлық немесе тоталитарлық кейіптегі биліктің түрлері басымдық танытқаны белгілі. Қазақстан өз тәуелсіздігіне жеткенше социалистік типтегі тоталитарлық биліктің қыспағында болып келді. Сол заманға сай азаматтардың саяси мәдениетінің деңгейі болды. Ал қазіргі кезеңде елімізде демократиялық принциптер пайда бола бастады.

Қазақстанның жалпы саяси бағдарына көшсек, мемлекеттің негізгі заңында ол құқықтық мемлекет құру және қоғамдағы демократияландыру деп атап көрсетілген. Конституция бойынша ″Қазақстан халқы егемендіктің иесі, республикадағы мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады″ /20/. Тарихи құбылыстардың нәтижесінде Қазақстан көпұлтты мемлекет болып қалыптасты. Осы ұлт өкілдері өздерін Қазақстанның толыққанды азаматымын деп есептеуі елдегі саяси тұрақтылық үшін өте маңызды болып табылады, яғни әртүрлі этностар саяси ымыраға келуі тиіс. Оны күшпен емес, демократиялық саяси келісім арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Қандай да болмасын аз ұлттық азаматтың құқығын шектеу біз орнатып жатқан құқықтық демократиялық мемлекет мұратымен мүлдем сыйыспайды. Бүгінгі демократиялық жағдайда негізгі қазақ халқы мен басқа ұлт өкілдері арасындағы кез-келген ұлтаралық шиеленіс ұлттық мемлекеттің қалыптасу процесіне кері әсерін тигізеді. ″Сондықтан да ұлттық мемлекет құру мүддесін көздеген қазақ халқы өз қамын ойлаумен қатар, ең алдымен барлық құқылы жағдайларды пайдалана отырып, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрі нығайтуды ойлауы тиіс″ /21/. Бұл білгір саясат пен өркениеттілік реформалар дәйекті жүргізуді талап етеді, ал ол үшін елдегі құндылықтар бағдарларын да біліп отырған жөн.

Әрине, саяси құндылықтардың ішіндегі ең маңыздысы – еліміздің тәуелсіздігі екенін жасыруға болмайды. Өйткені, бұл басқа құндылықтардың бәрін біріктіруші, жүйелеуші орталық, өзек сияқты құбылыс. Сондықтан Қазақстан азаматтарының бәріне ортақ құндылық – саяси, әлеуметтік, мәдени, рухани, экономикалық тәуелсіздікті нығайту басымдылық танытуда. Ал, бұл айтылған басымдылықтың астарында әрбір адамның еркін дамуына, тұлғалық жетілуіне жағдайларды қалыптастыру мақсаты жатыр.

Сонымен, жалпы бағдармен ел ерекшелігін ескеру қажеттігі анық болғанымен, Қазақстандағы құндылықтар бағдарларының нақтылы тетіктері мен әрекет етуі саясаттану ғылымында әлі жеткіліксіз зерттелген.

Жалпы азаматтарымыздың бағдарларына төмендегідей ерекшеліктер тән:

  1. саяси құндылықтар қоғамдағы жалпы құндылықтар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады;
  2. Қазақстан Республикасында құндылық бағдарлары өтпелі қоғамға тән игіліктерді қайта қарау тұрғысынан қалыптасып келеді;
  3. саяси құндылықтардың дәстүрлі сипаты ұрпақтар сабақтастығы арқылы этникалық ділдің ″қатпарларында″ терең орналасқан;
  4. құндылық бағдарлары бұқаралық санада саяси ұстанымдар мен өмір сүру стилімен біте қайнасып келеді. Саяси ұстанымдар посттоталитарлық жағдайға жоғарыдан таңылғанымен, күнделікті өмірде этникалық және отбасылық құндылықтар алдыңғы қатарға шығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ.  ҚАЗАҚСТАН  ЖАСТАРЫНЫҢ САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ БАҒДАРЛАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ПРОЦЕСІ

 

2.1.  Жастардың саяси құндылықтық бағдарларындағы басымдылықтар

 

Жас ұрпақтың дүниетанымындағы өзгерістердің мәнін ой елегінен өткеріп, зерделеу теориялық міндеттер тұрғысынан қалай зәру болса, өмірілік мақсат-мүддеден де солай маңызды. Қоғам дамуының жаңа арнаға түсуі, яки еліміздің егемендік алуы – тәуелсіздігіміз қаншама құндылықтарға жол ашты. Қоғамның  күллі бағыт-бағдары, ізгі мұраттары, қажеттіліктері мен себеп-салдарлары түбегейлі өзгерді, мұның өзінің жастардың ой-санасына, өмірлік ұстанымдарына әсер-ықпалы болмай қалған жоқ.

Біз ешкімді енжар қалдырмайтын қызық та таң-ғажайып уақытта өмір сүріп отырмыз; қоғам өмірінде, адам санасында, жастар дүниетанымында жүріп жатқан орасан зор өзгерістер оқымыстылар ортасында ғылыми талас үшін таптырмайтын азыққа айналды. ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарындағы жастар мен адамзат баласы естіп-білмеген неше алуан оқиғалармен басталған ХХІғ. – бүгінгі таңдағы жастар арасында елең етерліктей айырмашылық еріксіз қайран қалдырды.

Олар, шынында да, қандай еді? Өткен ғасырдың алпысыншы- жетпісінші жылдарындағы жастар ″жарқын болашақ″ — коммунизмді орнату идеясына алаңсыз сеніп өсті, олардың санасында күллі тіршілігіне деген қатынасты айқындайтын біртұтас құндылықтардың негізі мықтап орныққанды. Дәлірек айтқанда, ол заманда жас ұрпақтың рухани әлемі еңбек үстінде қалыптасты. Ұжымдық өмір қауымдастық қатынастың өзіне тән көрінісі, әрі сапалық белгісі, әрі принципі ретінде тек біріккен қоғамдық пайдалы еңбек жағдайында жүзеге асты.

Бір жағынан жастардың алдыңғы қатарлы отряды, анағұрлым белсенді және саналы бөлігі комсомол маңына топтастырылды; екіншісі, әлеуметтік тұрғыдан енжар, әлі ұйым ықпалына түсе қоймаған азын-шоғыр жасөспірім жеткіншектер ержетіп келе жатты. Е.М.Бабосов пен М.Х.Титма атап көрсеткеніндей, қоғамдық белсенді топ өз қатарына тартатын жекелеген жеткіншекке мынадай талаптар қоятын; тұрақты тапсырмалар алып отырады, қоғамдық-саяси жұмысты және қоғамдық істі бәрінен де маңызды деп санауға тиісті /22/.

Жастардың моральдық бет-бейнесі ең басты шарт еді, әлеуметтік деңгейдің өлшеміндей бағаланатын, қоғамның бар сипатындай көрінетін. Сол жылдардағы жастар өздерінің еңбегі неғұрлым жемісті болса, соғұрлым жақсы өмір сүретіндіктерін жанымен ұғынатын. Социалистік қоғамда жас адамның тұлға ретінде қалыптасуы – кісінің ұжымдық форманың кең дамуын және оның тікелей ықпалы жағдайында қалыптасуы шамамен осылай еді, мұның өзі оның кісілік келбетін көрсететін.

Басқаларға қарағанда жастар әлеуметтік топ ретінде өзгеше қасиеттерге ие екені белгілі. Бұл не қасиеттер? Ең әуелі, олардың ″рухының беймазалығы″, болмысқа сын көзбен қарайтындағы, ешкімге кіріптар болғысы келмейтін ″өзімшілдігі″ ақиқаттан, тіпті қоғамнан іргесін аулақ салуға ұмтылуы, саяқ жүріп, қара басының қамын бәрінен биік қоюы. Яғни, көңіл деген – көк дөнен, өз ерік-жігерінен қиялы ұшқыр.

Жастар қанша өзгеше қасиеттерге ие болмасын, ол таптан, әлеуметтік топтан тысқара өмір сүре алмайды. Сондықтан да жастар мәселесі күллі қоғамға қозғау салатын кең көлемдегі әлеуметтік проблемалардан да ауқымды һәм күрделі. Жетпісінші жылдары Батыстың көптеген қоғамтанушылары жастар арасында ″өмірді түсіну түйсігін жоғалту″ деп аталатын дерттің тез таратылуы туралы кәдімгідей алаңдаушылықпен дабыл қақан-ды. Сол жылдары американдық журналдың бір санында осы тақырыпқа әр қырынан келген 200 сұхбат негізінде АҚШ жастары мен студенттерінің Декларациясы жарияланды. Содан үзінді: ″Біздің ең бір қиын проблемамыз – қоғамнан өз орнымызды табу. Бәрі сендердің болашақ туралы мазасыздануларыңның жөні жоқ: білімдісіңдер, таланттысыңдар деп иландырады. Бірақ қоғамның бізді шеттеткенінен емес, сол қоғамды біз қабылдай алмаймыз ба деп қорқамыз…″ /23/.                                 

          Сексенінші жылдары Батыста жастардың әлеуметтік қарсылығы саясбырси бастады. Оны тек босқа шабуылдан шаршау және, 60-70-жылдардағы жеңілістерден көңілдері қарадай қылып, түңілуден немесе еңсе басқан еріншектіктен ғана деп қарау жөн емес, ол қоғамға тән қажеттіліктің жоқтығынан, әйтсе де, бәрінен бұрын, күллі жүйедегі бұрынғы құндылықтың алмасуынан.

          ″Менің зауытым!″, ″Менің бригадам!″- бұл Совет жастарының асқан шабытпен айтатын сөздері еді. Жұмысшы табының, ұжымшар шаруаларының сапында жүргенін мақтаныш ету, өзі қалаған кәсіпке деген сүйіспеншілік әрбір жас адамның парызы болды. ″Біздің елімізде мемлекет пен қоғамды басқару істеріне барша мамандық пен барлық жастағы еңбекшілер аса белсенділік пен қатысады. Комсомолдар мен жастар үлкен істер тындыруда… Біз бұдан былай да барлық істе жасампаз жастарға бұрынғыдан да бетер арқа сүйейтін боламыз, оларды лениндік халықтар достығы, советтік патриотизм, Отанымыздың кез келген тапсырмасын орындайтын рухта тәрбиелей береміз″ /24/. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А. Қонаевтың осынау сөздерінде әрбір жас жігіт пен қыз өздеріне деген қамқорлық пен қолдауы; сондай-ақ қоғам алдындағы және өздерінің бір біріне деген жауапкершілікті; талап-тілекті анық сезінетін еді. Бұл асыра бағалау емес, ол жылдардың ақиқаты.

          Бүгінгі жастарға, олардың ата-аналарына қарағанда, әлдеқайда қиын. Батыстағы замандастарына көбірек еліктейді, кертартпа ақпарат ағынына әуестігі басым. Батыстың әуейі саздарының, ″ужас″, ″боевик″ кинофильмдерінің ықпалы зор – мұның бәрі идеологиялық қысым, оның құдіреттілігі сол – албырт та аңғал жастардың санасын улайды. Осы арада мынадай сұрақ туады: көптеген жас Батысқа еліктейді, Батыс несімен құдіретті? Оған табына еліктейтіндей жігіттер мен қыздардың осы тұсы неде? Сайып келгенде, Батысқа қайдағы бір рухсыздыққа альтернатива ретінде өмірлік мүдделері қара бастың қамынан аспайтын жүйеге қарсы наразылық ретінде, жастар қозғалысы мен жастардың контрмәдениеті пайда болады. Социалистік жүйе өзінше ондай наразылық қозғалысын өткізе алмады. Кез келген елдің заңы, оның ішінде социализмге де жат емес, өз бетінше бірдеме жасай қоюы екіталай болатын, ондай шаралар адамдардың нақты істері арқылы ғана жүзеге асатын, ал ол адамдар – үлкендер, жастарды былай қойғанда, сол үлкендердің өзі аталмыш мәселеге өз түсінігі бойынша қарайтын /25/. Балалар, жас жеткіншек әлеуметтік мұратты, ең әуелі, ата-аналарынан қабылдайды. Қанға сіңген қасиет бар, әке көрген оқ жонып, шеше көрген тон пішетінін ескерсек, қорғасындай балқып тұрған жастың қалыптасу барысында қырық құбылатыны анық. Комсомол ұйымдары мен тәрбиенің алтын ордасы-мектеп жат пиғылды жастар санасына сіңірмеу үшін әкімшілік жолмен және даңғазалау ұрандармен тоқтатуға әрекет жасап бақты. Өскелең ұрпақтың тегіне ұлтық табиғатына, болмыс-бітіміне  ден қоймады. Советтік ″жаңа адам″ тәрбиелеудің комунистік идеологиясы ұраншыл  патриотизмге жол беріп алған еді.

          ″Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі″. Тәрбиелік мәні де, философиялық салмағы да мол қазақ мақалынан ой тарқатар болсақ, бауырындағы балапанына жөн-жосық, өнеге көрсете алмаған ата-ана уысынан баланың қалай шығып кеткенін байқамай да қалады. Өмірді көруге, білуге құштар жас басқа бағытты, басқа құндылықты тез қабылдамайды. Мұның өзі де үлкендер әлеміне қарсы жасаған жастардың наразылығы /26/.

          Қазір жас адамдардар бір кездері ата-аналары пәлендей бой алдыра қоймаған ақшаға әуес, тіпті мол ақшаны жақсы көреді. Бұл арада, сірә, пәлендей сөлекеттік те жоқ. Әйтсе де, бір жағынан, көптеген жан сол мол ақшаның көзін маңдай ақы, адал терден емес, ″көзірлі″ мамандыққа ие болу арқылы табуға бейім, бұл алаңдатпай қоймайды. Тағы да еріксіз еліктеу мәселесі алдымызды орағытады. Өйткені Батыста әркімнің жеке табысы тікелей әлеуметтік статусына пара пар, қаршадайынан осыны көріп, біліп өскен бала өмір өзегіне айналған шындықтан аттап кете алмайды. Бүгін Батыстың осы психологиясы біздің жастарымыздан байқалады, уақыт озған сайын бұл олардың санасынан берік орын алып келеді. Мамандық таңдау өзінің бар қабілет-мүмкіндігін, тіпті талап-талғамын жүзеге асыру принципі бойынша емес, керісінше, қайда ақыны көп төлесе, сонда ұмтылады. Сондықтан да оған таңқалуға болмайды, олар педагог, дәрігер, сондай-ақ әлеуметтік саладағы мамандықтарға қарағанда шаштаразы, даяшы, менеджерді әлдеқайда жоғары бағалайды, тесік қалтадан гөрі бақыр толы бүтін қалтаны артық көреді.

          Қалай болғанда да, жастардың бір толқынынан екіншісінің өзгешелігі неде? Өмір тәжірибелерінің артықшылығы қайсы? Ең басты өзгешелігі, сөз жоқ, ұрпақ психологиясына, қоғамның саяси-әлеуметтік, мәдени, экономикалық жүйесіне, әрине, оның әртүрлі кезеңдегі нақты даму артықшылықтарына тікелей байланысты /27/.

          Х.Шельски ХХ ғасыр жастарының тарихи үш толқынан даралап көрсетеді. Оның ойынша, біріншісі- романтикалық. Бар болмысы идеалистік философияға негізделген бұл ұрпақта ең әуелден адамға тән ақыл-парасат, ізгілік және түсіністік қасиеттер басым болды. Екіншісі- уайымшыл деген шартты атқа ие болған ұрпақ. Жастардың бұл толқыны әр түрлі саяси бірлестіктерде, қозғалыстарда, партияларда өздерінің құқықтарын қорғау үшін саналы түрде бірігін, алға қойған мұраттарын жүзеге асыруға ұмтылады. Соңғы, үшінші ұрпақ- қоғамдық мұраттар мен құндылықтарға деген сенімсіздікті бойына сіңіріп өскен күдікшіл ұрпақ /28/.

          Ұрпақ жөнінде едәуір кең көлемді теория ұсынған ғалым- Хосе Ортега-и-Гассет. Оның ойынша, бұқара мен жеке адам арасында ырымшылдық бар: қандай болса да биологиялық бастаудан айырылған мүдделестік бар. Ортега тарихи ұрпақ деп атақты адамдардың атымен атайды, ұрпақ жалғастығын 15 жылмен есептейді. Ұрпақтың дау-шарғысы дәстүрлі рухани құндылықты жойып, өркениет пен мәдениетке қатер төндіреді-мыс. Ортега-и-Гассет қоғамды мырзалар мен бағыныштылар, яки мықтының айтқанына көніп, айдағанына жүретіндер деп бөлу көзқарасында тұрғаның ашық мәлімделді. Адамдар табиғаты жағынан бірдей емес деген байламға келеді /29/.

          Бір кездегі немесе осы заманғы жас толқын өмірдің ең шешуші позициясына шықты деген сияқты шамамен ұрпақ аражігін білдіретін схемалық кезең-кезеңге бөлу үрдісі бар.

Осы кезең-кезеңге бөлу үрдісіне сай, біріншісі- революционерлер ұрпағы, бұлардың өмірі 1905ж революциямен, азамат соғысымен, социалистік құрылысытың басталуымен тікелей байланысты. Екінші- ұрпақ ХІХ ғасыр 90-жылдарында туғандарды құрайды, олардың өмірі Қазан революциясына және азамат соғысына қатысу кееңдерімен айқындалады. Жастық жастары Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарымен сабақтас. Индустрияландыру және ұжымдастыру- әлеуметтік белсенділіктің шыңы. Үшінші ұрпаққа шамамен 1910 жылдан 1929 жылды қоса есептегенде туғандар – Совет өкіметі тұсында өсіп, тәрбиеленген жандар жатады, Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау жылдары, қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңі солардың екіншісіне тиеді. Төртінші ұрпақ- 30- шы және 40- шы жылдары туғандар. Олар тың жерді игеру жіне алғаш ғарышқа ұшу жылдарында қалыптасты. Субъективизм, жеке басқа табынушылық, қоғамдағы күрделі саяси және экономикалық өзгерістер- олар, міне, осындай өмір кезеңдерін бастан кешірулеріне тура келді. Бесінші ұрпақ- 1950ж. кейін туғандар /30/. Бұл- жастарды шаруашылық және мәдени құрылыс жоспарын жүзеге асыру жолындағы күреске жұмылдыру жылдары. Бүгінгі жастар- алтыншы ұрпақ. Тұзы жеңілдеу, өйткені рухсыз, барлық құндылықтан жұрдай, тек техникалық жетістіктерге ғана малданып отыр деп текке жазғырады. Барға бөлену – ойсыздыққа, парықсыздыққа, білімсіздікке, көргенсіздікке жетелемейді. Қайта алаңсыз ізденуге, білім іздеп, өнер қууға мүмкіндік береді. Рас, бұған дейінгі ұрпақтардағы өмірлік, әлеуметтік тәжірибе, ақыл-парасат бұларда жоқ шығар, бірақ бұл жастардың ешкімге ұқсамайтын саналығын, өз ой пікірімен жүріп-тұратындығын, максимализмін жоққа шығаруға болмайды және оны алдыңғы буынға қарсы қою жараспайды. Олардың қарым-қатынастарындағы әлдекімдердің ізімен жүргісі келмейтін ″өзім білемдіктеріне″ күддікпен қарауда ойлануды қажет етеді.

          А.И.Афанасьева былай деп көрсетеді: ″Мирасқа қалғанды әрқашан жалғасын табу үшін, не қалды деп ой елегінен сын көзбен өткізу, оның құндысын іріктеп алу, алғаныңды жаңаша іске асыру керек және т.б. Ендеше, ұрпақ сабақтастығы объективті байланыс бола тұрып, сонымен бірге ұрпақтардың саналы түрдегі қызметі қосатын субъективті жағдайда болады″ /31/.

          Ұрпақ алмасуына орай қоғамдық санадағы өзгеріс үлкендерді мазаламай тұрмайды. Қазіргі жастар, сөз жоқ, қоғамдық өмірде батылда ашық, алайда оларда тәжірибе және сабыр жетпейді, өткеннің тәжірибесі көп еңбектене отырып үйренуді қажет етеді. Бүгінгі таңда жастарда бұған дейінгі тәжірибені толық меңгеру үшін уақыт бар, өткеннің сабақтарын үйрену осы заманды дұрыс түсіну деген сөз. М.Мит ұрпақтардың мәдени сабақтастығы мәселесін зерделей отырып, мынаған назар аудартады: мәдениеттің белгі үш түрі ішінен, атап айтқанда, бейнелі мәдениет, ең бастысы, болашаққа бағдар береді. Дәл осы мәдениетте үлкендер өз балаларынан үйренеді. Жас адамдар қазір өз аталары мен әжелері, әкелері мен шешелері білмейтінді біледі.

          Жастар үлкендердің айтқан ақылдарынан ғибрат алып қана қоймайды, өздері де өмірдегі бар проблемаларға жауап іздеуге тырысады. Сондықтан өмірлік, мәдени және білім деңгейі, саяси мәдениеті, әлеуметтік шындықты түсініп, зерделеуде жаңа ұрпақты, оның кемшіліктеріне қарамастан, әрине, аға буындардың жас кезіндегі деңгейімен салыстыруға болмайды.

          Жоғарыдағы сөз етілмеген жайларды талдай келе, біз сеніммен былай дейміз: жас толқын- бұл бүгініміз, ал біздің балаларымыз-болашағымыз. Мына біздер- жастар өз балаларымыға не бере алғандаймыз, олар қандай өмір тәжірибесі мен мәдени дәстүрді, ұлттық салт-санамыз бен әдет-ғұрпымызды мирас етпек?

          Біз балалар мен жас жеткіншектердің интелектуалдық өрісі өздерінің жас деңгейінен асып түсіп жатқанын жақтап отырмыз. Көптеген ата-аналар ″әлеуметтік бәсеке″ жолында өз балаларын жекеменшік арнаулы мектептерге орналастыруға ұмтылуда. Әлбетте, балалар, жастар жан-жақты, мол мағлұматты болып жетіліп келеді, бұл арада адамзат баласы білімпаз болып отыр, білім беру жүйесі нығайып, кең қанат жайды, ақпарат көлемі ұлғайды, демек     , бұл факторларды назардан тыс қалдырмағанымыз мақұл. Солай бола тұрғанымен, тәрбиесінде мына мәселеге мән берілмей барады: жақсылыққа сүйеніп, жамандыққа күйіне білу; қайғыға бөлісе білу; қайырымдылық, қарапайымдылық; үлкенді сыйлап, кішіге ізетпен қарау; мейірбандық сияқты кісілік, адамгершілік қасиеттерді баланың тал бойына егіп, санасына сіңіруге жоқпыз. Соның нәтижесінде өмірде күтпеген тосын жағдайлар – парадокстар алдымыздан орағытып өтеді. Балалар қаршадайынан шет тілдерінде бұлбұлша сайрайды, бірақ ана тіліне шорқақ немесе білмегеннен бетімен жер басады /32/.

          Қазіргі кездегі жастардың құндылықтарына келетін болсақ олардың білімге деген көзқарасы өзгерді. «Жақсы білім – ертеңгі болашағың» деген қағида саяды. Олар білімнің сапасына, оқытушылардың біліктілігіне көңіл аудара бастады. Олар саяси ұйымдар мүшелігімен өз ойларын білдіруде. Тәжірибе көрсетіп отырғандай жастардың жаңа әлеуметтік концепциялары болып өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі бекіту, өзін-өзі әрекет ету болып табылады. Бұл концепциялар жастар үшін маңызды. Өйткені жастар Қазақстан қоғамында өзі қандай орын алатынын анықтап, өзінің Қазақстан азаматы ретінде қандай міндет атқаратынын, яғни, өзін-өзі танып білуі қажет /33/.         

          Бүгінгі таңда балалар көзді ашып-жұмғанша есейеді. Сондықтан да оларға дер шағында нақты өмір шындығы туралы ақиқат сабағын бер, дер шағында өз тәжірибенмен бөлісіп және олардың ойымен санасып, түйген пікіріне құрметпен қара. Жас мемлекетімізге білімді ғана емес білікті де азамат ауадай қажет.

          Өз өміріңнің өткенінен бас тартуға болмайды, онсыз бүгіннің, онсыз ертеңің жоқ. Ұрпақтар арасындағы түсінбестіктің көптеген себебі сол жылдардың әлеуметтік жағдайын терең білмеуден туындайды. Өмір тарихын және оны заман ілімі мен тәжірибесінің деңгейінде баяндағанда, біз сол дәуірге оның замандастары қандай көзбен қарады деген психологияны жиі назардан тыс қалдырамыз.

 

2.2.  Жастардың саяси құндылықтық бағдары қалыптасуының негізгі жолдары мен әдістері

 

          Қазіргі жастарымыздың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін оларға бүгінгі нарықтық экономикаға тән жаңа құндылықтарды меңгерту, сондай-ақ, олардың жан-жақты кемелденіп жетілуінде мектеп пен отбасының, әлеуметтік ортаның ықпалы сияқты объективті және субъективті факторлардың маңызы зор. Социология ғылымында бұл факторларды әлеуметтендіру үрдісі деп атайды. Зерттеушілердің пікірінше, адамның әлеуметтенуі белсенді түрде өтетін процесс болғанымен, ол бүкіл өмір бойына созылмайды. Ол тек жеке бастың мінез-құлық комплекісінің нормалық нысандарының жиынтығы ретіндегі тұрақты орнығу, әлеуметтік ой-пікірлері мен дүниеге көзқарасы, яғни адамның өзіндік жеке басының адамдық кескін-келбетінің қалыптасуына керекті уақытқа ғана созылады. Ол шамамен орта есеппен алғанда 25-30жасқа дейінгі аралық /34/. Ал ересек, яғни толық әлеуметтеніп үлгерген адамдардың бір әлеуметтік ақуалдан екіншісіне ауысуына байланысты жаңа рухани құндылықтар мен мінез-құлық нормаларын меңгеруіне келсек, мұны әлеуметтену процесі емес, өмірге бейімделу процесі деп белгілеген дұрыс сияқты. Баланы әлеуметтендіру процесін, әдетте, үш кезеңге бөліп қарастырады:

  1. бастапқы әлеуметтену немесе баланың әлеуметтенуі;
  2. аралық әлеуметтену немесе жасөспірімнің әлеуметтенуі;
  3. орнықты немесе біржола әлеуметтену;

    Бірінші кезең, негізінен, отбасында және балалар бақшасында тәрбиелену кезеңімен, екінші кезең 17-18 жасқа  дейінгі орта мектептегі оқу-тәрбие кезеңімен сәйкес келеді. Ал үшіншісі жасөспірім шақтан ересек шаққа өту кезеңін, яғни 23-25 жастар аралығын қамтиды. Бұдан кейінгі әлеуметтенген, қалыптасып біткен адамның әрі қарай дамуы мен бейімделуі басталады. Демек, қазіргі заманғы адамның әлеуметтену дәуірі, негізінен, оқу арқылы білім мен тәрбие алу кезеңіне сәйкес келеді. Жас ұрпақты білім алуға үйретудің, еңбекке, еңбекқорлыққа баулудың тәрбиелік мәні зор. ″Тәрбие басы – тал бесік″, яғни жастардың азамат болып шығуының негізі отбасынан басталады. Одан әрі бұл үрдіс, яғни еңбекке тәрбиелеуге, бірте-бірте мамандық таңдауға жол көрсету мәселелері жалпы білім негізі қаланатын орта мектепте жүргізілуі тиіс /35/.

          Жастардың саяси қалыптасу процесі әлеуметтанулық ілімдер де арнаулы зерттеу объектісіне айналып отыр. Әлеуметтендіру теориясы адамды тұлғалық қасиеттер қалыптасу процесіндегі әлеуметтік фактордың рөліне, олардың тетіктеріне және адам мен қоғам үшін маңыздылығына басты назар аударады. АҚШ әлеуметтанушылары бұл процестегі адаммен коммуникациялы байланысқа түсетін әлеуметтік ортаның нақтылы бөліктерін атап өтеді (рөлдер мен статустар, әлеуметтік институттар, саяси құрылымдар т.т.).

          Әлеуметтену процесіндегі ең негізгі мәселе – оқу процесі. Сондықтан, оқу процесінің жастардың әлеуметтендірудегі қызметін анықтап, талдаудың маңызы айрықша. Осы ретте жастардың саяси дағдыларын қалыптастыруда ерекше орын алатын ″әлеуметтендіру″ деген не, соны анықтап алайық.

          Дүнижүзілік ғылыми әдебиетте ″әлеуметтендіру″ ұғымының мазмұны туралы ортақ пікір жоқ. Әр түрлі ғылым өкілдері бұл терминнің мазмұнын өзінше түсіндіреді. Айталық, необихевиоризм өкілдері ″әлеуметтендіру″ ұғымның  «әлеуметтік өмірді оқытып үйрету» түрінде түсіндіруге, символды, интеракционизм мектебінің мүшелері оны «әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесі» деп біледі. Ал, гуманистік психология ағымының өкілдері «әлеуметтендіру» терминінің мазмұнын «мен» ұғымның баламасы ретінде пайымдап, «дайындалған болашаққа қатысты көзқарастың» өзіндік маңызды мәселелерін құрайды деп есептейді.

Батыс Европа зерттеушілерінен басқа орыс ғалымдары «әлеуметтендіру» терминінің мазмұны, әлеуметтік тәжірибені меңгерту арқылы жеке тұлғаның өмірлік позициясын қалыптастыру мәселелері құрайтындығына баса назар аударады. Мысалы, Мәскеуде 1988-ші жылы жарық көрген  «Қысқаша социологиялық сөздікте» «әлеуметтендіру» ұғымына төмендегідей анықтама берген. Әлеуметтендіру – жеке тұлғаның қалыптасуы, оның белгілі бір қоғамда, әлеуметтік ортада, топта қабылданған мінез-құлық үлгілерін, құндылықтарды, нормаларды, нұсқауларды меңгеруі /36/. 1990 жылы шыққан «психология» атты түсіндірме сөздіктеде жоғарыда аталған «әлеуметтендіру» ұғымына пара-пар анықтама берілген /37/.

Профессор Г.М.Андреева мұндай анықтамалардың «әлеуметтендіру» ұғымының мәнін толық ашып көрсете алмайтындығын айта отырып, «әлеуметтендіру» дегеніміз екі жақты процесс, ол өзінің мазмұнына бір жағынан индивидтің белгілі бір әлеуметтік ортаға еніп, онда жинақталған әлеуметтік тәжірибені меңгеруін, екінші жағынан индивид өзінің белсенді іс-әрекетінің ықпалымен әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінің ұдайы толықтырылып отырып қамтамасыз ете алуы, әлеуметтік ортаға белсенді түрде қосылуы деп түсіндіреді.

«Егер», — дейді ол.-  «әлеуметтендіру процесінің бірінші жағы — әлеуметтік тәжірибені меңгерту – бұл ортаның адамға тигізетін ықпалын сипаттаса, онда екінші жағы әлеуметтенген адамның өзінің қоршаған ортаны өзгертуге бағытталған белсенділігін танытады. Адам тек әлеуметтік тәжірибені меңгеріп қана қоймайды, қажетіне жаратады» /38/.

Ұғымның түп мәніне терең бойламай сырт көзбен қарағанда «әлеуметтендіру» термині «тәрбие» ұғымына пара-пар сияқты болып көрінуі мүмкін. Дей тұрғанмен, бұл екі ұғым арасында айтарлықтай айырмашылық бар. «Тәрбие» ұғымы қоғамның өз мүшелеріне саналы түрде арнайы жоспарланған мақсатта тәрбие беруін білдіреді. Ал, «әлеуметтендіру» термині болса өзінің мазмұнына мемлекеттік тәрбие жүйесіне тән белгілерден де басқа қоршаған нақты әлеуметтік ортаның ықпалымен жиі кездесіп отыратын тәрбиелік мүмкіндіктерді қамтиды. Мысалы, жастардың әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуына  мектепте, жоғарғы оқу орнында берілетін білім, өзге де саяси ықпалдарды басқа қатар жүрген құрбы-құрдастарының тигізетін әсерін әлеуметтендіру факторы ретінде алып қарауға болады.

«Білім беру» және «оқыту» ұғымдары да «әлеуметтендіру» терминінің негізгі құрылымдық компоненттерінің қатарынан берік орын алады. Себебі, кез-келген тәрбиелік шаралардың, яғни жастарға әлеуметтендірудің негізін оларға өмір бойы қызмет ететін, олардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыруға және ғылымның негізгі байлықтарын, ұлттық, жалпы адамзаттық мәдениетті игеруге мүмкіндік беретін, сондай-ақ өскелең ұрпақтың өздігінен ойлау қабілетін дамытуға, алда тұрған өмірлік, бағыт-бағдарлық және өндірістік міндеттерді өз бетінше шешуге, елдегі саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты тез бейімделуді, алған білімдерін нарықтық кезеңдегі тұрмыс-тіршілікте қолдана білуді қажет ететін қазіргі заманғы күрделі техникамен және технологиямен байланысты алдағы еңбек жолында қажет болатын кәсіптік білім негіздерін, дағды-іскерліктер мен біліктілікті меңгерту құрайды. Сонымен бірге, білім беру жастардың бойына өз ұлтына тән құндылықтарды сіңірумен қатар, олардың жалпы адамзатқа тән қазыналардан сусындауын қамтамасыз етеді. Жастардың жан-жақты қабілеттерінің дамуына жағдай жасау, олардың бойына еңбек және қоғамдық қызмет дағдыларын сіңіру, қоғамдық қарым-қатынас жүйесіне енгізе отырып, өтіп жатқан саяси құбылыстарға сындарлы қарап, талдай білу және өзінің нақты саяси бағдарын қалыптастыру, білім берудің, оқыту мен тәрбиелеу процесінің басты міндеті болып табылады.

Осында аталғандарды талдай келіп, «әлеуметтендіру» терминіне мынандай анықтама беруге болады. Әлеуметтендіру дегеніміз – жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру, жастарға оқыту мен тәрбиелеу процесінде белгілі бір тәртіпке келтіріліп, жинақталған қажетті әлеми білімдерді, дағды-іскерліктерді және біліктілікті, рухани байлықтарды, мүдделер мен құндылықтарға, дүниетанымдық тағылымдар мен салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптар мен жөн-жоралғыларды, адамгершілік пен мінез-құлық нормаларын меңгерту арқылы оларды бірте-бірте өздері өмір сүріп отырған қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылысына сәйкес әлеуметтік рөлдер жүйесіне қосу.

Жастардың әлеуметендіруде айрықша маңыздылыққа ие болатын тағы бір мәселе, ол жастардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру болып табылады.

Оқу-ағарту жүйесі үш түрлі функцияны: білім-беру, тәрбиелеу және жетілдіріп дамытуды атқарады.

Білім беру – ақыл-ойдың дамуына тікелей әсер ете отырып, адамның дүниеге жүйелі көзқарасының қалыптасуына ғылыми негіз болады. Ал дүниеге ғылыми көзқарасы адамның толыққанды қалыптасуының ең негізгі арқауы. Сондықтан республикада жастардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру оларды оқытудың, тәрбиелеудің және жетілдіріп дамытудың бөлінбес бөлігі ретінде оқу процесі бойынша жүзеге асырылса дұрыс болар еді.

Білім- жеке тұлғаның әлеуметтік-саяси көзқарасын дамытып, дүниетаным аясын кеңейтетін маңызды факторлардың бірі. Ол жеке тұлғаның әлеуметтік статусын айқындауда, сондай-ақ қоғамда саяси келісім мен ішкі тұрақтылықты орнықтырып, саяси құрылымды дамытуда үлкен рөл атқарады.

Білім – біздің қоғамымыздың ХХІ ғасырдағы басым бағыттарының бірі. Білімсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси жүйесін өркениетті дамыту мүмкін емес.

Білім – мемлекеттің күш-қуатын анықтаушы. Қай кезде де адамзат қоғамының білім деңгейі аса маңызды мәселе болды.  Көрнекті ғалым Э.Дюркгейм білім берудің негізгі міндетін қоғамда үстемдік етіп отырған мәдени құндылықтарды ел арасында тарату деп тапса, американдық социолог – Н.Смелзер білімді институционалдандырылған процесс, яғни қоғамда қалыптасқан белгілі бір құндылықтарды жеке адам, топ, қауымдастық арасында орнықтыруды жүзеге асыратын құрал ретінде анықтайды /39/. Бұл ыңғайда қос ғалымның да ой-пікірі бір арнада тоғысып жатыр.

Сонымен, аталмыш міндеттерді негізінен іске асырушы рухани мәдениеттің қайнар көздерінің бірі – жоғары оқу орындары. Ол елдің ұлттық интелектуалдық потенциялының жас буының қалыптастыратын орын. Оның мақсаты егеменді елімізге ұлттың қамын ойлап, жоғын жоқтайтын өнегелі, өрісі биік азаматты дайындап, тәрбиелеу десек, екіншіден ол – білім ордасы. Жастардың бойындағы талантты ашып, жетілдіріп дамыту, белгілі бір маман өнеріне үйрету әрбір жоғарғы оқу орнының міндеті. Келешек маман иесін толыққанды тәрбиелеуде білім ордалары жастарға тек қана белгілі бір кәсіпті үйретіп қана қоймай, сонымен қатар сол мамандықтың кәсіби ой жүйесін, сананың кәсіби этикасын, кәсіби мәдениетін қалыптастыру шарт. Сондай-ақ жастарға қоғамдағы және бүкіл адамзат өркениетіндегі ортақ рухани, саяси құндылықтар тұрғысынан да жүйелі білім беру қажет. Мұның болашақ мамандықтың кәсіби ой-өрісін кеңейтуде, саяси бағдарын қалыптастыруда маңызы зор. Бұл жайында белгілі ғалым Э.Дюркгейм қоғамдағы халықтың барлық мүшелеріне ортақ құндылықтар қоғам өмірін реттеуде үлкен рөл атқарады деп көрсеткен. Ол адамдардың мінез-құлқында ортақ нормалар мен ұстанымдарға (принциптерге), идеалға айналады. Ал, бұлар құықтық және адамгершілік тұрғыда беделді әлеуметтік күш қызметін атқармақ. Осындай күш бүкіл экономикалық-әлеуметтік, рухани-мәдени және қоғамдық-саяси тіршіліктің тұтқасы, өлшемі болмақ. Мұндай құндылықтар болмаған жерде адам мінезінде әртүрлі ауытқулар мен тұрақсыздықтар орын алуы мүмкін.

Орта ғасырлық ойшыл Ж.Баласағұн ″Құтты білік″  еңбегінде: ″Мемлекеттік ойлауды қалыптастырудың басты шарты – білім немесе әмірші заңдар арқылы қанша мықты бола тұрып, ғалымдарсыз елді басқара алмайды″- дейді /40/.

Ендеше, мемлекетіміз өз бағытын айқындаудың стратегиялық мақсат-міндеттері қатарына жас ұрпақтың білімі мен тәжірибесін алға шығаруы – заңды құбылыс. Ел Президентінің үстіміздегі жылғы халыққа жолдауындағы төртінші басымдылығында: ″Осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуі  /41/.

Бүгінгі таңда еліміздегі білім беру саласындағы реформалар арқылы жастар арасында демократиялық саяси мәдениеттің қалыптасуы мен таралуы жүзеге асады. Республиканың білім жүйесіндегі жүріп жатқан реформалардың бірі- білімді гуманитарландыру, ізгілендіру. Президенттің тікелей нұсқауымен 1994жылы 25-ші тамызда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы саясат жөніндегі ұлттық кеңес бекіткен гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы қабылданды. Аталмыш құжатта: ″Жоғарғы мектептегі гуманитарландыру қоғам дамуының алғышарттарын қалыптастыруға, жастарды нарықтық қатынастар жағдайында жұмыс істеуге әзірлеуге тиіс болғандықтан, қоғамда болып жатқан өзгерістерді алдын ала анықтап, оларды бейнелеп отыруға тиіс. Кез келген жастың жоғарғы оқу орнын бітіргенде игеруге тиісті негізгі жеке қасиеттер, адамгершілік өлшемдер мен гуманитарлық бағдарлар жиынтығы ретінде мыналар танылады:

  • философиялық даярлық (өйткені дүниетану мен түйсінудің негізін құрайтын да, өмірдің мәнін іздегенде құндылық бағдар беретінде осы);
  • нарықтық экономиканың әлеуметтік бағытталуы туралы қазіргі түсініктердің негізінде қалыптасатын экономикалық біліктілік;
  • әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым мәнді идеялар мен тұлғаларды білу; мәдениеттің негізі кезеңдеріне түсінік беру;
  • әлеуметтік-мәдени даму заңдылықтарын түсіне отырып, тарихи жылнамаға талдай жасай білу; қазіргі өркениет жолдарын пайымдау қабілеті; қоғамдағы институттардың құрылымы мен функциялары жайында нақты түсініктің болуы; тарих субъкетілері, оның ішінде осы заманғы әлеуметтік күштер, қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы кең ауқымды түсінік, әлеуметтік технологиялық даму мәселелерінде еркін бағыт бағдар ұстау″ /42/- деп білім жүйесін ізгілендірудің мақсат-міндеттері айқындалған.

Демек, жеке тұлғаның үздіксіз даму, қалыптасу, кәсіби жетілген танымның болуы үшін ең алдымен, адам факторының тек өндірісте ғана емес, өмірдің барлық саласында алдыңғы қатарға шығуын талап етеді.

Білім саласын гуманитарландыру дегеніміз әрбір ғылымда адамның ішкі жан дүниесінің, адамгершілік қасиеттерінің, жеке басының дұрыс қалыптасуына (қоғамның қажеттігіне сай) бағыттау соған негіздеу. Адам мен қоғам туралы білім жүйесін қалыптастыратын білім берудің адамгершілік жағын дамыту.

Осыған байланысты жоғарғы оқу орындарының негізгі міндеті маманды тек қана біліммен қаруландырып қоймай, сонымен қатар олардың жеке басының жан-жақты қалыптасуына, дамуына, шығармашылық қасиетінің жетілуіне, кәсіби және саяси мәдениеттің, саяси құндылықтарының қалыптасуына өз дәрежесінде көңіл бөлу /43/.

Жас азамат ертерек саяси өмірдің қыр-сырын түсіне бастаса және оның адамгершілік принциптеріне сүйенген негізі болса, онда қоғамда жастар арасында белсенді, өркениетті саяси мәдениет жылдамырақ қалыптасары сөзсіз.                        Жастарға білім беруді оның ішінде саяси білім беруді қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымынан, мәдеи құндылықтарынан ұлттық дәстүр, рухани негізден бөле жара қарауға болмайды.

Саяси білім азаматқа өмір сүріп отырған қоғамдық және саяси құрылыста, мемлекеттегі өз орны мен рөлін, құқығы мен міндеттерін дұрыс ұғынуына, жете түсінуіне көмектеседі. Саяси білім беру арқылы – адамды күрделі әлеуметтік-саяси жағдайда өз орнын таба білуге, басқа адамдардың мүдделері мен құқын құрметтей отырып, өз мүддесін қорғай білуге үйрету. Сонымен қатар ол азаматтарды демократиялық тәртіпті және оны қамтамасыз ететін мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарды сыйлауға баулиды.

Бүгінгі таңда кімнің қандай кәсіппен айналысқанына қарамастан саяси және құқықтық білім әр адамға қажет. Өйткені ол қоғамда тұрып, тіршілік еткендіктен басқа адамдармен, ұйым, мекемелермен және мемлекетпен қатынаста болады. Ал құқықтық-саяси білімі жоқ адамдар қандай да бір саяси істерде амал-айла, қулықтың жетегінде кетеді. Адамдардың саяси сауаттылығына қоғам да мүдделі. Саяси сауаттылық қоғамды деспоттық басқарудан, адамгершілік құндылықтарға қарсы негізделген жүйеден сақтандырады.

Қазіргі қоғамдық сұраныс — өз ісіне мығым, жұртшылықпен араласуда жеке басындағы барлық шынайы жағымда қасиеттерін байқата алатын жеке тұлғаны тәрбиелеуді талап етеді. Сол себепті жастардың өз бойында қоғамдық құнды қасиеттерді әдетке айналдыру бейімділігін дамыту, оған бөгет болатын факторларды өз бетімен жеңе білуге үйретуге бағытталған саяси мәдениетке баулу қажеттілігі туындап отыр.

          Саяси мәдениет саяси әлеуметтену құбылысымен астасып жататын қоғамда тарихи, табиғи құбылыс.

          Саяси әлеуметтенудің негізгі институттарына дәстүрлі саясаттануда: отбасы, мектеп, аула, жұмыс орны, діни ұйымдар, мәдени ошақтар, БАҚ, мемлекеттік мекемелер және т.б жататыны белгілі.

          Міне, осы — әлеуметтік саяси институттардың арқасында саяси мәдениет пен саяси құндылықтар бір ұрпақтан екіншісіне беріліп отырады. Сөйтіп тұлғада бірте-бірте әлемнің саяси келбеті қалыптаса бастайды. Міне, осындай саяси топтар мен етенелестіруі мүмкін. Сондықтан, қоғамның өркениетті бағытта болуы үшін өз азамттарының саяси әлеуметтенуіне көңіл аударған абзал.

          Саяси әлеуметтену процесі индивидтің бүкіл өмір бойы жалғасады. Саяси әлеуметтену ең алғаш отбасынан басталады. Ал, бұл процесс біздің қоғамымызда қалай жүріп жатыр? Меніңше өте баяу. Себебі, көптеген ата-ана балаларымен Қазақстан, мемлекеттік рәміздер, олардың мәні мен мағынасы туралы, мемлекет басшысы және оның жүргізіп отырған саясаты жөнінде әңгімелеспейді. Пікір алмаспайды. Тіпті, кейбір үлкендердің ойынша балаларға бұл мәселені білу ертерек екен. Шынымен де, жаңағы кейбір ата-аналар жоғарыда аталған жәйтттерді баланың санасына кішкентай кезінен сіңіріп өсіргенде ғана жас ұрпақтың бойында біз жағымыз талмай айта беретін патриоттық, отан сүйгіштік сезімдерді қалыптастыратынын білмей ме, әлде білгісі келмей ме?… Ал олар баланы іште жатқаннан тәрбиелеу керектігін және оларды санасына жоғарыда аталған құндылықтарды енгізу қажеттігін түсінбейді. Мәселен, бүлдіршіндердің қоршаған ортаға деген қызығушылығы өте жоғары деңгейде болады. Олар әр нәрсені көріп, қызығып не екенін білуге ұмтылады. Ал, кейбір ата-аналар баласының сұрағына жауап беруі, оның ақ-қарасын ажыратып көрсетуі парызы екенін ұмытып кетеді. Әлеуметтену процесіне АҚШ халқы өте көп мән береді. Америка ғалымдары Д.Истон мен Дж.Денис 12 мың балаға сұрақ-жауап арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде олардың саяси әлеуметтенуін 4 кезеңге бөліп көрсетеді:

  1. саясаттану, яғни жасөспірімнің ата-ана билігінен де жоғары саяси билік барын ұғынуы;
  2. жекелеу. Мұнда бала саяси билікті жеке тұлғалар арқылы (Президент, полиция) сезінуі;
  3. дәріптеу. Саяси қайраткерлерді тек жақсы қасиеттері арқылы тану;
  4. институционалдандыру. Яғни, саяси билікті жеке тұлғалар арқылы емес, саяси институттар арқылы (Парламент, партия, сот, әскер және т.б.) қабылдау /44/.

          Жастардың саяси құндылықтық бағдарларын қалыптастыруда патриоттық тәрбиенің мәні зор. Қазақ халқы «Отан» ұғымын бала бойына ерте сіңіруге тырысқан, оны туған жер, ата-мекен, ел-жұрт ұғымдарымен байланыстырған. Қазақ баласы үшін отан – отбасынан, ата жұртынан, туып өскен топырақтан басталады. Бұны қазақ халқының мына мақалынан айқын аңғаруға болады. «Малым – жанымның, жаным – арымның садағасы». Осылайша халық ар – намысты жоғары қойған. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесінің ең бір биігі – ата-анасын, үлкенді құрметтеу т.б. ұғымдар қабысып- отаншылдық, елжандылық ұғымдарына алып келеді. Мұндай ұғымдар негізінде тәрбиеленген птриоттық сезім қалыптастыратындығы анық. Бүгінгі ұрпаққа адамзат тарихында ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан осы патриоттық тәрбиені, отаншылдықты, елжандылықты, жасұрпақ бойына дарыту бүгінгі күннің көкейкесті мәселесінің бірі болып отыр /45/.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 – стратегиялық бағдарламасының «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде- еліміздің тұтастығын, оның тыныштығын яғни мемлекетімізге қауіп төндіретін қандай да болмасын ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі, жастарымызды отаншылдық, елжандылық, патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді. Қазақ халқының бір туар ұлдарының бірі, Б.Момышұлы: «Патриотизм Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке байлыныстығын сезіну, әр адам өзінің мемлекеттке тәуелді екендігін, олай болса мемлекетті нығайту жеке адамдардың күшейту екендігін мойындау», — деген болатын. Міне, жас ұрпақ бойында патриоттық сананы қалыптастыру, ол үшін патриоттық іс-әрекет ұйымдастыру, бұл шараны іске асыру үшін оқу-тәрбие процесінде патриоттық тәрбие беру қажеттігі туындап отыр. Олай болса, жастарға патриоттық тәрбие беруде — өткені мен бүгінгі күнде және болашағын байланыстыру қажет. Осылайша, жастар бойында «ұлттық патриотизмді» қалыптастыруға болады. Ұлттық патриотизм – жеке адамның өз халқына деген сүйіспеншілігі, ерекшелігі, тегі, территориясы, тарихи дәстүрі т.б. жағынан дербес белгілеріне байланысты. Міне, осы рухани ерекшеліктерді білу, оны қалыптастыру бүгінгі тәрбиенің негізгі мақсаты. Патриоттық сезім тәрбие арқылы қалыптасып, ол жетіліп патриоттық сана түріне айналады. Сонда ғана жеке адам өз ұлтына тән ерекшеліктерді түсініп, сезініп, өз ұлтының бабаларының қасиеттерін бойына сіңіреді /46/.

Жалпы қай тәрбиенің де бастауы отбасынан бастау алатын сияқты, патриоттық тәрбие де отбасынан қалыптасып, одан әрі мектепте, жоғарғы оқу орындарында дамытылуы қажет.

Қазіргі кезде өтпелі кезеңдегі халықтың әл-ауқатының төмендеуінің салдарынан патриоттық сезім, рухани сананың төмендеуі айқын байқалуда. Дегенмен, бұл өтпелі кезеңнің уақытша қиындықтары екендігін түсініп, болашақ ұрпақты өркениетті елдердегі ойлау мен рухани мәдениет деңгейіне сәйкестендіріп тәрбиелеу қажет.

Мемлекеттің жүргізіп отырған саясаты кең ауқымды процесс, оның ішінде әсіресе мемлекеттік жастар саясаты және жастардың саяси құндылықтық бағдарлары ең маңызды процестердің бірі болып табылады. Өйткені, жастар қоғамның қозғаушы күші және еліміздің ертеңі.

Жастар халықтың ерекше бір әлеуметтік- демографиялық тобын құрайды. Қазақстан Республикасында жастарға 14-29 жастың арасындағы адамдар жатқызылған. Бұл демографиялық топ өзінің білімділігімен, жаңашылдығымен, белсенділігімен, ашықтығымен, оптимистік көзқарасымен, болашаққа бағытталуымен белгілі. Бірақ жастар өмірлік тәжірибесінің аздығынан, елігушілігінен, құмарпаздығынан теріс бағыттарға түсіп кетуі де мүмкін.

Жастардың саяси көзқарастарының, саяси мәдениетінің қалыптасуының негіздерін жан-жақты қарастырудың маңыздылығы мен өзектілігі зор. Саяси мәдениеті жоғары (жетілген) жастар қоғамда көбейген сайын ол елде шынайы демократиялық құрылымдардың мүмкіндіктері ұлғаяды. Әрбір жас азамат саяси салада сауатты болған сайын әлеуметтік дүниедегі саяси ахуалдық өркениетті жолмен өрбуіне жол ашылады. Міне, осы себептерге байланысты бұл мәселенің ғылыми зерттеулер үшін де, саяси-әлеуметтік тәжірибе үшін де маңыздылығы зор.

Барлық елдерде жастар экономикалық дамудың, техникалық прогрестің және әлеуметтік өзгерістердің басты жол бастаушылыары болғандықтан, «Қазақстанның болашағы жастар», «Жастар біздің ертеңіміз» және тағы басқаша ұрандап жүргенімізде еліміздегі жастардың саяси белсенділігі қай деңгейде деген сұрақ туындайды. Жастардың саясатқа қызығушылығы қандай? Қазіргі жас азамат өзін қай саяси топқа жатқызады? Кіммен ұқсастырады немесе етенелестіреді? Осы сұрақтар елім деп жүрген азаматтардың барлығын толғандырып жүр. Бұл үлкен ғылыми социологиялық зерттеуді қажет ететін мәселе. Өйткені жастардың саяси құндылықтық бағдарларын анықтап отыру керек /47/. Осы тақырыпты зерттеудің басты мақсаты жастардың ішіндегі студент жастардың саяси құндылықтық бағдарын айқындау болып табылады.

          Студенттер жастардың белгілі бір  әлеуметтік тобына жатады. Және жас шамасы орташа 17-24-тің арасында болады. Жалпы жастар тобымен ортақ белгілері жеткілікті болғанмен, студенттердің өзіндік ерекшеліктері бар. Қоғамның интеллектуалдық потенциялының негізгі қайнар көзі болып табылатын студенттер төмендегідей әлеуметтік маңызды міндетті орындайды: жоғарғы кваликациялы кәсіби ой еңбегінің әр түрлі мамандықтарын атқару мақсатында белгілі бір білім жүйелері мен практикалық дағдыларды меңгеру. Студенттердің басты әрекеттерін былай жіктеуге болады: оқу процесі, ғылыми зерттеу, қоғамдық-саяси, мәдени еңбек, спорт-дене шынықтыру, отбасылық-тұрмыстық және көңіл көтеру іс-әрекеттері. Бұлардың ішінде оқу ең маңызды мақсат болып есептеледі. Оқу процесі болашақ мамандыққа дайындық болып есептелгенімен өзінің күрделілігі жағынан ой еңбегінің кез-келген түрінен кем түспейді. Студенттің қоғамдағы орны әр уақытта жоғары бағаланған. Бірақ ол мамандық диапазонында ауытқып отырады.

          Студент жастардың шешілмеген мәселелері жеткілікті. Ең маңыздысы олардың оқуы мен өмір талаптарын қаржыландыру қиындықтарынан басталады. Бір жағынан алғанда, 17 мен 24 жастың арасында жас адам әрі мамандық алып, әрі отбасы құрып, әрі өзінің мұқтаж-тілектерін орындауы тиіс. Бірақ қаншалықты талантты болғанымен барлық жастардың қолы оған жете бермейді.

          Студенттердің саяси субъект ретінде қалыптасу процесінің  төмендегідей ерекшеліктерін атап өтуге болады: бұл процесс басқа әлеуметтік топтағыдай ұзақ мерзімді әрі біртұтас сипатта болмайды. Өйткені ол қысқа мерзімде (4-5 жыл) жүзеге асады; студент өзінің әлеуметтік уақытында екі түрлі адаптациядан (икемделуден) өтуі қажет: ата-аналық және мектеп бақылауынан салыстырмалы дербестілік жағдайындағы өзін-өзі бақылау жүйесіне және болашақ мамандығына сәйкес өмір салтына алдын ала икемделу; болашақтағы мамандығы қаншама беделді, абыройлы болғанымен, студенттік уақытында ол аз қорғалған, материалдық жағынан ата-анасына, оқу процесінде ұстаздарға көп тәуелді.

          Менің Шымкент қаласындағы оқу орындарындағы студенттер арасындағы жүргізген әлеуметтік зерттеуім, олардың таза саяси құндылықтық бағдарларын анықтауға арналады. Мұнда зерттеудің анкета тарату тәсілін қолдандым. Анкета ішіне кіретін сауалдарды орналастыру барысында төмендегі жайлардың барлығын қамтуға тырыстым.

          Адамдардың саяси бағдарының үш түрі бар: бірінші, билік құрылымдарына, екінші, қоғамның басқа мүшелеріне, үшінші өзінің жеке саяси белсенділігіне қатынасымен тығыз байланысты.

          Осында айтылған мәселелердің бәрін зерттеу барысында ескере отырып, студенттердің саяси құндылықтық бағдарларындағы басымдылықтарды анықтауға бағытталған он екі сауалды екшеп алдым. Енді мен аталмыш сауалдар мен студенттердің оларға білдірген жауаптарын ұсынбақпын *. 

  1. Сіз өзіңізді Қазақстанның патриотымын деп санайсыз ба?

      а) ия-86

      б) жоқ-6

      в) жауап беруге қиналамын-8

  1. Сіз бүгінгі таңда Қазақстандағы саяси жағдайды қалай бағалар едіңіз?

      а) қолайлы-23

      б) тұрақты-52

      в)  күрделі, бірақ қауіпті емес-15

      г) өте қатерлі, шиеленісті-8

      д) шектен тыс шиеленісті-0

      ж) дағдарысты-2

      з) жауап беруге қиналамын-0                              

  1. Қандай қоғамда өмір сүргіңіз келеді?

      а) социалистік-5

      б) капиталистік-7

       в) білмеймін-21

  1. Сіз үшін бүгінгі таңда қандай саяси құндылықтар маңызды рөл атқарады?

       а) Қ.Р. Конституциясын құрметтеу және билік тиімділігі-20

       б) азаматтардың құқықтары мен бостандықтары-45

       в) демократиялық сайлау-10

       г) тіл туралы заңның енгізілуі-10

       д) бүкілхалықтық келісім және интернационализм-2

       ж) БАҚ-тың бостандығы-3

       з) қоғамдық тәртіп-8

       л) жауап беруге қиналамын -2

       м) басқа-0

  1. Президент сайлауына қатыстыңыз ба?

        а) қатыстым-87

        б) қатыспадым-4

        в) жауап беруге қиналамын-9

  1. Өзіңіздің саясатқа деген қызығушылығыңызды анықтаңыз.

        а) қызығушылық жоғары-84

        б) қызығушылық төмен-6

        в) қызығушылық жоқ, немқұрайлылық-2

        г) жауап беруге қиналамын  -10

  1. Қазақстандағы көппартиялы жүйеге қалай қарайсыз?

         а) қалаймын-35

         б) қаламаймын-38

         в) мен үшін бәрбір-20

         г) білмеймін-7

  1. Өзекті саяси оқиғалар туралы мәліметтерді қайдан аласыз?

          а) газет-журналдардан-34

          б) дәріс пен семинар сабағынан-11

          в) теледидардағы жаңалықтардан-55 

  1. Сіз қандай саяси партияға жатасыз?

          а) Отан-31

          б) Асар-16

          в) Ақ жол-8

          г) Ауыл-3

          д) Аграрлық-1

          ж) басқа-2

           з) жатпаймын-39

  1. Сіздің пікіріңізше мүдделеріңізді, құқықтарыңызды Қазақстанның саяси жүйесінің қандай құрамдас бөлшектері қорғайды?

           а) президент-43

           б) парламент-14

           в) сот-21

           г) прокуратура-12

           д) білмеймін-10

  1. Қазақстандағы жастар ұйымдарының жұмыстарына қанағаттанасыз ба?

           а) қанағаттанамын-33

           б) қанағаттанбаймын-53

           в) білмеймін-14

  1. Сіз мүше болған партияның жұмысына белсене қатысасыз ба?

           а) өте белсене-4

           б) белсене қатысамын-14

           в) аса белсенді емеспін-24

Қазақстанның тәуелсіздік алуы қоғамтанушылардан патриотизмнің жаңа бағытын қалыптастырып, тәрбиелеуді талап етті. Патриотизм біріктіруші рухани саяси фактор ретінде қаралды. Осы жөнінде елбасы Н.Ә.Назарбаев 1993 жылы 11-мамырда Алматыда өткізілген мемлекеттің идеологиялық қызметінің мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте сөйлеген сөзінде: «Қоғамды біріктіру жөніндегі жұмыстағы маңызды бағыттардың бірі қазақстандық патриотизм болуы тиіс. Біз Отанға деген сүйіспеншілік-қара шаңыраққа деген сүйіспеншілік қана еместігін, осы күйді қиын қыстау күндерде тұрғызушыларды терең құрметтеу екенін де есте ұстауымыз қажет. Отанға адалдықтан, біздің аталарымыз бен аналарымызды, соғыс және еңбек ардагерлерін қастерлеуден биік ешнәрсе жоқ. Әлемдік өркениеттің үздік жетістіктерін, басқа халықтардың рухани қазыналарын бойымызға сіңіру қаншалықты маңызды болса да, біздің әрқайсысымыз өзіміздің терең тамырымыз, туған жеріміз туралы есте ұстап, қандай елдің азаматтары екендігімізге есеп беруіміз керек» деп атап көрсетті /48/.

          Сауалнама нәтижелеріне жүгінсек. Сіз өзіңізді Қазақстанның патриотымын деп санайсыз ба? деген сұраққа: Студенттердің басым көпшілігі өздерін Қазақстанның патриотымын деп санайды екен. Яғни, 86 пайызы ия деген, 6 пайзы жоқ, 8 пайызы жауап беруге қиналған. Яғни студенттер арасында қазақстанның патриоты емеспін деген жастарда болғанын байқауға болады. Қазіргі кезде өтпелі кезеңдегі халықтың әл-ауқатының төмендеуінің салдарынан патриоттық сезім, рухани сананың төмендеуі айқын байқалуда. Дегенмен, бұл өтпелі кезеңнің уақытша қиындықтары екендігін түсініп, болашақ ұрпақты өркениетті елдердегі ойлау мен рухани мәдениет деңгейіне сәйкестендіріп тәрбиелеу қажет. Менің ойымша, студенттерге оқу процесіндегі гуманитарлық пәндер арқылы тәрбие беруді күшейту керек. Мұнда жоғарғы оқу орындарында, орта мектептерде саясаттану пәнін оқыту проблемасына ерекше назар аудару қажет.        

 

Сіз өзіңізді Қазақстанның патриотымын деп санайсыз ба?

 

Сіз бүгінгі таңда Қазақстандағы саяси жағдайды қалай бағалар едіңіз? деген сауалға: студенттердің көпшілік бөлігі тұрақты деп бағалаған (52), ал 23 пайызы қолайлы деп ойлайды, жалпы бірге 75 пайызды құрап отыр. Демек студенттердің жартысынан көбі Қазақстандағы саяси жағдайды қолайлы да тұрақты деп жауап беріп отыр. Сондай-ақ сұралғандардың 15 пайызы саяси жағдайды күрделі, бірақ қауіпті емес деп жауап берсе, 2 пайызы дағдарысты деп жауап берген.

 

          Студенттердің 74 пайызы қандай қоғамда өмір сүргіңіз келеді деген сауалға капиталистік қоғамда, 5 пайызы социалистік қоғамда, 21 пайызы жауап беруге қиналған. Студенттердің көпшілігі отбасында әкелері мен аталарынан кешегі «қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған заман» туралы  тамсана, сағынышпен айтатын әңгімелерін тыңдап өскенімен, басым бөлігі капиталистік қоғамды, нарықтық экономиканы қалаған. Мұны ашық қоғамның адамзатқа ұсынатын еркіндігімен байланыстырған жөн.

 

 

 

 

 

 

 

Сіз үшін бүгінгі таңда қандай саяси құндылықтар маңызды рөл атқарады?

Кесте № 3

                        Жауаптары

   2006

ҚР Конституциясын құрметтеу және билік тиімділігі

20%

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары

45%

Демократиялық сайлау

10%

Тіл туралы заңның енгізілуі

10%

Бүкілхалықтық келісім және интернационализм

2%

БАҚ-тың бостандығы

3%

Қоғамдық тәртіп

8%

Жауап беруге қиналамын

2%

 

Бұл зерттеу нәтижелерінен байқайтынымыз, студенттердің көпшілік бөлігі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бірінші орынға қояды, одан кейінгі орында Қ.Р. Конституциясын құрметтеу және билік тиімділігі (20%), сондай-ақ студенттер үшін басты құндылық демократиялық сайлау және тіл туралы заңның енгізілуі (10%).

          Ал, сіздің мүдделеріңізді, құқықтарыңызды Қазақстанның саяси жүйесінің қандай құрамдас бөлшектері жақсы қорғайды деген сауалға студенттердің көпшілігі президентті атаған. Бұл президентіміздің жеке басының, атқарып жатқан іс-әрекетінің жетістігі деуге болады. Н.Ә.Назарбаевтың атқарып жатқан іс-әрекетінің жетістіктеріне мыналарды жатқызуға болады:

  1. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан мемлекетінің имиджін қалыптастырды, елімізді дүниежүзіне бейбітшілік мәдениетімен, ядролық қаруға қарсы күресімен, ұлттар мен конфессиялар арасындағы келісім мен татулық қатынастарымен танытты;
  2. елімізде саяси тұрақтылықтың орнауына қол жеткізді. Қоғам өмірінің кез келген саласына жүргізілген реформа нәтижесі қоғамда қалыптасқан саяси ахуалға тәуелді. Тиімді, қолайлы саяси ахуал, яғни саяси тұрақтылық реформа тиімділігінің негізгі кепілі. Біз қазіргі кезде қоғам өмірінің кез келген саласында жүргізілген реформалар нәтижелерін көріп отырмыз;
  3. елімізде алдымен экономика содан соң саясат деген принципті ұстану, экономикада оның заңдылықтарының үстемдік етуіне қол жеткізді. Экономикада нарықтық қатынас, бәсекелестік, ерікті кәсіпкерлік орнықты. Осы жылы жан басына шаққандағы жалпы өнім 3 мың доллар болады деп болжам жасалып отыр. Сыртқы сауда айналымы 33 млрд. АҚШ долларына жетті, ол 1994 жылдан 3 есе көп;
  4. Н.Ә.Назарбаевтың ең үлкен жетістігі, Қазақстанды әлеуметтік мемлекет деңгейіне жеткізуі деп санаймыз. Соңғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауы әлемге әлеуметтік бағдарламасы күштілігімен танымал болды. Әлеуметтік саладағы тиімді жүргізілген реформаларды көрші елдер үлгі ретінде алуда, әсіресе Ресейліктер зейнеткерлік, тұрғын үй, ипотекалық реформаларға қызығушылық танытуда. Реформалаудың қазақстандық үлгісі деген ұғым ғылым мен практикаға кеңінен еніп отыр;
  5. елімізді демократиялық саяси институттардың қалыптасуына ықпал етті. Президент, парламент және парламентаризм, көппартиялық жүйе, саяси плюрализм, азаматтық қоғам институттарының қалыптасып дамуына үлес қосты;
  6. 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы саяси жүйе институттарының орнықтылығы, олардың сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде тиімді жұмыс істеу мүмкіндігін қалыптастырды. Негізгі Заңымыз қоғамымызды саяси және мемлекеттік тұрақтылықты қалыптастыруға мүмкіндік жасады;
  7. билік күрделі саяси феномен. Оны жүргізу және қолдану саяси лидердің бойында көптеген қасиеттердің болуын талап етеді. Жекелеген саяси лидерлердің әлсіздігі бүкіл бір мемлекетті тоқырауға ұшыратып отырғандығын көрші елдерден көріп отырмыз. Н.Ә.Назарбаев харизматикалық лидер ретінде танымал. Оның лидерлік қасиетін біз ТМД-ы, Орталық Азия елдерінің интеграциялануы процесіндегі шешуші рөлінен де байқап отырмыз;
  8. ұлттық валюта, Астананың көшірілуі, көрші елдермен шекараны толығымен межелеуге қол жеткіздік;
  9. білім беру саласындағы реформалар, оның ішінде Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ашылуына үлкен үлес қосқан үлесін біздер ұмытпауымыз керек.

        Сайлау тақырыбы қазіргі кезеңде бүкіл адамзат үшін ең өзекті де өткір тақырыптардың бірі болып табылады, жалпы сайлау дегеніміз не?

  1. сайлау ең алдымен қоғамның алдыңғы қатарлы өкілдерін билік құрылымдарына ұсынумүмкіндігі;
  2. сайлау – азаматтар мүддесі мен талап-тілектерін билік құрылымдарына ұсыну мүмкіндігі.

   Сайлау нәтижелі болуы экономикалық, әлеуметтік және рухани факторларға тәуелді. Сайлаудың рухани факторына – халықтың патриотизмді сезінуі, заңға деген құрметі, мемлекеттік жауапкершілік сезімі жатады. Мұнда әсіресе маңызды нәрсе халықтың жоғарғы саяси мәдениеті мен білімділігі болып табылады. Осы аталған факторлардың барлығы біздің елімізде бар.

Президент сайлауына қатыстыңыз ба?

                                                                                                     Кесте № 4

      Жауаптары

1999ж

2005ж

 Қатыстым

45

91

Қатыспадым

55

9

Жауап беруге қиналамын

0

0

 

   Бұл жауаптардан байқайтынымыз студенттердің сайлауға деген қызығушылықтарының жоғары, төмендегінде біршама өзгерістер бар. 1999 жылы болған президент сайлауында студенттердің 45 пайызы қатыстым, 55 пайызы қатыспадым деп жауап берген. Бұл олардың аталмыш сайлауға аса құштарлық таныта қоймағандығын көрсетеді. Ал, 2005 жылғы президент сайлауында керісінше студенттердің 91 пайызы қатыстым, 9 пайызы қатыспадым деген. Бұдан шығатын қорытынды, студенттер президент сайлауында өз белсенділіктерін танытқанын байқауға болады. Бұл, әрине өте қуантарлық жайт.

Өткен президент сайлауына қатыстыңыз ба?

 

   «Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде» деген еңбегінде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: «әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай да даңқты тарихына, оның болашағына, өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасау керек. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс… Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан- менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын, деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей іс істеген жөн»- деп атап көрсеткендей өзіміздің жеріміз туралы есте сақтап, оның болашағына сенім артайық дегім келеді /49/.

Өзіңіздің саясатқа деген қызығушылығыңызды анықтаңыз?

                                                                                                              Кесте № 5

          Жауаптары

2002

   2004

    2006

     Қызығушылық жоғары

29

52%

84%

      Қызығушылық төмен

52

20%

6%

      Қызығушылық жоқ, немқұрайлылық

11

19%

2%

      Жауап беруге қиналамын

5

6%

10%

 

     Бұл жауаптардан байқайтынымыз азаматтардың саясатқа деген қызығушылықтарының артып жатқанын байқауға болады*.  Алдыңғы жылдарда сұралғандардың 52 пайызы саясатқа жоғары деңгейде қызығатынын айтады, ал 6 пайызы қызығушылық төмен деп жауап берген. Соңғы жылдағы зерттеулерде керісінше 84 пайызы қызығушылық жоғары деп жауап берген. Сондай-ақ сұралғандардың 6 пайызы қызығушылық төмен, ал 10 пайызы жауап беруге қиналған.

Егеер бүгінгі Қазақстанды осы көрсеткіштер тұрғысынан бағаласақ, алдыңғы жылдармен салыстырғанда студенттердің саяси белсенділігінің, саясатқа деген қызығушылығының біршама артқанын байқауға болады.

Ол ең алдымен, елдің  экономикалық, әлеуметтік жағдайына, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына, азаматтардың бұрынғы тоталитарлық құрсаудан арылып, жаңа демократиялық құндылықтарға бет бұруына, қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялардың пайда болуына бірқатар факторларға байланысты.

 

 

    Қазақстандағы көппартиялы жүйеге қалай қарайсыз деген сауалға 35 пайызы қалаймын,  38 қаламаймын, 7 пайызы мен үшін бәрбір деген. Сауалнама нәтижесі көрсеткендей студенттердің көпшілігі Отан, Асар, Ақ жол партяларына мүше екен. Сондай-ақ, 39 пайыз студенттер саяси партияға мүлдем мүшелікке кірмеген. Бұдан шығатын қорытынды Қазақстандығы саяси партиялардың жұмыстары қанағаттанарлық емес.

   Сондықтан да болар партияның жұмысына белсене қатысасыз ба деген сауалға студенттердің 24 пайызы аса белсенді емеспіп, 19 пайызы қатыспаймын деген.

    Сауалнама нәтижесі көрсеткендей өзекті саяси оқиғалар туралы мәліметтерді негізінен студенттер бұқаралық ақпарат құралдары (газеттерден-34%, теледидардағы жаңалықтардан- 55%) арқылы алатын көрінеді. Одан кейін дәріс пен семинар сабақтары алады. Ол 11 пайызды құрайды. Бұдан шығатын қорытынды БАҚ-тың студенттердің саяси біліктілігін қалыптастыруда үлкен рөл ойнайтынын байқауға болады. Жалпылай алғанда студенттердің үштен екісі елдегі іргелі саяси оқиғалармен жақсы таныс деп айтуға болады. Солай бола тұрса да, олардың осы оқиғаларды салқын ой, сындарлы ақылмен талдап, таразылауда әлі де болса саяси біліктілігін көтеру керек. Менің ойымша, оқу-тәрбие процесінде бұл бағыттағы жұмыстарды мақсатты түрде жандандыра жүргізу қажет.

   Қазіргі таңда Қазақстанда көптеген жастар ұйымдары жұмыс істейді. Қазақстандағы жастар ұйымдарының жұмысына қанағаттанасыз ба  деген сауалға студенттердің көпшілігі қанағаттанбаймын деген. Яғни қазіргі кезде жастар ұйымдары жастардың қажеттіліктерін қанағаттандырмай, өз дәрежесінде жұмыс істемей жатқанын байқауға болады.    

        Сондықтанда жастар ұйымдарының жұмыстарын төмендегідей деңгейде көтеру керек:

  1. жас белсенді саяси мәдениетті жоғары лидерлерді даярлау керек;
  2. студент жастардың талап мүдделерін жинақтау, талдап зерттеу қажет;
  3. студент жастармен жұмыс жүргізудің жаңа формаларын қолдану қажет;
  4. студент жастардың құқықтарын белсенділік таныту қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазіргі Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін нығайту мақсатында қоғамдық дамудың әр түрлі салаларында өркениетті елдердің үлгілеріне сәйкес келетін іс-әрекеттерге, стратегиялық жолдарға көшу кезеңінен өтті. Болашақтағы даму бағыттарын саралап, өз стратегиясын белгіледі.  Содан бері он бес жылдың жүзі өтіп қазақ мемлекеті егеменді ел ретінде ХХІ-ғасырдың табалдырығын аттады. Осы орайда, саяси өмірде болып жатқан процестерді әсіресе, қоғамның ең белсенді, қызу жас бөлігі жастардың елдегі ахуалға сай қызметін нарықтық қатынастарға бейімделу ерекшеліктері мен саяси бағдарларын зерттеп-зерделеу нақты заман талабы. Қоғамдағы этносаяси процестердің қалыпты дамып отыруы, олардың этносаралық қатынастар деңгейіндегі оңды көріністері саяси тұрақтылық пен бірлікте болып отыр. Құндылықтар жүйесінің қоғам үшін маңыздылығы жайлы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев зиялы қауыммен кездесуде былай деген: «қандай қиын-қыстау жағдайда да адамдар үшін өзекті болып қала беретін даусыз құндылықтар әрдайым болған және бола береді. Қоғамның адамгершілік деңгейін анықтайтын рухани байлық пен мәдениет осылардың қатарына жатады. Мүмкін осы қиындыққа толы қым-қуыт жылдарда өзіміздің басты құндылықтарымызды сақтап қала білгендігіміз біздің басты жетістігіміз болар » .

 Міне, осы құндылықтар жүйесінде саяси құндылықтардың орны ерекше. Өйткені, біздің еліміздің қазіргі кезеңі қоғамдағы саяси процестердің күрделене түскен, өмірдің барлық салаларының трансформациялану, өзгеру шағына сай келіп тұр. Бұл мәселе өткен кеңестік тарихымыздың ділдік ерекшеліктерінің әлі де өзінің әсерін тигізіп отыруымен, нақты демократиялық құндылықтарды бойына сіңіріп кетуге дайын еместігімен, саяси партияларымыздың әлсіздігімен, саяси элитаның басқару ісіндегі негізінен әкімшілік арқылы ұйымдастыру әдісіне сүйенуге бейімділігі мен сайлаудың нағыз демократияланудың үлгісі, тұтқасы бола алмай келе жатқандығымен астасып жатады /50/.   

Сонымен  ұсынылып отырған жастарының саяси құндылықтық бағдарлары атты диплом жұмыста осындай игі ниет, өмір қажеттілігіне орай жазылып отыр. Диплом жұмыстың құрылымы негізгі екі тарауды қамтиды. Алғашқы тарауда саяси құндылықтарды зерттеудің теориялық негіздері, сондай-ақ саяси құндылықтық бағдарлардың саяси құбылыстар мен байланысы, яғни, «саяси мәдениет», «саяси бағдар», «саяси мүдде», «саяси діл» сияқты ұғымдардың мән мазмұны тексеріледі. Ал жұмыстың екінші тарауы Қазақстан жастарының саяси құндылықтық бағдарлары және әлеуметтендіру прцесі деп аталып, жастардың саяси құндылықтарындағы басымдылықтар және жастарды заман талаптарына сай саяси бағдарларын қалыптастыруының негізгі жолдары мен әдістері ұсынылады. 

 Жастардың саяси қызығушылығын арттыруда, жаңа құндылықтарын қалыптастыруда қажетті ресурстар мен тетіктерге ие мемлекеттің орны ерекше. Жастар жаңа идеялар ұсынуы қажет. Тек, достық қарым-қатынаста емес, сонымен қатар ұйымшылдықпен жұмыс істеуі керек. Көптеген жастар ұйымдары және бірлестіктері өз қызметтерін кең көлемде жүзеге асыру үшін жеткілікті ресурстарға ие емес. Сондықтан мемлекет және мемлекеттік органдар өз кезегінде жастарды барлық жағынан қолдауы қажет. Ал Қазақстан жастары үшін саяси, әлеуметтік, экономикалық тәуелсіздікті нығайту құндылықтары басым тұруы қажет. Сонда ғана елдің ертеңгі тірегі болатын жастар қалыптасады.

Әрине, саяси құндылықтардың ішіндегі ең маңыздысы – еліміздің тәуелсіздігі екенін жасыруға болмайды. Өйткені, бұл басқа құндылықтардың бәрін біріктіруші, жүйелеуші орталық, өзек сияқты құбылыс. Сондықтан Қазақстан жастарының бәріне ортақ құндылық – саяси, әлеуметтік, мәдени, рухани, экономикалық, тәуелсіздікті нығайту басымдылық танытуы. Ал, бұл айтылған басымдылықтардың астарында әрбір адамның еркін дамуына, тұлғалық жетілуіне жағдайларды қалыптастыру мақсаты жатыр.   

Қорытындылай келе айтарымыз, қоғамымыздағы саяси процестердің жүйесін жетілдіре түсу үшін әрбір жастың саяси құндылықтары барынша демократияланған сипатта қалыптасуы шарт. Бұл әлеуметтік, этникалық, мәдени проблемаларды өркениетті тұрғыда шешуді талап етеді, адам жеке тұлға болып дамуына жағдайларды қалыптастыруды сұрайды. Мұның өзі саяси сананың жаңа ғасырға сай келетін қоғамдық сипатта қалыптасуымен байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Назарбаев Н.Ә. Жастар – Қазақстанның нұрлы болашағы //Егемен Қазақстан, 2005ж, 6 қыркүйек.
  2. Назарбаев Н.Ә. Рухани байлық және мәдениет – қоғамның басты құндылықтары. //Егемен Қазақстан, 2000ж, 18 ақпан.
  3. Тәжітаева Р.С. Саясаттану. Шымкент: Нұрлы-бейне, 2003ж. -2002б /179/.
  4. Сонда /180/.
  5. Фарукшин М.Х. Политическая культура общества // Социально-политические науки. –М., 1991. №4 –С. 106-108.
  6. Политология. Учебник. //Под. Ред. А.Н.Нысанбаева, Алматы: Ақыл кітабы, 1998. – 367б. /212/
  7. Политология. (под. ред. А.Н. Нысанбаева) –С. 215б.
  8. Ядов В.А. Междисциплинарный подход изученю соотношения между ценностными ориетациями и наблюдаемым поведением //Международный конгресс в г. Варны. –Л., 1970. -340 с. (11-16)
  9. Алтаев Ж. және т.б. Философия және мәдениеттану – Алматы: Жеті жарғы. 1998. – 272б. /32/
  10. Вебер М. Избранные произведения М.: прогресс 1990, -804с. /636/
  11. Хайек Ф. Пагубная самонадеянность. //Ошибка социализма. –М.: Новости. 1992. -304с.
  12. Этика юриста. (Под. ред. Габитова Т.Х.) –Алматы: Данекер, 1999. -127с.
  13. Вебер М. Избранные произведения. М.: Прогресс 1990. -804с. /689-706/
  14. Политология. Учебное пособие. (под. ред. А.Нысанбаева) – С. 120.
  15. Тәжітаева Р.С. Саясаттану. Шымкент: Нұрлы-бейне, 2003ж. -202б /147/.
  16. Сонда /148/.
  17. Сонда /149/.
  18. Тәжітаева Р.С. Қазақстан азаматтарының саяси құндылықтарының қалыптасу процесі. Автореферат. Алматы: 2001ж. 14б.

 

  1. Балгимбаев А.С. Институты гражданского общества и правового государства как механизмы борьбы с коррупцией. //Саясат. -1999. -№4. –23-24.
  2. Нысанбаев Ә. Адам және ашық қоғам. –Алматы: Қазэнциклопедия, 1998 -272б. /15/
  3. Нысанбаев Ә. Адам және ашық қоғам. Алматы:, 1998ж. 16б.
  4. Бабосов Е.М., Борковская Е.А., Веэрманн Р.К. Нрнавственный облик советской молодежи (опыт социологического анализа). М.: Наука и техника, 1985. С72.
  5. Розенталь Э. Это вечная тема. М.: Новости, 1990 С49.
  6. Султанов К.Поступь молодых. Алма-ата: Жалын, 1981. С33.
  7. Розенталь Э. Указ. соч. С.173
  8. Әбдірайымова Г. Жастар жаңарып жатқан қоғамда: кеше, бүгін, ертең //Саясат, -2004. №9. 37б.
  9. Сонда /38/.
  10. Чурбанов В. Непризнанные гении: Социологические заметки о юношестве. М.: Молодая гвардия, 1997. С 62.
  11. Ortega-y-Gasset I7 Der Aufctland deer massen. 1930. S.140.
  12. Смирнов Г.Л. Советский человек. Формирование социологического типа личности. М., 1971. С 295-296.
  13. Афанасьева А.И. Исторический процесс и смена поколений как социологическая проблема. М., 1973. С 28.
  14. Әбдірайымова Г. Жастар жаңарып жатқан қоғамда: кеше, бүгін, ертең //Саясат , -2004. № 9. 38б.
  15. Аңламасова М.Қ. Жастарды саяси әлеуметтендіру. //Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы атты ғылыми-практикалық конференцияның материалдар жинағы. 2006ж. с 126б.
  16. Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. Алматы: Білім, -2001ж, 76б.
  17. Қаныбекова Қ. Ауыл жастары және мәдениет //Ақиқат, -2004. №5. 60б.
  18. Кратки словарь по социологи. –М.: Политиздат, 1988. -477с. /148/
  19. Психология. Словарь. М.: 1990. -373с.
  20. Андреева Г.М. Социальная психология. –М.. Изд-во МГУ, 1988, -429с. /334/
  21. Смелзер Н. Социология. –М.: фенникс, 1994. -687с. (гл 14,)
  22. Исаев Ә.Ү. Саяси білім – жастардың саяси мәдениетін қалыптастырушы фактор //Вестник КазНУ. Серия культуралогия. -2004ж,  №2, 22б.
  23. Назарбаев Н. «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында». Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2006ж. 2 наурыз 7б.
  24. Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. –Алматы: Қазақстан, 1994. 40б. /14/
  25. Исаев Ә.Ү. Саяси білім – жастардың саяси мәдениетін қалыптастырушы фактор //Вестник КазНУ. Серия культуралогия. -2004ж,  №2, 22б.
  26. Жамбылов Д. Саясаттану. Алматы: 2000ж. -178б.
  27. Саханова А. Жастар тәрбиесіндегі – патриоттық тәрбиенің қоғамдағы алатын орны. //Ақиқат, -2005ж. №4. 182б.
  28. Сонда /183/.
  29. Көшербаев Қ.Е. Этносаяси ахуал: жай-күйі мен даму үрдістері. //Саясат, 1997. №2 67-72б.
  30. Абдірахманов С. Тәуелсіздік шежіресі. Астана: Елорда, 2001ж,
  31. Назарбаев Н. Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігі. Алматы: қазақстан ХХІғ. 1993ж, 25б.
  32. Ертысбаев Е.К. Выборы и демократия: сущность и основное содержание. //Казахстан – спектр. -1999. №4 /10/. С.3-40.

 

 

 

 

 

*Зерттеу Қ.А.Ясау атындағы Халықаралық Қазақ-Түрікуниверситеті Шымкент институтының студенттері арасында жүргізілді.

Сауалнамаға қатысқандардың  63 пайызы студент қыздар, 37 пайызы студент жігіттер.

 

*Зерттеу 2004 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрікуниверситеті Шымкент институтының  аға оқытушысы Қуандық Назгүлдің зерттеуінен алынған.