МАЗМҰНЫ
Кіріспе…………………………………………………………………………………
1 тарау. Жаза және оның мақсаты……………………………
1.1. Жаза ұғымы…………………………………………………………………..
1.2. Жазаның мақсаты………………………………………………………….
2 тарау. Жазалар жүйесі және олардың түрлері……………
2.1. Жазалар жүйесінің ұғымы және маңызы………………………..
2.2. Негізгі жазалар……………………………………………………………..
3 тарау. Жазаның қосымша түрлері…………………………
3.1. Қосымша жаза………………………………………………………………
3.2. Жазаның балама түрлері……………………………………………….
Қорытынды………………………………………………………………………..
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………….
КІРІСПЕ
Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құкықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол — заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Жаза — мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды, оның құкығын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, коршаған ортаны, конституциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғайтатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қылмыстық қастандықтан қорғайды. Ол қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың басты формасы және қылмыскерліктің алдын алу шараларының бірі болып табылады.
Біздің елімізде жаңа ҚК-тің қабылдануына байланысты осы маңызды заңның баптарына түсініктеме беру қажеттігі туындап отыр. Ол осы заңның кейбір баптарын дұрыс түсініп, оны іс жүзінде қолдану үшін қажет. ҚК-те жазаның жаңа түрлері қарастырылған, олар: қоғамдық жұмысқа тарту, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, қамауға алу. Бұл жазаларды қолдану бас бостандығынан айыру сияқты жазалардың азаюына, ал өмір бойы бас бостандығынан айыру — өлім жазасын қолдануды азайтуға сеп болады. Бас бостандығынан айыру жазасының онша тиімді жаза емес екендігін ескерсек, бұл біздің мемлекетіміздің қылмыстық жазаға қатысты саясатындағы дұрыс бағыт. Әртүрлі жазаны дұрыс қолдану үшін ҚК-тің 39-бабында көрсетілген жазалардың әрбір түрінің мазмұнын, негіздемесін және колдану ретін түсіну қажет.
Жаза тағайындау — мемлекеттік органның маңызды да жауапты міндеті, себебі жаза тағайындау арқылы ғана қылмыс жасаған адамның әрекетіне қорытынды баға беріледі. Жаза тағайындау барысында заң нормалары бұзылса, ол ауыр зардапқа әкеп соқты. Мысалы, шектен тыс қатаң жаза берілсе, сотталган адамда ыза-кек туады. Ал өте жеңіл жазаланған адам жазаға онша мән бермейді. Бұл екі жағдайда да қылмыс қайта жасалынуы мүмкін, себебі әділқазылық принципі сакталмағандықтан, жаза өз мақсатына жетпейді.
Жаза тағайындағанда сот ҚК-тің 52-62, 80-баптарында қарастырылған жаза тағайындау тәртібін, сондай-ақ қылмыстық заң принциптерін (заңдылықты, қылмыстық қудалау шараларын үнемдеу, жазаны жеке адамға сәйкес даралау, т.б.) басшылыққа алуға тиіс. Бұл жағдайда сот ҚК-тің 38-бабында белгілетен жазалардың мақсатын негізге алады.
Жазаға байланысты осы және басқа да мәселелер ұсынылып отырған дипломдық жұмысында қарастырылған.
1 тарау. ЖАЗА ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҚСАТЫ
1.1. ЖАЗА ҰҒЫМЫ
Қылмыскерге тек қылмыстық жазалау шараларын, оның ішінде ауыр, қатал жаза қолдану арқылы ғана қылмыскерлікті біржола жеңе алмайтындығымызды тарих дәлелдеді. Ал, қылмыскерліктің алдын алу, одан сақтандыру шараларының бұл күресте көмегі көп екендігі сөзсіз.
Қылмыскерлікпен күресте мемлекет басқа да шараларды қолданады. Мұндай шаралардың бірі — жаза.
Қылмыстық заң нормаларын сақтауды мемлекет мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді, себебі бұл нормалардың бұзылуы заңның басқа салаларындағы нормалардың бұзылуына қарағанда мемлекет мүддесіне, қоғам мүддесіне немесе жеке азаматтар мүддесіне үлкен зиян келтіреді.
Жаза қолданудағы мақсат — адам мен азаматтың құқығын, бостандығын, заңды мүдделерін, бейбіт өмір мен адамзат қауіпсіздігін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны,| конституциялық құрылысты және Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заң қорғайтын мүдделерін қара ниет қастандықтан қорғау1.
Қазақстан аумағында бұрын күшінде болған қылмыстық занда (1998 жылдың 1 қаңтарына дейін 1922 және 1926 жылдарғы РСФСР Қылмыстық кодексі, одан кейін 1959 жылғы Қаз ССР ҚК-і) жазаға анықтама берілмеген. Сондықтан да жаңа ҚК қабылданғанға дейінгі қылмыстық — заң әдебиеттерінде жазаға берілген әртүрлі анықтамаларды кездестіруге болады. Олардың бір-бірінен онша айырмашылығы жоқ, оларда жаза дегеніміз — қылмыстық заң негізінде қылмыс жасаған адамға катысты сот қолданған мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы деген мазмұн бар.
Республиканың Қылмыстық кодексі жаза түсінігіне мынадай анықтама береді: Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша дайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамды кұқықтары мен бостандықтарынан осы Кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.1
Бұл анықтамадан жаза белгілерінің жиынтығы шығады. Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган — сот ғана үкім негізінде қолдана алады.
Үкім тек Казақстан Республикасының атынан шығарылады. Мемлекеттік мәжбүрлеудің басқа шаралары лауазымды адамның атынан немесе қандай да бір мемлекеттік органның атынан қабылданады.
Заңды күшіне енген сот үкімі барлық мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар үшін міндетті болып табылады, ол Қазақстанның барлық аумағында орындалуға тиісті.
Үкімде тағайындалған жаза қатаң дара сипатта болады, ол тек қылмыс жасаған адамға ғана катысты және баска адамдарға (сотталғанның туған-туыстарына) таралмайды.
Жазаның орындалуы мемлекет күшімен жүзеге асырылады. Қоғамдық ыкпал жасау шараларының жазадан айырмашылығы сол — олардың артында мемлекеттік күш емес, қоғамдық пікір тұрады.
Қоғамдық ықпал ету шараларын мемлекеттік органдар емес, қоғамдық ұйымдар қолданады. Жаза — мемлекеттік мәжбүрлеудің заңмен белгіленген шарасы. ҚК-тің 38-бабында жаза түрлері түгелдей келтірілген. Қылмыс жасаған адамға сот жазаның бұлардан басқа түрін қолдана алмайды.
Қылмыс пен жаза — өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады.
Жазаға тән ерекшелік — міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық, материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: бас бостандығынан айырғанда, камауға алғанда сотталған адамның көптеген құқықтарына шек қойылады, ол бостандығынан айырылады, оның отбасымен, дос-туыстарымен байланысы үзіледі. Мүлкін тәркілегенде, айыппұл алғанда ол материалдық шығын көреді. Белгілі бір қызметке тұру немесе қызметпен айналысу құқынан айыру сияқгы жаза шарасы адамның қызмет, кәсіп тандау кұқына шектеу салады. Жазаның жазалау сияқты элементінде қорқыту сипаты бар. Тағайындалған жазаның ауыр-жеңілдігі жасалған қылмыстың сипатына және қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына жөне баска мән-жайларға байланысты.
Жазалау жазаға тән ерекшелік бола тұрса да Қылмыстық кодексте ол жаза мақсаты ретінде қаралмайды (ҚК-тің 38-бабының 2 бөлігі). Бұрынғы ҚК-терде де жазалау жазаның мақсаты ретінде қарастырылмаған. Дегенмен, бірқатар ғалымдар жазалауды жаза мақсаты ретінде қарастырған. Атап айтқанда, Н.А.Беляев былай деп жазды: «Жазаның мақсаты жазалау, ол дегеніміз жасаған қылмысы үшін айыпкерді күйзелту, бостандығынан айыру»1.
Мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы болып табылатын жазада соттылық сияқты өзіне тән сипат бар, ол кейін кұқықтық және моральдық түрғыдан өзінің теріс зардабын тигізеді. Мысалы, егер адам жаңадан қылмыс жасаса, оның бұрынғы қылмысы үшін соттылығы қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып табылады.
Бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар адамның жаңадан қасақана кылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады (ҚК-тің 13-бабы). Қайталанудың болуы тағайындалған жазаның түріне және мөлшеріне, сондай-ақ бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанда колонияның нысанына әсер етеді (ҚК-тің 48-бабы).
Мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының басқа түрлерінен жазаның айырмашылығы сол — қылмыс жасаған адамға және оның әрекетіне сот тек құқық түрғысынан ғана емес, сонымен қатар моральдық түрғыдан теріс баға береді.
Сондықтан да жаза тағайындау дегеніміз қылмыс жасаған адамға мемлекет атынан берілген теріс баға.
Сонымен қылмыстық жаза — қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы, оны қылмыс жасап айыпты болған адамға қатысты сот өз үкімімен қолданады, онда жазалау сипаты болады және осы қылмысты жасаған адамның айыбы мемлекет атынан бетке басылады (теріс баға беріледі).
1.2. Жазаның мақсаты
Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты болады. Жазаның мақсаты дегеніміз тікелей жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.
Жазаның нақты мақсаты Қазақстан Республикасының қылмыстық зандарының алдында тұрған жалпы міндеттерден туындайды (ҚК-тің 2-бабы).
Жазаның мақсатын анықтаудың, бәрінен бұрын, соттың заң қолдану қызметінде маңызы зор. Нақты адамға қатысты жазаның түрін, мөлшерін анықтай отырып сот жазаның заңда белгіленген мақсаттарын басшылыққа алуға тиіс. Бұл талапты елемеу — заңсыз, дөлелсіз жаза тағайындауға, әділетті емес үкім шығаруға әкеп соғуы мүмкін.
Жазаның мақсатына заң тұрғысынан анықтама беру — жаза қолданудың тиімділігін ғылыми зерттеу үшін де қажет. Мысалы, бірінші рет жасалған қылмыстардың жалпы санының көбеюі, не азаюы жалпы қылмыстың алдын алудағы мақсаттың көрсеткіші бола алады. Ал қайталанған қылмыстың деңгейі арнайы алдын алу шаралары үшін және сотталғанды түзеу үшін соңдай көрсеткіш болады.
Жазаның мақсаты ҚК-тің 38-бабында былай көрсетілген: «Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынай сақтандыру мақсатында қолданылады».
Яғни, жазаның мақсаты:
а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;
б) сотталғанды түзеу;
в) сотталған тарапынан жаңа қылмыстың жасалуын болдырмау (арнайы, жеке сақтандырудың мақсаты);
г) басқа адамдар тарапынан қылмысты болдырмау (жалпы сақтандырудың мақсаты).
Жаза қолданылған әрбір жағдайда осы мақсаттар бірге карастырылуы тиіс. Сонымен әлеуметтік әділеттілікті калпына келтіру — жаза мақсаттарының бірі болып табылады. Каңдай қылмыс болмасын әлеуметтік әділеттілікті бұзады. Мысалы, күші басым адам әлсіз адамды соққыға жығады. Ер адам күш көрсетіп, әйел зорлайды. Лауазымды адам өз қызмет бабын пайдаланып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі нұқсан келтірді. Осы көрсетілген жағдайлардың әрқайсында біреу жасаған қылмыстың нәтижесінде екінші адамға қатысты әлеуметтік әділеттілік бұзылған.
Айыпкерге жаза тағайындағанда сот тек жәбір шеккен адамға ғана емес, жалпы қоғамға қатысты әлеуметтік әділеттілікті біршама болса да қалпына келтіруге әрекет жасауға тиіс. Қылмыскерді бас бостандығынан айыру, оны күйзелту жәбірленгеннің аз да болса көңілін басады, жасалған қылмыс нәтижесінде өзінің бұзылған кұқықтары мен занды мүдделері қалпына келеді деп үміттенеді. Мысалы, мүлкі ұрланып жәбір көрген адам ұрланған мүлкін қайтарып алады немесе өзіне келген залалды ақшалай өндіріп алады.
Ал, жалпы қоғам көлемінде әлеуметтік әділеттілік қалпына келу үшін сот әділ жазаны көпшілік алдында (сот процестері негізінен ашық мәжілістерде өтеді) тағайындайды, сол арқылы көпшілікке қылмыстық заңды бұзған адамды мемлекеттің жазалайтындығын, жазалай отырып қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, жалпы халық денсаулығын, басқа да игіліктерді қорғайтындығын білдіреді. Қылмыскердің жазаланғанын естіген адамның көңілі орнына түседі. Жазаның мақсатын заң әлеуметтік әділеттілікпен байланыстырады, сондықтан сот тек ғана әділ жаза тағайындау үшін өте ұқыптылық танытуға тиіс. Онсыз жазаның әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудегі мақсатына қол жеткізу мүмкін емес.
Жаза қолданғанда адамдар әділеттікті сезінеді, ал кейбір жағдайларда қылмыскердің жасаған әрекеті олардың наразылық сезімін тудырады.- Сондықтан да қатаң болса да әділ жазаны көпшілік қанағаттанғандық сезіммен қабыддайды. Керісінше, әділетсіз, кінәсіне сай емес жаза тағайындау жазаның мұндай маңызды мақсатын жоққа шығарады. Жазаның басқа бір маңызды мақсаты — сотталғанды түзеу. Ондай мақсаттың болуы Қазақстан Республикасы қылмыстық заңындағы адамгершілік сипатты көрсетеді.
Қылмыс жасаған адамға заңды қолдана отырып, мемлекет ол адамның жазаны өтегеннен кейін қоғамға басқа қылмыс жасамайтындай болып оралуын көздеуге тиіс.
Тузеу дегеніміз — адам бойындағы қылмыс жасауға итермелейтін касиеттерді жою.
Түзеудің мақсаты адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін қайта қалыптастыру, жаңа қылмыс жасауға себеп болатын бойындағы теріс қасиеттерден оның арылуына мүмкіндік туғызу. Түзеу барысында сотталғанның бойына бұрын онда болмаған әлеуметтік-пайдалы қасиеттер егіледі, бұрын болып кейін жоғалып кеткен жақсы қасиеттердің көзі ашылады. Ол қасиеттер, мысалы, басқа адамды, оның құқықтары мен мүддесін сыйлау, қоғамдық тәртіпті сақтау, т.б. Жазаны орындау барысында сотталған адамның көзқарасы, сенімі, әдет-салты жақсы жаққа қарай өзгерсе — түзеу мақсатының орындалғаны болып табылады. Түзелген адам қылмысты жазадан қорыққандықтан ғана емес, жазаны орындау барысында қандайда бір дұрыс ықпал болғандықтан жасамайды.
Түзеу процесі алдын ала тергеу кезінен басталады, бірақ сот мәжілісі кезінде белсендірек жүргізіледі. Содан кейін, жазаның нақты түрі тағайындалғанда, сол жазаның орындалу барысында ол өз жалғасын табады.
Әртүрлі жаза шаралары түзеудің өртүрлі төсілін, әдісін және жолын карастырады. Жазалау шарасы да, түзеу тәсілдері мен қайта тәрбиелеу әдістері де қылмыстың ауырлығына, оны жасаған адамның жеке басына қарай қолданылуға тиіс.
Бас бостандығынан айыру жазасын өтегенде сол жазаны өтеу режимі, қоғамдық-пайдалы еңбек, тәрбие жұмыстары түзеудің басты тәсілдері болып табылады. Қылмыстық-орындаушылық заңдарда түзеудің басқа да тәсілдері қарастырылған. /Бұл мақсатқа барлық уақытта бірдей қол жете бермейді, ал өлім жазасы сияқты жаза тағайындалғанда оған қол жеткізу тіптен мүмкін емес./ Сотталған адамды түзеу мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру мақсатымен тығыз байланысты. Егер тағайындалған жаза өте катаң немесе өте жұмсақ болса, бұл жағдай әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудің орнына сотталған адамды түзеу процесіне кесірін тигізеді, себебі жосықсыз қатаң жаза оны алған адамның ыза-кегін тудырады, ал өте жеңіл жаза алған адам қандай қылмыс жасасам да қатаң жаза алмаймын деген сенімде болады.
Жазаның өзіндік, жеке мақсаты — арнайы (жеке) сақтандыру мақсаты. Оның мәні де, мазмұны да сотталған адам тарапынан жаңа қылмысты болдырмау. Қылмыстан сақтандыру шарасы сол қылмыс жасаған адамға тікелей бағытталады1.
Әдебиеттерде арнайы сақтандыру шараларының мазмұны және оған қол жеткізу тәсілдері жайында ортақ пікір жоқ. А.И. Марцевтің пікірінше, арнайы сақтандыру шараларының мәні — «қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамның жаңа қылмыс (немесе жаңа қылмыстар) жасауына жол бермеуде» жөне бұл мақсатқа жазалау, тәрбиелеу арқылы тікелей қол жеткізуге болады.
Ал, И.И. Карпецтің пікірінше, нақты адамға жаза тағайындағанда арнайы сақтандырудағы мақсатқа мына әдістермен қол жеткізуге болады: қылмыскерді қылмыс жасау мүмкіндігінен айыру; қылмыскердің көңіл-күйіне ыкдал жасау; зәресін алу.
Арнайы сақтандырудағы мақсатқа мына жолдармен қол жеткізуге болады. Біріншіден, сотталған адамды жаңа қылмыс жасау мүмкіндігінен айырады.
Қылмыстық занда белгіленген жазалар жүйесінде сотталған адамның жаңа қылмыс жасау мүмкіндігін жоқка шығаратын көптеген амалдар қарастырылған.
Мысалы, бас бостандығынан айырғанда, камауға алғанда тиісті режим сақталады, тұрақты күзет қойылып, қадағалау жасалынады, туыстарынан, дос-жарандарынан оқшау ұсталады, қылмыс жасау құралы немесе қаруы боларлықтай ақшаны немесе заттарды өзінде ұстауына тыйым салынады. Белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айырғанда адам бұрынғы жұмысын атқара алмайды, жаңа қылмыс жасау үшін ол қызметті пайдалана алмайды.
Екіншіден, арнайы сақтандырудағы мақсатқа жазамен қорқыту арқылы қол жеткізуге болады. Жазамен қорқыту сол жазаның қалай да болатындығына байланысты. Егер де жаңадан жасаған қылмыс үшін жазадан куғылмайтынын мойындаса, ол қылмыстан бас тартуы мүмкін.
Сотталған адамның басына кандай да бір күйзеліс келсе, ол жаңа қылмыс жасаудан бас тартуы мүмкін, себебі кайталап жасалған қылмыс үшін занда қатаң жаза қарастырылған (ҚК-тің 54-бабының 1 бөлімінің «а» тармағы). Бұрынғыдан да бетер катаң жазалану үрейі адамды жаңа қылмыс жасаудан бас тартуға мәжбүр етеді.
Үшіншіден, арнайы сақтандырудағы мақсатқа жазаны өтеу барысында сотталған адамның көңіл-күйіне ізгі ықпал ету арқылы қол жеткізуге болады, ол да сотталған адамның жаңа қылмысқа бармауына сеп болады.
Ал, қылмыстан жалпы сақтандырудағы мақсат қылмысты сотталған адам тарапынан болдырмау емес, негізінен, қылмысты басқа адамдарға, заң талаптарын сақтауда сенімсіздік танытатын адамдарға жасатпау.
Қылмыстан арнайы сақтандырудан оның айырмашылығы — мұндағы мақсат қылмыс жасаған жеке адамға емес, заңды, басқа да нормативтік актілерді бұзуға икемді, тиянақсыз адамдарға ықпал жасау. Жазамен қорқыту, қылмыс жасаған жағдайда оны қолдану қаупі қылмысқа бейім адамдарға тосқауыл болады, қылмыстық ниеттен қайтарады. Жасалған қылмыс үшін жаза қолдану үрейі тұрақсыз адамдарды қылмыс жасаудан сақтандырады.
Жазаның жалпы сақтандыру шараларындағы ықпалы, біріншіден, қылмыстық заңның жарияланып, онда әрбір нақты қылмыс үшін белгіленген жазаның көрсетілгендігінде; екіншіден, қылмыс жасаған нақты адамға соттың жаза тағайындауында, үшіншіден тағайындалған жазаның орындалу процесінде, деп жазады М.Д.Шаргородский.
С.В. Полубинская жалпы алдын алу шараларын екі түрге бөледі: жалпы сақтандыру шаралары, тар мағынада түсінгенде, негізінен қорқыту шаралары және біршама тәрбие арқылы қылмыс жасауға бейім адамға ықпал жасау; жалпы сақтандыру шаралары, кең мағынада түсінгенде, қоғамның барлық мүшелеріне жазаның төрбиелік ықпал етуі1.
Жазаны қолданғанда жазаның барлық мақсаттары бірден қамтылады. Бірақ бұл, сол мақсаттардың бәріне бірдей қол жеткізу емес. Мысалы, қылмыскерді колонияда ұстап оны оқшаулағанда, ол сол жаза өтеп жатқан кезінде ешқашан жаңа қылмыс жасай алмайды (мұнда арнайы сақ-тандырудағы мақсатқа қол жетеді), бірақ бұл жағдайда барлық уақытта бірдей түзеу мақсатына қол жеткізе алмаймыз.
2 тарау. ЖАЗАЛАР ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРІ
2.1. Жазалар жүйесінің ұғымы және маңызы
Жазалар жүйесі дегеніміз — ауырлығы ескеріліп белгілі бір ретпен орналасқан, толық берілген жөне сот үшін міндетті болып табылатын, қылмыстық заңда бекітілген жазалар түрінің тізімі. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде жазалар жүйесі 39-баптың 1 бөлігінде орналасқан.
Әділқазылық мәселелерін шешуде жазалар жүйесін белгілеудің методологиялық жөне практикалық елеулі маңызы бар. Оның методологиялық маңызы сол — әрбір жазаның қолдану жағдайын, дәл шегін және тәртібін көрсетіп, олардың толық тізімін беру арқылы қылмыспен күресте жазалау саясатының бірлігіне, «сот Қызметінде заңдылық принципін сақтауға қол жетізе аламыз. Ал оның практикалық маңызы сол — оңда жазаның түрлері бір жүйемен (ең жеңілінен бастап ең ауырына қарай) берілген, соның нәтижесінде сот заңға сүйене отырып, сот практикасының тәжірибесін, қоғамдық көзқарасты жөне ғылыми ұсыныстарды ескеріп, сотталғанға ықпал жасаудың әртүрлі шараларын тиімді де ұғымды пайдалана алады.
Заңмен белгіленген жазалар жүйесінің маңыздылығы сонда — ол арқылы қай жазаның аса қатаң, ал қай жазаның онша қатаң емес екендігін аныктай аламыз. Бұл тек жаза тағайындалғанда ғана емес, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның жұмсақтау түріне ауыстырғанда да керек (ҚК-тің 71-бабы).
Жалпы жаза түрлерінің жүйесі және жазаның әрбір жеке түрі көптеген тәсіл арқылы сотталғанға ықпал жасау мүмкіндігін береді, сол тәсілдер арасынан сот ең орынды шараны тандап ала алады. Осы жүйеге сәйкес соттар ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға қатысты да, онша кауіпті емес қылмыс жасаған адамдарға қатысты да ауырлығы әртүрлі жаза қолдануға құқылы.
Сонымен, жаза түрлерінің біршама көптігі қылмыстың да, оны жасаған қылмыскердің де қоғамға қауіптілігін ескеріп әділ жаза тағайындауға мүмкіндік береді, алдында тұрған мақсатқа жетуге көмектеседі (23-баптың 1 бөлігі).
Жазаның түрлері мен жүйесі, сонымен қатар, қылмыскерлікпен күресу тәсілдеріне және қылмыстың өзіне деген қоғамда қалыптасқан пікірдің көрінісі. Адамның өмірі, денесі, бостандығы, ар-ожданы жазаның объектісі, ал өлім, жарақат, күш көрсетіп қинау, қамау, қудалау, мүлкінен айыру, масқаралау — жаза қолданудың салдары болып табылады. Жаза қолданғанда қылмыскер әруақта мемлекет атынан айыпталады.
Қылмыстық жаза қоғамдағы үстем көзқарасқа және оның өмір сүруінің негізгі шарттарына сәйкес келетін көзқарастарға жауап беріп келді, жауап береді де. Заңдарға бұрынғы ескірген жазаларды енгізсек, оны қоғам тарихи анахронизм деп санар еді, ол жазалар жүрмес еді.
Керісінше, егер заңдарға қоғам саяси да, сана жағынан да әлі дайын емес жазаларды енгізсек, олар да жұмыс істемес еді.
Қылмыстық заң мен жаза адамдардың қалыптасқан өміріне, қоғамдық қатынасқа, сол қоғамның идеологиясы мен таптық құрылымына, мемлекет экономикасының ахуалына, және осы негізде қалыптасып отырған этикалық және құқықтық көзқарастарға сәйкес келуі тиіс.
Егер жаза түрлерінің қоғамның және қоғамдық қатынастардың даму деңгейімен байланысына көз жүгіртсек, мынадай зандылықты байқауға болады: өндіргіш күштердің даму деңгейі төмен кезде қоғамдық тұрмыс та нашар, мәдениет те төмен деңгейде болды, оған сәйкес идеология болды; жазалаудың аса қатаң түрлері қолданылды ашықтан ашық үрей тудыру, өлтірудің, жара-қаттаудың жетік түрлері болды; қоғам ішіндегі қайшылықтың ушығуы жазаны қатайтуды қажет етті; аса қатаң жазалау кейінгі феодализмге тән әрекет еді.
1532 жылы қабылданған Карл V-нің қылмыстық жинағы «Каролина» сол кезеңді дәлірек сипаттайтын заң актісі. Басқа елдердің заңдары да, одан кейінгі кездері де бұл заңнан алыс кеткен жоқ. Ф.Энгельс былай деп жазды: «Ағылшындардың қылмыстық заңының Европадағы ең қатаң заң екендігін білеміз. 1810 жылдың өзінде ол өзінің қатыгездігі жағынан Каролинадан кем түспеді: отқа жағу, доңғалаққа байлап, кескілеп өлтіру, тірі адамның шек-қарнын ақтару, т.б. жазалаудың көп тараған түрі болды».
Қылмыскерлікпен күрестің барлық формалары мен әдістері тек қатаң жазалаумен ғана шектелді. Ондағы басты мақсат — «зиянкес» адамның көзін жою немесе оны адам сияқты өмір сүру қабілетінен айыру. Ол кездің ұраны үрейлендіру мен қатыгездік.
Бірақ, қатаң жаза қолданудың өзі қатыгездікті тудыратынын өмір көрсетті. Нөтижесінде қылмыс азайған жоқ, кайта көбейіп кетті. Сондықтан да, алдыңғы қатарлы ойшындар бір жағынан жазаның сипатын өзгерту керек, екіншіден қылмыстың алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру керек дегенді айтты.
Қазіргі тарихи кезең жағдайды жазамен түзетуге болмайтындығын көрсетіп отыр, сондықтан да оқымыстылар бұл тығырықтан шығудың жолын іздестіруде. Осыған байланысты мәжбүрлеу жөне зорлық принципіне емес, сенімді межбүрлеумен ұштастырған принципіне негізделген жаза теориясы ерекше маңыз алады. Бұл теория жаза қылмыскерлікпен күрестегі маңызды да және әзірше қажетті құрал болғанмен, ол жалғыз әрі басты кұрал емес, тек қосымша ғана деген түсініктен туындайды.
Қоғамның әлеуметтік өміріндегі жазаның орыны, бәрінен бұрын, адамгершіліктен, адамға деген қамқорлықтан барып анықталуға тиіс. Мәж-бүрлеудің қылмыспен күрес тәсілдерінің бірі екендігін ескере отырып, бірақ ақтық соңында тек мақсатты тәрбие мен сенім арқылы ғана адамға ықпал жасауға болатындығын, солар арқылы ғана адамның сезімі мен ойын, көзқарасын, идеясын, дағдысы мен мінез-құлқын өзгертуге болатындығын мойындау керек (3, 79-83 б.)
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде бұл принциптер ескерілген және жаза түрлерінің тізімі бұрынғы заңмен салыстырғанда едәуір өзгерген. Жазаның кейбір түрлері сақталған, ал кейбіреулерін заң шығарушы алып тастаған.
Сонымен катар, қоғамдық жұмыстар, бостандықты шектеу, тағы басқадай жазаның жаңа түрлерінің жүйеге енгізілуі өте дәлелді. Жазаның кейбір түрлерінің атаулары да, оған сәйкес мазмұны да өзгерген. Әскери және арнайы атақтан айырудың орнына — арнайы әскери және кұрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру; бас бостандығынан айырмай түзеу жүмыстарына жіберудің орнына — түзеу жүмыстары. Тәртіптік батальонға жіберу түріндегі жаза тәртіптік әскери бөлімде ұстаумен ауыстырылған.
Өлім жазасы жаза түрлерінің тізіміне кіргенмен, ол ерекше сипаттағы жаза деп көрсетілмеген.
ҚР ҚК-нің 39-бабында қарастырылған қылмыстық жазалар тізімінде мыналар бар айыппұл салу, белгілі бір лауазымды аткару немесе белгілі бір қызметпен айналысу кұқығынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары; әскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; камау; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы; арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шеннен, ди-пломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру; мүлкін тәркілеу1.
Тиімділігі өте төмен болғандықтан жаңа Қылмыстық кодекстен жазаның мынадай түрлері алынып тасталды: қоғам алдында бетіне басу, келтірген нұқсанды жоюды міндеттеу, жер аудару, елден шығарып жіберу, қызметтен босату, еңбекпен тәрбиелеу профилакториясына жіберу, ата-ана құқынан айыру. Мұның бәрі 1959 жылғы Қылмыстық кодексте бар болатын.
Бұрын кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалар түрінің арнайы тізімі қарастырылмаған болатын. Ал қазір, ҚР ҚК-нің 79-бабына сәйкес, 18 жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға тек мына жазалар қолданылады: айыппұл салу; белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жүмыстары; қамау; бас бостандығынан айыру.
Жаңа ҚК-те жазалар жүйесі басқаша құрылған: олар (жаза түрлері) жеңілдеу жазадан бастап қатаң жазаға қарай тізілген. Бұл қылмыстық заң принципімен сәйкестігін табады — қылмыскерді жазалағанда жазалау құралдары үнемді пайдаланылады.
ҚР-ның қылмыстық заңындағы жазалар жүйесінде адамды масқара ететін, оның денесін жарақаттап, мүгедек ететін жаза түрлері жоқ. ҚР Конституциясының 17-бабында былай делінген: «1. Адамның қадір-қасиетіне қол сүғылмайды. 2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық кадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге, не жазалауға болмайды». Сонымен қатар, кәмелетке толмаған адамға, екі қабат әйелдерге, емшекте баласы бар және жас сәбиі бар әйелдерге жаза қолданылғанда заң бойынша бірқатар шектеулер қарастырылған1.
Сондықтан да бұл қылмыстық заңда жаза түрлерінің толық әрі дәл тізімі берілген, оларды сот қылмыс жасаған адамға тағайындай алады. Занда карастырылмаған жазаны қолдануға жол берілмейді.
Жаза түрлері өздерінің мазмұны, сотталғанға ықпал жасау тәсілі жөне ауырлығы (жазалау сипаты) жағынан бір-бірінен өзгеше болады.
Кейбір жазаларды соттардың міндетті түрде қолдану шарты, шегі және тәртібі тікелей заңда белгіленеді, оның нәтижесінде жазаның әділдігін, лайықтылығын және жеке даралығын, жаза тағайындағанда заңдылықты сақтауға, жинақтай келгенде қылмыскерлікпен күрес саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге жағдай жасалады.
Осы күшіндегі ҚК бойынша жаза жүйесі туралы айтқанда, біріншіден оның озық, алдыңғы қатардағы принциптер бойынша құрылғанын, сондықтан оған жазалаудың жаңа тиімді шаралары кіргенін, соңғы бірнеше онжылдықтар бойы қолданылмаған кейбір жазалардың алынып тасталғандығын атап өту керек. Сонымен катар, жаңа ҚК-дегі кейбір кемшіліктерді де айтпай кетуге болмайды. Біздің пікірімізше, өмір бойы бас бостандығынан айырудың жазаның бөлек түрі ретінде жазалар жүйесіне кіргізілмегендігі — кателік.
Жазаның бұл түрінің өзінше бөлек жаза болып қарастырылуға құқығы бар, себебі бас бостандығынан айыру жазаның мерзімді түріне жатады, ал өмір бойы бас бостандығынан айыру — мерзімсіз жаза. ҚК-нің Ерекше бөлігіндегі баптардың санкцияларында ол жазаның басқа түрлеріне, оның ішінде бас бостандығынан айыруға балама жаза ретінде көрсетіледі (ҚК-тің 96-бабының 2 бөлігі).
Жүйеге кіретін жазаның барлық түрлері үш топка бөлінеді: негізгі, қосымша жөне балама, яғни олар негізгі болып та, қосымша болып та қолданыла алады (ҚК-тің 39-бабы).
Жазаларды негізгі және қосымша деп бөлудің практикалық маңызы зор. Атап айтқанда, қосымша жазаларды қолдану — жазаны жеке даралау принципін жүзеге асыру тәсілдерінің бірі. Жазаның қай түрі негізгі, қайсысы қосымша екендігін дел көрсету зандылық талабына толық сай келеді (4, 61 б.)
2.2. Негізгі жазалар
Жазаның негізгі түрлеріне тек өзінше бөлек тагайындалатын жазалар жатады, олармен баскаларды толықтыруға болмайды, жазаның негізгі мақсаттарын орындау осылармен байланыстырылған V (5, 219 б.). ҚК-тің 39-бабына сәйкес, жазаның мұндай негізгі түрлеріне мыналар жатады: қоғамдық жұмыстарға тарту; әскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы. Қылмыс жасаған адамға ҚК-тің Ерекше бөліміндегі нормалар санкциясында белгіленген негізгі жазалардың біреуі ғана қолданылады. Мысалы, түзеу жұмыстары бас бостандығынан айырумен бірге бір санкцияда қарастырылғанмен, оларды бір-біріне толықтыру ретінде тағайындауға болмайды.
Қоғамдық жұмыстарға тарту. ҚР ҚК-нің 42-бабына сәйкес, қоғамдық жұмыстар сотталған адамның негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады, олардың түрлерін жергілікті атқарушы органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейді.
Қоғамдық жүмыстар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі белгілеген жазаның жаңа түрі болып табылады, ол Қазақ ССР-ның Қоғамдық жұмыстар ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптарында 64 санкцияда бар, ол 10, 14% қүрайды. 1997 жылғы 16 шілдедегі «Казақстан Республикасының Қылмыстық кодексін күшіне енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес, жазаның осы түрін реттейтін міндеттеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-орындаушылық кодексі күшіне енгеннен кейін, жазаның бұл түрін орындау үшін қажетті жағдайдың тууына орай, бірақ 2003 жылдан кешіктірілмей, күшіне енеді1.
Жоғарыда аталып кеткендей, қоғамдық жұмыстардың түрлерін жергілікті аткарушы органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейді, олар жазаны орындаушы органға қылмыстық-орындаушы инспекцияға мұндай жұмыстардың қажеттігін хабарлайды.
Испекция сотталғандарды жұмысқа жібереді. Сотталғандар қоғамдық жұмыстарды өздері тұрған жерде жасайды.
ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімінің айыпкер сотталған бабының санкциясында қарастырылған болса, қоғамдық жұмыстар жазаның негізгі түрі ретінде ғана қолданылады.
Қоғамдық жұмыстар, сонымен қатар, жасалған қылмыс үшін қарастырылған жазадан жеңілірек жаза тағайындалса, және жазаның өтелмеген бөлігін жұмсақ жазамен ауыстырған жағдайда қолданылады (71,55 баптар).
Бұл жаза мерзімді жазалар қатарына жатады. Ол сотталған адам қоғамдық жұмыста болған сағатпен өлшенеді. Заң бұл жазаны алпыс сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейін тағайындауға рұқсат береді.
Жазаны бөлшектеп өтейді — демалыс күндері жене сотталған адам негізгі жұмысында немесе окуында болмаса — күніне ең көп дегенде 4 сағат, жұмыс күндері — жұмыстан немесе окудан кейін 2 сағат, сотталғанның келісімімен 4 сағат жұмыс жасалынады (ҚАК-тің 32-бабының 2 бөлігі).
Қоғамдық жұмыстарды өтеуден әдейі кашқақтаған жағдайда сотталған адам үшін жазаның бұл түрі ауырырақ жазамен алмастырылады.
ҚР ҚАК-нің 34-бабына сәйкес қоғамдық жұмыстарды өтеуден әдейі қашқақтау дегеніміз: қоғамдық жұмыстардан қашып сотталғанның тығылып қалуы; бір ай ішінде еңбек тәртібін екі реттен артык бұзуы; бір ай ішінде ешкандай себепсіз қоғамдық жұмыстарға екі реттен артық шыкпай қоюы.1
Қоғамдық жұмыстарды бас бостандығын шектеумен немесе ҚК-тің 45 және 46 баптарында қарастырылған мерзімге қамауға алумен ауыстыру қарастырылған. Ал сотталған адамның қоғамдық жұмыстарда өтеген уақыты оның бас бостандығын шектегенде немесе оны камағанда есепке алынады. Қоғамдық жұмыстарда болған әрбір сегіз сағат бас бостандығынан айырғанда немесе қамалғанда бір күнге есептеледі.
ҚР ҚК-нің 42-бабының 3 бөлігінде қоғамдық жұмыстар қолданылмайтын адамдар тобы көрсетілген.
Қоғамдық жұмыстар мына адамдарға тағайындалмайды: әскери қызметкерлерге; елу жастан асқан әйелдер мен алпыс жастан асқан ер адамдарға; жүкті әйелдерге; сегіз жасқа дейін баласы бар әйелдерге; бірінші, екінші топтағы мүгедектерге.
Осы жаза тағайындалған әйел жүкті болып қалса, ҚР КДС-нің 72-бабына сәйкес жазаны өтеуді кейінге қалдыру қолданылуы мүмкін.
Жазаны өтеу барысында сотталған адам бірінші немесе екінші топтағы мүгедек деп танылса, ҚР ҚК-нің 73-бабының 2 бөлігіне сөйкес ол адам бұл жазаны өтеуден босатылуы мүмкін немесе бұл жаза басқа жеңілірек түрмен ауыстырылуы мүмкін, себебі оның денсаулық жағдайы жазаның бұл түрін ары карай өтеуді көтермейді.
Қоғамдық жұмыстар қызметте тұрақты болуына байланысты әскери қызметкерлердің барлық категорияларына да қолданылмайды, ал Ресей Федерациясының Қылмыстық Кодексінде бұл жаза шақыру арқылы қызмет өтеп жатқан әскери қызметкерлерге ғана тағайындалмайды. Кәмелетке толмаған адамға тағайындалған қоғамдық жүмыстарға окудан немесе негізгі жұмыс уақытынан кейін жасы толмаған атқара алатын ақысыз қоғамдық пайдалы жұмыстар жатады. Кәмелетке толмағандардың қоғамдық жұмыста-рының мерзімін есептеу біршама басқа. ҚР ҚК-нің 79-бабының 4 бөлігіне сәйкес қоғамдық жұмыс оларға қырық сағаттан жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге тағайындалады.
Жазаны өтеу сотталған адамның жасына қарай анықталады: он алты жасқа дейінгілер үшін күніне екі сағаттан артпауы тиіс; он алтыдан он сегіз жасқа дейінгілер үшін — күніне үш сағат.
Түзеу жүмыстары. Түзеу жұмыстарының мазмұны сонда — сотталған адам жазасын өзінің бұрынғы негізгі жұмыс орнында өтейді, бірақ оның жалақысынан мемлекет кірісіне тиісті бір бөлігін ұстап тұрады.
Бұл жазалау шарасы қылмыстық заңдарда орын алып отырған адамгершілік принциптерінің бір көрінісі.
Ол кішігірім жөне орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған, бірақ қоғамнан оқшауламаса да түзелу мүмкіндігі бар адамдарға соттардың бас бостандықтан айырумен байланысты емес жаза тағайындауына мүмкіндік береді.
Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексіне Түсініктеменің авторларының анықтамасы бойынша «түзеу жұмыстары мемлекет таққан кінәні мойындатып сотталғанның көңіл-күйіне ықпал жасайды; сотталғанның жұмыс орнын ауыстыруына, көптеген қызметте кәсіби мансапқа ие болу мүмкіндігіне (мемлекеттік қызмет, банк қызметі, білім беру саласы, т.б.) шектеу жасайды; мүліктік жағдайына өсер етеді, нақты айлығы азаяды.
Сонымен қатар түзеу жүмыстары жаза түрі ретінде жалпы үнемді болып табылады, ол сотталғанның ортамен әлеуметтік оң байланысын үзбейді» (6, 139 б.)
Түзеу жұмыстары — жазаның ең көп таралған түрлерінің бірі. Ол ҚР ҚК-нің Ерекше бөлім нормаларының 155 санкциясында бар, бұл — 24,5%. Сот практикасында түзеу жүмыстарын тағайындаудың басқа жазалау шараларының арасындағы үлесі едәуір. Бірақ жазаның бұл түрін бұдан да жиірек қолдануға кедергі жасайтын мә н-жайларды ескермеуге болмайды. Оған жүмыссыздықты жатқызуға болады. Жұмыссыз адамға жазаның бұл түрін қолдануға болмайды. Бұл жазаның соңғы кездері аз қолданылуын осы жағдаймен түсіндіруге болады. Мысалы, 1995 жылы түзеу жұмыстарына 18649 адам сотталса (20,0%), ал 1996 жылы 10532 адам (12,4%) сотталған.
Түзеу жұмыстарын қолданудағы мақсатқа үш тәсілмен жетуге болады: еңбекке міндетті түрде тарту; еңбек ету жөне басқа қүқықтарын біршама шектеу жөне материалдық сипатта ықпал ету -жалақысының бір бөлігін ұстап қалу.
Түзеу жұмыстарын орындаудың тәртібі мен шартын қылмыстық-орындаушылық заңдар реттейді. Жазаны орындау ішкі істер органдарының тиісті бөлімшелеріне түзеу жүмыстарының қылмыстық-орындаушы инспекциясына жүктеледі.
Бұл жазаның ауыртпашылығы тек оның мерзімінде, ал ол — жасалған қылмыстың қоғам үшін қауіптілігіне не айыпкердің жеке басына карай белгіленеді.
Түзеу жұмыстарының мерзімі айлап, жылдап саналады, сол уақыттарда сотталған адам жұмыс істеуі және оның жалақысынан ақшасы ұсталуы тиіс. Кейбір жағдайларда мерзім күнмен саналады. Түзеу жұмыстары екі айдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады, оны сотталған адам сот үкіміне сәйкес өзі бұрын негізгі жұмысын аткарып жүрген жерде өтейді. Сотталған адам дәлелді себептермен жұмыс істемеген, бірақ оған жалақы төленген уақыт (ауырған, бала баққан, т.б) өтелген уақыт есебіне кіреді.
Сотталған адам ресми түрде жұмыссыз деп танылған уақытта жазаны өтеу уақытына жатқызылады.
Сотталған адамның жұмыс істеген күндерінің саны жазаның сот белгілеген күнтізбелік мерзіміңцегі жұмыс күндерінен аз болмауға тиіс. Егер сотталған адам жұмыс күнінің көрсетілген санын жұмыс істеп өтемесе, ал жұмыс істемеген күндерін жаза мерзіміне жатқызуға занда белгіленген негіздер болмаса, тиісті жұмыс күндерін толық өтегенше түзеу жұмыстары жалғаса береді.
Түзеу жұмыстарын өтеу мерзіміне мыналар кірмейді: әкімшілік жаза алып қамауда отырған уақыты, егер сотталған адам жазаны өтеп жүрген кезде әкімшіліктік жаза алып, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алынса; мастықтан немесе мастыққа байланысты әрекеттерден ауырып қалған уақыты; сотталған адам нақты жұмыс істемеген және оған жалақы есептелмеген басқа барлық жағдайларда.
Түзеу жұмыстарын өтеудің мерзімін есептеудің белгіленген тәртібі оны сот белгілеген мерзімнен ертерек өтеу мүмкіндігін қарастырмайды, мұндай жағдай тек сотталғанды жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға ұсынғанда ғана болады (ҚР ҚК-нің 70-бабы).
Заң түзеу жұмыстарын сотталған адамның өз жұмыс орнында өтеуін қарастырады, яғни субъект меншіктің кез-келген нысанындағы кәсіпорында, мекемеде, ұйымда, өзінің бұрынғы жұмыс орнында, сол лауазымда калады, заң түзеу жұмыстары ретінде ешқандай нақты жұмысты атамайды. Сондықтан да жұмыстың барлығы да түзеу жұмыстарына жатқызылады1.
Бұл жерде бір мәселе туындайды: адамның сотталуы оның қызметімен, кәсіби айналысатын жұмысымен байланысты болса; немесе жазаның қосымша шарасы ретінде сот белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айырса не істеу керек?
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылғы 24 маусымдағы «Жаза тағайындағанда соттардың зандылықты сақтауы жөніндегі» N3 қаулысында «жұмыс орыны бойынша түзеу жұмыстарын тағайындағанда қызметті немесе кәсіби міндетті орындауға байланысты қылмыс жасаған адамдарға жазаның бүл түрін қолдану бұл жазаның беделін түсіретіндігін соттар ескеруге тиіс» деп атап көрсетілген.
Сотталғанның жалақысынан сот үкімінде көрсетілген мөлшерде мемлекет пайдасына ақша ұстау түзеу жұмыстарының ажырамас бөлігі. Бұл мөлшер бес процент пен жиырма процент аралығында болады.
«Жалақы» — — «еңбек ақы» ұғымына заңдарда анықтама берілмеген. Бірақ Казақстан Республикасы Конституциясының 24-бабын, Қаз. ССР-ның ЕтЗК-нің 75-бабын талдай отырып еңбек ақыға мынадай анықтама беруге болады. Еңбек ақы — санына жөне сапасына қарай еңбекке берілетін сыйақы.
Түзеу жүмыстарының мерзімі толықтай өтелгенше сотталғанның жалақысынан ақша ұсталып тұрады. Сотталғанның негізгі жұмыс орынындағы жалақысының барлық түрлерінен, салықтар мен басқа төлемдерді шығармай, басқа орындау құжаттары бойынша оның ақша төлей-тіндігіне қарамастан ұсталады (Кдз. ССР ЕтЗК-нің 108-бабы).
Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша берілетін жәрдемақыдан, біржолғы төлемдерден (жұмыстан шығардағы жәрдемақы, іссапарға берілетін ақша) және заңға сәйкес өндірілуге жатпайтын төлемдерден ұсталмайды (Қаз. ССР ЕтЗК-нің 109-бабы). Ұсталған ақша мемлекет кірісіне аударылады.
Егер сотталғанның тұрмыс жағдайы нашарласа, сот түзету жұмыстары туріндегі жазаны өтеп жүрген адамнан ұсталатын ақша мөлшерін азайта алады (ҚР ҚАК-тің 40-бабының 1 бөлігі). Ұсталатын ақша мөлшерін азайту туралы шешім шығарғанда сотталғанның барлық табыстары есепке алынады.
Түзеу жұмыстары тек негізгі жаза ретінде қолданылады, егер ол ҚК-тің Ерекше бөліміндегі нормалардың тиісті санкцияларында қарастырылған болса. Сонымен қатар түзеу жұмыстары мына жағдайларда да тағайындалады:
1) сол жасалған қылмыс үшін қарастырылған жазадан жеңілдеу жаза тағайындағанда (ҚР ҚК-нің 55-бабы);
2) жазаның өтелмеген бөлігін жазаның жеңілдеу түріне ауыстырғанда (ҚР ҚК-нің 71-бабы);
3) жазадан әдейі жалтарғаңдықтан оны айыппұл салумен алмастырса (ҚР ҚК-нің 70-бабы).
Түзеу жүмыстары түріндегі жазаны тағайындағанда, сот заңда көзделген жағдайларға сүйеніп, сотталғанға шартты соттауды қолдана алады (ҚР ҚК-нің 63-бабы).
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы өзінің 1993 жылғы 24-маусымдағы «Жаза тағайындалғанда соттардың заңдылықты сақтауы туралы» N3 қаулысында «жазаның бұл түрін дұрыс қолдану үшін елеулі маңызы бар мән-жайларды (еңбекке жарамдығын, отбасы жағдайын, балаларының бар-жоғын, еңбекке көзкарасын, не себепті жұмыс істемейтіндігін, т.б.) соттың мұқият анықтауы тиіс, ал сотталушы түзеу жұмыстарын өтей алмайтындай халде болса, онда оған басқа жаза тағайындалуы керек», — деп көрсетілген.
Түзеу жұмыстары тағайындалмайтын адамдар тізімі заңда нақты көрсетілген, олар: а) еңбекке жарамсыз деп танылған адамдар; б) тұрақты жұмысы жоқ адамдар; в) өндірістен қол үзіп оқу оқып жүрген адамдар.
Іс жүзінде бұл жаза жүкті әйелдер мен сегіз жасқа дейін баласы бар әйелдерге де қолданылмайды.
Бұл тізімде көрсетілген адамдарға сот түзеу жүмыстарының орнына айыппұл тағайындауы мүмкін, егер ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімінің айыпталушыға қолданып отырған бабының санкциясында айыппұл түріндегі жаза қарастырылмаған болса, онда айыппұл мөлшері бір ай түзеу жұмыстары үшін занда белгіленген бір айлық есептеу көрсеткішіне тең болады.
Түзеу жүмыстарына сотталып, үкім шыққаннан кейін ол адам жұмысқа жарамсыз деп мойындалса, оның тұрақгы жұмыс орыны болмай шықса немесе өндірістен қол үзіп оқу орынында оқып жүргені анықталса, сот түзеу жумыстарын жоғарыда көрсетілген есеп бойынша айыппұлмен алмастыра алады (ҚР ҚК-нің 43-бабының 3 бөлігі).
Келісім-шарт бойынша әскери қызмет атқарып жүрген әскери қызметкерлерге түзеу жұмыстары әскери қызмет бойынша шектеу жазасына ауыстырылады (ҚР ҚК-нің 44-бабы).
Егер сотталған адам өзінің түзелгенін дәлелдесе, сот оған мадақтау шарасын қолданып, оны түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босата алады.
Егер сотталған адам жаза өтеуден әдейі қашқақтаса, түзеу жұмыстарының өтелмеген мерзімін сол мерзімге бас бостандығын шектеуге, қамауға алуға немесе бас бостандығынан айыруға соттың ауыстыра алатындығы занда қарастырылған (ҚР ҚК-нің 43-бабының 4 бөлігі).
Жазаны өтеуден әдейі қашкақтау дегеніміз — түзеу жұмыстарының орыңдалуын бақылайтын органның жазбаша ескертуінен кейін түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеудің тәртібі мен шартын қайта бұзу немесе қайда жүргені белгісіз болып, тұрған жерінен қашып кету (ҚР КДК-нің 42-бабының 1 бөлігі).
Жаза өтеудің тәртібі мен шартын бұзғандыққа мыналар жатады: жазбаша ескерту жасағаннан кейін еш себепсіз қылмыстық-орындаушы инспекцияға келмей калу, жазбаша ескертуден кейін қылмыстық-орындаушылық зандарда белгіленген міндеттерді орындамау, жұмыска себепсіз кешігіп келу немесе жұмыс орнына мас болып немесе есірткі не токсикалық заттар пайдаланып келу (ҚР КДК-нің 42-бабының 1 бөлігі).
Кәмелетке толмағандарға түзеу жұмыстарын тағайындауда жасына, мерзіміне жөне қылмыстық жазадан босату мүмкіндігіне байланысты ерекшеліктер болады.
- Үкім шығарылған кезде он алты жасқа толған адамға ғана түзеу жұмыстары тағайындалуы мүмкін.
- Заңда (ҚР ҚК-нің 79-бабының 4 бөлігі) түзеу жұмыстарының тек ең көп мерзімі көрсетілген -ол бір жылға дейін, ал ең аз мерзімі көрсетілмеген. ҚР ҚК-нің 43-бабының 1 бөлігінде ең аз мерзім екі ай деп көрсетілген, сондықтан да мұны кәмелетке толмағандарға да жатқызуға болады деп санаймыз. Сонымен кәмелетке толмағандар үшін түзеу жұмыстары екі айдан бір жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
- ҚР ҚК-нің 55, 63,71 баптарында бекітілген жағдайлармен қоса кәмелетке толмай сотталғандарға бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшін тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін (ҚР ҚК-нің 81-бабы) және шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану үшін кәмелетке толмай сотталғанның түзеу жұмыстарын өтеуінің ең аз мерзімі едәуір қысқаруы мүмкін (ҚР ҚК-нің 84-бабы).
Әскери қызмет бойынша шектеу. Қызмет бойынша шектеу — жазаның ерекше түрі, ол тек әскери қызметте жүріп сотталған әскери қызметкерлерге ғана қолданылады. Әскери қызмет бойынша шектеу, негізгі жаза ретінде ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімінің нормаларының 22 санкциясында бар, ол 3,4%.
Әскери қызмет бойынша шектеудің мәні — көндіру жөне мәжбүрлеу әдістерін сәтті үйлестіру, яғни бұл әскери қызметкер өзінің кәсіби міндетін атқара береді, бірақ сонымен катар оның құқықтары біршама шектеледі. Әскери қызмет бойынша шектеу, негізгі жаза ретінде, тек мына жағдайда тағайындалады:
- Келісім-шарт бойынша қызмет аткарып жүрген әскери қызметкерге немесе шақыру бойынша әскери қызмет атқарушы офицерге әскери қызмет бойынша шектеу жазасы тағайындалуы мүмкін, егер әскери қызметке карсы олар жасаған қылмыс үшін ҚК-тің қолданылып отырған баптарының санкцияларында мұндай жаза көзделген болса. Мысалы, «қызметке селқос қарау» деп аталатын ҚК-тің 391-бабы бойынша әскери қызметті екі жылға дейінгі мерзімге шектеу, немесе алты айға дейін қамауда ұстау, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.
- Әскери қызмет бойынша шектеу келісім-шарт бойынша әскери қызмет атқарып жүрген, санкцияда түзеу жұмыстары түріндегі жаза көзделген қылмысты жасағаны үшін сотталған әскери қызметкерге тағайындалады.
Әскери қызмет бойынша шектеудің мерзімі, бірінші жағдайда, үш айдан екі жылға дейін қарастырылған, ол мерзім айлар мен жылдар саны бойынша жалпы тәртіппен саналады және келісім-шарт немесе шақыру бойынша әскери қызмет аткарып жүрген кезде өтеледі.
Түзеу жұмыстарын әскери қызмет бойынша шектеуге ауыстырғандағы мерзім ҚР ҚК-нің 44-бабында көрсетілмеген. Сондықтан да түзеу жұмыстары әскери қызмет бойынша шектеумен сол мерзімге яғни екі айдан екі жылға дейінгі мерзімге ауыстырылады деп санау керек.
Әскери қызмет бойынша шектеу түріндегі жаза төменгі шегінен де төмен болуы мүмкін, яғни үш айдан да аз, не сот, ерекше мән-жайларды ескеріп, әскери қызмет бойынша шектеуден де жұмсақ жаза тағайындай алады (ҚК-тің 55-бабы), шартты түрде соттайды (ҚК-тің 63-бабы), жаза өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатады (ҚК-тің 70-бабы), жазаның өтелмеген бөлігін басқа жеңілдеу түрге ауыстырады (ҚК-тің 71-бабы), ауруына байланысты жазадан босатады (ҚК-тің 73-бабы), жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар сотталушыны қамауға алмай немесе бас бостандығынан айырмай түзетуге болады, бірақ жағдай аса жеңіл жаза тағайындауды көтермейді деген тұжырымға сот келсе, ол бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны тағайындайды.
Ал, ҚР ҚК-нің 55-бабында көзделген ерекше мән-жайлар болса, соттың бас бостандығын шектеуге қарағанда қатаңырақ жаза тағайындауына мүмкіндігі бар. Сонымен қатар бас бостандығын шектеу жазасын тағайындағанда сот сотталған адамның жазаны өтемей түзелуі мүмкін деген қорытындыға келсе, ол тағайындалған жазаны шартты деп санауға қаулы шығарады (ҚР ҚК-нің 63-бабы).
Бас бостандығын шектеу тек негізгі жаза болып саналады, ол ҚР ҚК-нің Ерекше бөлігіңдегі, айыпты сотталатын баптың санкциясында көзделген жағдайда ғана колданылады. Сонымен қатар бас бостандығын шектеу жазасы жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыратын жеңілірек жаза ретінде де қолданылады (ҚР ҚК-нің 71 бабы).
Өзінің жазалау сипатына қарағанда бас бостандығын шектеу бас бостандығынан айыруға байланысты емес басқа жазалардан қатандау болып келеді. Істі жеңілдететін ерекше мән-жайларды және айыпкердің жеке басын ескергенде жеңілірек жаза беру мүмкіндігі туса, бұл жазаны қолданбаған
дұрыс (ҚР ҚК-нің 52-бабының 2 бөлігі).
Бас бостандығын шектеу 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге тағайындалады. Бас бостандығын шектеудің ең аз мерзімі өзгеруі мүмкін, егер қоғамдық жұмыстарға тартуды немесе бір жылдан кем мерзімге түзеу жұмыстарын онымен алмастырса. Занда оларды ең аз мерзім көрсетілмей ауыстырған жағдайдағы мүмкін болатын ең көп мерзім ғана көзделген. ҚР ҚК-нің 42, 43 баптарын талдай отырып бас бостандығын шектеудің ауыстырған кездегі мына ең аз мерзімін анықгауга болады: қоғамдық жұмыстар — он бес күн, түзеу жұмыстары — екі ай.
Егер бас бостандығын шектеуге сотталған адам үкім занды күшіне енгенше қамауда ұсталған болса, оның бір күні бас бостандығынан шектеудің екі күніне есептеледі (ҚК-тің 62-бабының 3 бөлігі).
Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның мерзімі сотталған адамды түзеу орталығында есепке алған кезден бастап саналады. Егер сотталған адам жұмыс орнында немесе тұрған жерінде бір тәуліктен артық уақыт өз еркімен жоқ боп кетсе, ол уақыт жаза мерзіміне кірмейді (ҚР ҚАК-тің 45-бабы).
Бас бостандыгын шектеу жазасы мыналарға қолданылмайды:
а) кәмелетке толмағандарға, яғни он сегіз жасқа жетпеген адамдарға;
б) заңда белгіленген тәртіпте 1 жөне 2 топтағы мүгедек деп танылған адамдарға;
в) жүкті әйелдерге;
г) сегіз жасқа дейін баласы бар әйелдерге;
д) 55 жасқа келген әйелдерге; 60 жасқа келген ер адамдарға;
ж) қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар адамдарға (егер соттылығы занда белгіленген тәртіпте жойылмаса және алып тасталмаса);
з) шақыру бойынша әскери қызмет атқарып жүрген әскери қызметкерлерге.
Бас бостандығын шектеу жазасын арнайы мекемеде — түзеу орталығында өтейді, ол әдетте, сол сотталған адамның тұрақты тұратын немесе ол сотталған жердегі облыс аумағында болады. Егер бас бостандығын шектеуді басқа жазамен ауыстыру ретінде қолданса, не сотталған адам тұратын жерде түзеу орталығы болмаса — бұл жазаға сотталған адамды баска облыстың түзеу орталығына жібереді (ҚР ҚАК-нің 43-бабы).
Жазаның бұл түріне сотталған адамға белгілі бір міндеттер жүктеледі. Жазаны өтеу тәртібін бұзған адамдарға қылмыстық-орындаушылық заңдарында көзделген жазалау шаралары қолданылады.
Егер бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден әдейі жалтарса, сот бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырады.
Бұл орайда бас бостандығын шектеуді өтеу уақыты бас бостандығын шектеудің бір күні үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен бас бостандығынан айыру мерзіміне есептеледі.
Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуден әдейі жалтарғандыққа мыналар жатады: түзеу орталығының аумағын өз еркімен, еш себепсіз сотталған адамның тастап кетуі; жаза өтеп жатқан орынға келмеуі немесе кешігіп-келуі, сондай-ақ жұмыс орнынан немесе тұратын жерінен кетіп қалуы (ҚР ҚАК-нің 54-бабы), егер әр жолы жазаланып мұндай әрекеттерді кемінде үш рет қайталаса.
Бас бостандығын шектеу жазасына сотталған адам жазаның сот белгілеген мерзімі ішінде қандай да бір жаңа қылмыс жасаса, сот оған үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындайды (ҚР ҚК-нің 60-бабы).
Бас бостандығын шектеу түріндегі жаза туралы Ереже Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі күшіне енгеннен кейін, жазаның бұл түрін орындау үшін қажетті жағдайдың тууына орай, бірақ 2003 жылдан кешікпей күшіне кіреді («Қазақстан Республикасының 16 шілде 1997 жылғы Қылмыстық кодексін күшіне енгізу туралы» Заңның 4-бабы).
Қамау. Қамаудың мәні — сотталған адамды тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң окшаулау жағдайында ұстау (КР ҚАК-нің 46-бабының 1 бөлігі).
Бұл — жазаның жаңа түрі, бұрынғы Қаз. ССР Қылмыстық кодексінде болмаған, ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімінің тиісті баптарының 213 санкциясында, жазаның басқа түрлерімен балама түрде бар (33,7%).
Бас бостандығын шектеудің немесе бас бостандығынан айырудың баламасы ретінде қамауды енгізу өзін ақтайды деп санаймыз. Ауыр немесе ауыр болып саналмайтын қылмыстарды қасақана жасаған адамдардың барлығына бірдей, егер олардың жасын, денсаулығын, еңбекке қабілеттілігін ескерсек, бас бостандығын шектеу жазасын қолдана беруге болмайды. Көрсетілген себептерге байланысты балама ретінде түзеу жұмыстарын да қолдануға болмайды. Айыппұл салу да жеткілікті болмауы мүмкін. Сондыктан да соттар қысқа мерзімге (бір жылға дейін) бас бостандығынан айырып, колонияға жіберу жазасын қолдануға мәжбүр болды. Сонымен қатар көптеген зерттеулер, түзеу практикасы жазаның бұл түрін қолданудың онша тиімді емес екендігін көрсетті. Қысқа мерзімге бас бостандығынан айырылып жазасын өтеп келгендер арасындағы қайталап қылмыс жасағандар саны жалпы режимдегі колониядан босап келгендердің 40%-ін құрайды (7,6 б.).
Қамау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-аткару кодексі күшіне енгеннен кейін, жазаның бүл түрін орындау үшін қажетті жағдайдың тууына орай, бірақ 2003 жылдан кешікпей күшіне кіреді («Қазақстан Республикасының 16 шілде 1997 жылғы Қылмыстық кодексін күшіне енгізу туралы» Заңның 4-бабы).
Қамау тек негізгі жаза ретінде, бір айдан алты айға дейін мерзімге, сот үкімі бойынша тағайындалады. Айыппұл салуды, қоғамдық немесе түзеу жұмыстарын ауыстыру тәртібінде тағайындалған қамаудың мерзімі бір айдан аз болуы мүмкін. Айыппұл салуды, қоғамдық немесе түзеу жұмыстарын қамаумен ауыстырғандағы ең аз мерзім занда белгіленбеген.
Үкім шығарған кезде он алты жасқа толған адамдарға камау мерзімін тағайындау біршама басқа — бір айдан төрт айға дейін. Бірқатар адамдарға жазаның бұл түрін қолдану мүмкіндігі жоқ. Қамау мыналарға қолданылмайды:
а) үкім шығарған кезде он алты жасқа толмаған адамдарға;
б) екі қабат әйелдерге;
в) кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге. Қамауды қай жерде өтеу керек екендігі Қылмыстық кодексте көрсетілмеген. ҚР КДК-нің 63-бабының 1 бөлігінде қамауға сотталған адам жазасын сол сотталған жердегі қамау үйінде өтейді деп көрсетілген.
Ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабының 4 бөлігіндегі әскери қызметшілер қамауды абақтыда өткізеді деген нұсқау бұған жатпайды.
Қамау қолданылған әскери қызметкерге катысты қандай да бір құқық шектеу, мысалы, әскери қызмет бойынша шектеудегі сияқты, қылмыстық заңда көрсетілмеген.
Мұндай бап Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде карастырылған. Атап айтқанда, қамау түріндегі жазаны өтеу уақыты әскери қызметтің жалпы мерзіміне және кезекті әскери атақ беру үшін еңбек сіңірген жылдар мерзіміне есептелмейді. Сотталған адам жазаны өтеу кезінде кезекті әскери атақ беруге ұсынылуы, жоғары лауазымға тағайындалуы, жаңа қызмет орнына ауыстырылуы және денсаулығы жөнінен қызметке жарамсыз деп танылмаса әскери қызметтен босатылуы мүмкін емес. Жазаны өтеу кезінде үлес каражаты төленбейді (ҚР КДК-нің 149-бабы).
Әскери қызметкерлерге қамауды қолданудың ерекшелігі сол, олардың соттылығы іс жүзінде жазаның өтелгені бойынша жойылады, ал сотталғандардың басқа категорияларында — жаза өтелгеннен кейін бір жыл өткен соң (ҚР ҚК-нің 77-бабының 2 бөлігінің «б», «в» тармақтары).
Тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Тәртіптік әскери белімде, үстау түріндегі жаза Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміндегі әскери қызметке қарсы қылмыстар үшін кауаптылық белгіленген баптар бойынша тек негізгі жаза ретінде тағайындалады.
Сонымен қатар, егер сот істің мән-жайын және айыпкердің жеке басын ескеріп алдын-ала ұйғарылған бас бостандығынан айыру жазасын тәртіптік әскери бөлімде екі жылға дейінгі мерзімде ұстаумен ауыстыру мүмкін деп тапса, осы жаза қолданылуы мүмкін. Жазаның бұл түрі ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімі нормаларының 21 санкциясында бар (3,07%). Жазаның бұл түрінің жазалау түстарын атай отырып, И.Я.Козаченко мен Г.А. Алексеева былай деп орынды көрсеткен: «бұл жаза іс жүзінде нағыз әскери қызметтің мерзімін ұзартады жөне сотталған адамға жазаны өтеу кезінде біркатар шектеу жасайды (күзетке алынады, сыртқа босатылмайды)» (1,556).
Тәртіптік әскери бөлімде ұстау жазасы шақыру бойынша атқарған қызметінің мерзімі сот үкім шығарған кезде біткен адамдарға және бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеген адамдарға қолданылмайды (ҚР ҚК-нің 47-бабының 1 бөлігі). Және де, денсаулығына байланысты әскери қызметті ары қарай жалғастыруға жарамсыз деп танылған әскери қызметкерлерге де тағайындалмайды.
Тәртіптік әскери бөлімде жазасын өтеп жатқан адам әскери қызметін ары қарай жалғастыратын болғандықтан оның тәртіптік әскери бөлімнен не
ол орналасқан жерге алып бара жатқанда қашып кетуі бас бостандығынан айыру орнынан, қамаудан немесе тұтқыннан қашқан азаматтық қылмыс емес (ҚР ҚК-нің 358-бабы), бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кеткендік, яғни әскери қылмыс ретінде каралады (ҚР ҚК-нің 372-бабы).
Тәртіптік өскери бөлімде ұстау әскери қызметкерлердің тек екі категориясына ғана қолданылады: шақыру бойынша мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге, қатардағы және сержанттық құрам қызметтерінде келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге.
Жаза мерзімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің қолданылатын бабының санкциясы шегінде анықталады, егер жазаның бұл түрі онда бар болса немесе бас бостандығынан айыру жазасын онымен ауыс-ырғанда сол қарастырылған баптағы мерзім алынады, яғни үш айдан екі жылға дейін.
Бас бостандығынан айырудың орнына тәртіптік әскери бөлімде ұстау кезінде төртіптік әскери бөлімде ұстау мерзімі тәртіптік әскери бөлімде ұстаудың бір күні үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен белгіленеді (ҚР ҚК-нің 47-бабының 2 бөлігі).
Заңға сәйкес сот жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айырудың
бөлімде ұстауды қолданған әскери қызметкер бас бостандығынан айыруға сотталған ретінде қаралуға тиіс емес (17,466.), Қазақстан Республикасы Қьілмыстық кодексінің 77-бабының 2 бөлімінің «б» тармағында көзделген жағдай оған да таралады, яғни тәртіптік әскери бөлімде жазасын өтеп шыққан адам соттылығы жоқ деп саналады.
Бас бостандығынан айыру. Бас бостандығынан айыру — сотталған адамды арнайы режимі бар, занда белгіленген арнайы мекемеге орналастыру аркылы оны қоғамнан мәжбүрлеп оқшаулау.
Негізгі жаза ретінде бас бостандығынан айыру, ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімі нормаларының 559 санкциясында көзделген (88,5%).
Кез-келген жаза — белгілі бір субъектіні қандай да бір өмір игілігінен айырады, оған күйзеліс келтіреді.
Бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындағанда сотталған адамның қоғамның басқа мүшелерімен салыстырғандағы құқықтық жайы елеулі шектеледі. Атап айтқанда оның саяси, еңбектену, отбасына байланысты жөне басқа құқықтарына шектеу түседі, заңда көзделген жағдайларда ол мәжбүрлеудің ерекше шараларына ұшырайды. Өлім жазасын есепке алмасақ, бас бостандығынан айыру — жазалардың ең қаталы. Сондықтан да бас бостандығынан айыру қоғамға едәуір қауіпті қылмыс жасаған жөне қатаң оқшаулағанда ғана түзелуі мүмкін адамға қолданылады. Қазіргі кезде жазаның бұл қатаң түрі өзінің қолданылуы жағынан басқа жаза түрлеріне қарағанда бірінші орында тұр. Мысалы, 1996 жылы ол сотталғандардың 44,4%-іне қолданылған.
ҚР ҚК-нің 48-бабы бостандығынан айырудың екі түрін белгілейді — белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыру («мерзімді») және өмір бойы бас бостандығынан айыру («мерзімсіз»).
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыру мына мөлшерде тағайындалады:
а) бас бостандығынан айырудың ең аз мерзімі алты ай;
б) түзеу жұмыстарын немесе бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстырғанда алты айдан аз мерзім тағайындалуы мүмкін;
в) бас бостандығынан айырудың жалпы ең көп мерзімі он бес жылға тең;
г) абайсызда қылмыс жасағаны үшін он жылға дейін.
Адам өміріне қастандық жасаған аса ауыр қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс кездері немесе ұрыс жағдайында жасаған қылмыстар, мемлекеттік сатқындық, бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмысы және аса ауыр әскери қьілмыстар үшін он бес жыл шегінде тағайындалуы мүмкін.
Қылмыстар жиынтығы бойынша мерзімдерді ішінара немесе толык қосқан жағдайда және ҚР ҚК-нің 49-бабының 3 бөлігі (кешірім жасау тәртібінде өлім жазасын ауыстыру), ҚР ҚК-нің 69-бабының 5 бөлігі (өлім жазасы тағайындалуы мүмкін кылмысты жасаған адамға сот ескіру мерзімін қолдану мүмкін емес деп тапса), ҚР ҚК-нің 75 -бабының 4 бөлігі (егер сот өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамға ескіру мерзімін қолдану мүмкін емес деп тапса) — бас бостандығынан айыру мерзімі жиырма бес жылға дейін, ал үкімдердің жиынтығы бойынша мерзімдерді толық немесе ішінара қосқан жағдайда отыз жылға дейін болуы мүмкін.
Бас бостандығынан айыру мерзімі жылдармен, айлармен саналады, ал ауыстыру немесе қосу кездерінде немесе жазаны есепке алғанда күндермен есептелінуі мүмкін (ҚР К,К-нің 62-бабы).
Сотталған адамның үкім заңды күшіне енгенше қамауда ұсталған уақыты бас бостандығынан айырудың мерзіміне кіреді (ҚР ҚК-нің 62-бабының 3 бөлігі).
Егер қылмыс жасағаннан кейін психикалық аурумен ауырған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданса, онда емделуге
кеткен уақыт жазаны өтеу мерзіміне есептеледі (ҚР ҚК-нің 62-бабының 6 бөлігі).
Сотталған адам жаза мерзімін өтегеннен кейін және заңда белгіленген басқа негіздер бойынша жазадан босатылады. Егер бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның мерзімі демалыс немесе мереке күндері бітетін болса, сотталған адамды демалыстың немесе мерекенің алдындағы күндері босатады.
Қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесіне карай, заңда, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың соттылығы жабылатын әртүрлі мерзім белгіленген. Кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталғандар жаза өтегеннен кейін үш жыл өткен соң; ауыр қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталғандар алты жыл өткен соң; аса ауыр қылмыс үшін бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазасы өтелгеннен кейін сегіз жылдан соң.
Бас бостаңдығынан айырудың мерзімсіз түрі, яғни өмір бойы бас бостандығынан айыру — жазаның жаңа түрі. Бұл жаза Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша бас бостандығынан айырудың бір түрі болып табылады, ол тек мына жағдайларда тағайындалады:
а) өмірге қастандықпен аса ауыр қылмыс жасағаны үшін қарастырылған өлім жазасына балама ретінде, егер сот өлім жазасын қолданбау мүмкін деп тапса (ҚР ҚК-нің 48-бабының 4 бөлігі), сондай-ак ҚК-тің 49-бабының 1 бөлігінде аталған кылмыстарды жасағанда. Бұл жайында ҚК-тің 48-бабының 3 бөлігінде айтылған;
б) кешірім жасау ретінде өлім жазасын ауыстырған жағдайда (ҚР ҚК-тің 49-бабының 3 бөлігі);
в) өлім жазасы тағайындалуы мүмкін қылмыс жасаған немесе өлім жазасына сотталған адамға ескіру мерзімін колдану мүмкін болмаса (КР ҚК-нің 69, 75-баптары). ҚР ҚК-нің 48-бабының 3 бөлігінің мәні — егер белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыруды сот жеткіліксіз, ал өлім жазасын артық деп тапса, онда ол өмір бойы бас бостандығынан айыруды тағайындай алады.
Сондықтан да өмір бойы бас бостандығынан айыруды қолдану соттардың өлім жазасын қолдануын азайтады.
Адамгершілік принциптері көзделіп өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын әйелдерге, сондай-ақ он сегіз жасқа дейін кылмыс жасаған адамдарға жөне үкім шығарған кезде алпыс бес жасқа жеткен ер адамдаға тағайындалмайды (ҚР ҚК-нің 49-бабының 4 бөлігі).
Өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғанның іс жүзінде босануы мүмкін емес. ҚР ҚК-нің 70-бабының 5 бөлігі қарастыратын бұл жазадан шартты түрде мерзімнен бұрын босату мүмкіндігі екі жағдай үйлескенде болады — іс жүзінде кемінде жиырма бес жыл өтелсе және бұл жазаны өтеп жатқан адамды одан ары бас бостандығынан айыруды сот кажет емес деп тапса.
Қазақстан Республикасының 16.07.1997 жылғы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін күшіне енгізу туралы» Заңының 4-бабына сәйкес өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы Қылмыстық-атқару кодексі күшіне енгізілгеннен кейін жазалаудың осы түрлерін орындау үшін қажетті жағдайлар жасалуына қарай, бірақ 2003 жылдан кешіктірілмей күшіне енгізіледі.
Бас бостандығынан айыруды тағайындағанда сот үкімнің қорытынды бөлігінде бас бостандығынан айырудың түрімен қоса сол жазаны өтейтін орынды — түзеу мекемесін, оның нысанын, режимін және жазаны өтеу уақытының қай кезден басталатынын көрсетеді.
Түзеу колониялары, тәрбиелеу колониялары, абақтылар түзеу мекемелері болып табылады (ҚР КДК-нің 69-бабының 1 бөлігі).
Түзеу мекемелерінің әртүрлі нысанда болуы сотталған адамдарды олардың жеке басына, жасаған қылмыстарының ауырлығына, соттылық санына қарай бөлек ұстау және бұрын сотта болған адамдардың бас бостандығынан айыруға бірінші рет сотталғандарға, кәмелетке толмағандарға және ауырлығы кішігірім қылмыс жасаған адамдарға теріс ықпал жасамауын көздейді.
Сотталған адамдардың қоғамға қауіптілік дәрежесінің әртүрлі болуы әртүрлі режимдегі жаза орындайтын мекемелерде оларға ықпал жасаудың әртүрлі тәсілдерін қолданудың қажеттілігін көздейді?
Кәмелет жасқа толып, бас бостандығынан айыру жазасына сотталған адамдар жазаны түзеу колонияларында өтейді. Олар — колония-қоныс, жалпы, қатаң және ерекше режимдегі колониялар болып бөлінеді (ҚР КДК-нің 69-бабының 2 бөлігі).
Бұл мекемелерде жаза өтеудің тәртібі мен шарты Қылмыстық-атқару кодексінде белгіленген. Қылмыстық заң тек жаза орындаушы мекеменің нысанын тағайындау негізін жөне бас бостандығынан айыру мерзімін анықтайды.
ҚК-тің 48-бабының 5 бөлігіне сәйкес ерлер, бас бостандығынан айыруға сотталғанда, оларға мына жерлерде жазасын өтеу тағайындалады:
а) қылмысты абайсызда жасап жеті жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандар — колония-қоныстарда;
б) кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыстарды және ауыр қылмыстарды қасақана жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға бірінші рет сотталғандар, сондай-ақ қылмысты абайсызда жасап сотталғаңдар, егер олар жеті жылдан аспайтын мерзімге сотталса — — жалпы режимдегі түзеу
колонияларында;
в) ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін бірінші рет сотталғандар, сондай-ақ қылмыс қайталанған жағдайда, яғни сотталған адам бас бостандығынан айыру жазасын бұрын өтеген болса катаң режимдегі түзеу колонияларында;
г) ерекше қауіпті қылмыс қайталанса, сондай-ақ өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар — ерекше режиммен түзеу колонияларында.
Әйелдер бас бостандығынан айыруға сотталғанда, оларға мына жерлерде жазасын өтеу тағайындалады:
— ереюне қауіпті қылмыс қайталанғанда — қатаң режимдегі түзеу колониясында;
— абайсызда жасаған қылмысы үшін жеті жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталса — колония-қоныстарда;
— бас бостандығынан айыруға сотталған басқа әйелдер — жалпы режимдегі колонияларда.
Бас бостандығынан айыру жазасының басқа түріне — ұстау режимі бойынша түрмеге отырғызу жатады. Мұндай окшаулау тәртібі едәуір қатаң, жеңілдіктер саны аз, күзет күшейтілген және ұстау жағдайы ауыр. Бұлар бас бостандығынан айырудың осы түріне жататын ерекшеліктер.
Жаза мерзімінің бір бөлігіне, бірақ бес жылдан аспайтын уақытқа түрмеге отырғызу ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін бес жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға, сондай-ақ бас бостандығынан айырудың сот тағайындаған мерзіміне қарамастан ерекше қауіпті кылмыс қайталанған жағдайда, «сондай-ак жаза өтеудің белгіленген тәртібін әдейі бұзғаны үшін түзеу колониясынан ауыстырылғандарға» тағайындалады (ҚР ҚАК-нің 69-бабының 8 бөлігі).
Түрмеде режимнің екі түрі белгіленеді: жалпы және қатаң. Сот үкімінде, бірақ, түрме режимінің түрі көрсетілмейді. Бұл мәселені қылмыстық-атқарушы зандарға сәйкес түрме әкімшілігі шешеді.
Бас бостандығынан айыруға сотталған адамның жеке басына, мінез-құлқына қарай түзеу мекемесінің нысаны өзгертілуі мүмкін. Түзеу мекемесінің үкім бойынша тағайындалған нысанын қылмыстық-атқарушы заңға сәйкес сот өзгертеді (ҚР ҚК-нің 48-бабьшың 7 бөлігі).
Бас бостандығынан айыру жазасын кәмелетке толмағандарға қолданудың ерекшелігін қарастырайық. Қылмыс жасап бас бостандығынан айыруға сотталған ересек адамдарға қарағанда он сегіз жасқа толмай сотталғандар үшін бас бостандығынан айыру мерзімі он жылдан, ал жағдайды ауырлататын мән-жайларда адам өлтіргені үшін он екі жылдан аспауға тиіс. ҚР ҚК-нің 79-бабында бас бостандығынан айырудың ең аз мерзімі көрсетілмеген. ҚР ҚК-нің 48-бабының 3 бөлігінде ең аз мерзім алты ай деп көрсетілгенін ескерсек, бұл шек кәмелетке толмағандарға да жатады деген ойдамыз.
Әрине, түзеу жүмыстарын немесе бас бостандығын шектеуді заңда көзделген тәртіпте бас бостандығынан айыруға ауыстырған жағдайда ол мерзім алты айдан кем болуы мүмкін екендігін ескеру кажет.
Заңға сәйкес (ҚР ҚК-нің 79-бабының 3 бөлігі) он төрттен он алты жасқа дейінгі аралыққа бірінші рет онша ауыр емес қылмыс жасаған адамдарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.
Жоғарыда аталып өткеңдей, он сегіз жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға өмір бойы бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.
Кәмелетке толмағандар бас бостандығынан айыру жазасын жалпы және күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларында өтейді (ҚР ҚК-нің 48-бабының 2 бөлігі). Жалпы режимдегі тәрбиелеу колонияларында кәмелетке толмай тұрып бірінші рет қылмыс жасаған ер адамдар, сондай-ақ кәмелетке толмай сотталған барлық әйел жынысты адамдар жазасын өтейді (ҚР ҚК-нің 79-бабының 8 бөлігінің «а» тармағы). Күшейтілген режимдегі колонияларда бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген кәмелетке толмаған ер адамдар жазасын өтейді.
ҚР ҚК-нің 79-бабының 9 бөлігіне сәйкес бас бостандығынан айыруға сотталған кәмелетке толмаған ер адамдарға, егер олар бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жаза өтеген болса да, қылмыстың сипаты мен қауіпсіздік дәрежесіне, айыпкердің жеке басына және баска мән-жайларға қарап, сот өзінің қабылдаған шешімінің себебін көрсетіп, жалпы режимдегі тәрбиелеу колониясында жазасын өтеуді белгілей алады.
Он сегіз жасқа толмаған адамдарға түрмеге отырғызу қолданылмайды. Кәмелетке толмағанды он сегіз жасқа келгеннен кейін тәрбиелеу колониясынан ересектер колониясына ауыстыру тәртібін қылмыстық-аткарушы заң реттейді.
Кәмелетке толмаған адамдардың сотгылығының жойылу мерзімі де олардың жасаған қылмысының санатына байланысты: кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін жазаны өтегеннен кейін — бір жылдан соң, ауыр және ерекше ауыр қылмыс үшін үш жыл өткен соң.
Өлім жазасы. Өлім жазасы — ең бір адамды толғандыратын қылмыстық-құқықтық мәселе1. Оның төңірегіндегі дауға тек заңгерлер ғана емес, барлық адамдар қатысуда. XX ғасырдың 70-80-жылдары өлім жазасын біртіндеп азайту, келешекте бұл жазадан бас тарту үрдісі дүниежүзілік қауымдастыққа анық байкала бастады. 1989 жылғы 15 желтоқсандағы Азаматтық және саяси кұқықтар туралы Халыкаралық пактінің Екінші факультативтік хаттамасындағы өлім жазасынан бас тарту жөніндегі БҰҰ-ның үндеуін көптеген мемлекеттер кабылдады.
Казіргі уақытта Еуропа Одағына кіретін елдер одан бас тартты. Бірақ, жалпы қоғамдык пікір өлім жазасын қылмыстық жазалар қатарынан біртіндеп шығару идеясын онша құлшынып құптамай отыр.
Қазақстан Республикасында, басқа да көптеген елдердегі сияқты, жазаның бұл түрі әлі бар. Бірақ, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес өлім жазасы, жазалаудың ерекше шарасы ретінде, аса ауыр қылмыстар үшін ғана қолданылады. Ондай жазаға кесілген адамның кешірім сұрауға құқы бар (ҚР Конституциясының 15-бабы).
Өлім жазасы тағайындалатын қылмыстардың нақты тізімі берілген. Өлім жазасы адам өміріне кастандық жасалған ерекше ауыр қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс кездерінде немесе ұрыс жағдайында жасалған қылмыс үшін, мемлекеттік сатқындық, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар жөне ерекше ауыр әскери қылмыстар үшін тағайындалуы мүмкін (ҚР ҚК-нің 19-бабының 1 бөлігі), яғни өлім жазасы ҚК-тің Ерекше бөлімінің нормаларының 18 санкциясында көзделген, ол 2,08%.
Талданып отырған норма жазаның бұл түрінің мазмұнын ашпайды, дегенмен сот үкімі сотталған адамның өмірін жою деген түсінік береді.
Жазаның мазмүны өлім жазасын жүзеге асыру тәсілін көрсеткенде ашылады — мысалы, ату жазасына кесу. Жазаның бұл тәсілмен орындалуы көпшілік көзінен таса жағдайда жүзеге асырылады. Өлім жазасын қолданғанда сот жаза тағайындаудың жалпы алғы шартын басшылыққа алуға тиіс (ҚР ҚК-нің 52-бабы).
ҚР Жоғарғы соты Пленумының 24.06.93 жылғы «Жаза тағайындағанда соттардың заңдылықты сақтауы туралы» N3 каулысында «жазаның бұл түрі жауапкершілікті ауырлататын ерекше мән-жайларда, сонымен қатар аса ауыр қылмыс жасаған адам ерекше қауіпті болып оны тағайындау қажет болған жағдайда қолданылады. Өлім жазасын қолдану барлық жағдайларда жасалған қылмыстың анықталған мән-жайлары негізінде өзінің толык дәлелін табуы тиіс жөне сотталушыға толық сипаттама беруді қажет етеді».
ҚР ҚК-нің 69, 75 баптары, егер қылмыстық жауапкершілікке тартудың мерзімі ескірсе немесе айыптау үкімінің орындалу мерзімі ескірсе, өлім жазасын қолданбаудың ерекше жағдайларын көздеген.
Егер сот айыптау үкімінің ескіруін қолдану мүмкін емес деп тапса, онда өлім жазасы өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылады.
Егер сот айыпкерді ескіру мерзімінін өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін емес деп санаса, онда өлім жазасы жиырма
бес жыл мерзімге бас бостандығынан. айыруға немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.
Әйелдер, он сегіз жасқа дейін қылмыс жасаған адамдар, үкім шығарған кезде алпыс бес жасқа толған ер адамдар өлім жазасы тағайындалатындар қатарына жатпайды (ҚР ҚК-нің 49-бабының 2 бөлігі).
Сот өлім жазасын тағайындауға міндетті емес. Кез-келген жағдайда ол өлім жазасын немесе ҚР ҚК-нің Ерекше бөлігінде көзделген жазалардың басқа түрін тандауға құқылы.
Сонымен қатар өлім жазасы кешірім жасау тәртібінде өмір бойы бас бостандығынан айырумен немесе жиырма бес жылға бас бостандығынан айырып жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеумен ауыстырылуы мүмкін (ҚР ҚК-нің 49-бабының 3 бөлігі).
ҚР ҚК-нің 49-бабының 4 бөлігіне сөйкес өлім жазасы туралы үкім, ол заңды күшіне енгеннен кейін, бір жыл өтпей орындалмайды, ал сотталған адамның кешірім сұрау жөніндегі өзінің конституциялық құқығын пайдалануына мүмкіндік береді.
3 тарау. Жазаның қосымша түрлері
3.1. Қосымша жаза
Қосымша жаза — негізгі жазамен салыстырғанда қосалқы сипаттағы жаза, ол тек негізгі жазаны қолдану жазалаудағы мақсатты қамтамасыз ете алмайтын жағдайда қолданылады (5, 220 б.)
Қосымша жазаны қолданғанда мынадай талаптар сақталуы тиіс:
- қосымша жазаның өзінше тағайындалуы мүмкін емес, ол тек жазаның негізгі түрлерімен бірге тағайындалады;
— қосымша жазалар неғұрлым ауыр қылмыстар жасалғанда, және занда көрсетілген жағдайларда негізгі жазаларға біріктіріледі. Заң бойынша қосымша жаза қолданылуы мүмкін емес адамдарға олар тағайындалмайды: мысалы, бас бостандығынан айыруға шартты түрде сотталған адамның мүлкін тәркілеуге болмайды;
— қосымша жаза негізгі жазадан қатаң болуға тиіс емес, олай болған жағдайда негізгі жөне қосымша жазаларды үйлестіру принципі ақталмайды;
— қосымша жазаның түрі негізгі жаза сияқты болуға тиіс емес, бұл жағдайда жазаның бір түрі, өзінің занда рұқсат етілген мерзімі немесе мөлшері жағынан үлғайған болып саналады;
— басты жазалау элементтері негізгі жазаның элементтерімен сәйкес келетін қосымша жаза тағайындауға болмайды, мысалы, белгілі бір лауазымда істеу қүқығынан айыруды белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға қосымша ретінде).
Егер жасалған қылмыс сараланатын заң міндетті түрде қосымша жаза тағайындауды көздесе, мұндай жазаны колданбау ҚК-тің 55-бабында көзделген жағдайларда ғана орын алады (осы қылмыс үшін қарастырылған жазадан жеңілірек жаза тағайындағанда).
ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 24.06.1993 жылғы «Жаза тағайындағанда соттардың заңдылықты сақтауы туралы» N3 қаулысының 16 тармағында қосымша жаза тағайындау мәселесіне соттардьң баса назар аударуы қажет екендігі талап етіледі, мұндағы мақсат — негізгі және қосымша жазалардың дұрыс үйлесуі нәтижесінде қылмысты жеке даралау принципінің жүйелі түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, жаза тиімділігін арттыру.
Жазаның екі түрі ғана қосымша жазаларға жатады: арнаулы, әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан жөне мемлекеттік наградалардан айыру және мүлікті тәркілеу.
Арнаулы, әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру. Жазаның бұл түрі сотталған адамға моральдық-психологиялық жағынан әсер етеді, оны бұрынғы қызметі үшін алған, өзі мақтан тұтып жүрген ерекше белгілерінен айырады, белгілі бір жеңілдіктерден, артық құқықтардан айырады, соттылықтың өзіне қарағанда ұзақ уақыт материалдық залал шегеді. Сонымен қатар қосымша жазаның бұл түрі соттылық жойылғаннан кейін де, оның болашақ кәсіби қызметін шектеуі мүмкін. Қысқасы, бұл жаза негізгіден де күштірек.
Қосымша жазаның бүл түрін сот ауыр және ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін, айыпкердің жеке басын ескере отырып тағайындайды (КР ҚК-нің 50-бабының 1 бөлігі).
Арнаулы, өскери немесе қүрметті атақтан, сыныптык шендерден, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан жене мемлекеттік награ-далардан айыру, яғни соттың өзі шешім кабылдап, ерекше белгілерден айыру жөнінде Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізетін жағдайлар заңда көрсетілген.
Министрліктер (ведомстволар) берген кұрметті, арнаулы, әскери немесе басқа атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялык дәрежеден, біліктілік сыныбынан адам тікелей сот үкімі бойыша айырылады. Егер ауыр немесе ерекше ауыр кадамысы үшін айыпталушы адамда Қазақстан Республи-касының мемлекеттік наградалары болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті берген құрметті, әскери, арнаулы немесе басқа атақ, сыныптық шен, дипломатиялық дәреже немесе біліктілік сыныбы болса, үкім шығарғанда сот дүниеге күштарлық көзқарасты өзгертуде, бұл кылмыстық әрекеттің бос тірлік екендігін дәлелдейді»/(1,58 б.).
Тәркілеу — ауыр қосымша жазалардың бірі, себебі оны шектеп қолданғанның өзінде де оның ауыртпашылығы алдымен айыпкерге емес (бұл кезде ол бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатады) оның отбасына түседі. Осы жағдайды ескеріп, заң шығарушы, қылмыстық-атқару зандарындағы (ҚР ҚК-нің 51-бабының 3 бөлігі) тізімдегі көрсетілген, сотталған адамға немесе оның асырауындағы адамдарға қажетті мүліктер тәркілеуге жатпайды деп анықтады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 24.06.1993 жылғы «Жаза тағайындағанда соттардың заңдылықты сақтауы туралы» N3 қаулысында «мүлік тәркілеуді қолданғанда оның мөлшері үкімде нақты көрсетілуге тиіс, ол тәркілеудің өзі сотталушыға ғана тиісті мүлікке немесе үкім шығарған кезде жалпы ортақ мүліктің сотталушыға тиісті бөлігіне қатысты болу керек» деп арнайы атап өтілген.
ҚР ҚАК-нің 58-бабында да тәркілеуге жататын мүлікке тура осындай анықтама берілген — сотталған адамның мүлкі, оның ішінде сол адамның жалпы немесе ортақ меншіктегі үлесі, ақшасы мен құнды қағаздары, сотталғанның банктердегі салымдары және кез-келген меншік нысанындағы активтері сот үкімі бойынша теркілеуге жатады делінген. Осы факторларды негізге ала отырып сот мүлікті толық немесе ішінара тәркілеу жөнінде шешім қабылдайды. Мүлікті толық тәркілегенде сотталған адамның жеке мүліктері ғана тәркіленеді, тәркілеу ол мүлікті сотталған адаммен ортақтасып иемденуші адамдардың үлесіне таралмайды.
Бұл жағдайда сотталған адамның көмелетке толмаған отбасы мүшелерінің құқықтары мен занды мүдделері де ескерілуі тиіс.
Егер сот мүліктің бір бөлігін тәркілеу туралы қаулы шығарса, сотталған адамның барлық мүлкінің, атап айтқанда қандай бөлігі (жартысы, үштен бірі т.т.), тәркілеуге жататындығы үкімде анық айтылуға тиіс немесе тәркіленетін заттар тізімі беріледі. Бұл жерде мүлік тәркілеуді сол тәркіленетін мүліктің құнына тең ақшамен ауыстыруға жол берілмейді.
Үкім шығарар кезге дейін мүлікті таппау (өмірде ондай жағдайлар жиі кездеседі) мүлікті тәркілеу туралы шешім қабылдауға тосқауыл бола алмайды, себебі тәркілеуге жататын мүлік, кейін, үкімді орындау кезінде табылуы мүмкін1.
Мүлік тәркілеуді қолданбау — жазаны жеңілдету болып табылады, ол ҚР ҚК-нің- 55-бабында көрсетілген жағдайлар болғанда ғана мүмкін. Бұл ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 24.06.1993 жылғы жоғарыда аталған N3 қаулысында көрсетілген (17 тармақ). Шартты түрде сотталғанда мүлік тәркілеу қолданылмайды (ҚР ҚК-нің 63-бабының 4 бөлігі). Мүлік тәркілеуді қолданғанда мына ережелер сақталуы тиіс:
— тәркілеу, негізінен, қылмыстық жолмен тапкан мүлікті қамтиды;
— тәркіленген мүлік тек мемлекет меншігіне түседі;
— мүлікті тәркілегенде мемлекет сотталған адамның борыштары мен міндеттемелеріне жауап бермейді;
— мүлікті тәркілеу қылмыс жасау қаруына, құралына таралмайды.
3.2. Жазаның балама түрлері
Балама жазалар қатарына айыппұл салу және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жатады, яғни бұл жазаларды тек өзінше ғана қолданбай, ҚР ҚК-нің 40, 41-баптарында көрсетілген жағдайларда, оларды жазаның басқа түрлерімен де бірге қолдануға болады.
Айыппұл салу. Айыппұл — ҚР ҚК-нің 40-бабында көзделген шекте, заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтіне қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не сотталған адамның асалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалатын ақша өндіріп алу.
Басқаша айтқанда, қылмыстық жаза ретінде айыппұл салу тағайындалған адам белгілі бір материалдық шығынға ұшырайды.
Қылмыстық жазаның негізгі түрі ретінде айыппұл салу 347 санкцияда көзделген, ол 39,14%, ал қосымша жаза ретінде 27 санкцияда көзделген, ол 4,2%.
Ю.И. Скуратов пен В.М.Лебедевтің анықтамасы бойынша — айыппұл салу жазасы сотталған адамға психологиялық әсер етеді, жасаған қылмысын мемлекеттің бетке басатынын көрсетеді және елеулі материалдық шығынға отырғызады, нәтижесінде мүліктік жөне басқа қылмыстардың көптеген түрі қылмыскер үшін пайдасыз да қауіпті болады (6,130 б).
Жаза түрлері тізімінің ішінде айыппұл салудың бірінші орынға орналастырылғанын ескерсек, оны ауырлығы жағынан ең жеңіл жаза деп түсінеміз, сонымен қатар оның ауыр және ерекше ауыр санатқа жатпайтын қылмыстарды жасаған адамға ұтымды ыкпал жасайтыны да сөзсіз. Бұл — сот практикасында жазаның ең жиі қолданылатын түрі. Мысалы, егер 1995 жылы сотталғандардың 9,3%-іне айыппұл салу тағайындалса, 1996 жылы бұл көрсеткіш 14,9% болды. Айыппұл салудағы мақсатта жазаның басқа түрлері көздейтін мақсаттар сияқты. Айыппұл салу арқылы қылмысты болдырмаудың тек жалпы және жеке мақсатына, қылмыскерді түзеуге ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру мақсатына да қол жеткізуге болады. Әрине, айыппұл салу да, қылмыстық жазаның кез-келген басқа түрі сияқты, өзіне тән тәсілмен ерекшеленеді, ондағы мәжбүрлеу
және тәрбиелеу деңгейі де, көзделген мақсатка қол жеткізу мүмкіндігі де басқаша (9,204 б).
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға көшуі айыппұл салуды, жаза ретінде де, кең қолдану қажеттігін көрсетіп отыр. Материалдық мүдде әрқашан да маңызды болды, ол әсіресе қазіргі, халықтың көпшілігі өз тұрмыстық жағдайын жақсартуға кұлшынып отырған кезде аса маңызды рөл атқарады. Жазаны адамның қылмыстық-заңға қарсы әрекеттеріне тосқауыл болуы үшін қолданылатынын білеміз, соңдықтан да қылмыскерлікпен күресте адамға материалдық тұрғыдан ықпал жасаудан бас тарту дұрыс емес. Әрине, айыппұл салуды тағайындағанда қоғам мүшелерінің тұрмыстық жағдайының әрқалай екенін ескеру қажет. Мөлшері жағынан бірдей айыппұл тұрмыстық жағдайлары әрқалай сотталғандарға әртүрлі әсер етеді. Бұл факторды заң шығарушы ҚР ҚК-нің 40-бабыньщ 2 бөлігінде ескерген, онда «сот айыппұлдың мөлшерін жасалған
қылмыстың ауырлығына және сотталған адамның мүліктік жағдайына қарай белгілейді» делінген. Жоғарыда аталып өткендей, айыппұл салудың екі тәсілі бар:
1) заңмен анықталған жөне жаза тағайындаған кезде күшіндегі айлық есептеу көрсеткішінің белгілі бір санына сәйкес мөлшер бойынша;
2) сотталған адамның қылмыс жасаған кездегі белгілі бір кезеңге келетін жалақысының немесе басқа табысының мөлшері бойынша.
Бірінші жағдай айыппұл мөлшері Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық есептеу көрсеткіші бойынша, жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі көрсеткіш аралықта алынады, ал екінші жағдайда сотталған адамның екі аптадан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе басқа табысы мөлшерінде алынады.
Басқа табыс дегеніміз табыстың жалақыға жатпайтын түрі (6, 132 б.)- Бұл жерде заң шығарушы «басқа табыстары» демейді, «басқа табысы» дейді. Сондықтан да сот айыппұлды табыстар түрінің біреуі бойынша ғана салуға, басқаларын есепке алмауға тиіс.
Сотталған адамның белгілі бір кезеңдегі басқа табысы сот шешімінде көрсетілген кезендегі салық салынатын табыс көздері, түрлері және мөлшері бойынша анықталады (6, 132 б.).
Айыппұл мөлшерін сот қылмыскер жасаған қылмыстың ауырлығында, оның мүліктік жағдайына қарай, жасалған қылмыс сараланатың баптың санкциясында белгіленген мөлшерде, сондай-ақ ауырлататын және жеңілдедетін мән-жайларды ескеріп анықтайды. Мысалы, басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақырғаны үшін (ҚР ҚК-нің 157-бабының 1 бөлігі) үш мыңға дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе сотталған адамның үш айдан тоғыз айға дейінгі жалақысы немесе басқа табысы мөлшерінде айыппұл көзделген (бас бостандығынан айырумен балама ретіңде). Ап жан күйзелісі кезінде денсаулыққа орта дәрежеде қасақана зиян келтіргені үшін (ҚР ҚК-нің 108-бабының 1 бөлігі) елу айлық есептік көрсеткіішне дейін немесе төрт айға дейінгі уақыттағы сотталған адамның жалақысы немесе басқа табысы мөлшерінде айыппұл салынады (жазаның басқа түрлерімен балама ретінде). Әрине, айыппұл мөлшерінің мүншалықты әртүрлі болуын жасалған қылмыстардың қандай ауырлықта екендігімен түсіндіруге болады.
Мүліктік жағдайды бағалағанда сотталған адамға тиесілі мүліктің барлық түрі есепке алынады, мысалы, жеке меншік қүқығындағы жылжымайтын мүлік, автомашиналар, жерді пайдаланудан түсетін табыстар және басқа табыс түрлері, оның калақысының мөлшері; отбасы мүшелерінің және асырауындағы адамдардың саны (кәмелетке толмаған балалары, ата-анасы жөне оның асырауындағы еңбекке жарамсыз баска адамдар).
Айыппұл салуды ҚР ҚК-нің Ерекше бөліміндегі тиісті баптың санкциясында тікелей көрсетілген жағдайда ғана қолдануға болады. Ол, сонымен катар, ҚР ҚК-нің Ерекше бөліміндегі тиісті бапта көзделгеннен жеңілірек жаза ретінде де тағайындалуы мүмкін. ҚР ҚК-нің Ерекше бөлігіндегі тиісті баптың санкциясында міндетті түрдегі жаза ретінде көрсетілген болса да, соттың ҚК-тің 55-бабын қолданып, айыппұл салуды жазаның қосымша түрі ретінде қолданбауына болады.
Шартты түрде сотталған жағдайда айыппұл салуды жазаның қосымша түрі ретінде қолдануға болады (ҚР ҚК-нің 63-бабының 4 бөлігі). Жаза өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғанда сот айыппұл салу сияқты жаза түрінен түгелдей немесе ішінара босата алады (ҚР ҚК-нің 70-бабы).
Айыппүл салу кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан адамның жазасының өтелмеген бөлігін (ҚР ҚК-нің 71-бабының 1 бөлігі), сондай-ақ занда көрсетілген мән-жайлар болып, сотталған жүкті әйелдер мен жас балалары бар әйелдердің жаза өтеуі кейінге қалдырылған жағдайда олардың жазаларының қалған бөлігін ауыстыра алады (ҚР ҚК-нің 72-ба.бының 3 бөлігі). Жаза өтеп жатқан адамның жазасының өтелмеген бөлігі жазаның жеңілірек түріне ауыстырылғанда сот айыппұл салу түріндегі косымша жазадан түгелдей немесе ішінара босата алады (ҚР ҚК-нің 71-бабының 1 бөлігі).
Еңбекке жарамсыз деп танылған, тұрақты жұмыс орыны жоқ немесе өндірістен қол үзбей оқу орынында оқып жүрген адамдарға сот түзеу жұмыстарын айыппұл салумен, бір ай түзеу жұмыстары үшін заңда белгіленген бір айлық есептік көрсеткішіне тең айыппұл сомасымен ауыстыра алады. Бұл ереже қолданыла алады, егер ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімінің тиісті бабының санкциясыңда айыппұл салу түріндегі жаза көзделмеген болса. Сонымен қатар сот түзеу жұмыстарын айыппұл салумен ауыстыра алады, егер бұл көрсетілген мән-жайлар жаза өтеу кезінде туындаса (ҚР ҚК-нің 43 бабының 3 бөлігі). Айыппұл төлеу мүмкіндігі болмаса сот оны камаумен ауыстыра алады. Бірақ қамау бұл жағдайда бір айдан кем мерзімге тағайындалуы тиіс (ҚР ҚК-нің 46-бабының 2 бөлігі).
Айыппұл салуға сотталған адам айыппұлды сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде төлеуге тиіс (ҚР ҚАК-нің 22-бабының 1 бөлігі).
Айыппүл төленбеген жағдайда, айыппұл, үкім шығарған сот берген атқарушы парақтың негізінде мәжбүрлеу жолымен өндіріледі. Айыппұл сотталған адамның мүлкінен өндіріледі, оған ортақ меншіктегі оның үлесі, ақшасы, құнды қағаздары, баска құндылықтары, оның ішінде шот есебіндегілері және салымдағылары немесе қаржы-кредит ұйымдары мен банктерде сақтаулы жатқандары кіреді. Айыппұлды өндіріп алу азаматтық сот ісін жүргізуде белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады. Айыппұлды өндіргенде сот үкімі бойьшша тәркілеуге жатпайтын мүліктер тізімінде көрсетілген мүлік алынбайды.
Негізгі жаза ретінде белгіленген айыппұлды төлеуден адам әдейі жалтарса, сот айыппұлдың төленбеген сомасын қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немесе қамау түріндегі жазаларға жазаның осы түрі үшін қылмыстық заңда көрсетілген шарттар мен шектерді сақтай отырып ауыстыра алады, бұл жағдайда бір ай түзеу жұмыстары, немесе сегіз сағат қоғамдық жұмыстарға тарту немесе он күнге қамау айлық есептік көрсеткіштің үш есе мөлшеріне сәйкес айыппұл сомасына есептеледі (ҚР ҚК-нің 42, 43, 46-баптары). Бұл жерде қосымша жаза ретінде тағайындалған айыппұлды төлеуден әдейі жалтарса не істеу керек деген мәселе туындайды.
Айыппұл төлеуден әдейі жалтару ұғымына кылмыстық занда түсініктеме берілмеген. ҚР КДК-нің 23-бабын талдай отырып оған мынадай анықтама беруге болады. Айыппұл төлеуден өдейі жалтару дегеніміз ~ айыппұлды уақытылы төлеген жағдайда оған ҚК-тің 40-бабының 4 бөлігінде көзделген санкция қолданылатындығы жайында ескертілгеннен кейін сотталған адамның айыппұлды заңда көрсетілген мерзімде төлемеуі, сондай-ақ айыппұлды мәжбүрлеу арқылы өндіріп алудан өзінің табыстары мен мүлкін жасыруы.
Айыппұл салуға сотталған адамның соттылығы айыппұл төлеген соң бір жыл өткен соң жойылады (ҚР ҚК-нің 77-бабы 3 бөлігінің «в» тармағы).
Сотталған адам он сегіз жасқа толмаған болса, оған айыппұл салуды тағайындаудың шарты мен шегі біршама өзгеше. Кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана оған айыппұл тағайындалады (79-баптың 2 бөлігі).
Кәмелетке толмай сотталғанға айыппұл салу жазасын тағайындарда сот ҚР ҚК-нің 52, 80 баптарында көзделген барлық мән-жайларды ескеріп (жаза тағайындаудың жалпы негіздері, кәмелетке толмағанға жаза тағайындау), айыппұлды оннан бес жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе кәмелетке толмаған адамның жалақысының немесе өзге табысының екі аптадан алты айга дейінгі кезеңдегі мөлшерінде тағайындайды (ҚК-тің 79-бабының 2 бөлігі).
Айыппұл түріндегі жазаны кәмелетке толмағанға қолданғанда ҚР АК-нің 17, 22-баптарында бекітілген жайларды ескеру қажет, яғни некеге отырған кезден (он сегіз жасқа толғанша некеге отыруға заң актілері жол беретін жағдайда) (ҚР АК-нін, 17-бабының 2 тармағы) және кәмелетке толмағанның өз жалакысын, стипендиясын, баска табыстарын өзі билейтін құқы шекгелмеген немесе ол одан айырылмаған болса (К,Р АК-нің 22-бабының 3 тармағы) кәмелетке толмаған өз әрекетіне толық көлемде жауап беруге кабілетгі деп танылады.
Он сегіз жасқа толмай қылмыс жасап айыппұл салуға сотталған адамдар үшін соттылық айыппұл төлеген күннен бастап төрт ай өткен соң жойылады (ҚР ҚК-нің 86-бабының «а» тармағы).
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру. ҚР ҚК-нің 41-бабына сәйкес белгілі бір лауазымды атқару немесе бегілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды атқаруға, не белгілі бір кәсіптік немесе өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады.
Жазаның бұл түрі негізгі жаза ретінде 38 санкцияда көзделген, ол 6,02% жене қосымша жаза ретінде 108 санкцияда көзделген, ол ҚК-тің Ерекше бөліміндегі баптарда көзделген санкциялардың жалпы санының 17,1%-і.
Бұл жаза, егер сот жасалған қылмыстың сипаты: мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін және кінәлі адамның жеке басын ескере отырып, оның белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығының сақталуы мүмкін емес деп санаған жағдайда тағайындалады. Сонымен жазаның қылмыстық-құқықтық мәні — сотталған адамды белгіленген мерзімге белгілі бір кәсіптік немесе өзге де қызметпен айналысу немесе үкімде көрсетілген лауазымда болу мүмкіндігінен айыру, соның нәтижесінде айыпкердің қайталап қылмыс жасауын болдырмау.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 24.06.1993 жылғы «Жаза тағайындағанда соттардың заңдылықты сақтауы туралы» N3 қаулысына сәйкес «…жазаның бұл түрін тағайындағанда үкімнің қорытынды бөлімінде лауазым не қызмет түрі нақты көрсетілуі тиіс».
Бұл соттың осындай үкімін әркімнің өз қалауынша жалпақ түсінуіне жол бермеу үшін және Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабына сәйкес қызмет түрін, кәсіпті тандаудағы заңның құқығын кейбір лауазым иелерінің өзінше шектемеуі үшін қажет.
Белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айырғанда сот, өз үкімімен, норматив бойынша белгіленген немесе ұқсас белгілері бар лауазымдарды сотталған адамның атқаруына тыйым салады. Белгілі бір лауазымды атқару кұқығынан айырудағы ҚР ҚК-нің 41-бабының Қаз.ССР ҚК-нің 26-бабынан айырмашылығы сол, қазір сот мемлекеттік қьізметте, жергілікті өзін-өзі баскару органдарында ғана белгілі бір лауазымды аткаруға тыйым салады. Яғни, сотталған адамның өзге, мемлекеттік емес қызметтерде (басқару органдарында) лауазым атқаруына тыйым салынбайды. Бұл жаза тағайындалып, айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін, кәсіпорын, мекеме немесе ұйым әкімшілігінің сотталған адаммен еңбек шарты кысқарады (Кдз. ССР ЕтЗК-нің 31-бабы 1 бөлігінің 7 тармағы негізінде) және сотталғанның еңбек кітапшасына қандай негізде, канша мерзімге кандай лауазымды атқару құқығынан айырғаны немесе қызметтің қай түрімен айналысу құқығынан айырғаны жазылады.
Кәсіптік немесе басқа қызметпен айналысу құқынан айырғанда «жүзеге асуы үшін кәсіби дайындықты керек ететін қызмет түрімен айналысуға сот үкімі тыйым салады, ал бұл қызмет арнайы дайындықты кажет ететін немесе белгілі бір әрекеттер жасауға немесе сипаты нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін жұмыс түрлерін қамтиды». (6, 134-135 б.)
Белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салу тек лауазымдық, кәсіптік қызметті ғана, арнайьі ережелермен реттелген қызметтің басқа да түрлерің қамтиды. Мысалы, қосымша шара ретінде көлік құралдарын басқару құқығынан айыруды, сот, ол адамда ондай құқықтың тіптен болмағанына немесе әкімшілік жолмен жазалау тәртібінде ондай құқықтан бұрын оны айырғанына қарамастан тандай алады.
Бұл жаза негізгі немесе қосымша шара ретінде іс тағайындалуы мүмкін. ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімінің қолданылатын баптарының санкцияларында немесе ҚР ҚК-нің 55-бабына сәйкес сот жазаның жеңілдеу шарасына көшкенде жазаның бұл түрінің тікелей белгіленуі оны тағайыңдауға негіз болады.
ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімінің тиісті баптарының санкцияларында болмаса да, жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дөрежесіне жөне айыпкердің жеке басына қарай (ҚК-тің 41-бабының 3 бөлігі), немесе бүл шара бап санкциясында негізгі жаза ретінде қарастырылып, бірақ сот басқа негізгі шара тағайындаған жағдайда сот оны қосымша жаза ретінде де тағайындай алады.
Қарастырылып отырған жаза түрінің негізгі және қосымша шараларының мерзімдері әртүрлі. Бірінші жағдайда (негізгі) бір жылдан бес жылға дейін мерзім белгіленген, ал екінші жағдайда (қосымша) мерзім алты айдан үш жылға дейін (ҚР ҚК-нің 41-бабының 2 бөлігі).
Қылмыстық кодекс бұл жазаның мерзімін санау тәртібін анықтайды. Жазаның бұл түрін бас бостандығынан шектеуге, қамауға, тәртіптік әскери бөлімде ұстауда немесе бас бостандығынан айыруға қосымша ретінде тағайындаса, ол жазаның сол негізгі түрлерін өтеудін, барлық уақытына таралады, бірақ оның мерзімі негізгі жаза өтелген кезден басталады (ҚК-тің 41-бабының 4 белігі).
Егер белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру негізгі жаза ретінде немесе айыппұл салуға, қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе түзеу жұмыстарына қосымша ретінде, сондай-ақ шартты түрде соттағанда тағайындалса, онда бұл жағдайда қосымша жазаның атқарылуы кейінге қалдырылмайды, ал мерзім үкім занды күшіне енген кезден бастап есептелінеді (ҚР ҚК-нің 41- бабының 4 бөлігі). Шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылған немесе жазасы жеңілірек жазаға ауыстырылған адамдарға қосымша жаза ретінде қолданылатын жазалардың тәртібі мен шарты ҚР ҚК-нің 70, 71-баптарына сәйкес шешімін табады.
ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 24.06.1993 жылғы «Жаза тағайындағанда соттардың заңдылықты сақтауы туралы» N3 қаулысында қосымша жазаның қанша мерзімге тағайындалатынын көрсету жөніндегі заң талабын соттардың мүліксіз орындауы туралы айтылған. Бұл талаптарды орындамау үкімді бұзуға негіз бола алады.
Егер үкім шығар кезге дейін сотталған адам қылмыстың жасалуымен байланысты лауазымды іс атқармаған немесе қызметпен айналыспаған болса, бұл жағдай біз талдап отырған жаза түрін қолдануға 1 кедергі бола алмайды (8, 33 б.).
Белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкімінен әдейі жалтару ҚР ҚК-нің 362-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік жүктейді.
ҚР ҚК-нің 77-бабы 3 бөлігінің «в» тармағына сәйкес жазаның осы қаралған түріне сотталған адамның соттылығы жаза өтелгеннен кейін бір жылдан соң жойылады.
ҚР ҚК-нің 79-бабына сәйкес кәмелетке толмай қылмыс жасағандар үшін тек белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру жазасы қарастырылған. Белгілі себептермен (жасы, білімі, т.б.) кәмелетке толмағаңдарға тағайындалатын жазалардың жүйесіне белгілі бір лауазым атқару кұқығынан айыру кірмеген. Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы кәмелетке толмағандарға бір жылдан екі жылға дейін мерзімге тағайындалады (ҚР ҚК-нің 79-бабының 3 бөлігі) және соттылықты жою мерзімі ҚР ҚК-нің 77-бабымен салыстырғанда едәуір қысқарған, ол мерзім жаза өтелгеннен кейін төрт ай деп белгіленген (ҚР ҚК-нің 86-бабы).
Қорытынды
Қай мемлекет болмасын ол қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әртүрлі әлеуметтік ұйымдастырушылық, экономикалық, тәрбиелік, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолдануға тырысады.
Қылмыс пен жаза — қылмыстық құқық өзінің пайда болған кезінен сүйенетін бір-бірімен тығыз байланысқан ажырамас категориялар. Қылмыстық жаза мәселесі қылмыстық құқық теориясында ерекше орын алады, өйткені, ол қылмыстылықпен күресу шараларының жүйесіндегі ең ауыр да қажетті шаралардың бірі болып табылады.
Қылмыстық жаза мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының жеке бір түрі және оның өзіне тән мынадай белгілері бар:
— Жазаның бірінші белгісі — ол мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Бұл жаза тек мемлекет атынан сотпен ғана тағайындалады дегенді білдіреді.
— Жаза тек қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға ғана тағайындалады.
— Жаза тек қылмыс үшін тағайындалады.
— Жаза әрқашанда қылмыс жасаған адамның құқығы мен бостандығын шектеумен байланысты, яғни объективтік мазмұны бойынша жаза-жапа шектіру.
— Жаза сотталған адамға соттылық атағын тағады.
— Жаза жария түрде ашықтан ашық тағайындалады.
Осы жоғарыда аталған жазаның негізгі белгілерінен оның анықтамасын шығаруға болады.
ҚР ҚК-нің 38-бабында «Жаза дегеніміз — соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан осы Кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады» — делінген.
Алайда, жазаның түсінігі жөнінде қылмыстық құқық теориясында бірқатар пікірлер айтылған. Мысалы, В.И.Курляндский, «Жаза-соттың үкімімен қылмыс жасаған адамдарға қолданылатын мемлекеттік шараның түрі» десе, М.Д.Шаргородский бұл анықтамамен ішінара қосыла отырып, «мемлекеттік шаралардың бәрі де жаза емес, оған медициналық және тәрбиелік сипаттағы шаралар жатпайды» — деп толықтырды. Ленинградтық криминолог-ғалымдар өздері шығарған қылмыстық құқық курсында «Советтік қылмыстық кұқықтағы жаза — мемлекеттік шараның мөлшері, ол сот органдарының үкімімен кылмыс жасаған адамдарға қолданылып, қылмыскердің езіне тән материалдық игіліктерден жұрдай етумен қоса, сол әрекетке мемлекет тарапынан қаралап баға беру» — дейді.
Қылмыстық жаза туралы мәселені көтергенде оның қылмыстық жауаптылықпен арақатынасына да тоқталған жөн. Жауаптылық пен жаза ұғымдарын жекелеп алып қарасақ, жауаптылық жаза ұғымынан әлдеқайда кең, ауқымды, өйткені, жаза — қылмыстық жауаптылықтың маңызды сатыларының бірі ғана. Қылмыстық жауаптылықтың басталу уақыты болып қылмыстың жасалуы, ал аяқталу уақыты-соттылықтың жойылуы немесе өтелуі. Қылмыстық жауаптылыққа алдын-ала тергеу, анықтама, прокуратура және сот органдары тартып және босатады. Ал жазаны сот тағайындап сот босатады. Қылмыстық занда қылмыстык жауаптылық пен жазаны бір-бірінен ерекшелейтін нормалар кездеседі. Мысалы, қылмыстық жауаптылықтан және қылмыстық жазадан босату негіздері әртүрлі. Сонымен, жаза соттың айыптау үкімінде жүзеге асырылған қылмыстық жауаптылықтың мәні. Соттылыктың өтелуі және жойылуы жазамен байланысты барлық құқықтық шектеулерді жояды.
Қылмыстык кодексте жазадан басқа қылмыстық құқыктық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары көзделген. Олар:
1). Тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шаралары;
2). Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары.
Бұл шаралардың жазадан басты ерекшелігі олардың соттылықты болдырмауында. Екіншісі, олардың тағайындалу адресатында, яғни тәрбиелік сипаттағы шаралар 14-18 жас аралығындагы қылмыс жасағандарға, ал медициналық сипаттағы шаралар қылмысты есі дұрыс емес жағдайда жасаған адамдарға және ҚК-тің 88-бабында көрсетілген басқа да негіздерде тағайындалады. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары белгісіз мерзімге тағайындалады.
Қоғамдағы қылмыстылықпен күресу кезінде қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының әрбірінің өз мақсаты және өзіне тән міндеттері бар. Осыған сәйкес, жазаның мақсаты дегеніміз — тікелей жаза тағайындау, қолдану және оны іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже. Осы жазаның мақсаты жөнінде әртүрлі ілім салаларының-теологтар, философтар, социологтар, психологтардың да зерттеулер жүргізгені мәлім. Н.Д.Сергиевскийдің есебі бойынша, жазаның мақсаттарына 24 философиялық және 100-ден астам заңдық концепциялар арналған екен.
Қылмыстық құқық теориясында, жалпы және арнаулы заң әдебиеттерінде сонау Кеңес заманынан бастап, қазірге дейін жазаның мақсаты төңірегінде әртүрлі пікірлер туғаны белгілі. Бұл пікірлер бірде жаза мақсаттарының мазмұнына қатысты туса, бірде жаза мақсатының санына қатысты туындады. Мысалы, орыс заңгер-ғалымы С.В.Познышев: «жазада тек бір ғана мақсат болуы керек» дегенді айтса, профессор Р.Т.Нұртаев жазаның мақсатын «үш бірлік» деп атайды. Ал профессор А.Мамытов, жазаның мақсатына мына үш түрлі нәрсе: 1). қылмыс жасаған адамды қайта тәрбиелеу; 2). қайта тәрбиелеу арқылы оны кайтадан қылмыс жасамауға бет бұрғызу; 3). қылмыс жасаған адамның сазайын тарттыру арқылы басқа адамдарға да қылмыс жасаудан бас тартуға ыкпал жасау деп жазаның алдына үш мақсатты қояды.
Осы уақытқа дейінгі жазаның мақсаттары жөніндегі әдебиеттерді талдай келсек, негізгі тұжырым — қылмыскерді түзеу және оны қайта тәрбиелеу болып келгенін байқаймыз. Ал соңғы кезде «қайта тәрбиелеу» мақсатын алып тастап, жазаның айрықша мақсаты тек ғана «сотталған адамды түзеу» деп жүрміз. Тәжірибе де бұл амал өзінің ойдағыдай нәтижелігін бермегендіктен жаңа қылмыстық занда «қайта тәрбиелеу» терминінен бас тартуға тура келді.
Осыған сәйкес ҚК 38-бабының 2-бөлігінде жаза мақсаттары былайша белгіленген: «Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады». Сонымен, жазаның мақсаттары үш түрлі:
1). әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру,
2). Сотталған адамды түзеу;
3). қылмыстан сақтандыру.
Еңді осы көрсетілген әр мақсаттарға жеке-жеке тоқталып кетсек.
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру қылмыстық занда бірінші рет қарастырылып отыр. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру әділеттілік кағидасына жақын, яғни жазаның жасалған қылмысқа сәйкес келуі және бір қылмыс үшін екі жауаптылыққа тиым салу. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру деген — қылмыс нәтижесінде бұзылған жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің мүдделерін қайта қалпына келтіру. Материалдық зиян айыппұл, мүлікті тәркілеу, түзеу жүмыстары кезінде айлық табысынан ұстап қалу арқылы өтелуі тиіс. Ал денеге келтірілген зиян қалпына келтірілмейді немесе келтірілуден шектелген. Ал жаза мен қылмыстың сәйкес келуі деген тағайындалған жазаның кінелінің жеке тұлғасына, жазаны немесе жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын жағдайларға сәйкес келуін қарастырады.
Сотталған адамды түзеу мақсаты. Жалпы алғанда адамды түзеу — бұл адам бойындағы қылмыс жасауға итермелейтін қасиетгерді жою. ҚР Қылмыстық атқару кодексінің 7-бабында, сотталғанды түзеу — оның бойында құқық ұстанушы мінез-құлықты, жеке адамға, қоғамға, еңбекке, адамзат қоғамының нормаларына, ережелері мен дәстүрлеріне оң көзқарастарды қалыптастыру делінген. Сонымен, түзеудің мақсаты адамның мінез-құлқын, іс әрекетін қайта қалыптастыру, жаңа қылмыс жасауға себеп болған бойындағы теріс қасиеттерден оның арылуына мүмкіндік туғызу. Түзеу барысында сотталғанның бойында бұрын болмаған әлеуметтік пайдалы қасиеттер енгізіледі. Жазаны өтеу барысында сотталған адамның кезқарасы, сенімі, әдет салты жақсы жаққа қарай өзгерсе-түзеу мақсатының орындалғаны.
Қылмыстан жалпы және арнайы сақтандыру (превенция). Жалпы сақтандыру- қылмысты жасауға тек жазамен қорқыту немесе басқа адамды нақты жазалау арқылы қоғамдағы тұрақсыз адамдарды жаңа қылмыстан сақтандыру дегенді білдіреді. Олардың «тұрақсыздығы» қылмыстың алдында әкімшілік, азаматтық, тәртіптік құқықбұзушылықтарды жасау фактілерімен анықталады. Профессор М.Д.Шаргородскийдің айтуы бойынша «жазаның жалпы сақтандырушылық әсері біріншіден, қылмыстық заңның жариялану фактісімен және әрбір нақты қоғамға қауіпті әрекет үшін қарастырылатын нақты жазалардан, екіншіден, қылмысты жасауға кінәлі деп танылған адамда соттың жазаны тағайындауында, үшіншіден, тағайындалған жазаның орындалу процесінде көрінеді ».
Ал арнайы сақтандыру сотталған адамды жаңа қылмыс жасаудан сақтандыру дегенді білдіреді, яғни тікелей қылмыс жасаған адамға қатысты, соған бағытталады. Жазаның арнайы сақтандыру мақсатына мына жолдармен қол жеткізуге болады: 1). Сотталған адам жаңа қылмыс жасау мүмкіндігінен іс жүзінде айрылады. Мысалы, бас бостандығынан айыру, қамау, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазаларында мүмкін болады; 2). Жазамен қорқыту арқылы, яғни сотгалған адамды белгілі бір мүмкіндіктерден айыру, қылмысты қайталаудан бас тартуға итермелеу; 3). Жазаны өтеу барысындағы сотталған адамның психикасына тәрбиелік әсер ету арқылы оны жаңа қылмыстан сақтауға мүмкіндік туады. Яғни бір сөзбен айтқанда, арнайы сақтандыру мақсатына сотталған адам өзінің рецидив қауіптілігін жоғалтқан кезде қол жеткізіледі.
Жалпы айтқанда, жазаның сақтандыру мақсаттары жөнінде айтқанда, қылмыстылықпен күрес кезінде жаза ең негізгі құрал болып табылмайтынын есте ұстау қажет. Өйткені, жаза қылмысқа және оның себептеріне қатысты екінші орында екендігі белгілі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Нормативті актілер
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, «Жеті жарғы». 1995 жыл 30 тамыз.
- Қазақстан Республикасының Президентінің қазақ халқына Жолдауы., А.: 2005
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. Алматы. «Жеті Жарғы». 1997 жыл.
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. А., 1999ж.
- Комментарий к Уголовному Кодексу Республики Казахстан. «Жеті Жарғы» Алматы 2001 ж.
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік, Алматы 2001
- «Жаза тағайындағанда соттардың зандылықты сақтауы жөніндегі» N3 қаулысында
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі., А. 1999
- «Қазақстан Республикасының 16 шілде 1997 жылғы Қылмыстық кодексін күшіне енгізу туралы» Заңы
- ҚР Жоғарғы соты Пленумының 24.06.93 жылғы «Жаза тағайындағанда соттардың заңдылықты сақтауы туралы» N3 каулысы
Оқулықтар:
- Сташиев В.В., Бажанов М.Х. Преступления против порядка управления. Харьков. 1971г.
- Ляпунов Ю.И. Виды наказаний. М. 1969 г.
- Поленов Г.Ф. Наказание: понятие и виды. М. ЮЛ 1996 г.
- Поленов Г.Ф. Смертная казнь: за и против М.ЮЛ, 1998 г.
- Российское уголовное право. Особенная часть. Учебник. / Под ред.
Журавлева М.П. и Никулина С.И. — М., 1998.
- Джекебаев У.С. Основные принципы уголовного права Республики
Казахстан (сравнительный комментарий к книге Дж. Флетчера и А.В
Наумова «Основные концепции современного уголовного права»). –
Алматы: Жеті жарғы, — 2001.- 256с.
- Неклюдов Н.А. Преступления государственные и против личной свободы.
— СІЖ, 1892.
- Курс Советского уголовного права. Часть Особенная. / Отв. Ред. Н.А.
Беляев, М.Д. Шаргородский. Т.З. — Ленинград: Издательство
Ленинградского университета, 1973. Бюллетень Верховного Суда
Республики Казахстан, №5, 2003. 62
10.Платонов И.В. Уголовное право. Семейный университет Ф.С.
Комарского. — СПб, 1898.
11 .Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. / Под ред.
Рогова И.И. и Рахметова С.М. — Алматы: Баспа, 1999.
12.Уголовное право Казахстана (Особенная часть). Учебник для вузов./
Под ред. Рогова И.И. и Рахметова С.М. — Алматы: ТОО «Баспа», 2001.
13.Лекарь А.Г. Профилактика преступлений. — М.: Юрид. Лит., 1972.
- Жаза: түсінігі мен оның түрлері. А.: 1999
15.Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть. /Отв. ред.
Рогов И.И., Баймурзин Г.И.. — Алматы: Жеты Жаргы, 1998. — 288 с. 16.Уголовное право Казахстана (Общая часть). Учебник для ВУЗов/
Под ред. Рогова И.И., Рахметова С.М.. — Алматы: ТОО «Баспа», 1998.-228
17.Уголовное право. Общая часть. — М.: Московский университет, 1993.
18.Уголовное право. Общая часть. Учебник / Под ред. Гаухмана Л.Д., и
Колодкина Л.М. — М.: МИ МВД России, 1997.
19.Научно-практический комментарий к Уголовному кодексу РФ / Под
ред. Профессора П.Н. Панченко. — Нижний Новгород, 1996.
20.Юридический энциклопедический словарь / Главн. Ред. Сухарев
А.Я. — М.: Советская энциклопедия, 1987.
21 .Уголовное дело №00003430 архива г. Тараза за 2000 год. 22.Уголовное
право. Общая часть.’ Учебник / Под ред. А.И. Рарога. — М.: Институт
международного права и экономики. Издательство «Триада, Лтд», 1997.
- Курс уголовного права. Общая часть. Т.1: Учение о преступлении.
/Под ред. Кузнецовой Н.Ф., Тяжковой И.М. — М.: Издательство
ЗЕРЦАЛО, 1999.-592 с.
- Уголовное право России. Учебник для вузов. Т.2. Особенная часть./
Под ред. Игнатова А.Н., и Красикова Ю.А. — М.: Издательская группа
НОРМА-ИНФРА-М, 1998. — 808 с.
- Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть. 2-е изд. — Алматы:
Жеты жарғы, 2003. — 304 с. б.
- Миньковский Г.М., Мирзажанов К. Проблемы охраны правопорядка и
борьбы с правонарушениями. Ташкент, 1984.
- Бюллетень Верховного Суда Республики Казахстан, №2, 2002. 28.
Постановление Пленума Верховного Суда РК № 1 от 30 апреля 1999 года
«О соблюдении судами законности при назначении уголовного
наказания». Сборник Постановлений Пленумов Верховного Суда РК
(1998-1999 гг.). Алматы: ТОО «Аян Эдет», 1999.
1 ҚР Қылмыстық құқық. А.: 1999
1 ҚР Қылмыстық кодексі 38 бап
1 И.И Карпец (2) пен А.Н.Тарбагаевтың (3) еңбектерінде де осындай пікірлер айтылған.
1 Ляпунов Ю.И. Виды наказаний., М.: 1998
1 С.В. Полубинская Наказание: понятие и виды. М: 1998
1 Поленов Г.Ф. Преступление и виды наказаний., М.: 1999
1 ҚР Қылмыстық кодексіне түсінік, А.: 2001
1 ҚР Қылмыстық құқық. Оқу құралы., А.: 1999
1 ҚР Қылмыстық-атқару кодексі., А.: 2000
1 «Жаза тағайындағанда соттардың зандылықты сақтауы жөніндегі» N3 қаулысы
1 ҚР Жоғарғы соты Пленумының 24.06.93 жылғы «Жаза тағайындағанда соттардың заңдылықты сақтауы туралы» N3 каулысы
1 Рогов И.И. Конфискация имущества А.: 1999