АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Жаза өтеп жатқан адамдарға қатысты халықаралық қалыптық ережелерді

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………….3-6

 

І Тарау. Жаза өтеп жатқан адамдарға  қатысты  халқаралық  қалыптық 

    ережелердің  мазмұны.

       1.1  Жаза  өтеп  жатқан  адамдарға  қатысты  халқаралық

              қалыптық  ережелердің  негізгі  мазмұны…………………………………..7-13

       1.2  Жаза  өтеп  жатқан  адамдардың  құқықтарын  қорғау

              мәселесіндегі  халықаралық  мамандырылған 

              ұйымдардың  үлесі…………………………………………………………………..13-18

 

ІІ Тарау. Жаза  өтеп  жатқан  адамдарға  қатысты  халықаралық  қалыптық  ережелердің  Қазақстан  Республикасының  пенитенциарлық

жүйесі  үшін   маңызы .

       2.1  Қазақстан  Республикасының  қылмыстық – атқару

              жүйсінің  ерекшелері  мен  өзекті  мәселелері…………………………..20-26

       2.2  Шет мемлекеттердің  пенитенциарлық  жүйелері  мен  

              қылмыстық – атқару  заңнамаларының  ерекшелерінің……………..26-31

       2.3  Жаза  өтеп  жатқан  адамдарға  қатысты  халқаралық  қалыптық

              ережелерінің  Қазақстан  Республикасының  қылмыстық – атқару 

              жүйесі  орагандарының  қызметінде  қызметінде  қолданудың

              практикалық  проблемалары…………………………………………………….32-39

 

ІІІ Тарау. Қазақстан  Республикасындағы  Сотталғандардың  құқықтары  мен   міндеттері.

        3.1  Сотталған  адамдарының  құқтық  жағдайының  түсінігі………….40-51

        3.2  Сотталғандардың  құқығы  мен  міндеті…………………………………..51-61

 

Қорытынды………………………………………………………………………………………….62-67

Пайдаланған  әдебиеттер  тізімі……………………………………………………………68-73           

 

 

Кіріспе

 

       Қазақстан  Республикасында  Жүргізіліп  отырған  Шаралар,  ең  қымбат  қазынасы адам  және  адамның  өмірі  мен  бостандықтары  болып  табылатын  демократиялық,  зайырлы,  құқықтық  және  әлеуметтік  мемлекет  ретінде  орнықтыру  жөніндегі  басты  қағиданы  қамтамасыз  етуге  бағытталған.1 Сол себепті  елімізде болып  жатқан  саяси,  әлеуметтік  және эконоикалық  рнформалар,  бірқатар  қолданыстағы  заңдардың  түбегейлі  өзгерту  қажеттілігін  айқындап  отыр.

      Елбасы  қылмыстық  жазалар  жүйесін  ізгілендіру  және  түзету  мекемелерінде  ұстау  жағдайларын  жақсарту  жолымен  ілгері  басу  қажеттілігін нұсқайды.  Осыған  байланысты  ол  халыққа  Жолдауында:  « … айқын да  ашық  қылмыстық  саясатты  іске  асыру  талап  етіледі:  заң  ауыр  қылмыс жасаған адамдарға  қатыстықатал,  бірақ  кішігірім  немесе  орташа  ауырлықтағы  қылмыстарды  алғаш  рет  жасағандарға,  сондай-ақ  кәмелетке  толмағандар  мен әйелдерге  иманды  болуы  керек » — деп  атап  өтеді2.

Бүгінгі  таңда,  еліміздің  барлық  аймақтарында  жұмыссыздық  пен  кедейшілік,  сондай-ақ  қылмыс  жасаулық  өзекті де  өткір  мәселенің  біріболып  отыр. Бұл  әрине қылмыстылықпен  күресуде  қылмыстық-құқықтық  шараларды  кеңінен  қолдануға  әкеп  соқтырады.  Ол  өз  кезегінде  қылмыскерлерді  ұстау  мен  оларды  реабилитациясы  проблемаларын  өзекті  мәселелерге  айналдырып  отыр.

      Қамаудағы  сотталушылар  санынның  пайдаланудың  кесімді  шегінен  асып  кетуі, гигиеналық  ережелердің  өз  дәрежесінде  сақталмауы,  медициналық  қызметтің  әлсіздігі,  инфекциялық  дерттердіңжоғары  деңгейі  мен  сотталғандар  арсында  өлімнің  көбеюі,  әділ  соты  жүргізүдің  әр-түрлі  сатыларында  қамаудағы  адамдардың  конституциялық  құқықтары  мен  заңды  мүдделерінің  жиі  бұзылуы,  елімізде  қылмыстылықпен  күресудің  дәстурлі  және  жаңадан  енгізіліп  жатқан  шараларды  халықаралық  стандарттарға  сай  қолдану  керектігін  көрсетіп  отыр.

      Бұл  мақсатта  Қазақстанға  жаза  өтеп  жатқан  адамдарға  қатысты  халқаралық  стандарттарды  алдымен  зертеп,  осы  саладағы  халықаралық  құқықтық  құжаттарды  қарастырып,  оларды  Қазақстан  Респуликасының  заңнамаларымен  салыстырып,  осы   заңнамаларды  халықаралық  стандарттарға  сәйкестендіру  қажет[1].

      Еліміздегі  осы  өзекті  мәселелердің  ғылыми  тәжірибелік  маңызы,  сондай-ақ  оның  жан-жақты  талқыланбағандығы  маған  осы  зертеу  тақырыбын  таңдауға  негіз  болып  ортыр.

       Жаза өтеп  жатқан  адамдардың  құқықтыарын  қамтамасызету  проблемасының  теориялық  және  тәжірибелік  аспектілерін  оқып-білу,  сондай-ақ  осы адамдарға  қатысты  халқаралық  стандарттарды  зертеп,  талдау  және оларды  Қазақстан  Республикасының  пннитенциарлық  жүйесінде  іске асыру  проблемалары,  осы  салада  көптеген  шешілмеген  және  даулы  мәселелердің  бар  екендігін  және  қылмыстық  -құқықтық  әдебиетте  бұл  проблеманы  оқып-білуге  көңіл  бөлінгендігін дәлелдейді.

         Десекте,  кейінгі  кездері  осы  проблемаға  қатысты  түйінді  мәселелер  Қазақстан  мен  Ресей  заңгер  ғалымдары  тарапынан  белсенді  түрде  қолға  алынып  шешіле  бастады.  Нақтырақ  айтсақ,  осы  проблеманың  кейбір  аспектілерін  өңдеуге  өз  үлестерін  Рогов И.И.,  Валиев Х.Х.,  Сқақов А.Б.,  Мәми Қ.А.,  Ағыбаев А., Артамонов  В.П.,  Бородин  С.В.,  Уткин  В.А.,  Зубков  И.А.,  Беляев  Н.А.  т.б.  қосты.

        Сонымен  қатар,  Қазақстан  заң  ғылымына  орасан  зор  еңбек  сіңірген  Қ.Ж. Балтабаевтің  ”Проблемы  соотношения  международного-правовых  норм и  законадательства  Республики  Казахстан  в  сфере  исполнения  наказаний ”  атты,  Д.С.  Чукмаитовтың  ” Теоритические  основы  системы  исполнения  наказаний  по  законадательству  Республики  Казахстан”  атты  диссертациялық  жұмыстарындағы,  және  ресеилік  заң-ғалымдар  Г.Ю.Федосееваның  “ Международно-правовые  вопросы  зашиты  осужденных” атты,  Д.В. Усиктің  “ Международные  правовые  стандарты  по  обрашению  с  осужденными  и  проблемы  их  отражения  в  законадательстве  об  исполнении  наказаний  в  виде  лишения  свободы”  атты  авторефераттарындағы  олардың  ой-пікірлері  мен  ұсыныстары  аталмыш  тақырыптың  мәнінің  ашу  барысында  жан-жақты  оқып-талдап,  пайдаланғандығын  айта  кеткен  жөн.

        Диплом  жұмысының  нақты  мақсаты – зерттеу  тақрыбына  айналған  жаза  өтеп  жатқан  адамдарға  қатысты  халқаралық  стандартардың  маңызды  аспектілерін  жан-жақты  терең  зерттей  отырып,  олардың  Қазақстан  Республикасының  пенитенциарлық  жүйесі  үшін  маңызын  анықтауға  және  оларды  қолдану  тәжрибесін  жетілдіруге  бғытталған  ғылыми  түрде  негізделген  ұсыныстарды  жасау  болып  табылады.

      Осындай  мақсатқа  сәйкес  төмендегідей  негізгі  міндеттер  айқындалмақ:

  • Жаза өтеп  жатқан  адамдарға  қатысты  халықаралық  құқықтық  құжаттарды  оқып,  танысу;
  • Жаза өтеп  жатқан  адамның  құқықтарын  қорғаудағы  халықаралық  үйымдардың  рөлін  анықтау;
  • Қазақстан Республикасының  жаза  атқару  саласындағы  заңнамаларын  қарастырып,  талқылап,  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық – атқару  жүйесіндегі  өзекті  мәселелерін  көтеріп  шешу;
  • Шет мемлекеттердің  пенитенйиарлық  жүйесіндегі  тәжірибелерімен  танысып,  зерттеу;
  • Жаза өтеп  жатқан адамдарға  қатысты  халқаралық  қалыптық  ережелердің  Қазақстан  Республикасының  қылмыстық-атқару  жүйесі  органдардың  қызметінде  қолданудың  практикалық  проблемаларына  тоқталып  кетіп,  оларды  жою  бойынша  ұсыныстар  беру.

      Диплом  жұмысының  жалпы  әдістемелік  негізін  баршаға  бірдей  диалектикалық  таным  әдіс  құрайды.  Бұл  зерттеу  жұмысын  жазу  барысында  басқа  да  тәсілдер  пайдаланылды.  Нақтылай  кетсек  заң-логикалық,  тарихи  шолу,  салыстырмалы-құқықтық,  статистикалық,  нақты-әлеуметтік  әдістері  қолданылады.  Диплом  жұмысының  негізгі  жағдайлары  мен  нәтижелері  Қазақстан  Республикасының  Конституциясын,  Қылмыстық,  Қылмыстық  атқару  кодекстері  және т.б.  құқықтық-нормативтік  актілерді,  жалпы  танылған  адам  құқықтары  саласында  халқаралық  құқықтық  актілерді,  шет  мемлекеттердің  қылмыстық  саясат  саласындағы  кейбір  құқықтық  актілерін  талдау  нәтижесінде  алынды.  Сонымен  қатар,  Адам  құқықтары  мен  заңдылықтарын  сақтау  жөніндегі  Халықаралық  Бюро,  Халықаралық  түрмелерді  зертеу  орталығы,  Халықаралық  Түрме  Реформасы  ұйымдарынан,  Қазақстан  Республикасы  Президенті  жағындағы  Адам  құқықтары  жөніндегі  Комиссиясынан  алынған  кеибір  мәліметтер  мен  интернет  мақалалары  мен  сайттары  пайдалынады.

      Жалпы  Қазақстан  Республикасының  қылмыстық,  қылмыстық  іс  жүргізу  және  қылмыстық  атқару  құқықтарының  нормаларына  қатысты олқылықтарын  толықтыруда маңызы  зор.  Бұл  еңбектің  тұжырымдары  мен  ұсыныстары  жаза  атқаруда,  қамаудағы  адамдарға  қатысты  заңдар  мен  нормативтік  құқықтық  актілерді  жетілдіру  үшін  практикалық  қызығушылықты  да  туғызады.  Демек,  осған  сәйкес,  заң  шығарушылық  процесіне  белгілі  үлес  қосуда.  Жұмыстың  жетістіктері  қылмыстық  құқық,  қылмыстық  атқару  құқықғы,  қылмыстық  іс  жүргізу  құқығы  мен  адам  құқықтары  пәндері  мен  арнаулы  курстардың  шеңберінде,  оқу  процесінде  және  құқық  қорғау,  тергеу  мен  анықтау,  атқару  органдардының  практикалық  қызметінде  пайдаланылуы  мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І Тарау. Жаза өтеп жатқан адамдарға  қатысты  халқаралық  қалыптық 

    ережелердің  мазмұны.

1.1  Жаза  өтеп  жатқан  адамдарға  қатысты  халқарплық  қалыптық  (стандарттық) ережелердің  негізгі  мазмүны.

      Жазаны атқару  жүйесіне  қатысты  адам  құқықтары  саласындағы  халықаралық  ынтымақтастықтың  нәтижесінде,  қазіргі  заманғы  пенитенциарлық  теориясында  жаза  өтеп  жатқан  адамға  қатысты  халықарлық  стандарттар  депаталатын  ережелер  жасалынып,  қабылданып  жатыр.  Бұл  стандарттарда  қылмыстық-атқару  практикасының  әлемдік  тәжірибесі,  жазаны  атқару  жүйесінің  дамуының  ізгілік  тенденциялары  да  көрініс  тапқан.  Негізінен,  жаза  өтеп  жатқан  адамдарға  қатысты  халықаралық  стандарттар  жалпы (мысалыға,  Бала  құқықтары  туралы  ковенция  немесе  Азаптау  мен  басқа  да  зорлақ-зомбылыққа,  немесе  қадір-қасиетін  қорлайтындай  адамщыллыққа  жатпайтын  қатігездік  жолымен  жәбір  көрсетуге  я  жазалауға қарсы  конвенция.  Бұл  құжаттарда  жаза  өтеп  жатқан  адамдарға  қатысты  ішінара  ережелер  бар.)  және  арнайы  стандарттар  (мысалы; БҰҮ-ның  тұтқындарға  қараудың  минималды  қалыптық  ережелері  және  т.б.),  міндетті  (мысалы; Әйелдерге  қатысты  кемсітудің  барлық  турлерін  жоютуралы  конвенция  және т.б.)  және  ұсыныстық  сипаттағы  стандарттар (мысалы;Ұстау  мен  қамауға  алудың  қандай да  болмасын  түріне  ұшратылған  барлық  тұлғаларды  қорғау  принциптерінің  жиынтығы  және т.б.)  әмбебаптық  (мысалы; Адам  құқықтарының  жалпыға  бірдей  декларация,  Азаматтық  және  саяси  құқықтар  туралы  халықаралық  пакт  және  т.б.)  және  аймақтық  (мысалы;  Еуропалықтүрме  ережелері)  стандарттар  болып  жіктеледі3.

      Енді,  жаза  өтеп  жатқан  адамдарға  қатысты  халықаралық  қалыптық  ережелердің  негізгі  мазмұнына  тоқталып  кетейік.

Жаза  өтеп  жатқан  адамдардың  ұсталу  жағдайы  мен  орналастыру:

(санитария  мен  гигиена,  киім-кешек,  тамақтану,  демалыс)

      1988  жылы  БҰҮ-ның  Бас  Ассамблеясымен  қабылданған  Ұстау  немесе  қамауға  алудың  қандай  да  болмасын  түріне  ұшыратылған  барлық  тұлғаларды  қорғау  принциптерінің  жиынтығының4  1-ші  қағидасына [2] сәйкес,  ұсталу  мен  қамаудың  қандай  да  болмасын  түріне  ұшыратылған  барлық  тұлғалар  өздеріне  деген  адамгершілікті көзқарасқа  және  адам  баласына  тән  қадір-қасиеттің  құрметтелуіне  құқылы.  Бас  бостандығынан  айырылған  адамдарға  арналған  түзету  мекемелерінің  ұсталу  олардың  тартып  алынбайтын  қадір-қасиеттің  сақталуына  және  әділеттілікті,  өзін-өзі  қадірлеу  сезімін  дарытып,  әрбір  адамнаң  негізгі  құқықтарын  құрмет  тұтуға  бағытталуы  тиіс.

      Тұтқындарға  қарудың  халықаралық  минималдық  қалыптық  ережелердің5  9,10,11  ережелеріне  сәйкес,  бас  бостандығынан  айрылған 

адамдар  өздеріне  жасаған  жағдай  мен  көрсетілген  қызмет  санитария,  гигиена  және  адам  қадірін  құрметтеу  талаптарына  сай  болуына  құқықлы. 12,13,19  ережелерге  сәйкес,  әрбір  тұтқынға  жергілікті  немесе  ұлттық  нормаларға  сәйкес  төсек-орнымен  қамтамасыз  етіліп,  төсек-орны  әрқашан  да  таза  болып,  тиісті  түрде  сақталып,  тазалықты  сақтау  мақсатында  жиі-жиі  ауыстырылып  берілуі  тиіс.  17, 18  ережелер  негізінде  мекемелер  әрбіреуіне  табиғат  жағдайы  мен  ауа-райына  және  санитарлық  гигиена  жағдайына  сәйкес  және  оның  қадір-қасйетін  қорламай,  намыстанбай  киетін  киіммен  қамтамасзіз  етуі  тиіс.  Оларға,  далаға  шыққан кезде,  немесе  қандай  мақсаттаболмасын  берілген  рұқсат  бойынша  түзету  мекемесінен  басқа  жерге  барған  кезде өз  киімдерін  (азаматтық  киім)   киюге  рұқсат  етілуі  тиіс.  20-шы  ережеге  сәикес,  тузету  мекемелері  жаза  өтеп  жатқандарға  кунделікті  тамақтанатын  кезде тиісті  түрде  дайындалған  тамақтың  берілуін  қамтамасыз  етіледі.  Тамақтың  сапасы  мен  мөлшері,  диета  және  санитарлық  гигиена  нормаларынасай  болуын,  мүмкіндігінше  олардың  діни  және  мәдени  талаптары  ескеріліп  дайындалуын  қамтамасыздандыруы  тиіс.  Олардың  әрқайсысы  кез-келген  уақытта  ауыз  сумен  қамтамасыз  етілуі  тиіс.

Медициналық  қызмет  көрсету:

        Экономикалық,  әлеуметтік  және  мәдени  құқықтар  туралы  халықаралық  пакттің  12  бабы  әр  адамның  рухани  саулығы  мен  денсаулығының  ең  жоғарғы  деңгейіне  жету  құқығын  мойындайды6.  Ал,  БҰҮ-ның  Бас  Ассамблеясының  45-ші  сессиясында  1990  жылдың  14  желтоқсанында  қабылданған  Тұтқындарға  қараудың  негізгі  принциптерінің  9-ші  қағидасына  сәйкес,  жаза  өтеп  жатқандар  олардың  құқықтық  жағдайларына  байланысты  еш  кемсітусіз  сәйкес  елдің  медициналық  қызметіне  пайдаланылады.  Тұтқындарға  қараудың  халықаралық минималдық  қалыптық  ережелердің  22,  24,  25,  26  ережелеріне  сәйкес,  жаза  өтеп  жатқандарға,  профилактикалық  еммен  қатар  емдеттіру  түріндегі,  оның  ішінде  стомотологиялық,  офтольмологиялық  және  психиатриялық  медициналық   қызмет  пен  фармацевтикалық  препараттарын  қамтитын  тиісті  медициналық  қызмет  көрсетіледі.  Оларға  арналған  әрбір  түзету  мекемесінің,  осы  мекемеде  отырған  адамдардың  саны  мен.  Мұқтаждықтарына  сәйкес  медициналық  құрал-жабдықтарына  тікелей  қол  жеткізу  мүмкіндігі  болып,  профилактикалық  күтім  мен  жедел  медициналық  жәрдем  көрсете  алатын  персоналы  болуы  тиіс.

Білім  беру,  кәсіби  дайындық  пен  еңбек  әрекеті: 

     Адам  құқықтарының  жалпыға  бірдей  декларациясының  26  бабы  әр  адамның  білім  алуға  құқығын,  білім  беру  адамның  жеке  басының  толық  кемелденуіне  және  құқықтары  мен  негізгі  бостандықтарына  деген құрметті  арттыруға  бағытталуы  қажеттілігін  көздесе,  27  бабы  әр  адамның  қоғамның  мәдени  өміріне  қатысуға,  өнерден  рахат  алуға,

ғылыми  прогреске  ат  салысуға,  әрі  оның  игілігін  пайдалануға  құқығын  таниды7.  Бұл  құқықтар  сонымен  бірге,  Экономикалық  әлеуметтік  және  мәдени  құқықтар  туралы  халықаралық  пактте  де  бекітілген.  Ал,  1990  жылда  қабылданған  Тұтқындарға  қарудың  негізгі  принциптерінің  6  қағидасына  сәйкес,  барлық  тұтқындар  адамның  жан-жақты  дамуына  бағытталған  мәдени  және  білім  алу  қызметіне  қатысуға  құқылы.  Минималды  қалыптық  ережелердің  40,  77,  78  ережелерінде  өз  білімін  одан  әрі  жалғастыруға  мүмкіндік  тұғызып,  қолдан  келгенше  білім  берудің  тиісті  бағдарламаларына  қол  жеткізуін  және  оларға  арналған  оқұлық  кітаптарымен  қоса  көңіл  көтеретін  әдеби  кітаптар  мен  мерзімді  басылымдар  құрайтын  кітапханаларға  қол  жеткізуді  қамтамасыз  етілуін  көздейді.

     Азаматтық  және  саяси  құқықтар  туралы  халықаралық  пактінің  8  бабына  сәйкес,  ешкім  де  ықтиярсыз,  немесе  міндетті  еңбекке  мәжбурленуі  тиіс  емес8.  Ал,  минималдық  ережелер  бойынша.  Жаза  өтеп  [3]жатқан  адамдарға,  өзінің  қауымына  қайтып  оралғаннан  кейін  қолайлы  жұмысты  қамтамасыз  етуөрісін  кеңейту  мақсатында  жүзеге  асырыланатын  кәсіби  даярлықтың  қосымша  түрі  ретінде,  мүмкіндік  болып,  жүзеге  асыруға  жағдай  туып  жатса,  қолдан  келгенше  жергілікті  қауым  шеңберінде,  ақылы  жұмыс  істеуі  мүмкіндігі  де  берілуі  тиіс.  Олардың  тапқан  табысын,  жиналған  ақшасын  тұтынатын  тауарлар  сатып  алу  үшін,  өзі  жасаған  құқық  бұзушылықтың  салдарынан  қурбандарға  келтірілген  зияндарды  өтеу  үшін  немесе  осы  қаражатты  өз  отбасына  немесе  басқада  тұлғаларға  жіберу  үшін  жұмсауға  құқылы.

Қарым-қатынас  өрісін  кеңейту: 

   Сыртқы  әлем  мен  қарым-қатынас  орнату  әділетті  турде  адамгершілік пен  қарау  құқығының  ажырамас  бөлігі  және  де  жаза  өтеп  жатқандарды  қоғам  өміріне  қайта  оралуына  дайындау  ісіне  қосар  улесі  орасан  зор.  Сондықтан  да  олардың  сыртқы  әлеммен  лайықты  түрде  қарым-қатынас  орнатуын  қамтамасыз  ететін  барлық  құралдарды  пайдаланған  жөн.

    Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  қабылданған  халқаралық  стандарттары  бойынша  жаза  өтеп  жатқандардың  ерекше  категориялары  бар,  әйелдер  мен  кәмелетке  толмағандар.

  • жаза өтеп  жатқан  әйелдердің  құқықтары  мен  еркіндіктерін  қорғаудағы  негізгі  қағидаларды  атап  кеткен  жөн:
  • әйелдердің барлық  эканомикалық,  саяси  әлеуметтік,  медени,  азаматтық  құқықтарымен  тең  пайдалануын  және  олардың  қорғалуын  қамтамасыз  ету;
  • түрмедегі әйелдерге  қатысты  кеьсіту,  күш  көрсету  мен  қанаудың  барлық  нысандарын  жою;
  • жаза өтеп жатқан  әйелдер  ер  адамдардан  бөлек  ұсталуын  тиіс;
  • жаза өтеп  жатқан  әйелдерді  қадағалау  мен  тінту  әйел  офицерлерімен  жүргізілуі  тиіс;
  • жаза өтеп  жатқан  жүкті  әйелдер  мен  емшектегі  балалары  бар  аналарға  қатысты  түрмеде  ұстаудың  ерекше  жағдайларын  туғызу  қажет;
  • мүмкіндігінше босану  кезінде  бас  бостандығынан  айырылған  әйелдер  кәдімгі  ауруханаларда  орналастырылуы  тиіс;

               Жаза  өтеп  жатқан  әйелдердің  құқықтары  мен  ерқіндіктерін  қамтаиасыз  етүге  арнайы  халықаралық  құжаттар  жоқ  болғанымен,  Адам  құқықтарының  жалпыға  бірдей  декларацйясы,  Азаматтық  және  саяси  құқықтартуралы  пакт,  Әйелдерге  қатысты  кемсітушілік  жою  туралы  конвенция,  Әйелдерге  қатысты  кемсітушілік  жою  туралы  декларация,  Ұстау  немесе  қамауға  алудың  қандайда  болмасын  түріне  ұшыратылған  барлық  тұлғаларды  қорғау  принциптерінің  жиынтығы  мен  Тұтқындарға  қараудың  минималды  қалыптық  ережелер  сияқты  халықаралық  құжаттар  маңызды  рөл  атқарды.

         Сонымен  қатар,  жаза  өтеп  жатқан  кәмелетке  толмағандарға  қатысты  халықаралық  қалыптық  ережелерге  де  тоқталып  кеткен  жөн.

        Жаза  өтеп  жатқан  кәмелетке  толмағандардың  құқықтары  мен  еркіндіктеріне  қорғаудағы  келісім  маңызды  қағидаларды  атауға  болады:

  • Кәмелетке толмаған  балалар  ересек  адаидарға  берілген  адам  құқықтарының  сақталуының  барлық  кепілдіктерімен  қолдануы  тиіс;
  • Жаза өтеп  жатқан  кәмелетке  толмағандардың  қоғамға  құайтарылуын  жеңілдетуге  қамқорлық  жасап,  олардың  қадір-қасиетінің  құрметтелуін,  мүдделері  мен  қажеттіліктерінің  ескерілуін  қамтамасыз  ету;
  • Жан-тәнінің денсаулығына  нұқсан  келтіретін  жазалардың  барлық  түріне   және  босату  мүмкіндігін  қарастырмайтын  жазаларға  (өлім  жазасы,  түрмеге  өмірлік  қамау)  тартылмауы  тиіс;
  • Жаза өтеп  жатқан  кәмелетке  толмаған  балалар  ересек  адамдардан  бөлек  ұсталуы  тиіс;[4]
  • Кәмелетке толмағандардың  отбасымен  кездесуге,  хат  жазысуға  немесе  телеграф  арқылы  байланысуға  құқықтарын  қамтамасыз  ету  үшін  ерекше  шаралар  қолдану;
  • Бас бостандығына  айырылған  балалардың  құқықтарын  құрметтеу,  баланың  жеке  ісіндегі  ақпараттардың  құпиялығын  сақтау;
  • Кәмелетке толмағандар  білім  алуға,  кәсіби  дайындылықтан  өтуге  құқылы;
  • Кәмелетке толмағандарды  устау  мекемелерінде  қару  устау  тыйым  салынады;
  • Тәртіптік шаралар  баланың  ар-намысының  құрметтелуін  қамтамасыз  етіліп,  оны  әділеттілікке,  өзін-өзі  құрметтеуге,  адам  құқықтарын  құрметтеуге  үйрету  қажет;
  • Балаларының турмеге  қамалуы,  шуғыл,  ауырып  жатқандығы,  жарақатталғандығы  немесе  өлім  жайлы  ата-аналары  хабардар  болуы  тиіс.

        Жаза  өтеп  жатқан  кәмелетке  толмағандардың  құқықтарының  сақталуын  қамтамасыз  ету  саласында  келесі  маңызды  халықарлық  құжаттар  бар:  Бала  құқықтары  туралы  конвенция,  БҰҰ-ның,  кәмелетке  толмағандар  жөніндегі  сот  төрелігін  іске  асыруға  қатысты  минималды  қалыптық  ережелері  (Пекин  ережелері),  Бас  бостандығынан  айырылған  кәмелетке  толмағандарға  қатысты  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  ережелері.

       Жалпы  алғанда,  бұл  ережелер  БҰҰ  қабылданған  тұтқындарға  қарудың  минималдық  қалыптық  ережелері  көздейтін  барлық  талаптарына  сәйкес  келеді.

    Қорыта  айтқанда,  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  жарияланған  жаза  өтеп  жатқан  адамдарға  қатысты  осындай  минималдық  қалыптық  ережелерн  өз  ықпалын,  жалпы  жүртшылықтың  тануы  бойынша,  бүкіл  әлемге  тигізген.  Бұл  ережелер  жүзеге  асырылмай  тек  қана  ұсыныс  ретінде  қалып  отырған  елдердің  бар  болғандығына  қарамастан  бұл  ережелер  жаза  өтеп  жатқан  адамдарға  арналған  пенитенциарлық  мекемелерін  әділдік,  адамгершілік,  тұрғыдан  пайдаланудың  маңызды  факторы  болып  отыр.

 

1.2  Жаза  өтеп  жатқан  адамдардың  құқықтарын  қорғау  мәселесіндегі  халқаралық  мамандандырылған  ұйымдардың  үлесі.

    Бүгінгі  күні  Қазақстанда  жаңа  нарықтық  қатынастарға  көшумен  қатар,  демократиялық  құқықтық  мемлекет  орнатуға  талпынуда.  Осы  ретте  тиімді  эканомика  мен  Қазақстанның  егемендігін  нығайтуда  мемлекеттік  қайта  құрулар  мен  мемлекеттік  жүйені  жетілдіруге  бағыттау  мақсатындағы  қоғамдық  өзгерістер  әрқилы  бейүкіметтік  ұйымдарды  дамытусыз  мүмкін  емес.  Шын  мәнінде  бейүкіметтік  ұйымдар  мемлекет  пен  азаматтар  арасындағы  қатынастарды  жүйелеп,  қоғамдық  қатынастарды  жұйелеп,  қоғамдық  қатынастың  өзіндік  әлеуметтік  реттеушісі  іспеттес.  Мұндай  бейүкіметтік  ұйымдар  жалпы  қоғам  үшін  аса  маңызды  қызмет  атқара  отырып,  мемлекет  жағынан  да  қолдауды  қажет  етеді9.

     Жаза  өтеп  жатқан  адамдардың  құқықтарын  қорғайтын  қандай  ұйымдар  іс-әрекет  жасайтындығына  және  оның  адам  құқықтарын  қорғаудағы  рөліне  тоқталанатын  босақ,  Халқаралық  Түрме  Реформасы

 (International  Penal  Reform),  Халықаралық  Амнистия  ұйымын  (Amnesty International),  Халықаралық  түрмелерді  зерттеу  орталығы (International

Centre  of  Penal  Studies),  Адам  құқықтары  мен   заңдылықты  сақтау  жөніндегі  Қазақстандық  халықаралық  Бюроны  ерекше  атап  кеткен  жөн.

    Халықаралық  Амнистия-бұл  адам  құқықтарын  қорғауға  шақыратын  активистердің  әлемдік  ерікті  қозғалысы.  Негізінен,  Халықаралық   Амнистия  мемлекеттің  азаматтарынан  келетін  хаттармен  өкіметке  қысым  жасау  арқылы  адам  құқықтарын  қорғау  тәсілін  кең  масштабты  пайдаланғаннан  бастап  осы  күнге  шейін  хаттар  әділеттікті  қалпына  келтірудің  негізгі  әдісі  болып  қалады.

      Халықаралық  Амнистияның  негізгі  мақсаты  адам  құқықтарының  әділетті  қорғалуы  болып  табылады10.

       Халықаралық  Амнистия  адам  құқықтарын,  соның  ішінде:

  • Физикалық және  психикалық  қолсуғылмаушылыққа  құқығын  (азаптаумен  басқа  да  зорлық-зомбылыққа,  немесе  қадір-қасиетті  қорлайтындай  адамшылыққа  жатпайтын  қатігездік  жолмен  жәбір  көрсетуді  болдыртпау,  бүкіл  әлемде  өлім  жазасын  жою,  соттан  тыс  жазаларды  тоқтату  арқылы);
  • Ой-пікір, ар-ождан,  наным-сенім  және  дін  бостандығына  құқығын;
  • Нәсіліне, түр-түсіне,  жынысына,  тіліне,  дініне,  саяси  немесе  басқа  да  наным-сенімдеріне,  ұлттық  немесе  әлеуметтік  тегіне   сияқты  кемсітудің  барлық  түрлеріне  ұшырамау  құқығын  қорғайды.

         Соңғы  мәліметтер  бойынша,  Амнистия  1,8  милионнан  астам  мүшелерден  тұрады.  Жыл  сайын  800-дей  жедел  көмек  көрсету  акцичларын  өткізуді.  Өзінің  қырық  жылдық  тарихында  Халқаралық  Амнистия  көптеген  жетістіктерге  жетті.  1977  жылы  Нобель   сыйлығын  алса,  1978  жылы  адам  құқықтарын  қорғауда  үлес  қосқаны  үшін  БҰҰ-ның  премиясына  ие  болады.

          Енді,  жаза  өтеп  жатқан  адамдардың  құқықтарын  қорғауда  өз  үлесін  қосқан  Халқаралық  Түрмелерді  зертеу  орталығы  үкіметтік  және  үкіметаралық  агентстволардан  тәуелсіз  үйым  болып  табылады.  Орталықтың  негізгі  мақсаттары:

  • Түрмеге қамауға  байланысты  қағидалар  туралы  халқаралық  шаттар  мен  актілерге  негізделген  білмдерді  жетілдіру;
  • Түрмелерді басқарудың  ең  жақсы  тәжірибесін  бүкіл  әлемге  тарту  үшін  ресурстар  жүйесін  құру  болып  табылады.

Орталықтың  негізгі  міндеттері:[5]

  • Түрмеге қамауға  тағайындау  сурақтары  бойынша  ғылыми  ізденістер  жасау,  ұйымдастыру,  жариялау.  Осы  ақпаратты 

саясаткерлерге,  ақпарат  қуралдарына  және  турғылықты  халыққа  ұсыну;

Күзетпен  ұстауға,  қамауға  алуға  қатысты  халықаралық  шарттар  мен  актілер  туралы  ақпараттарды  түрмелердің  қызмет  персоналына  түсінікті  тілде  тарату;

  • Күзетпне ұстау   мен  қамауға  алу  қатысты  халықаралық  актілерді  практикада  қалай  қолдану  керектігі  туралы  тәжірибелермен  бөлісу;
  • Практикалық турме  жобалары  мен  жұмыс  жасау;
  • Жақсы тәжірибелердің  үлгілерімен  жұмыс  жасау  және  бағалау;
  • Түрме басқармасының  жақсы  үлгілерінен  және  тиімді  жобаларынан  тұратын  мәліметтер  базасын  құру,  оның  бүкіл  әлемде  қол  жеткізуін  қамтамасыз  ету;
  • Семинарлар мен  конференциялар  ұйымдастыру,  есептерді  басылымға  беру  болып  табылады.

 Халықаралық  түрмелерді  зерттеу  орталығы  үкіметтер  мен  агентстоларға   тиімді  түрме  саясатын  және  түрмеге  қамауды  қолдану  саясатын  жүргізүге  көмек  береді.  Орталық  жобалар  бойынша  жұмыстар  атқарып,  халықаралық  агентстволар,  үкіметтік  және  бейүкіметтік  ұйымдар  үшін  кеңестер  дайындайды.

 1997  жылы  Халқаралық  түрмелерді  зерттеу  орталығы  KNCV  Tuberculosis  Foundation-мен,  Халықаралық  Түрме  Реформасымен,  ҚР-нің  Әділет  Министірлігінің  Қылмыстық –атқару  жүйесінің  комитетімен  бірлесе  отырып  туберкулезді  емдеу  мен  пенитенциарлық  мекемелерде  түрме  реформасы  бойынша  жобаны  атқаруға  кірісті.

        Халықаралық  Түрме  Реформасына  келетін  болсақ,  бұл  1989  жылы  Лондонда  (ұлыбритания)  құрылған  халықаралық  бейүкіметтік  ұйым.  Халықаралық  Түрме  Реформасы  аймақтық  негізде  бейүкіметтік  емес  ұйымдар  мен  жеке  тулғаларға  арналған  бағдарламаларды  іске  асырады.  Ұйым  мемлекеттер  арасындағы  ақпараттармен  жағымды  тәжірибе  алмасуын  қамтамасыз  етеді11.  Халықаралық  Түрме  Реформасы  мәдениеттің  әр-алуандығын  тани  отырып,  түрме  жүйесін  реформалауда  келесіге  негізделеді:

  • Жазаның барлық  түрлерін  қолдануда  кемсітушіліктің  барлық  нысанын  болдыртпау;
  • өлім жазасынан  бастарту;
  • бүкіл әлемде  жазаның  түрмеге  қамау  түрін  қолдануын  қысқарту;
  • конструктивті, бас  бостандығынан  айырумен  байланысты  емес,  әлеуметтік  ринтеграцияға  үлесін  қосатын,  жәбірленушілердің  мүддесін  көздейтін  санкцияларды  қолдану. 

Халықаралық  Түрме  Реформасы   қылмыстық  әділ  сот  жүйесінің,  жазаны  атқарумен  түтқындарға,  қамаудағыларға,  айыпталушыларға,  күдік  туғызғандарға  қолданылатын  әдістердің  проблемалармен  айналысады,  қылмыстылықтың  әлеуметтік-эканомикалық  себептерін  зерттейді.

       Халықаралық  Түрме  Реформасы  1997  жылдан  бастап  Павлодар  облысында  түрме  реформасының  бағдарламасын  іске  асыра  бастады.  Бұл  бағдарламаның  негізгі  мақсаты:

  • түрмелерді басқару  тәжірибесін  дамыту,  түрме  персоналының  адам  құқықтары  саласындағы  білім  деңгейін  көтеру;
  • қамаудағыларды, тутқындарды,  айыпталушыларды  устаужағдайларын  нысаналы  түрде  жақсарту;
  • түрмелерді бақылауды  жүзеге  асыруда  азаматтық  қоғамның  институттарын  тарту;
  • Дуниежүзілік Денсаулық  сақтау  Ұйымының  стандарттарына  сәикес  туберкулезді  емдеуді  жүргізу;

        Сонымен  қатар,  Халықаралық  Түрме  Реформасы  түрмеге  қамаудың  альтернативалары  бойынша  Қазақстан  Республикасының  Үкіметінің,  Парламентінің,  Жоғарғы  Сотының  және  бейүкіметтік  үйымдардың  өкілдерінен  тұратын  жұмыстық  топты  құрды.  Топ  мүшелері  Қазақстан  Республикасының  қылмыстық,  қылмыстық  іс-жүргізу,  қылмыстық  атқару  кодекстеріне  қатысты  ұсыныстарды  дайындады.

         Халықаралық  Түрме  Реформасы  Қазақстанда  өлім  жазасына  моратори  жариялауына  зор  үлесін  қосып,  мемлекетіміздің  пенитенциарлық  жүйесін  жетілдіруде  маңызды  рөл  атқарды.  Халықаралық  Түрме  Реформасы  Қазақстанда  еркін  өркениетті  қоғамдыбіріге  қуруда  және  оның  дамып,  жетіле  түсуіне  мүдделі  болғандықтан,  адам  құқықтары  мен  еркіндіктері  саласында  елімізде  және  шетелде  қоғамдық  пікірлерді  тиімді  турде  қалыптастырып,  үкіметтік  саясатқа  барынша  әсерін  тигізуде.

      Бүгінгі  күні  адам  құқықтары  мен  еркіндіктерін  қорғау  саласында  елеулі  қызмет  жасап  жатқан  бейүкіметтік  ұйымдардың  бірі  Адам  құқықтары  мен  заңдылықты  сақтау  жөніндегі  Қазақстандық  халықаралық  Бюросы  1993  жылдың  тамыз  айында  құрылды.  Бюроның  негізгі  мақсаттары  мен  міндеттері:

  • Қазақстан Республикасында  және  осыған  талпынған  басқада  елдерде  демократиялық  құқықтық  мемлекет  құруға  қолғабыс  жасау;
  • Ажырамас адам  құқытары  мен  еркіндіктерін  қорғау  және  жүзеге  асыру  саласындағы  қайта  құру  жөнінде  ақпаратты  жан-жақты  зерттеу;
  • Бейүкіметтік ұйымдардың  ақпаратты  құқықтық  қорғау  жүйесін  қуру,  жергілікті  және  шетелдік  бейүкіметтік  ұйымдарды,  сонымен  бірге  елдегі  саяси,  әлеуметтік,  экономикалық,  және  ұлтаралық  жағдайда  мемлекеттік  қызметкерлерді  білу,  сайып  келгенде  Қазақстанның  адам  құқықтары  саласындағы  халқаралық  міндеттемелері  қаншалықты  орындауда  екендігін  зерттеп  білу;[6]
  • Қазақстан Республикасындағы  демократиялық  реформаларға  кең  көлемде  халқаралық  қолдау  көрсетуге  жағдай  құруға  қолғабыс  беру;
  • Адам құқықтарына  қатысты  заң  жобаларын  дайындауға  көмек  көрсету;
  • Соттық реформаларға  қолдау  жасау  және  әрекеттегі  заңдарды  сараптау;
  • Респуликадағы саяси,  экономикалық,  әлеуметтік  тұрақтылық  жағдай  және  демократиялық  күштердің  сабақтастық  болуына  жәрдемдесу;
  • Адам құқықтарын  қолдау  және  насихаттау  мақсатында  ақпараттарды,  оның  ішінде  шетел  ақпараттарды  дайындау  және  кең  таралуын  қамтамасыз  ету;
  • Жек азаматтар  мен  топтардың  құқықтарын  қорғауға  көмектесу;
  • Адам құқықтары  саласындағы  бағдарламаларды  дайындау,  зерделу.

    1995-1996  жылдары  Бюро  Қазақстанда  өлім  жазасын  қолдануға  қарсы  бағытталған  бірқатар  шаралармен  әрекет  жасап,  Қазақстан  Үкіметінің  1995  жылы  теледидар  арқылы  өлім  жазасын  көрсетуін  үзілді-кесілді  айыптады.  Сонымен  қатар,  Қазақстан  Республикасының  өлім  жазасына  маритоий  жариялауына  зор  үлесін  қосты.  Бюро  пенитенциарлық  мекемелердегі  қиын-қыстау  күйлері  жөнінде  тұтқындарға,  қамаудағыларға,  айыпталушыларға,  күдік  туғызғандарға  қолданылатын  қинап-азаптауға  қарсы  шығып,  бұл  мәселесінің  тез  арада  шешілу  қажеттігіне  жұртшылықтың  пікірін  аудару  үшін  бірнеше  рет мәлімдемелер  жасап  отырды.  1998  жылдың  желтоқсанда  Адам  құқықтары  туралы  жалпыға  бірдей  декларациясының  50  жылдығына  арнап,  Бюро  Қазақстандағы  БҰҰ  өкілдігімен  бірлесе  отырып,  ”Дөңгелек  үстел  өткізді”.  1999  жылдың  қаңтарында  қылмыскерлердің,  қылмыс  жасағанына  күдікті  және  қылмыс  үшін  жауапқа  тартылғандардың  құқықтарын  сақтау  мен  жаңа  Қазақстандық  қылмыстық  заңдары  мәселесін  талқылау  мақсатында  Бюро  Қазақстан  Президенті  жанындағы  Адам  құқықтары  жөніндегі  Республикалық  комиссияның,  Бас  Прокуратураның,  Ұлттық  қауыпсыздік  комитетінің,  Ішкі  істер  министірлігінің,  құқық  қорғау  ұйымдары  және  Бұқаралық  ақпарат   құралдарының  қатысуымен  бірге  отырып  дөңгелек  үстел  өткізді.  Қазақстан  Республикасының  БҰҰ-ның  адамды  азаптап-қорлауға  қарсы  халықаралық  конвенциясына  қосылуына  байланысты  осы  мәселені  талқылау  мақсатында  Еуропадағы  қауіпсіздік  және  ынтымақтастық  ұйымның  қолдауымен  1999  жылдың  мамырында  ғылыми-тәжірибелік  семинар  өткізуді  ұйымдастырды.  Орталық  Азия  елдерінде  қылмыскерлерді  жазлаудың  альтернативті  шараларын  қолдануды  талқылау  мақсатында  Адам  құқықтары  мен  заңдылықты  сақтау  жөніндегі  Қазақстан  Халықаралық  бюросы  1999  жылдың  қазан  халықаралық  конференциясын  өткізді.  Адам  құқықтары  мен  еркіндіктерін  қорғау  жолында  жинаған  өз  тәжірибелерін  Бюро  қазақстандық  қоғамда  кеңінен  таратуға  бар  күш-жігерін  жұмсауда.

        Иә,  азаматтық  қоғамныңқатысуынсыз  бас  бостандығынан  айырылған  адамдардың   құқытарын  мен  еркіндіктерін  қорғауды  қамтамасыз  ету  мүмкін  емес  екендігі  анық.  Бүгінде  халқаралық  үкіметтік  емес  құқық  қорғау  ұйымдарды-ОБСЕ,  Халықаралық   түрмелерді  зерттеу  орталығы,  Халықаралық  түрме  реформасымен  бірігіп  жұмыс  істеуге  сәикес  пенитенциарлық  мекемелері  қызметкерлерінадам  құқығын  саласындағы  халықаралық  нормалар  мен  стандартқа  ұйрету  жөнінде  үлкен  іс  атқарылды.  Қазақстандағы  бейүкіметтік  ұйымдардың  басты  мақсаты  елімізде  демократиялық  құқықтық  мемлекет  құру  болғандықтан,   бүгінгі  күні  мемлекеттік  барлық  мекемелермен  ымырға  келіп,  ынтымақтастықты  бекіте  тусуге  ат  салысуда.[7]

         Қорыта  айтқанда,  бейүкіметтік  ұйымдардың  қатысуынсыз  еліміздің  пенитенциарлық  жүйесіне  халықаралық  құқық  қорғау  ұйымдарымен  өзара  іс-қимылды  кеңейтіп,  олармен  бірлесіп  түзету  мекемелерінің  қызметкерлерін  пенитенциарлық  мекемелердегі  жаза  өтеп  жатқан  адамдарды  ұстау  жағдайларына  қатысты  халқаралық  нормалармен  және  стандарттармен  таныстыру  бойынша  жұмыс  жүргізуіміз  қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Тарау. Жаза  өтеп  жатқан  адамдарға  қатысты  халықаралық  қалыптық  ережелердің  Қазақстан  Республикасының  пенитенциарлық

жүйесі  үшін   маңызы .

2.1  Қазақстан  Республикасының  қылмыстық-атқару  жүйесінің  ерекшеліктері  мен  өзекті  мәселелері.

  Қазақстан  Республикасы  өз  тәуелсіздігін  жарияланғаннан  бері  өзін  құқықтық,  демократиялық  әрі  зайырлы  ел  ретінде  қалыптастырып  келеді.  Ел  конституциясы  жеке  адам  құқығының  қорғалуын  қамтамасыз  етеді.  Сондай-ақ,  жаңадан  қабылданған  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық,  Қылмыстық-атқару  және  Қылмыстық  іс  жүргізу  кодекстері  де  адамгершілікпен  ізгілік  идеяларын  негізге  алды.  Елбасы  қылмыстық-атқару  жүйесін  саяси  шешім  қабылданған  кейін  үстіміздегі  жылдың  басынан  бастап  еліміздің  қылмыстық  саясатына  адамгершілік  сипат  беру  жөніндегі  мемлекеттік  бағдарлама  шеңберінде  қырыуар  ізгілікті  іс  тіндырылуында.  Атап  айту  керек,  еліміздің  11  заң  актісінде  Қылмыстық-атқару  жүйесі  комитеті  туралы  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізіліп,  Үкіметтің  13  қаулысы  өжгертілді.  Сонымен  қатар,  Қылмыстық  кодекске  48,  ал  Қылмыстық  атқару  кодексіне  18  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізілді.  “Қазақстан  Республикасының  кейбір  заң  актілеріне  қылмыстық-атқару  жүйесін  реформалау  және  осы  жүйе  қызметкерлерінің  мәртебесі  мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы”  Қазақстан  Республикасының  2001  жылғы  16  шілдедегі  заңымен  қылмыстық-атқару  жүйесі  Қазақстан  Республикасы  Әділет  министірлігінің  қарамағына  берілді.  Ал,  Әділет  министірлігі  жаңа  үрдістегі  ұлттық  заң  шығару  ісінқалыптастыруда  үлкен  жауапкершілік  жүктеліп  отырған  мекеме.  Ол,  сонымен  қатар,  жеке  адамның  және  азаматтың  құқығы  мен  бас  бостандығынан  қамтамасыз  етуде  зор  басымдыққы  ие.  Сондықтан  қылмыстық  атқару  Жүйесінің Әділет  министірлігіне  берілуін  заман  талабына  сай  қажеттіліктен  туындаған  жаңалық  деп  қабылдаған  абзал.  Осы  уақыт  ішінде  сотталғандарды  устау  жағдайын жақсарту,  ізгілендіру,  халықаралық  стандарттарға  сәйкестендіру  жөнінде  айтарлықтай  қайта  құру  жасалды.  Қылмыстық  реформаныңүлкен  жетістігі  бас  бостандығынан  айыру  орындарында  отырған  сотталғандар  санының  азаюы  болды,  бұл  соталғандарды  ұстау  жағдайларын  түбегейлі  жақсартуға  жол  ашты.  Қазақстан  Республикасы  қылмыстық-атқару  жүйесіне  81  түзету  мекемесі,  соның  ішінде  1  түрме,  4тузеу  колониясы,  ерекше  режимдегі  3  колония,  қатаң  тәртіптегі  19  колония,  жалпы  режимдегі  22  колония,  олардың  ішінде  әйелдерге  арналған  3  колония,  елді  мекен  түріндегі  24  колония,  8емдеу  мекемесі  кіреді.  Қылмыстық  атқару  жүйесінің  штат  санында  13  мың  адам  жұмыс  істейді,  олардың  8  мың-аттестациядан  өткен  құрам.  Орынның  жалпы  лиметі-70590.  49  мың  сотталушы  аталған  мекемелерде  жазасын  өтеп  жатыр,  соның  ішінде  түзету  колониясында  720,  емдеу  мекемелерінде  6000 астам,  әйелдер  колонияларында  2878,  жалпы  режимдегі  колонияларда  19000 астам,  қатаң  тәртіптегі  колонияларда  20000  жуық  сотталған  адам  бар.

     Қазақстанның  түзету  мекемелерінде  1529  шетел  азаматы  жазасын  өтеуде,  соның  ішінде  1488  адам-ТМД  азаматтары.   2003  жылғы  1желтоқсандағы  жағдай  бойынша,  жазасын  өтеу  мерзімінің  аяқталуына  байланысты  4496  адам,  шартты  түрде  мерзімінен  бурын  29241  сотталған  адам  бостандыққа  шықты12.  Әлбетте,  аз  уақыт  ішінде  барлық [8] пенитенциарлық  жүйе  жұмысы  түпкіліктіретке  келді  деп  айтуға  әлі  ерте.  Алға  қойылған  міндеттерге  орай  ведомствалық  нормативтік  құқықтық  актілерге  ізгілікке  бағытталған  түзету  енгізу  жұмыстары  жүргізілуде. 

Қазақстан  Республикасында  2004-2006 ж.ж.  қылмыстық-атқару  жүйесін  жетілдіру  жөніндегі  бағдарламада  әлеуметтік-эканомикалық  реформаларды  және  қоғамды  демократияландыруды  одан  әрі  тереңдету  түсу,  құқықтық  саланы  реформалауды,  қалыптасқан  құқықты  қолдану  іс-тәжірибесінің  өзгеруіне,  жаңа  құқықтық  институттардың  құрылуына  қылмыстық  атқару  органдары  қызметтің  жетілдіруіне  байланысты   туындайтын  қоғамдық  қатынастардың  заңнамалық  реттелуін  талап  етеді13

       Қылмыстық-атқару  жүйелерінің  одан  әрі  дамуындақылмыстық  жазаны  атқару  саласында  халықаралық  нормалар  мен  стандарт  талаптарына  сәйкес  келетін  жаңа  нормативті құқықтық  актілерді  әзірлеу  және  қабылдау,  жазаны  орындауда,  қолданыстағы  заңдарды  ізгілікке,  имандылыққа   бағыттау  арқылы  қайта  қарау  көзделіп  отыр.  Қылмыстық  атқару  жүйесін  заңнамамен  қамтамасыз  ету  жергілікті  жерлердегі  бас  бостандығынан  айыру  істеріне  заң  көзімен  қарауға,  жүйеміздің  құқықтық  базасын  дамытуға  алғышарттар  жасауға  мүмкіндік  жасамақ.

         Рас,  Қазақстан  Республикасының  қылмыстық-атқару  жүйесі  БҰҰ-ның  халықаралық  маңызы  бар  құқықтық  актілерінің  талаптарына  толықтай  жауап  бере  алмайды.  Айталық,  колонияда  сотталушылар  санының  пайдаланудың  кесімді  шегінен  асып  кетуі,  гигиеналық  ережелердің  өз  дәрежесінде  сақталмауы,  медициналық  қызметтің  әлсіздігі,  инфекциялық  дерттердіңжоғары  деңгейі,  сотталғандар  арасында  өлімнің  көбеюі-әлеуметтік  төмендеудің  жанды  көрінісі.  Бұған  басты

себеп  не?  Ашығын  айтсақ,  біздің   еліміздің  түзету  мекемелері  орналасқан  ғимараттар,  бас  бостандығынан  айырылғандарға  арналған  жатақханалар  әбден ескірген.  Айталық,  Маңғыстау  облысындағы  ГМ-172/8  (ТКҚ-127)  мекемесінің  іргетасы  1960  жылы   қаланған  болса,  ал № 23,69,86  түзету  колонияларының  салынғанына  32-37  жылдың  жүзі  болыпты.  Бұл  республикадағы  түзету  мекемелерінің  бәріне  тән  құблыс.  Оның  көпшілігіне  талай  жылдардан  бері  күрделі  жөндеу  жұмыстары  жүргізілмеген.  Мысалы,  Жаңаөзен  қаласындаорналасқан  колонияның  су  құбырларының  істен  шыққанына  он  жылға  жуық  уақыт  өтіпті.  Оларға  су  қысы-жазы  тасымал  машиналары  көмегімен  жеткізіледі.  Колонияларда  көптеген  қауыпті  ауру  түрлерінің  бас  көтеруінің  өзі  де  осындай  кемшіліктерден.  Егер  өткен  жылдың  9  айында  40  кісі  өлімі  тіркелсе,  оның  29-ы  туберкулезден.  2002  жылдың  9  айында  бас  бостандығынан  айырылғандардың  29-ы  кесімді  жазаларын  өтеу  кезінде  көз  жұмған.  Оның  16-сы  туберкулезден,  3-еуі  тұрмыстық,  10-ы  әр  түрлі  инфекциялық  аурулардың  асқынуынан  болған14.  Бұл  жерде  кінәні  беруге  арту  ағаттық.  Жылдар  бойы  қордаланып  қалған  мұндай  проблемаларды  шешу  бір  басшының  немесе  бір  мекеменің  қолынан  келмейді.  Бұл  бұкіл  қоғам,  мемлекет  деңгейінде  қаралатын  мәселе.Әрине,  бұл  өзекті  мәселелерді  шешу  үшін  көптеген  шаралар  атқарылуда.  Мысалы,  сотталған  адамдар  ұсталатын  көптеген  атқару  мекемелерінің   камералары  халықаралық  нормалар  мен  стандарт  талаптарына  сәкестендірілуі  жолында:  табиғи  жарық  мол  түсу  үшін  терезелер  үлкейтілді,  еденге  ағаш  сәкілер  төселді,  коммуналдық-тұрмыстық  жағдайлар  жақсартылды,  жақын  уақытта  киім  түрін  өзгерту,  яғни  джинсиден  тігілген  киім-кешекке  көшу  жоспарлануда.  Сотталғандар  сатып  алатын  тағам  өнімдері  мен  заттардың  түр-түрі  көбейтілді,  кереуеттерге  ілініп  қойылған  көрсеткіш  тақтадан  сотталған  адам  туралы  баптар,  жазада  отыру  мерзімі  сияқты  жазалар  алынып  тасталды,   бет  әлпетіне  жарасымды  сақал,  мұрт   қоюға  руқсат  етілді.  Сырттай  қарағанда  мұның  бәрі  ұсақ-түйек  болып[9]  көрінуі  мүмкін,  алайда  атқару  мекемелеріндегі  сотталғандар  өмірінде  бұл  ұлкен  жаңалық,  ізгілік  іс  деп  айтуға  болады.  Елбасы  “Ішкі  және  сыртқы  саясаттың  2003   жылғы  негізгі  бағыттары  туралы”  Қазақстан  халқына  Жолдауында  ендігі  жерде  өлімжазасына  кесу  үкімін  кідіртуді  енгізуден  бастап,  оны  толық  мансуқ  етуге  дейінгі  мәселені  мұқият  зерделеу  қажеттігі  жөнінде  Үкіметке  тапсырма  берген  еді. 2004  жылдың  1-ші  қаңтарынан  бастап  Қазақстан  Республикасы  өлім  жазасына  Мораторий  енгізілді,  осы  арқылы  еліміз  құқықтық  мемлекет  құрылысыжолында  тағы  бір  оң  қадам  жасаитынына  сенімдіміз15.

        Жаза  өтеп  жатқандарды  медициналық-санитарлық   қамтамасыз  ету  одан  әрі  жақсартуды  қажет  етеді.  Бүгінде  бул  салада  бірқатар  елеулі  проблема  бар:  туберкулез,  ВИЧ-СПИД,  нашақорлық,  маскүнемдік  деген сияқты.  Біздің  мекемелер  бұл  міндеттерді  шешуге  беиімделуге  тиіс.  Ауруханалардың  материалдық-техникалық  базасын  жақсарту,  оның  ішінде  сотталғандарды  амбулаториялық  емдеуде  ұстау  бар.  Жұқпалы  дертпен  ауырғандарды  сау  адамдардан  қатаң  түрде  оқшаулауға  бағытталған  шаралар  жүйесі  жасалуы  тиіс.  Атқару  мекемелерінде  режим,  қадағалау  және  кузетті  ұйымдастыруда  өзекті  мәселе  болып  табылады.  Персонал  мен  сотталушылардың  қауыпсыздігін  бір  сәт  те  естен  шығармай  ізгілік  жағына  қарай  тәртіп  пен  жағдайды  өзгерту  жөнінде  нормативтік  құқықтық  сипаттағы  шаралар  кешені  жасалуда.  Қылмыстық-атқаружүйесін  одан  әрі  дамыту  қазіргі  заман  талабына  сәйкес  жұмыс  істейтін,  жақсы  дайындықтан  өткен  атқару  мекемелері  қызметкерлерінсіз  мүкін  емес.   Бұл-үшін  қылмыстық-атқару  жүйесі  органдары  мен  бөлімшелері  қызметкерлерінің  штат  санын  халықаралық  тәжірибеде  қабылдаған  нормативке  кезең-кезеңмен  жеткізудің  маңызы  зор.  Қазір  кадір  мәселелерікурделі  жағдайда  қалып  отырғандығы  ақиқат.  Жалпы,  бугінге  шейін  қылмыстық-атқару  жүйесіне  қажетті  мамандарды  ІІМ-нің  арнаулы  оқу  орындары  дайындап  келгені  белгілі.  Енді  бұл  салаға  мамандарды  Павлодар  қаласындағы  заң  колледжі  оықытып  дайындауда.  [10]Жыл  сайын  сол  білім  ордасын  жүздеген  түлек  бітіріп  шығады  десек  те,  кадір  жетіспеушілігі  бүгінгі  куннің  өзекті  проблемасы  күйінде  қалып  отыр.  Қызметке  келген  мамандарды  үй-жаймен  қамтамасыз  етілмеуі,  жалақыларының  аздығы  олардың  турақтанып  қызмет  істеулеріне  кедергі  жасауда.  Бұл  жерде  кінәратты  жүйені  қаржыландыру  існің  осалысып  кеткендігінен  іздеген  дуріс.        Қылмыстық-атқару  жүйесінде  жүргізіліп  жатқан  реформалар  біздегі  заңгерлер  мен  жедел-іздестіру  қызметінің  мамандары  алына  көптеген  жаңа  міндеттер  қоюда.  Солардың  бірі-әр  қызметкер  өзіне  тиісті  жұмысын  атқару  барысында  бас  бостандығынан  айырылғандарға,  ең  алдымен,  адам  ретінде  қарап,  олардың  жеке  құқықтарының  қорғалуын  қамтамасыз  етуге  мүдделі16.  Ол  үшін  қызметкерлердің  пенитенциарлық  психологияға  қатысты  білімдерін  жетілдіру  айрықша  маңызды.  Бұл  колония  әкімшілігі  мен  сотталғандар  арасындағы  қарым-қатынасты  халықаралық  нормаларға  сай  қалыптастырудың  алғы  шарттарының  бірі  болып  саналады.  Сайып  келгенде,  кадір  дайындау  мәселесінің  өзі  біздерден  жан-жақты  білімділік  пен  тәжірибелікті,  бас  бостандықтан  айырылғандарға  қатысты  жаңаша  көзқарас  қалыптастыруды  талап  етіп  отырғандығын  баса  айтқан  жөн.  Қылмыстылықпен  күресте  ең  маңызды  іс-оның  алдын  алу,  одан  сақтандыру  екені  белгілі.  Осыған  орай  қылмыскерлердің  психикалық  және  физикалықтұрғыдан  сау-саламат  болуына,  олардың  сыртқыәлеммен өзара  қарым-қатынасы  барысында  және  олар  жасайтын  қоғамға  қауыпті  әрекеттерге  қатысты  қолданылатын  құқықтық  нормаларды  насихаттауға  бағытталған  арнайы  бағдарламаны  қабылдау  аса  қажет-ақ.

       Қорыта  айтқанда,  еліміздің  пенитенциарлық  жүйесі  дамудың  сапалы  жаңа  кезеңіне  өтү  үшін,  сотталған  адамдардың  құқықтыры  мен  міндеттерін  естеріне  салып  отыру,  уақытылы  заң  көмегін  көрсету  жүйесін  жақсартуға  тиіспіз.  Жеке  құрамының  республикалық  атқару  мекемелерінде  ұсталушы  сотталғандар  мәселесін  қатысты  халықаралық  актілерден,  құқық  қорғау  ұйымдарының  талаптарынан  құлағдар  болуы,  құқықтары  мен  заңды  мүдделерінің  сақталуын  қадағалауы  жөніндегі  жұмыстар  одан  әрі  жүргізуіміз  қажет.  Бұл  мәселеде  халықаралық  және  ұлттық  құқықтық  институттарымен,  Еуропа  мен  ТМД  елдеріндегі  үкіметтік  емес  ұйымдар  және  пенитенциарлық  жүйелермен  ынтымақтық  дамыту  қажет.

 

2.2  Шет  елдердің  пенитенциарлық  жүйелері  мен  қылмыстық-атқару  заңнамаларының  ерекшеліктері.

   Дүние  жүзіндегі  барлық  елдерде,  соның  ішінде  Қазақстан  Республикасында,  бұрынғы  Кеңестер  Одағында  қылмыстық  жазаны  орындауды  ұйымдастыру  мен  құқықтық  реттеу  өзінің  тарихы  дамуындағы  жолында  әр  түрлі,  көбінесе  біріне-бірі  ұқсас  деңгейден  өтті.

        Қазақстан  Республикасының  қылмыстық-атқару  жүйесін  одан  әрі   жетілдіру  жолында  дамыған  шет  елдердегі  пенитенциарлық  жүйелердің  тәжірибелеріне  құлақ  асу  маңызды.  Шет  мемлекеттердің  заңдары  жазаның  едәуір 

түрлерін  қолданады.Өлемнің  әр  түпкіріндегі  жазаны  атқаруды 

ұйымдастырумен  құқықтық  реттеудің  тәсілдері  туралы  түсінік   беру  үшін  бұл  мәселелердің  қалай  шешілетіндігі  АҚШ  пен  Канада  мемлекеттердің  тәжірибесіне  байқап  қарайық.  АҚШ  пен  Канада  мемлекеттері  жазаны  орындаудың  дәстурлі  әдістерін  реформалаудың  рационалдық  жолдарын  іздеуде.  Сонымен  бірге,  біздің  мемлекетіміздей  АҚШ  пен  Канадканың  колонияларында  сотталушылар  санының  пайдаланудың  кесімді  шегі  асып  кетті.   Сол  себептен,  осы  мемлекеттердің  пенитенциарлақ  жүйелердің    тәжірибесін  зерттеудің  өзектілігі  осыда.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  бюджетінің  мүмкіндіктерінің  шектеулігі  (тарлығы)  мен  сортталушылар  санының  күнен-күнге  ұлғаюы  осы  мемлекеттің  позитивті  тәжірибелердің  талқылап,  қолдануға  итермелейді.

        Түзеу  мекемелерді  жекешелендіруді  осы  мемлекеттердің  пенитенциарлық  жүйесінде  жаңа  құблыс  болды.  Кейінгі  кездері  біздің  мемлекетімізде  де  жек  меншік  түрмелер  құру  жиі  көтеріліп  жүр.  Әрине,  бұл  жан-жақты  ойластыруды  қажет  етеді.

        Жекешелендіру  жолдарын  дамытуда  (ең  кең  таралғаны-абақтылар  мен  жеке  бизнестің  контрактілік  қатынастыры)  алғашқы  қадамдар  американдықтармен  жасалған:  1984  жылы  Теннесиде  Гамильтон 

округінің  басшылығы мен  АҚШ-тың  Түзету  мекемелерінің  корпарациясымен  түрмеге  қызмет  көрсету  туралы  мәмле  бекітті.

       1995  жылдан  бастап  АҚШ-тың  32  штаттарында,  сонымен  бірге  Пуерто  Рико  мен  Колумбия  округінде  жергілікті  бағыныштылықтағы  жекешелендірілген  түзету  мекемелерінің  әрекет  етуіне  рұқсат  беретін  құықтық  нормалар  болды.  1994  жылдың  соңынды  ересек  адамдарға  арналған,  49154  сотталушыларды  ұстайтын  88  тузеу  мекемелері  19  жеке  меншік  компаниялардың  қарамағында  болды17.

       1994  жылдың  ішінде  тузеу  мекемелерін  ұстау  шығыны  150  милион  долларға  қысқартылды  Ірі  корпарациялардың  түрме  ісмен  шуғылдануғамамандануыда  осыдан  шығар.  Жеке  меншік  компаниялар  қаражаттармен  тиімдірек  басқарғандықтан,  сотталғандардың  коммуналдық-тұрмыстық  жағдайы  жақсартылды,  роларға  қызмет  көрсету  аясы  да  кеңейді.  Қаржы  үнемдеу  зейнетақы  қорларына  салынатын  төмен  салымдарынан  да  болуы  мүмкін  (мемлекеттік  құрылымдарға  қарағанда  жеке  меншік  компаниялар  аз  төлейді).  Бұндай  жеке  меншік  түрмелер  тек  қана  АҚШ-та  емес,  сонымен  қатар   Австалияда,  Ұлыбританияда, [11] Франция  мен  басқа  да  елдерде  бар.  Австралиялық  экономисті  Алан [12] Браунның  есептеуі  бойынша,  Квинсленде  орналасқан  жеке  меншік  түрме  мемлекеттік  түрмемен  салыстырғанда  20  пайызға  үнемді  болып  шықты.

       Әрине,  жеке  меншік  түрмелер  құру  идеясының  қаншалықты  тартымды  болғанымен,  ғалымдар  арасында  бұл  құбылысқа  қарсы  пікірлер  де  көптен  айтылуда.  Олардың  айтылуы  бойынша,  түрмені  бизнес  объектісі  етуге еш  болмайды.  Себебі,  мемлекеттікіне  қарағанда  жеке  меншік  түрмелерде  заңдылықты  сақтауға  бақылау  жасау  біршама  қиынырақ18.  Осындай  ұқсас  тенденциялардың  Қазақстанда  мүмкін  дамуын  болжамдай  отырып,  болашақта  жеке  меншік  түзеу  мекемлері  қалыптаспайды  деуге  болмайды.  Өйткені,  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  аясында  жеке  меншіктің  дамығаны  айғақ.  Бірақта,  абақтылардың  толықтай  түгелімен  жекешелендірілуі  де  мүмкін  емес.  Сондықтан,  Қазақстандық  заңгерлерге  құқық  қорғау  жүйесінің  бюджет  қаржысын  үнемдеу  мақсатында,  жеке  меншік  түзеу  мекемелерінің  құрылуы  мен  іс-әрекет  етуін  заңды  түрде  бекітілуі  тиіс.

      АҚШ  пен   Канадағы  жаларды  атқаруда  дамыған  келесі  ағым-электрондық  мониторинг  (аңду).  Бұл  тенденция  1983  жылы  Флорида  штаттында  пайда  болды.  Яғни  ұсталынған  айыпталушылар  мен  күдік  туғызғандар  сотқа  дейін  үйде  электрондық  қамауда  ұсталынып,  кейін  қысқартылған  мерзімдегі  (364  күнге  дейін)  айыпталушыларға  қатысты  жазаларды  атқарды  (әрине  бұл  жаңа  мекемлер  құрумен  салыстырғанда 

арзанға  түседі).  1995  жылы  Иллинойс  штатының  Кук  округінің  тергеу  изоляторында  осындай  айыпталушылар  саны  1200  адамды  құрады.

       Техникалық  жағынан   мониторинг  бұл  қамаудағылардың  үйлерінде  орнатылған  арнайы  қабылдағыштармен  телефондық  кабельдер  арқылы  жалған  қаладағы  мұнараларда  орналасқан  6  компьютерлік  терминалдар.  Қабылдағыш  қамаудағы  адамның  сол  толарсғында  (асығында)  бекітілген  передачиктен  тұрақты  сигнал  алып  турады  (егер  ол  50  метр  радиусынан  алыс  орналаспаса).  Егкр  қамаудағы  адам  осы  шектеулерден  шығып  кетсе,  байланыс  үзіледі  де  компиютерлік  терминал  қауып   қатер  дабылын  соғады.  Тәртіпті  бұзушы   ұсталынады  да,  тергеу  изоляторына  жіберіледі.  Сонымен  бірге,  электрондық  бақылаудағы  қамаудағыларды  кенеттен  тексерулер  мен 

емханаларға,  мектептерге  бару  үшін  белгілі  бір  уақытқа  дейін  жүйесінің  өшірілуі  де  көзделген.

      Бұл  жүйенің  экономикалық  тиімділігі  анық  ықиқыт.  Мысалыға,  Кук  округінің  изоляторында  бір  кундегі  бір  түтқынға  кететін  шығын  1995  жылда  дәстүрлі  тәртіпте  40  долларды  құраса,  электрондық  мониторинг  бойынша   22  доллар  болды.  Оған  қоса,  бұл  құқық  бұзушылар  мен  олардың  отбасылары  және   қоғам  арасындағы  қарым-қатынасын  нығайтатын  маңызды  факторы  болып  табылады.  Бірақта,  бұл  ағымға  да  қарсы  шығатындар  бар.  Біріншіден,  құқықбұзушылар  телефондық  байланысты  орнатуға  кететін  шығындарды  көтере  алмайды  (оларда  бұндай  қаражаттар  жоқ).  Екіншіден,  осындай  жазаны  атқару  процесінде  құқықбұзушы  түрмегідей  зиянды  қатынас  ортасында  шектелуі  мүмкін.

         Енді,   дамыған  шет  елдердің  пенитенциарлық  жүйесіндегі  тағы  бір  маңызды  мәселеге  назар  аударған  жөн.  Бұл  альтернативтік  шаралар.  Олар  қоғамдық  пайдалы  жұмыстар  атқару,  ақшалай  бір  реттік   немесе  күн  сайын  айып  төлеу,  бітімгершілікке  келу  сияқты  түрмеге  қатысты  емес  шаралар,  құқықбұзушылықтың  түр-сипаты  мен  ауврлвғвн  айқындау  үшін,  үкімнің  мақсаты  мен  құрбанның  құқығын  айқындау  үшін  белгіленген  критерилерді  негізге  ала  отырып  таңдалуы  тиіс19.[13]

      Көбінесе  ақшалай  айып  төлеу  түрмеге  қамаудың  іске  асатын  балама  шарасы  (альтернативасы)  болып  табылады.  Германияда  ақшалай  айып  төлемегені  үшін  түрмеге  қамалған  құқықбұзушылардың  саны  6%-н  ғана  құрады.  Мысалы:  қазір  Германияда  айыпталушылардың  жалпы  саны  80%-ы  айып  төлеу  жазасына  тартылады.  Көріп  турғанымыздай,  айып  салу  Германияда  өте  көп  тараған  қылмыстық  жазалаудың  бірі.  Бұл  елде  айыпты  қолданудың  кейбір  өзгешеліктері  бар,  оның  мөлшерін  сотталушының  жеке  басы  мен  материалдық  жағдайына  байланысты  сот  белгілейді.  Бұл  жерде  сот  жазалаушының  күніне  орта  есеппен  табатын  немесе  табуы  мүмкін  таза  пайдасынан  шығарады.  Күндік  ақының  мөлшері  екі  мыңнан  бес  мың  маркаға  дейін,  ал  олардың  саны  бестен  үш  жүз  алпысқа  дейін  болады.  Бірақ,  Тәжірибеде  барлық  айыптық  90%-90  айып  күннен  аспайды.   Егер  құқықбұзушы жеке  ,  сондай-ақ   материалдық  жағдайына  байланысты  барлық  соманы   бірден  түгелдей  төлей  алмайтын  болса,  онда  сот  айыпты  төлеуді  тиісті  бір  мерзімде  немесе  бөліп-бөліп  төлеуге  уақыт  белгілеуі   мүмкін.  Германияның  1971  жылғы  Қылмыстық  кодексі  бойынша  айып  төленбесе  бас  бостандығынан  айыруға  ауыстырылуы  мүмкін,  онда  бір  күн  бас  бостандығынан  айыру  бір  күндік  ақысы  есебінен  жүреді.  Германияның  қылмыстық  заңы  айыпты  тек  негізгі  жаза  ретінде  емес,  сонымен  бірге  егер  де  қылмыскер  істеген  қылмысы  нәтижесінде  байыса  немесе  байығысы  келсе,  онда  қосымша  жаза  ретінде  де  тағайындауы  мүмкін.  Германияда  айып  қысқа  мерзімді  бас  бостандығынан  айырудың  баламасы  ретінде  де  қолданылады.

    Ал,  Жапонияда  айыпталушылардың  жалпы  санынан  95%-ы  айып  төлеу  жазасына  тартылады.  Жапонияда  айып  түріндегі   қылмыстық  жаза  қылмыстық  кодексте  және  бір  қатар  мөлшерлеу  актілерінде  бекітілген:  Жол-көлік  қозғалысы  туралы  заңда,  тағы  Жапонияның  1907  жылы  24  сәуірінде  қабылданған,  кейін  оған  өзгертулер  мен  толықтырулар  енгізілген  Қылмыстық  кодексі  аз  айыппен  айыпты  өз  алдына  бөлек  жаза  ретінде  қарайды.  Кіші  айыптың  мөлшері  10  йеннен  20  йенге  дейін  айыптың  мөлшері  20  йеннен  жоғары  қарай,  олар  тек  Жапонияның  Қылмыстық  кодексіне  сәйкес  сотпен  белгіленеді.  Бұл  шара  АҚШ-та  да  кең  таралған.  Ежелден  пайда  болған  бұл  дазаны  (айып,  құн)  көшпенділер,  соның  ішінде  қазақтар  да  көп  қолданған.

       АҚШ,  Ұлыбританя,  Голландия,  Жапония  сияқты  мемлекеттерде  “қалпына   келтіру”  әділ  сот  жүйесі  кең  дамыған.  Бұл  жүйе  өз  бастамасын  Марк  Умбрейт  мақалынан  алады.  Бұл  елдерде  құқықбұзушылар  мне  жәбірленушілерді  ымыраға  келтіру  бағдарламалары  кең  қолданылады.  Осы  бағдарламалар  даму  жақтарының  кездесулерін  ұйымдастыруға,  олардың  арасында  психологиялық  байланыс  (контакт)  орнатуға,  құқықбұзушының  өз  кінәсін  мойындап,  істеген  әрекетіне  жауапкершілікті  сезінуіне,  және  жәбірленуші  мен   оның  туыстарына  келтірілген  зиянның  орнын  толтыруына  қол   жеткізуіге  көмектеседі.  Егер  құқықбұзушы  шынымен  өкінсе,  жәбірленушіге  келтірілген  зиянның  орнын  толтырып,  одан  кешірім  сурап,  қоғам  өміріне  қайтып  оралуына  дайын  екендігін  көрсете  (жұмысқа  турса,   алкоголизм  мен  нашақорлықтан  емделу  курсін  өту  сияқты)  оған  қылмыстық  құдалау  тоқтатылады20

        Көптеген  Батыс  Еуропа   мемлекеттері  мен  прецедентік  құқық  жүйесіне  (англо-саксондық  жүйе)  жатқан  елдерде  қоғамдық  пайдалы  жұмыстар  жиі  қолданылса,  басқа  жерлерде  олардың  енгізу  қажеттілігін  тексеру  мақсатында   эксперименттер  жүргізілуде.  Мысалыға,  Финляндияда  қоғамдық  пайдалы  жұмыстар  эксперименттік  негізде  1991[14]  жылы  енгізілсе,  1994   жылдың  сәуірінен  бастап  бұл  жүйе  бүкіл  елді  қамтыды.  Қоғамдық  пайдалы  жұмыстарды  кеңіне  таралған  қылмыстарға  қолдануға  болатындықтан,  оларды  жиі  пайдаланады.  Францияның  статистикалық  мәліметтерге  құлақ   түрсек,  қоғамдық  пайдалы  жұмыстар  туралы  бұйрықтардың  60%-ы  ұрлықпен  ұрланған  заттарды  тығу  қылмыстарына  қатысты  шығарылады,  ал   құқықбұзушылардың  90%-ы  ер  адамдар  болса,  76%-ы  30  жасқа  дейінгілер21.

      Ал  Германияда  сотталғандар  өз  мерзімінің  жартысын  жұмыспен  өтей  алады.   Сотталған  адамдардың  түрме-фермаларындағы  1  күн  жумысы  қамаудағы  2  куніне  тең.  Осындай  жұмыстар  қамау  мерзімін  қысқартуға  мүмкіндік  береді.

      Қорыта  айтқанда,  дамыған  шет  мемлекеттердің  пенитенциарлық  жүйелерінің  тәжірибелеріне  құлақ  аса  отырып,  біздің  елімізге  қолайлырағын  ғана  таңдауымыз  қажет.  Бұл  еліміздің  пенитенциарлық  жүйесін  жетілдіру   мен  реформалау  жолындағы  маңызды  шара.  Осы  орайда,  шет  мемлекеттердің  пенитенциарлық  жүйелерімен  халықаралық  байланысты  дамыту  мақсатында,  шет  мемлекеттермен  тиісті  халықаралық  шарттар  жасасып,  еліміздің  қылмыстық  атқару  жүйесі  қызметінің  өзекті  мәселелері  жөніндегі  халықаралық  конференцияларға,  семинарларға  және  курстарға  қатысып,  пенитенциарлық  мекемелер  қызметкерлерінің  даярлығы  мен  біліктілігін  арттыру  саласында  ынтымақтастық  жасау  жөніндегі  жұмысты  жалғастыруымыз  тиіс.

 

2.4   Жаза  өтеп  жатқан  адамдарға  қатысты  қалыптық  ережелерді  Қазақстан  Республикасының  қылмыстық-атқару  жүйесі  органдарының  қызметінде  қолданудың  практикалық  проблемалары.

  Қазақстандық  қылмыстық-атқару  заңнамаларын  жаңартудың  маңызды  факторы  ретінде  Қазақстан  Республикасының  халықаралық  қауымдастыққа  интеграциясы  себепші  болды.  Осы  орайда,   Қазақстан  Республикасы  халықаралық  қауымдастық  мүшесі  ретінде  осы  қауымдастық  қызметінің  заңи  негізін  құрайтын  жалпы  танылған  және  де  ең  алдымен,  адам  мен  азаматтың  құқықтық  мен  бостандықтарын  қамтамасыз  етуге  қатысты  халықаралық  нормаларды  өз  заңнамалары  мен  тәжірибесінде  бірте-бірте  іске  асыруы  қажет  еді.

      Осы  нормалардың  көп  бөлігі  қылмыстық  әділ  сот  саласына  қатысты.  Сонымен  қабылдаған  халықаралық  нормалар  тек  әділ  сотқа  ғана  емес,  сонымен  бірге  құқық  қорғау  органдардың  қылмысты  алдын  алу  мен  сотпен  тағайындалған  жазаларды  орындауға  да  қатысты  құқықтық  қатынастарды  реттейді.

        90-шы   жылдарға  дейін  жаза  өтеп  жатқан  адамдарға  қатысты  халықаралық  стандарттар  қылмыстық  атқару  құқығы  бойынша  оқулықтарды  көрініс  таппай,  күнделікті  ғылыми  айналымға  енгізілген  болатын.  Халықаралық  тәжірибенің  ескеруінсіз  қылмыстық  саясат  та  қалыптасқан  еді.

         Қоғамды  демократияландыру  мен  халықаралық  қауымдастыққа  интеграциялануына  байланысты  жаза   өтеп  жатқан  адамдарға  қатысты  халықаралық  стандартар  еліміздің  қылмыстық-құқықтық  саясаттың  радикалды  қайта-құрулардың  маңызды  факторларына  айналыа  отыр,  ал  халықаралық  аспектіде  отандық  қылмыстық  саясаттың  “өркениеттік”  критерилерінің  бірі  болды.

     Соңғы  жылдары   жаза  өтеп  жатқан  адамдарға  қатысты  халықаралық  стандарттар  мен  оларды  іске  асыру  өзекті  мәселелерге  айналды.  Заңи  көзқараспен  қарағанда  халықаралық   нормаларды  қылмыстық-атқару  жүйесінде  іске  асырудың  екі  жолыбар:  Біріншісі-олардың  ұлттық  заңнамалардың  нормаларымен  бірге  тікелей  әрекет  етуі,  екіншісі-оларға  сай  ішкімемлекеттік  құқықтық  актілерді  сәйкестендіру22.

        Бүгінгі  құқықтық  реформаны  жүзеге  асыру  шеңберінде  жаза  өтеп  жатқан  адамдардың  ұсталу  жағдайларын  мүмкіндігінше  халықаралық  нормалармен  стандарттарға  сәйкестендіру  бағытында  шешіліп  жатқан  мәселе  көп.  Бас  бостандығынан  айыру  түріндегі  жазаны  орындайтын  түзеу  мекемелерінің  аса  маңызды  міндеті  сотталғандарды  түзеу  болып  табылады.  Осы  орайда,  еліміздің  қылмыстық  саясатына  адамгершілік  сипат  беру,  оны  шет  елдердегі  қылмыстық  атқару  жүйесінің  тәжірибелерін  ескере  отырып,  БҰҰ-ның  қабылдаған  халықаралық  құжаттардың  талабтарына  жауап  беретіндей  жетілдіру  жолында  қыруар  ізгілікті  іс  тындырылуда.

        Бірақ,  қылмыстық-атқару  заңнамаларын  жетілдіру  қажет  болғанымен,  жаза  өтеп  жатқан  адамдарға    қатысты  халықаралық – құқықтық  стандарттардың  бірте – бірте  іске  асырылуына  жеткіліксіз  болып  отыр.  Ресурстармен  қамтамасыз  етудің,  жақсы  ұйымдастыру  мен  тәрби  жумыстарының  болуы  немесе  олардың  кемшіліктері  осы  жоғарыда  айтылып  кеткен  стандарттарды  жай  ғана  декларайяларға  айналдырып  жеруі  әбден  мүмкін.  Әрине,  Қазақстан  Республикасының  қылмыстық – атқару   жүйесі  халықаралық  стандарттарға  мүдделі  жауап  бермейді  деп  айту  да  дұрыс  емес.

      Қылмыстық  саясатты  ізгілендіру,  қылымыстық – атқару  заңнамасын  жетілдіру,  сондац – ақ еліміздің  құқықтыры  саласындағы  халықаралық  міндеттемелерін  орындау  барысында  жаза  өтеп  жатқандарды  ұстау  жағдайларын  жақсарту  жағынан  оң  өзгерістер  болып  жатыр.  Бұл  үрдістер  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  кодексіне,  Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексіне,  Қылмыстық – атқару  кодексіне  және  өзге  де  заң 

актілеріне  озгертулермен  толықтырулар  енгізілуі  туралы  заңның   қабылдануы  арқасында  бекітіледі. [15]

      Қазақстанның  соңғы  бірнеше  жыл  ішінде  түрме  жүйесін  реформалау  жағынан  айтарлықтай  нәтижеге  жеткенін  атап  өтуге  болады.  Мәселен,  1998  жылы  түрмеге  қамалған  адамдар  саны  жағынан  Қазақстан  дүние  жүзі  бойынша  Қытай  мен  АҚШ – ты ғана  алға  оздырып  үшінші  орында  болған,  ал  пенитенциарлық  жүйенің  ахуалын  нақты  көрсететін  түрме  индексі  (жүз  мың  адамға  келетін  қамаудағылар  саны)  540  адамды  құрады.  Әлемнің  пенитенциарлық  жүйелерін  зерттеумен  айналысатын  халықаралық  түрме  зерттеулеріорталығының  мәліметтері  бойынша  Қазақстан  түрмеде  отырған  адамдар  саны  әлемде  19 – шы орында  иеленіп  отыр.  Қазір  еліміздің  бас  бостандығынан  айыру  орнында  58  мыңға  жуық  сотталушылар  бар.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Әкімшілігі  жетекшісінің  орынбасары  мемлекеттік – құқықтық  басқармасының  бастығы  Игорь  Роговтың  берген  мәліметтеріне  сәйкес,  өткен  жылдың  қаңтары  мен  биылғы  жылдың  қаңтар  айы  аралығында  түрмедегі  жазаны  өтеушілер  саны  24% — ға  кеміген.  Осы  мәселені  сот  тәжірибесі  тұрғысынан  тарқатар  болсақ,  Жоғарғы  Сот  Төрағасы  Қайрат  Мәми  келтірген  дәйектерді  ортаға  сала  кеткен  жөн.  Оның  айтуынша,  осыдан  үш  жыл  бұрын  әрбір  жүз  сотталған  адамның  51 – 52 – сі бас  бостандығынан  айыру  жазасына  кесілсе,  бүгінгі  таңда  жүз  адамның  40 – ы  бас  бостандығынан  айырылады.  Сонымен  қоса,  Өткен  жылы  2007  жылмен  салыстырғанда  бас  бостандығынан  айырылғандар  саны  22800  адамға  азайған.  Бұл  мемлекеттің  негізгі  басымдылықтарының  бірі – қылмыстық саясатты  ізгілендірудің  дұрыс  орындалып  жатқанының  айғағы23.

          Оған  қоса,  жоғарыда  қарастырылған  жаза  өтеп  жатқан  адамдарға  қатысты  халықаралық  актілерде  бекітілген  талаптарға  толық  іс – жүзінде  сәйкес  келетін  мемлекет  табылмайтын  шығар.  “Мүмкін  ешқандай  түрме  жүйесі  Минималдық  қалыптық  ережелерде  көзделген  ең  болмаса  минималды  талаптарға  да  сәйкес  келмеиді  де,  ал  кейбір  жүйелер  туралы  тіпті айтудың  қажеті  жоқ24”.  Барлық  мемлекеттерге  де  бас  бостандығынан  айыру  мекемелерінде  азаптау  мен  басқада  зорлық – зомбылықтан,  немесе  қадір – қасиетін  қорлайтындай  адамшылыққа  жатпайтын  жолмен  жәбір  көрсетуді  болдыртпау,  сотталғандарды  төленетін  еңбекпен,  заңи  қорғаумен  қамтамасыз  ету,  бостандығынан  кейін  әлеуметтік – реабилитациялық  көмек  көрсету  сұрақтары  келелі  болып  табылады25.

        Жалпы,  көптеген  мемлекеттерде  халықаралық  стандарттардың  іске  асырылуын  әдетте  мына  жәйіттер  қиындатады:

  • Эканомикалық құлдырау және  онымен  байланысты  материалдық – қаржылық  ресурстардың  шектеулігі;
  • Қылмыстылықтың өсуімен  бірге  жүретін  халықты  “жазалау  шараларының”  күшейтілуі,  қамаудағы  адамдардың  санының  ұлғаюы;
  • Қамаудағы адамдар  мен  пенитенциарлық  мекемелердің  персоналы  арасындағы  қатынастардың  нашарлауы,  кәсіби  қылмыстық  атқару  қызметі  атағының  салыстырмалы  түрде  түсуі.

    Менің   ойымша,  жаза  өтеп  жатқан  адамдарға  қатысты  халқаралық  стандарттардың  іс  жүзінде  іске  асырылуын  қиындататыны  олардың  тек  ұсыныстық  сипатта  болғандығы.  Осы  орайда,  оларға  қатысты  халқаралық  стандарттардың  орнына  міндетті  халқаралық  шарттар  қабылдау  қажеттілігі  туындап  отыр.

        Осылардың  бәрі  Қазақстанға  да  тән  құбылыстар.   Оған  қоса  Қазақстанда  халқаралық  стандарттардың  толық  жүзеге  асырылуы  ұзақ  және  едәуір  шешімді  қажет  ететін  міндет  деп  айтуға  негіз  болатын  басқада  жәиттер  бар.[16]

      Қазақстандық  қылмыстық – атқару жүйесінде  халықаралық  стандарттардың  іске  асырылуы  жаза  атқарудың  материалдық – күнделікті шаралар  кешенінің  және  халықтың  әлеуметтік – эканомикалық  түрмыс – жағдайларының  ескеруі  мен  өзгеруінсіз  мүмкін  емес.  Оған  қоса,  бас  бостандығынан  айыру  орындарындағы  материалды – техникалық  жағдайлар  Азаптау  мен  басқа  да  зорлық – зомбылыққа,  немесе  қадір – қасиетті  қорлаитындай  адамшылыққа  жатпайтын  қатыгездік  жолмен  жәбір  көрсетуге  немесе  жазалауға  қарсы  конвенциясына  қайшы  келмеуі  тиіс26.

        Қазіргі  кезеңде,  жаза  атқару  мекемелерінде  өндірістік  базасының  техникалық  артта  қалушылығының  салдарына,  түзеу  мекемелеріндегі  олардың  қаржылық  тұрақсыздығынан  түзеу  мекемелерінде  өндіріс  өте  ауыр  жағдайға  ушырады.  Оған  қоса,  сотталғандардың  еңбекпен  қамтылуы  бас  бостандығынан  айыру  орындарында  ұсталатын  еңбекке  қабілетті  сотталғандардың  жалпы  санының  32,7 % — н құрайды.  ҚАЖ  кәсіпорындары  толық  қуатында  жұмыс  істеп  тұрған  жоқ,  олардың  өнімдері  рынокта  бәсекеге  қабілетті  бола  алмайды.  Осының  нәтижесінде,  ақылы  жұмыстарындағы  еңбек  орны  жалпы  жаза  өтеп  жатқан  сотталушылар  санынан  алғанда  30% — да  ғана  құрайды.  Көріп  тұрғанымыздай,  сотталушылар  сот  шешіміне  сәйкес,  жәбірленушіге  келтірілген  зиянның  орнын  толтыру  соммасын  өтеу  мүмкіндігінен  айырылған,  сонымен  қатар  оларды  бас  бостандығынан  айыру  орындарында  ұстауға  кеткен  мемлекет  шығындарының  орны  толтырылмайды.

        Мемлекеттік  қолдау  шараларынсыз,  Қылмыстық – атқару жүйесі  комитетінің  кәсіпорындарына  мемлекеттік  тапсырыссыз,  салықтық  жеңілдіктер  енгісусіз  аталған  проблемаларды,  соның  ішінде  жаза  өтеп  жатқандардың  еңбек  ету  құқығының  қамтамасыз  ету  контекстінде  шешу  қиындыққа  соғады.

        Қаржыландырудың  жеткіліксіздігінен  жаза  өтеп  жатқандар  тіпті  қажетті  төсек  құрал – жабдықтарымен,  дәрі – дәрмектер  мен  киім – кешекпен  қамтамасыз  етілмеиді.

         Қабылданып  жатқан  шараларға  қарамастан,  әлі  күнге  шейін  сотталушыларды  айыа  изоляторларында  (ШИЗО),  камера  типіндегі  бөлмелерге  (ПКТ)  заңсыз  орналастыру,  оларды  заңсыз  тәртіптік  ақшалай  өндіріп  алуға  салу  сотталушылардың  конституциялық  құқықтарының  сақталынбайтындығын  көрсетіп  отыр.

       Сонымен  қатар,  түзеу  мекемелерінің әкімшіліктері  шарты  босату  мен  елді  мекен  колонияға  ауыстырылуына  заңсыз  бас  тартуының  салдарынан,  сотталушылардың  соттық  қорғалуыеа  құқықтарының  бұзылуы  орын  алады.

    2003  жылы  прокуратура  органдарымен  республиканың  қылмыстық – атқару жүйесінде  2000заң  бузушылықтар  анықталды.  Бұл  бұзушылықтарды  жою  мақсатында,  прокурормен  1100 – ден астам  актілер  шығарылды:  537  лауазымды  тұлғалар  тәртіптік  жауапкершілікке  тартылып,  сотталушыларға  қатысты  59  қылмыстық  іс,  ҚАЖ  қызметкерлеріне  қатысты  3  іс  қозғалды27.

       Менің  ойымша,  жабық  мекемелердегі  адам  құқықтарының  бұзулуларының  алдын – алу үшін  осы  мекемелер  азаматтық  қоғам  институттары  үшін  ашық  болуы  тиіс.

         Арқалақ  қаласының  УК – 161/12 мекемесіндегі  болған  сотталушыларды  ұрып – соғу  фактілері  прокурорлық  және  ведомствалық  қадағалау  шараларының  жеткіліксіздігін,  қамау  мекемелеріндегі  адам  [17]құқықтарының  сақталуын  қоғамдық  бақылау  институтін  енгізу  қажеттілігін  тағыда  дәлелдеп  отыр.

          Осы  орайда  тұзеу  мекемелері  алдымен  сотталушылардың  әлеуметтендірілуіне (ресоциализация)  көңіл  бөлу  керек.  Бұл  психолого – педагокикалық,  эканомикалық,  медициналық,  заңи,  ұйымдастырушылық  шаралардың  кешенін  қажет  ететін  ұзақ  процес.

     Сондықтан,  бас  бостандығынан  айыру  орындарынан  шыққан  азаматтардың  қоғамға  қайта  бейімделуі  мен  рецедивтік  қылмыстарды  болдыртпау  үшін  заң  шығарушылық  және  ұйымдастырушылық  сипаттағы  шаралар  кешенін  (тиісті  қадағалауды  қамтамасыз  ету,  әлеуметтік — психологилық  қолдау,  жұмысқа  тұру,  тұрғын  ұй  проблемаларын  шешуде  көмек  беру)  орындау  қажет.

      Сонымен  бірге,  соттың  сот  актілерінің  орындалу  бойынша  бақылау  функцияларын  күшейту,  сот  атқарушылардың  мәртебелерін  қайта  қарастыру  (сот  шешімдерінің  жедел  және  сапалы  орындалу  үшін  қажетті  кең  құқықтармен  қамтамасыз  ету)  керек.  Оған  қоса,  тергеу  мен  анықтау  органдар  жұмыстарын  бағалаудың  жаңа  критерилерін  жасау  қажет.

    Және  де  сот,  прокурорлық  және  тергеу  қызметкерлерінің  кадірларын  дайындайтын  жоғарғы  оқу  орындарының  оқу  бағдарламаларына  “Адам  құқықтары”  атты  арнайы  курсін  енгізу  адам  құқықтарының  сақталуын  қамтамасыз  етілуіне  зор  үлесін  қосар  еді.

       Жалпы,  еліміздің  қылмыстық  іс  жүргізу  және  қылмыстық – атқару  заңнамалары  адам  құқықтары  саласындағы  жоғарғы  стандарттарына  жауап   береді  деп  айтуға  болады.

     Көріп  турғанымыздай,  Қазақстан  Республикасының  қылмыстық – атқару  жүйесінде  жаза  өтап  жатқан  адамдарға  қатысты  халықаралық  стандарттарды  іске  асырудың  өзіне  тән  ерекшеліктері  бар  және  оларды  ескермей,  не  оған  не  ол  жерде  болып  жатқан  процестерге  дұрыс  баға  беру  мүмкін  емес.  Бұл  орайда,  қоғамдық  ой – сана  деңгейіне,  халықтың  көпұлттық  құрамына,  Қазақстан  териториясы  мен  климат  жағдайларының  ерекшеліктеріне  де  назар  аударған  жөн.  Қорыта  айтқанда,  еліміз  жаңа  Қылмыстық – атқару  кодекісін  қабылдаумен.  Қылмыстық  жазаларды  атқару  саласындағы  халықаралық  стандарттарға  сай  болу  жөнінде  пайда  болатын  халықаралық  қаумдастықтың  көптеген  сурақтарына  жауап  береді.  Енді,  осы  заңнамаларды  жазаны  атқаратын  органдар  мен  мекемелердің  практикалық  қызметінде  нақты  және  іс  жүзінде  орындау  мәселесі  туындап  отырғаны  қақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ Тарау. Қазақстан  Республикасындағы  Сотталғандардың  құқықтары  мен   міндеттері.

3.1 Сотталған  адамдардың  құқықтық  жағдайының  түсінігі

 

     Заң бойынша адам теңдiгiн оған заңды кұкық пен бостандық беру негiзiнде тану азаматтық қоғамның басты белгiсiнiң бiрi.

     ХХ ғасырдағы дүние жүзi қоғамдастығының дамудағы едәуiр прогресі адамның жеке тұлғасының бағалылығын түсінушілік, оньң құндылығы үздiксiз байланыс керектiгiнде, күнелту мен еркiн дамуға ең аз да болса кепiлдiктi қамтамасыз етуiнде болып табылады.

     Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесi негiзiн конституциялық құқық, бостандық пен азаматтар мiндетгерi жатады Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесiнiң  ерекше айырмашылығы — оның тұрақтылығы мен бiршама өзгермейтiндiгi.

     Азаматтың құқығы дегенiмiз — қандайда бiр игiлiктi кепiлдi түрде пайдаланудың мүмкiндiгi. Бұл адамың мемлекеттің ұйымдасқан қоғамындағы мiнез-құлқының ресми өлшемi

     Адам құқығы — ол субъективтi құқық шамамен емес, қайта жеке тұлғаның Конституцияда және заңда бекiтiлген нақты мүмкіндігі. Заң шығарушы тек қана шын қоғамдық қатынастардан шығатын. алдын ала құрылған әлеуметтiк-экономикалық және саяси мүмкiндiгi бар құқықты бекіте алады.

     Көбiрек тараған топтастырулар төмендегідей болады:

     — саяси құқықтар — ол адамның мемлекеттiк және қоғамдық-саяси өміріндегі оның саясиi тағдыры мен еркiндгiн өзі шешудi қамтамасыз ету мүмкiндiктерi, мемлекеттi басқаруға қатысуы

     — жеке азаматтық құқығы мен бас бостандығы

     — ол адамның заңсыз жән орынсыз жеке өмiрiне, ішкі сезiмiне араласпау, жеке басының тәуелсiздiгiн қамтамасыз етуге бағьггталған мүмкiндiгi;

     — әлеуметтiк-экономикалық құқық пен бас бостандықтар

— ол өндiрiс пен материалдық игiлiктi бөлу саласындағы жеке адам мүмкiншiлiгi, экономикалық және оған байланысты рухани талаптардың сай келуi және адам қалауына байланыстылығы;

     — мәдениет құжаттары мен бас бостандықтары ол адамның рухани, мәдени игiлiктерi, яғни жетiстiктердi пайдалану мүмкiншiлiктерi, оларды өзiне лайықты ынтасы мен қабiлеттiлiгiне қарай жасауға қатынасу.

     Қазақстанда адам құқығын сақтаудың маңызды компонентiнiң бiрi — оған сотталғандардың құқығын бұзуды ескерту және бақылау жатады.

     Жазаны өтеп жаштқан адамдар, мемлекет азаматтары ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілгендей, белгілі құқықтық шектеуге қарамастан, адамның азаматтық құқығы мен бас бостандығына ие болады. Соның ішінде барлық сотталғандар жалпығыа бірдей Адам құқығы Деклорациясы баяндаған адам құқықтарымен және бас бостандығын пайдаланады, тек оның шектелу тиістігіне, бас бостандығынан айыру орындарына анық қамалғаны себеп болады.

     Қамаудағы адам деп — қандай да болмасын құқық бұзғаны ушiн сотталып, жеке бас бостатандығынан айырылған кез келген адамды айтады.

     Сотталған азаматтарға жазаны өтеу кезiнде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы мен бостандығына кепiлдiк берiлуi тиiс, оған тек қылмыстық, қылмыстық-атқару және басқа да Қазақстан Республикасы заңдарымен алып тасталған, сондай-ақ шектелу белгiленгендер жатпайды.

     Сотталғандармен жұмыс жасау барысында, олар қоғамнан шығарылып қалғандар емес, қайта оның мүшесi болып қала беретiндгiне ерекше кңіiл аудару керек.

     Сондыктан сотталғандарды қоғам өмiрiне қайтару мақсатында қоғамдық ұйымдарды түзеу органдарымен бiрге қызмет етуге (мүмкiн болған жерде) жұмылдыру керек.

     Қазақстанда бұл бағытта адам құқығы мен заңдылықты сақтау жөнiндегi Қазақстан-Америка бюросы мен реформаға көмектесетiн Қылмыстық әдiл сот орталығы сияқты үкiметтік емес қоғамдық ұйымдар жұмыс iстейдi.

     Сотталғандарды заңмен тiкелей белгiленген жағдайдан басқа кезде азаматтық мiндетiн атқарудан босатуға болмайды.

     Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға. сондайак оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды (Қазақстан Республикасы Конституциясы, 10-бап. 2-тармақ).

     Сотталғандардың құқы мен бас бостандығы сот үкiмiмен және Қазақстан Реслубликасы заңында көрсетiлген мерзiмге ғана шектелуi мүмкiн.

     Мемлекет сотталғандардың және олардың туысқандарының, жақындарының сондай-ақ басқа да жеке тұлға мен заң ұйымдарының, егер де сотталғандар олармен әр түрлi заңдық қатынастарда байданысты болса барлығының құқығы мен заңды талаптарын сақтауға және қорғауға кепіл болуы тиiс.

     Сонымен қатар сотталғандардың құқықтық мәртебесiне шек қоюды бұзбауға байланысты еңбекпен түзеу мекемелерiнде, тергеу қапасында отырғандарға спирттік iшiмдiктерiн, естен тандырарлық әсерi бар дәрiлер мен басқа заттарды, ақша, ас тағамдарын. бұл мекемеде сақтауға, пайдалануға рұксат етiлмейтiн бұйымдар мен заттарды заңсыз бергендер әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тартылады.

     Сот үкiмімен сотталғандар кейбiр жағдайда сотталған атағына ие болады, егер де ол адам қылмысты қайта жасаса жауапкершiлiк ауырлайды.

     Сотталғандардың кейбiр категориясына рецидивтi қылмысты ескерту үшiн әкімшілiк қадағалау қойылады.

     Сотталғанның меншiк құқығы Қазакстан Республикасы Конституциясының 26-бабы арқылы қорғалады, онда: “Соттың шешiмiнсiз ешкімді де өз муүкiнен айыруға болмайды”, — делiнген.

     Сотталғанды жазаны өтеу кезiнде азайтауға, оған зорлық-зомбылық жасауға. басқада қатыгездiк немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбiр көрсетуге не жазалаға болмайды (Қазақстан Республикасы Конституциясы, 17-бап).

     Тiптi ең ауыр өлiм жазасы белгiленген адамға Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабына сәйкес кешірім жасауды арыздау құқығы кепiл етiледi. БҰҰ 1984 ж. 25 мамырындағы “Өлiм жазасына кесiлгендердiң құқын қорғауды кепiл ету шаралары” кұжатына сейкес өлiм жазасын орындау кезiнде бұл процедура мүмкiндiгiне қарай жеңіл азап шектiруi тиіс.

     Бас бостандығынан айырылған адамдардың. бәрінің де, олармен адам баласына тән имандылықпен айналысуға, абыройын сыйлатуға құқығы бар. 1966 ж. 16 желтоқсандағы “Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіде” былай көрсетiлген: “Пенитенциар жүйесiнiң қамаудағы адамдарға режим қойғандағы мақсаты оларды түзеу және әлеуметті етіп қайта тәрбиелеу”. қамаудағылар адамгершiлiк қасиетi ретiнде өздерiмен сыйлы қарым-қатынаста болуды пайдалануға тиiстi” (1990 ж. 14 желтоқсандағы қамаудағылармен айналысудың негiзгi принциптерiнен алынды).

     Мемлекет жағынан сотталғандардың құқықтық жағдайы жақсара қалса, ондайда заңның керi күшi болуы тиiс. Егер де  заңмен қандай да болмасын құқық бұзғаны үшiн сазайын тарту (немесе жазалау) жеңiлдетiлсе, тiптi бұл әрекетінің заңға қайшытлығы жойылса, мұндай заңның міндеттi түрде керi күшi болады.

     Жазаны орындау мәжбүрлеу акциясы, ол мемлекет жағынан күш қолдану арқылы қамтамасыз етiледi, ол тиiстi кұқық шектелу қиыншылығына апарып соқтырады.

     Сотталғандар заң жүзiнде тиiстi құқыққа ие болғандықтан, ол олардың заңды мiнез-кұлқына күш қолданбаудың кепілі болып есептеледi.

Сотталғандарға жаңа мiндеттер жүктеледi, оны объективтiк қажеттiлiк, тиiстi оның мiнез-құлқы деп түсiну керек. Мемлекет сотталғанның мiнез-кұлқын белгiлей отырып, талап қояды және оның заңды мiндетi болғандықтан оған кепiл болады.

     Бұл мiндеттердi бұзғаны үшiн оған сейкес тиiстi жауапкершiлiк жүктеледi. Мысалы, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңында, егер бас бостандығынан айыру түрiндегi қылмыстық жаза атқарып жатқандардың басқа түзелу жолына түскендердi қудалағаны немесе қамаудан қашқаны, бас бостандығынан айыру жазасын етеуден бас тартқаны. еңбекпен түзеу мекеме әкiмшiлiгiнiң талабына қасақаналықпен көнбегенi ушін қылмыстық жауапкершiлiкке тарту қарастырылған.

      Сотталғанның мұндай құқық шектеулер көлемi жынысына, азаматгығына, жасына, жаза түрiне, бұрын сотталғандығына байланысты. Мысалы, Конституциялық күшi бар 1995 ж. 28 қазандағы “Қазақстан Ресгтубликасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының 4-бабына сәйкес, сот үкiмiмен еркiнен айыру орындарында отырған Қазақстан азаматтары сайлауға қатыса алмайды, яғни актив, пассив сайлау құқығынан айырылады.

     Сотталған әйелдердiң құқық жағдайының басқа сотталғандарға қарағанда өзгеше айырмашылығы бар. БҰҰ 1985 жылғы 6 қыркүйектегi Ең аз үлгi Ережеде кәмелетке толмағандарға әдiл сот қолданғанда жеңiл жазалау жағын қарау сиякты түзеу мекемелерiне орналастырылған, құқық бұзған жас әйелдерге де айырықша көңiл бөлудi ұсынады. Сонымем бiрге құқық бұзушы әйелдерде, әдетте, ерлерге қарағанда аз назар аударылытандығы көрсетiлген.

     1990 ж. 14 желтоқсандағы БҰҰ Ережесi бас бостандығынан айырылған кәмелетке жетпегендердi қорғауға байланысты оларға ашық түзеу мекемелерiн көбiрек құруды ұсынған. Онда қауiпсiздiк шаралары қолданылмайды немесе шектеулi болып келедi.

     Сотталған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар құқықпен қорғалады және олардың өзiндiк жауапкершiліктері де бар, мысалы, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар құқығы жайында көрсетiлген, бiрақ оларға Республика заңдарына сәйкес алып тастаумен шектеулер қойылған.

     БҰҰ 1985 ж. 13 желтоқсанындағы Адамдардың құқығы туралы декларациясына сейкес тұрып жатқан немесе уақытша келген шетелдiктер сол мемлекеттің заңдарын орындауға мiндеттi. Ешбiр шетелдiк азамат заңмен белгiленген негiзсiз және тиiстi процедураға сейкессiз бас бостандығынан айырылуға тиiстi емес.

     Қазақстанда тұратын шетелдiктер сонымен қатар азаматтығы жоқ адамдар құқықтық мәртебеге шектелген көлемде ғана ие болады.

     Сотталған шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқық шектелу көлемi аз болады, тек олар, мысалы, жалпы әскери мiндеттi емес, сайлау құқығымен пайдаланбайды. Шетелдiктерге Қазақстан Республикасында тұру орнын таңдауғга және оны ауыстыруға белгiлi шектеулер қойылады.

     Сотталған шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының және басқа да ТМД елдерiнiң сотталған азаматтарынан бөлек отырады. Сотталған шетелдікке жазасын өтеп шықпайынша немесе жазадан босатылмайынша Республикадан кетуге рұқсат етiлмейдi.

     Ең аз үлгi Ережесiне сәйкес қамаудағы отырған шетелдiк ұсталғандармен айналысқанда өз елiнiң елшiлiк немесе консулдық өкiлдерiмен байланысын мүмкiндiгiне  қарай жалғастыруды қамтамасыз ету тиіс.

     Қазақстан кейбiр халықаралық-құқықтық шарттарға қосылған жоқ. Соның бiрi — бас бостандығынан айыруға сотталган адамдарды жаза етеуге азаматы болып есептелетiн мемлекетiне беру Коквенциясы. Осы қужатқа сәйкес сотталғандар жазаны өкергенге дейiн кез келген уақытта өзінің бастауымен немесе шiет мемлекетің құзыретті органдарының сұрауымен және сотталғанның немесе оның туысқандарының өтініші бойынша беруi мүмкiн. Бұл жағдайда үкімдi қайта қарау үшін жазаны атқаруға жiберiлген адам сот үкiм шығарған мемлекеттің құзырлы органына баруға болады.

     Сотталғанның құқықтық жағдайын тежеу себебi ғылыми әдебиетте бiр түсiнiкке келмейдi. Кейбiр авторлардың ойынша сотталған азаматтар тек қана сотпен айырылған құқықтарынан басқа өздерiнiң барлық құқығына ие бола алады. Сонымен қылмыстық-атқару құқық нормалары құқықтың басқа салаларының нормаларына, әсiресе сотталғандардың қимылына шек қою жағына ықпал етiп, өз әсерiн тигiзедi.

     Екiншi көзқарасты М. И. Федоров айтқан. Оның ойынша сотталғанды құқық шектеу тек қарапайым азамат құқығы көлемінің сандық азаюы жағынан қарау емес, оны қылмыс жасағаны үшiн сотталғанның айрықша құқықтық жағдайының элементi ретiнде қаралуы тиiс.

     Осы көзқарасқа ортақтасқан — Н. А. Стручков. Ол сотталғанның құқықтық жайын, оған жүктелген субъективтi мiндеттердiң жиынтығы және жазаны атқару кезiндегi ие болған құқығы ретiнде түсiнедi.

     Бiздiң ойымызша, жаза өтеп жатқан адамдардың құқықтық жағдайы — ол әр түрлi құқық салалары нормаларында бекiтiлген және қылмыстық жазаны атқару (өтеу) кезiндегi сотталғандардың құқықтық жиынтығы арқылы айтылган жағдайы, заңды талаптары мен мiндеттерi.

     Сонымен қатар жеке адамның заңды талаптары, азаматтардың тікелей құқық маңызы, бас бостандығымен қамтылмайды. Бұл — заңның маңыздылығы және заңмен ақталған адамның әлеуметтік игiлiкке талаптануы.

     Сотталғандарды құқықпен қорғау мынандай кепiлдiктер жүйесі мен қамтамасыз етiледi: сотталғакдардың ұсыныс, арыз шағым жiберуге және оны қарау тәртiбi туралы құқығы; мемлекеттік үкiмет органдарының бақылауы; соттық және мемлекеттік бақылау; прокурорлық қадағалау; жазаны өтейтiн мекемелер мен органдар әкiмшiлiгiнiң заңның сақталуын қарайтын қоғамдық бақылау; халықаралық және ұлттықк құқық. қорғау ұйымдары өкiлдерiнiң осы мекемелерге қатысы.

     Қазiргi заманда адам құқығы туралы халықаралық нормалар әдiлсот жүргiзу саласында жеке адам құқығыныңмәртебесіне елеулi түрде әсер етедi, Қазақстанның халықаралық шартты бекiту актi мемлекет үшiн заңдарын өзiне алған міндеттеріне сәйкестендiрудiң қажеттiлiгiн көрсетедi. Халықаралық құқық бiрте-бiрте жан-жақты болуда, ал оның нормалары мен принциптерi халықаралық бiрлестiктiң барлық мемлекеттеріне мiндеттi.

     1987 ж. Еуропа кеңесi министрлер комитетiнiң қабылдаған Еуропадағы турмелер туралы ″Ережесі пенитенциарлы мекемелерiнiң сотталғандарға қатысы бар негiзгi мақсатының бiрi — олардың денсаулығын сақтау мен жеке басының адамгершiлiгiн сезiндiру және жаза атқару мерзiм кезiнде мүмкiндiгiне қарай жауапкершiлiк сезiмiн ояту және бейiмдiлiгi мен дағдысын дамыту. Бұлар сотталғандардың босатылғаннан кейiн өз бетiмен өмiр сүруiне және заңды сақтауға мүмкiндiк бередi.

     1985 ж. 6 қыркүйегiндегi Әдiлсоттың негiзгi пранциптерi қылмыс құрбаны және билiгiн пайдаланып қиянат жасағандар туралы декларацияға сәйкес БҰҰ-на мүше мемлекеттерге мiнсіз-құлық пен әдеп Кодекстерiн, атап айтқанда мемлекет қызметкерлерiне, сондай-ақ түзеу мекемелерiнiң құқық қорғау қызметкерлерiне халықаралық үлгiлердi сақтауга көмектесудi ұсынады.

     Адамның құқықтық жағдайын анықтай отырып, құқық шығармашылығы мен заңға, оның қорытындысы ретiнде өмiрде алдын ала пайда болатын тенденциялармен және құқық реттеудiң қажетгiлiгiмен мемлекет есептесуi тиiс. Құқықты орнату шындыққа негiзделуi тиiстi, қоғамның әлеуметтiк-экономикалық және рухани дамуының заңдылығы мен қажеттiгiн есепке алуы тиiс, ол тиiстi мен мүмкiндiктiң бiрлiгiн сақтай бiлу деген ойдан туындайды.

     Дүние жүзi пенитенциарлық мекемелерiнің көптеген проблемалары ұқсас: ол алдымен құқық бұзушының қамауға алып күзет қоюдың мақсатына нақты жауаптың болмауы, қоғам жағынан пенитенциарлық мәселелерге түгелдей көңi қойылмауы, қамауда отырғандарға халықаралық нормалардың сақталынбауы.

     Қазақстан Республикасы 1992 жылы БҰҰ-ның толық құқықты мүшесi болды, сонымен өзiнiң халықаралық құқық принциптер негiздерiнiң жолын ұстамайтындығын делелдедi.

     Бiздiн елдi дуние жузiнiа 117-ден астам мемлекетi таныды, олардыц 105-i мен елшiлiк катынас орнатылды. 800-ден астам мемлекетаралык жене укметаралык шарiтар мен келiсмдер’ жасалды.

     Егемендi Қазақстан дүние жүзi қоғамдастығының толық құқықты мүшесi, оның ажырамас бөлегi бола отырып, сонымен бiрге БҰҰ-ның халықаралық құқықтық құжаттарының орындалуын бақылауға, алдыменен адам құқын сақтауға, оның iшiнде әдiлсот пен жаза атқару саласында өзiне мiндеттемелер алды. Қазақстан алдында жаңа тәуелсiз мемлекет ретiнде қоғам өмiрiн демократизациялауда қым-қиғаш қиын жолдан өту кезегi тұр. БҰҰ-ның құқықты сот саласындағгы халықкаралық құқық құжаттарына қосылу және оны бекiту мемлекеттiң қылмыс саясатын жасауда жақсы жол көрсеткiш болады.

     Қазақстанда қазiргi уақытта 74 түзеу мекемелерi бар, онда 76173 сотталғандар отыр. Жалпы қамауда отырғандардың 3,5 пайызы — әйелдер. Қазақстандағыи тергеу мекемесi мен еңбекпен түзеу мекемелерi (ЕТМ) Ережесi маңызды өзгертудi және жетiлдiрудi талап етедi.

     Материалдық қордың жетiспеуi, құқық жүйесiнiң оралымсыздығы, қоғамдық сананың дайын еместiгi қамаудағыларды бүгiнгiдей жағдайда ұстау ақтауга келмейдi, оларды аурудан немесе дистрофиядан (жүдеулiктен) қаза болуға әкелiп соқтырады.

     Олардың арасында туберкулезбен ауыратындар көбейіп келедi, олардың саны бүгiнде 17,5 мың адамға жетті, бұл елдегi басқа аурулар деңгейiнен 40 есе көп.

     1995 жылы туберкулезден 1273 сотталғандар өлдi. Барлық түзеу мекемелерi аса қиындап кеткен қаржыландыру мәселесiнен кемтарлық көруде, азық-түлiктi несиеге алуда, коммуналдық т.б. қызметтерге бере жақтарымен есептесе алмауда. Колоннияларда төсек-орын, киiм-кешек мүлiктерiн алуға мүмкiндiк жоқтың қасы. Сотталғандарға жеткiлiктi дәрiгерлiк көмек көрсету мүмкiкдiгi де аз.

     Қазақстанда бұлтартпау шаралары ретiнде негiзсiз күзетке алу және бас бостандығынан айыру жазалары кең қолданылады. Біздің елде 100 мың адамға 500-ден астам қамауда отырғандар келеді, бұл көрсеткiш Беларустан, Литвадан, Украинадан, Өзбекстаннан, Молдовадан әлдеқайда жоғары болып тұр.

     Қазакстанның түзеу басқармасы мен тергеу изоляторлар бастықтарының бағалауынша қамаудагғылардың санын халықтың қауiпсiздiгiне зиян келтiрмей, ең кемiнде үштiң бiрiне қысқартуға болады.

     Құқығы ең жиi бұзылатындардың бiрi, ол тергеуде жүргендердің қорғану құқығы. Кейбiр жағдайда тергеуде жүргендерге және ұсталғандарға ұсталған кезiнен бастап адвокат қатысу құқын хабарламайды немесе адвокатты алмауға мәжбүр етедi. Адвокатты қорғаушыларымен кездесу үшiн тек бiр жолға ғана рұқсат берiледi, сондықтан олар тергеу изоляторындағы “клиентiмен” кездесу үшiн кезекте сагаттап тұруға мәжбүр болады. Қорғаушылардың тiлегi жиi-жиi себепсiз қабылданбайды. Мұндай жағдай халықаралық үлгiге, жекелеп айтсақ, 1990 ж. тамызында БҰҰ қылмыстарды алдын ала ескерту туралы 8-конгресiнде қабылданған адвокаттар рөлi жөнiндегi негiзгi ережелерге қайшы келедi. Онда үкiметтің құзыретті билiкшiлерi әрбiр адамға оның өз қалауымен қамауға алғанда, ұстағанда немесе түрмеге отырғызғанда, сондай-ақ қылмыс жасаған деп жауаптағанда адвокат көмегiн алуды хабардар етiп, мүмкіндік тұғызуды қамтамасыз етуi тиiс. Ұсталуға ұыраған, қамауға алынған адамдар адвокатпен жиі кездесуге мүмкiндiк алуы керек, қайткенде де мерзім 48 сағаттан аспауы тиiс. Ұсталғанға, қамалғанға немесе түрмеге отырғызылғанға керектi жағдай жасалып және адвокатпен кездесу үшiн уақыт белгiленiп, байланыс құралдарымен тоқтаусыз, кедергiсiз, цензурасыз құпиясы толық қамтамасыз етiлуi керек.

     1990 ж. қыркүйекте Халықаралық заңгерлер конференциясында қабылданған (ХАЗ) ассоциациясы заң маманының тәуелсiздiгi Үлгiлерiне сай бас бостандығынан айрылған адамдардың iсiн жүргiзгенде адвокаттар тәуелсiздiгiн кепiл етуi керек, оларға еркiн, әдiлеттi және құпия (конфиденциальность) заң- көмегiн берудi, соның iшiнде ол адамдарға бару құқығын қамтамасыз етуi тиiс. Кепiлдiк етiп және сақтық шараларын қамтамасыз еткенде билiкшiлермен қандай да болмасын жасырын ымыраласу мүмкiндiгiн болдырмау, заңгердi олардан тәуелдi болудан сақтау және заңгердiң еркiнен айырылғандар мүддесіне қызмет iстеп жүргенiн жасатпау қажет. Адвокат “клиентiмен” қарым-қатынас жасаған уақытында оның құпиялылығы қамтамасыз етiлуi тиiс. Оған қоса қарапайым және электронды жүйенi, барлық адвокаттық iс жургiзуiн және адвокат құжаттарын алу мен қарауды қорғау тиiс. Сонымен бiрге электронды байланыс құралы мен хабарласу жүйесiн пайдаланғанда кiрiспеудi қамтамасыз ету керек.

     Басқа да тергеуде жүргендердiң құқығының сақтамаудың ең көшiрiлмейтiнi — ол тергеу жүргiзгені жатқан кезде, әсiресе жауап алу кезiнде заңдылық режимiн бұзушылық.

     Қазақстанда қылмыстық-атқару жүйесiн реформалау Алматыда өткен 1993 ж. “Қазақстандағы қылмыстық-атқару жүйесiнiң реформасы”, 1995 ж. “Сот және пенитенциарлық жүйелерiн реформалау кезiндегi адам құқығының Концепциясы”, туралы халықаралық конференцияларда талқыланды. Пенитенциарлы жүйенi реформалау үкiмет бекiткен Қазақстан Республикасының 2005 ж. дейiнгi қылмыстық-атқару жүйесiнiң даму Концепциясын жүзеге асыруды болжайды. Жаңа қылмыстық, қылмыстық iс жүргiзу, Қылмыстық-атқару кодекстерiнде БҰҰ-ның әдiлсот жүргiзу және сотталғандармен айналысу саласындағы Халықаралық актiлерi әзiнiң лайықты орнын табуы керек.

     Құқықтық мемлекет құру мақсатын қойған Қазақстанда заңға негiзделген ведомстволық актiлердi салыстырмалы түрде өзгертуге болады және олай ету қажеттiлiгi бүгiнгi күн талабынан туындап отыр.

     Қазiргi кезде құқық жүйесiндегi қайшылықты жеңiп шығу, iшкi бiртұтас, қарама-қайшылықсыз заң құру өте қажет.

     Кейбiр жағдайларда заң сотталғандарға негiзсiз тыйым салады да, олардың түгелдей жалпы азаматтық құқын қамтамасыз ете алмайды. Көптеген мәселелер ведомстволық актiлермен реттеледi, ал олар кей кезде заңды бұрмалайды. Нормалардың кейбiреуi халықаралық үлгiге сәйкес келмейдi.

     Бас бостандығынан айырылғандардың жазаны өтеу жағдайы сотталғандардың әр түрлi категориясына қарай жеткiлiктi даралан

ған. Түзеу амалы мен постпенитиенциарлы механизмдерi құқық бұзушы адамға дұрыс емес бағытталған. Онда оның тиiстi шамасын, жеке басының өзгешелiгiн адамгершiлiк дәрежесiнiң төмендегенiн, iстеген әрекстiнiң ауырлығын есепке алмайды.

Кьтлмьтстьик жазаны аткарудыц жаца зацьтн кабылдау кажетгiк себебi, оньт бiэдiц елдiн озiнс алган халыкаралык кукык мiндет-гемелерiне сейкестендiруге байланысты.

     Құқықты мемлекеттің сипаты — ол азаматтардың өмір сүру кезiнде құқы мен бас бостандығының кепiлдiгі және мызгымастығы, және азамат пен мемлекеттің өзара жауапкершiлiктi орнатуы мен қолдау принципi болып табылады.

 

3.2 Сотталғандардың  құқықтық  жағдайының  түсінігі

     Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдарына сәйкес соттталғандар тистi мәртебеге ие бола алады, онын негізгі субъективтi құқық, заңды мiндеттерi және олардың Қазақстан Республикасы азаматтары үшiн белгiленген заңдыи талаптарымен қоса қылмыстық-атқару заңдары, сот үкiмi мен шығатын режим мазмұны қойған шектеулер болып есептеледі.

      Норманың мазмұнынан (Қазакстан Республикасы ҚАК-нiң 8-бабы) сотталғандардың құқық жағдайын орнатумен бiрге тiкелей де, жанамалы да тілектеулер байқалады. Мысалы, Заң нормасы бас бостандығынан айыруға сотталғандарды Қарулы Күштерде қызмет ету, сайлау, сайланылу, мемлекет аумағында еркiн жүру құқын тiкелей шектейдi. Тiкелей шектеулер сот үкiмiнде қосымша жаза ретiнде көрсетiлуi мүмкiн, яғни тиiстi бiр лауазымды орында жасау немесе белгiлi қызметпен шұғылдану құқынан айыру, арнаулы немесе әскери лауазымнан айыру т.с.с. Тiкелей шектеулер тұрақты қорғау мен бақылау орнату режим ережесiн т.б. бiлдiредi.

     Жанама — ол соттың да үкiмi және жазаны атқару режимi. Сондықтан бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазаны атқару кезiнде айрықша мiндетiне байланысты өне бойы тұйық кеңiстiкте тұрады, оны бұзғаны үшiн тәртiп жауапкершiлiгiне тартылады.

     Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық-атқару Кодексiнде (ҚАК) Заңда бiрiншi рет, қылмыс жазасын атқару, ондағы тәртiбi мен жағдайын, сотталғандардың құқықтық жағдайын реттейтiн жеке тарау берiлген. Сонымен жазаны атқару заңдылығын, сосотталғандардың заңды талабы мен құқын қамтамасыз етуге көңіл бөлiнген. Қылмыстық-атқару кодексi Қазақстан Республикасы Конституциясын адам мен азамат құқын жалпы танылған халықаралық принциптер мен нормаларды, соның iшiнде қылмыстық жазаны өткерiп жатандардан құқық айырмашылығына қарай сәйкестендiрiлiп анықтай түседi. Мемлекет сотталғандардың заңды талабы мен бостандық құқын құрметтеп, оны мойындап қана қоймайды және оларды жүзеге асыру мумкiндiгiне кепiл болады.

     Субъективтi құқық деп мемлекет кепiл болатын және құқық нормаларымен қамтамасыз етiлген адамның белгiлі бiр кезендегi iсiне немесе тиiстi игiлiкке не болып пайдалануды айтамыз. Субъективтiк деп аталу себебi: оның тек қалай пайдаланатыны субъектiнiң еркiне байланысты.″Бостандық″ категориясы заңның “құқық” категориясына барабар. Заңды мiндет — ол құқық нормаларымен алдын ала жазылып койылған объективтi қажеттiлiгi, құқық қатынас субъектiсiнің құқықты өкiлегтiк адам тiлегiне лайықты сипаты. Заңдылық мiндет белсендi, жағымды әрекет жасауымен қатар, қандай да болмасын әрекеттен тартынуы да мүмкiн.

    Заңды мүдде түсінігi дегенімiз — ол заңмен белгiленген құқық пен бостандықтың мазмұнын қамтымайтын, бiрақ мемлекет жағынан қорғалуға тиiстi және құқық нормаларымен сақталатын жеке адамның қажеттi талабы.

     Қылмыстық-атқару кодексi сотталғандардың негiзгi мiндеттерiн былай белгiлеген:

  1. Сотталғандар осы Кодекспен, өзге де нормативтiк-құқықтық актiлермен және үкiммен белгiленген құқықтық шектеулерден туындайтын талаптарды сақтауға мiндеттi.
  2. Сотталғандар өздерiне белгiленген мiнез-құлық ережесiн, жазаларды атқарушы мекемелер мен органдар әкiмшiлiктерiнiң заяды талаптарын орындауға мiндеттi.
  3. Сотталғандардың өздерiне жүктелген мiндеттердi, сон- дай-ақ жазаларды атқарушь мекемелер мен органдар әкiмшiлiгiнiң заңды талаптарын орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соқтырады.

     Аталған мiндеттер сотталғандарға жүктелген мiндеттердiң- бiр кұрамдасы болып есептеледi. Негiзгi мiндеттер деп аталу себебi: олар жаза атқарып жатқандардың жаза түрiне қарамастан барлығына таралады және сотталғандарға қойылатын маңызды талаптарын бекiтедi. Сотталғандар мiндеттерiнiң көпшілігі құқық нормаларында бекiтiледi де жазаны өтеу тәртiбiн нақты түрде реттейдi.

     Сонымен қатар, әсiресе айта кетерлiк жайт, ол сотталғандар жаза атқаратын мекемелер мен органдар әкiмшiлiгiнің кез келген талабын емес, тек заңдыларын ғана орындауы тиiс. Яғни алдын ала заңдарда негiзделiп жазылған талаптар (Конституцияда, Қылмыстық-атқару кодексiнде, заң күшi бар Президент Жарлықтарында) және заңға негізделген нормативтiк актiлерде соның iшiнде жазаны өткеру мен атқару тәртiбiне байланысты; Қазақстан Республякасы Үкiметiнiң. қаулылары мен өкiмдерi; IIМ бұйрықтары, нұсқаулары, ережелерi, өкiмдерi; Қорғаныс министрлiгi шығаратын сотталған әскери қызметкерлердiң. жазаны атқару жағдайлары мен тәртiбi жөнiндегi нормативтiк актiлер және т. б. Бұл анықтама сотталғандардың құқықтық жағдайын бiлу үшін маңызы зор, себебi: ол сотталғатдарға талап етiлетiн заң өрiсiн шектейдi. Сотталғандар жүктелген мiндеттерiн орындау үшiн оларға әр түрлi заң салаларында белгiленген санкция қолдану мүмкiндiгi кепiл бола алатындығы (мысалы, жаза қолдану шаралары ҚазССР ҚАК-нiң 72-бабында көрсетiлген), жарлық құқықтың қандай саласына жататынына және ол адамның орындамағанына немесе тәртiп бұзғанына байланысты болмақ.  

 Сотталгандардың негiзгi құқықтарынана кiретiндер:

  1. Сотталғандардың сот тағайындаған жаза түрiн өтеудiң тәртiбi мен жағдайлары, өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерi туралы ақпарат алуға құқығы бар. Ақпаратты жазаны атқарушы мекеме немесе орган бередi.
  2. Сотталғандар жазаны атқарушы мекеменiң немесе органның әкiмшiлiгiне, жазаны атқарушы мекемелер мен органдардан жоғары тұрған басқару органдарына, сотқа, прокуратура органдарына, басқа мемлекеттiк органдарға, қоғамдык бiрлестiктерге, сондай-ақ адам құқығы мен бостандығын қорғау жөнiндегi халықаралық ұйымдарға ауызша және жазбаша ұсыныстар, өтiнiштер жасауға, шағымдануға құқылы.
  3. Сотталғандар түсiнiктеме беруге және хат алысуға, сон- дай-ақ осы баптың 2-тармағында аталғанындай ана тілiнде немесе өзi бiлетiн кез келген басқа тiлде ұсыныстар, өтiнiштер жасауға және шағымдануға, қажет болған жағдайларда аудармашының қызметiн пайдалануға құқылы. Сотталғандарға жауап өтiнiш жасаған тiлiнде қайтарылады. Өтiнiш жасаған тiлде жауап кайтаруға мүмкiндiк болмаған жағдайда ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік тiлiнде немесе халықаралық қолданыстағы орыс тiлiнде берiледi. Жауапты өтiнiш жасаған тiлге аударуды жазаны атқарушы мекеме немесе орган қамтамасыз етедi.
  4. Сотталғандар адвокатгардың, сондай-ақ осындай көмек беруге әукiлеттi басқа адамдардың заң көмегiн пайдалануға құқылы.
  5. Сотталғандар әлеуметтік қамтамасыз етiлуге, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы алуына құқығы бар.
  6. Қамауға немесе бас бостандығынан айыруға сотталғандар өздерiнiң денсаулығын сақтау үшiн қажеттi материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитарлық қамтамасыздандырылу құқығын пайдаланады.
  7. Соттың үкiмi бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдарды қоспағанда, сотталгандардың мемлекеттiк органдарды және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.
  8. Жазасын өтеген және сотталуына байланысты атқарып жүрген қызметiнен босатылған адамдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сейкес еңбекке орналасуға және тұрмыстық жағынан, әлеуметтiк көмектiң басқа түрлерiн алуға құқығы бар.
  9. Жазасын өтеп жүрген адамдардың қызметкерлер тарапынан сыпайылық көру құқығы бар. Олар катаң немесе адамшылық қасиетiн қорлайтындай жағдайға ұшыратылмауға тиiс. Сотталғандарға мәжбүрлеу шараларын заң негiзiнен езгеше қолдануға болмайды.
  10. Қамауға, бас бостандығын шектеуге немесе бас бостандығынан айыруға сотталған шетелдiктер өз мемлекеттерінің дипломатиялық өкiлдерiмен және консулдық мекемелерiмен, ал Қазақстан Республикасында дипломатиялық және консулдық мекемелерi жоқ елдердiң азаматтарының мүдделерiн қорғауды өз мойнына алған мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерiмен немесе оларды қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдармен байланыс жасауға құқығы бар.
  11. Сотталғандардың құқықтырын iске асыру тәртiбi қылмыстық-атқару кодексiмен, Қазакстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтiк-құқықтық актiлермен, Қазақстан Республикасы бекiткен мемлекетаралық шарттармен белгiленедi.

     Мұнда Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексi ережелерiнде Халықаралық-құқықтық актiлер мен үлгiлердiң жазаны атқару саласындағы және сотталғандармен айналысу кезiндегi жарлық-бұйрық пен ұсыныстарын жүзеге асырудың жалпы бағыты бейнеленiледi. Сотталғандардың құқығы көпшiлiк таныған халықаралық құқық принциптерi мен нормаларына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына негiзделгендiктен, оның ұттық заңдардан артықшылығы сонда болып отыр.

     Мемлекет Халықаралық актiлерге сейкес қылмыскердi жазалай отырып, оның құқын қаншалықты жаза мақсатына жету үшін сонша дәрежеде шектеуi тиiс. Сотталғандар соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енгеннен кейiн де Қазақстам Республикасының азаматы болып қала бередi, соған байланысты олардың түгелдей жеке басының ар-ождан конституциялық құқы сақталады. Бұл әр адамның ажырамас құқы және оны ешкiм шектей алмайды.

     Сотталғандармен айналысу — ол адам әрекетiнің құқық нормалары саласындағы толық, әбден реттелгендерiнiң бiрi. Құқық қорғау мен адамның бас бостандығына арналған барлық негiзгi Халықаралық құқықтық актiлер тәжiрибеде оған айрықша көңiл бөледi.

     Мысалы, адам құқының жалпыға бiрдей Декларациясының (1948 ж.) 5-бабы, Халықаралық азаматтық және саяси құқықтар туралы пакт (1966 ж.) 7-бабы, азаптау және басқа да адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысын қорлап айнылысу және жазалау түрлерiне қарсы Конвенциясының ( 984 ж.) 2-бабы, адам құқымен негiзгi бостандықтарды қорғау туралы Еуропа Конвенциясының (1959 ж.) 3—бабы және басқа да халықаралық құқық құжаттар азаптау мен мейiрiмсiзіздік қана емес, басқа да адамгершiлiктен тыс түрлерiн немесе адамгершiлiк абыройын қорлап айналасуға тыйым салады. Сотталғандардың бәрi бiрдей және бар уақытта да режим талабын орындамайтыны сөзсiз. Осыған байланысты, жазаны атқарушы мекемелер мен органдардын дербес қызметкерлерiне тиiстi уәкiлдiк мiндет жүктеледi, соның iшiнде тәртiп бұзушыларға ескерту шарасын қолдану мүмкiндiгi берiледі. Мұнда мiндеттi шарт — ол заңда шара мен процедураны бекiту болып есептеледi.

     Сотталғандардың жеке басынын қауiпсiздiгiне құқы бар. Бiрнеше Халықаралық құқықтық актілер (адам құқығының жалпыға бiрдей декларациясы, адам құқы мен негiзгi бостандықтарын қорғау туралы Еуропа Конвенциясы, сотталғандармен айналысқандағы Ең аз үлгi Ережесi және т.с.с.) адамның негiзгi құқын белгiлей отырып, сотталғандардың бас бостандығынан айыру жағдайындағылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудің жайын көрсетедi, жеке тұлғаның негiзгi құқын бекiтедi.

     Жазаны атқарушы мекемелерде сотталғандардың жеке басының қауiпсiздiгi сотталғандарды мiнез- құлкқын қадағалау, олардың өздерiн, меншiктi заттарын, жайларын, сәлемдемемен алған заттарын тiнту мен тексерулер жүргiзу, жедел iздестiру жұмысы, соньгмен бiрге басқа да аталған ұйымдар әкiмшiлiктерiнiң түрлi әрекеттерiмен қамтамасыз етiледi. Ерекше жағдайларда сотталғандар мен дербес қызметкерлердiң. қауiпсiздiгiн сақтау үшiн түзеу мекемелерiнде төтенше режим жағдайын енгiзуге рұқсат етiледi (резин сойылы, қол кiсен, жуасыту көйлегi, жас ағызатын газ т.с.с.). Жеке бас қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге шара қолданудың заңды негiзi ол сотталғанды шын қорқытып қауiп төндіруiнен пайда болады. Қылмыстық құқықта қорқыту түсiнiгiн сөзбен жеткiзу немесе өзгеше тәсiлмен басқа бiр адамға қарсы ойын бiлдiрудi айтады.

     Сонымен қатар сотталғанға қорқытқаны жөнiнде әр түрлi тәсiлмен ескертiледi, яғни ауызша жеке өзiне, басқа бiр адамдар арқылы, жазбаша, ымдау арқылы, қару көрсету т.с.с. Сотталғанның жеке басына озбырлық жасаумен қатар, қауiп—қатер төндiрудiң негiзi басқа да сотталғандардың, дәрежелi қызметкердiң немесе бөтен бiреудiң заңсыз әрекеттерi болуы әбден мүмкiн. Сотталғанның жеке басына қауiп төнгенiн қылмыстық жазаны атқаратын мекеме әкiмшiлiгiнiң өз бетiмен бiлуi мүмкiн (мысалы, бақылау жедел-iздестiру шараларын жүргізген кезде). Сотталғанның жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шарасының (формальды негiз) себебi болып сотталғанның жеке басы қауiпсiздiгiне қатер төнгенiн анықтаған қылмыстық жазаны атқаратын мекеме қызметкерiнiң (ауызша немесе жазбаша) өтiнiшi есептеледi.

     Сотталғанды қауiпсiз жерге ауыстыру мiндетi қылмыстық жазаны атқаратын мекеме бастыгына жүктеледi (мысалы, айып қапасына, карцерге т.с.с. немесе жеке басына қауiп тудырмайтын шаралар қолданылады). Көрсетiлген негiзде белгiлi бiр себептермен сотталғанды қауiпсiз жерге ауыстыру жаза болып есептелмейдi. Мұндай сотталғаядардың жолығуға, тағам және қажеттi бұйымдар, сәлемдеме, тамақ, заттар алуға т.б. құқы сақталады. Сотталғанның қауiпсiз жерде қанша болатындығы заңда көрсетiлмеген.

     Сотталғанның қауiпсiз жерде болуын тоқтатудың негiзi — оның жеке басына төнген қауiптi жағдайдың жойылуына байланысты.

     Қылмыстық-атқару кодексi сотталғандарға ар-ождан бостандығы мен дiн ұстану бостандығына кепiлдiк бередi. Ар-ож-дан еркiндiгiнiң жеке бастың демократиялық еркiндiгіне қатысы бар. Ол қоғамдағы жеке адам жағдайын белгiлейдi және ол саяси, құқықтық нормаларда бекiтiлген. Дiни сенiм бостандығы Қазақстан Республикасы Конституциясына сейкес негiзгi адам құқығының бiрi болып танылады. Азаматтардың теңдігі туралы соның iшiнде дiни турғыдағы Конституция нормасын бұзу, яғни дiни ұйымдардың қызметiне немесе дiни ырымдарды жасауына заңсыз кесел келтiру қылмыс болып есептеледi және қылмыстық заңмен жазаланады. Сонымен бiрге қылмыстық және әкiмшiлiк жауапкершiлiктi жоққа шығармаумен қатар, қылмыстық-атқару заңы сотталғандардың iшкi ереже тертiбiн бұзғандарына, дiни ырымдарды сақтауда тәртiптiк жауапкершiлiк шарасын қолдану мүмкiндiгiн де қарастырған. Сотталғандар құқы мен заңды талаптары бұзылғаны жөнiнде ұсыныс, арыз, шағым жiбере алады. Сотталғандар кез келген мемлекеттiк немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына әр түрлi меселелер, соның iшiнде олардың субъективтi құқы мен заңды талаптарына байланысты болмаса да, арыз немесе ұсыныс жiберуге хақы бар.

     Азаматтардың жазаны атқару мен өтеуге байланысты емес арызы мен ұсыныстары тиiстi хабардар органдарға жiберiледi Ұсыныстар тек қана қосымша тексеру керек етпейтiн болса бiр ай мерзiм iшiнде қаралады, ал ол жөнiнде ұсыныс жасаған адамға хабар етiледi. Арызда бiр ай iшiнде қаралуы тиiс, ал ол тексерудi керек етпесе, онда кiдiртпей, арыз түскен уақыттан бастап 15 күннен кешiктiрмей жауап беруi керек.

     Шағымның ұсыныс пен арыздан айырмашылығы — оны сотталғандар құқығы мен занды талаптары бұзылғанда бередi. Шағымды жазаны атқарып жатқан мекеме мен органның әкiмiлiлiгiне, немесе қарауға құқығы бар басқа да органдарга жiбере алады. Ол ауызша да, жазбаша да айтылуы мүмкін. Жалпы шағым, арыз т. б. жазаны атқарып жатқан мекемелер мен органдардың әкiмшiлiгiне жiберiлгендер белгiленген мерзiм iшiнде каралып, қорытындысы немесе шешiмi сотталғанға мәлiм етiледi. Сотталғандардың сотқа, прокурорға немесе жазаны атқарып жатқан мекеме мен орган қызметiн бақылауға хақы бар мемлекеттiк органға жiберiлген шағымды қарауға рұқсат етiлмейдi және бiр теулiктен кешіктiрiлмей (мейрам және демалыс күндерi кiрмейдi) тиiстi бағытталған жерге жiберiлуi керек. Сотталғандардың жалпы немесе арнаулы өз мiндеттерiн нақтылы, дәл және сөзсiз орындауы оларды тербиелеудiң қажеттi де алғашқы кезектегi шарты. Заңды сыйлауға дағдыландыру әдетте тәртiпке және өзiн ұстай бiлуге үйрету, тек қатал талап қойып және құқықтық талаптан шегiнуден шығатын, жазаны атқару, яғни өтеудегi белгiленген режимдi сақтамағаны үшiн жаза қолданып отырудан пайда болады. Сотталған режимдi бұзғаны үшiн оған тәртiптік, материалдық немесе қылмыстық жауапкершiлiк шаралары қолданылуы мүмкiн. Жауапкершiлiктiң нақты түрi құқық бұзудың мазмұнына оның қоғамға қауiптiлiгiне байланысты.

     Сотталғанның iс әрекетiнде тиiстi бiр құқық бұзудың құрамы болса немесе жауапкер iс-қимылымен нақты құқық нормасында көрсеткендi (қасақаналықпен болмаса абайсызда) бұзған болса сонда ғана жауап беру басталады.

     Тыйым салынғанды бұзғаны үшiн, яғни белгiленген ұстау режимiнiң ммідеттерiн орындаудан бұлтарғаны немесе әдейі міндеттерiн орындамағаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлік басталады. Жалпы мiндеттерiн соньың iшiнде, тек қылмыстық-атқару құқық қатынастарының субъектiсi ретiнде сотталғандарға тәртiп бұзбауды орындамағаны үшiн де тәртiптiк жауапкершiлiк басталады.

     Тәртiптiк жауапкершiлiк тек құқық нормаларына негiзделген талаптарды ғана орындамағаны үшiн болады. Туысқандарымен хат жазысып тұрудан бас тартқаны үшiк т.с.с. тәртiптiк жауапткершiлiкке тартуга болмайды. Тәртiптiк жазаны қолдануды оған құқығы бар түзеу мекемелерiнiң лауазымды адамдарына ғана рұқсат етедi (мекеме бастығына, оның орынбасарларына, жасақ бастығына т.с.с.) Ал жаза қолдану шаралары, тек қылмыстық-атқару құқығы нормаларында көрсетiлгендегiдей болуы тиiс.

     Материалдық жауапкершiлiктiң тәртiптiктен айырмашылығы — ол сотталғандар өздерiнiң заңға қарсы әрекеттерiмен мемлекеттiң мүлкiне зиян келтiргенi үшін ғана басталады. Келтiрiлген материалдық зиян мөлшерi соттың шешiмiмен түгелдей немесе жарым-жартылай өндiрiледi.

     Жалпы сот принципiнен алынып тасталынса да қылмыстық-атқару заңы (егер де шығын еңбек-шарттың мiндетiн атқару кезiнде немесе басқа да азаматтық-құқық бұзылған әрекетке жататын болса) шығынды төлеудiң әкiмшiлiк түрiн белгiлейдi. Шығынды өндiрiп алу, түзеу мекемесi бастығының дәлелді, қаулысымен iстеледi, бұлардың барлығы жауапкерге таныстырылып және ол оған қол қояды. Бұл қаулы туралы жауапкер жоғары бастыққа шағым етуге хакы бар, бiрақ ол зиянды өндiрiп алу қаулысының орындалуын тоқтатпайды.

     Қаулы бұзылғаннан кейiн егер де сотталғанның зиян көлемі еңбек ақысынан заңсыз ұсталған болса, оның дербес шотына жазылып, қайтарылады. Материалдық жауапкершiлiктегi iстеген шығын, тек қана табыс салығын, тамақ, киім, аяқ киім бағасын және үкiм қағазы сомасын төлегеннен кейiн қайтарылады. Егер де сотталған босатылып шығатын кезiнде материалды шығыны өтелмей қалса, онда түзеу мекемеснiң әкiмшiлiгi сотқа жалпы талап ретiнде беруге хақы бар. Бұл жағдайда соттың шешімiмен, заңда белгiленген тәртiппен материалдық шығын төлетiп алынылады.

     Сотталғандардың iшiнде жазаны атқару кезiнде, тағы да қылмыс жасап қылмыстық жауапқа тартылатын жағдай тәжiребеде жиi кездесiп тұрады. Жауапкершiлiктiң мұндай дәрежесi тек қана қылмыстың ауырлығынан, жауагткердiң жеке басынан емес және тағы басқа жауапты жеңiлдететiн немесе ауырлататын жағдаларға байланысты болып келедi. Сот жаза тағайындағанда қылмыстың бұрынғы қылмыстық жазаны атқару кезiнде iстелгенiн еске алуы тиiс. Бұл — жауапкершiлiктi ауырлататын жағдай, сондықтан еске алынып жаза қолданғанда бұрынғы жазаның жиынтығымен үкiм шығарады.

     Ал сот үкiмi жаңа қолданған жазаға түгелдей немесе жарым-жартылай бұрынғы жазаның өтелмеген бөлiгiн қосады. Жаңа iстеген қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адам бұрынғыдан қатал режимдi колонияға немесе түрмеге жiберiледi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

     Қазақ  елінің  тәуелсіздік  алып,  дербес  мемлекет  болғалы  да  он  алты  жылдың  жүзі  болды.  Сол  салыстырмалы  түрдегі  азуақыттың  ішінде  ел  өмірінде  бірқатар  күрделі  саяси – құқытық,  эканомикалық,  мәдени — әлеуметтік  өзгерістер  мен  оқиғалао  болып  өтті.

     Мемлекет  басшысы  Нұрсылтан  Әбішұлы  Назарбаевтің  Қазақстан  халқына  дәстүрлі  Жолдауында  кез – келген  ұлттың  түп – тамыры  ұлттық  рұхы  мен  азаматтық  пайымында  жатқанын  еске  сала  кетіп,  бәрінен  бурын  тұрақтылық  пен  байсалды  эволюциялық  дамуға  нақ  осы  жұрттың  ықыласты  болатыны,  терең  сезінетін  де  осы  жұрт  екенін,  өйткені  оның  қаны  мен  жанында  бабларымыздың  арманы  мен  үміті  қаттаулы  қалпында  жатқанын  атап  көрсетті.  Жолдаудың  концепциялық  мәні  өркениетті  қоғамға  тән  парасатты  тұжырым  мен  өмірге  деген  сенімі  семіп  бара  жатқан  жандарға  жылт  еткен  үміт  отын  жағумен  де  маңызды  болып  отыр.

      Қоғамды  демократияландыру – еліміздің  негізгі  және  басым  міндеттердің  бірі.  Қазір  соған  сәйкес  қоғамдық  өміріміздің  барлық  салсында  кең  көлемді  реформалар  жүзеге  асырылып  жатыр.  Бұл  мақсатта  бізден  алғашқы  кезекте  еліміздегі  құқықтық  жүйені  жетілдіруді  қолға  алуды  талап  етеді.  Ал  елімізде  көбейіп  бара  жатқан  сан  алуан  қылмыстар,  олардың  алдын – алу  мен  күресуде  жаңа  қылмыстық – құқықтық    шаралар  қолдануға,  іздеуге  және  жетілдіруге  итермелейді.  Демек,  қазіргі  қолданып  жүрген  құқықтық – нормативтік  құжаттарды  еліміздегі  азаматтық  қоғамның  босағасын  бекіте  түсу  үшін  де  осы  заман  талабына,  халықаралық  стандарттарға  сай  жетілдірудің  мезгілі  жеткен  іспетті.  Осы  қадамдарымыз  арқылы  біз  әлемдік  қауымдастық  алдында  еліміздің  абройы – атағын  биіктететін  боламыз.

     Иә,  қоғамымызда  өтіп  жатқан  демократияландыру  процесі  құқық  қорғау  органдары  мен  қылмыстық – атқару  органдарының  заңдардың  аты  мен  затына  сай  қызмет  етуін,  сондац – ақ  қолданыстағы  заңнама  елдің  нақты  эканомикалық  және  әлеуметтік  болмысына  барабар  болуын,  көкейтесті  мәселе  ретінде  алға  қойды.  Бұл,  әсіресе,  қоғамның  жаңа  саяси  нормаларын  бекіту  және  нарықтық  қатынастардың  дамыту  шағында  олардың  құқықтық  қамтамасыз  етілуін  уақытылы  түзетумен,  сапалы  заңдардың  қабылданумен,  жоғары  кәсіби  құқықтық  қолданумен,  құқық  қорғау  орагандарының  және  жаза  атқару  органдарының  мүлтіксіз  жұмысының  ұштасумен  өте  маңызды.

     Осы.ан  орай,  біздің  мемлекетіміздің  құқықтық  саясатындағы  кең  көлемде  жүргізіліп  жатқан  реформалар  қоғамымыздың  санасына  ізгілік,  адамгершілік  қағидаларын  ендіріп  отыр.  Бүгінгі  таңда  күн  тәртібінде  турған   өзекті  мәселелердің  ішінде  қамаудағы  адамдардың  құқықтары  мен  еркіндіктерін  қорғауын  қамтамасыз  етілуін  көздеп,  Қазақстан  Республикасының  қылмыстық  атқару  жүйесінің  құрылғанынан  бастап  өзінің  қызметінде  белгіленген  мақсаттардың  бірі  адам  құқықтарын  қорғау  болып  табылатын  БҰҰ – ның  қабылдаған  халықаралық  құжаттарына  сай,  дамыған  шет  елдердегі  пенитенциарлық  жүйелердің  тәжірибелеріне  құлақ  аса  отырып  жетілдірудің  маңызы  зор  екендігін  тағыда  айтып  кеткен  жөн.

       Осы  проблеманың  өзектілігі  әлемдік  қоғамдастық  пенитенциарлық  жүйені  дамытудың  сапалы  жаңа  кезеңіне  өтуде.  Осыған  байланысты,  қылмыстық – атқару  жүйесінде  сотталғандарды  ұстаудың  халықаралық  нормалар  мен  стандарттардың  талаптарына  барынша  жақын  жағдайын  жасау  қажет.  Осы  бағытта  дамыту  жөніндегі  міндеттер  кешенін  шешу  турақты  мемлекеттік  қолдаусыз,  халықаралық  ұйымдармен  белсенді  ынтымақтастықсыз  мүмкін  емес.

      Қолданыстағы  түзеу  мекемелерінің  толып  кетуі  сотталғандарды  орналастыруда,  режиммен  қадағалауды  қамтамасыз  етуде,  бас  бостандығынан  айыру  орындарында  құқық  бұзушылықтардың  алдын – алуда,  жаза  өтеп  жатқан  адамдардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуде,  сондай – ақ  олармен  тәрбие  жұмысын  жұргізуде  қиындықтар  туғызады.  Сол  сияқты  сотталғандарды  еңбекпен  қамтудағы,  коммуналдық – тұрмыстық жағдайды  ұйымдастыруға  байланысты  ахуал  күрделене  тусуде.

      Сондықтан,  түзеу  мекемелерінде  ұсталатын  сотталғандарды  ұстау  жағдайларын,  қоғамнан  оқшаулауға  байланысты  емес  жазаларды  орындау  сапасын,  қылмыстық – атқару   жүйе  қызметкерлерінің    кәсіби  даярлығын  жақсарту  жолымен  еліміздің  пенитенциарлық  жүйесін  дамыту  үшін,  жазаларды  орындау,  түзеу  мекемелерде  ұсталатын  адамдардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  қамтамасыз  ету  саласындағы  заңнаманы  жетілдіріп,  жаза  өтеп  жатқан  адамдарды  ұстау  жағдайларын  халықаралық  нормалар  мен  стандарттардың  талаптарына  барынша  жақындатып,  түзеу  мекемелерінің  материалдық – техникалық  базасын  жақсартып,  бас  бостандығынан  айыруға  балама  жазаларды  және  қылмыстық – құқықтық  ықпал  ету  шараларын  тиімді  орындау  үшін  жағдайлар  жасап,  сотталғандардың  еңбекпен  қамтылуын  арыттыру  мен  қылмыстық – атқару  жүйесінің  қызметкерлерін  кәсіби  даярлауымыз  қажет.

     Қорытындылай  келгенде,  жоғарыда  аталып  кеткен  мақсаттарға  жету  үшін  еліміздің  пенитенциарлық  жүйесін  халықаралық  стандарттар  мен  нормаларға  сәикес  дамытудың  келесі  бағыттары  айқындалып  отыр:

  • Қылмыстық – атқару жүйесі қызметтің  заңнамалық  базасын  қайта  қараумен,  халықаралық  нормалар  мен  стандарттардың  талаптарына  сәйкес  жаңа  нормативтік  құқықтық  кесімдер  әзірлеумен  және  қабылдаумен  қатар  жүруі  тиіс.  Елбасы  белгіленген,  Қылмыстық  саясатты  ізгілендіруге  бағытталған  бағытты  іске  асыру  аясында  қызметкерлер  мен  сотталғандардың  қауіпсіздігін  ескере  отырып,  жаза  өткеру  тәртібі  мен  шарттарын  ізгілендіру  жағынан  қарай  өзгерту  мәселелері  бойынша,  шет  елдердің  тәжірибесін  зерделей  отырып,  бірқатар  нормативтік  құқықтық  кесімдер  жобаларын  әзірлеу  қажет;
  • Қылмыстық – атқару жүйесінің  ұйымдық – құрылымдық  құрылысын  жетілдіру.  Бұл  мақсатта  жаңа  түзеу  мекемелерді  құру,  сотталғандарды  қоғамнан  оқшаулауға  байланысты  емес  жазаларды  орындайтын  қылмыстық – атқару  инспекцияларының  құқықтық  мәртебесін  көтеріп  және  осы  қызметті  әрбір  ауданда  құра  отырып,  қызметкерлердің  штат  санын  арттырып,  олардың  функцияларын  кеңейту,  бұл  мекемелердегі  қадағалау  жөніндегі  бақылаушылардың  штат  санын  кезең – кезеңімен  арттыру,  қылмыстық – атқару жүйесін  басқарау   процесін  сапалы  ақпараттық – талдаумен  қамтамасыз  етуді  құру  жөніндегі  іс – шараларды  әзірлеу  және  іске  асыру  қажет.  Оны  оңтайландыру,  компиютерлендіру  құралдардың  кеңінен  енгізілуі  мен  байланыстың  дамуы  негізінде  жүзеге  асырылуы  тиіс;
  • Жаза өтеп  жатқан  адамдардың,  сотталғандардың  құқфқтары  мен  заңды  мүдделерін  қамтамасыз  ету.  Сотталғандардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  сақтау  кепілдігін  нығайту  мақсатында,  адам  құқықтарыын  қорғау  саласындағықызметті  жүзеге  асыратын  мемлекеттік  және  үкіметтік  емес  ұйымдарды  қатыстыра  отырып,  сотталғандардың  құқықтыра  мен  заңды  мүдделерін  сақтауға  бақылауды  жетілдіру  жөнінде  ұсыныстар  әзірлеп,  сотталғандардың  заң  көмегін  алу  уақытылы  және  оңай  болуын  қамтамасыз ету;
  • Жаза өтеп  жатқан  адамдармен,  сотталғандармен  тәрбие  жұмысын,  оларды  медициналық  қамтамасыз  ету  мен  еңбекке  тарту  нысандары  мен  әдістерін  жетілдіру.  Бұл  ретте,  олармен  дербес  жұмыс  бағдарламаларын  ізәрлеу  мен   енгізуге,  жаза  өтеп  жатқандармен  олардың  туыстары,  қоғамдық,  діни  және  өзге  де  ұйымдар  арасындағы  байланысты  қолдау  мен  тығайтуға,  діни  қажеттіліктерді,  рухани  және  моральдық  сұраныстарды  қанағаттандыруға,  ұлттық  салт – дәстүрлері,  әдеп – ғурыптарды  сақтауға  жағдай  жасауға  маңызды  орын  берілуі  тиіс.  Сотталғандарды  медициналық  қамтамасыз  етуді  жақсарту  мақсатында,  ауруханалардың,  емдеу  құқығындағы  түзеу  мекемелердің  соның  ішінде  туберкулездің  белсенді  түрімен  ауыратын  науқас  сотталғандарды  ұстау  мен  амбулоторлық  емдеуге  арналғандардың  материалдық – техникалық  базасын  жақсарту  бойынша  шаралар  қабылдап,  денсаулық  сақтау  органдарымен  сотталғандардың  жұқпалы  және  басқа  да  ауруларының,  сонымен  қатар  маскунемдіктің,  нашақорлықтың,  ЖҚТБинфекциясының  алдын – алу,  диагностикалау  мен  емдеу  мәселелерінде  өзара  іс — әрекетті  жүзеге  асыру  қажет.  Сотталғандардың  еңбекпен  қамтылуы  олардың  еңбек  рыногында  суранысқа  ие  жұмыс  кәсіптері  мен  мамандықтарын  алуына,  бостандығынан  кейін  олардың  жұмысқа  орналасуына  ықпал  ету  керек.  Осыған  байланысты,  білім  беру  органдарымен  бірлесіп  сотталғандарды  кәсіби  оқытудың  өз  өндірісінің  мүдделерін,  еңбек  рыногын,  Сондац – ақ бостандығынан  кейін  жұмысқа  орналасуын  мүмкіндігін  ескеретін  икемді  жүйесін  ұйымдастырып,  түзеу  мекемелері  кәсіпорындарының  қызметін  тұрақтандыру  қажет;
  • Қылмыстық – атқару жүйесі  саласындағы  ғылымды  дамыту.  Бұл  мақсаттқа,  ғылыми – зерттеу  орталығын  құру  қажет,  оның  қызметі  жаза  атқару  саласындағы  халқаралық  тәжірибені  зерделеу  мен  енгізуге,  өткізілетін  ұйымдастырушылық  және  құқықтық  қайта  құруларға  ғылыми  ілеспе  жасауды  қамтамасыз  етуге  және  іргелі  сипаттағы  ғылыми  зерттеулерді  ұйымдастыруға  бағдарлануымыз  қажет;
  • Қоғадық бірлестіктермен  және  бұқаралық  ақпараттарымен  жұмыс  атқарып,  ынтымақтастық  датымытуымыз  керек;
  • Қылмыстық – атқару жүйесі  үшін  кадырлап  даярлап,  ҚАЖ – дың  материалдық – техникалық  базасын  жақсартуымыз  қажет.

         Осы  бағытта  және  т.б.  шаралар  атқарылғаннан кейін,  еліміздің  пенитенциарлық  жүйесі  жаза  өтеп  жатқан  адамдарға  қатысты  халықаралық  стандарттарға  толық  жауап  береді  және  басқа  шет  мемлекеттердің  пенитенциарлық  жүйелеріне  үлгі  ретінде  бола  алады  деп  айту  әбден  мүмкін.

         Ал  жалпы,  адам  құқықтарын  қорғаудың  ұлттық  жүйесінің  өткен  мерзімдегі  ахулына  сипаттама  бергенде,  оның  жетілуі  сатысында  болғанын  айтуға  болады.  Сот  жүйесі  мен  оның  барлық  құрамдас  бөліктері  даму  үстінде.  Адам  мен  азаматтың   құқықтарын  соттан  тыс  қорғау  институттары  дамыды.  Адам  құқықтарын  сақтау  және  қорғау  азаматтардың  өз  құқықтары  мен  бостандықтарын  еркін  түрде  іске  жүзеге  асырылды.  Қазақстан  Республикасының  адам  құқытары  саласындағы  маңызды  құжаттарды  тануы,  конститытцимызда  адам  және  азаматтардың  танылған  құжаттары  мен  бостандықтарын  бекітілуі  осы  бағыттағы  маңызды  қадамдар  болып  табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    Пайдаланған  әдебиеттер  тізімі

 

Қазақстан  Республикасының  нормативтік – құқықтық  актілері

  1. 1995 жылы  30  тамызда  қабылданған  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы;
  2. Основные направления  внутренней  и  внешней  политики  на  2007 год.,Послание  президента  народу  Қазахстана. //Қазахстанская  правда  2007г.,  10  апреля;
  3. Қазақстан Республикасының  Қылмыстық  Кодексі.  Алматы – Юрист, 2001;
  4. Қазақстан Республикасының  Қылмыстық  іс  жүргізу  Кодексі.  Алматы – “Баспа”  2005ж;
  5. Уголовно – исполнительный кодекс  Республики  Казхстан.  Общая  характиристика  ( в  сравнении  с  ИТК  Казахской  ССР)  Алматы,  Баспа – 2002,  112с.;
  6. Қазақстан Республикасының  2002  жылы  8  тамызда  қабылданған  Қазақстан  Республикасының  Бала  құқықтары  туралы  заңы;
  7. Закон Республики  Казахстан  от  16  июля  2001  года  ”О  внесении  изменений  и  дополнений  в  некоторые  законадательные  акты  Республики  Казахстан  по  вопросам  реформирования  уголовно – исполнительной  системы  и  статусе  ее  работников”;
  8. Постанавление Правительства  Республики  Казахстан  от  31  декабря  2005  года № 1376 “Об  утверждении  Программы  дальнейшего  развития  уголовно-исполнительной  системы  Республики  Казахстан  на  2005-2007 годы”;
  9. Постанавление Правительство  Республики  Казахстан  от  1  октября 1996  год  “О мерах  по  стабилизации  деятельности  учереждении  уголовно-исполнительной  системы и  мест предварительного  заключения  под  стражу  в  Республики  Казахстан”;
  10. Постанавление Правительство  Республики  Казахстан  от  22  января  2001  года  № 92  “О  праграмме  улучшения   материально-технической  базы  исправителных  учереждений  и  следственных  изоляторов  Республики  Казахстан  на  2001-2005  годы ”;
  11. Доклад комиссии  по  правам  человека  и  гражданина  в  Республики  Казахстан  в  2005 году. .  //Юридическая  газета.  7 мая 2005г. С.5;

 

Халықаралық  құқықтық  актілер

  1. 1945 жылы  26  маусымда  қабылданған  БҰҰ-ның  Жарғысы. Адам  құқықтары  саласындағы  Халықаралық  келісім  шарттар  жиынтығы.  Ашық  қоғам  Институты  АҚШ.  Алматы  2002.  483 бет;
  2. 1948 жылы 10  желтоқсанда  қабылданған  Адам  құқықтарының  жалпыға  бірдей  декларациясы.  Сброник  дакументов  по  международному  праву.  Под  ред.  К. Токаева. – Алматы – 1998, том 1;
  3. 1966 жылы  16  желтоқсанда  қабылданған  Азаматтық  және  саяси  құқықтар  туралы  халықаралық  пакт.  Международное  уголвное  право  в  документах.  В  3-х  томах.  Сост. – М.Б. Кудайбергенов.  Алматы: Данекер,  Ғылым, 1999 – 307 С.1;
  4. 1966 жылы  16  желтоқсанда  қабылданған  Эканомикалық,  әлеуметтік  және  мәдени  құқықтар  туралы  халықаралық  пакт.  Международное  уголовное  право  в  дакулентах.  В 3-х  томах.  Сост. – М.Б. кудайбергенов.  Алматы:Данекер,  Ғылым,  1999 – 307 С.;
  5. 1984 жылы  10  желтоқсанда  қабылданған  Азаптау  мен  басқа  да  зорлық – зомбылыққа,  немесе  қадір  қасиетті  қорлайтындай  адамшылыққа  жатпайтын  қатігездік  жол  мен  жәбір  көрсетуге  немесе  жазалауға  қарсы  конвенция.  Международное  уголовное  право  в  документах.  В 3-х  томах.  Сост. – М.Б. кудайбергенов.  Алматы:Данекер,  Ғылым,  1999 – 307 С.;
  6. Бала құқықтары  туралы  конвенция  1989 жылы  20  қараша.  Сборник  документов  по  международному  праву. В 4-х  томах.  Под.  Ред.  К. Токаева. – Алматы  1998,  том 1 ;
  7. 1979 жылы  18  желтоқсанда  қабылданған  Әйелдерге  қатысты  кемсітудің  барлық  турлерін  жою  туралы  конвенция.  Әйел  құқықтары.  Негізгі  құжаттар.  Алматы:  Мальвина,  1999 – 270 бет;
  8. 1955 жылы  қабылданып,  1957  жылы  31  шілдеде  мақұлданған  БҰҰ – ның,  тұтқындарға  қараудың  минималды  қалыптық  ережелері.  Адам  құқықтары  саласындағы  Халықаралық  келісім – шарттар  жиынтығы.  Ашық  қоғам  Институты  АҚШ.  Алматы  2001.  485  бет;
  9. 1990 жылы  14  желтоқсанда  қабылданған  БҰҰ – ның,  кәмелетеке   толмағандар  жөнінде  сот  төрелігініске  асыруға  қатысты  минималды  қалыптық  ережелер  (Токио  ережелері).  Адам  құқықтары  саласындағы  Халықаралық  келісім – шарттар  жиынтығы.    Ашық  қоғам  Институты  АҚШ.  Алматы  2001.  485  бет;
  10. 1985 жылы  29  қарашада  қабылданған  БҰҰ – ның,  тұрмеге  қамауға  қатысты  емес  шараларға  байланысты   минималды  қалыптық   ережелері (Пекин  ережелері).  Адам  құқықтары  саласындағы    Халықаралық  келісім – шарттар  жиынтығы.    Ашық  қоғам  Институты  АҚШ.  Алматы  2001.  485  бет;
  11. 1988 жылы  9  желтоқсанда  қабылданған  БҰҰ – ның  Ұстау  немесе  қамауға  алудың  қандай  да  болмасын  түріне  ұшыратылған  барлық  тұлғаларды  қорғаупринциптерінің  жиынтығы.  Ашық  қоғам  Институты  АҚШ.  Алматы  2001.  490  бет;
  12. 1990 жылы 14  желтоқсанда  қабылданған  БҰҰ – ның  тұтқындарға  қараудың  негізгі  принциптері.  Адам  құқықтары  саласындағы  Халқаралық  келісім – шарттар  жиынтығы.  Ашық  қоғам  Институты  АҚШ.  Алматы  2001.  485  бет;
  13. 1990 жылы  қабылданған  Бас  бостандығынан  айырылған  кәмелетке  толмағандарға  қатысты  БҰҰ – ның  ережелері.  Адам  құқықтары  саласындағы  Халықаралық  келісім – шарттар  жиынтығы.  Ашық  қоғам  Институты  АҚШ.  Алматы  2001.  486  бет;

 

 

Ғылыми  Әдебиеттер

  1. Алан Уекер  Международные  стандарты  по  обращению  с  заключенными.  Научно – практический  семинар.  Пенитенциарная  реформа  и  проблемы  борьбы  с  незаконными  методами  ведения  дознания  и  следствия  в  Казахстане.  Алматы,  1999  2-3  июль.  С  22-39;
  2. Ю. Александров  Пенитенциарная  система  Франции // Преступление и наказание  11-1999.  С.  41-51;
  3. Қ.Ж. Балтабаев”Проблемы  соотношения  международно – правовых  норм и  законадательства  Республики  Казахстан  В  сфере  исполнения  наказаний”  дисертатция.  Алматы,  2000,  171 с.;
  4. К.Ж. Балтабаев Проблемы  отражения  международно – правовых  норм  по  обращению  с  заключенными  в  законадательстве  Р.К.  // Вестник  Карагандинского  Университета.  1999 – с.  77-87;
  5. Бюжеева Б.З.  Адам  құқықтарын  қорғау    мәселесіндегі  бейүкіметтік  ұйымдардың  үлесі  //  ҚазҰУ  хабаршысы.  Халықаралық  қатынастар  және  халықаралық  құқық  сериясы  №1(9);
  6. В. Сергевнин США  И  Канада:  новое  развитии  пенитенциарных  систем //  Преступление и наказание  10 – 12.  1998.  С.  72-79;
  7. Сқақов А.Б.  Прогрессивния  система  исполнения  наказания:  понятие  прововоя  природа  и  пути  ее  совершенствования  //  Правовая  реформа  в  Казахстане.  2006. № 3(21). – С. 79;
  8. Д.В. Усик  “Международные  правовое  стандарты  по  обрашению  с  осужденими  и  проблемы  их  отражения  в  законадательстве  об  исполнении  наказаний  в  виде  лишения  свободы”  автореферат.  М. МГЮА,  1994 – 25 с.;
  9. Г.Ю. Федосеева  “Международно – правовые  вопросы  защиты  осужденных”  автореферат.  М. МВД  РФ,  1994 – 34 с.;
  10. Д.С. Чукмаитов “Теоритические  основы  систем  исполнения  наказаний  по  заканадательству  Республики  Казахстан”  Дисертатция.  Алматы,  2000,  281 с.;

 

Анықтамалық  басылымдар

  1. Серия материялов  по  вопросам  профиссиональной  подготовки  №5.  Права  Человека  и  поддержания  правопорядка.  Пособи  по  правам  человека  для  сотрудников  полиции.  ООН,  Нью – Йорк  и  Женева,  2002. с. 228;
  2. Права человека  в  пенитенциарных  учереждениях.  Дополнительные  комментарии  к  разделам  5 и 11  учебное  пособие  ООН  по  правам  человека. С. 40;
  3. Права человека  и  предварительное  заключение.  Серия  публикаций  по  вопросам  професиональной  подготовки  №3.  ООН.  Нью – Йорк  и  Женева.  1995.  138 с.;
  4. Права человека  и  пенитенциарные  учереждения.  Пилотное  издание.  ООН,  Управление  Верховного  Комиссара  по  правам  Человека,  Женева,  2000г.,  231с.;

 

Оқулықтар

  1. Қазақстан Республикасының  Қылмыстық – атқару  құқығы,  оқу  қуралы. – Алматы:  Жеті  жарғы,  2005.  245  бет;
  2. Уголовно исполнительное  право  России.  Учебни  для  юридических  вузов  и  факултетов.  Под.  Ред.  д.ю.н.  А.И.Зубкова.  Москва,  1998. 599 с.;
  3. Қудайбергенов М.Б.  Кодекс  поведения  должностных  лиц  по  поддерживанию  правопорядка.  Учебник,  Алматы – 1999.  320 с.;
  4. Преступление и  наказание  в  Англии,  США,  Франции,  ФРГ,  Японии.  Общая  часть  уголовного  права.  М. Юридическая  литература.  1991 – 289 с.;
  5. Королев В.Т.  Проблемы  реализации  права  осуждюных  на  свободу  вероисповедения.  Учебное  пособие – Уфа, 1994. – 93с.;
  6. А.Ағыбаев, Ғ.  Баймурзин  қылмыстық  құқықтың  орысша – қазақша  терминдерінің  сөздігі.

 

Мерзімді  басылымдар

  1. Новое в  деятельности  УИС  //  Юридическая  газета.
  2. Ізгілендіру жаңа  кезеңге  жол  тартты // Заң  газеті  5  мамыр  2007ж.  1,2  беттер;
  3. Альтернатива тюрме  //  Заң  жұрналы.  1/  2005.  40 – 45  беттер;
  4. Түрмедегілер жұмыссыз  отыр  //  Заң  жұрналы.  1/2003.48-51  беттер;

 

Интернет  сайттары  мен  мақалалар

  1. www.kcl.ac.uk;
  2. www.nettour.ru;
  3. www.penalreform.org
  4. www.amnesty.org.

 

1 1995  жылы  30 тамыздағы  Қазақстан  Респуликасының  Конституциясы,  1  бап.

2 Основные  направления  внутренней  и  внешней  политики  на  2004 год.  Послание  президента  народу  Қазахстан. /// Казахстанская  правда  2003 г.,  10  апреля

 

 

 

3Уголовно – исполнительное  право  России.  Учебник  для  юридических  вузов  и  факультетов.  Под  ред.  д.ю.н.  А.И. Зубкова.  Москва,  1997 г. С.  599

4Ұстау  немесе  қамауға  алудың  қандай  да  болмасын  түріне  ұшыратылған  барлық  тұлғаларды  қорғау  принциптерінің  жиынтығы  Бас  Ассамбляның  1988  жылы  желтоқсан  айының  9  жұлдызындағы  43/173  қарары  бойынша  қабылданды.

5 1955 жылы  Женевада  өтекен  қылмыстылықты  алдын  алу  мен  құқықбұзушыларға  қару  бойынша  БҰҰ – ның  1 – ші  Конгрессінде  қабылданған.

 

6Эканомикалық,  әлеуметтік  және  мәдени  құқықтар  туралы  халықаралық  пакт  1966 ж. 16 желтоқсанда  қабылданды

 

71948 ж. 10 желтоқсанда  қабылданған  Адам  құқықтарының  жалпыға  бірдей  деклорациясы.

81966 ж. 16 желтоқсанда  қабылданған  Азаматық  және  саяси  құқықтар  туралы  халықаралық  пакт.

 

 

9Б.З. Бюжеева  Адам  құқықтарын  қорғау  мәселесіндегі  бейүкіметтік  ұйымдардың  үлесі. //ҚазҰУ хабаршысы  Халықаралық  қатынастар  және  халықаралық  құқық  сесиясы  №1(9)

 

 

10Интернет  сайттан,  http: // www.kcl.ac.uk

 

 

11Интернет  сайттан,  http: // www.penalreform.com

 

 

12Доклат  комиссии  по  правам  человека  и  гражданина  в  Республики  Казахстан  в  2003 году. // Юридическая  газета.  7 мая  2004 г. С. 5

13Постанавление  Правительства  Республики  Казахстан  от  31  декабря  2003  года  № 1376  Об  утверждении  Программы  дальнейшего  развития  уголовно-исполнительной  системы  Республики  Казахстан  на  2004-2007 годы.

 

14 Түрмедегілер  жұмыссыз  отыр. // Заң  журналы 1/2005,  50 бет

 

 

15Ізгілік  жасауға  асығайық //Заң  журналы. 1/2005. 40-45 беттер

 

 

17Сергевнин  В.  США и Канада:  новое в развитии  пенитенциарных  систем //Преступление 10-12-1998, С. 72-79

 

18Петр  Посмаков  “Қылмыстық-атқару  жүйесі  жетілдіру  жолында”, // Заң  журналы,  7/2005.

 

 

[13]19 БҰҰ-ның  Бас  Ассамблеясымен  1990  жылы  желтоқсан  айының  14  жұлдызындағы  45/110  қарары  бойынша  қабылданған.  Түрмеге  қамауға  қатысты  емес  шараларға  байланысты  емес  минималды  қалыптық  ережелері  (Токио  ережелері),  3.2  ереже.

20Преступление  и  наказание  в  Англии,  США,  Франции,  ФРГ,  Япония.  Общая  часть  уголовного  права.  М.Юридическая  литература.  1991-212с.

 

[14]21Александров Ю.  Пенитенциарная  система  Франции //Преступлене  и  наказание  11-1999 г. С.41-44

22Уголовно-исполнительное  право  России.  Учебник  для  юридических  вузов  и  факултетов.  Под  ред.  д.ю.н.  А.И.Зубкова.  Москва,  1997. С. 599

 

[15] 23Ізгілендіру  жаңа  кезеңге  жол  тартты // Заң  газеті  5  мамыр  2004ж. 1,2 беттер

 

 

[16] 24Making  standarts  work.  An  international  handbook  on  good  prison  practice. P. 20-217

25Альферов Ю.А. Международный  пенитенциарный  опыт  и  его  реализация в современных  условиях.  Домоведово, 1998; PRI  NEWS  LETTER //  Penal  Reform international. 1996. №24.

26К.Ж. Балтабаев  Проблемы  отражения  международно-правовых  норм  по  обращению  с  заключенными  в  законадательстве  Р.К. //Вестник  Карагандинского  Университета.  1998 – с. 77-89

 

 

27Доклад  комиссии  по  правам  человека  и  гражданиан в  Республики  Казахстан  в  2007 году. // Юридическая  газета.  7  мая  2006 г. С.9