АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Жүрсін Ерман поэзиясының көркемдік сипаты

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

Филология факультеті

Қазақ әдебиеті кафедрасы

 

 

 

 

Диплом жұмысы

 

Жүрсін Ерман поэзиясының көркемдік сипаты

 

Алматы,  2011

РЕФЕРАТ

 

Жұмыстың көлемі: 45 бет

Пайдаланылған  әдебиеттер  саны: 36

Жұмыстың мақсаты:   қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті тұлғасы      Ж. Ерманның ақындық әлемін лирикалық өлеңдері арқылы қарастыру. Сол арқылы танымал тұлғаның әдеби процестегі орын-үлесін, ізденіс арналарын, көркемдік мұраттарын, қаламгерлік нысанасын зерделеу. Ақын әлеміне ену, ізденіс арналарына назар аудару, тақырыпты меңгеру, образды ашу, көркемдік амал-тәсілдерді қолдану мүмкіндіктеріне мән беру. Біз бітіру жұмысын жазу барысында біз мынандай мақсатты көздедік.

 

Жұмыстың нысаны: Ж. Ерманның жыр кітаптары.

 

Жұмыстың зерттеу әдісі: Диплом жұмысын жазу барысында  талдау, салыстырмалы жинақтау, қорыту әдістер басшылыққа алынды.

 

Жұмыстың дерек көздері: Зерттеу жұмысын жазу барысында поэзия туралы көптеген шетел және қазақ ғалымдарының ғылыми-зерттеу еңбектеріне сүйендік. Сонымен бірге ақын  Ж. Ерман поэзиясы  туралы әр жылдарда жазылған мақалалар да назардан тыс қалмады.

 

Жұмыстың жалпы сипаттамасы:  Бірінші тарауда ақын  Жүрсін Ерман поэзиясының өзге ақындарға ұқсамайтын қырынан және  ақындық тақырып табиғатын, жанрлық көркемдік жүйесін   айқындауға талпындық.  Ақын туралы жазылған әдеби сындар мен  түрлі  сипаттағы мақалаларға сүйене отырып,  Ж. Ерман  поэзиясындағы тың ізденістер мен көркемдік  құралдарды  игерудегі шеберлігі пайымдалды.  Сондай – ақ ақын өлеңінің тақырып ерекшеліктеріне де  тоқталдық.

Екінші тарауда Жүрсін Ерман поэзиясының идеялық-көркемдік ерекшеліктерін ашып, тың ізденістер мен көркемдік  құралдарды  игерудегі шеберлігін пайымдауға талпыныстар жасалынады. Сонымен бірге,  ақын көзқарасы мен колтаңбасы, ізденіс мұраттары,өлең өрісі мен өрнектеріндегі өзіндік өзгешеліктер, ой-сөз жүйесі, көркемдік таным арналары зерделенеді.

 Тірек сөздер:  позия, лирика,  ақындық шеберлік, көркемдік ерекшеліктер, т.б.

Жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, негізгі екі  бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

Негізгі бөлім

 

І ТАРАУ. Ж. ЕРМАН   ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ЖАНРЛЫҚ – ТАҚЫРЫПТЫҚ СИПАТЫ

1.1.  Ақын  поэзиясындағы адам  және  қоғам.

1.2. Ұлытау жырлары немесе ақын поэзиясындағы туған жер тақырыбы.

1.3.  Жүрсін Ерман поэзиясындағы сезім сырлары.

 

ІІ ТАРАУ.  Ж. ЕРМАН ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК

 ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1. Ж.  Ерман  поэзиясындағы  ұлттық сипат көріністері

2.2. Ж.  Ерман поэзиясындағы көркемдік құралдар

 

ҚОРЫТЫНДЫ.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

 

КІРІСПЕ

 

Өнер мұраты – халықты бір-бірімен жақындастырып, рухани жағынан үндестіру. Оның ішінде, әдебиет – халықтың ой-санасын өсіріп, кемелдендіреді. Әдебиет халықтың рухани асыл қазынасы болғанымен, оны жасайтын халық ішінен шыққан дарын иелері.Сондықтан да жеке адамдар жасаған әдебиет туындыларын сандаған ұрпақ оқып,одан ұлағатты ой, өнеге-үлгі алады. Тәлімдік, тағлымдық тұстары мол. Поэзияның өнер мүлкі  ретінде қыр сыры мол  жанр. Сезімнен тыс поэзия болмайды. Оның ішінде лирика тікелей сезімдік туынды екені мәлім. Алайда, әр ақынның сол сезімді поэзияға өзек етуінде эстетикалық арсеналдары түрліше.

Ақын – қоғамдық тұлға. Ақынның әдебиеттен алатын орны ақынның өмір сүрген қоғамдық ортасымен, заманымен тығыз байланысты. Ақын шығармаларының құны өзі өмір сүрген замандағы қоғам мен өмір шындығын қаншалықты көрсете білді, қоғамға қаншалықты әсер ете алды, сонымен өлшенсе керек.  Адам жанының тереңіне бойлай білуді қажет ететін лирика жанрының  басты ерекшелігі – ой мен сезімнің тең қабысып отыруы. Ал, нағыз лирик осы қос қасиетпен оқырман жүрегін  сәулелендіріп отыруы тиіс. Бұл әрине, қалам ұстаған кез-келген  қаламгердің  қолынан келе бермейтін, тек сирек талант иесіне ғана бұйырар шығармашылық бақыт.

Бұл   ретте           әрине, аға буын өкілдері: Ә.Тәжібаев, Д. Әбілев,                       А. Тоқмағамбетов,  М. Әлімбаев, Х. Ерғалиев, Ғ. Қайырбеков,                            С. Мәуленов, С. Сейітов, Т. Әбдірахманова, К. Салықов, Қ. Бекхожин,                Қ. Шаңғытбаев, т.б. азаматтық-философиялық түйін-тұжырымдарға толы өлең-жырлары, О. Сүлейменов пен М. Шахановтың азаматтық мәселелерге батыл  үн  қосуы, сол секілді Т. Молдағалиев, С. Жиенбаев,                               Қ. Жұмағалиев,  Ж. Нәжімеденов, С. Иманасов, Ө. Нұрғалиев, Қ. Мырза Әлі,  М. Мақатаев,  К. Мырзабеков, Ж. Әбдірашев, Ш. Сариев,                        Т. Медетбек, Ұ. Есдәулет,  И. Сапарбай,   И. Ғайып, С.Тұрғынбеков,                 Ж. Ерман,  А. Егеубай,  А. Әлім, С. Адай  т.б. өмірі мен өнерге адалдық танытып, қазақ өлеңін дамыту ісінде қайсар мінез бен қаламгерлік қарымдылық көрсетуі көңіл қуантады.

Қазіргі қазақ поэзиясында өзіндік көзқарасы мен қолтаңбасы бар, ізденіс пен ізгілікке жаны құштар, жүрегі жырға, көңілі нұрға толы талантты  ақындардың  бірі –  Жүрсін  Ерман.

Қазақ әдебиеті тарихының күрделі дәуірлерінде XX ғасырдың 60-90 жылдарының алатын орны ерекше. Аталмыш кезеңде қоғамдағы сәл де болса “жылымықтың” нәтижесінде қаламгер санасында бастау алған сілкініс пен серпіліс қазақ романдарының дүниеге көптеп келуіне мүмкіндік берді. Бұл кезеңдегі қазақ  поэзиясы  дүниедегі аса құдіретті, күрделі жаратынды – Адамның жан әлеміне үңілумен, адам болмысына назар аударумен ерекшеленді.

“Аталған жылдар аралығындағы қазақ әдебиетінің ұлттық көркем өнердегі терең тамыры нәзік арқаудан нәр тарта дамуға талпынған бет-бағдары болатын. Бұл жылдар аралығындағы лирика шын мәнінде тасты жарып шығып гүл атқан қызғалдақтай көзге ыстық тартқаны рас”  /1.106/. Шынында да осы жылдары поэзиямыздың жаңа дәуірі басталды.                     С. Жиенбаев,  М. Мақатаев, Ф. Оңғарсынова, Ж. Нәжімеденов,                           Қ. Мырзалиев, К. Ахметова,  О.Сүлейменов, Т.Молдағалиев,                             Т. Айбергенов т.б. өздерінің ақындық таланттары арқылы қазақ өлеңдеріне үлкен серпіліс, жаңа өрлеу кезеңін ала келді.

Өмірі мен өнерін өлең-ғұмырға сыйғызған ақынның көп жылдық шығармашылық еңбегінің әр алуан кезең еншісінен орнын ойып алып, әдебиет майданы күрескерлерінің қаламына ілігуінің өзі де заманға сай заңдылық.  Осы жылдар поэзиясының ізін басып, өнердегі өзіндік мінезімен алдыңғы топтан көрінетін  Ж. Ерман  поэзиясы – біздің бүгінгі жұмысымыздың басты арқауы да. Бұл орайда «Ақын қуанса, шын қуанып, мұңайса, шын мұңаяды. Оның бір жырдан екінші бір жырға көшіп отыратыны лирикалық кейіпкерінің жан-дүниесіндегі толқыныстар ауыл, аймақ, керек десеңіз кейде ұлт пен ұлыс шекарасынан шығып, жалпы азаматтық толғаныстар кеңістігіне көтеріледі. Ол аспанмен тілдессе де, жермен сырласса да, бір қызығы, сені досыңмен сөйлестіргендей, тілдестіргендей ерекше бір халге бөлейді» деген Ш.Айтматовтың пікірінен біраз нәрсе аңғарылады /2,12/.

Абай әлеміне еркін еніп, оның өлең сөздегі дәстүр -өнегесін лайықты жалғастырған қазақ ақындары /Шәкәрім, Мағжан, Сұлтанмахмұт т.б./ көркемдік рухани мәселелерді ,адам мен оың еңбегін ,өмір тұрмысын терең толғады.Ұлттық поэзияның ұлы мұраттарын бар қырынан ашып, биік белестерге көтерген –  С. Мұқанов, Ә.Тәжібаев, Т. Әбдірахманова, С. Мәуленов, Ғ. Қайырбеков, М. Әлімбай, М. Айтхожина, Ф. Оңғарсынова,  А. Бақтыгереева, Н. Оразалин, О.Сүлейменов, Қ. Мырза Әлі, Қ. Бұғыбаева, М. Шаханов, Т. Медетбек, Ө. Нұрғалиев, С. Иманасов,  Р. Ниязбек, Ж. Әбдірашев, К. Мырзабеков, А. Егеубаев, Ж. Жақыпбаев, Ұ. Есдәулетов, Е. Раушанов, И. Ғайып,  Т. Оразбаева, Б. Серікбаев, Г. Салықбаева, Т. Әбдікәкімов, Н. Мәукенлы, т.б. ізденіс-еңбектері, көзқарас эволюцияары, кеше-бүгін мәселесін жырлаудағы амал-тәсілдері қалың көптің көңілінен шығып, рухани нәр сыйлады. Аталған ақындар шоғырының бел ортасында өлең -өнердің өз өкілі –  осы буын жасаған поэзияны жалғастырып, өзіндік даралығымен келген ақынның бірі –   Жүрсін Ерман.

Қалыптасқан ұғым бойынша, лирика дегеніміз – ақынның ойы мен сезімінің ұштасып келіп тұтас көрінуі. Лириканың предметі де, бейнелеп айтар ойлары да, бейнелеп көрсетері де – ақынның өз көңіл-күйі. Н.А.Добролюбов өзінің И.Никитин өлеңі туралы жазған мақаласында лирикаға орай мынадай тұжырым айтады: «Лирикалық өлеңде, – дейді сыншы, – ақын өзінің табиғатты немесе өмірдегі белгілі бір құбылыстан алған тікелей сезім-түйсігін айтып береді. Бірақ мұндағы нәрсе – сол түйсіктің өзі де, оны ақынның енжар қабылдауы да мес, ақынның сол сыртқы әсерге іштей ұйып, құлай ықылас қоюында» /3, 112/.

Ұлттық поэзия патшалығына өзіндік өрнек, өзгешеліктерімен келген, адамдық, ізгілік иірімдерін  нәзік лиризиммен, терең тебіреністі толғамдармен еркін жырлаған –  ақын Жүрсін Ерман уақыт талаптарын жіті зерделеді. Қайсы бір тақырыпты да тереңнен толғап, ақыл-парасат нұрын, көңіл күнделігін, жан-жүрек сәулесін молынан түсірді. Өлең өрімі, өрнектері арқылы уақыт алға тартқан келелі мәселелерді, тәуелсіздік талаптарын жүректен қозғады. Атамекен мұратын, ел-жұрт тағдырын, адам әлемін алуан ізденіс, түрлі салыстырулар арқылы шебер де шешен жеткізеді. Біздіңше  Ж. Ерманның  ақындық өнері – талант қуатымен, көркемдік нәрімен, сыр-сезімге толы шындық сипаттарымен даралана түседі. Мұны ізденіс іздері де, қолтаңба мәнері де бедерлей түседі. 

“Әр заман поэзиясының өзіне лайық күйі бар, өзіне лайық үні бар, – дейді ғалым М. Базарбаев. Адам баласының бүкіл тарих бойына ілгері өсіп дамуы қаншалықты тынымсыз, толассыз жүріп жатқан процесс болса, көркем бейне жүйесімен ойлау, дүниені образбен танып баяндау, суреттеу өнері де тоқтаусыз дамып, жаңаланып, жақсарып келе жатқан құбылыс. Қоғамдық сананың бір түрі ретінде көркем әдебиет қай ғасырда болса да, сол заманғы адамдардың бір-біріне деген қатынасын, ой-арманын, дүниетанымын байқатпақ” /4, 26/.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І ТАРАУ

Ж.  ЕРМАН   ПОЭЗИЯСЫНЫҢ  ЖАНРЛЫҚ – ТАҚЫРЫПТЫҚ  СИПАТЫ

 

Әдебиетте қалыптасқан қанша жанр болса, соның барлығының атқаратын қызметі – өмір шындығын әр қырынан танытып, көркем шындықтың суретін салуға септігін тигізу. Осы жағынан алып қарағанда, әр жанрдың, әрине, өзге ұтымды жақтары бар.

Көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі – лирика. Лирикада ой мен сезім бірлесіп, терең қабысады. Оған тартымды күш-қуат дарытатын терең оймен суарылған, нәрленген жалынды сезім әсерсіз, құрғақ қағида-тұжырымдар арқылы берілсе, оқырманды тебірентпейді. Өмір, дүние, адам тағдыры туралы үлкен толғаныстан тумаған жай сезімшілдік лириканы жандандыра алмайды.

Жүрсін Ерман  шығармашылығының ең басты жанры – лирика. Лирикада ой мен сезім бірлесіп, терең қабысады. Оған тартымды күш-қуат дарытатын  терең оймен суарылған, нәрленген жалынды сезім әсерсіз, құрғақ қағида тұжырымдар арқылы бірлесе, оқырманға әсер етпейді. Өмір, дүние, адам тағдыры туралы үлкен толғаныстан туылған жай сезімшілдік лирикасы жандандыра алмайды. Себебі, лирикаға жан беретін сезімнің аты, нәзіктігі. Лириканың басқа жанрлардан айырмашылығы да осында. Шыншылдық пен сезім байлығы, ойшылдық – оның өмір танудағы,  адамды танып бағалаудағы үлкен байлық. Қай кезде қандай тақырыпты жырласа да ақын осы жолдан тайған жоқ. Өлең әр күйде, әр жағдайда жазылып оның болмысын аша түседі.

Лириканың басқа жанрлардан айырмашылығы да, өзіндік артықшылығы да бар. Академик Зәки Ахметов:  “Лирикалық шығармада негізінен алғанда жеке адамның көңіл-күйі, сезімі суреттеледі. Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан-дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді”   /5, 21/, – дейді.

Ақын тудырған өлең-жырлардың өрімі де әлеуметтік, философиялық, көңіл-күй әуендеріне айналып, жалпы адамзаттық, дүниетанымдық көзқарасын баян етеді. Лирикаға тән қасиеттердің бірі – адам сезіміне әсер берер отты, жалынды эмоциялық сезімталдық екені белгілі. Құрғақ баяндау немесе сезімге құрылмаған жай әншейінгі жалаң тұжырым музыкалық шығарма тудыра алмайды. Жүрсін Ерман поэзиясының  басты ерекшелігі – нәзік сезімге, ойлы толғанысқа құрылумен ерекшеленеді. Таңдаған тақырыбының түп-төркінін терең зерттеп, баянды барлап барып, сезім сырын шерту – ақын шеберлігінің бір қыры. Ақын кейіпкерлері кімнің атынан сөз алса да оқырман есінде ұзақ сақталатын ерекше мінез даралығымен өзгешеленеді.

Біздің бүгінгі бітіру жұмысымыздың басты арқауына айналып отырған ақын Жүрсін Ерман жырларының басты бір ерекшелігі – ақын өлеңдерінде ойшылдық сарынның  молдығы.  Өмір бар жерде күрес, тартыс бар. Күрес, тартыс азапсыз өткен емес.

Ақынның:

Ақыннан ес кететін,

Жырдан – маза.

Керегі не дақпырттың құр даңғаза:

Таңда машқар болғанда, әр пендеге

Анық болса бір әділ тұрған жаза?!

 

Даңқымды емес, тәңірім, антымды бер,

Болжамасам халімді – халқым күлер.

Кешейін қойдан қоңыр тірлігімді –

Өзінің шамасы мен шарқын білер.

 

Жайдақталып кеткенмен заманатым,

Өңмеңдеумен шықпасын жаман атым.

Шұға жауып жатса да көктен жерге

Қалғып кетпе, қазақы қағанатым! /6, 14/, –

деп айтылатын алғашқы жыр жинағынан-ақ, өзінше үні бар, өлеңге қояр талабы бар, өмірге деген махаббатын, толғаныстарын өлеңмен жеткізе білетін ақын екендігін байқатады. Ақынның қай өлеңін алып қарасақ та батылдық пен еркіндік қатар тұрады. Қай тақырыпқа қалам тартпасын, ақын өлеңдерінің бағдаршысы болып шындық тұрады.

Бұғын десең – бұғындық,

Жығыл десең – жығылдық.

Аярлықтың майынан

Жүрек кілкіп, шығындық.

 

Ойсыраған ойымды ұқ:

Теспей бітеу сойылдық.

Шөліркедік шындыққа,

Өтірікке тойындық.

 

Болса әбден жігер құм,

Мықтысы ғой шідердің.

Көкбөрідей қазақты

Қоян етіп жібердің /6,31 /.

 Жүрсін Ерман поэзиясы  мынау алмағайып боямасыз дүниенің сыр-сипатын,  болмыс-бітімін, өксігі мен өкінішін, қайғысы мен мұңын, қуанышы мен шуағын сөз етеді. Өмір сәттері, қоғам, заман жайлы сезімдері өлең жолдарымен кестеленеді.

Осы тұста ақын Қ.Мырзалиевтің мына бір бағалы пікірін келтіре кетсек: “Меніңше, жақсы өлең – мазасыз тебіреністен шығады. Өзім жазған поэмалар мен жақсы деген өлеңдерім – өз жанымды тербетіп, маза бермеген ойдан, қиялымды дүбірлеген әуендерден туса керек. Жаным сүйген тақырып жүрегімді тербейді де, жазбасқа қоймайды. Шын тебіреністен туған өлең – асқардан ақтарылған тас бұлақтай тегіреуінді болуға тиісті. Не жазса да ақынның өз мінезі, өз «мені» болуы шарт. «Мені» жоқ ақын, жасық ақын. Ал өзі жасықтың – сөзі жасық” /7,29/.

Алдым бұлдыр.

Құлап келем қауғадай салдыр-күлдір

Бір кісідей кештім бе бұл ғұмырды

Ағаш егіп,

Үй салып,

Қалдырдым ба ұл?

 

Үміт артып ататын таңға аса бір,

Тәнге саулық тілеймін,

Жанға сабыр.

Бәрі жалған екенін біле тұра,

Алдағым кеп тұрады,

Алдаса өмір!, –

деп кең тыныстап кейінде қалған өмірге  шолу жасайды. Осы екі шумақтың арасында халқымыз бастан кешкен өмір жатыр, онда ақынның өз бояуымен өрнектеп салған қолтаңба ізі жатыр.   Ақын   өлеңдерін оқи отырып  өткен  жылдарды қаз-қалпында көз алдымызға елестетеміз.

 

1.1. Ақын  поэзиясындағы адам  және  қоғам.

 

Өмірде ақынға тақырып болмайтын құбылыс жоқ. әңгіме сол құбылыстың ішіне үңіл қарап, сырын ашып нағыз ақындық қуатпен, зерделі шеберлікпен өрнектей білуде.

Ақын Жүрсін Ерман  шығармашылығындағы басты тақырыптар – атамекен,  ел – жер мұраттары , достық пен жастық жырлары көркемдік –рухани мұраттар тұсынан кемел де келісті сипаттарымен әр буын өкілдерінің талап – талғамдарына жауап беріп келеді. Ақын ізденісі мен көзқарас мұраттарынан жаңа уақыт бедері, тәуелсіздік талаптары кеңінен көрініс береді. Әсіресе, ұлт мұраты, демократия тағлымы, адам мен оның еңбегін аялау мен бағалау сипаттары айқын. Кезең көріністері, мезгіл әуендері де нанымды өріс алады. 

Талант – күрделі құбылыс. Орыс әдебиеті теориясын зерттеуші                Н.А. Гуляев талант жөнінде : «Это – комплекс творческих сил и способностей человека, обеспечивающих прежде всего эстетическую сторону писательского труда, образную, эмоциональна выразительную специфику хужожественного произведения», – дейді /8.106/. Ал қазақтың ұғымымен, талант – ана сүтімен бойға даритын туа біткен қасиет. Ақындық та солай.  Заман талабы өзгеруі мүмкін, бірақ оның өлеңдері бәрібір оқылады.

Жүрсін Ерман өлеңдерінің басым көпшілігі адам мен қоғам жайында, яғни  Ел мен Жер тағдыры. Ақын осындай терең тақырыптың терең қатпарларына үңіліп, біз біле бермейтін тылсым құпияларын ашуға тырысады.  Жүрсін ақынның “Бас”  деп аталатын үлкен философиялық мәнге ие өлеңі бар.

Тиіп басым тасқа

Кейде ашиды миым.

Дұшпаным көп болса

Ие болу қиын.

 

Көрешегін көрмей

Көрмес, сірә, көрге.

Мен игенмен жерге

Ұмтылады Ол төрге!

 

Қадірімді кісі

Біле түссін дей ме?!–

Ойға толып іші

Сықырлайды кейде /6, 63/, – дейді.

Өлеңнің ішінде басы артық бірде-бір  сөз жоқ. Ал көтерер салмағы қорғасындай ауыр. 

Ақын лирикасы толысу, кемелдену сатысынан өте келе, тақырып әуені байсалды, байыпты түрге енеді. Ақынның   әлеуметтік лирикасынан насихат, ғибрат өнегесі байқалады. Бұл да болса, сөз жоқ, автордың қоғам өміріндегі саясатпен байланысты жалпы жұрттық қызметінің әсерінен, ықпал-әрекетінен туындап жататын табиғи процесс болса керек. 

Дүниетаным – табиғатқа, жаратылысқа деген қоғам мен адамзат ақыл-ойының дамуы жөніндегі көзқарастар жүйесі. Жеке адамның дүниетанымы ең алдымен қоғамдық болмысты бейнелейді. Жүрсіннің “Алматыдағы арбакеш” аталатын жай ғана тұрмыстық тақырыптағы шағын ғана бір өлеңі бар. Оны оқи бастағаннан-ақ, мұндайды екі күннің бірінде кезіктіріп жүрміз, бізден асып не айта қояр деген де күдік қылаң бере көлденеңдей кеткенін байқайсың. Әйтсе де оқи бастасаң “асығы алшы түспей ашқарын жүрген адамның арбакеш болып Алматының жарымын тасыған  күйкі тірлігі емес, арғы түбінде кісілік болмысты төмендетпей:

Тек, көңілім, кірленбе,

Білем әзір бағамды.

Жұрт сөз тасып жүргенде

Мен тасыдым адамды, – дейтін қоғамдық астар жатқанын аңғарар едік. Болымсыздың өзінен боталы түйедей ой тапқан ақын көңіліне тағы да риза болар едің”, – дейді ақын поэзиясының кейбір сипаттары жөнінде ақын С. Иманасов /9, 4/.

 Ақынның  лирикасы жеке басының сезім иірімдерін, көңіл-күйін жырлаумен шектелмей, қоғамға тән құбылыстар мен адамға тән мінез-құлықтардың табиғатын ашуға, өмірдің қиын да күрделі тұстарын зерделеуге, адам санасы мен ғалам байланысының сырлы жұмбақтарын тануға көмектеседі.

Мына заман, қай заман – залым заман,

Кешегіден бүгінгі халім жаман.

Үмітіміз күл болып көкке ұшты да,

Жігеріміз құм болды жалындаған.

 

Тағдырының тізгінін пері ұстаған,

Мына заман, қай заман – теріс заман?

Сайтан адам алшаңдап өмір сүріп,

Қорғалайды күн үшін періште-адам /6, 26/, – деген Жүрсін ақын заманның ащы шындықтарын терең барлап, батыл сөйлейді, еркін жырлайды, көркем суреттейді.   

Нешеме жыл өтсе де, неше ғасыр

Қарға қыран болмайды, есек – асыл.

Бір сілкінбей қойдың-ау, ей, ағайын,

Бүгін басыр көздерің кеше басыр.

 

Нұқымаған кім қалды, жекімеген,

Қозғалмайсың сен оған етіп елең.

Аят оқып аңырап отырасың

Перзентіңнің басында шетінеген.

 

Болғаны ма басыңа баянды азап?

Батыр сенің қасыңда қоян ғажап.

…Басыңа кеп мен азан шақырайын:

– Бастырылып жатырсың, оян қазақ! /6, 27/, – деген ақынның осы бір өлең жолдары ХХ ғасыр басында өмір сүрген алаш ақындарымен сарындас, рухани тұтастықта жазылғандай әсер қалдырады. Жүрсін ақын атақты қазақ ақыны, қайраткер М. Дулатовтың “Оян, қазағын” ХХІ ғасырда қайта тірілткендей. ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының “оянуы” мен “оятуға” ерекше еңбек еткен қоғамдық ой-сана көшбасшыларының  болмысына үңілу – бүгінгі ұрпақтың ең басты парызы. Осыны терң түсінген ақын Алаш орда ақындарының идеясын шамасы жеткенше өз жырларына тірек етіп ұстанады.

  Жүрсін Ерман поэзиясындағы орны бөлек өлеңдерінің бірі – “Абайға мұң шағу” топтамасындағы “Жиырма теңге”.

 

Абай аға, мен дел-сал болып тұрмын,

Жанарыңа сенің  де толып тұр мұң.

Оқулықтан көретін дидарыңды

Енді ақшаның бетінен жолықтырдым, – дей келіп,

Түсінем ғой бәрін де…

Бірақ аға,

Не бетімді айтамын жыр – Анаға?

Енді сені жұмсаймыз шай-пұлға да,

Араққа да жұмсаймыз, сыраға да.

 

…Сенің  құның болғанда жиырма теңге,

Менің құным көк тиын ағайынға!… – деген түйін жасайды. Осы сарындас төбе шымырлатар қуатымен, шымыр шындығымен, поэтикалық типтілігімен көкейге қона қалатын жырлар Жүрсін ақында аз емес. Ақынның мұндағы басты мақсаты – оқырманының көкірегінде бұғып жатқан ойды ояту болса, ақын әрдайым осыған ұмтылады, ақындық күш-қуатын осы жолға жұмсап отырады.  адам бойындағы табиғи нышандарға оқушы зейінін аудару арқылы асыл мен жасықтың ара жігін ашып, нарқы мен парқын саралайды. “Ұлытаудан оралдым” атты  ақын ағасы                         Т. Молдағалиевке арнаған өлеңінде ол:

Бәйгеге жалғыз атын қосып інің,

Оралды Ұлытаудан осы бүгін.

Көңілге қаяу түскен жағдайы бар

Айырып қасы кімін, досы кімін.

 

Құлансың тауып жүрген жырақтан нәр,

Деп едің алдында інім, бір ақпан бар.

Шын екен.

Мені қайтсын,

Мен түгілі

Шалқадан Шоқанды да құлатқандар! – дейді.

Кейбір пенделік қылықтарға нали отыра, тағы бір тұста кейбір кеуделердегі шайыр болып қалған татты шайып кетіріп, сананы сілкіп алып отыратын от қызулы орнықты ойларға, нұрлы сезімге қарай қайта ойысады.  Қалай етсе де көлеңке мен күнгейлердің тізгінін тең ұстап, жақсылықтың бәріне сүйңіндір де біледі, өмір сәнін кетірер келеңсіз құбылыстарға жирене қарауға дағдыландырады. Жүрсін поэзиясындағы драмалық тартыстың терең идеялық күш-қуаты міне, осында.

Ақын Жүрсін Ерманның  тәуелсіздік кезеңіне дейін жазған дүниелері бір төбе болса, еліміз егемендік алғаннан бергі шығармалары ақынның шығармашылығының шыңы деуге болады. Ол тәуелсіздікке тәубе айтумен ғана шектелмей, сол тәуелсіз елде белең алған кейбір келеңсіздіктерге жаны ауыра, жанұшыра алаңдаушылық танытады. Өзінің азаматтығын таныта біледі.

Еркі өзінде егемен

Ел боламыз деген ең.

Жұрт бал жалап жатқанда

У ішемін неге мен?!

 

Кім басымды кеміткен,

Кім бөтенге теліткен?

өз қасығым аузымды

таба алмайды неліктен?!

 

Жан-жағына жалтақтап

Жасық қалай жол таппақ?

Жалпақ шешей боламыз

Қашанғы біз жалтақтап?! /6, 29/.

Бұл – екінің бірі айта беретін жасық сөз емес, ақиқатты ғана айтар ақынның аузынан ғана шығатын жасын сөз. Қазіргідей заманның тек жақсылығын ғана жырлауды міндетім деп санайтын кейбір ақындарша керек кезінде бұғып қалмай, турасын айтады. Тура сөйлеу, ақиқатты ғана айту – ақындықтың басты шарттарының бірі болуға тиіс.

Тістей-тістей тілімді

Тілім әбден тілінді.

Атам қазақ туып па ең

Бұға бер деп ұлыңды?

 

Шырмауыққа шатылдық.

Сатып біттік. Сатылдық.

Қанжар жатса қалтада

Кімге дәрі татулық?

 

Тұз сепкендей жараға

Сөздің соңын сарала:

Доңыз үріп қораға,

Құл жүреді жораға /6, 30/, – деген  мұндай өлең жолдарынан дәл бүгінгі уақыттың, яғни ақынның  өзі өмір сүріп отырған орта, заман шындығы, қоғамдық келеңсіз жайттар мен зиянды әрекеттер  барынша анық көрінеді.

Ақын өлеңдерінің баршасы, негізінен, ойлары, сезімдері мұң кеткен үздіксіз бұлқыныстағы лирикалық «Меннің» жүрек жарды ащылы-тұщылы толғаныстарынан, монологтарынан тұрады. С.Мұқановтың: «Менсіз ақын оригиналды ақын бола алмайды. Мені жоқ ақын өмірдің әрбір көрінісін өз жанының елегінен өткізіп, сол көрініске өзінің менін қоса жырлайтын ақын» /10,336/, – деген пікірін ескерсек,  Жүрсін Ерманды  өзіндік мені қалыптасқан  ақын деп   айта аламыз.

 

Айбар болар алашқа таусылды ма ер

Намыс оты лапылдап, жансын жігер.

Көк байрақтың астында табысуға

Ата қазақ сен бізге дауысыңды бер!

 

Терезеңнің дауыс бер теңдігіне,

Керегеңнің дауыс бер кеңдігіне.

Дауысыңды  бер тәуелсіз қазақстан

Еңсең түспес егемен елдігіңе!

 

Күтер болсаң арайлы таңды асыға,

Жығылмасқа тағы да жамбасыңа.

Дауысыңды бер, айбарлы Әнұранға,

Дауысыңды бер еліңнің таңбасына! /6, 133/.

 Әрине, ел мен жер тағдыры тек қана Жүрсін Ерманның қаламына ғана серік болды десек қателсеміз.  “Егер бүкіл Жерге сызат түсер болса, сол сызат алдымен ақындардың жүрегін басып өтеді” деген екен Генрих Гейне. Жүрсін жырларындағы тәуелсіз елдің арман-мұңы ақынның өзімен замандас көптген ақындардың келелі тақырыптарының біріне айналды.  Қазіргі  кезеңдерде Жүрсін ақынмен қанаттас, замандас болып, қатар келе жатқан:  Ө. Нұрғалиев, И. Сапарбай,  Н. Оразалин, К. Ахметова, Т. Медетбек,   С. Иманасов,  Р. Ниязбек,    Ұ.  Есдәулетов,  Е. Раушанов,  И. Ғайып, Н. Айтұлы, А.Әлім, С.Адай, т.б. сынды көптеген ақындар бүгінгі тәуелсіз елдің баянды болашағы, арманына арналған алуан-алуан жыр жинақтарын дүниеге келтірді.

Мәселен, ақын К. Ахметованың тәуелсіздіктен кейінгі жылдарында жазылған  “Құт кітабындағы” өлеңдері  Жүрсін ақынның ел, жер тағыдыры турасындағы жырларымен үндес келетіндігін байқадық. Күләш ақынның өлеңдеріне байыппен назар аударар болсақ, халық перзенті, елден үлкен еместігі, оқырманмен бірге екендігі айқын аңғарылады. Мұны “Кездесу” деген өлеңінен байқаймыз. Халқын сүю ,оның болашағына алаңдау қаламгердің ғана емес.кез келген азаматтың міндеті ісі болса керек. Біреу өз сүйіспеншілігін ерен еңбегімен, екінші біреу өнерімен дәлелдесе, ақын өлеңмен айтып жеткізеді. Күләштің халқына деген махаббаты алабөтен.

Қазақты жамандама қазақ бала!

Халық қой қазақ деген, аз – ақ қана!

Мәңгілік Ай астында, Жер үстінде,

Қазақтың жанашыры қазақ қана!

 

Қамалдай беріктікті құт санайды,

Қасынан опасыздар шықса – қайғы.

Қазақтың бар болмысы бөлек, дара,

Тағдыры ешкімге де ұқсамайды /11, 17 бет/, —

деп өз ұлтын қанатымен су сепкен қарлығаштай шыр-пыр болып қорғайды. Жас ұрпаққа халқын қорламауды, елін кемсітпеуді насихат етеді.

 Жүрсін ақын да адамның рухани бостандығын, елдің азаттығын, қоныстың құттылығын көздің қарашығындай аялап,   ұрпаққа аманаттайды. Ел, халық, Отан, Жер деген қасиетті ұғымдарды қанына сіңіріп, жүрегіне құйып отырады. Ақынның бүкіл шығармашылығының  алтын арқауы да осы –  адамгершілік құндылықтар.

Жүрсін ақынның “Махамбет және біз” атты өлеңіндегі:

Жан бағуға жол тауып жарайтындай,

Ақиқаттың жатқанда бәрі айтылмай.

Біздің күйкі тірлікке исатайым

Тас төбемнен түнеріп қарайтындай!

 

…Өсекші  өлең,

Отырсың сыр ақтартып.

Жақтырмайтын жанбыз біз сұрақты артық.

Махамбеттен – кететін бір-ақ  тартып,

Бара жатыр арамыз жырақ тартып.

 

Күн өткізіп желікпен,

Сауықпенен,

Қызығымды сайраннан тауып келем.

Махамбетке ұқсасақ – арман қайсы,

Ұқсайтыным аз ба деп қауіптенем! /12, 31/, – деуі   жай айтыла салған ой емес. Мұның астарында ақын орындайтын адалдыққа, жарасымды тірлікке, еркіндікке алаңдау бар. Алаңдау неден туындайды? Өмірдің, адамдардың алалығынан, әділетсіздіктің айқастыруын, жазықсыз жапа шеккен біреуден жетімдік естуден туындайды.

Осындай ой, ақындық алаңдаушылықтарды, махамбет ақынға жүгінуді Жүрсін ақынның замандасы ақын Н. Оразалин өлеңдерінен де кездестіреміз. 

Уақыттың бүгінінде жасы келген…

Бұрыл!

Қара жолыңа басып өткен.

Ұлы Абайын сойылға жығып жұртты,

Махамбеттің семсерде басы кеткен /13, 52/, – деген Н. Оразалин мейірімнің соңынан ерген қатыгездік барын, өмірдің соңында өлім барын ескере отырып, әділет пен адалдықты жеңу үшін, әркім өз қуатын жұмсауы қажеттігін меңзейді.

Жүрсін ақын тағы да:

Көңіл қошы болғанда

Кей күні ағам:

– Махамбетке ұқсайсың, – деді маған.

Оңашада айнаға көз тастасам-

шынында да Махаңмын

Айнымаған.

 

Алдайды деп аңқаулау елімді кім

Жұртың үшін түн ұйқың бөлінді мың.

Махамбетті қинаған сол уайым

Иінімнен басады менің бүгін!, – деп  Махамбетше толғанса, ақын                    Н. Оразалин де:

Бәрі болдым…

Абай болып ауырдым,

Махамбет боп кештім талай ауыр түн.

Ай астында енді Нұрлан болып бір,

Мына тамыз,

Қараша – күз,

Сәуірдің,

Сөзін айтсам жарар еді дәуірдің?! /13,29/, –

деп ақын тайсалмай Дәуірдің сөзін айтқысы келеді.  

Қос ақын да өмірді өле сүйгендіктен де жастық жалынмен алты құрлықты аралап, Махамбетше жарқылдайды, ғасыр жүгін көтермекке Абайша толғанады, қалың қауымға Қасымша қарсы тұрады, замана зердесін Мұқағалиша бедерлейді. Бұлайша ұлыларға ұқсау, ұлылардан үйрену жақсы-ақ…   Сонымен бірге,  көптеген ақындардың  поэзиясында Махамбет есімі хан-бектерден тайсалмайтын батыр белгісінде, тарихи тұлға ретінде, адуынды ақын ретінде, тіпті ақынның әділдік іздеп алдына жүгініп төрешісі ретінде де жиі көрініс табады.

Атақты сыншы В.Г. Белинский: “Ақын бәрінен бұрын адам, сонан соң өз дәуірінің перзенті ”, — деген екен. Осы пікірге сүйенсек,  Жүрсін өлеңдерінде өз дәуірінің көзге көрінетін, кейде көрінбейтін неше алуан құбылыстары сөз болады. Ақын өлеңінде  егемен елінің ертеңіне алаңдаушылық басым.  Жүрсін Ерман поэзиясының басты тақырыптары – ел мен жер тағдыры, адам мен оның еңбегі,елдік пен ерлік, уақыт пен кеңістік, дала мен қала, жыл мезгілдері, ғашықтық ғаламаттары болып табылады. Оның   лирикасындағы ізденіс арналары – ауқымды да ағысты, тақырыптары – іргелі де мәнді, көзқарас пен қолтаңба мәнерінен ақиқатты ту ету, шынайы шындыққа табан тіреу айқын байқалса, мазмұн құрылымынан – ұлт пен ұрпақ мұраттарынан адалдық, ел мен жерге берілгендік, адамдық істі ардақтау, кісілік пен кішілікке ден қою, тарих пен танымға, дәстүр мен дінге, діл мен тілге т.б. көркем де кемел, шебер де шешен жырлайтыны айқын танылады. Ақынның өлеңдеріне байыппен назар аударар болсақ, халық перзенті, елден үлкен еместігі, оқырманмен бірге екендігі айқын аңғарылады.

Қазіргі қоғамда адам,  жер,  әлем, орта, жеке адам тағдыры мәселелері көтерілуде.  Ақынның  лирикалық туындыларында өмір шындығы және қаһарман әлеміне кең орын беріледі. “…Адам бар жерде поэзия бар. Табиғаттың таңғажайып құбылыстарын алдымен сезініп, алдымен ләззаттанып, алдымен жиіркенетін де сол адам десек, ендеше поэзияның бүкіл болмысының өзі сол адамның ақыл-парасаты мен сезім-түйсігінен жаралған. Демек, адамның қатысуынсыз поэзия жоқ. Барлық табиғатымен өмірдің өзі тұнып тұрған поэзия дейміз, алайда сол өмірді, сол керемет табиғатты көретін көз, сезетін сезім керек. Демек, шынайы поэзия – адам сезімінің анатомиясы да, шын ақын соның зертеушісі. Шынайы ақын — өз халқының шаттанса, шаттығы мен қуанышы; жыласа, көкірек шерімен көз жасы”, — дейді ақиық ақын Мұқағали Мақатаев өзінің “Қазақ жырының бір жылы” атты мақаласында /14, 215 /.

Осы пікірде айтылғандай,  ақын қай тақырыпты жырласа да барынша шынайы, көркем жырлауды мақсат етеді. Ақынның байқампаз назарынан ешбір құбылыс таса қалмайды. Әсіресе, өзі өмір сүріп отырған орта, заман шындығы, қоғамдығы келеңсіз жайттар мен зиянды әрекеттер өлеңде барынша айқын көрінеді.

Ақын Жүрсін Ерман  творчествосын зерттей отырып, оның қазақ поэзиясындағы өзіндік қолтаңбасы, өзіндік мінезі бар, өзіндік «Мені» бар ақын екендігіне көз жеткіздік. 

 

  • Ұлытау жырлары немесе Жүрсін Ерман поэзиясындағы туған жер тақырыбы

 

Ақын Жүрсін Ерман өлеңдерінің тақырыбы сан алуан, ол тақырып таңдамайтын ақын.  Алайда тақырыптың ақын шығармашылығындағы алар орны ерекше екені  белгілі.   “Тақырыпты эстетикалық биік талғам деңгейінде нанымды, сенімді игеру  қаламгердің профессионалдық шеберлігіне, идеялық-эстетикалық мұратына, дүниетанымдық көзқарасы мен творчестволық позициясына тікелей қатысты” /15, 168/, десек    Жүрсін Ерман  көтерген тақырыптың қай-қайсысының да тереңнен сыр тартатындығы анық.

Адам баласының бүкіл жарық дүниеге, барша жанға деген жанашырлық, сүйіспеншілік сезімі өзінің оймақтай ауылын,ес біліп, етек жапқанда көңіл көзі түскен туған табиғатын жақсы көруден басталса керек. Өзінің аршасы мен шыршасын, тобылғысы мен түзгінін кие тұтпаған адам басқаның ауласындағы қайыңды қастерлей алмайды. Өз туған жерінің тауы мен жылғасын, құралайы мен ұларын, наурызы мен қарашасын ақын керемет өрнектейді.

Қазақ поэзиясында, қазақ әдебиетінде өзіне ғана тән мақамы, қолтаңбасы бар, бірақ  “ақынмын, құдаймын” деп кеуде қақпайтын, өлең деген киелі өлкеге ат басын аз бұрса да, саз бұратын Жүрсін ерман поэзиясы қазақтың сөз түсінетін оқырманы, сөзді бағалай білетін оқырманы үшін қадірлі. Жүрсін – аудармашы, журналист, айтыс өнерін қайта жандандырып, ұйымдастырушысы.

Ұлытауым, ұлығым,

ұлтым менің,

Ұран ілер басыңа бұлт

ілмегін.

Ұларыңды ойлама,

ұлыңды ойла,

Бауыры бүтін бар дейсің

бұл күнде кім,

Ұлытауым, ұлығым

Ұлтым менің, – деп жырлаған туған жері – Ұлытау Жүрсін Ерман өлеңдерінің басты тақырыбы, негізгі лейтмотиві де.  Оның “Ұлытауға бардың ба?” атты жыр кітабы да бар.

Ұлытаудың ұлдары-ау, ұлытаудың,

Құлағыңа жете ме үні таудың?

Ұлар қашқан күндерді ұмыт аулым

Ұнжырғасы түспесін ұлы таудың!, –  дейді ақын осы аттас өлеңінде. Туған жер тарихы,  атамекенге деген құрмет бәрі  әдемі үйлесіп тұр. Негізінен,   Жүрсін ақынның  бұл  өлеңдерінде туған жерінің небір ғажап сұлулығы әр қырынан суреттелмегенімен, ақынның кіндік қаны тамған жерге деген сүйіспеншілігіне еріксіз назар аударасың.   Барлығымызға бала кезден таныс туған жерге деген сағыныш ақын санасында мәңгілік сақталып қалған. Оған деген перзенттік сезімін ақын  шынайы сүйіспеншілікпен жарқын жеткізе алған.  Біз де ақынмен бірге табиғаттың бойында ғана емес, өзгені де, жанында болып жатқан құбылыстарды көреміз.   Көңіл-күй, сезім – өлеңінің негізі.

Жүрсін ақын Ұлытауды ақындық айшыққа айналдыра жырлайды. Ұлытау – ұлттық символ. Жыр әлеміндегі Жүрсін соққан Ұлытау мұнарасы тым биік.

“Жүрсін Ерманның бүкіл болмысы – далалық болмыс” , – дейді сыншы А. Егеубаев ақын поэзиясын талдай келе. Есіліп сөйлеп, көсіліп жүретін ортада өскен оған қала тым тар, тым шектеулі.  Даланың жөргегіне оранып, даланың бесігінд бөленіп өскен оның жыры да, сыры да тіпті мұңы да – сол Дала” /16, 294/.  

Дала – қазақ поэзиясындағы символдық бейне. Дала мен қазақ әу бастан егіз жаратылған. Бірінсіз екіншісін елестету мүмкін емес. Байқап қарасақ, ұлт тарихында қандай да бір қырғын шайқастар болса, ол да Дала үшін, ұлтарақтай жер үшін  болыпты.  “Дала – қазақ поэзиясының тақырыбы болудан бүгінгі өлең тәжірибесіне сүйенсек, тым биіктеп кеткен. Дала – бір немесе бірнеше ақынның емес, поэзиямыздың барлық буын өкілдерінің шығармаларына өзек болатын, өздеріне шабыт беретін Муза, ақындық айдыны. Өйткені, дала – грузиндердің тауы сияқты халқымыздың, ұлтымыздың символы. Халқымыздың ұғымында дала кеңдік, кеңістікке баланады.  Дала бейнесі символдық образ күйінде қазақ мінезіндегі кеңдікті, кеңпейілдікті ғана еме, толайым табиғатын тұтас, жаратылысын жан-жақты көрсете алады”, – дейді әдебиеттанушы ғалым Б. Кәрібозұлы /17, 21/.

 

От жақпаймыз күйелеш күл шығарып,

“Құдығымыз” көрген жоқ бір суалып.

Көршің итпен сөйлесіп отырады

Иланбасаң үйіне кірші барып.

 

Елдегілер еткенмен осыны аңыз

Біз ішінде жүрген соң – шошынамыз.

Төрт қабырға – қыстауың

Ал жаз шықса

Балкон деген жайлауға асғамыз.

 

Ие болар кезеңде бір атаға

Мейманыңа беретін құр атала.

Желдегенде бабарың – саяжайың,

Шөлдегенде табарың – сырахана /6, 294/, –

деп жырлаған Жүрсін ақын туған жерге деген сағынышын өзгеше пішінде білдіреді. Ақын өлеңдерін оқи отырып жетпісінші, тоқсаныншы жылдары қаз-қалпында көз алдымызға елестетеміз. Сол жылдардағы көңіл-күй, сезім оралымдары, туған жерге, ағайын-туғанға  деген кіршіксіз махаббат, бейбіт өмірге, бейқуат тірлікке деген қанағат әр өлеңінде жарасымын тауып әдемі суреттелген. Әсіресе, туған жерге,туған ауылына арналған ақын өлеңдері ерекше шабытпен жазылған. әр шумақтан, әр жолдан ақын жүрек сағынышы аңқып тұрады. Оның жырында арзан сөз, құр жылтырақ кездеспейді,  оның сағынышы мүлде басқаша жолдар арқылы жеткізіледі. Шеберлік деген,  міне осы.

… Өзінің жасап солай бар амалын,

Анашым айтушы еді жорамалын.

“Таза бас туған жердің топырағын,

Жете гөр қадіріне Жер – Ананың”

Көңілді бастық бүгін өрекпіген,

Білемін енді басқа деректі мен:

Ұшынған ұллы дәуір сырқатымен

Ұшықтау жердің өзін керек білем!, /12, 8 / –

деп  тебіренді  ақын өзінің “Жерұшық” атты өлеңінде. Сол туындысында:

Құшақтап туған жерді жатқанымда,

Естуші ем жүрегімнің дүрсілдеуін, — дейді ақын. Өмірге, азаматтық тағдырға өлеңмен кіріп, өлеңмен келе жатқан жанның сөзі.

Ақын жырларында көңіл-күй, сезім оралымдары, туған жерге, ағайын-туғанға  деген кіршіксіз махаббат, бейбіт өмірге, бейқуат тірлікке деген қанағат әр өлеңінде жарасымын тауып әдемі суреттелген. Әсіресе, туған жерге, туған ауылына арналған ақын өлеңдері ерекше шабытпен жазылған. Әр шумақтан, әр жолдан ақын жүрек сағынышы аңқып тұрады.

Жүрсін Ерман жырларына тек қана Ұлытау ғана арқау болмаған. Оның туған жер, отан, атамекен тақырыптарына өзек боларлық бірнеше жырлары бар. Атап айтар болсақ, “Сауран”, “Сырдария”, “Гольфстрим”, “Ата жұртым Бескесік”, “Жыңғылды көң”, т.б. сынды өлеңдерінде қазақ жерінің  небір ғажайып сұлулығы жыр арқауына айналған.

Аңсап ем айлар бойы бұл күнді мен,

Ақыры жеттім саған,

“Жыңғылды көң”.

Иіскесем шашақталған шырпыңнан бір

Жаныма болатындай мың күндік ем.

 

“Жыңғылды көң”.

Картада жоқ  ондай ат.

Көңілден келесің тек жоғалмай-ақ,

Ей, інім, отырмысың ағаңды аяп?

…Байғыздар там ішінде жағы сембей

Бағыштап отырғандай маған да аят! /6, 93/.

Ақын өзін толқытпаған жайды жазбайды. Тек тұла бойын шымырлатып өткен күн, келер шақтарды елестетердей әсер берген құбылыс қана оның жүрек қаламынан жыр туғызады. Осы көңіл дүниесінің қалт еткен қас-қағым сәтті табиғаттың көңіл әлемімен көмкеріледі де, адам мен жаратылыстың бұл күнде жер үстінен қашқақтап бара жатқан үйлесімін табады. Ақын шумақтарының өзінен-ақ лирикалық кейіпкердің ішкі жан әлемін көреміз.

 

1.3. Жүрсін Ерман поэзиясындағы сезім сырлары

 

Ақын шығармашылығының негізгі, түп қазығы лирикадан танылады. Лирикалық поэзияның күрделі де қуатты бай түрін жасаған ақынның ең әуелгі ерекшелігі өмір шындығын көркемдік сатыға көтеріп, дамытып, қоғамдық құбылыстардың қым-қиғаш күрделі суреттерін лирикалық туындының қысқа қайырымды мазмұнына шеберлікпен сыйғыза алуында. Демек, лирикалық туындыға тән әр сәтте жарқ еткен құбылыс пен сезім сәттерін шағын шумақтарға сыйдырып, сырлы сөзбен сурет салу – ақын талантының бір ғана қыры.   Жүрсін Ерман стиліне тән осы қасиет ақын өлеңдерінің өмірінде бастан-аяқ байсалды қалпын сақтап отырады. Образ жасауда ақынның өзіне ғана тән даралық сипат ерекшеліктері барлығы аңғарылады. Қас қағым сәттік өмір көрінісі ақын жырларында көркемдік әрді иеленіп, образдық суреттер тудырады. Ақын кейіпкерлері қоғамның, заманның үнін танушы сан түрлі характерлі бейнелер сапында көрінеді.

Поэзия мен махаббат – бір – бірінен айрылмайтын егіз ұғым. Сондықтан, әр елдің әдебиетін, әсіресе поэзиясында көп ұшырасатын, мәңгілік тақырып – махаббат. Бірақ, әр халықтың жан – дүниесінің құрылымына, әрбір ақынның ой – түйсігіне қарай, махаббатты әркім өзінше жырлайды.  Жүрсін ақын поэзиясының басты ерекшеліктерінің бірі–  оның адамгершілік, ар, намыс, сол арқылы адамға деген сүйіспеншілік пен аяушылық, мейірім, махаббат тақырыптарын үнемі  қозғап отыруы.

 Қазақ поэзиясындағы лирикалық тұлға проблемасын зерттеуші-ғалым Тұрсынжан Шапай қазіргі әдебиеттану ғылымында жиі қолданылып жүрген «лирикалық қаһарман», «ақынның мені» сияқты ұғымдардың әрқайсысының өзіндік сипатын анықтауға біршама еңбек жасады. Бұл турасында ғалым «Өлеңдегі лирикалық субьект орта дүниетаным, авторлық дербес сана көрінісі бола отырып, әрқилы адамдық кейіп, мінез-қалып әлеуметтік-психологиялық түрлі саналар арқылы айтылатын жайлар бар. Мәселен, ол өлең мазмұнына құрылысшы, қойшы, ғашық жігіт, мұңлы қыз, қария немесе жас бала т.с.с. кейпінде көрініп, әр қайсысы өз өрісімен парасат-пайым дәрежесінде ой толғап, сыр шертуі мүмкін. Олар бәрін ақынның лирикалық тұлғасымен тұтастықты жеке лирикалық кейіпкер деп қарауымыз әбден заңды. Ал енді ақын оқырман алдына ешқандай лирикалық «маскасыз» шығып, нақты ақындық, адамдық болмысымен көрініп, бүркемесіз өз атынан сөз алса ше? Ақындық «мен» атауын, біздіңше, дәл осы жағдайда қолдану орынды» /18, 16/, — дейді. Сондай-ақ, лирикалық тұлға – ақынның бүкіл шығармасындағы көп контексіндегі айқындалатын бейне болса, лирикалық кейіпкер жеке фрагментаралық тексте, кез-келген жеке лирикалық өлеңде көрініс тапқан авторлық дербес сананың көркемдік тұрпаты, – деген ой айтады.

Ақын ой өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкердің жан сыры жыл өткен сайын жаңа сапада жаңғыра береді.  Оның өлеңдері адам жанын әр сәттік жай-күйін дөп басудың үлгісін көрсетеді.

Жүрсін лирикасындағы жиі кездесетін, көбірек жырланған  тақырыптардың бірі  — адам өмірі, заман сыры, уақыт деңгейі, табиғат, достық, махаббат туралы ойлар. Тақырыптық жағынан  махаббат  лирикасы – поэзияның ғасырдан-ғасырға, ұрпақган-ұрпаққа жетіп, үздіксіз жырланып келе жатқан мәңгілік тақырыптарының бірі. Осындай мәңгілік тақырыпқа ақын Жүрсін Ерман да қалам тарпай қалмапты.

Таттым да бақыт бал дәмін,

өзімді өзім алдадым.

Сүймеген өмір – қасірет,

Сүйіп те тынши алмадым.

 

Патшамын, кейде пақырмын,

Аңызақ қинап аһ ұрдым.

…Махаббатымның шөлінде

Шөліркеп келе жатырмын.

 

Саған деген ынтық менің сезімім,

Аспан толған ауа сынды өлшеусіз.

Саған деген менің ықыласымды

Аңғармайсың–

Жұтқанындай ауаны /12, 18/, – деп келетін дәстүрлі махаббат жжырлары, сезім– сырлары Жүрсін ақында көп-ақ. Әдебиеттанушы-ғалым Асқар Егеубайдың сөзімен айтар болсақ, “Сезім сахарасына енгенде сыбызғыдай сызылтып жыр әуезінің өзгеше бір пернелерін термелеп өтеді. Душанбенің хош иісті жұпар исі де, ұшақ терезсінен телмірген көктің зеңгір тұнығы да ақын жүрегін шымырлатады. Ондайда әуезді өлеңді шашып-төгіп лақтырып тастай береді. Баяғының сал-серісіндей. Өлең туса қағазға төгу, кестелеп шегу қиынға түсетіндей” /16, 3/.  

Неміс философы Я.Ницще: «Лирикалық образдары – ақынның өзінен басқа ешкім де емес, тек бұл өлеңнің әр қилы формада обьективтенген тұрпаты, сондықтан осынау ұлан – ғасыр әлемнің күндік тұтқасы ретінде ол «Мен» деп сөйлеуге әбден хақылы дей келіп, осы арқылы лирикті жалаң субьективті ақын деген түсінікті жоққа шығарып, ақынның өзін бүкіл ой-сезім әлемімен, түптеп келгенде, сол өзі жаратқан лирикалық геншінің (Ницщенің атауы) танымы ғана деп біледі. Лирикадағы басты образ – лирикалық қаһарман. Бұл образдың түп негізі – ақынның өзі болғанымен, лирикалық кейіпкер – жинақталған, дараланған, дәлірек айтсақ, толық мағынадағы әдеби бейне сатысына көтеріліп, ақынның ғана емес, оның замандастарының атынан сөйлеу құқына ие болған тұлға” /18, 48/. Бұл пікірге қосыламыз, бірақ та, ақын не туралы жырласа да, ең алдымен өз толғаныс, дүниетанымын бірінші орынға қояды. Сезім көзбен көріп, қолмен ұстай алмайтын абстрактылы ұғым болғандықтен, лирикада тек көкірекпен ғана түсінетін нәзік сырлары мол болады.

Әр  лирикалық өлең – ақынның жан дүниесінен хабар беретін ақиқат негізі, көңілінің, жүрегінің күнделігі. Үлкен сезіммен  туған дүниелер құдды психология оқулығы типтес. Аса бір нәзіктілікпен адами болмысты дәл көрсете біледі.   Ақын не туралы, кім туралы жырласа да, ең алдымен өз толғаныс дүниетанымын бірінші орынға қояды. Сезім көзбен көріп, қолмен ұстай алмайтын абстрактілі ұғым болғандықтан, лирикада тек көкірекпен ғана түсінетін нәзік сырлары мол болады екен.   Жүрсіннің  әр лирикалық өлеңі, ақынның жан-дүниесінен хабар беретін ақиқат негізі, көңілінің, жүрегінің  күнделігі. Оны оқи отырып, адами болмысты дәл көре аламыз. 

Жүрсін ақынның сондай сырлы жырларының бірінде мынадай жолдар бар:

Аңғармайсың.

Аңғармасаң аңғарма.

Мен өзіңді балай берем заңғарға.

Терезеңнен  төгілемін шуақ боп

Сен қуанып оянатын таңдарда.

 

Гүл боп тұнам

Сен жүретін жолдарда,

Нұр боп толам сен кіретін залдарға.

Сапар шегіп сан қияға барғанда

Мен алдыңнан шыға келсем – таң қалма!

Аңғармайсың.

Аңғармасаң – аңғарма,

Дүниеде мен де бармын – сен барда! /12, 56/.

 

Әрине,  Жүрсін Ерман  өмірін өнерге арнаған. Өмірге өнердің көзімен қарайды. Шындық жайттардан, толғам — толғаныс, тебіреністі сәттерден қуат алады. Сыр мен сезімді қатар ұстайды.Шындық шырағын алысқа түсіреді. Мұның бәрінде де ақындық мұрат айқын.Ұлттық болмыс пен уақыт өрнегі бедерлі. Қайсыбір тақырып, мәселелер жүрек айнасы арқылы көңіл безбеніне салынады. Жан жүректі толғантып, тебіреткен жайлар ғана өлең өріміне айналады. Өлеңдегі өмірбаян осылай жазылады. Тақырып тынысы әр алуан Жүрсін  жырларының өзекті бейнелеу сазы – елге, жерге, адамға азаматтық махаббат толғаныстарында тоқайласады. Ақын:

Сызылса бір-ақ кештің қоңыр әні,

Нұрға толар аспанның омырауы.

Көкірегің сыздап бір сезімменен

Сағынасың өткен мен соңыраны…–

десе де, адам көкірегіндегі әлдебір таныс әуенді еске салады.

Жалпы, махаббат тақырыбы –  Жүрсін Ерман  поэзиясының құнарлы арналарының бірі. Ол махаббатты адамның ең асыл сезімдерінің бірі ретінде суреттей келе, оның жан мен тәнге бірдей қасиетін айшықтауға ұмтылады.

Адам жанының тереңіне бойлай білуді қажет ететін лирика жанрының  басты ерекшелігі – ой мен сезімнің тең қабысып отыруы. Ал, нағыз лирик осы қос қасиетпен оқырман жүрегін  сәулелендіріп отыруы тиіс. Бұл әрине, қалам ұстаған кез-келген  қаламгердің  қолынан келе бермейтін, тек сирек талант иесіне ғана бұйырар шығармашылық бақыт. Поэзия әлемінде жасқа – кәріге немесе ерлерге — әйелдерге деп арнайы қойған тақырыптың  жоқтығына ақын жырлары айқын дәлел. Демек,  Жүрсін жырлары арқылы өзінің болмыс-бітімін, әр сәттегі ойларын   білдіреді:

 

Жүректің отын назыңмен үрлеп жағасың,

Қамықса көңіл, қалауын іздеп табасың.

Ғажайып сәтім ғайып боп кетсе, қайтемін,

Асықпа, жаным,

Асығып қайда барасың?

 

Күлімдеп келіп тарқатып көңіл наласын,

Күнімдей болып көгімде менің жанасың.

 Сен ғана мені серпілтіп ойдан аласың,

Асықпа, жаным,

Асығып қайда барасың?

Әр  лирикалық өлең – ақынның жан дүниесінен хабар беретін ақиқат негізі, көңілінің, жүрегінің күнделігі. Үлкен сезіммен  туған дүниелер құдды психология оқулығы типтес. Аса бір нәзіктілікпен адами болмысты дәл көрсете біледі. 

Жүрсін Ерман поэзиясында есімі елге мәшһүр атақты тұлғаларға, белгілі азаматтарға арнаған арнау жырлары да баршылық. “Ақын атаулының талайы айтулы замандасына, ізгі жанға сөз арнайды.  Сол адамға бағышталған әдемі сыйы, тебіренген күйі, қайталанбас жыры, жүректе жатқан сыры секілді.қалай дегенде де арнау өлеңде ақынның дам ізгілігін толғасам, кейінгілерге білгізсем, сол адам туралы әдемі естелік қалдырсам деген жалынды мақсаты тұрады. өзі білген, сүйген адам-құбылысты бір ізгі қырын шалқыта, шабыттана жырлау, жүрек күйіне бөлеп, бар дауысымен  жар сала айтудың өзі ерлік” /19, 76/, – дейтін болсақ, ақын поэзиясына да мұндай дәстүрлер жат емес.                                    “Т. Молдағалиевке”, “М. А-ға”, “Дарханға”, “Көпенге ақыл-кеңес”, “Тұрсын Жұртбай”, “Қалмақ ғалымы Н. Убудашаевқа”,    “Мүйіз кесу” (Оралхан Бөкейге), “Оразалы”, “Үзілмесін үміттер (А. Ермегияевке)”, “Мырзатай Жолдасбековке” т.б. сынды ақынның арнау жырлары осыған дәлел. Мәселен, “М.  А-ға” атты өлеңінде ақын:

 

Керегі жоқ, білмеймін–

Нешедесің?

Ғашық жырдың көгертіп көсегесін,

Ынтық жүрек,

Ып-ыстық алақанмен

Нұрлантасың өлеңнің пешенесін!

 

Үлбіреген мамықтай бар тұлғасы,

Махаббаттың мейірбан марфуғасы.

Тереңінен теңіздің сүзіп алған

Маржандай боп жанарға жарқылдашы!, – дейді.

      Ақынның белгілі тұлғаларға, ақын-жазушыларға, қоғам қайраткерлеріне арнаған өлеңдерінде ақынға тән мінезбен лирикалық тұрғыда сұлулық пен адамзаттың жан байлығы суреттеледі. Ол өмірде кездесетін, бірақ ескеріле бермейтін дүниелерді жырлаған. Бұл шумақтар Ж. Ерманның  арманын да, мақсатын да айтып тұр.  Ақын көбіне өлеңнің тілдік құнарлылығын мол пайдаланып, поэтикалық өнер дәстүрін әрі қарай нығайтуға, сол арқылы өзінің айтпақ ойы мен көңіліне түйгенін айтуға тырысады.

Жүрсін ақынның  қай өлеңінен болса да  жан-дүниенің тазалығы мен жоғары адамгершілік қасиет аңғарылады. З. Ахметовтың: “Өмір шындығы ақынның, суреткердің көркем ой көрігінен өтіп, оның эстетикалық талғам-талабына сай қорытылып шыққанда ғана поэзиялық шындыққа айналады. Көркем шындық сондықтан әйтеуір бар нәрсе, тек өмірде болатын, не болған нәрсе емес, ақынның жан дүниесінің жарқын сәулесімен нұрланып шыққан, оның ақыл парасатынан, шабытты асқақ арманынан қуат алып, құлпырған әдемілік-сұлулыққа ынтық, эстетикалық сезімінен нәр алған өмір шындығы. Ол — өмір құбылыстарының ішкі сырын, мәнін терең ашып беретін, олардың сипат-қасиеттерін, типтік тұрғыдан талғап, саралап көрсететін шындық” /20, 17/, — деген тұжырымын нысанаға алсақ, ақын  жырлары қай кезде де  бағасын кемітуі мүмкін емес деген түйін жасаймыз.

 Ж. Ерман поэзиясының  келесі біраз  топтамасы  өмірден өткен өзінің  рухани ағаларына, замандастарына, інілеріне арналған “Жоқтау” өлеңдерi. Жоқтау –  жанашыр жақын адам, не белгілі ру басы өлгенде айтылады. “Аяулы атын, я құсын жоғалтса, соларды жоқтайды. Бұрынғы заманда ауыл ақсақалы өлсе, оның бала-шағасы, туған-туысы, жора-жолдасы, ауылдасы жиналып: “бауырым-ай”, “әкем-ай” деп жылап-сықтайтын… Жоқтаудың мазмұны сол жоқтау арналып отырған кісінің басына біткен дәулетіне, ел арасындағы орны мен дәрежесіне байланысты болады. Өлген кісінің кісілік қасиеті сөз болады. Жоқтау өлеңдері – көшпелі қазақ әйелдерінің ақыл-ойын көрсетеді, жүрек сұлулығын суреттейді” /21, 127/, — дейді ғалым Ә.Диваев бұл турасында.  

Жүрсін Ерманның “Кеңшілік Мырзабековты Алматыдан аттандыру”, “Сабырхан Асановтың қазасы”, “Ақын мен ажал” (Сәкеннің соңғы сәттері),  белгілі айтыскер ақын Оразалы Досбосыновқа арнаған “Оразалы”, “Мұхтар Әуезов қабірінің басында жазылған жырлар”, т.б. жоқтау– жырлары да өз алдына бір төбе.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ

Ж. ЕРМАН ПОЭЗИЯСЫНЫҢ  КӨРКЕМДІК  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

М.Жұмабаев өзінің атақты “Педагогика” атты еңбегінде: “Жазушы, ақын деген сөз – ойлаған ойын, әдемілеп жарыққа шығара алатын адам деген сөз. Тілі кем болса, адамның қор болғаны. Адамшылық, толық мағынамен адам аталу – тіл арқасында” /22, 115/, —  деп шын мәнінде қаламгер атанудың негізгі жолын көрсетеді.

Көркем шығарманың көркемдік құндылығын анықтауда ондағы поэтикалық ерекшеліктерді зерттеудің маңызы зор. Шығарманың эстетикалық деңгейінің биіктігі ақын шеберлігі мен оның тынымсыз ізденісіне тікелей байланысты екендігі даусыз. Ақынның өзгеге ұқсамайтын дара қолтаңбасы әсіресе, поэмалардағы көркемдік құралдарды игеру, оқырманды образды ойлауға ұмтылдыру барысында анық байқалды.  Орыстың атақты сыншысы В.Г.Белинский : “Он том жазсаң, жеткізе алмас ойыңды бір сызып тастай салғандай етіп, жалғыз сөзбен айтып берер – көркемдік” , — дейді /23, 53/. Ал сөзді дәл осы дәрежесінде танып, тауып қолдана білу шынайы ақындық шеберлік екені даусыз.

Біздің бүгінгі зерттеу жұмысымыздың негізгі арқауына айналып отырған ақын  Жүрсін Ерман  –  қазақ әдебиетінде өзіндік беті айқын, дәстүр мен жаңашылдықтарды ұштастыра білген, лирикаларының көркемдік қырлары, тіл қолданысында да өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Ол өз жырларында қазақтың оралымды да бай тілінің көркемдік құралдарын мол әрі шебер пайдаланады. Ол көркемдік ізденістерін үнемі толықтыра отырып, заман жайын, халық сөзін көкейіне түйіп, әділет, парасат шындығын ту ғып ұстаған үлкен ақын екенін  байқатады. Қай  өлеңін алып қарасақ та оның ақындық кредосын анық байқаймыз. Адам үшін күрескен, оның арманы мен идеясын қорғаған азаматтық үнді еркін танимыз.

 Ақын поэзиясының тілінде адамның жан тебіренісін, көңіл толғанысын, жүрек лүпілін сипаттамалар, эпитет, метафора және басқа да бейнелі сөздер көптеп кездеседі. Алайда, бұл жалғыз  Жүрсін ақынға ғана емес, барлық қаламгерлер шығармаларына тән құбылыс. Мұндағы көркемдік құралдарын қолданудағы мақсат –  ақын-жазушылардың айтайын деген  ойын терең мағыналы, мазмұнды етіп жеткізу, оның сезімге эстетикалық әсерін күшейту.

Атақты Гегель поэзияны өнердің тәжі, өнердің биік шоқтығы мен биік  шыны деп атаған, ендеше таза сезімнің ашық түрде айқын көрнер арнасы да осы поэзия. Олай дейтініміз, поэзия бейнелі терең құнды асыл сөздер арқылы адамның ішкі жан-дүнесін тәптіштеп толық жеткізуге ұмтылады. Осы ойымызды Александр Блоктың сөзі одан әрі қуаттандыра түсетіндей:  “Кімде-кім дүниені мөп-сөлдір таза күйінде көре алса, кімде-кім дүнеге сәби көзімен қарап, сол сәби көзінің жанарына ересек адам санасының нұрын төге алса, міне, сол адам суреткер; кімде-кім тағдырдың жазуымен, тіпті өз еркінен тыс, тек өз табиғатының ерекшелігімен, дүненің тек бергі қабатын ғана көрмей, соның арғы жағында жатқан сырларды ұға алса, аңғал болмыстың көлегейінен жай адамның көзі ажырата алмайтые сонау бимағлұм алыс қиырларды қырағы көзімен шала алса – міне, сол адам суреткер”. Меніңше, Александр Блоктың айтқанындай, ”ерекше көзі” бар ақындар қатарына Абай әлемін, одан рухани нәр, үлгі алып өскен, ізін жалғастырушы қазақ ақындарын жатқызамыз.              

 

  • Ж. Ерман  поэзиясындағы  ұлттық сипат көріністері

 

Ақын   Жүрсін Ерман өлеңдерінен байқалатын тағы бір басты ерекшелік – ондағы ұлттық таным, қазақы ұғымның, қазақы сипаттың молдығы. Бұл ерекшелік жалпы   Ж. Ерман   поэзиясында жиі ұшырасады.

  “…Әдебиеттің барлық сыр-сипатын, өзіндігімен ерекшелігін танып-таразылауда ұлттық мінез мәселесін аттап өте алмаймыз. Ұлттық айырмашылықтарға тарихи тұрғыдан алғаш баға берген ХҮІІІ ғасырдың атақты ағартушысы И.Г. Гендер: “Түйіндеп айтқанда, адамның тұрмыс-тіршілігінде көп мәселе мезгілге, мекенге және ұлттық мінез айырмаларына тәуелді. Өйткені, ең негізгі нәрсе – халықтың мінезі” деген болатын”, – дейді ғалым А. Шәріп. /24, 93/.

Ұлттық сипатсыз, ұлттық дәстүрсіз әдебиеттің болуы, өмір сүруі мүмкін емес. Ұлттық сипат әдебиеттің даму заңдылығы, көркемөнердің жалпы адамзаттық сипаты. Бейнелей айтсақ, поэзия түпсіз терең теңіз болса, ұлттық сипат сол теңізге құятын өрелі өзендер сияқты.

“Ұлттық тақырып экономикалық, саяси әлеуметтік қатынатарды көркемдік зерттеумен шектелмейді. әдебиет қоғам өмірінің идеологиялық һәм психологиялық қырлары сияқты күрделі жүйеге көңіл бөлмей, үңілмей, оны саралап, тексермей өмір сүре алмақ емес, – дейді ғалым Ш. Елеукенов өзінің “Әдебиет және ұлт тағдыры” атты еңбегінде /25, 97/.  Қандай да көркем бейненің ұлттық сана-сезімі, ұлттық характері, психологиялық келбет-тұлғасы болуы тиіс.

Қазақ әдебиеті тарихының күрделі дәуірлерінде XX ғасырдың 60-80 жылдарының алатын орны ерекше. Аталмыш кезеңде қоғамдағы сәл де болса “жылымықтың” нәтижесінде қаламгер санасында бастау алған сілкініс пен серпіліс қазақ  поэзиясындағы ұлттық сипаттың көптеп көрінуіне  мүмкіндік берді.    Бұл тұстағы әдебиетке белсене араласып, көркемдік үрдіске өзіндік стилімен өрнек берген ақындар жырларынан ұлттың иісі шыға бастады. “Дүниеге кәдімгі ет пен сүйектен жаратылған жанның болмысынан сәулеленген поэзия келді. Лирикалық кейіпкер арқылы адам жанының тереңі, қасиет-қуаты пердесіз көрініс тапты. 60-90 жылдар аралығындағы қазақ әдебиетінің ұлттық көркем өнердегі терең тамыры нәзік арқаудан нәр тарта дамуға талпынған бет-бағдары болатын. Бұл жылдар аралығындағы лирика шын мәнінде тасты жарып шығып гүл атқан қызғалдақтай көзге ыстық тартқаны рас /1, 106/.

Ақын Ж. Ерман поэзиясына зер сала қарағанда, біздің ең алдымен аңғарғанымыз, ақын жырларындағы қазақылық, ұлттық  нақыштардың басымдығы. Ақын жырларының көпшілігінің таза қазақы танымнан туындағандығы біздің назарымызды ерекше аударды. Сонымен бірге ең алдымен ақынның өлеңге ат қоюында да  ерекшелік бары байқалады.  Мәселен, Жүрсін Ерман өлеңдерінің атауынан  “Қамшы өріп бер”, “Тұсаукесер”, “Алладан тілек”, “Мүшайра”, “Мүйіз кесу”, “Бәсіре сөз”, “Қарасаз. Қарашал. Қарғыбау”, “Айтыс”, “Ер сыбағасы”, т.б. сынды  ұлттың иісі аңқып отыруының өзі  ақынның азаматтығын аңғартса керек. Салт- дәстүрімізді, әдет – ғұрпымызды, діліміз бен тілімізді сақтап, оларды үнемі дамытып отыруды да кейінгі ұрпаққа аманат етеді. Жастар ғана емес, Жасамыс жұрағаттарды да, әсіресе, ел басқарып жүрген жақсылар мен жайсаңдарды да ана тілімізді ардақ тұтуға үндейді.

“Жүрсін Ерман  – сонау  жетпісінші жылдардың басында қазақ елінің шоқтығы биік ққасиетті жерлерінің бірі Ұлытаудан келіп, қазақ поэзиясына қосылған айтулы ақындарымыздың бірі, – дейді ақынның қаламдас, замандас ақыны Т. Медетбек. Оның өз қатарластарынан бір ерекшелігі Алматыдан оқу бітіргеннен кейін де Жезқазғанға барып біраз жыл жұмыс істегендігі. Елдің қалың ортасында болып, оның рухани құнарын бойына да, ойына да барынша молынан сіңіргендігі. Сондықтан болса керек,  оның өлеңдерінде ұлттық бояу нақыштар, бай-ажарлы бейнелі сөздер, кеңістікте алқынбай көсілетін кең тыныс, асқақ сөйлейтін биіктік жатады” /26, 294/.

“Бәсіре сөз” атты өлеңінде ақын:

Сөздің батпан алмағын сездің бе, ұлым,

әр сөз өзі кеседі өз кіндігін.

Көздің құнын сұрама сұрамасаң,

Ұрау керек алайда сөздің құнын!

 

Қазақ елі секілді зерек елде

Сөз қадірін ұғыну керек ерге.

Шашқың келсе – дүние, малыңды шаша,

Тек сөзіңді беталды бер көрме!

 

Төмен болмақ өлеңнің бәсі неге?

Сөзіңді бақ.

Өрнекте.

Әсірле.

Сөз мінгіздім мен саған алшаңдатып,

Ат мінгізсе ел ұлына бәсіреге /6, 7/, – деп сөз қадірін, қазақ ұлтының өзіне ғана тән ұлттық ерекшелігін түсіндірді.  Ақын  өмірдегі кездесетін түрлі сәттерден мысал келтіре отырып, алдымен өзіңе деген сенімді күшейту керектігін баса айтып, айналып соғып отырады. Лирикалық кейіпкер  бітімнен қоғамдық өмірдің көрінісі, заман ағымы оның толғанысы арқылы көрінетіні белгілі. Өлеңдегі   өміршең  бейне ылғи алдыңғы саптан табылып, халық атынан сыр ағытып ой тоғытса – онда туынды авторларының да адамзаттық өрісі, кісілік келбеті жарқ етіп көрініп қалады.

Көркем әдебиеттің ұлттық ерекшелігі туралы айтқанда, ұлттық бейнелілік, көркемдік құралдар, олардың ұлттық табиғаты туралы айтпай кетуге болмайды. Себебі, Мұрат Әуезов өзінің “Времен связующая нить” атты еңбегінде  айтқандай, “Халықтың тілі мен психологиясында, дүниені қабылдауы мен оны көркем бейнелеуінде әрқашан ұлттық сипат-нышан басым болады” /27, 57/. Ұлттық сипатты өлеңдердегі суреттен, ұлттық образдың ойлай жүйесінен бөліп қарау мүмкін емес.

 Әрбір ұлттың өзіндік ойлауы мен сезінуінде, сондай-ақ, қиялдауы мен армандауында өзгеше сипат, ерекшеліктердің болатыны, образдардың ұлттың өзіндік ойы мен сезіміне негізделіп, дүниеге келетіні, сондықтан да олардың ұлттық сипаты мен мінезінің табиғи қасиеттері болып саналатыны түсінікті.  Осы орайда символдық образдардың орны ерекше. Қазақ ғалымы С. Негимов символды тек образдардың ғана емес, жалпы поэзияның, әдебиеттің ішкі даму факторы екендігі дәлелденген. Ол өзінің “Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелігі” атты еңбегінде: “Поэзияда тұрақты образдар жүйесі мен символдар қалыптасып, кейінгі әдебиеттің дамуына, кемелденіп, нығаюына көмектеседі. Өлең өмір шындығына тамырын терең  жаяды да, өнерлік сипаттарды молынан қамтиды”, – деп жазды /28, 14/.

Поэзияның ұлттық сипаты мен мінезін образдар жүйесінен тыс қарастыру мүмкін емес. Өйткені, образдар жүйесіндгі сан ғасырлар бойы қалыптасқан наным-сенімдер, ой-қиялы, арманы, т.б. тұтастай көрінеді. 

Ақынның жырларының қазақы ұғымға лайық, ұлттық нақышқа толы екендігіне аз-кем мысал келтіре кетуді жөн көрдік. Мысалы,  

 

Желбауынан босаған өлең-үйдің

Желкілдеген желмая түндігісің.

 

Аппақ жеңгем майысып кесте тіксе,

Кестесінің келісті бір гүлісің!

 

Ит жейдедей апшыды,

Қалбаңдаған қысқа күн.

Қазақ поэзиясының бейнелер мен бейнлілік жүйесінде теңеулердің орны бір бөлек. Әдеби бейне жасаудың  бірден-бір ұлттық тәсілі теңеулер жүйесі әдбиетіміздің негізгі қасиетін – ұлттық сипатын тану мен танытуда үлкен қызмет атқарады. Қазақ поэзиясының ұлттық сипатын бейнелер мен бейнелігін іздейде теңеулерге арқа сүйейтіндігіміз сондықтан.                        Н.А. Гуляев: “Ұлттық сипаттың айқын белгісі – ақындық тіл. Оның қызметі сан қырлы, байлығына баға жетпейді. Ұлттық колорит ұлт өмірінен алынған теңеулр жүйесі арқылы жақсы берілді”, – деп жазады /8,108/.

 

      Мен саған қайтып келдім, қалқам Муза,

     Серідей қайта оралған от басына.

 

Қулығымның тазысын жетекке алып,

Іліп қойдым ұятты маңдайшаға.

 

Қара өлеңнің телмірген қазанына

Дәмі кеткен ауыздың дәмесімін.

 

Нарық дегенің

Тұзақ – көгенін

Ілді мойынға

Ілбіп келемін.

 

Адал асқа жайылған дастарханың

Адамшылық пейілдің жайнамазы! /6, 111/.

Ұлттық образдылықтың халықтың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі негізінде қалыптасатыны белгілі. қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі төрт түлік малға байланысты болғандықтан, поэтикаллық образдардың басым көпшілігі төрт түлікпен байланысты. Халықтың тарихи көшін, түсінігін, философиялық пайымдарын, ой-армаанын, түрлі құбылыстарға бағасын, мәдениет биігін осы төрт түлікке қатысты образдардан байқаймыз. Мәселен,

 

Құлын, құлын, құлын күнім,

Жұлынды ма тұлым – гүлің.

Кекіліңнен сыйпап енді

Еркелетер ұлыңды кім?

 

Құлын, құлын, құлын күнім,

Қайтарады құныңды кім?

Менің киік– тағдырым да

Қарауылға ілінді мың /6, 92/.

 

Үйір, үйір, үйірге үйірсегім,

Келмейді ғой үйірсіз күйің сенің.

 

Мініс аттаймын

Желем – шаппаймын /6,122/.

 

Болмасын деп үкілі ұлыңда мін,

Тараушы едің тұлпардай тұлымдарын.

Үйіріне қайрылып кісінейді

Алтын арқан сүйреткен құлындарың! /6, 114/.

Қазақ поэзиясындағы бейне мен бейнеліліктің төрт түлік малға қатысты болуы да ұлттық сипат. өйткені, мал шаруашылығы – ата кәсіп. Қазақ поэзиясындағы символдық образдар жүйесінде өлең өнеріміздің ұлттық сипатын жарқырата көрсетіп, өзглерден оқшаулау тұратын – тұлпарлар бейнесі. “Ат – ер қанаты” деп білген ата-бабамыз төрт түлік малдың ішінд жылқыны ерекше қадірлеген. Тұлпар бейнесі қазақ поэзиясының орталық образдарының бірі болса, оның төрт түлік малдың бірі ретінде ғана емес, шаруашылықты күйттеудн басқа тұрмыстық жағдайлардан да биік, ұлтымыздың рухани әлміндегі қымбат құндылықтар, әсемдік пен әдемілік, сұлулық сырларымен байланыста жасалынып, әдеттегі қарапайым әдби бйне қалпында еме, симолдық деңгейде поэзиямыздың төрінен орын алып келе жатқаны сөзсіз.  Тұлпар – ұлттық ойлау мен ұғымымызға, түсінігімізге сәйкес әдемілік пен әсемдіктің, сұлулық пен ерліктің символы.

“Домбыраның қаз мойын күмбірісің”, – дейді ақын бір жырында.

 Қазақ  поэзиясынан жиі  байқалатын ұлттық  образдың бірі  – домбыра. Қазақ халқының атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық аспаптарының бірі – домбыра. Халық ұғымында домбыраның киелі зат ретіндегі қадыр-қасиеті де мол. Домбыра көмекейінен төгілген күй адам жанының нәзік қылдарын шертіп, жан дүниесін қозғайды. Адам көңіліндегі сөзбен жеткізе алмаған ойын домбыра арқылы күймен жеткізеді. Сондықтан да  ақын Мұқағали  Мақатаев:

Домбырам, жүрегіммен үндес едің,

Сенімен сырласымдай тілдесемін.

Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң,

өнердің не екенін білмес едім, – деп жырлайды” /29, 9/.

Ақын Жүрсін Ерман не туралы, кім туралы жырласа да, ең алдымен өз толғаныс дүниетанымын бірінші орынға қояды. Сезім көзбен көріп, қолмен ұстай алмайтын абстрактілі ұғым болғандықтан, лирикада тек көкірекпен ғана түсінетін нәзік сырлары мол болады екен. Ақын  Жүрсін Ерманның  әр лирикалық өлеңі, ақынның жан-дүниесінен хабар беретін ақиқат негізі, көңілінің, жүрегінің  күнделігі. Оны оқи отырып, адами болмысты, ақын қолтабасын  дәл көре аламыз.

 

  • Ж. Ерман поэзиясындағы көркемдік құралдар

 

Қандай да болсын құбылысты, оның сыр сипатын білдіруде ақындарда кездесетін көркемдік құралдар алуан түрлі. Осыған сай түрлі эпитет, теңеу, метафора сияқты әдебиеттану ғылымындағы троптың түрлері жиі қолданылады. Бұлардан басқа троптың аллегория, синекдоха, кейіптеу, әсірелеу тәрізді түрлері бар. Бұлардың барлығы да ақынның айтамын деген негізгі идеясын оқырманға барынша ұғынықты, көркем жеткізу үшін керек.

 Белгілі бір ақын-жазушының стилін, өзіндік ерекшелігін атағанда оның тіліне, сөз қолданысына айрықша тоқталып өткен жөн. Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты құралы десек, ойды жеткізудің алуан түрлі тәсілдері бар. Көркемдік құралдардың қай-қайсысы болса да, суреткердің белгілі бір идеялық-эстетикалық мақсатына орай қызмет  атқарады. Қаламгер атаулының басты мақсаты – айтайын деген ойын терең, мағыналы, сұлу етіп жеткізу.   “Әдебиеттегі бұрыннан бар метафора, эпитет, теңеулерді қайталамай, қайта санын көбейтіп, түрлерін дамыту ақындар үлесіне тиген міндет”, – дейді ғалым   М. Дүйсенов /30, 277/, -Әбу-диплом].

Ақын  Жүрсін Ерман поэзиясын ажарландыратын көркемдік  тәсілдердің бірі – теңеу. Қазақ өлеңін теориялық  тұрғыдан зерттеген ғалым З.Ахметов теңеу жөнінде: “Көпшілікке белгісіз, түсініксіз нәрсені түсінікті, белгілі нәрсемен салыстырып айту бір басқа да, ал бейнелілік  сипаты бар көркем теңеу жасау – бір басқа. Теңеу туралы айтылғанда, салыстыру үшін қандай нәрсе алынып отырса, соған көбірек мән беріледі. Асылында, мәселен тек онда ғана емес. Сол салыстыру арқылы сипатталып отырған құбылыс, нәрсе қандай. Оның нендей ерекшелігі көрсетіліп отыр және екі нәрсені теңдестірудің өзінен қандай мағына туып,  ой аңғарылады – міне, алдымен осылар толық ескерілуге тиіс” /20, 38/ — деген болатын.

 

Еркектердің көз жасындай

Сараң ғана сырғанайсың,

Сар даланың кеудесінде

Сусып аққан Сырдария.

 

Ұлтарақтан қылтиған шегедей боп,

Ертелі-кеш миымды сөз қажайды.

 

Не болар екен,

не болар екен ертеңім?!

Астында өстім жамау да жасқау көрпенің,

Сынық қобыздай сыңқылдап бір күй шертемін.

 

Айтарымды  дей алмаймын айта алдым,

Шанаштағы шалаптай боп шайқалдым.

 

Іздегенім уысыма түспеді,

Жеткізбеді отындай боп  сайтанның.

 

Қарасарға ел болмай,

Қаңсылаймын арландай….

 

Қартымды ойлап қамығып,

Қара нардай ыңырсып.

 

Қарасаздың қары өлең,

Қара өлеңдей кәрі емен.

 

Мұқалсам да жүзіндей ұстараның,

өзің барда мен әлі ұшталамын.

 

Қарындаштай көп жазған – қысқарармын.

 

Қасіретім қамап мені қасқырдай

Адымымды қойды мүлде аштырмай.

         Теңеуді өз орнымен дұрыс қолданып, шығарманың танымдық-тағылымдық мәнін күшейтіп, әсерлі ету де – ақын талантының мықтылығын танытады. Бұл жағынан алғанда, ақын Жүрсін Ерман  өлең әсерін, ой нақтылығын күшейте түсу үшін теңеулрге көп қол созады.

Сөз көркемдігінің тағы бір ерекшелігі – тап басып, дәл тауып айтылуы, суреттің табиғилығы. Көріктеу құралы қаншалықты  ашық, айқын, дәл берілсе , ол соншалық мойындатқыш, әсерлі. Өйткені, көріктеу құралы көркемдеу қызметін ғана атқармайды, басқаша айтқанда, бояудың рөлінде ғана қолданылмайды, сонымен бірге ой үшін, оның айқын, ашық түсініліктілігі үшін де қажет. Демек, мағына үшін қажет. Ақындық шеберліктің тағы бір қыры-қолданылуына қарай көп мағыналы сөздің айтылмаған, қолданылмаған қырын күтпеген жерден, тұтқиылдан тауып қолдану, сөйтіп сөздің жаңа мағынасын ашу, — дейді Т.Әбдірахманова            /31, 95/

Сөз  бейнелілігі  тұрғысынан  образ жасаудың айрықша тәсілі метафораның (ауыстырудың) қазақ поэзиясындағы қызметі сан-сала, орны орныққан.  “Метафора  екі нәрсені, құбылысты салыстыру және жанастырып-жақындату негізінде астарлы тың мағына беретін бейнелі сөз немесе сөз тіркесі”  /32, 227/. Әдебиетші–ғалым С. Негимовтің:  “Ой мен сөзді көркем,  әсем, әсерлі, образды  берудің   эволюциясы   барына назар аудардық. Жалпы образды немесе поэзиялық сананың дамуы екі кезеңнен тұрады. Біріншісі – мифологиялық ойлау, екіншісі – метафоралық ойлау” /34, 24/, – деп атап айтқанындай, өлең өрнегіндегі көркемдік мәселелерін метафорасыз зерттеу мүмкін емес.

 

Жағалай мылтық кезенген мергеннен шошып,

Сүңгумен болды тереңге қасқалдақ – шындық!

 

Қиянат – қорқау қасқырдай қораны торып,

әділет деген бұқпантай көжекке айналды!

 

Шаруамды қия алмай шайқалмаған,

Қылыш – шындық алдында қайқаңдағам.

 

Бұлбұл – өлең безіп бара жатады

Ол да менің ауызыма бір саңғып.

 

Өмір – шеше тұрғандай алдан күліп

бойымызда жоқ еді жалған қылық.

Жас тоғайдың жабайы жидегі едік,

Жолықтырды өзіңді бағбан қылып.

 

Өрмек – өмір ауса да ортасынан,

өз алдыңа барғанда қысыламыз.

 

 т.б. сынды ауыстырулар ой образын үстемелеп, поэмаға өзгеше мән беріп, көркемдігін арттырумен қатар, қазақтың өзіне ғана тән ұлттық ойлауынан туғанын айта кеткен жөн. Ақын метафоралары бір нәрсені екіншісіне жәй ғана ұқсатпайды, сондай-ақ, ақын ауыстыруларының ішкі дыбыс үйлесімі, ырғағы да әсем.

Қай ақын болмасын көркемдік тәсілдерді қолданғанда ең алдымен, өлеңнің эстетикалық  қуатын арттыруды, эмоциялық қызметін күшейтуді мақсат етері анық.

Ақын лирикасындағы тілдік – стильдік, бейнелік құбылыстар да ерекше назар аударады. Әдебиеттану ғылымында стиль мәселесіне ерекше маңыз беріледі. Стиль – форма мен мазмұн көркемдігінің жалпы сипаты. Жалпы, стильден жеке суреткердің өзіне тән ерекшелігі туады. Әрі бір ғана шығарманың бойына тән ерекше стильдік сипат сол суреткердің басқа шығармаларының стильдік сипаттарымен астаса, жарыса қиысып оның тұтас творчествосына тән стильдік ерекшелігін жасауы мүмкін.  Сонымен бірге, суреткердің өзіндік ерекшелігі оқшау, дара қалыптасатын құбылыс емес. Яғни, жеке стильдің жасалуы үстінде өткен, бұрыннан бар стильді қолдануден аулақтай алмайсыз, себебі олар бірлесіп, өзара ұқсас көркемдік мәселені шешуге қатысады. Мұның ақындық өнерімен де үндесетін тұстары бар.

Ақынның жан-жүрегіндегі алуан қозғалыс пен тербелістер, ойлар мен толғаныстар өмір көріністерінің ешбірін де назардан тыс қалдырмайды. Қоғамдағы құбылыс — өзгерістер, адам өмірі мен еңбегіне қатысты жайттар, елдік пен ерлік тағылымдары, жастық пен достық сырлары, уақыт өрнектері – қанатты сөз, ұтымды ой, шымыр шумақтарға негіз болады.

         Біздіңше, ондай жан-жүректен туындаған өлең-өрнектері табиғи да, тартымды әсер етеді. Көңілге қонымды ұялайды. Ж. Ерман поэзиясында   кездесетін көркемдік құралдар алуан түрлі. Осыған сай түрлі эпитет, теңеу, метафора сияқты әдебиеттану ғылымындағы троптың түрлері жиі қолданылады. Бұлардан басқа троптың аллегория, синекдоха, кейіптеу, әсірелеу тәрізді түрлері бар. Бұлардың барлығы да ақынның айтамын деген негізгі идеясын оқырманға барынша ұғынықты, көркем жеткізу үшін керек. Ақын  лирикасында тұтастай афоризм ретінде кездесетін өлеңдер де бар:

“Ақындық шеберліктің тағы бір қыры – қолданылуына қарай көп мағыналы сөздің айтылмаған, қолданылмаған қырын күтпеген жерден, тұтқиылдан тауып қолдану, сөйтіп сөздің жаңа бір мағынасын ашу”, — дейді ақын Тұрсынхан Әбдірахманова /31, 95/. Поэзия ой мен сезімнің бірлігінен туады десек, ақын жырлары ойланта отырып, әр түрлі сезімге бөлейді.

Лирикалық туындыға басты іс-әрекет жеке адам характеріне құрылатыны белгілі. Оны әдебиеттануда лирикалық кейіпкер дейміз. Автор мен лирикалық кейіпкер ара қатынасының аражігін айыру мәселесін қарастыру аса күрделі. Бұл туралы З.Ахметовтың: “Лириканы түсіну пайымдаудағы үлкен және жиі кездесетін қателік – ақын өз атынан айтқанның бәрін тек өзі туралы, өз басы жайында айтып отыр деп қарау, ол болғанды ғана емес, болатындығы да, өзіне ғана емес, өзгеге де тән көңіл-күйін сезіне, айта алатынын ескерушілік” /20, 272/, – деген пікірін еске аламыз.

Лирикалық кейіпкер (лирикалық герой) ұғымын алғаш негіздеп, оған атау берген – Ю.Тынянов. орыстың ақыны А.Блок қайтыс болғаннан кейін көп кешікпей жазылған «Блок туралы» деген мақаласы (1921) ақынның бүкіл поэзиясын тұтас көрініс, бірегей құбылыс ретінде кейіптеп тұрған нақты адам бейнесі бар екеніне тоқтала келіп, әдебиеттану ғылымында теориялық құны өте маңызды лирикалық кейіпкер категориясын енгізді. Лирикалық кейіпкер – ең алдымен көркем бейне.

Ал  ақынның лирикалық кейіпкері ұдайы ой үстінде. Кейде мұңаяды, көбінесе қайғырған сәтте асау мінез көрсетіп, шалт қимылдайдыӨлеңге биік өлшеммен баратын ақын лирикасының көркемдігі туралы айтқанда, Жүрсін Ерманның  монолог арқылы кейіпкер сырын ашу, лирикалық “меннің” мінезін, психологиясын берудегі шеберлігіне тоқталмай өтуге болмайды. Монологтың адамның өмірмен, уақытпен және табиғатпен қарым-қатынасы кезіндегі алғашқы түрі, яғни ақын үшін суреттеудің ең қолайлы түрі екені рас. Солай бола тұра монологтың  атқарар қызметі де орасан зор.

Жабығумен,

Жүдеумен,

Күтуменен,

Отқа айналдым бықсыған, түтіндеген.

Енді қайтсем жанамын, лапылдаймын?

Енді қайтсем толамын, бүтінделем?

 

Кімді тәңір санадым,

дос деп жүрдім?

Қалғаны ма есілмей ескек жырдың!

Қайда кетіп барамын қалбалақтап?

Не істеп жүрмін,

Апыр-ау,

Не істеп жүрмін?!, –

дейтін  ақын  Жүрсін Ерман поэзиясында, оның ішінде  лирикасында көбінесе ішкі монолог басымдау келеді. Лирикалық кейіпкер өз-өзіне сұрақ қоя, сырласа отырып оқырманын өзіне, өлеңін өмірге айналдырып жібереді.

Бұл – лирикалық кейіпкер сезімінің шарықтау шегі. Өлеңнің бар арқауы – кейіпкер психологиясы, ішкі жан-күйзелісі, ойлары.

         Ақынның лирикалық кейіпкерінің шат-шадыман, қуанышты күндерінен гөрі мұңға толы күндері әлдеқайда көп.

Мұң, мұң, мұң, мұң…

Қай жақтан келді осы мұң?

Ашып қойшы айқара бөлме есігін.

Тәңір өзі тербетіп жатыр ма екен

Жер бесігін қажыған пендесінің…

 

Мініп алды зілдей боп иыққа мұң,

Басым мең-зең, қалғандай ұйып қаным.

Енді қайтып мұңайып оянбасқа

Ұйықтағым келеді, ұйықтағым…/6, 44/.

 Лирикалық мұң барлық ақында бірдей бола бермейтіндігі  белгілі. “Күшті сезім мен эмоцияны жетелейтін мұң атты психикалық форма ең алдымен лирикаға тән, яғни ішкі монологты құрайтын негізгі күш” /34,  84/, — дейді Н.С. Қамарова өз еңбегінде.  Жүрсін  ақын өз кейіпкерлерінің ішкі әлемін беруде небір тың ізденістерге барады.

Көп өлеңдерінде ақынның ішкі стихиясын, көркемдік қуаты мен күшін айғақтайтын айшықтар көп. Дүниеге көркемдік түйсікпен қарайтын ақын сансыз бояу, түрлі түстер арқылы шындықтың қат-қабат сырларын, жарқылын құбылта, ойната бейнелейді.

 Поэзиядағы құбылтулардың ішіндегі аса бір икемдісі әрі жиі қолданылатыны,  жансызға жан  бітіріп адам мен табиғатты  үйлестіре   отырып, дерексізге  қимыл дарытатын көркемдік  тәсілдің бірі – кейіптеу          Ж. Ерман поэзиясында  молынан  кездесетін  тәсілдің бірі.

 

Шашын жайған ару болып шырылдап,

Шалғайларға оралып жүр шындығым!

 

Қабақтары түксиген бір адамдар

Тепкілейді айдай ару – шындықты!

 

 

Оянбаймын – оянайын десем де,

Оянбай бұл дүниеден көшем бе!

Санам мені сүйрелейді жүр-жүрлеп,

Шалдыққам ба, айықпайтын кеселге?!

 

Құлағыма талып жетсе сұмдық үн,

Көңілімнің жаптым неге түндігін?!

Қара шашы қызыл қанға боялып

Сол алаңда қалды менің шындығым! /6, 36/.

 

Сұрқия өмір сақпанын тартып қалғанда

 Тоқпағы талай арт етіп тиді маңдайға!

 

 Көрсетеді шошайтып аспан жақты

 Қарағайдың күйелеш саусақтары.

 

деген  сияқты кейіптеулер дерексізге қимыл дарытып, жансызға жан бітіріп қана қоймай, лирикалық қаһарманның да ішкі сезімінен хабардар етіп отырады. “Тілсіз немесе дерексіз нәрселерді сөйлетудің әсіресе ең көрнекті де әсерлі тәсілі – ондай заттар мен ұғымдарды тікелей өз сөздері, төл сөздері арқылы сөйлету амалы” /35, 23/.  Аталмыш тәсіл қазіргі қазақ поэзиясында да ақындардың орынды жерінде көп қолданылатын аса оңтайлы тәсілдерінің бірі болып табылады.

Жүрсін өлеңдерінде аллитерация мен ассонансты да орнымен молынан қолданған. З. Қабдолов: “Әдеби тілге дауыс ырғағы емес-ау, тіпті дыбыс қайталаулар арқылы да әжептәуір ажар бітіруге болады. Бұл тәсіл екі түрлі: аллитерация (латынша а d – “littera”  — дыбыстас) бірыңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау және ассонанс (французша “assonanse” — үндес) бірыңғай дауысты дыбыстарды қайталау” /36, 208/, — дейді  Бірақ тәсілге ден қойып, дыбыс қуалап кету дұрыс деп айтуға әсте болмайды. Бұндай тәсіл әдебиетте жай пішінді ғана жылтыратып, мазмұнды сұйылтып жіберуі мүмкін болғанмен, біз ақын шығармаларынан ондайды көрмейміз. 

Күтірлетіп белдеуді,

Күнде тұлпар жыр тарпып.

Күмбір-күмбір кеудеден,

Күбір-күбір сыр тартып.

Құпиялы жыр – сезім

Құйылатын шақ қандай /12, 26/.

                   ***

Шыға алмадым осы бір шырғалаңнан,

Шықсам деген көңілде бір ғана арман.

Шалыс басып жүргенде бұл ғаламда,

Шындығымнан шынымен құр қалам ба?!

                   ***

Еліктей бала,

Елесім менің,

Есімнен шықпай келсің менің,

Есіркеу менің еншім бе мәңгі

Елжірей тұрып неге сүймедім?

 

Ұлғайғанмен үш есе ішкі алаңым,

Үш баламмен түлеймін, ұшталамын.

Үш балам бар, ошақтың үш бұтындай,

Үш перзентім секілді үш қаламым /6, 137/

   Профессор Серік Негимов: “Орнымен үндескен сөздер әдеби тілдің өрнек кестесіне әдемі ажар, айшық қосады. Ассонанс — сөздің интонациялық-музыкалық мәнін, экспрессивтік эмоционалдық бояуын күшейтіп, ерекше елеулі тұстарды дыбыстандырып, ой-сезімнің әсерлігін арттырады” /33, 127/, — дейді. Олай болса, бұндай өрнектер ақын өлеңдерінің ажарын ашып, поэзиялық шығармаларын құндандыра түседі . 

Сондай – ақ, ақын поэзиясынан ерекше орын алатын “Қарасаз. Қарашал. Қарғыбау” (Мұқағалидың ақырғы түсі) атты өлеңі де өлеңнің атауы секілді бастан-аяқ аллитерацияға құрылған.

Қара, қара, қара өлең,

Қарайғанның бәрі өлең.

Қарасаздың қары өлең

Қара өлеңдей кәрі емен.

 

Қаракөздің қойнында

Қарасөзге тойдым ба.

Қара түнек ойдың да

Қарғыбауы мойнымда.

 

Қара шалым күрсініп,

Қара орманын іздеді-ау.

Қараң қалғыр тіршілік

Қарғыбауын үзбеді-ау! /6, 21/.

Ақын поэзиясы сан алуан тақырыптық, жанрлық жіктерге бөлінсе де, айнымас объектісі — өмір жайлы тоқтаусыз сыр, тебіреніске басым философиялық лирикасымен ақындық тұлғасын еркін де толымды танытады. Шығармаларының дені өзіне етене жақын, өзі қыр-сырына қанық тақырыптар аясында.

 Сөз көркемдігін арттыра түсер айшықтаулардың келесі бір түрі – қайталау. “Қайталау – сөз әсерін күшейте отырып, оқырман назарын айрықша аударғысы келген нәрсені не құбылысты бірнеше мәрте қайталап, айтар ойды, ұқтырар сырды ұғымға мұқият сіңіре түсу”, – деп академик                З. Қабдолов қайталаудың: 1.жай қайталау, 2. еспе қайталау, 3. әдепкі қайталау (анафора), 4. кезекті қайталау (эпифора) сияқты түрлерін көрсетеді /36, 229/. Ақындық идеясы мен айтпақ ойына ерекше салмақ сала, әсерлі етіп жеткізу үшін ақындардың жеке сөздер мен сөз тіркестерін қайталай жұмсауы поэзияда бұрыннан бар тәсіл болғанымен, оны әр ақынның қолдану әдісі әр басқа.  Ж. Ерман  қолданған қайталаулар поэма мазмұнын айқындаумен қоса, лирикалық кейіпкердің көңіл-күйінен де хабардар етеді.

Ж. Ерман  өлеңдерінде айтпақ ойын беру үшін көркем әдеби тәсілдерді де орнымен қолданған. Өлеңге қосымша сипат беретін анафоралық, эпифоралық қайталаулар да жиі кездеседі.  Ақын поэзиясында қайталаулар өте жиі кездеспегенімен, аракідік байқалып отырады.

Мысалы:

 

Досым  жоқ менің арманымды айтар қол жетпес,

Досым көп менің дулы кештерде шөлмектес.

Досым көп менің атымды мініп кететін,

Досым көп менің қасіреттерге селт етпес .

 

Тоңған алма.

Тоңған өмір.

Тоңған ән.

Неткен қатал көрініс деп таңданам /6, 20/.

 

Бұл жолдар  – Жүрсін поэзиясында  көбірек қолданылатын  әдепкі қайталау, яки анафораның шебер жасалған үлгісінің бір көрінісі. Өлеңнің әр жолы бір сөз немесе  бір сөз тіркесінен басталып отырады. Мұндай қайталаулар  өлеңнің  көркемдік ажарын кіргізумен қатар, негізгі темірқазық ойдың берік те нық болуына қосымша қызмет етіп тұрғаны анық. Бір жағынан қарағанда ақын өлеңдерінің сыртқы түрі қарапайым, күнделікті қолданыстағы сөздер мен сөз тіркестерінен құрылғандай болғанымен, айтуға ниеттенген астарлы ой анық байқалады.

  Жүрсін Ерман поэзиясына тән басты қасиеттің бірі – нақтылық.  Ақын өмірдің қай қырына қалам тартса да, әр сөзіне мағына дарытып, барынша анық, нақты айтуға тырысады, жорта жорамал жасамайды. Сонымен бірге әр нәрсенің өмірдегі қаз-қалпын поэзия құдіретімен кемелдендіре көрсету – ақын шығармашылығының негізгі басты ерекшелігі. “Өмір шындығын өнерде шынайылау тәсілдерінің бірі – антонимдер” /36, 45/  де  Жүрсін жырларында  маңызды орынға ие тәсілдің бірі. Кез-келген өмір құбылысының қарама-қайшылықта, салыстыруларда бағасы білінетіндігі шындық болса, ақынның осы мақсатта пайдаланған антонимдеріне назар аударайық.

 

Тұғыр болып кеткен бе тұлпарың да,

Жібек арман кеткен бе жүнге айналып?!

 

Ақиқатқа өлсең де иланбайды,

Өтірікке сенеді сөзге келмей.

 

Бір өштім,

Қайта бір жандым,

Булығып, қайта бүр жардым.

Тарқамай қойды құмарым

Тарығып жүрген бір жанмын.

 

Патшамын,  кейде  пақырмын,

Аңызақ қинап аһ ұрдым.

 

Жоғарыда келтірілген мысалдардағы   ақынның дара мінезі байқалады. Осы орайда академик  З. Қабдоловтың “Лирикада мінез болады. Ол – ақынның мінезі. Өлеңім өзіме тарт дегендей, әр өлең тек иесіне ғана тартады” /36, 28/, – дейтін әйгілі пікіріне иек артамыз. Ақынның тұла бойындағы мінез ерекшелігі оның жырларынан да көрінуі заңдылық. Өйткені, табиғи мінезсіз өзіндік қолтаңбаның да қалыптаспайтындығы белгілі.

Жүрсін Ерман поэзиясын көркемдеу құралдарын қолдану тұрғысынан қарастырғанда байқағанымыз – ол өлеңдерін белгілі бір тәсілмен, айшықтаумен немесе құбылтумен құрайыншы демейді, қайта айтатын ойын дәл, нақты, ықшам әрі қарапайым жеткізерлік сөз табуға күш салады. Қазақ тілінің бай сөздік қорын аса ұқыптылықпен орны-орнына орнықтыру арқылы олардың негізгі мағынасын тереңдетіп, жаңғыртып қолданып отырады. соның нәтижесінде ақын жырлары айшықталып, құбылып отырады. шығармада көркемдеу құралдарының бір ғана түрі қолданылмайтындығы белгілі. бір өлеңде, тіпті бір шумақтың өзінде бірнеш көркемдеу құралының түрлері қатар келіп, өлеңнің қадыр-қасиетін арттырып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Белгілі бір ұлттың, халықтың тағдыры, басынан өткерген тарихи кезеңдері ең алдымен сол ұлттың әдебиетінде , өнерінде із тастайды. Ұлттың рухы көтеріліп, еңсесі биіктегенде оның әдебиеті де, өнері де қайта түлеп, қайта толысып, күш қуат жиып, бойын түзеп болашаққа көз тігеді. Қазіргі таңда, қазақ әдебиетінің әрқилы кезеңдерінде рухани дамуымызға, мәдени өркениетке, әсіресе ұлттық дәстүрге, ұлттық жан дүниемізге өз шығармаларымен айтулы үлес қосқан қаламгерлердің туындыларын зерттеп, олардың әдебиеттегі орнын, суреткерлеік қолтаңбасын ажыратып, бағасын беру қажеттігі туды. 

Ақынын алыстан танып, талантты тамыршыдай тап баса білген халықтың оған деген ықылас-құрметі қашан да зор болған. Халықтың берген бағасынан бөлек, ақын туралы баспасөз беттерінде көптеген сын мақалалар көрініп, кейбір еңбектерде біршама зерттеледі.

Ақын лирикасы толысу, кемелдену сатысынан өте келе, тақырып әуені байсалды, байыпты түрге енеді. Ақынның соңғы жылдардағы жазылған әлеуметтік лирикасынан насихат, ғибрат өнегесі байқалады. Бұлда болса, сөз жоқ, автордың қоғам өміріндегі саясатпен байланысты жалпы жұрттық қызметінің әсерінен, ықпал-әрекетінен туындап жататын табиғи процесс болса керек.

 Дүниетаным – табиғатқа, жаратылысқа деген қоғам мен адамзат ақыл-ойының дамуы жөніндегі көзқарастар жүйесі. Жеке адамның дүниетанымы ең алдымен қоғамдық болмысты бейнелейді. Бұл бейнелеу өмір процесінде, адамдардың нақты қатынастарында, олардың іс-әрекетінде жүзеге асады да, одан адамдардың белгілі бір көзқарас жүйелері қалыптасады. Қазақтың бірнеше жылдық тарихы бар жыраулық дәстүрінен тамыр алып өрістеген ақындық өнердің де шежіресін мақтанышпен айтуымызға болады. Өзінің тамырын тереңге жіберген алып бәйтеректі біз – ақындар десек оның сансыз жапырағын – ақынның жыры іспетті дейміз. Осы қазақ өлеңі дейтін өлкеде өз үнін, өз қолтаңбасын бізге, яғни болашақ ұрпаққа танытып келе жатқан талантты ақындарымыздың бірі –  Жүрсін Ерман.

Жүрсін Ерман поэзиясына   мөлдірлік, тазалық тән. Осындағы табиғат, көңіл-күй, махаббат лирикалары оқырманның жан – дүнесін тербеп, терең сезіммен баурап әкететін табиғилық басым. Оның  ақындығынан ұлттық мінез-қасиет, адамға тән сыр- сезімдер, уақыт өрнектері, туған тілдің мол мүмкіндіктері терең көрініс береді. Бөлекше айтар жәйт: ақын лирикасы өмір шындығы мен уақыт өрнектерінен тұрады. Онда, әсіресе адам мұраты, еңбектің бейнеті мен зейнеті, жастық — достық сырлары, сыр сезім иірімдері – ұлттық болмыс пен бедерленген, ана тілінің қуатынан нәр алған. Мұның ақын лирикасына, ондағы тілдік – стильдік құбылыстарға қатысы мол. Атақты сыншы В.Г.Белинский: «Ақын бәрінен бұрын адам, сонан соң өз дәуірінің перзенті», – деген екен. Осы пікірге сүйенсек,   ақын өлеңдерінде өз дәуірінің көзге көрінетін, кейде көрінбейтін неше алуан құбылыстары сөз болады.

  Ақын поэзиясындағы кейіпкерінің санасында жеке бастық, тұлғалық, лирикалық, романтикалық таным элементтері бір арнаға тоғысады. Ақын лирикасының ең бір елеулі тұсы – ақын кейіпкерлерін сөйлетуде ақын жанының білгірі, нәзік психолог ретінде сөз алады. Ақын «мені» кімнің атынан сөз алса да кісілікті, кішілікті күмбез етіп көтереді.

Сергей Есениннің «Өмірімді білгің келсе – өлеңімді оқы» дейтінін еске түсірсек, шынында да, әр қаламгер өз дәуірінің жыршысы, өз кезеңінің жоқтаушысы. Қай ақынның өлеңі болмасын өз өміріне бір де соқпай кетпейді. Бірақ мәселе жүректегі жаратылыстарды, идеяларды иесіне қалай жеткізуде. Психологиялық, азаматтық тұрғыдан саф дүниені кір шалдырмай, мезгіл бұрқасындарына ұрынбай, ұясына қондыру – ақынның парызы.

 Біз бүгінгі жұмысымызда басты назарды да ақынның лирикасына аудардық. Қазақ әдебиетінде өзінің жалынды жырларымен, нәзік иірімді өлеңдерімен келген   Жүрсін Ерманның  ақындық мұрасы – әлі сан зерттеулерге тақырып болатын үлкен шығармашылық әлемі.  Бітіру жұмысымызда біз  Ж. Ерман поэзиясына тоқтала келіп, оның тақырыпты өзінше игеру ерекшеліктері, лирикалық бейнесін сомдау шеберлігі сияқты бағытта аз-кем ой-пікірімізді білдіруге талпындық. Поэзияда  қолданылатын көркемдік тәсілдерін, образ жасау, жанр талабына жауап беру дәрежесін анықтауға күш салдық.  Жалпы ақын шығармашылдығының кезеңдері, жанрлық табиғаты айқындалады 

Ақынның қай жинағын алып қарасақ  та, әсіресе патетика, кеудемсоқ декламация, өзеуреген өлермендік, жалған дидактика, сырдан суреттеулер, таптауырын теңеулер, жаттанды абыз-сымақтық атымен жоқ. Оның есесіне туындылардың барлығы дерлік кернеуі жоғары, ойлары – мұңды, тілі –оралымда, сезімдері – аңсарлы, метафоралары – әрі тапқыр, әрі нақты болып келеді. Қысқасы, лирикалық поэзияға, драмалық дастанға – әрі көркемдік, әрі өміршеңдік сипаттар дарытатын қасиеттер шығармаларының өн бойында аңыздап тұр.    

Поэзияда жасқа, жасамысқа деп бөлініп қойылған орын жоғы анық. Десек те,   Жүрсін Ерман  дәстүр жалғастығын жалғай отырып, өлең өлкесіне өзінің  жаңалығымен келген ақын екендігі даусыз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары. – Астана: Елорда, 2001. – 265 б.
  2. Айтматов Ш. Ғарыш мінезді жырлар. // Қазақ әдебиеті, 5-қаңтар, 1997.
  3. Жәмішев Ә. Лирика табиғаты дегенде // Жұлдыз, 1967 №3
  4. Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет. – Алматы: Ғылым, 1997. – 504 б.
  5. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы: Мектеп, 1973. – 212 б.
  6. Ерман Ж. Құдіретке жүгіну. – Алматы, 2005. – 168 б.
  7. Мырзалиев Қ. Сөз сиқыры,– Алматы: Жазушы, 1982. – 123 б
  8. Гуляев Н.А. Теория литературы. – М.: Высшая школа, 1985. – 288 с.
  9. Иманасов С. Жүрсін өткен жол // Қазақ әдебиеті, 14.07. 2006 жыл.
  10. Мұқанов С. Халық мұрасы. – Алматы: Жазушы, 2003. – 304 б.
  11. Ахметова К.Күн шыққанда күліп оян. – Алматы : Ана тілі, 1996. – 180б.
  12. Ерман Ж. Ұлытауға бардың ба? – Алматы: Жазушы, 1990 ж. – 128 б.
  13. Оразалин Н. Көктем тынысы. – Алматы: Жалын, 1975. – 102 б.
  14. Мақатаев М. Қазақ жырының бір жылы // Қош, махаббат. – Алматы: Жазушы, 1988. – Б. 91-92.
  15. Егеубаев А. Сыр мен сымбат. –Алматы: Жазушы, 1981.
  16. Егеубай А. Ұлар үні // Қазақ әдебиеті, 2001 ж.
  17. Кәрібозұлы Б. Қазақ өлеңінің ұлттық сипаты: Филол. ғыл. докт. дис.: 01.02. –  Алматы, 1997. – Б. 90–91.
  18. Шапай Т. Қазақ поэзисындағы лирикалық тұлға проблемасы. Кандидаттық диссертатция. Алматы, 1994
  19. Керейқұлов Қ. Теңізге түскен желқайық. – Алматы: Жазушы, 1991. – 216 б.
  20. Әдебиеттану терминдер сөздігі / Құраст: З. Ахметов. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 240 б.
  21. Қазақ әдебиетінің тарихы. Жалпы редакциясын басқарған: М.Әуезов. -Алматы: Қаз ССР ғылым академиясының баспасы, 1961. 1-кітап. -737 б.
  22. Жұмабаев М. Педагогика. –Алматы: Ана тілі, 1991. -160 б.
  23. Белинский В.Г. О литературе // Полное собрание сочинений. – М.: Просвещение, 1953. – Т 5. –  768 с.
  24. Шәріп А. Қазақ поэзиясы және Ұлттық идея. – Алматы: Білім, 2000. – 336 б.
  25. Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. – Алматы: Жалын, 1997.
  26. Ерман Ж. Екі тізгін бір шылбыр. – Алматы: Атамұра, 2008. –320 б.
  27. Ауезов М.М. Времен связующая нить. – Алматы: Жазушы, 1972.
  28. Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. – Алматы: Ғылым, 1991.
  29. Мақатаев М. Жылап қайттым өмірдің базарынан. – Алматы: Жазушы, 1989. – 187 б.
  30. Дүйсенов М. І. Жансүгіров. – Алматы: Ғылым, 1965. – 301 б.
  31. Әбдірахманова Т. Сөз көркемдігі – шеберлік негізі. Кітапта: Жанр сипаты. — Алматы: Ғылым, 1971.
  32. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы: Мектеп, 1964. – 320 б.
  33. Негимов С. Өлең өрімі. – Алматы: Ғылым, 1980. – 136 б.
  34. Қамарова Н. Қазіргі  қазақ  өлеңіндегі  психологизм:  Филол. ғыл. канд. дис.: 10.01.02. – Алматы, 2001. – Б. 101–102.
  35. Қабош Б. Қазіргі қазақ поэзиясының түрлік – бейнелілік ерекшеліктері: Филол. ғыл. канд. дис.: 10.01.02. – Алматы, 2006. – Б. 93– 94.
  36. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 352 б.

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша әдебиеттер тізімі

 

  1. Поспелов Г.Н. Проблемы исторического развития литературы. – М.: Просвещение, 1972. – 325 с.
  2. Қазақ поэзиясындағы дәстүр ұласуы. – Алматы: Ғылым, 1981. – 320 б.
  3. Гуляев Н.А. Теория литературы. – М.: Высшая школа, 1985. – 288 с.
  4. Қамбаров Қ. Ерлік эпосы. – Алматы: Жазушы, 1979. – 216 б.
  5. Шәріп А. Қазақ поэзиясы және Ұлттық идея. – Алматы: Білім, 2000.             – 336 б.
  6. Тілепов Ж. Елім деп еңіреген ерлер жыры. – Алматы: Білім, 1995.                  – 315 б. 
  7. Қаратаев М.  Эпостан эпопеяға. – Алматы: Ғылым, 1969. – 444 б. 
  8. Қазақ поэзиясының антологиясы (ХХ ғасырдың бас кезі). – Алматы: Ғылым, 1992. – 488 б.
  9. Шапай Т. Ой түбінде жатқан сөз // Бүгінгі лирика бағдары. – Алматы: Жазушы, 1989. – Б. 194-196.
  10. Қайырбеков Ә. “Өлеңдегі “мен” – нен өрбіген ой” // Беталыс. – Алматы: Жалын, 1984. – Б. 53-55.
  • Гинзбург Л. О литературном герое. – Ленинград: Советский писатель, 1979, 220 с.
  • Қуандық Мәшһүр–Жүсіпов. Өлең сөздің патшасы. – Алматы: Жазушы, 1991, 216 б.
  1. Тимофеев Л.И., Гураев С.В. Словарь литературоведческих терминов. М., 1974.
  2. Поспелов Г.Н. Лирика. – Москва.: Издательство Мосвовского университета, 1976, 205б.
  3. Мүсірепов Ғ. Заман және әдебиет. – Алматы: Жазушы, 1982. -252 б.
  • Жұмалиев Қ. Стиль – өнер ерекшелігі. – Алматы: Жазушы, 1966. -260б.
  • Алпысбаев Қ. Көркем шығарманы талдау жолдары. – Алматы: Республика баспа кабинеті. 1992.
  • Әдебиеттануға кіріспе. Құрастырған: Мақпыров С. – Алматы: Ана тілі, 1991. -247 б.
  1. Веселовский А. Н. Историчиская поэтика. – Москва: Просв, 1989.
  • Гринбрг И.А. Три грани лирики. – Москва: Сов писатель, 1975.
  1. Қамбаров Қ. Ерлік жырлары. – Алматы: Білім, 1974.
  • Тәжібаев Ә. Өмір және поэзия. – Алматы: Жазушы, 1960. -485б.
  • Тілепов Ж. Қазақ поэзиясының тарихилығы. – Алматы: Ғылым, 1994. -312б.