[:kz]
Украина президенті Владимир Зеленскийдің әкімшілігі оның Донбасстағы болған видеосын жариялады. Бұл Qamshy.kz ақпарат агенттігі Украина президентінің сайтынасілтеме жасап хабарлайды.
Президент сарбаздарға жасалған жағдайлары мен жататын жерлерін қарады. Ол әскерилердің жуынатын ваннаны көріп, таң қалды. Өйткені, жуынатын бөлме антисанитарлық жағдайда болған. Айта кету керек, Зеленский төсекті де тексерді. Олардың қаттылығын ескертіп, сарбаздар ұйықтайтын бір бөлмеде бройлерді алып тастауға бұйрық берді.
“Сонда мына жерде адамдар ұйықтайды және бройлер тұр. Алып тастаңдар!” — деді Зеленский.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы командирлер мен генералдарға бұйрық беріп, майдан шебін өз көзімен қарап келді.
Аударған: Ильдар Адильченов
Сурет Ⓒpresident.gov.ua
[:]