АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Доширак пен кредиттың арасындағы бейшара өмірі туралы ойланбайды[:]

[:kz]

 

Қыз бала өзіне ұнаған жігіттің мойынына асылмайды, намыс жібермей, іштей сүйіп өтуі мүмкін. Ал ер жігіт қызға барып: “ұнайсың маған!” деп айта алады, жігітке жарасады, шындап келгенде тіпті ол ұят емес. Өмір заңы.
Бірақ біздің қоғамда 30 жастан асып, әлі үйленбеген жігіттер көбейіп барады. “Неге үйленбейсің?” деген сұраққа неше түрлі жауап айтады, ал менің ойымша басты себеп — Кедейшілік.
Көптеген жігіттер үй мәселесін шешпеген, 30-дан асса да әлі бірнеше жігіт болып 1 бөлмелі пәтерде тұрып жатқандар бар, біраз жігіт әлі ата-анасының қолында өмір сүріп жатыр, кейбіреулері үйленгенді былай қойып, өз қара басын асырай алмай қарызға батып кеткен.

Банкттердің қара тізімінде. Жұмыссыздық, өмірде өзін таппау, не үшін өмір сүріп жүргенін білмеу … осының барлығы үйленуге кедергі.
Кедейшілік — бұл өмірдегі ауыр сынақтарының бірі. Менің ойымша бұл өмірде Кедейдің де екі түрі болады. Саналы Кедей және Санасыз Кедей.
Саналы Кедей өзінің кедей екенін біледі және сол жағдайдан шығуға жолдар іздейді, әр мүмкіндікті жібермеуге тырысады, өзін сыныдырады, жер тырнайды, жұлады, жыртады, тартып алады, өз орны үшін күреседі. Өзінің үйлене алмағанына іштей уайымдап, үйленуге тырысады, ел мен қоғам көшінен қалмауға талпынады.
Санасыз Кедейге бәрібір. Ол өзінікі жөн, сол өмір сүріп жатқан сіңір өміріне риза. Доширак пен Кредиттың арасындағы Бейшара өмірі туралы ойланбайды және ол аздай айналадағы халыққа ақыл айтады, кеңес береді, жөн үйретеді. Оның санасына “менің осы жүрісім не?” деген ой кірмейді.

facebook.com парақшасынан 

[:]