[:kz]
Достар! Авторлық әзілдерімнен үзінді ұсынып отырмын.Жастарыңыз ұзақ болсын, күлкілі жері болса, күле отырыңыздар:
1.Немересі атасынан: — Ата, «кайф» деген не? Десе, атасы:- «Кайф» деген шырағым, ыстық шай-депті. Сөйтсе, қасында отырған кемпір:- Еее алжыған, оның да не екенін ұмытыпты ғой-депті күбірлеп.
2. Қыздармен көңіл көтерем деп жүрген бір жігіт, байқамай халықтың демографиясын көтеріп жіберіпті.
3. Мақал: «Досы көпті жау алмайды, жігіті көпті бай алмайды».
4. Қалаға соғымга кеткен жылқылардың орнына есектер келіп, «резюмелерін» өткізіп жүрген көрінеді.
5. Әкеміз айтады: «Бұрын қазақ 60 қа дейін тоқал алып, 70 ке дейін бала таптырған»- деп. Ал, қазір 60 ғы шалға сынатын қыз да жок, 70 тегі шалға бала табатын «желанияда» жоқ.
6. Соғыста Берлинді алған бір атамыз,қазір Астанадан үй алу үшін соғысып жүр екен. Атамыздың айтуына қарағанда, Берлинді алу оңай көрінеді.(Күлуге де жылауға да болады)))
7. Темекіні тығылып тартатын қыз — насыбай ататын жігітіне «ауызың сасық» деп айта алмайды екен.
8. Хабарландыру: Цемент тасушыны жұмысқа аламыз. РНН, СИК, жеке куәлік, 3-4 сурет, диплом,еңбек кітапшасы, әскери билеті сияқты құжаттарды әкелмей-ақ қойыңдаршы! Құдай үшін!!!
9. Банкоматтан степендиясын алайын деп тұрған студент, карточкасын міндетті түрде «Бисмилля» деп барып салады екен.
10. Бір жігіт әскерге бармау үшін 2 күннің ішінде танымайтын қызға үйлене салыпты. Дәл сондай жылдамдықта бала тудырта алмаған ол, қазір Отан алдындағы борышын өтеп жур.
11. Сиырлардың қорасына түскен бір қасқыр аңшыларға ұсталып қалып, сасқанынан: -Қолдың сүтін сатасыздар ма? депті.
12. Носкиі сасық немесе жыртық жігітке жолдасы: -Үйге кірсейші десе: -Жоғи, брат, далада тұра берейкші — дейді екен. Кейде ар жаннан тәтті..
13. Жарнама: «Сенің жоғарғы білімің бар ма?Оқуды қызылға бітірдің бе?Дипломға берген көрімдіктердің ақшасы азайды ма? Атаңнын басына жүрсің бе? Ауылға кайт!Бірлік ауылы- бірігіп қора тазалайық!»
14. Мемлекеттің қаржысынан аздап кеміріп жүрген бір көкеміз обедте икра, қазы-қарта жесе, кешкі аста УАЙЫМ жейді екен.
(Ескі посттар арасынан.)
Багдат Амангельды
Фейсбуктегі парақшасынан
Alashainasy.kz
[:]