[:kz]
Дулат Ағаділдің туыстары ресми мәліметке сенбейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.
Қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің өліміне қатысты Ішкі істер министрлігі алғашқы қорытындыларды айта бастады. Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов марқұмды қамаудың алдында медициналық тексеруден өткізгенін, денсаулығына қатысты ешқандай шағым болмағанын жеткізді.
Ал Дулат Ағаділдің туыстары «қамалғанға дейін ішімдік ішкен» деп тараған ресми ақпарат жалған дейді.
Олар енді қосымша сараптама жасатуға ниеттеніп отыр. Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасы да тексеру нәтижелерін жариялап жатыр.
Дулаттың отбасы мүшелері мәйітті тексеруге бірге кірген. Прокуратураның хабарлауынша, Дулат Ағаділдің бауыры және адвокаты тарапынан талап арыз түспепті.
Министрліктің тергеу департаментін басқаратын Санжар Әділов Ағаділовтің өліміне қатысты туыстары мен белсенді азаматтар өз ажалымен өлмеді деген ақпараттарды жоққа шығарды. Ол Дулат Ағаділ таңғы сағат сегізде қайтыс болғанын айтады. Алайда оның қазасы туралы ақпарат түстен кейін тарады.
Туыстары да сол уақытта хабардар болған. Министрліктің өкілі Дулат Ағаділді қамағанда өзін жайсыз сезінгені байқалмады деді.
«Кезекші Ағаділмен сөйлескенде ешқандай шағымдар болмаған.Тергеу абақтысында камерада бірге тағы да 4 сезіктілер бірге жатқан. Ал таңғы сағат сегізде, өкінішке орай, денсаулығына байланысты қайтыс боп кетті», — дейді Санжар Әділов ҚР ІІМ Тергеу департаментінң басшысы.
Сот медициналық сараптаманың алғашқы деректері де айтылған, тексерудің басы-қасында болған орынбасар Молдашева Дулат Ағаділге қатысты криминалдық әрекеттер байқалмады дейді. Бұл аналық сөзім деген.
Ал, марқұмның ұлы сол күнгі оқиғаны әр сәтіне дейін біледі.Оның айтуынша, полиция қызметкерлері келгенде, оның әкесі ұйықтап жатқан. Арнайы формасыз келген олар алғашында жедел жәрдем қызметі деп таныстырыпты.
«Үйден енді шығып бара жатқан кезде есікті ашып, мені үш-төрт адам итеріп, курткамды жыртып, сол жақта қарсылық білдіргенімде, итеріп, үйге кіріп кетті», — дейді Дулат Ағаділдің ұлы Жанболат Ағаділ.
Ал үйге кіргеннен кейінгі видео да желіде тарады. Онда Дулат Ағаділдің төсектен тұрып киніп жатқаны, өзін жәйсыз сезініп отырғаны байқалады. Ал осы қайғылы жәйтті естіген мәжіліс депутаттары Дулат Ағаділге қастандық жасалса кінәлілер жазалансын дейді.
«Кінәлі адамдарды, мемлекеттік қызметкерлерді жауапқа тарту керек», — дейді депутат Асан Перуашев.
«Қандай жағдайда болсын ол азамат, тіпті қатаң заң бұзса да, оның денсаулығына нұқсан келтіруге ешкімнің құқығы жоқ», — деді депутат Омархан Өксікбаев.
Ал, бүкіл қоғамға әсер еткен Дулат Ағаділ өліміне қатысты соңғы әрі нақты қорытынды бір айдан кейін белгілі болмақ. Бұны тергеу департаментінің басшысы айтты.
[:]