[:kz]
Бұған дейін челленджге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, әнші Димаш Құдайберген, Ресей композиторы Игорь Крутой және Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов қатысқан.
[:]
[:kz]
Актер Джеки Чан қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған #Abai175 флешмобына қатысты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Қазақстан Президенті бастаған поэзиялық челленджді досым Ерлан Кариннен қабыл алдым», — дейді Джеки Чан.
Ол Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» атты өлеңін оқыды. Ерлан Карин мен Джеки Чан сәуірде кездескен. Кездесу барысында актерге қазақстандықтарды Сириядан алып келу туралы фильм көрсетілген.
Бұған дейін челленджге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, әнші Димаш Құдайберген, Ресей композиторы Игорь Крутой және Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов қатысқан.
Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы заңға қол қойған. Оның алдында Президент 2019 жылғы 1 қазанға дейін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды бекітуді тапсырған еді.
[:]