АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ебедейсіз әке аттракционның орындығына қылысып қалып, жұртты күлкіге қарық қылды (видео)[:]

[:kz]

Англияның Ноттингем қаласында өрт сөндірушілер балалар аттракционына отырамын деп, шыға алмай қалған ер адамды құтқарды. Ер адамның бұл күлкілі күйі балаларды күлкіге қарық қылды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

37 жастағы Пол Кларк қызына ойын алаңында орналасқан кресло-тікұшақпен қалай ойнайтынын көрсетемін деп, аттракционнан өзі шыға алмай қалды. 

Ер адам кіші қызына оның қандай тікұшақ екенін көрсетпекші болған. Себебі, қыз оның қалай жұмыс істейтінін көрмейінше, өздігінен отырудан бас тартқан.

Ал, әкесі тар орындыққа отыра қалған кезде, оған қысылып, қайта шыға алмай қалып отыр. Ол осылай жарты сағат бойы аттракционнан шығуға тырысамын деп, шалбарын жыртып, телефонын да сындырып алды. Ақыры не істерін білмеген соң қызының гаджетін алып, құтқарушыларды көмекке шақырды.


 

 Stan.kz 

 

[:]