[:kz]
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Жанар Айжанова өзінен айнымайтын туған сіңлісін көрсетіп, қалың көпшілікті таңғалдырды деп жазады KAZ.NUR.KZ. Жанар Айжанова желідегі барша оқырмандарын өзінің туған сіңлісімен таныстырды. Өнер иесі Instagram парақшасында бауырының суретін жариялап, оны жаңа жасымен құттықтады.
«Бұл біздің үйдің кенжетайы- Ләззат Мерғалиқызы. Марқұм әкемнің ерке қызы. Бүгін туған күні. Тілегім сол осы өмірдегі бар жақсылықты тілеймін» , — деп жазды Жанар Айжанова. Желі қолданушылары эстрада жұлдызының құттықтауына қосылып, туған күн иесіне деген ақ тілектерін жаудырды. Айжанованың оқырмандары әпкелі-сіңілілердің өзара қатты ұқсайтынын жарыса жазуда. Кейбірі тіпті фотодағы әншінің сіңлісі емес, Жанар Айжанованың зі деп ойлап қалған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Туған күні құтты болсын. Жасы қзақ, дені сау болсын» , «Жанар ханым құттықтаймыз. Сіңліңіз өзіңізден айнымайды екен. Қатты ұқсайсыздар» , «Егізіңіз емес пе?» , «Недеген ұқсастық десеңші. Жазбасаңыз фотодағы аруды сіз деп қалар едім» , «Егізіңіз секілді. Қалай қатты ұқсайсыздар», «Ләззат менің әріптесім. Мың жасасын» , «Әдемі екен. Ас ұқсамайтын сияқты. Бір қарағанда көздері келеді» , «Ерке қыздарыңыздың жаңа жасы құтты болсын. Ғұмырлы болсын» , «Негізі сізге ұқсап тұр», «Екеуіңіз де хас сұлусыздар ғой», — деп жазуда желі қолданушылары.
[:]