АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]eGov арқылы шетелдіктерге ЖСН беру қызметі уақытша тоқтатылды [:]

[:kz]

 

Елімізде электрондық үкімет порталы арқылы шетелдіктерге ЖСН беру қызметі уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Порталдың мәліметінше, бұл қызмет 2022 жылдың 1 қазанында жанданады. Айта кетейік, биылғы жылы яғни, 24 ақпан мен 17 мамыр аралығында 35 мыңнан аса Ресей және Украина азаматының қазақстандық ЖСН-ді алғаны белгілі болған еді. Жалпы, ресейліктің көбіне ЖСН банктен шот ашу үшін керек. Себебі, Visa және Mastercard Ресей банктерімен жұмысын тоқтатқан болатын. Одан бөлек қазақстандық банктер де ресейліктерге карта беру тәртібін қатаңдатқан еді.

kaz.nur.kz

 

[:]