[:kz]
Айқын Төлепберген екі әйелінің басын ұстауға тырысқан. Алайда оған алғашқы жары көнбеген. Айтуынша Жұлдызға басымен ғашық болып қалған. Сөйтіп әнші екінші әйелімен заңды некеге отырыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «TalkeLike» бағдарламасына сілтеме жасап.
«Басында екі жақты ұстауға тырыстым. Бірақ қазір заман 18-19 ғасыр емес екен. Қазір екі әйел ұстау мүмкін емес. Өте қиын. Оны өзінің ойын басып тастайтын адам болмаса. Әсел ондай емес, ол – мықты әйел. Ол жағы кішкене қиындау болды. Сөйтіп бір шешімге келдік. Қазір мен бірінші әйеліммен тұрып жатқан жоқпын, онымен достық қарым-қатынастамын. Себебі бала-шағамыз бар. Араласып тұрады. Ары-бері тасып жүремін. Жағдайның барлығын жасап жатырмын», – дейді Айқын.
Айқын Жұлдызбен алғаш танысқанда оған үйленген екенін айтпаған. Сөзінше, ол екінші әйеліне қатты ғашық болып қалыпты.
«Басында Жұлдыз екі-үш апта білмеді үйленген екенімді. Алдаған жоқпын. Тек айтпадым. Кейін білгеннен кейін ұрыс-керіс болды. Солай болып қалды. Біз негізі Жұлдыз екеуміз жарты жылдай бөлек тұрғанбыз. Әсел біледі, көнді. Одан кейін Санжар пайда болды. Шыны керек мен ғашық болып қалдым. Өзім шығармашылық адамымымын, баспен кетіп қалдым. Сол адамнан басқа ештеңе ойлай алмадым. Оны ғашық болған адамдар түсінетін шығар», – дейді Айқын.
Айтуынша, ғашық болғаны соншалық Жұлдыздың қолынан ұстап жібермей қойған.
«Айқын бірнәрсені көрсе, онда оны жібермейді. Жұлдызды жібермедім. Негізі халықтың алдына бұл бір жылдан кейін шықты. Ал елдер ол жүкті болып қалды деп ойлады. Ондай болмады», – дейді әнші.
[:]