АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Екі көзі көрмейді: Желіде ән айтып танылған қазақ баласы кім? (видео)[:]

[:kz]

Әлеуметтік желіде жасөспірім баланың домбырамен қазақша ән шырқаған видеосы кең тарап кетті. Әнші баланың кім екені белгілі болды. Ол Қытайда тұратын қазақ баласы. 

Өріс Төлегенұлы Қытайда тұрады. Сол елдің азаматтығын алған. Желіде ТикТокпен айналысып, тыңдармандарын таңғалдыруда.

Осыдан бірнеше күн бұрын инстаграм желісінде Өрістің қазақша ән шырқаған видеосы пайда болды. Осыдан соң оның даусы мен әніне еліткен көпшілік оның кім екенін анықтай бастады. Белгілі болғандай, әншінің есімі Өріс Төлегенұлы. Ол қазақ, Қытайдағы қазақ диаспорасының өкілі.

Жасөспірім домбырада ойнап, ән салады. Жалпы, бұл таңғаларлық жағдай. Себебі Өрістің екі көзі де көрмейді. 

5 жасында екі көзі көрмей қалса да, ән айтуын тоқтатпаған.

Қазір өзінің тик ток парақшасы бар. Ол камераға қарап, аудиториямен сөйлеседі. Алайда көпшілік оның зағип жан екенін біле бермейді. 

Көрермендер жас дарынның «ерекшеліктерін» байқамайды, тек оның әнін тыңдайды.

«Қытайда қалып қойған Жетсудың басы саналатын көркем Іленің Нылқы ауданында туған әнші қара бала болса да дара бала Өріс Төлегенұлы», — деп жазды жасөспірімнің видеосын желіге жүктеген Несібелі Әлпен.

[:]