АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Екі ментке азайып, жақсы болып қалды», «Құдай жазаларын берді, халық қарғысы» деген мазмұнағы мыңдаған пікірлер [:]

[:kz]

Алматыдағы блокпосттағы апат туралы Youtube-тағы сюжеттерді қарап шықтым. Коменттердің 90%-ында өмірден өткен полицейлерге аяныш болмаған. «Сауап!», «Екі ментке азайып, жақсы болып қалды», «Құдай жазаларын берді, халық қарғысы» деген мазмұнағы мыңдаған пікірлер. Оқысаң шошисың енді. Біраз адам «блокпостты алып тастамағанның кесірі, карантиннен шаршадық» деген ой айтыпты.
Сосын Instagram-ды қарадым. Ол жақтағы комментарийлерде көпшілігі полицейлер өліміне себеп болған мас жүргізушіні жазғырып, неғұрлым қатаң жаза беруді сұраған, «Иманды болсын» дескен.
Екі желі екі түрлі әлем сияқты. Мұндай оқиғалар кезінде Facebook аса белсенді емес екен. Қызық.
Не де болса, қазақтардың адам өлгенде бір ауыз «арты қайырлы болсын» дей алмауы қорқытады…

Ал ІІМ қызметкерлерінің имиджі, жұмысы туралы шын ойланбаса, мына құбылыс қауіпті деп ойлаймын, оның үстіне соққан жігіт те бұрынғы полицей.

alashainasy.kz

[:]