АЛТЫНОРДА
Новости КазахстанаНовости мира

[:kz]Екінші Қарабақ соғысы үдерісі: Тәуелсіздікті тәу еткен халықаралық түркі ұйымдарының тарихи миссиясы[:]

[:kz]

Түркі интеграциясы — 1992 жылдан бастау алатын Түркі елдері басшыларының саммиттерімен бекемделіп, Нахчыван келісімімен (2009 ж.) рәсімделген, Түркі академиясының сүбелі еңбегінің нәтижесінде мемлекетаралық деңгейде стратегиялық тұжырымдама ретінде бекітілген, Түркі кеңесі ұйымының кешенді бағдарламалары арқылы жүйеленіп кемелдене түскен біртұтас құбылыс.

Байқағаныңыздай, ішбү жазбамыз осы құбылыстың негізгі ұйытқылары — Түркі кеңесі, Халықаралық түркі академиясы, Түрксой, ТүркПА, Түрік мәдениеті мен мирасы қоры турасында болмақ, дәлірегі, олардың түгел түркінің жаңа тарихындағы жаңа белесі — Екінші Қарабақ соғысы үдерісіндегі миссияларына арналмақ. Ондағы мақсатымыз – ынтымақтастық ұйымдарының атқарған нақты қызметтеріне шолу жасай отырып, қазіргі түркі интеграциясының ұласқан деңгейін альтернативті тұрғыдан бағамдау.

Сөзсіз, 44 күндік соғыс үдерісінің жеңіспен аяқталуында, ең алдымен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің ұстанған сарабдал саясаты, әзербайжан халқының бекем бірлігі һәм озық үлгідегі қарулы күштерінің қаһармандығы шешуші рөл атқарды. Ал халықаралық дипломатия майданында «екі мемлекет, бір ұлт» ұстанымына негізделген «Түркия-Әзербайжан» ынтымақтастығы мен халықаралық түркі ұйымдарының миссиясы ресми Бакудың халықаралық аренада тұғырын мығымдап, мысын арттырып қана қоймай, түгел түркінің бауырластық рухын асқақтатқаны жасырын емес.     

Десек те, үдерістің халықаралық ұйымдар үшін күрделі сынақ болғанын мойындауымыз керек. Олай дейтін себебіміз, сепаратизм мен агрессияны емес, халықаралық құқық пен бітімгерлікті ту еткен аталған ұйымдардың ешбірі (шаңырақ көтергелі) тап осы Екінші Қарабақ соғысындай аймақтық маңызға ие геосаяси, әскери үдерісті өз тәжірибесінен бұрын соңды өткермеген-ді. Оның үстіне, Әзербайжан-Армения қатынастарының күрделілігін айтпағанның өзінде, барлық геосаяси акторлардың мүдделері мен мүмкіндіктерін ескерер болсақ, ұйымдардың арқалаған жауапкершілігінің салмағын бағамдау қиынға соқпасы керек.

Міне, дәл осындай жауапкершілігі аса зор, күрмеуі қиын тарихи кезеңде түгел түркінің мүддесін күйттеген ұйымдардың қимыл-қарекеті қандай болмақ еді? Өз миссияларын тиісті деңгейде орындай алар ма еді? Орындай алды ма?

Қақтығыс қарсаңында…

Түркі ұйымдарының қайқайсысы болмасын Қарабақ мәселесін әу бастан жіті назарда ұстап, оның БҰҰ шешімдеріне сәйкес шешілуін талап етіп келген. Басқасын айтпағанның өзінде, 12 шілдедегі  Армения-Әзербайжан шекарасындағы жанжал кезінде алғаш болып «Әзербайжан қарулы күштерінің қарымта тойтарысының халықаралық құқық шеңберінде жасалғанын» және бұл мәселеде «түркі елдерінің Әзербайжанды толық қолдайтындығын», «даудың екі елдің де халықаралық қауымдастық тарапынан бекітілген мемлекеттік шекаралары, территориялық тұтастығы және егемендігі шеңберінде бейбіт жолмен шешілуін» талап етіп, Әзербайжанға қолдау көрсеткен осы ынтымақтастық ұйымдары болатын.

Бітімгерлік келісімі жасалғаннан соң да аталған ұйымдар БҰҰ шешімдері шеңберінде ресми Бакудың ұстанымы мен мүддесін күнтәртібінен бір сәтке де түсірген емес. Бұған тәуелсіз түркі елдерінің ортақ саяси ұйымы — Түркі кеңесі Бас хатшысының ұйымға мүше елдердің ортақ жігерін дәл көрсете білген мәлімдемесі мен мәлімдемеге қатысты Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің Түркі кеңесінің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдаған алғыс хаты дәлел. Аталған құжатта Әлиевтің «құжатқа жоғарғы баға беріп, мұның түркі ынтымақтасығының нақты көрінісі» деп айрықша атап өтуі жоғарыдағы пікірімізді толықтай қуаттайды. Сонымен қатар, Бас хатшы Бағдат Әмреевтің 8-9 қыркүйек күндері Әзербайжанға жасаған ісспары кезінде жариялаған үдеуінде «БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1993 жылы қабылданған тиісті шешімдері негізінде Армения қарулы күштерінің Әзербайжан Республикасының оккупацияланған барлық аумақтарын жедел, сөзсіз және толықтай босатуын талап еткенін» айрықша атап өтуіміз керек.

 

Екінші Қарабақ соғысы: Тілде, істе, пікірде бірілк!

Түркі ынтымақтастық ұйымдары Екінші Қарабақ соғысы (27.09-10.11.2020 ж.) тұтанып, төтенше жағдай орнаған сындарлы кезеңнің алғашқы күндерін-ақ «дауды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімдерінің негізінде бейбіт жолмен реттеуге және ЕҚЫҰ Минск тобының қолдауымен келіссөздер процесіне нұқсан келтіруі мүмкін қандай да бір арандатушылық мәлімдемелер мен әрекеттерге жол бермеу керектігіне баса назар аударып», «Армения қарулы күшерінің Әзербайжан Республикасының оккупациялаған барлық аумақтарын жедел, сөзсіз және толықтай босатуы» жөніндегі талыбын тағы да қуаттай отырып, «халықаралық қауымдастықтан окупациядағы Әзербайжан територияларындағы мәдени мұраларды жоюға бағытталған Арменияның агрессорлық саястына тоқтау салуды» батыл түрде талап етіп қана қоймай, алаңдаушылықпен үдерісті жіті бақылауда ұстады. Ал Түркі академиясы Turkic Weekly бюллетені арқылы қоғам мен эксперттік ортаны  үдерістен хабардар етіп отырды.

Өз кезегінде ресми Баку де мұндай қолдауларды елеп-ескеріп, ризашылығын білдіріп отырды. Осы тұрғыдан алғанда Әзербайжан Президенті Ильхам Алиевтің Түркі ынтымақтастық күні (3 қазан) мен Түркі кеңесінің 28 қыркүйекте жасаған қолдауына орай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Өзбекстан Республикасының Президенті Шафкат Мирзиёевке, Қырғызстан Республикасының Президенті Сооранбай Жээнбековқа  жолдаған алғыс хаты сөзімізді дәйектейтін маңызы зор құжат болып есептеледі.

 

Түркі ынтымақтастық ұйымдары Гәнжә мен Бәрдаға араша түсті!

Соғыс оты бейбіт тұрғындарды шарпымауы керек! Бұл халықаралық құқықпен, Женева конвенциясымен бікітілген міндеттеме, асуға болмайтын, тыйым салынған қызыл жолақ! Солай бола тұра, Армения қарулы күштері 11 қазанда соғыс шебінен алыс жатқан Әзербайжанның Бакудан кейінгі ең ірі қаласы Гәнжәні, 27-28 қазан күндері Бәрде қаласына зымыранмен шабуыл жасады. Озбыр шабуылдардың салдарынан Гәнжәде 9 бейбіт тұрғын қаза тауып, 30-дан астамы ауыр жарақат алса, Бәрдеде 27 адам құрбан болып,  83 тұрғын жарақат алды.   

Түркі ынытмақтастық ұйымдары бұл жолы да асқан алаңдаушылықпен халықаралық қауымдастықтың назарын трагедияға аударады. Атап айтқанда, Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының Президенті Гүнай Эфандиева тарапынан жасалған үндеуде, халықаралық қауымдастықтың шабуылды халықаралық террерозим ретінде бағалануы мен қылмыскерлердің жауапқа тартылуы талап етілді. Ал Түрксой ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасеинов Түркі әлемінің өнер қайратерлері атынан Арменияның бұл заңсыз әреткеттеріне тоқтау салуын талап етті. Түркі академиясының төрағасы Дархан Қыдырәлі «Түркі академиясының Халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарын қатаң сақтайтындығын растай отырып, қақтығысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сәйкес Әзербайжан Республикасының егемендігі, аумақтық тұтастығы және халықаралық деңгейде мойындалған шекараларының мызғымастығы негізінде реттеуге шақырды».

Бұдан бөлек Армения қарулы күштерінің Әзербайжанның бейбіт тұрғындарына қарсы бағыттаған шабуылдарын үдетуіне байланысты Түркі кеңесінің Басхатшысы Бағдат Әмреевтің Әзербайжанның Сыртқы істер министрі Жейун Байрамовпен жасаған кеңесінде Бас хатшы «Армения қарулы күштерін соғыс аймағынан алыс жатқан бейбіт аймаққа жасаған шабуылын қатаң айыптай отырып, Түркі кеңесінің Әзербайжанды толық қолдайтындығын» тағы да қуаттады. Ал 19 қазанда Жастар платформасының (онлайн режимде) жиынын өткізіп, түркі жастарының агрессияға қарсы жігерін халықаралық қауымдастыққа жеткізді. Барлық түркі елдеріндегі өкілдері мен мүшелері қатысқан жиында Жастар патформасы халықаралық қауымдастықтан шабуылдарды тоқтату үшін жедел шара қолдануын талап етіп, Әзербайжанды заңды күресінде қолдау үшін ортақ іс-әрекет жол картасын қабылдады.  Ал 20 қазан күні Гәнжә қаласына арнайы барып, соққы жасалған аймақтарда тексеріс жұмыстарын өткізіп «бұл қасіретті күндерде Түркі әлімінің, түркі елдерінің Әзербайжанмен бірге» екендігін мәлімдеді.

Сөзсіз, тәуелсіздік пен территориялық тұтастық — әр елдің ең асыл мұраты. Осындай асыл мұрат жолындағы Әзербайжан халқының әделетті күресіне қазақ халқының рухани демеу көрсетпеуі мүмкін емес-ті. Солай болды да. Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлінің мұрындық болуымен  осы бір қастерлі де атаулы күннің құрметіне бауырлас Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтанның ең көрікті ғимараттарының бірі – ҚТЖ-ның диодты жарық дисплейінде екі күн бойы Әзербайжанның мемлекеттік туы желбіреді. Өз кезегінде бұл акция тек Қазақстан мен Әзербайжанда ғана емес, сонымен қатар күллі түрік әлемінде ризашылықпен оң қабылданып үлкен қоғамдық резонс тудырды.

Сонымен қатар, Түркі кеңесінің үдеріс пен қатар Әзербайжанның соғыстан кейінгі жағдайына да мән беріп, азат етілген территорияларын қалпына келтіру, аймақтың инфраструктуралық, өнідірістік, сауда-экономикалық әлауқатын көтеру мақсатында «Әзербайжанның әлеуметтік және экономикалық дамуының жаңа кезеңі» бағдарламасын дайындап, оны Түркі сауда және өнеркәсіп палатасының реттеуімен іске қосу жөніндегі ресми Бакуға жасаған ұсынысы мен соғыстан зардап шеккен тұрғындар үшін гумманитарлық көмек жөнелткенін бауырластықтың шынайы нышаны ретінде бағаланғанын ерекше атап өтуіміз керек.

 

Жеңіс: Шәхиттер өлмес болар, отан бөлінбес болар!

10 қараша 2020 жыл. Әзербайжаның жеңісін әйгілейтін тарихи күн болуымен қатар, БҰҰ шешімдерін басшылыққа алып, бітімгерлікті пен салихалы саясатты биік қойған түркі ынтымақтастық ұйымы мен ұйымға мүше тәуелсіз түркі елдері үшін де аса маңызды күн – жеңіс күні!

Бұл туралы Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әмреев Әзербайжанның жеңсіне орай жариялаған үндеуінде «Түркі кеңесінің үш жақты Ортақ декларацияны оң қабылдайтындығын, Әзербайжан Президенті мен халқын оккупацияланған территорияларын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешешімдеріне сәйкес кері қайтару күресіндегі тарихи жеңісмен құттықтап, бұл жеңістің Түркі кеңесіне мүше елдердің арасындағы қатынастарға, түркі әлеміндегі интеграциялық үдерістерге тың серпін беретіндігін» ерекше атап өтті.

Сұрапыл соғысты жеңіспен аяқатап, қасіретке толы жылдарды басынан өткерген халықтың рухани жылуды бірінші кезекте өз бауырларынан күтетіндігі қаншалықты табиғи құбылыс болса, сол бір тарихи күндерде (індеттің қауіпін екінші кезекке ығыстырып қойып) тек қазақтың атынан емес, сонымен қатар түгел түркінің атынан арнайы барып, қуанышына ортақтасып, қазалы жандарға көңіл айтқандардың бауырластар тарапынан ілтипатқа бөленуі  соншалықты табиғи заңдылық. Ендеше, жеңіс күндерінде Гәнжә мен Бакуге арнайы ісспарамен барған Түркі академиясы басшысы Дархан Қыдырәлінің сол миссисының тарихи мәнге ие болғанын да айрықша атап өтуіміз керек.

 

Қорытынды

Өкінішке орай мақаламызда ынымқтастық ұйымдарының үдеріс кезінде атқарған барлық жұмыстарын: үндеулері мен мәлімдемелерін, мақалалар мен басылымдарын, әртүрлі деңгейдегі ресми кездесулер мен талқылауларын, онлайн/офлайн жиындарын т.б. түгел қамту мүмкін болмағандықтан, тек ынытмақтастың жарқын үлгісі ретінде қоғамдық резонанс тудырған шаралардың бірқатарын ғана тоқталып өттік.

Әйтсе де, үдеріс кезіндегі түркі ынтымақтастық ұйымдарының бітімгерлік ұстанымдары мен біліктілігін әйгілейтін мына фактілерге арнайы назар аударуды жөн санадық:

1 – Түркі ынтымақтастық ұйымдарының барлық үндеулері мен мәлімдемелері БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімдеріне негізделіп ресми Баку тарыпынан ризашылықпен қабылданды. Осыған орай Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев тарапынан Түркі кеңесінің Құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа, түркі елдірінің президенттеріне жолданған алғыс хаттарында «түркі ынытмақтастығының көрінсі» деп баға берілді.

2-  Халықаралық ұйымдардың Армения қарулы күштерінің соғыс шебінен алыс жатқан Әзербайжанның бейбіт қалаларына балистикалық зымыранмен жасаған шабуылына қатысты үндеулері мен мәлімдемелері, сондай-ақ, ұйым басышыларының Гәнжә қаласына жасаған арнайы іссапарлары резонанстық мәнге ие болды.

3- Түркі академиясының Қарабақ мәселесіне қатысты қазақ тілінде жарық көрген басылымдары мен ақпараттық қызметі (Turkic Weekly) ынтымақтастың маңызды көрсеткіші ретінде бағаланады.

4- Түркі академиясының басшысы Д.Қыдырәлінің мұрындық болуы және ҚР Үкіметінің қолдауымен екі күн бойы Әзербайжанның мемлекеттік туының ҚТЖ ғимаратының LED  экранында көрсетілуі тек ұйымның ғана емес, сонымен қатар қазақ халқы мен үкіметінің әзербайжан халқына деген шынайы бауырластық лебізінің дәлелі ретінде күллі түркі әлемінде резонанс тудырды.

5- Түркі кеңесінің оккупациядан азат етілген территорияларды қалпына келітіру, аймақтың сауда-экномикалық әлауқатын көтеруге бағытталған арнайы бағдарламасы сауда-экономикалық интеграцияның жаңа белесі ретінде бағаланды.

6- Ынтымақтастық ұйымдарының үндеулері мен  мәлімдемелері мазмұндық тұрғыдан бірін-бірі толықтырып, ұйымдардың салалары тұрғысынан мәселені кешенді түрде қамтыды. Мысалы, Гәнжә мен Бәрда қалаларына жасалған шабуылға қатысты үндеулерде Түркі кеңесі мен Түркі академиясы мәселеге қатысты халықаралық құқық пен түркі елдерінің ортақ ұстанымын алға шығарса, Түріксой ұйымы трагедияға қатысты түркі әлемі өнер қайраткерлерінің алаңдаушылығын жеткізді, ал Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры халықаралық қуымдастықтан шабуылдардың теракт ретінде бағалануын талап етті.

Біздің есептеуімізше, ынытымақтастық ұйымдары үдеріс кезеңінде әртүрлі платформалар мен форматта жетпіске тарта шара атқарған, оннан астам үндеу мен мәлімдеме  жариялап, түркі ынтымақтастығы мен Қарабақ тақырыбында бес басылым (Түркі академиясы — 3, Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры — 2)  жарыққа шығарған, Түркі академиясының Turkic Weekly бюллетені тарапынан ақпараттық қолдау жасалған.  

Жоғарыда келітірілген деректерге сүйене отырып Түркі ынтымақтастық ұйымдарының (панмедия жағдайы мен бұрын соңды соғыс тәжірибесін өткермегендігіне қарамастан) Екінші Қарабақ соғысы үдерісі кезінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріне сәйкес Әзербайжанның мемлекеттік территориясының тұтастығын қамтасыз етілуінде, Әзербайжанның әділетті күресіне қоғам мен халықаралық қауымдастықтың назарын аударуда, халықаралық қауымдастыққа Әзербайжан мен түркі елдерінің ортақ талаптарын жеткізуде, сондай-ақ, мүшелес әр елдің бауырластық қолдауын ресми Баку мен әзербайжан халқына білдіруде(!) өзіне жүктелген миссияларын жоғарғы деңгейде атқарды деп нақты түрде айта аламыз. Бұл пікірімізге Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әмреевті қабылдау кезінде «түркі ұйымдарының көрсеткен қолдауларын жоғарғы бағалайтындығын» мәлімдеуі толық айғақ бола алады. Ал үдерістен кейінгі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті құттықтауы мен өзара ынтымақтастық пен халықаралық аренадағы ықпалдастық жайын талқылағандығы, сондай-ақ, Ильхам Әлиевтың  қазақстандық компанияларды Таулы Қарабақты қайта қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуға шақыруы жоғарыдағы пікрімізді қуаттай түседі.

Екінші Қарабақ соғысы үдерісінің нәтижесі бүгінде Түркі интеграциясының жаңа деңгейге көтерілгенін, өзге геосаяси  күш орталықтарына ықпал ете алатын жаңа реал, жаңа күш, жаңа құбылыс ретінде қалыптасқанын айқындап берді. Ал түркі ынтмақтастық ұйымдары өз даму тарихында алғаш  рет соғыс тәжірибесі мен сынағынан сүрінбей өтіп, түркі интеграциясының иммундық механизмі ретінде шыңдала, кемелдене түсті.

 

Тақырып тұздығы (Соңғы сөз орынына)

Бұдан кейінгі кезеңдерде түркі ынтымақтастық ұйымдарының өткерген үдерістерден тиісті қорытынды шығарып, әр елдің ең қымбаты – мемлекеттік тәуелсіздік пен территоиялық тұтастықты, елдік пен егемендікті мәңгі етуде жаңа бастамаларды қолға алатындығына еш күмән келтірмейміз.

Тәуелсіздік дегеннен кеп шығады, таяу күндері әлдебір пиғылдардың асқына бастаған шағында Түркі академиясы уақыттың тынысын дәл танып «Түркі әлемінің тарихи-мәдени атласы» атты сүбелі еңбекті жарыққа шығарғаны баршаға мәлім. Осының өзін (басқасын айтпағанның өзінде) тәуелсіздікті тәу еткен аталған ұйымдардың миссиясын айғақтай түсетін тарихи қаракет деп білеміз..

 

Нұрғали Жүсіпбай

 

Новости Казахстана. Алтын Орда

 

[:]