[:kz]
Әнші Аша Матай тағы да ана атанды. Қыз баланы өмірге әкелген Аша көпшіліктен сүйінші сұрады.
Сүйінші!!! Алланың қалауымен қазақ еліне + тағы бір қазақ аруы. Бүгін біздің отбасымыз үшін ерекше күн. Арман екеуіміз тағы да ата-ана атанды. Құдайға шүкір. Барлық жас жұбайларға жұғысты болсын. Құттықтауларыңызға алдын ала алғысымды білдіремін», — деп жазды ол желідегі парақшасында.
Өнер адамдары мен желі қолданушылары Аша мен Арманды жаппай құттықтап, бауы берік болсын айтып жатыр.
«Ашажан, құттықтаймыз! Өте қуаныштымыз, өмірлеріңнің осындай тәтті сәттері көп болсын», деп жазды Баян Нұрмышева.
«Машалла, құттықтаймыз», — деді Қарақат Әбілдина.
«Ураа. Бауы берік болсыыыын», — деді Альбина Шардарова.
«Керемет. Періштелеріңнің бауы берік болсын», — деді Айдай Исаева.
«Құтықтаймыыыыыыын!», — дейді Жазира Байырбекова.
Арман мен Ашаның бұл екінші қыздары. Қос әншінің тұңғыш қызының есімі — Асылым.
[:]