[:kz]
Қарсы болсаң қорқытады. Өз балаңа жаның ашымайды деп, арға тиеді. Мақұл. Бірақ сәби сол уколдан кейін бірдеме болып қалса, баспен жауап береміз,-деп қолхат жазып бер, — деші. Бәрі басын ала қашады. Рас па?
Балаларға екпе салдыру — заңмен міндеттелмекші. Салдырмай жатсаң — жауапқа таратылып, сотталып та кетуің мүмкін деген сөз емес пе, бұл? Қазір сондай статья талқыланып жатыр. Мынау видео да сол пікірталастан үзінді.
Сөз жоқ, екпе алу керек, салу керек. Қарсы емеспін. Бірақ, міндеттеу деген артық емес пе? Дамыған Еуропа елдерінде мұндай заң жоқ қой?! Ал өз басым біздегі вакцинаның сапасына сене бермеймін. Жаңаөзенде қыздарымызды судорг ұстатқан екпе естеріңізде ме? Сол кезде оқушыларға Үндістанның сапасыз вакцинасын егілген болып шықты емес пе? Мұнан бөлек. Осыдан 2 жыл бұрын осы тақырыпта арнайы фильм дайындағам. АКДС екпесін алған соң ДЦП болып қалған бала көп. Аружан Сайын да соны айтып жүр. Ал министрліктегілер мойындамайды.
Сосын екпенің салдарына ешкім жауапкершілік алғысы келмейді. Ал бірақ вакцина еккіз деп екіленіп тұр. Роддомың анау, жаңа ғана туған шақалағыңа БЦЖ, анау-мынау салуымыз керек деп медиктер алқынып тұрады. Қарсы болсаң қорқытады. Өз балаңа жаның ашымайды деп, арға тиеді. Мақұл. Бірақ сәби сол уколдан кейін бірдеме болып қалса, баспен жауап береміз,-деп қолхат жазып бер, — деші. Бәрі басын ала қашады. Рас па?
Осындай жауапкершілікті ешкім алғысы келмей тұрғанда, қай ата-ана өз бүлдіршініне екпе салдыртсын? Әрине, салдыртпайды. Ал енді осы кісілерді заңмен жазалау керек деген қай ақылға сияды?
Сосын, Саулық министрлігі — екпеден бас тартқандарды сектант, — деп ярлык тағуға әуес. Шыңдап келгенде, діннің еш қатысы жоқ. Елімізде екпе салдырмаған 3 мың адам болса, тең жартысынан көпшілігі славян екті. Ал не дейсіз?
Сосын… Қарағанды, Жаңаөзенде оқушы қыздар селкілдеп судорг болғанда министрлік екпенің салдары екенін әуелде мойындамай жүріп алып еді ғой. Ең сорақысы емтиханға бармас үшін өтірік солай жасап жатыр, деп сұқбат берген мамандарын да көргенбіз. Әй, не керек ақыр соңында вакцинаның кінәсі бәрін мойындады. Сол кезде, басқармадағылар бүй деп еді:
— Екпе салдырған 500 мың адамның тек 3-4-інде ғана асқыну болуы мүмкін. Әрі бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы стандарттарында белгіленген межеден аспайды. Мейлі, дәрігер үшін 3-4-еу деген көзге ілуге тұрмайтын сан шығар. Бірақ… мен баламның сол 4-тің бірі болып кетуінен қорқамын. Мен баламмен бұлай «русская рулетка» ойнағым келмейді.
Жоға, екпені мүлдем салдырмау қажет деп жатқаным жоқ. Салу қажет. Бірақ, жөн-жобасымен, аса қажеттерін ғана. Сосын, баланың инеге аллергиясы бар ма, сәби екпе салардың алдында ауырып тұрған жоқ па, соны да ескерсе. Әйтпесе, соңғы кезде тұмауратып отырған балақайға «проба манту» еккендерді де көріп жүрміз. Тағы бір қынжыла айтатын дүние — ол балаға егілетін вакцинаның саны тым көп болып кетті.
Шақалаққа 3 жасқа толғанға дейін 18-ге дейін-ау, шамамен соншама ине салынады екен. Бұл аз ба, көп пе? Сол көп екпенің ішінде атын өмірде бір естімеген, небір экзотикалық аурулардың вакцинасы жүр. Сосын екпелер тізімінде жыныстық ауру деп саналатын гепатит В деген бар. Патырлатып сала бергеннен саулыққа зияны жоқ па?
Екпенің зияны демей-ақ қояйын. Медицина ғы¬лымдарының докторы, акушер-гинеколог Раиса Аманжолова осыдан 7 жыл бұрын БЦЖ, АКДС, т.б. вакциналарды қояндар¬ға егiп тәжiрибе жүргiзген. Ол кісінің көзі тірі, сұқбат алсаңыздар да болады. Сол апым айтады: Егілген қояндардың алғашқы толқынында аса өзгерiс байқалмады. Алайда бесiншi ұрпақта қояндар жүкті болу қабілетінен айырылды, — дейді. Ғалым айтып отыр.
Ендігі сұрақ. Екпені неге қазір агрессиялы түрде насихаттап жатыр? Бар мәселе ақшада емес пе осы? Жоспарлы екпелерді бізге тегін жасайды ғой дерсіз. Жоқ, біздің еліміз бұл вакциналар ды халықаралық сауда мекемелерінен миллиардтарға сатып алады.Солар біздің елді қысып отырған жоқ па?
Сөзімнің соңы. Екпе жасасын. Бірақ әр балаға индивидуально келсе екен. Сосын екпенің зардабын мемлекет көтеруі керек. Міндеттейді екенсің, өзің де міндетіңді орында. Ал негізі міндеттеу — дамыған елдің емес, тоталитарлық елдің әрекеті. Ойым осы.
Нұрбек Бекбау
Facebook парақшасынан
[:]