АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz] Экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан азамат 3 жылға сотталды[:]

[:kz]

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында деструктивті діни ағымның жақтаушысы, экстремистік сипаттағы материалдарды таратқаны үшін Жамбыл ауданы Жалпақ төбе ауылының 33 жастағы тұрғынын ұстады.

Аталған дерекке қатысты іс материалдары ҚР ҚК 174-бабы (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру) бойынша сотқа жолданды. Аталған істі сотта қарау барысында күдікті кінәлі деп танылып, оған үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

[:]