АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz] «Елбасы камаз айдап жүр!»: Ғаламторда Назарбаевтан аумайтын адамның видеосы жарияланды (ВИДЕО)[:]

[:kz]

«Елбасы камаз айдап жүр!»: Ғаламторда Назарбаевтан аумайтын адамның видеосы жарияланды (ВИДЕО)

Facebook әлеуметтік желісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың (әлде оған өте қатты ұқсайтын адам болуы да мүмкін) «КамАЗ» автокөлігінің тізгінінде отырған бейне жазбасы пайда болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бейнедегі Елбасына ұқсайтын адамның ештеңеде шаруасы жоқ, телефон шұқылап отырғанын байқауға болады. 

 «Міне, Нұрсұлтан Назарбаев ағамыз камазда отыр. Камазист боп… мен көріп таң қалдым. Ұқсаттым ба білмедім, сіздер қалай ойлайсыздар?» дейді кадр сыртындағы дауыс. 

Расында да бейне жазбадағы адам Елбасы әрі Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтан аумайды.

Бірақ жазбада оның кімнің түсіргені әрі нақты қашан түсірілгені туралы еш дерек айтылмайды.  
 

 

[:]