[:kz]
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс жобасы әкімшілік жауаптылық кодексіне бірқатар шектеу ережелерін енгізеді. Олардың ішінде кешкі 8-ден таңғы 9-ға дейін шу шығаруға тыйым салыну қарастырылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
![Көрнекі фото: pixabay.com Көрнекі фото: pixabay.com](https://netstorage-nur.akamaized.net/images/8b413e44cd7df518.jpg?imwidth=900)
Көрнекі фото: pixabay.com
Қазіргі 23.00-ден таңғы 06.00-ге дейінгі уақытты 20.00-ден таңғы 09.00-ге дейін өзгерту ұсынылып отыр», — делінген денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасы жайлы баяндамасында.
Сондай-ақ, заң жобасында тұрғын үй ғимараттарында және тұрғын үй құрылысы аумағында орналасқан ойын-сауық мекемелеріне жұмыс күндері кешкі 22.00-ден таңғы 06.00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері кешкі 23.00-ден таңғы 10.00-ге дейін тыныштықты бұзуға тыйым салу көзделген.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабына сәйкес, тыныштықты бұзғаны үшін жеке тұлғаларға – 5 АЕК (12 625 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 10 АЕК (25 250 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 15 АЕК (37 875 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК (126 250 теңге) айыппұл салынады.
Егер әкiмшiлiк жазадан кейiн, заң бұзушылық бiр жыл iшiнде тағы қайталанса, онда айыппұл сомасы екі еселенеді.
[:]