АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Елордада бас мешіттің құрылысы кезінде төтенше оқиға орын алды (видео) [:]

[:kz]

 

Нұр-Сұлтанда мешіт құрылысы кезінде үлкен металл контрукциясы құлады. Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарап кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төтенше оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі traktorist.kz парақшасында жарияланды. Бейнежазбаны түсірген ер адамдардың сөзінше, құрылыс нысанында үлкен металл контрукциясы құлап, екі кранды зақымдаған.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне оқиғаның 19 ақпан күні орын алғанын мәлімдеді.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Трактора И Спецтехника (@traktorist.kz)

«Бас мешіттің құрылысы жүріп жатқан нысанда монтаждалған металл конструкциясы құлады. Оқиға оны бекіту кезінде болған. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ» , — делінген ТЖД хабарламасында.

Анықталғандай, монтаж қызметкерлері конструкцияны монтаждап, кранды алып, оны толық бекітпек болды. Алайда, нәтижесінде металл конструкциясы құлап түскен. Құрылысшылар бұл кезде түскі асқа кеткен. 

Төтенше оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізілетін болады. «Қазіргі уақытта бас мардігер «Сембол құрылыс»  болған жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құруда.

Оқиға орнына кешенді қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды» , — деп хабарлады төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

kaz.nur.kz

 

[:]