АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Елордада ер адам автобуста орын бермеген жасөспірімді соққыға жықты (видео)[:]

[:kz]

Желіде қоғамдық көлікте болған оқиғаның видеосы тарады. Ер адам автобуста орын бермеген жасөспірімді ұрып-соққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта оқиғаның Нұр-Сұлтан қаласында орын алғаны жазылған. 

«Бүгін адам толы автобуста келе жатқанымда екі баласы бар әйел мінді. Ол өзіне орын беруін сұрап, бұрқылдап сөйлей бастады. Артынша бір жасөспіріммен сөзге келіп қалып, ересек ер адам оны ұра жөнелді», — дейді куәгер. 

 

Оқиғаға қатысты пікір білдірген астаналық полиция департаментінің баспасөз хатшысы София Қылышбекова қалада мұндай дерек тіркелмегенін мәлімдеді.

«Төбелестің видеосына қатысты тексеру жұмыстарын жүргіздік. Автобустағы бейнебақылау камераларын тексердік. Сондай-ақ, 102 нөміріне ешкімнің осы жағдайға байланысты хабарласпағаны белгілі болды. Осы төбелес төңірегінде жазылған арыздар да тексерілді. Алайда Нұр-Сұлтан қаласында мұндай факт тіркелмеді», — дейді София Қылышбекова. 

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан LRT компаниясының ресми өкілі Науат Азанбаева да елордада мұндай жағдай орын алмағанын айтты. 

«Видео Алматыда түсірілген сияқты. Бірақ қай қала екенін дөп басып айту қиын. Қалай болғанда да, астанада мұндай факт тіркелген жоқ. Яғни төбелес бізде болмады», — деді Науат Азанбаева.

 

[:]