АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Елордалық полиция қызметкерлері өзенге секірген жүкті әйелді құтқарды (видео)[:]

[:kz]

 

Оқиға Қабанбай батыр даңғылында сағат 12:20 шамасында болған. Тәртіп сақшысы Алмаз Құлтанов «Рамстор» сауда үйі жағындағы Есіл өзенінің көпірінде тұрған әйелді байқап қалған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Келіншек үстіндегі киімін шешіп өзенге секірмек болған, — деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қалалық ПД. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін полиция капитаны оқиға туралы жедел басқару орталығының кезекшісіне хабар беріп, өзі көпірге қарай бет алады. Сол уақыт аралығында әйел суға секіріп кеткен.

Алмаз Құлтанов уақыт жоғалтпастан өзенге секіріп, келіншекті құтқаруға ұмтылады. Аға лейтенант Асылхан Нұрмұхамбетов құтқару шеңберін лақтырып, полиция лейтенанты Нұрсұлтан Сариев әріптесіне көмектесу үшін суға секіреді. Әйелді киімінен ұстап, жағаға шығарған бетте оларды басқа полиция қызметкерлері мен көмек көрсетуге дайын қала тұрғындары күтіп тұрған.

Келіншек дереу ауруханаға жеткізілді.

Ойлануға уақыт болмады. Тез арада шешім қабылдауға тура келді,

— дейді Алмаз Құлтанов.

25 жастағы әйелдің жүкті екені анықталды. Осылайша, полиция қызметкерлері екі бірдей адамның өмірін аман сақтап қалды.

 

[:]