АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Емхана қызметкері сәбидің өлімінің себебін анықтамақ болған тілшілерге тап беріп, жұдырық ала жүгірді (видео)[:]

[:kz]

Бір жасар қыздың өлімін анықтамақ болған КТК телеарнасының тілшілерінің талпынысы төбелеспен және полицияға жазылған шағыммен аяқталды. Оларға емхананың заңгері жұдырық ала жүгірген, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Оқиға Көкшетау қаласындағы емханада орын алған. Ол жерге тілшілер қайтыс болған қыздың анасы және әпкесімен бірге келіпті.

Сәби қызылшаға қарсы екпе салынғаннан бірнеше сағат өткеннен кейін қайтыс болған екен. Сараптама нәтижесіне сәйкес, қыз баланың өліміне пневмония себеп болыпты. Сәби екпеге дейін бронх қабынуымен ауырған. 

Емхана заңгері Ерболат Темірбеков бастапқыда оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

«Аталған факті бойынша қазір ешқандай мәлімет берілмейді. Себебі тергеу аяқталғанға дейін кінәлілердің немесе кінәнің анықталатын-анықталмайтынын ешкім айта алмайды», — дейді заңгер. 

Артынша ол тілшілерге қайтып келіп, дөрекі мінез танытты. Ол аяқ астынан тілшілерге тап беріп, жұдырық ала жүгірген. 

Ер адамды әріптестері тыныштандыруға тырысты.

 

Оқиғадан кейін тілшілер мен сәбидің анасы полицияға шағымданды. Сәбидің анасы оның өліміне кімнің кінәлі екенін анықтамақ. 

 Stan.kz.

[:]