АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Емшіге сеніп, жануардың сүйегінен жасалған ұнтақпен емделген қыз көз жұмды[:]

[:kz]

Қарақалпақстанның Тахиаташ ауданында ақ қанмен (лейкоз) ауырған 12 жастағы қыз қаза болды деп жазады KAZ.NUR.KZ Centralasian.org қызмметіне сілтеме жасап.

Емшіге сеніп, жануардың сүйегінен жасалған ұнтақпен емделген қыз көз жұмды

Көрнекі фото: el.kz

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Гаухар Абдисаметова осыған орай мәлімдеме жасады.

Қыздың анасы Рашид Картбаев есімді емшінің айтқанына сеніп, химиялық терапияны тоқтатып, қызын жануардың сүйегінен жасалған ұнтақпен емдеген.

«12 жастағы қыз біздің аудандық ауруханада тіркеуге алынды. Оның анасы жануардың сүйегі және жүндерінен жасалған ұнтақтың қасиетіне сеніп, химиялық терапияны тоқтатып қойған.

Қолдан жасалған ұнтақтың қасиеті туралы ешнәрсе айта алмаймын, бірақ қыздың ақ қан ауруынан қаза болғаны рас», — деді вице-министр.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Картбаев үй жануарларының сүйегінен және жүнінен жасалған ұнтақ «барлық ауруға ем» деп сатып келген.

Оның бұл «дәрілерінің» бағасы 85 000-350 000 сум (8-36 доллар) тұрады.

Президент Шавкат Мирзияев қол қойған бұйрыққа сәйкес, елде халықтық медицинамен айналысуды қалайтындар арнайы рұқсат (лицензия) алуы тиіс.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Картбаевтың мұндай лицензиясы болмаған.

 
 
 

[:]