АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ең қымбат әнші Қайрат Нұртас, ең арзан әнші Мәдина Сәдуақасова[:]

[:kz]

Фейсбук әлеуметтік желісінде Рейтинг.kz арнасының жүргізушісі әншілердің гонорарын анықтап көрді, — деп хабарлайды Turkistan.Tody тілшісі  Oinet.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Карантин кезде тойсыз қалған әншілердің «ставкасы» қазір қанша? Сол бұрынғы қалпында ма әлде өзгерген бе? Жүргізуші Қазақстандағы ең қымбат әнші Қайрат Нұртасқа хабарласып көрді. 

Телефонды көтерген Қайрат Нұртастың өкілі тойға шығу бағасын айтты: 

— 8000 мың АҚШ доллары. 8000 долларбан бөлек, 2 адамға ұшаққа билет алу керек. Бір бизнес, бір эконом класс, — деді әншінің өкілі.

— Той 8 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Сіздер Алматыдан келесіздер ме? Қонақүйге де төлеуіміз керек пе? — деп сұрады жүргізуші. Әншінің өкілі қонақүй жалдаудың қажеті жоқтығын айтты. 

Ал, Мадина Сәдуақасованың тойға шығу бағасы әріптестеріне қарағанда әлдеқайда төмен екен. 

— Астанаға гонорар бағасы 1 миллион теңге болады. 2 адамға барып-қайтуға ұшақ билетін бөлек төлеу керек. Бір бизнес, бір эконом класс. Қонақ үй минимум 4 жұлдызды болу керек. Тойда 2 рет шығады, 20 минуттан. Жалпы, 40 минут өнер көрсетеді, — деді әншінің өкілі. 

 

[:]