АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Ең қымбат жол апаты»: Алматы қаласы әкімдігінің алдында 5 көліктің тас-талқаны шықты[:]

[:kz]

Поршенің өзі де арзан көлік емес.

Кеше Алматы қаласы әкімдігінің алдында Порше Панамера көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бес бірдей қымбат көліктің тас-талқанын шығарды. Бұл ақпаратты «СТВ» телеарнасы хабарлады.

2 Мерседес-Бенц, Лексус-570 және Тесланы қиратқан жол апаты туралы әлеуметтік желіде «ең қымбат жол апаты» деп жазылып жатыр. Поршенің өзі де арзан көлік емес.

Куәгерлердің айтуынша, Поршенің жүргізушісі Сәтбаев көшесінің бойымен қатты келе жатып рөлге ие бола алмай, автотұрақта тұрған көліктерді соққан. Мерседестердің бірінің жүргізушісі жарақат алып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.

Поршені тізгіндеген тентектің кім екені әзірге белгісіз.   

[:]