[:kz]
Түркістан облысында 16 жастағы жеткіншек көкпар тартам деп көз жұмды. Аттың құлағында ойнап жүрген Байбарыс сол күні көкпарға барам да, қайтап деп үйден шығып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро 31 жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.
Жеткіншектің ата-анасы ұлдарының аттан жәй ғана құлап қалғанына сенбейді. Мерт болған баланың оқиғасын жауапылар түрлі себептермен суреттеген.
Гүлмира Батырханова қасында жүрген ұлынан көз жазып қалғанына сенбейді. Ауылда өтіп жатқан көкпарды көремін деп кеткен Бейбарыстан айырылып қаламын деп ойламаған. Әсіресе, ұлының сол кезде айтқан «Соңғы көкпарым ғой» деген сөзіне мән бермегенмін дейді анасы.
«»Ең соңғы көкпарым, мама, барам да, келем» деген. Бұрыннан тоқтату керек еді көкпарды, бірақ жазым ғой», — дейді марқұмның анасы.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша наурыздың қақ ортасында болған ұлттық ойынға оқушылар қатыстырылмаған. Тіпті Бейбарыс көкпарға жетпестен ауыл қыратында қайтыс болды дейді.
«Карантиннен бұрын ұйымдастырылған ойынға оқушылар қатысты деген ақпарат бізде жоқ. Қырда атқа мінбекші болған, содан құлады деген «, — дейді Нұрлан Бекжігітов Бәйдібек ауданы Көктерек ауылдық округінің әкімі.
«Үйінің алдында құлаған дейді, біз енді көзімізбен көрген жоқпыз», — дейді Бәйдібек ауданы Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебінің директоры Қайырғали Жиенәлиев.
Дәрігердің айтуынша, жеткіншектің жарақаты ауыр болғаны сонша, оны аман алып қалу қиын болған.
«Диагноз — бас сүйек-ми зақымы. Бірінші дәрежелі ми жарақаты, маңдай-шеке сүйегінің сынуы, мидың ісуі, зақымданудан есеңгреу, жағдай өте ауыр болды. Шымкент ақаласынан авиациямен нейрохирург мамандарды шақырдық, қалаға алып кету шешілді», — дейді Ғалиев Әсет Маратұлы, Бәйдібек ауданы орталық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі.
16 жастағы Бейбарыс бір аптадан аса ауруханада жатып, есін жимастан көз жұмған.
[:]