АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Енді директор қабылдамайды: Білім министрі мұғалімдерге қатысты маңызды жаңалықпен бөлісті[:]

[:kz]

 

Биыл мұғалімдерді жұмысқа алу конкурсы электронды форматқа ауыстырылады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Былтыр педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа қағидалары әзірленіп, қабылданды. Қысқаша айтқанда, бұдан былай директорлардың өз қалауы бойынша мұғалімдерді өзі жұмысқа қабылдауға мүмкіндігі болмайды. Енді нақты критерийлер белгіленіп, мұғалімдер жұмысқа қызметінің нәтижесі мен жетістіктері негізінде конкурс арқылы орналасады. Биыл бұл рәсім цифрлық форматқа көшіріледі», – деп жазды Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Осы орайда министр есеп беруді азайту және мұғалімдерді артық жұмысқа тарту мәселесі қатаң қадағаланатынын ескертті.

“2021 жылы жаңа заңның нормаларын бұзғаны үшін (артық есептерді талап ету, қызметтік міндетіне жатпайтын жұмысқа тарту және т.б.) білім беру ұйымдарының жүздеген басшысын және өзге де лауазымды тұлғаларды жазалауға тура келді. Бұл жұмыс жалғасатын болады», – деді Аймағамбетов.

[:]