АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Енді ресми үйленді: Айсәуле Бақытбектің тойы қалай өтті?[:]

[:kz]

Той 9 наурыз күні Алматыдағы Royal Tulip Almaty қонақүйінде өтті. Жас жұбайлардың қуанышына танымал продюсер Алагөзованың өнердегі әріптестері, достары куә болды, деп хабарлайды Stan.kz Тойдың ажарын сахналанған көріністер, ізгі тілектер, көңілді би мен шырқалған әсем әндер  аша түсті. 

Тойда Әлішердің анасы жас жұбайларға арнап ән салды. Екі жастың махаббаты бейнеленген видео көрсетілді. Әлішер мен Айсәуле үйлену тойларының дәстүріне айналып кеткен вальстың орнына, кішігірім қойылым ретінде қойылған билерін биледі. Жас жұбайлардың достары да оларды флешмобтарымен бір қуантып қойды.

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, Айсауле Бақытбектің шаңырақ көтеруін жақындары мен туысқандарынан бөлек, көптеген қазақстандықтар күтті. Желі қолданушылары жастарға бірауыздан бақыт тіледі. 

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 22 мамырында Айсәуле Бақытбек Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында өзінің қалыңдық атанғанын хабарлаған болатын. Сол күннен бастап оның анасы Баян Алагөзова тойға дайындалып, қонақтардың тізімін жасап, той қамына кірісіп кеткен еді. 

 

Stan.kz 

[:]