АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Енесімен жанжалдасқан әйел үш айлық сәбиін суға тұншықтырып өлтірген[:]

[:kz]

 

Әйел ауыл маңындағы Келес өзеніне батып кетпекші болған. Қызын қолына ұстап суға түскен.

Түркістан облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қызын суға тұншықтырып өлтірген Сарығаш ауылының тұрғынына қатысты шешім шығарылды, деп хабарлады Elorda.info ға сілтеме жасаған   Skifnews.kz ақпарат порталы

Қайғылы оқиға Сарыағаш ауданы Қыркүлес ауылында болған. Тергеу материалдарына сәйкес, 2021 жылдың 10 желтоқсанында 22 жастағы Аружан Әбдібек енесімен сөзге келіп, өзінің және үш айлық қызының өмірін қимақ болған. 

Әйел ауыл маңындағы Келес өзеніне батып кетпекші болған. Қызын қолына ұстап суға түскен. Су деңгейі мойнына жеткенде Аружан тоқтап тұрған. Бірнеше минут су ортасында тұрған ол ойынан айнып судан шыққан. Алайда бұл уақытта қыз демалмай жатыпты. 

Өз қызын өлтіруге қатысты полицейлер Аружан Әбдібектің үстінен Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 3-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша іс қозғаған. Тергеу аяқталған соң іс сотқа жіберілді. 

Бұрын сотты болмағанына және істеген ісіне өкінетініне қарамастан, прокурор соттан ең қатаң жаза – 15 жыл тағайындауды сұраған. Түркістан облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы айыптаушы тараппен келісіп, әйелді 15 жылға бас бостандығынан айырды.

Аружан Әбдібек жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейді. 

[:]