АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ер адам көзіне шөп салған әйеліне 100 дүре соғып, көшедегі еркектерге зорлатқан[:]

[:kz]

Үндістандағы Дели қаласына жақын маңда тұратын әйел күйеуінің көзіне шөп салғаны үшін жұрттың көзінше 100 рет белбеумен соққыға жығылды деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

 

Әбден ашуға булыққан азамат әйелін қатаң түрде жазаламақ болған. Оқиғаны халық соты да растап отыр.

 

Күйеуінен таяқ жеген әйел 100 соққыға шыдамай, есінен танып қалған. Осыдан кейін көпшілік арасында тұрған бірнеше ерке оны зорлап кетеді.

 

Полиция мәліметінше, әйелдің өз баласы да қылмысқа қатысты болған. Қазірдің өзінде үш адам қамауға алыныпты. Бұдан бөлек, әйелге зорлық-зомбылық жасалған уақытта қарап тұрған 30 шақты адам іздестірілуде.

alashainasy.kz

[:]