АЛТЫНОРДА
Cпорт жаңалықтары

[:kz]»Еркек болуы керек»: Ресейлік клуб тырнағына лак жағып, маникюр жасаған қақпашыны ойыннан аластатты[:]

[:kz]

 

Футболдан Ресей чемпионатының үшінші лигасында ойнайтын «Иркутск» клубы 20 жастағы қақпашы Никита Лобусовпен арадағы келісімшартты бұзды. Бұған ойыншының тырнағына алқызыл лак жаққаны себеп болған, деп хабарлайды клубтың ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ойыншының әрекеті әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен.

«Бірнеше күннен бері біздің клубтағы жағдай, атап айтар болсақ, қақпашы Никита Лобусовтың жаттығу мен матчтардан аластатылғаны талқыланып жатыр. Мұндай қадамға баруымызға ойыншының тырнағына алқызыл түсті лак жағып алғаны себеп болды. Иә, клуб басшылығы ойыншыға шын мәнінде ультиматум қойды. Никита Лобусов өнер көрсеткен кәсіби команда – бұл ойыншыларды тәрбиелеудің өзін пирамидасын қалыптастырған ұйым. Пирамиданың шыңында шеберлер тұрса, негізін балалар мектебі қалайды. Біздің қарамағымызда үш жүзге жуық бала жаттығады. Ал ересек футболшылар жас балаларға өзінің ойынымен ғана емес, стадион сыртындағы әрекеттерімен де үлгі болуы тиіс. Футбол арқылы біз ұлдарды еркек болуға тәрбиелейміз. Біз еркектер еркек болуы керек деп есептейміз. Ойыншылар бірінші кезекте командаға жеңіс әкелуді ойлауы керек. Егер ол басқалардан ерекшеленгісі келсе, мұны рұқсат етілген шеңбер аясында істесін.

Бұл маусымда Никитаға өз әлеуетін көрсету үшін бірнеше рет мүмкіндік берілді. Алайда ол бәсекелестікке шыдамады. Оған жаңа клубта сәттілік тілейміз», — делінген клубтың ресми хабарламасында.

 

kaz.nur.kz

 

[:]