АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Еркіндігімді шектеп отыр»: Атырау облысында мұғалімдердің желіде оппозиция өкіліне лайк басуына тыйым салынды[:]

[:kz]

 

 

Сайлау жақындаған сайын Қазақстанның мұғалімдеріне оппозицияда жүрген Жанболат Мамай сияқты азаматтарға лайк басуына шектеу қойылған. Мәселен, Атырау облысы Жылыой ауданының білім бөлімі бүкіл мектеп директорларына деп бұйрық шығарып, онда мұғалімдердің қай әлеуметтік желіде кімге лайк басып, комментарий жазып жүргенін саралауды тапсырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «31» арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Жылыойдың білім бөлімінің басшысы Гүлжансара Таңатарова аудан әкімі орынбасарының тапсырмасына сәйкес, барлық мектеп директорына мұғалімдердің әлеуметтік желідегі парақшасына мониторинг жүргізуді міндеттейді. Тіпті, әр директор ай сайын есеп беруі тиіс.

 

Бөлім басшының сөзінше, бұған ұстаздардың кредиттік амнистияны ұсынып жүрген Жанболат Мамайдың желідегі жазбасына лайк қойғаны себеп болған.

Осындай мәтіндегі бұйрықты көрген жылыойлық мұғалімнің бірі Жанаргүл Шарғабаеваның айтуынша, бұл — шектен шыққандық дейді.

«Хатты көргенде қатты ренжідім. Маған қатты әсер етті. Неге ренжідім, мен? Ауданда, облыста проблемалар айтып, мұғалімдер мәртебесін көтеруге өз үлесімді қосып жүрген соң, сондықтан маған қатты әсер етті. Мені тұсап тастағандай болды. Әлеуметтік желіде кімге лайк басамыз, кімге баспаймыз, ол менің өз еркім сияқты. Бірақ осы еркімді шектеп отыр», — деді мұғалім Жанаргүл Шарғабаева.

Бұл бұйрықтың көшірмесі Жанболат Мамайға да жетіпті. Қоғам белсендісі мұндай тапсырма Жылыой ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша берілгенін айтты.

«Бұл хат өздерінің еркімен жазылған емес, республика бойынша сайлаудың қарсаңында оппозициялық күштер бірігіп жатқан тұста, сайлауға байкотқа шақырып жатқан тұста міне, осындай тапсырмаларды беріп жатыр деп есептеймін», — деді қоғам белсендісі Жанболат Мамай.

Ал аудан әкімдігі мұндай тапсырманың берілуін қате деп санамайды. Ұстаздардың түрлі бағыттағы жазбаларды қолдап, комментарий жазуы өскелең ұрпаққа кері әсерін тигізеді деген пікірде. Ал, хат тек ұсынымдық сипатта жазылыпты. Дегенмен, аудан әкімі осыған орай арнайы жиын өткізіп, білім бөлімі басшысының міндетін атқарушыға «қатаң сөгіс» және аудан әкімінің орынбасарына қадағаламағаны үшін «сөгіс» бергенін хабарлады. 

[:]