АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ернар Айдарды полицей қызметкерлері ұтыс ойыны кезінде алып кеткені расталды.[:]

[:kz]

Мұндай əнші сымақтарға ақша бергенше сол ақшаны басқа игі істеріңізге жұмсаңыздар!

Ернар Айдарды полицей қызметкерлері ұтыс ойыны кезінде алып кеткені расталды. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Желіні шулатқан видео рас болып шығуы мүмкін. Ернар Айдардың инстаграм желісіндегі тікелей эфирі әлі сақтаулы тұр. Оны өшіруге де үлгермеген болар бәлкім.

Facebook желісінде блогер Саят Идеятұлы:

«Ернар Айдар деген әнші тікелей эфирде ұтыс ойнатып, ұсталып қалыпты. Инстаграмдағы тікелей эфирінде ұсталған видеосы әлі тұр, алып тастауға шамасы келмесе керек. Аузында Алласы болып, халықтан ақша жинап, алаяқтық жасайтындай не күн туғанын түсінбеймін.
Сол халықтың тойынан алғаны аз болды ма екен?» — деп жазба қалдырды.

Сондай-ақ, желі оқырмандары әншіні алаяққа теңеп, оны жерден алып, жерге салды.

“Біреуге бас қайғы біреуге байтал қайғы деген осы. Бұлар халық үшін емес қара басының қамы үшін жүргендер. Ал халқым осыларды енді бəлен ақша беріп тойға шақырғандарыңды қойыңдар! Мұндай əнші сымақтарға ақша бергенше сол ақшаны басқа игі істеріңізге жұмсаңыздар”, “Біреуге жан қайғы әншілерге мал қайғы болып турғой мына карантинде”, «Дұрыс болған екен» — деп пікір қалдырды желі оқырмандары.

[:]