[:kz]
«Кәрістердің шайнап тастаған сағызын олар алып, шайнап жатыр». «МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев 91 тобы туралы өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, жаңашыл жастардың бастамашысы болған «91» тобымен бүгінгі таңда жылап көрісуге болады. Себебі, күн өткен сайын одан да сорақы, нәзік жанды типіне ұқсас өнерпаздардың көбейіп келе жатыр.
Бұл туралы әнші YouTube арансындағы «Сәлем шоу» бағдарламасындағы сұхбатында айтты. Қазақилық пен ұлттық мүддені үнемі насихаттап жүретін Сәкен Қордабайұлына бағдарлама барысында қойылған 91 тобы туралы сұраққа толық жауап берді. «Қазіргі заманда, қазіргі уақытта 91 деген ақшақар болып қалды бізге, айналайын болып қалды. Олар қазір еркек пе деп қалдым. Одан өтіп кеткен сорлылар жүр сахнада. Мұрны мен құлақтарын тесіп алған. Майысып, дұрыстап сұхбат та бере алмайды
. Екі ауыз сөздің басын құрай алмайды. Бір бағдарламада бір ешектер жүр, ешектер деп мен қорықпай айта аламын. Неге олай дегенім, «Абай жолын» жазған адамды білмейді. Еңгезердей бес жігіт отыр, біреуі білмейді. «Абай жолын кім жазды?» десе, Абай жазған шығар дейді», — деді ашынған Сәкен Майғазиев. Атышулы топ жайында сөз басында жақсы бастағанымен, «МузАрттық» әнші топқа деген негізгі ренішін де айтуды ұмытпады.
«Өкінішке орай, жаңағы жігіттер жол ашып берді соларға. Біз ойлап жүрміз, «ойбай, керемет кәрістердің мәдениеті» деп. Ал, шынтуайтына келгенде сол кәрістердің шайнап тастаған сағызын алып олар шайнап жатыр. Музыкаларына әңгімем жоқ. Ал, киім үлгілеріне келгенде не еркек екенін, не қатын екенін ажырата алмау, бұл сорлылыққа бара жатқан жол. Абайлау керек», — деп сөзін аяқтады Сәкен Майғазиев.
[:]