АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]»Ешқашан ұмытпаймын»: Жұлдыз Әбдукәрімова Тоқтар мен Бейбіттің жасаған жақсылығы жайлы айтты[:]

[:kz]

Жұлдыз Әбдукәрімова белсенді түрде телевизиялық жобаларға қатысуда. Жуырда ол екінші қызы Алаумен бірге музыкалық шоуда бой көрсететінін хабарласа, енді отандық арналардың бірінде жұлдызды келіншектермен сұхбат жүргізбек, деп хабарлайды Stan.kz.

Бағдарлама күзде көрерменге жол тартады. Ал әзірге түсірілім жұмыстары жүруде. Күні кеше Жұлдыз Жазира Байырбекова, Бейбіт Сейдуалиева, Дана Есеева сынды отандық танымал бикештермен сыр-сұхбат жүргізген.

 

Жұлдыз Instagram Stories-те түсірілім алаңынан кадрлар жариялады. Осы орайда ол Бейбіт Сейдуалиеваны ерекше жақсы көретінін, кезінде Қайрат екеуі отау құрғанда Тоқтар Серіков екеуі жақсылық жасағанын айтып қалды. 

Сіздерге бір қызық айтайын, Қайрат екеуміз үлкенген кезде гулянкаға машинаны Тоқтар ағамыз бен Бейбіт әпкеміз жіберген. Ол кезде «Хаммер лимузин» енді шығып жатқан, қатты қымбат болатын. 

Біз көлік таңдап жүргенде қымбат болғандықтан, қарапайым көлік ала салайық дегенбіз. Тоқтар аға мамаға хабарласып: «Менің атымнан Хаммер лимузин» деп сыйлады. Рақмет сіздерге, мен оны ешқашан ұмытпаймын», — деп алғысын жаудырды Жұлдыз. 

[:]