АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Есіктен есікке» акциясы[:]

[:kz]

 

«Есіктен есікке» акциясы аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Бейсқали Толқын Ермекқызы Мұқыр ауылына қарасты шалғайдағы Жамансор елді мекенінің тұрғыны Бөлекбаева Қанзибамен кездесті.

Кездесуде «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының басты бағыттары жөнінде айтып, ұсыныс-пікірін тыңдап сауалдарға жауаптар берді. Бағдарламаның халық үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын айтып, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

Атырау облысы,

Қызылқоға ауданы,

[:]