АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]»Ескірмеген махаббат»: Гүлзира мен Нұртас Айдарбековтердің шетелдегі суреті қызу талқыға түсті[:]

[:kz]

 

Гүлзира және Нұртас Айдарбековтер Дубайға аттанды. Олар әлеуметтік желіде демалыста жүрген суреттерін бөлісуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Жасымыз келді» демей, бір-бірлеріне деген махаббатарын әдемі кадрлар арқылы көрсете білген жұп көпшіліктің қызу талқысына түсті. Әсіресе жұбайын еркелетіп, көтеріп алған Нұртас Айдарбековті көрген оқырмандар екеуіне сүйсіне қарады. Махаббаттарының ескірмегенін айтып, көпке үлгі болатынын жарыса жазды.

«Романтика болып тұрсыздар, Гүлеке, Нұртас аға», — деп пікір білдірді әнші Мәдина Сәдуақасова. 

«Жігітіңіз күнде көтеріп жүр-ау, қиналмай көтеріп тұр», — деді Жазира Байырбекова. 

«Керемет», «Ешқашан қартаймаңыздар», «Ескірмеген махаббат», «Бақытты әйел, Алла бағыңызды еселей берсін», «Махаббаттарыңыз мәңгілік болсын, тіл көзім тасқа», «Керемет көрініс, екі дүниеде де бірге болыңыздар», — деп қосты желі қолданушылары. 
 

 
 

[:]