АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Фархат Әбдірайымов неден қайтыс болғаны белгілі болды[:]

[:kz]

Қазақстандық атақты актер Фархат Әбдірайымов неден қайтыс болғаны белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақфильм» киностудиясының мәліметінше, актердің өліміне инфаркт себеп болған.

«Бүгін, 56 жасында белгілі қазақстандық актер және продюсер Фархат Әбдірайымов Грузияда түсірілім алаңында қайтыс болды. Актердің туыстарының айтуынша, өлімге инфаркт себеп болған.

«Қазақфильм» киностудиясының ұжымы Фархат Нұрсұлтанұлының отбасы мен жақындарына ортақтасып көңіл айтады. Бұл бүкіл қазақстандық кино үшін үлкен қаза.

Актермен қоштасу күні мен орны кейінірек хабарланады», — делінген хабарламада. 

 

Бұған дейін Грузияда түсірілім алаңында актер Фархат Әбдірайымов қайтыс болғаны хабарланған еді. 

  •  

[:]