АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Фаст-фудпен жиі тамақтану бауыр циррозына шалдықтырады – дәрігер[:]

[:kz]

Азаматтар фаст-фудпен жиі тамақтанса, бауыр циррозы ауруына шалдығу мүмкіндігі 30%-ға артады. Бұл туралы «International HepatoTransplant Group» қауымдастығының президенті, гепатолог Күлпәш Қалиасқарова мәлімдеді, деп, хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 

«Егер адамдар фаст-фудпен жиі тамақтанса, бауыр циррозымен ауруы мүмкін. Мысалы, біз кейбір кездері науқастарға «бауыр циррозының нақты емес этиологиясы» деген диогназ қоямыз. Қазіргі таңда қарттарымыз бауырдың қатерлі ісігі, асқазан қылтамағы және өңештің қатерлі ісігінен көз жұмуда», — деді дәрігер.

 

Сонымен қатар Күлпәш Қалиасқарова бауыр циррозы дертіне шалдығуға вирусты гепатит қана емес, майлы тамақтар да әсер ететіндігін атап өтті.

 

«Бұл дертке шалдығуға вирусты гепатит қана емес, адам организміндегі майдың шектен тыс болуы да әсер етеді. Яғни майлы тамақтар: үшглицеридтер мен холестериннің фракциясы әр түрлі. Ал ауыр фракция бауырға салмақ түсіреді. Салдарынан бауыр майды қорыта алмай, дұрыс жұмыс істеу мүмкіндігінен айырыла бастайды. Сондықтан ол ауру 30% жағдайда «бауыр стеатозы» яғни «шектен тыс бауырдағы жиналған майдан туындайтын ауру» деп аталады», — деді гепатолог.

Сондай-ақ, дәрігер фаст-фуд тағамдарының зиянына тоқталды.«Адамдар фаст-фудпен жиі тамақтанса, бауыр циррозына шалдығу мүмкіндігі 30%-ға артады. Бұл – әлемдік статистикалық есептердің қорытындысы. Адам организіміндегі зат алмасудың 30%-ға бұзылуы бауыр циррозына алып келеді. Ал біз бұрын мұны «нақты емес этиология» деп атап келдік. Сонымен қатар газды сусындар да адам организміне зиянын тигізеді. Сондықтан бауырды сау ұстаудың жолы – дұрыс тамақтану», — деп түйіндеді сөзін «Hepato Transplant Group» қауымдастығының президенті.

Ал Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығының гепатология және гастроэнтерология бөлімінің меңгерушісі, м. ғ. к. Қаһарман Есмембетов бауыр циррозы ауруына шалдығудың себептеріне тоқталды.

 

«Бірінші кезекте бауыр циррозы вирусты В және С гепатиттерін жұқтырудан болады. Екінші кезекте алкоголь, үшінші кезекте артық салмақ, яғни бауырды май басу салдарынан адам осы ауруға шалдығады. Төртінші кезекте, сирек кездесетін басқа да бауырдың аурулары болады. Ал фаст-фудпен жиі тамақтану бауыр циррозына шалдықтыруы мүмкін. Себебі, шектен тыс майлы әрі калориясы көп тамақ бауырдың май басуына алып келеді. Демек 20-30 жылдың ішінде емделмесе, адам бауыр циррозына шалдығады», — деді ол.

 

Осы орайда дәрігер ел тұрғындарына өз кеңесін берді.

 

«Негізі фаст-фуд тағамдарынан толығымен бас тарту қажет деп айту артық болар. Бірақ әр нәрсенің өз шегі бар. Себебі, азамат аптасына 1 рет немесе айына 1 рет фаст-фудпен ауқаттанса, денсаулыққа зияны жоқ. Ал күнде фаст-фуд тағамдарын жеу дұрыс емес», — деп аяқтады ойын Қаһарман Есмембетов.

Дәурен ЕРБОЛАТ

 

alashainasy.kz

[:]