АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Украинамен тең ойнады (видео) [:]

[:kz]

 

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Украина мен Қазақстан арасындағы кездесу аяқталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Матч Киев қаласындағы «Олимпийский» стадионында өтті.

Есепті алаң иелері ойынның жиырмасыншы минутында ашты. Гол авторы Роман Яремчук. Шабуылшы командалық әріптесі Александр Зинченконың пасын сәтті пайдаланды. Матчтың алғашқы таймы Украина құрамасының басымдылығымен өтті. Олар Стас Покатилов қорғаған «қонақтар» қақпасына бірнеше қауіпті соққы жасады. Алайда Мораес, Зинченко, Малиновский сияқты жоғары деңгейлі ойыншылар Қазақстан қақпашысынан айласын асыра алған жоқ. Үзілістен кейін ұлттық құраманың бапкері Талғат Байсуфинов бірден төрт футболшыны алмастырды. Олардың ойынға араласуы командалық ойынға серпіліс сыйлады. Соның нәтижесінде матчтың екінші жартысында Қазақстан құрамасы үздік ойынын көрсетіп, алпысыншы минутта Серікжан Мужиков есепті теңестірді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Голдық пастың авторы команда капитаны Азат Нұрғалиев.

Осылайша, тартысты өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Айта кетейік, Украинамен өткен тең ойыннан кейін Қазақстан құрамасы іріктеу сатысындағы алғашқы ұпайына қол жеткізді. Аталған топта Франция сырт алаңда Босния және Герцоговинадан 1:0 есебімен басым түсті.

Енді Қазақстан құрамасының іріктеу сатысындағы келесі ойыны 1-қыркүйекте өтеді. Естеріңізге сала кетейік, 28 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен Франция мен Қазақстан құрамалары ойыншыларының 2022 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу матчы 2:0 есебімен француздардың жеңісімен аяқталған еді.

Автор: Сәке Қанатұлы

 

/kaz.nur.kz

 

[:]