АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz] Ғаламторда футбол клубтарына сәлем салған келіннің видеосы пайда болды[:]

[:kz]

 

Ұзақ уақытқа созылып кеткен карантинге байланысты тойдан қол үзіп қалған жұрт көсіле сөйлеп, қара терге түсіп, армансыз билеп жүрген бұрынғы армансыз шақтарын сағынып, әлеуметтік желілерде қызықты видеолар жариялап, естеліктерімен бөлісіп жатыр. Сондай жандардың бірі өз парақшасында асабалардың бірінің беташар барысында жаңа түскен келінге  Барселона   және Бавария тәрізді атақты футбол клубтарына сәлем салдырған бейнежазбасын жариялаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлемжелі бетінде қызу талқыланып жатқан бұл жазбаны Қуаныш Рахметоллаұлы есімді facebook қолданушысы жариялаған.

Жазбадан Көңілді тапқырлар клубы және Жайдарман секілді әзілкештер тобының мүшесі, «Қармақшы» құрамасының капитаны Жандос Самалбековтің беташар кезінде жаңа түскен келінге футбол клубтарына сәлем салдырғанын байқауға болады. «Бірі білсе, бірі білмейді. Футбол әлемінде Елдар бауырымыз «Барселона» клубына жанкүйер екен. Сол үшін «Барселонаның» құрметіне екі сәлем, «Баварияның» құрметі үшін сегіз сәлем», — дейді жұртты ду күлдіріп. Амал жоқ жас келін жары жанкүйерлік ететін қос командаға басы жерге жеткенше иіліп сәлем салған. 

Асаба әрине мұны қызық үшін, жұрттың көңілін көтеру үшін істегені даусыз. Бірақ желі қолданушылары асабаның бұл ісін оғаштыққа балаған. Көбі салт-дастүрді сыйламау деп жазған. 

«Салт-дәстүрді мазақ қылғаны несі», «Беташарды бұлай мазақ қылуға болмайды» деп жазса, «Беташар жарықтықтың да сүйкімі кеткен екен ғой… Келінге келген жерінің әулетін таныстырып,өсиет айтушы еді. Барселонада бастарың қалғырлар-ай», «Қазақтың қастерлі дәстүрін, жаңа түскен келінді, ата ананы мазаққа айналдырып тұрған жетесізге жел беріп күліп тұрған өресі төмен ортаға не деуге болады? Күлкі емес, қасірет қой мынау! Сырт адам не ойлайды? Айтарға сөзім жоқ!» деп реніштерін білдірген. 

Гүлнара Агзановна есімді бір қолданушы «Салт-дәстүрімізді ойынға, мазаққа айналдырған надан неме!» деп пікір білдірсе, Madina Jumagali атты пікір иесі «Болашақ жастардың қолында кетсе көрген күніміз осы болар. Сәлемді шошкага салдырады скоро» деп салыпты.
 

 

[:]