[:kz]
Колумбияда кәнігі қарақшы, кинодағы гангстерлерден қалыспайтын Джованни Реболледо деген кісінің тағдыры күрт өзгерді.
Ол не істеді дейсіз бе?
Түрмеден қашып шығып, жынысын әйелге ауыстырып алыпты. Сосын… жезөкшелікпен айналысып кеткен екен.
Мені мүлдем танымай қалсын деген болуы керек. Шынында да, қауіпті гангстердің жезөкше-әйелге айналып кететініне ешкім де сенбейтін шығар.
Джованни Реболледо адам ұрлап, тонау мен бопсалаумен айналысқаны үшін 60 жылға сотталған болатын.
Түрмеден қашқаннан кейін Розалинда деген есім алып, жезөкше болған. Полиция оны Барранкилья деген қаладан тауып, ұстап алды.
Айтапқшы, ол жынысын ауыстыру үшін 11 500 евро шығындапты. Төсі мен бөксесіне имплант салдырған, бетіне де оперция жасатқан.
[:]