[:kz]
Еске сала кетейік, бұған дейін «Абай үйі» мәдени-іскерлік үйлері Омбыда (Ресей), Ташкентте (Өзбекстан), Стамбулда (Түркия) ашылған болатын. Сонымен бірге «Отандастар қоры» КЕАҚ шетелдерде «Абай үйі» мәдени-іскерлік үйлері желісін ашуды жалғастыруда.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму, Сыртқы істер министрліктерінің қолдауымен «Отандастар» қоры «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» ХҚҰ-мен бірлесіп, Берлинде (Германия) «Абай үйі» қазақ мәдени-іскерлік үйінің салтанатты ашылуын өткізді.
«Іс-шара аясында «Абай үйі» мәдени-іскерлік үйінің тұсаукесері өтіп, онда Германиядағы қазақ қоғамдастығының мәдени, іскерлік және білім беру қызметін қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды», — делінген Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Абай үйі» мәдени-іскерлік үйлері Омбыда (Ресей), Ташкентте (Өзбекстан), Стамбулда (Түркия) ашылған болатын. Сонымен бірге «Отандастар қоры» КЕАҚ шетелдерде «Абай үйі» мәдени-іскерлік үйлері желісін ашуды жалғастыруда.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Еркін Үйсімбаев, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің қазақ диаспорасымен жұмыс басқармасының басшысы Мұхтар Кәрібай, Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің мәдениет жөніндегі атташесі Қуаныш Әмірғазиев, «Отандастар» қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов, Германия-Қазақстан қоғамының директоры Галина Нұртазинова, Қазақстан Республикасының Баден-Вюртембергтегі құрметті консулы Доротея Халлер-Лейбле, Германиядағы қазақ қауымының өкілдері және т.б.қатысты.
[:]